3 - сынып оқушыларының математика сабақтарындағы есептеу дағдыларын дамытуға модульдік оқытудың әсері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

Влияние модульного обучения математике учащихся 3- класса на формирование вычислительных навыков

Cынхат

Диплом жұмысы 3- сынып оқушыларының математика сабақтарындағы есептеу дағдыларын дамытуға модульдік оқытудың әсері бойынша жазылған.

Бастауыш сынып оқушылары өмір талабына сай даму жолдарының бірі- оқушылардың қызығушылығын, танымдық белсенділігін арттыруы және бұл әдіс әр уақытта тиімділігін жоймайтындығы дәлелденген.

Дипломдық жұмыс қойылған мақсатына сай келеді. Үш тараудан және зертханалық жұмыстан құралады.

І тарауда оқытудың инновациялық технологиялары,

ІІ тарауда модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде,

ІІІ тарауда 3- сыныптағы математика сабақтарындағы есептеу дағдыларын дамытудың маңызы қарастырылады.

Теориялық бөлімі мазмұнына сай. Теория мен практика бірін-бірі толықтырады. Оқушылардың есептеу дағдыларын дамытатын модульдеу әдісімен сабақтар берілген. Диплом жұмысы талаптарға сәйкес, мазмұны терең және толық ашылған.

Мазмұны.

Кіріспе.

І. тарау. ХХІ ғасыр: Оқытудың инновациялық технологиялары

1. 1. Мектептегі жаңа технология-заман талабы.

1. 2. Мектептерде бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияларды

пайдалану мәні.

ІІ. тарау. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы

ретінде.

2. 1. Модульдік оқытудың құрылымы .

2. 2. Модульдік оқытудың тиімділігі.

ІІІ. тарау. Білім кілті - бастауыштан.

3. 1. 3-сынып математика сабақтарындағы есептеу дағдыларын

дамытудың маңызы.

3. 2. 3-сыныптағы математика сабақтарындағы модульдік оқыту технологиясы бойынша жүргізілген зерттеу жұмысы.

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .

Қосымша . . .

А қосымшасы

Б қосымшасы

Кіріспе

Адамзат қоғамының дамуының басты құралы- білім мен ғылым. Адам өз ұрпағының болашағы үшін қандай жауапты болса, қоғамның болашақ алдындағы жауапкершілігі одан да жоғары болатыны баршаға аян.

Қазақстан тәуелсіздік алғалы Республикамыздың ұлттық білім беру жүйесінде бірқатар ауқымды, игілікті шаралар жүзеге асып келеді. Көпшілікке белгілі реформалардың алғашқы кезеңінде егеменді еліміздің білім жүйесінде заңдық негізі жасалып, алғашқы «Білім туралы заң» қабылданып, халыққа қызмет етуде. [1]

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі заманғы білім беру мен кәсіптік даярлауға қатысты былай делінгне:

«ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін

кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Сол себепті барлық деңгейдегі кәсіптік білім беруді дамыту маңызды мәселелердің бірі. » [3]

Олай болса, орта мектептердің алдында жаңа міндеттердің айқындалары сөзсіз. Осындай білім беру жүйесіндегі әлемдік деңгейге жету үлкен талпыныстарды қажет етеді.

Әлемдік білім деңгейіне сай білім стандарттары айқындалып, оларды ұстаздар жұмыс барысында кеңінен қолданып келуімен қатар, әлемдік білім деңгейіне сай 12 жылдық білім жүйесіне кейбір бастауыш сыныптар көш басында өтіп те үлгерді.

Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасы халыққа білім беру жүйесінің жұмысын жаңа сатыға көтеріп, оқу мен тәрбие сапасын арттыруды көздеп отыр.

Осыған орай, әр пәнді, соның ішінде батауыш сыныптар математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын, ғылыми негіздерінің берік игерілуін, тәрбие жұмысының жақсартылуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда.

Жалпы білім беретін орта мектептің математика бағдарламасында: «Оқушылардың математикаға ынтасын дамыту мұғалімнің негізгі мақсаты болып табылады» деп көрсетілген.

Қазіргі күні ұстаздарды, ғалымдарды және жұртшылықты толғандырып отырған өзекті мәселелер көп.

Мәселен, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының төмендеуі т. б. Осыған орай шәкірттеріміздің білімге қызығушылғын арттыру үшін, оларды саналы азамат етіп тәрбиелеу үшін, біз ұстаздар, жан-жақты өсіп жетілуіміз керек.

Оқушылардың қызығушылығын арттыру мәселесімен көптеген ғылым психологтары, ұстаздар шұғылданған, әлі де шұғылдануда.

Менің осы дипломдық жұмысым - кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрад.

Бірінші тарауда оқыту үрдісіндегі мектептерге бүгінгі күн талабына сай жаңа технологиялардың енуі қарастырылды.

Екінші тарауда модульдеу әдісі және оның құрылымы мен тиімділігін көрсеттім.

Үшінші тарауда 3-сынып оқушыларының математика сабақтарындағы есептеу дағдыларын дамыту маңыздылығы және осы технология бойынша жүргізілген тәжірибе жұмыстар қарастырылады.

Жас жеткіншектердің есептеу дағдыларын дамытуда модульдік технологияны қолдану арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеті бағдарламада анықталған математикалық білім мен білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту және қайталау, пысықтау немесе тексеру болып табылады.

Зерттеудің өзектілігі: 3-сынып оқушыларына математика пәнінің өмірде қажеттілігі және оларды ойлау, есту, зейін қою ынталарын дамытуда модульдік оқытудың маңыздылығы жойылмайды.

Зерттеудің болжамы: егер 3-сыныпта математика сабағы модульдеу әдісі арқылы оқытылса, оқушылардың оқу үлгерімі жақсарады.

Зерттеу жұмыстарының мақсаты: математика сабағында 3-сынып оқушыларының есептеу дағдыларын дамыта түсу.

Зерттеудің міндеттері:

  • оқушылардың білімін кеңейту жолында модульдік оқыту технологтясын
  • тиімді пайдалану.
  • модульдік оқыту әдісінің құрылымы мен тиімділігін қолдана отырып

оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту.

- оқушылардың белсенділіктерін арттыру, ойлау қабілетін дамыту және шығармашылыққа баулу.

- Зерттеу пәні: 3-сынып математика оқулығы, пән бойынша

дидактикалық және әдістемелік жинақтар.

- Зерттеу нысанасы: Оқу үрдісінің жетістігі.

- Зерттеу базасы: Айыртау ауданы, Саумалкөл қазақ орта мектебінің 3-сынып оқушылары.


1. 1. Мектептегі жаңа технология - заман талабы.

XXI - ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алып, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы білім мен ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Білім мен ғылым қызметкерлерінің III- съезінде «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамыту мен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары болуы тиіс, бұл - уақыттың талабы» деген еді. [2]

Олай болса, мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды отандық, ұлттың және әлемдік мәдениет арналарынан сусындату - қазіргі заман мұғалімдеріне басты міндет болып табылады. Бұл үрдіс қазіргі қоғамдағы жалпы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуды, сабаққа деген қызығушылығын арттыруды, оқытудың озық технологияларын меңгеруді талап етеді.

Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог мамандарға үлкен жүк артады.

«Тәлім - тәрбие мен оқыту ісінің нәтижесі іс-әрекеттерден гөрі мұғалімдерге көбірек тәуелді» - деген Н. Алтынсариннің көрегендікпен айтқан пікірінің қазіргі уақытта да маңызды болып отырғаны да осының айғағы.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижесінің көңіл толарлықтай болуын қадағалау жаңашыл-педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «Жаңа технологиялар» терминін енгізді. Жаңашыл - педагогтардың негізгі мақсаты - оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды және тұлға болып қалыптасуына негіз алу.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді.

Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я. А. Коменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.

Егер «жеке тұлға» ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша, төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді:

«Жеке тұлға - бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

• адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

• өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

• іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекеттерінің жиынтығы;

• айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;

• қажеттілік жүйесі;

• шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

• сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т. б. » (Г. К. Селевко) .

Қазіргі уақытта педогогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.

Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген (В. П. Беспалько, В. М. Шепель, И. П. Волков, М. Чошанов, М. В. Кларин, Г. К. Селевко және т. б. ) . Дегенмен, барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар, бұл, біздің ойымызша, келесі түсіндірмеден айқын көрінеді:

«Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды».

Бүгінгі таңда П. М. Эрдниевтің дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В. В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш. А. Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В. Ф. Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М. Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П. И. Третьяковтың, К. Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В. М. Монаховтың, В. П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары кеңінен танымал.

Қазақстанда Ж. А. Қараевтің. Ә. Жүнісбектің және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Оқу - тәрбие үрдісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әрбір пәннің иесі-мұғалім сол жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеріп алуы қажет. Соның нәтижесінде ғана әрбір жалпы білім беретін мектеп мұғалімі тәжірибесінің жоғары деңгейге көтерілері анық. Ол мұғалім тек оқушыны дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің де жеке қасиеттерін жаңаша тұрғыдан ашуына мүмкіндік алады. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мақсаты, бағыты, сипаты Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болуына, ұлттық білім беру ісінің әлемдік білім жүйесіне кірігуіне тығыз байланысты.

«Білім туралы» заңда қабылданған білім беру жүйесінің жаңа моделі

2004 жылы ЮНЕСКО ұсынған халықаралық білім жүйесіне сәйкестендірілген. Осы заңның 8-бабында білім беру жүйесінің басты міндеті ретінде оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникацияның желілеріне шығу деп аталып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалды, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үлгісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. [2]

Педагогиканың технологияларды мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай бірнеше топтарға бөледі.

Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық, пәндік, жеке әдістемелік, модульдік;

Психикалық дамудың жетекші факторына қарай: биогендік, социогендік, идеалистік;

Қабылдау концепсиясы бойынша: ассоциативтік-рефлекторлық, дамытушы.

Жаңа технологияны күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр тәрбиеші алдында отырған бүлдіршіндердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат -мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бір технологияның өзі әр түрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әр қилы жүзеге асырылуы мүмкін. Мұғалімдер мен тәрбиешілерге шығармашылық еркіндік беріледі. Әр сабақтың сапалы болып, оның тиімділігін арттыру- іздемпаз, шығармашылығы шыңдалған ұстаздың қолында.

ХХІ ғасырда барлық елдер бірінші орныға білім беру сапасын қояды. Оның өлшемі тек сауаттының дейгейімен (жазу, оқу, есептеу) өлшенбейді, оның критерийі- функционалдық сауаттылық. Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Елбасымыздың халыққа жолдауында Болашақта өркениетті елдердің қатарына қосылу, жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу - бүгінгі күннің мақсаты.

Соңғы жылдары елімізде экономиканың өсіп өркендеуіне орай, білім беру саласында да елеулі өзгерістер жүргізілуде. Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс-тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Педагогикалық баспасөзден республика мұғалімдерінің ізденіс, зерттеулері нәтижесінде шәкірттердің сапалы білім алуға талпынысы мен ынтасы, қызығушылығы өскенін байқауға болады.

Кез келген оқыту технологиясы оқушыдан терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді талап етеді.

Оқыту технологиясына белгілі ғалым В. П. Беспалько «Практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе-жоба», - деп анықтама берді. Ғалымның пікірінше, бұл педагогикалық жүйе жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған, белгілі мақсат көздеген, бір-бірімен өзара тығыз байланысты әдіс-тәсілдер жиыны.

Ал, Ресей ғалымы В. М. Монахов педагогикалық технологияны оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған үлгісі ретінде түсіндіреді.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден-бір нұсқа сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал еткен нұсқа - сол сабақты өткізудің әртүрлі әдіс-тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ. Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмыстың тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.

Атап айтқанда В. В. Воронов педагогикалық технология - бұл тиімді оқыту жүйесін құрумен айналысатын жаңа бағыт десе, В. М. Шепель технология - өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі дейді. Ал, М. Чошанов технология - бұл дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі деп есептейді, Б. Т. Лихачев педагогикалық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынастың өзегі, мазмұны ұйымдастырушы құрылымы.

Жаңа оқыту технологиясының генетикалық дерекнамасы педагогикалық эвристикадан алынған дейді Д. Пойа, С. Л. Рубинштейннің, А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориялары қазіргі оқытудың инновациялық технологияларының әдіснамалық негізі.

Жаңа педагогикалық технология үш аспектіден қаралады:

- ғылым;

- процессуалды-әрекеттік;

- процессуалды-сипаттамалы.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы білім жүйесіне үлкен жаңалық және салмақты жаупкершілік әкелді. Бұның өзі білім беру заңына, бағдарламаларға, жаңа буын оқулықтарына әлі де терең үңіліп, өзгертулерді енгізуді талап етеді. Білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге бүкіл халық атсалысуда.

1. 2. Мектептерде бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияларды

пайдаланудың мәні.

Үздіксіз өзгеріп тұрған заман адамнан сол заман талабына сай білім алып, жаңа істерді меңгеруді талап етеді. Осыған орай, оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды жүйелі пайдаланудың маңызы зор. Оқы-тәрбие үрдісін жаңалықтармен қамтамасыз ету барысында ғана, біз саналы да білімді азамат тәрбиелей аламыз. Ал, қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің жаңа технологияларды пайдалану практикасын дамытсақ, мұғалім оны өз сабағында орынды пайдалану арқылы еңбек тәжірибесін дамыта алады. Оқушылардың қабілеттерін арттырып, сабаққа деген қызығушылықтарын оятып, өздеріне сенімді, білімді азамат етіп тәрбиелей алады. Жаңа педагогикалық технологиялармен оқыту жолын қазақстандық бастауыш мектебтердегі білім берудің дамуының негізгі бағыты ретінде қарастырылады. Инновациялық оқу және жаңа технологиялар республика бастауыш мектептерінде қоғам сұранысымен орын алуда. Ол білім берудің стратегиялық мақсаттарына қызмет етеді: атап айтқанда проблемаларды сараптай алатын, жүйелі байланыстарды құра білетін, қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, шешім қабылдауға, оны түрлі өзгерісте дамытуда қабілетті;

Ойлауы шығармашылық түрде қалыптасқан жеке тұлғаның интелектуалдық-психологиялық дамуын қамтамасыз ететін болуға тиіс.

Педагогиканың жаңа технологиялар Қазақстан бастауыш мектептерінде мынадай қағидаларды ұстанады: оқуға шығармашылықтың енуі, мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық, өзара әрекеттестік қатынастың пайда болуы, жеке тұлғаның дамуын жағдайдың туғызылуы, яғни жеке тұлғаға бағдарланған оқу, тұлға дамуының сыртқы әсермен бірге (оқыту, тәрбиелеу) оқушының ішкі түркілері негізінде жүргізілуі, тұлға дамуының жолын алдынала жобалау. Қазақстан бастауыш мектеп тәжірибесінде жаңа технологияларды оқыту әдістерін белгілі бір топтарға көрсетугше болады.

- Жартылай іздендіре оқыту - оқушылар оқудың мақсат -міндеттерін шешуге зерттеудің жеке сатыларын орындау арқылы үйренеді.

- Проблемалық сипаттағы оқу - мақсаттар мен мәселелерді ұйымдастыру мен шешуден тұрып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыпсаттыруға қызмет етеді.

- Іскерлік және білімдік ойындар;

- зерттеушілік әдістер - дағдыларды, білімді және біліктерді меңгеру

- барысында оқушы шығармашылық тәжірибеге мейлінше үйренеді, толық меңгереді. Жаңа технологиялар инновациялық оқудың сүйегі бола отырып, оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатында жақындау деңгейлерін бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді. Сөйтіп Республика бастауыш мектептерінде жаңа педагогикалық технологиялар бүгінде құбылыс қана емес, сонымен бірге оның дамуының, негізгі себебі, көзі болып табылады.

Жоғарыда аталып өткендей, қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндікұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Ол бастауыш сынып оқушсына оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған. Рене Декарттың трактатында «Өзін-өзі тану жолындағы еңбек - ең құнды еңбек» деп көрсетілген. Жоғарыда аталып кеткеннің бәрі өзін-өзі танудың аспектілері. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды құралы, оқу ісіндегі субъектілер мұғалім мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік, дағдыларын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Ресейде жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген.

- Бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы

баспалдағы. Сондықтан жоғарыда аталған мүмкіндіктерді жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Менің ойымша, осыған орай әрбір мектептің бастауыш сыныптар бірлестігі мұғалімдерінің мақсаты:

бастауыш мектептің пелагогикалық процесіндегі инновациялық технологияның тиімділігін арттыру болу тиіс деймін.

Ал міндеттері:

• әр сабақта оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.

• Әр оқушының психологиялық, физиологиялық, жеке дара ерекшеліктерін ескеру.

• Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейлерін ашу.

• Иновациялық технологияларды сынау арқылы тиімділігін арттыру, мектеп жағдайына бейімдеу.

Әр мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін, шығармашылығын дамыту. Бұл міндеттерді жүзеге асыру ұстаздың шеберлігіне байланысты деп ойлаймын. Егер сабақ қызықты, тартымды болса, оқушы да қызыға қатысып терең және берік білім алады. Осы мақсатты жүзеге асырудың бірден-бір жолы ретінде М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» қарастырайық.

2. 1. Модульдік оқытудың құрылысы.

Ең алдымен модуль дегеніміз не?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып математикасын оқытуда оқушымен жеке дара жұмыс
Бастауыш мектепте математика сабақтарында интерактивті тақтаны тиімді пайдалану
Биология сабағында жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру
Қазақ тілі сабақтарында деңгейлеп оқыту тапсырмаларын қолданудың ерекшеліктері
Оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлері
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Информатиканы оқыту формалары мен әдістері
Информатика курсы бойынша оқу процессін жоспарлау
Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейлері
2-сынып оқушыларының математикадан шығармашылық қабілетін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz