ХVІІІ ғ. 50-70 ж.ж. Қазақтардың шығысындағы ахуал,«Шаңды жорық»
Кіріспе
ХVІІІ ғ. 50.70 ж.ж. Қазақтардың шығысындағы ахуал
1. Ресейдің Орта жүз аумағндағы дипломатиялық қызметі.
2. Орта жүз қазақтарының ресеймен сауда қатынастары.
3. «ШАҢДЫ ЖОРЫҚ» . Екі жүз жылдық соғыстың ақыры
Қорытынды,
Қазақ халқының Жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі жеңісінің тарихи маңызы

Орта жүздің көптеген билеушілері XVIIІ ғасырдың 30-40-жылдарында-ақ Ресей протекторатон қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Қазақстан шеекарасында күшті әрі агрессияшыл Цин империясының пайда болуы күрделі саяси жағдайдың тууына және қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне әкеп соқты. Орта жүзді Ресей империясының протекторатында ұстау шекаралық өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды. Бұл үшін Сібір ведомствосының әскери-әкімшілік органдары үш бағытта: аумақтық экспансия, дипломатиялық амалдар және сауда-экономикалық байланыстар арқылы әрекет жасады.
Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығы XVIIІ ғасырдың 40-жылдарында түбегейлі емес еді, ал өлкедегі өз жағдайын нығайтуға шекаралық өкімет орындарының нақты күштері болмады. Жоңғарлардың Сібір бекіністері мен қоныстарына үнемі қауіп төндіруі, Щңтүстік Сібірдің едәуір аумағына билік жүргізуге дәмеленуі жағдайды шиеленістіре түсті. 50-жылдардың басында Жоңғарияда өзара қырқыс басталып, ол іс жүзінде үшінші дәрежелі мемлекет деңгейіне дейін төмендеген кезде ғана өзгерді. Қазақ билеушілері Жоңғар нойондарының билік жолындағы күресіне белсене араласты. Солтүстік Қазақстанда Ресейдің әскери экспансиясына және жаңа аумақтарды басып алуына қолайлы жағдай қалыптасты. 1752 жылдың жазында генерал С.В.Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен тұратын Новоишим бекіністі шебін салу басталды, оның ең бастысы Есілдегі Петропавл болды. Бекіністі шепті салудың басты мақсаты Үй және Ертіс шебін жалғастыру болатын, соның салдарынан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін жететін жер көлемі тартып алынды.
1752 жылдың маусымында Утяцкая слободасының Луцк және Вологда полктерінің драгундары мент Нотебуг полкінің жаяу әскерлері, Есіл казактары мен шаруалары, барлығы 2 мыңдай адам шықты. Бұл әскери экспедицияның 1752-53 жылдар ішінде үш бекініс – Әулие Петр (Петропавл), Полуденный, Лебяжье бекіністері мен сегіз редут салуы керек еді. Жаңа бекіністердің бұған дейін орнаған бекіністері шептермен байланыс жасауы үшін почта бекеттерінің тізбегі құрылды.
Қазақ даласына үлкен отрядтың шыққаны туралы хабар үрей туғызып, халықтың көшіп кетуіне әкеп соқты.
Сол кезде жоңғарлар тарапынан шабуыоға ұшыраған қазақ хандығы орыс әскерлеріне кедергі жасай алмады, сөйтіп орта жүздің билеушісі Абылай султанның аумақтан айырылуға көнуіне тура келді. Оның үстіне Жонғарияның әлсіреуі қазақтардың Есіл бойындағы және Тарбағатайдағы жерлерге қайтуына мүмкіндік туғызды, Новоишим шебін салу нәтижесінде

Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения Казахстана и Северной Киргизии. М.,1980,72-б.
Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край, 751-б.
Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального населения, 72-75-б.
Валиханов Ч.Ч. Собр. соч., т. 4,218-219-б.
Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. А., 1994, 96-б.
Бекмаханова Н.Е. Легенд а о Невидимке
Витевский В.Н. И.И. Неплюев и Оренбургский край
Цинская империя и казахские ханства
Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе Российской империи,
История Казахской ССР с древнейших времен до наших дней. В пяти томах,т. 3.

КІРІСПЕ
І - ТАРАУ: ХVІІІ ғ. 50-70 ж.ж. Қазақтардың шығысындағы ахуал
ІІ - ТАРАУ:
2.1. Ресейдің Орта жүз аумағндағы дипломатиялық қызметі.
2.2. Орта жүз қазақтарының ресеймен сауда қатынастары.
2.3. ШАҢДЫ ЖОРЫҚ - Екі жүз жылдық соғыстың ақыры
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ халқының Жоңғар басқыншылығына қарсы күрестегі жеңісінің тарихи маңызы
Орта жүздің көптеген билеушілері XVIIІ ғасырдың 30-40-жылдарында-ақ Ресей протекторатон қабылдағанына қарамастан, олардың бағынуы нақты болмады. Қазақстан шеекарасында күшті әрі агрессияшыл Цин империясының пайда болуы күрделі саяси жағдайдың тууына және қазақтардың Ресей ықпалынан шығып кету қаупіне әкеп соқты. Орта жүзді Ресей империясының протекторатында ұстау шекаралық өкімет орындарының негізгі міндетіне айналды. Бұл үшін Сібір ведомствосының әскери-әкімшілік органдары үш бағытта: аумақтық экспансия, дипломатиялық амалдар және сауда-экономикалық байланыстар арқылы әрекет жасады.
Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығы XVIIІ ғасырдың 40-жылдарында түбегейлі емес еді, ал өлкедегі өз жағдайын нығайтуға шекаралық өкімет орындарының нақты күштері болмады. Жоңғарлардың Сібір бекіністері мен қоныстарына үнемі қауіп төндіруі, Щңтүстік Сібірдің едәуір аумағына билік жүргізуге дәмеленуі жағдайды шиеленістіре түсті. 50-жылдардың басында Жоңғарияда өзара қырқыс басталып, ол іс жүзінде үшінші дәрежелі мемлекет деңгейіне дейін төмендеген кезде ғана өзгерді. Қазақ билеушілері Жоңғар нойондарының билік жолындағы күресіне белсене араласты. Солтүстік Қазақстанда Ресейдің әскери экспансиясына және жаңа аумақтарды басып алуына қолайлы жағдай қалыптасты. 1752 жылдың жазында генерал С.В.Киндерманның басшылығымен 11 бекіністен тұратын Новоишим бекіністі шебін салу басталды, оның ең бастысы Есілдегі Петропавл болды. Бекіністі шепті салудың басты мақсаты Үй және Ертіс шебін жалғастыру болатын, соның салдарынан қазақтардан ені 50 шақырымнан 200 шақырымға дейін жететін жер көлемі тартып алынды.
1752 жылдың маусымында Утяцкая слободасының Луцк және Вологда полктерінің драгундары мент Нотебуг полкінің жаяу әскерлері, Есіл казактары мен шаруалары, барлығы 2 мыңдай адам шықты. Бұл әскери экспедицияның 1752-53 жылдар ішінде үш бекініс - Әулие Петр (Петропавл), Полуденный, Лебяжье бекіністері мен сегіз редут салуы керек еді. Жаңа бекіністердің бұған дейін орнаған бекіністері шептермен байланыс жасауы үшін почта бекеттерінің тізбегі құрылды.
Қазақ даласына үлкен отрядтың шыққаны туралы хабар үрей туғызып, халықтың көшіп кетуіне әкеп соқты.
Сол кезде жоңғарлар тарапынан шабуыоға ұшыраған қазақ хандығы орыс әскерлеріне кедергі жасай алмады, сөйтіп орта жүздің билеушісі Абылай султанның аумақтан айырылуға көнуіне тура келді. Оның үстіне Жонғарияның әлсіреуі қазақтардың Есіл бойындағы және Тарбағатайдағы жерлерге қайтуына мүмкіндік туғызды, Новоишим шебін салу нәтижесінде жерден айырылған абақ-керей, уақ және найман рулары сол жаққа қайта қоныс аудара бастады.
Ресейдің экспансиясы Алтайда да бұрынғысынан неғұрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, Бұқтырма және Нарын бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк көліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. 1764 жылы Кузнецк-Колыван шебінің бір бөлігі Өскеменнен Тигерец форпостына дейін көшірілді. Сөйтіп Қазақстандағы шекаралық шептің шығыс қанаты 60-жылдарда Ресей бекіністерінің бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырылда.
Салынып жатқан бекіністердің қорғанысын қамтамасыз ету үшін Ресейден Қазақстанға жаңа әскери күштер әкелінген үстіне әкеліне берді. Новоишим шебінде Тобылдан, Турадан және Сібірдің басқа қалаларынан келген драгун полктері мен басыбайлы казактар тұрды. 1758 жылы Сібір шебіне Дон және Жайык казак әскерлерінен мың адам, сондай-ақ башқұрт-мещеряк командалары жіберілді.
1764 жылы Сібір шептік бекіністерінің қорғаныс қабілетін жақсарту үшін Азов драгун полкі - Петропавл бекінісіне, Ревель полкі - Омбы, Троицк полкі - Ямышевск, Вологда полкі - Өскемен, Сібір полкі - Железинск, Томск жаяу әскер полкі - Өскемен бекінісіне қосымша жіберілді. Омбыға дала артиллериясының бөлімдері апарылды, командование полктер көбінесе жинақталып ұсталсын және тиісінше тойтарыс беруге және іске кірісуге әрқашан әзір тұрсын... жіберіліп отырған дала артиллериясы оның қызметшілерімен өте қажет болмайынша бөлшектелмей, қажет болған жағдай үшін әрбір бөлім бірге болсын деген нұсқау берді.Бұл жағдайдың не екені ІІ Екатеринаның генерал-поручик Шпрингерге 1769 жылғы 24 қазандағы Жарлығынан көрінеді, онда былай делінген: қазақтар тарапынан болмашы дұшпандық әрекет басталысымен өз қалауыңыз бойынша зеңбіректері бар бірсыпыра мөлшерде тұрақты әскер жіберілсін және ондай тобырды дереу қуып таратып, күл-талқан етіге әмір берілсін. Сөйтіп олар әдепсіздігі үшін алдағы уақытта сіздерді мазасыздандыруға әсте де батылы бармайтындай етіп лайықты түрде жазалансын. Нақ сол жарлықта Сібір шептік бекіністеріне башқұрттардан жаңа әскери командалар жіберуге пәрмен етілді.
Жаңадан аннекцияланып алынған жерлерді олар шаруашылыққа игерілгеннен кейін ғана бекітіп алуға болатынын жақсы түсінген шекаралық өкімет орындары Солтүстік және Шығыс Қазақстанға ел қоныстандруға белсене күш-жігер жұмсады. XVII ғасырдың 60-жылдарында Алтайға Тобыл губерниясынан 2 мың шаруа мен әртектілер, сондай-ақ Ресейдің солтүстік губернияларының қазыналық шаруаларынан тілек білдіргендер көшіп келді. Бұқтырма және Нарын ауданына рекрут міндеткерлігінен қашқан шаруалар орналасты, оларды үкімет көрмегенсініп отыра берді. 1770 жылы тұтқынға алынған поляк конфедеттары мен Запорожье казактары Сібір казактарына жазылды.
Сонымен бірге шекаралық өкімет орындары қазақтарды шекаралық аудандардан ығыстырып тастау жөнінде шаралар қолданды. 1755 жылы Сыртқы істер алқасы Сібірдің өкімет орындарына қазақтар бұлайша өту олардың дағдысына айналмауы үшін Ертістің осы жағына өткізілмесін деген нұсқау берді. 1764 жылы қазақтардың Ертіске 10 шақырымнан және орыс бекіністеріне 30 шақырымнан жақын жерде көшіп жүруіне мүлде тыйым салынды. Келесі жылы бекіністердің комменданттарына қазақтард Тобылдағы Звериноголов бекінісінен Өскеменге дейінгі бүкіл шепті бойлай 10 шақырымдық өңірге жіберілмеуді талап еткен нұсқау берілді,мұның өзі оларды 13500 шақырым жақсы жайылымдарынан айырды. Шекралық өкімет орындарының экспансияшыл саясаты қазақтардың әділетті наразылығын туғызды, әсіресе Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жылдарында қазақтардың Ресей әкімшілігімен қатынастары шиеленісе түсті. Көптеген қазақтар орыс бекіністеріне шабуыл жасауға қатысты және Абылайдың келісуімен көтерілісшілерді қолдады. Сібір шебінің әскери өкімет орындары тұтқынға түкен қазақтарды аяусыз жазалады. Мәселен, Петропавл бекнісінде К. Жақаев дарға асылды, қалған тұтқындар дүре соғылды және танауларын жырып, таңба салынғаннан кейін Сібірге айдалды. Шептік бекіністер бойындағы толқуулар ұзақ уақытқа созылды, көшпелілердің топтары бекіністерге, редуттарға және казак разъездеріне шабуыл жасады. Дегенмен Ресейдің әскери экспансиясына қарсы тұруға олардың нақты күштері болмады, сөйтіп жайылымдарынан айырылғандарына амалсыз көніп, отаршыл өкімет орындарына ол жерлерде шекаралық орыс әкімшілігі талап ететін белгілі бір жағдайларда көшіп жүруге ара-тұра өтініш жасайтын болды.
Ресейдің Орта жүз аумағндағы дипломатиялық қызметі. Сібір шекаралық өкімет орындарының экспансияшыл саясаты сонымен бірге бейбіт, дипломатиялық акциялармен ұштастырылды. Мұны ең алдымен Ресейдің Сібірдегі әскери күшінің әлсіздігін туғызды, өйткені шептік бекіністер созылып жатты, ал гарнизондарда адам саны аз болды. Екінші жағынан, оларға агрессияшыл Цин империясы және Орта жүзбен Ұлы жүз қазақтарының жақсы ұйымдасқын және іс жүзінде тәуелсіз тайпалары қарсы тұрды. Осындай жағдайларды шекаралық әкімшілік, біріншіден, сібір иеліктерін қазақтар мен қытайлардың шабуылынан қорғау, екіншіден, қазақтарды Ресей протекторатында ұстау үшін өзінің қолынан келетін барлық шараларды қолдануға тырысты. Осыған байланысты қазақ даласына бірқатар елшіліктер мен миссиялар жіберіледі, олардың мақсаты қазақтардың қытайға көзқарасын анықтау және қазақ билеушілерін Ресейге бағынудың тиімділігіне иландыру болды.
1752 жылы Абылай сұлтанға капитан яковлев жіберілді, оның мақсаты орта жүз қоныстарында жүрген жоңғар нойондары Әмірсана мен Давациді Ресей қазметіне тарту еді. Яковлев сұлтанмен Тобыл өзені бойындағы арақарағай тоғайында кездесті. Ресей елшісі Абылайды жоңғарларға қарсы жорық жасаудан бас тартуға және шекаралық өкімет орындарының қамқоршы болатынына уәде беріп, бүлікшіл нойондарды Ресейге жіберуге көндіруге тырысты. Алайда миссия сәтсіз аяқталды, Яковлев ештеңе бітірмей қайтуға мәжбүр болды. Оның бітіргені кейбір қазақ ақсақалдарымен, соның ішінде Құлсарымен және Күлекпен катынастарды жолға қою еді, олар орыстың өкімет орындарына жәрдемдесуге уәде берді. 1753 жылы әлгі ақсақалдарға Әмірсана мен Давациді орыс қызыметіне тартуға жәрдемдесуді өтінген хат жазылып, Орта жүзге М. Арапов жіберілді, алайда бұл әрекет те нәтижесіз болды. Әмірсана Сібір шебіне 1757 жылы ғана барды, алайда бұл кезде нойонның енді саяси салмағы да, Жоңғариядағы билікке де нақты үміті де жоқ болатын, сондықтан оның бағынуы Ресейге ешқандай саяси паййда келтірмейтін.
1756-57 жылдардағы қазақ-қытай соғысы ресейді Орта жүздегі дипломатиялық қызметті жандандыра түсуге мәжбүр етті. Қазақ даласында циндердің күшейюі қаупі жеткілікті дәрежеде нақты болды, сондықтан бұған мазасызданған шекаралық өкімет орындары қазақтың ең ықпалды билеушілерін өз жағына тартуға тырысты. 1758 жылдың наурызында Сыртқы істер алқасы Абылай сұлтанға, оны қытай жағынан бөліп алу үшін... ұлы мәртебелі император оның ұзақ уақыт бойы еткен қызметі үшін...оған оның болғандығының белгісі ретінде қылышты сыйға тартып отырғаны айтылсын деген пәрмен берді. Сонымен бірге шекаралық әкімшілік Ресейге адал қызымет еткен Нұралы хан мен Абылай сұлтанның орынборда кездесуін ұйымдастыруға тырысты. Осы мақсатпен 1758 жылы мамыр айының аяғында дала өңіріне Я. Гуляев жіберілді, алайда Абылай шекаралық шепке барудан бас тартты. Ол былай тұрсын, Орта жүз қазақтарының алдына Қытай - Ресей жанжалы кезінде қай жақта болуы керек деген мәселе қойылғанда, араласпаушылық көзқарасын ұстанды. Сібір губернаторы Ф.И. Саймонов Сыртқы істер алқасына былай деп хабарлаған: Қытай ханы қытай әскерімен соғыс ашып, қол салмақшы ниетте...қытай ханына жіберілген қазақ елшісі өздері Ресей әскеріне де, қытайларға да көмектеспейді деп жауап қайтарған.
Абылай ханды орыс бодандығымен ұстау мақсатымен үкімет оны Орта жүздің ханы етіп жариялауға жәрдемдеспекші болып ұйғарды. Осы мақсатпен дала өңіріне И. Ураков пен Я. Гуляевтың елшілігі жіберілді. Олар Абылайды өзін хан етіп белгілеуге императрицаға өтініш жасауға көндіруге тиіс болатын. Сұлтанды материалдық және моральдық жағынан ынталандыру үшін оған жыл сайынғы жалақы тағайындалды, бірақ күткендері орындалмай, Абылай Ресей қолынан хат атағын алудан үзілді-кесілді бас тартты.Солай бола тұрса да, Ресей әкімшілігі сұлтанды және ықпалшыл ақсақалдарды жақын тартып, жалақы төлеуді жалғастыра берді. Сібір губернаторы Саймонов 1762 жылы сыртқы істер алқасынан Абылайдың жылдық жалақысының сомасын мың сомға дейін көбейтуді сұрады. Қазына есебінен петропавл бекінісінен оған жыл сайын 212 пұт, Жолбарыс сұлтанға, Құлсары және Күлек ақсақалдарға -100 пұттан, Байжігітке - 25 пұт астық бөлінді. 1762 жылдың басында аса атақты қырғыз-қызықтар барынша жақын тартылсын, оларға мырзалықпен сыйлықтар беріліп, марапатталатын болсын, ал тілек білдірсе, олар үшін шекараға жақын жерге қазына есебінен мал ұстайтын қора-қопсы салып берілсін деп пәрмен етілді. Үкімет шекараға жақын жерге Абылайға арнап ағаштан үй салып бермекші болып ұйғарды, алайда бұл идея тек 1779 жылы ғана жүзеге асырылды. Қазақ билеушілері Ресейдің мұндай саясатынан пайда тауып қалуға тырысты. 1764 жылы Абылай өзіне қазақтарды орыстың агротехникасын үйрету үшін он орыс шаруасын, үй салу үшін шеберлер мен материалдар жіберуді сұрады. Алайда Абылайдың Ресейге сырттай қарағанда жақсы осы көзқарасы, дегенмен де қазақ сұлтанының астарлы саясаты ғана болатын.
1768 жылы оған Сібір бекіністі шебінің командашысы И.И. Шпрингердің елшілері келіп, балаларының біреуін аманатқа беруін сұрағанда, Абылай бас тартқан жоқ, тіпті елшілерді егер өзінің баласын ондай жерге аманат етіп жіберуге әмір етілсе, оның өзі сол жерге апарғысы келетініне сендірді, бірақ шынына келгенде Ресей аманатты ала алған жоқ.
50-60-жылдары Орта жүзге жіберілген көптеген елшіліктер Ресейдің бұл аймақта қандай да болсын орнығып алуына жеткізбеді. Ал барлық елшілер қазақтардың Ресейге бейбітшіл көзқарасын атап айтып жүрді. Мәселен, 1761 жылы Абылаййда болып қайтқан башқұрт Ш. Абзанов қазақтардың Ресейге ешқандай жамандық ісі жоқ деп хабарлаған.
1763 жылы Ураков пен Гуляев Абылай мен Қазыбек бидің сонау бір кезде... бүкіл Орта ордасымен Сәмеке ханның ұлы мәртебелі императрицаға мәңгі Ресей бодандығында болуға ант бергенін әлі де есте сақтап, қазір де одан ауытқымау ниетінде тұрғысы келетінін жеткізген. 1764 жылы Арапов, ал одан соң Ш. Абзанов, У. Абзанов және М. Утешов тағы да растады. 1767 жылы бащқұрт ақсақалдары К. Абзанов, А. Құрманов және В.Тұңғатаров Абылайдың солтүстіктегі көршісінің қамқоршылығынан бас тартпайтынын тағы да көрсетті. Сонымен бірге Абылай өзін ресейге шынымен бағынышты етуге жасалған әрекеттерден шеберлікпен шыға білді. Қазіргі қазақ билеушілерінің бәрінен алғырлығымен, өзіне бағынышты халық санының күштілігімен және өздерінің Ресей императрициясымен және Қытай боғдыханымен ордалардағы тамаша қарым-қатынастармен басым бола отырып, Абылай...өзін, қажет болуына қарай, бірде орыстардың, бірде қытайлардың боданы екенін мойындады, ал шын мәнінде тәуелсіз әмірші болды,-деп жазды ол туралы А.И.Левшин.
Орта жүздің Ресейге тәуелсіздігі 1771 жылы Абылай үш жүздің ханы етіп жарияланғаннан кейин ерекше айқын көрінді. Ресей әкімшілігі өте қиын жағдайда қалды.
Бір жағынан, Абылайдың хан атағын танымау оны Ресейден алыстатуы мүмкін еді, оның үстіне Цин империясы оны қазақтардың жоғарғы билеушісі деп ресми түрде таныған болатын. Екінші жағынан, Ресей Нұралыны Кіші жүздің ханы етіп ресми түрде бекітті және Әбілқайырдың ұрпақтарымен жанжал туындамайынша, Абылайдың барлық үш жүзге билігімен келісе алмады.
Ал Абылай қыр көрсетіп, орыстың өкімет орындарына өзін тану туралы өтініш жасамады. Ара тұра ол әскер жіберу туралы хат жазды, бірақ 1778 жылы ғана императрициядан өзінің хан атағын тануды ресми түрде сұрады. Сол жылы Абылайды Орта жүздің ханы етіп белгілеуге патент - куәлік келді, ал 1779 жылы оған шекаралық әкімшілік оған шекаралық шепке жақын жерден ағаш үй салынды. Алайда бұл әрекеттер қазақ-орыс қатынастарын тек нашарлата түсті, сөйтіп Абылай шекаралық әкімшілікпен қандай да болсын байланыс жасауды мүлде тоқтатты. Сонымен бірге орыстың өкімет орындары белгілі бір себептермен Абылайдың билігіне бағынбаған қазақ қауымдарына ықпалын күшейтудің реті келген жағдайын құр жібермеді. 1770 жылы Өскеменде уақ руының бірнеше ауылдарының ақсақалдары жергілікті әкімшілікке орыс бодандығына қабылдауға өтініш жасады. 1772 жылы қарамағында үш мың қазағы бар керей руының ақсақалдары Есберді мен Нұра батыр Семей бекінісіне сондай өтініш етті. Алайда бұл жағдайлар сипатты болған жоқ және бірлі-жарым еді.
Көріп отырғанымыздай, орыс шекаралық әкімшілігінің Орта жүздегі саясаты қатаң және бәсең бағыттардың ұштастырылуымен сипатталды, бұл ретте екіншісіне артықщылық берілді. Қазақ билеушілерін алыстатып алудан қорқып, орыстың өкімет орындары олардың Цин империясымен қарым-қатынасын білмегенсіген түр көрсетті, ал қазақтар өздерінің Ресейге тәуелді екенін әдейі баса көрсетіп, екі жақты ойын жүргізді және іс жүзінде тәуелсіз еді. Орта жүзге ықпал етудің азды-көпті тиімді бірден-бір құралы шекаралық сауда болды.
Орта жүз қазақтарының ресеймен сауда қатынастары. Ресейдің өкімет орындары өлкені экономикалық жағынан игермейінше, Орталық Азияға экспансия жасау мүмкін еместігін өте жақсы түсінді. Мемлекеттердің тыныш өмір сүруі, даңқы мен гүлдену жағдайы үш бастаудан пайда болды. Біріншісі - ішкі тыныштықтан, бодандардың қауіпсіздігі мен ризашылығынан; екіншісі - жауға қарсы жеңімпаз қимылдардын, пайдалы да жасампаз бітім жасасудан; үшіншісі - көпестер арқылы алыстағы халықтармен артық байлықты өзара алысып-берісуден, - деген М.В. Ломоносов. Алайда ХVІІІ ғасырдың орта шенінде Орта жүз қазақтарымен сауданың айналымы аз болды және негізінен Троицк арқылы жүзеге асырылды. Оған қоса, 40-жылдардың аяғында Ямышевск және Омбы бекіністерінде сауда жасауға рұқсат етілді.
50-жылдардың бас кезінде-ақ Троицк өз маңызын жоғалта бастады. Біріншіден, 1752 жылы Новоишим шебінің салынуы қазақ саудагерлерін сескентіп тастады, сол кезде-ақ жолға шығып қойған 500-дей қазақ өз ауылдарына қайтып кетті. Екіншіден, 50-жылдары қазақтардан жылқы сатып алуға құмар Цин империясымен сауда жолға қойыла бастайды. Дегенмен көпестер Троицкіге келуін жалғастыра берді, бірақ енді бүкіл орта жүзден емес, щған жақын жатқан қазақ руларынан келетін болды. Тек 60-жылдардың басында ғана жағдай жақсара бастайды. 1761 жылы Троицкінің коменданты Орта орданың қазақтарымен жәрмеңке жақсы жүргізіледі, оған азиялық көпестер де келіп тұрадыдеп хабарланады. Қытаймен сауданың тиімсіздігі Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның халқын басқа, неғұрлым тиімді сауда жолын іздеуге мәжбүр етті. 1762 жылы наймандардың билеушісі Әбілпейіз сұлтан ІІІ Петрге Семей бекінісінде сауда-саттық ашуға өтініш жасады. Абылай сұлтанның Орта жүздегі арғын тайпасынан шыққан адамдары Троицк беінісі арқылы тиімді сауда-саттық жасайды... Қашық болуы себепті біздің халқымыз; Орта жүзден-наймандар және үйсіндер мен бүкіл Ұлы жүз - ол Троицк бекінісінде сауда жасай алмайды. Егер сол Самай-Болат(Семей. - ред.) бекінісінде сауда жасау көрсетілген жарлық берілсе, біздің әкеміз Әбілмәмбет хан Түркістан жерінде хан болып отырғандықтан, сол арқылы Түркістаннан, Ташкенттен, Қашғардан және Жаркенттен келген көпестер зор пайда жас ар еді деп жазды ол өз жолдауында. Сол 1762 жылы патша жарлығымен Семейде сауда құрылды, алайдаорыс көпестерінің орыс шебіне келіге құлықты болмауы мынаған әкеп соқты: Сібір шебінің командирі К. Фон Фрауендорфтың Тобылға губерниялық өкімет орындарына Семейге көпестерді жіберуді сұрап, әлденеше рет өтініш жасауына тура келді. Орыстар тарапының керенаулығы қазақтарды ренжітпеуі үшін 1764 жылы Әбілпейіз бен оның бодандарына 10 шақырымдық тиым салынған өңірді бұзып, Семей бекінісіне жақын жерде көшіп жүруге де рұқсат етілді.
Жалпы Ресеймен сауда айналымы онша көп болған жоқ, орыс көпестері ыдыс-аяқ, керамика, мата, қазан сатты; қазақтар малмен, аң терісімен, мал шаруашылығы өнімдерімен сауда жасады. Сонымен бірге Сібір шебі бойында Орта Азия мен Қытай тауарлары сатылды. Қазақ-Ресей шекарасында айналым үнемі өсіп отырғандығына қарамастан, XVІІІ ғасырдың 50-70-жылдарында Орта жүз бен Ұлы жүздің негізгі сауда әріптесі Цин империясы болып қала берді.
XVІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Сібір шекаралық өкімет орындарының саясатын сипаттай келіп, Орынбор әкімшілігінің саясатына қарағанда оның жалпы алғанда неғұрлым жұмсақ әрі икемді болғанын атап өтеміз. Әрине мұны Сібір бастықтарының әлдебір ерекше бейбітшілдігі емес, қайта ең алдымен, Ресейдің осы аймақтағы әскери тұрғыдан әлсіздігі және мұнда қауіпті бәсекелес - күшті және агрессияшыл Цин империясының болуы туғызған еді. Кіші жүзбен салыстырғанда, Орта жүз бен Ұлы жүз қазақтарының неғұрлым топтасқандығы және әуелі сұлтан, ал сонан соң хан Абылай сынды күшті көсбасшының болуы маңызды зор фактор болды.
ШАҢДЫ ЖОРЫҚ - Екі жүз жылдық соғыстың ақыры
Ұзаққа созылған жоңғар-қазақ соғысының ең соңғы кезеңі қазақ халқының жадында Шаңды жорық деген атпен сақталып қалған. Шын мәнінде бұл, бейнелеп айтқанда, көкке дейін бұрқыратып шаң көтерген жорық емес, қайта қалмақтармен соғыс тарихындағы ең соңғы және ірі. Аяусыздығы жағынан ең ауыр, қан судай ағып, сансыз жан құрбан болған күрес кезеңі еді.
XVІІ ғасырдың орта шенінде Еділде пайда болған қалмақ хандығы бір жарым ғасыр бойы айналасындағы түрік халықтарына, тіпті Шығыс Еуропаның бүкіл мұсылман қауымдастығына жаулық саясат жүргізді. Ол ноғайларды толық қуып шықты, башқұрттарды туған жерлерінен ығыстырып шығарды, Дағыстан мен Қабардаға шапқыншылықтар жасады, Қырым хандығы мен Осман империясына қарсы соғысқа қатысты, барлық уақытта біржола экспансия жолына түскен Ресейдің отряды болды. Шығыстағы көршісі - Қазақ хандығымен өзара қатынасты да үнемі бұзу шеінде болды. Алайда 1635 жылы Оралда Салқам Жәңгірден күйрей жеңілгеннен кейін қалмақтар шапқыншылықтарын тоқтатты, сөйтсе де өзінің күшеюіне қарай, алыстағы Жоңғариямен байланыс орнатылған кезде, олар қайтадан жаугерлік рухын көрсете бастады.
XVІІІ ғасырдың орта шенінде Жоңғарияны Цин империясы біржола талқандады, Еділ қалмақтары да басылып қалды.
Патша өкіметінің саясатының мәнін ашып беретін бағдарламалық құжаттардың бірінде мынадай көзқарас білдірген: Егер қалмақтар бізге қандай да бір қарсылық көрсетсе, оларға қазақтарды айдап салу керек және керісінше, қазақтар теріс көзқарас көрсетсе, оған қалмақтар мен башқұрттарды аттандыру керек, егер олар бір-бірін осылайша таптайтын болса, біз оларды орыс әскерін қолданбай-ақ бағындырып аламыз. Қалмақтарды, башқұрттар мен қазақтарды тек осылай, өзара араз етіп ұстау қажет.
Бұл Ресейдің Еуразиядағы сыртқы саясатының бір көрінісі ғана. Осы тұрғыдан алғанда ол өз боданы қалмақ халқын барынша пайдаланды. Ал мұның орнына оған еш нәрсе берген жоқ.
Қалмақ халқының шығындары мен қайғы-қасіреті күн өткен сайын өсе берді, оның мыңдаған жос жігіттері ұзақ уақыт бойы Отанынан алыста, жорықтарда жүрді, Ресейдің барлық соғыстарына қатысты.
Нақ сол кезде халықтың санасына шығысқа, туған Жоңғариясына қайтып оралу туралы аңсаған арман ұялады; ойраттар қырып-жойылғаннан кейін ата-бабаларының жері қаңырап, иесіз қалды деген лақап тарады. Халықтың көсбасшылары Убачи және Церен тайшылар тайпаластарын еділ қалмақтарын Жоңғарияға қайтару үшін ұлы көш жасауға үгіттей бастады.
Күнделікті адам төзгісіз өмірден түңіліп, жақсы келешектен үміттенген қалмақ халқы 1770 жылдың күзінде ұлы көшке бел байлады.
Көшу 1771 жылдың қаңтарында басталды.
Қалмақтардың негізгі бөлігін құрайтын торғауыттар Еділдің сол жағасын, яғни оның шығыс жағын; дүрбіттер мен хошауыттар оң жағасын алып жатқан еді. Көшу туралы құпия әңгімелер басталған кезде қалмақтар әр түрлі сылтаулармен өзеннің сол жағасына өте бастады, ал қалғандары жасырын белгіні күтті. Алайда 5 қаңтарды, іс басталатын болып белгіленген күні, қатты аяз болып, Еділдің мұзы шытынады да, жарықтардан су көтерілді, соның салдарынан 11 198 отбасы өзеннен өтіп, ұлы көшке қосыла алмай, Ресей шегінде қалуға мәжбүр болды.
Ал өзеннен дер кезінде өтіп алған шаңырақтар саны жалпы жинақтап алғанда 303909 болатын. Бұл - шамамен 170-180 мың адам. Қарулы күштер де өте көп - 40 мың жауынгер еді. Қалмақтардың көші қазақ жері арқылы өтуге тиіс болды, басқа жол болмады.
Еділ қалмақтарының көшіп кеткені туралы хабар алған орыс үкіметі оларды оқ пен семсердің күшімен кері қайтаруға ниеттенді. Орыстың өкімет орындары қуғыншылар ұйымдастырғанша, жолындағы жекелеген әскери отрядтарды қырып-жойып, тез лгерілеген қалмақтар қазақтардың иеліктеріне тереңдеп еніп үлгерді. Жайық казактары қауіпті жорықтан бас тартты, генерал Траубенбергтің әскері жарты жолдан қайтты және мұның бәрі әдейі жасалған әрекеттер еді.
Орасан зор болып ілгерілеген қалмақтар жолдарында кездескен бірнеше қазақ ауылдарын тапап өтіп, Жем өзенінің жағасында аз уақыт аялдады. Олардың ниеті Ырғыз арқылы өтіп және Сарыарқаны бойлай жүре отырып, Жетісу арқылы Жоңғарияның шекарасына шығу екені мәлім болды.
Қалмақтардың жақындап келгенін білген Кіші жүз ханы Нұралы тез арада әскер жинап, оларға қарсы аттанды.
Алғашқы шайқас Жем өзенінің жағасында болды. Убачи жеңіліс тапты және шегініп бара жатып, Нұралыға уақытша бітім туралы хат жолдады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz