Онкологиялық ауруларды сәулемен емдеу әдістері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы
Фтизиатрия, сәулемен анықтау және сәулемен емдеу кафедрасы
Тақырыбы: Онкологиялық ауруларды сәулемен емдеу әдістері.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған :
Шымкент 2013жыл
ЖОСПАР:
І КІРІСПЕ
ІІ. Негізгі бөлім
Сәулемен емдеу түрін және тәсілін таңдау.
Сәулемен емдеуді жоспарлау және жүргізу.
Сәулемен емдеудің тәсілдері.
Радиобиология жетістіктеріне байланысты сәулелік терапия келешегі.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Онкология (грек. oncos - өскін, ісік және logos - ілім) - медицина ғылымының ісік ауруларының пайда болу себептерін, даму жолдарын, клиникалық белгілерін анықтап, емдеу, олардан сақтану жолдарын зерттейтін саласы. Соңғы кездерде қатерлі ісіктерді сәуле арқылы емдеу тәсілдеріне көптеген өзгерістер енді, яғни сәулемен емдеуге лайықты сырқат көрсеткіштері кеңейіп, оның нәтижелері жақсарады. Бұл көрсеткіштердің жақсаруы онкологиялық ғылыми зерттеу институттарында, сол сияқты онкологиялық диспансерлерде қолданып жүрген жоғарғы энергиялы сызықты жеделдеткіш сәулелі және қуыс ішілік гамма терапиялық аппараттардың дамуына және де медициналық дозиметрияда сәуле емін жоспарлауда пайданылатын электронды автоматтық есептегіштер мен копьютерлерге және ультрадыбысты зерттеулердің өмірге енуіне байланысты болып отыр. Сәулемен емдеудің нәтижесінің жоғарлауы - радиобиология ғылымының жетістіктеріне, қатерлі ісікпен сау тіндерге сәуле емінің әсерін ғылыми тұрғыда зерттеу барысында және сәулемен бөлшектеп емдеу тәсілдерінің ырғағын дұрыс таңдауға байланысты. Бір сөзбен айтқанда, техникалық және ғылыми дамудың арқасында қатерлі ісіктерді сәуле арқылы емдеу өте жоғары деңгейге көтерілді.
Қатерлі ісіктерді сәулемен емдеу радикалды, паллиативті, симптомды болуы мүмкін.
Радикалды емдеу элементтері ісікті бастапқы ошағында метастаздалынуы мүмкін аймақтарды толық жоюды көздейді.
Паллиативті емдеу науқастың өмірін ұзартуға және жағдайын жақсартуға бағытталған. Ісіктің өсуімен оның таралуын қандай болмасын мерзімге дейін кідіртуді көздейді. Сонымен бірге онкологияда симптомдық сәулемен емдеу кеңінен қолданылады. Ол бастапқы және метастатистикалық жаңа өскіндердің жайылуына және таралуына негізделген ауыр клиникалық белгілерді болдырмау мақсатын көздейді. Ісіктердің барлық элементтерін жою және организмнің бұзылған функцияларын қалпына келтіруге емдеудің бір тәсілін қолдану нәтиже бере бермейді. Сондықтан қатерлі ісіктерді осы заманғы емдеу, әдетте жинақтық тәсіл болып табылады.
Күнделікті тәжірибеде қолданылып жүрген сәулелік ем екі түрлі әдіспен жүргізіледі.
- Қашықтық әдіс. Бұл ретте сәуле энериясы белгілі бір аралық қашықтықтан беріледі. Ол әдіс статикалық және жылжымалы тәртіппен жүргізіледі.
- Жанасу әдісі. Мұнда сәуле шығаратын радиоактивті элементтерден жасалған ине, моншақ тәрізді препараттар ісік тіннің ішіне ендіріледі немесе ісікке қапталас орналастырылады. Ол үшін радиоактивті Со-60, цезий -137, иридий - 192, күміс - 198 т. б пайдаланылады.
- Үйлестіру әдісі. Сәулемен емдеудің бірнеше тәсілдерін үйлестіру арқылы жүргізіледі. Мысалы: қашықтық және қуыс ішілік сәулелендіру тәсілдерін.
- Құрастыру тәсілі. Аралас хирургиялық және сәулемен емдеуді ұластыру. Мысалы, операция алдында немесе одан кейін сәулелендіру.
- Жинақтық тәсіл. Комплексті - сәулелендіруді химиотерапиямен және гормонотерапияның үйлестіру.
Емдеу көрсеткіштерін анықтай келе, дәрігер оларды қолдану кезегін - сәулелік, хирургиялық дәрілік терапияны қолданудың тәсілдері мен жүйелілігін таңдауды жүзеге асырды.
Кезкелген дәлірек айтқанда сәулемен емдеуді науқасты жан - жақты тексеруден өткізгеннен кейін ғана бастауға болады. Жан - жақты диагностикалық ақпарат алу сәулемен емдеудің мүмкіндігімен оның қажеттілігі туралы мәселені шешуге және ем жасауға жағдай туғызады. Егер барлық ісікті қажетті дозада және қолайлы мерзімде сәулелендіргенде ғана сәуле терапиясы нәтижелі болуы мүмкін. Ісік неғұрлым үлкен болса, емдеу нәтижесі нашар болады. Науқас жалпы арықтаған жағдайда, жүрек - қан тамырлар жүйесі, бауыр, бүйрек және т. б мүшелер зақымданғанда сәулемен емдеуді мүлде қолдануға болмайды. Сәулемен емдеу кезінде физикалық, биологиялық және клиникалық факторларды, ең алдымен толық клиникалық диагнозды, радиотерапевтік аралық туралы деректерді, әртүрлі сәулелену жағдайындағы науқастың денесіндегі сіңірілген сәулеленген энергияның бөліну көрінісі, сәулемен және сәулесіз емдеу тәсілдері әрекетінің мүмкіндігі және қажеттілігі назарға алынады.
Сәулемен емдеуді үш кезеңге бөлеміз: сәулемен емдеу алдындағы, сәулелі емдеу және емдеуден кейінгі кезеңдерге бөледі.
Сәуле алды кезеңі: - науқасты толық тексеруден өткізу және сәулемен емдеуді өткізудің көрсеткіші;
- Сәулемен емдеу түрін таңдау және қосымша жай емдерді пайдалану;
- Сәуленің тиімді дозасын таңдау;
- Ісіктің арақатынасын анықтау;
- Сәулемен емдеудің тиімді кестесін таңдау;
- Сәулелендірудің технологиясын анықтау.
Сәулемен емдеу тәсілі: - сәулемен емдеуді өткізу;
- Қосымша сәулесіз тәсілмен емдеуді қолдану;
- Науқасты бақылау, кейбір жағдайларда емдеу жоспарын түзету.
Сәулемен емдеуден кейінгі кезең: емделген науқасты бақылау, сонымен қатар радиолог дәрігердің бақылауында болуы тиіс.
Сәулелендірудің биологиялық әсері бүкіл сіңірілген дозаның мөлшерімен ғана емес, сонымен бірге оның сіңірілген уақытымен, яғни доза арақатынасымен анықтайды. Сондықтан иондаушы сәулені қолданған жағдайда ісікке қандай дозаны, қай мерзім ішіндежәне қандай аралықтарда берілу керектігін шешу қажет. Ісік пен қалыпты тін арасындағы радиотерапиялық аралықты кеңейтуге мүмкіндік беретін фракциялау тәртібін таңдау - сәулемен емдеудің басты міндеттерінің бірі. Қатерлі ісікті жеке сәулелік тәсілмен және радикалдық тұрғыдан емдеу үшін төмендегідей әдістер қолданылады.
Сәулемен емдеудің бірнеше тәсілдері бар: бір сәтті, бөлшектеп беру, бөлшекті созылмалы, үздіксіз және мөлтек фракциялық болып бөлінеді. Бір сәтті немесе бір рет сәулелендіру дозасын белгіленген ісікке бірден береді. Бөлшектеп беру тәсілінде ісікті қайта сәулелендіреді, яғни жиынтық дозаны жеке бөліктерге бөледі. Ал бөлшекті созылмалы тәсілін қолданғанның өзінде де дозаны бөлшектерге бөледі, бірақ әр сәуленудің уақытын едәуір ұзартады.
Сәулемен үзіліссіз емдеу әдісі. Бұл әдіс дененің сыртқы қабатындағы қатерлі ісіктері: тері, ет, сүт безі, жатыр мойының емдеуге кең түрде қолданылады.
Бөлшекті - созылмалы сәулемен емдеу жалған ісік тіндерін сақтау қажеттілігіне негізделген. емдеу ұзақтығы 4-8 апта.
Күнделікті тәжірибеде қатерлі ісікті сәулемен емдеу үшін бірнеше түрлі фракциялар әдісі қолданылады. Олардың ішінде ерте кезде кең тараған Кутардың классикалық әдісі. Ол әдіс бойынша сәуленің бір дүркіндік фракциялық мөлшері 1, 8-2 Гр де, ал фракциялардың аралығы 24 сағат, емдеудің ұзақтығы 4-5апта, энергия мөлшері 50-70 Гр болған. Соңғы кездері фракцияларды өзгертіп қолданылып жатыр. Өзінің бір қатар әдістері бар, олар;
- Орташа фракциялық әдіс. Мұнда бір дүркінді фракциядағы сәуленің мөлшері 3, 5-4 Гр, фракцияның аралығы 48 сағат, жұмасына 3рет.
- Іріленген және ұзақ фракциялық әдістеррі бар, яғни мөлшерлері жоғарлай береді.
Қатерлі ісіктің сәулеге сезімталдығын әртүрлі жолдармен жоғарлатуға болады. Ол үшін сәулелік ем кезінде төмендегідей әдістер пайдаланылады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz