Гипоксия мен туы жарақаттарының себептері. Асфиксиямен туылған нәрестелерге көрсетілетін негізгі шұғыл көмек шаралары.


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы
Тақырыбы: Гипоксия мен туы жарақаттарының себептері. Асфиксиямен туылған нәрестелерге көрсетілетін негізгі шұғыл көмек шаралары.
Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған :
Шымкент 2013жыл
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2. 1. ЖТБ-ның туылғандағы асфиксиялар.
2. 2. Асфиксиядан шығарылғаннан кейінгі бала күтімі.
2. 3. Туылғандағы жарақаттар
2. 4. ОЖЖ -нің зақымданулары.
2. 5. ЖТБ-ның гемолитикалық /гемолиздік/ ауруы.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
I. Кіріспе:
Асфиксия - тұншығу, нәрестенің туылу сәтіндегі организмінде оттегі жетіспеушілігінен дамитын жағдай. Асфиксия ның ауыр және жеңіл түрі болады. Бірақ қай түрі де нәрестенің жүйке жүйесінің қызметінің әлсізденуіне әкеп соқтырады. Мысалы жеңіл түрінде асфиксия алған балада мектепке дейін жүйке және психикалық дамуы жақсы болғанмен, мектепке барған соң, сол уақыттан бастап басы айналу, тез шаршағыштық, ашуланшақ болу, еске сақтау және зейінінің нашар болуы, мектеп бағдарламасын меңгермеу сияқты шағымдар айтылады. Бұл жағдайда баланы алдымен невропатолог дәрігерге көрсету керек.
Босану кезіндегі бас сүйектің ішкі жарақаты: мұндай жағдайда миға қанқұйылу салдарынан, мидың қанайналу жұмысы бұзылады. Жарақат көбіне әйел адамның аяғы ауыр кезінде жүктіліктің ауыр өтуі себебінен болады. Сондықтан да дәрігерлер кесарево арқылы босандыру әдісін ұсынады.
Бірақ бұл әдістің де жағымсыз жақтары бар. Зейіні тұрақсыз, өте жыбырлақ, әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар тәжірибемізден көріп жүргеніміздей осы кесерево арқылы дүниеге келген балалар арасынан кездеседі.
II. Негізгі бөлім
2. 1. ЖТБ-ның туылғандағы асфиксиялар.
Асфиксия - тұншығу, нәрестенің туылу сәтіндегі организмінде оттегі жетіспеушілігінен дамитын жағдай.
Гипоксиямен-тканьдердегі оттегі жетіспеушілігі, гиперкапниямен-қандағы СО 2 -нің көбеюі, ацидозбен-организмде шала тотыққан зат алмасу заттарының көбеюімен сипатталады. Асфиксия кезінде ОЖЖ-нің, жүрек қантамыр жүйесінің, бауырдың жұмысы зақымданады.
Тұншығудың себептері:
1. Кіндіктегі қан айналымының бұзылуы : баланың кіндігінің мойнына, денесіне оралып қалуы, кіндіктің түйілуі, түсіп кетуі т. б.
2. Баланың туылуының ауыр жағдайда өтуі: бала жолдасының ерте ажырауы, ұрыққасындағы судың ерте кетуі, жатырдағы су мөлшерінің шамадан тыс көп болуы, аз болуы, баланың дұрыс келмеуі, егіздік, туылудың ұзаққа созылуы т. б.
3. Анасының жүктілік кезіндегі зиянды әдеттері, инфекциялық аурулары, қан кетулер, әйел мықынының тар болуы, акушерлік қысқыштар қолдану т. б.
4. Нәрестенің туа біткен аурулары, ақаулары.
Біріншілік асфиксия - бала туылған кезде болады.
Екіншілік асфиксия - жатырсуымен аспирациядан соң, пневмония, ми жарақаты, жұлынның травмасы, жүрек және өкпе, ми ақауларында, біріншілік асфиксияда жәрдемнің дұрыс болмауында дамиды.
Оттегі жетіспеушілігінің ұзақтығына байланысты асфиксияның 3 дәрежесі бар.
1-ші дәрежесі немесе жеңіл асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы-7 балл. ЖТБ-ның терісі аздап көкшіл, демалысы үзік, жүрек соғуы анық, біркелкі, минутына-100рет, бұлшықет ширақтылығы және физиологиялық рефлекстері жақсы.
2-ші дәрежесі немесе орташа асфиксия, көк асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы 6-4 балл. Баланың жалпы жағдайы ауыр, терінің цианозы жоғары, жүрек тоны күңгірт, ритмді, сирек, тыныс алуы сирек, ретсіз. Бұлшықет тонусы төмен. Рефлекстері төмен.
3-ші дәрежесі немесе ауыр асфиксия, ақ асфиксия, Апгар шкаласы бойынша жағдайы 1-4 балл. Жалпы жағдайы өте ауыр, тері қабаты боз, ақшыл, шырышты қабаты цианозды, тыныс алуы жоқ, жүрек тоны күңгірт, баяу, ретсіз, бұлшықет тонусы төмен, немесе жоқ, физиологиялық рефлекстері жоқ.
Асфиксиямен туылған балаға шұғыл түрде тірілту шараларын жүргізу қажет.
1-ші дәрежелі асфиксияда шырышты сорып, денесіне салқын су шашып немесе құйрықтан ұрған жеткілікті.
2-ші дәрежелі асфиксияда жоғарыда айтылған шараларға қосымша Минутына 30-40 рет қолдан дем беру, 120-130 рет сыртқы жүрек массажын жасау керек.
3-ші дәрежелі асфиксияда қосымша көк тамырға преднизалон, адреналин енгізіледі.
2. 2. Асфиксиядан шығарылғаннан кейінгі бала күтімі:
- Балаға барлық манипуляциялар төсекте өткізіледі.
- 2-7 күн бойы анасына сауылған сүтпен қасық немесе зонд арқылы тамақтандырылады, емшекке еппен біртіндеп салынады.
- Баланың дем алуын оңайлату үшін бос жөргектейді, бас жағын көтеріңкі жатқызады.
- Оттегінің жетіспеушілігімен күресу үшін палатаны жиі желдетіп, балаға мезгіл-мезгіл Бобров аппараты арқылы оттегі беріп тұру керек, мүмкіндік болса баланы кювезге жатқызуға болады.
- Өкпе қабынуының алдын алу үшін баланы төсекте жиі аударып, кеудесіне 2 мезгіл қыша қағазын қою керек.
- Баланың терісін стерильді өсімдік майымен немесе «А» витаминінің майлы ерітіндісіменн майлап тұру керек.
- Баланы күтетін медицина қызметкері әр уақытта маска киюі керек.
2. 3. Туылғандағы жарақаттар
Туылғандағы ісік -терінің қ анайналымының бұзылуынан ісіктің пайда болуы. Туылғандағы ісік баста, бетінде, жамбаста болуы мүмкін. Шегі анық емес. 3-4 күнде тарқайды. Емдік іс-әрекет қажетсіз. Мұздық қоюға болады.
Кефалогематома - баланың бас сүйегі мен терісінің арасына қан құйылу. Еңбек аймағында жиі кездеседі. Шүйде, самай аймақтарында сирек кездеседі. Шекарасы анық, бір бөлімнен екінші бөлімге шықпайды. 7-10 күнде тарала бастайды /кей жағдайда 1 айға дейін созылады/.
Емі: Қантамырларының қабырғасын бекіту үшін-хлорлы кальций ерітіндісін, аскорутин тағайындалады, бастырып байлау қажет. Іріңдеген жағдайда хирургиялық емдеу.
Асқынулары: Анемия, іріңдеу.
Күтімі: толық тыныштық, емдеу іс-әрекеттерін төсекте жүргізу, оттегі беру, тамақтандыру баланың жалпы жағдайына байланысты-зондпен, қасықпен, ана сүтімен. Тері және шырышты қабат күтімі.
Болжамы: ауыр жағдайда ДЦП, прогрессивті гидроцефалия, эпилепсия, психикалық дамудың тежелуі болуы мүмкін. ОЖЖ-нің зақымдануының дәрежесі 4-6 айдан соң анықталады.
Жұлынның зақымдануы -жиі кездеседі. Бұл кезде баланың психикалық дамуы тежелмейді. Қозғалысының бұзылуы зақымдану деңгейіне байланысты: мойын деңгейінде-тетрапарез, кеуде деңгейінде тыныс алу бұлшықеттерінің қызметінің бұзылуы және тыныс алу жетіспеушілігі, бел-құймышақ деңгейінде аяқтарының параличі мен мықын мүшелерінің қызметінің бұзылуы болады. Бұл жағдайларда ФЗТ, инемен емдеу, массаж, емдік денешынықтыру қолданылады.
Тумастан пайда болған ақаулардың себептері жүктілік кезіндегі анасының вирусты аурулармен ауыруы /қызылша, қызамық, тұмау/, зиянды әдеттері, экологиялық жағдайлар, тұқымқуалаушылыққа бейімділік т. б. Жиі кездесетін ақаулар-жүрек қантамыр жүйесінің ақаулары, несеп, жыныс, ас қорыту жүйесінің ақаулары, «қоян ерін», «қасқыр тамақ», көпсаусактылық-полидактилия, жамбастың шығуы, бір бүйректің жоқтығы, пилоростеноз, өңештің, анустың атрезиялары т. б.
2. 4. ОЖЖ -нің зақымданулары.
Себептері: созылмалы оттегінің жетіспеушілігі /гипоксия, асфиксия/, әр-түрлі инфекциялар, интоксикациялар, мидың механикалық жарақаттануы /қысылуы, қан құйылу т. б. /
Клиникасы: ОЖЖ-нің зақымдану белгілері туылғаннан соң бірден немесе 2-4 күндері көрінеді.
1. басылу немесе тежелу синдромы-бала селқос, қозғалыс белсенділігі төмен, рефлекстері төмен немесе жоқ.
2. Қозғыштық синдромы-бала тынымсыз, қозғыш, белсенділігі жоғары, қол және иек треморы /дірілдеуі/, бұлшықет гипертонусы, ащы дауысты айқай, ыңырану, желке етінің тартылуы.
3. Тырысу синдромы-клоникалық, тоникалық тырысулар.
4. Мидың ошақты зақымдануы- «батқан күн» синдромы, птоз, бет ассиметриясы, мұрын-ерін қатпарының, тілдің, көздің ассиметриясы, аяқ-қол парездері.
Кезеңдері:
- жедел- 7-10 күн.
- ерте қалпына келу- 4-6 ай.
- қалдық жағдайлар кезеңі- 2 жылдан ұзақ. .
Ауырлық дәрежесі бойынша:
1. жеңіл
2. орташа
3. ауыр
Асқынулары:
- астеноневротикалық синдром
- гипертензионды синдром
- гидроцефальды синдром
Диагностикасы: анасының денсаулығы, акушерлі-гинекологиялық анамнезі, жүктілік пен босанудың өтуі, баланың ауруының клиникасы, миды ультрадыбыспен зерттеу /УЗИ/, люмбальды пункция, офтальмоскопиялық зерттеулердің нәтижесі.
Емі: перзентхананың интесивті емдеу палатасында, мамандандырылған бөлімде.
- Ісікті қайтару- дегидратация, лазикс, плазма.
- Тырысу синдромын емдеу және алдын алу-седуксен, фенобарбитал, дроперидол.
- Тамырлар қабырғасының өткізгіштігін қалыпқа келтіру-аскорутин, кальций глюконаты
- Жүрек бұлшықетінің трофикасын жақсартатын дәрілер-ККБ, панангин, АТФ.
- Глютамин қышқылы, глюкоза.
- Қалпына келу кезеңінде-церебролизин, В тобының витаминдері, АТФ, алоэ, кавинтон, трентал, ФЗТ-массаж, емдік дене тәрбиесі, инемен емдеу.
- Тыныс алу жоқ кезде маскамен және демалу қалтасымен өкпе вентиляциясын жүргізу. Демалдыру жиілігі минутына-30-50 рет. 60% оттегі ауасы қолданылады / шала туылған балаларда-40 % оттегі/ 5-8 л/мин жылдамдығымен. Вентиляцияның әсері болмағанда интубация жүргізіледі.
- Жүрек соғу жиілігі 80-нен кем болса дереу жүректің сытқы массажын минутына 100-140 рет жүргізу керек. Іс-әрекеттің нәтижесін терінің түсінің өзгеруімен және сан артериясындағы пульспен бағалайды. Жүрек массажының әсері 60 секунд бойы болмағанда-кіндік көктамырына 0, 1 мл/кг салмағына 0, 1% адреналин ерітіндісін 1:1 физиологиялық ерітіндісімен енгізеді. Жүрек массажы мен өкпе вентилыциясы жалғастырылады.
- Көрсеткіш бойынша инфузиялық ем- альбумин, физ. ерітінді, плазма, глюкоза.
10. Асқазанды катетер арқылы тазалау.
Екіншілік асфиксиясының алдын-алу.
- ЖТБ-ны салқындаудан және ысынудан сақтау.
- Метеоризм кезінде уақтылы көмек көрсету.
- Қасықпен немесе зондпен тамақтандыру.
- Тамақтандыру алдында және соңында оттегі беру.
- Тамақтандырғаннан соң баланың басын жоғары ұстау.
2. 5. ЖТБ-ның гемолитикалық /гемолиздік/ ауруы.
Гемолитикалық ауру анасы мен баласының қанының резус факторы бойынша және тобы бойынша сәйкес келмеуінің әсерінен эритроциттердің жарылуымен сипатталады. Бұл жағдай анасының каны резус-теріс, баласыныкі резус-оң болғанда намесе анасының қаны 0(І) топты, ал баласыныкі А (ІІ) немесе В(ІІІ) топты болғанда байқалады.
Клиникалық айқындалуына байланысты 3 түрі бар:
1. Ісіктік формасы.
2. Сарғайған түрі
3. Анемиялық түрі
Ісіктік формасы 2% жағдайда кездеседі, ең ауыр түрі. Көбінесе ұрық жатыр ішінде өледі, шала туылады. Терісі бозғылт, ісіңкі, дене қуыстарында сұйықтық жиналған, қанда эритроциттер мен гемаглобин көрсеткіштері төмен. Бала жолдасы ісіңкі, үлкен.
Сарғайған түрі 88 % жағдайда кездеседі: бала ерте сарғаяды /1-ші тәулікте/, бауыры және көкбауыры үлкейген, кейде геморрагиялық синдром дамиды, ОЖЖ зақымданады, биллирубин өседі, бала ұйқышыл, әлсіз, бұлшықет тонусы төмен. Биллирубиннің жоғарғы көрсеткішінде ядролық сарғаю дамиды. Ол желке бұлшықеттерінің тартылуымен, тырысулармен, үлкен еңбектің көтерілуімен сипатталады. Баланың дауысы ащы, «батқан күн» симптомы пайда болады, ыстығы көтеріледі, жүрек соғысы, тыныс алуы бұзылады. Зәрінің түсі қоюланады, нәжістің түсі өзгермейді.
Анемиялық түрі 10% жағдайда кездеседі: туылған сәттен немесе алғашқы 7 күнде айқындалады. Баланың шырышты қабаты мен тері түсі боз. Бауыры мен көкбауыры үлкейген. Бала әлсіз, нашар емеді. Қанында Нв көрсеткіші төмен, пісіп жетілмеген эритроциттер /ретикулоциттер/ болады.
Диагностикасы: анамнез негізінде, қан тобы мен резус факторды тексеру, ұрық маңындағы суды антиденеге тексеру, қандағы антидене титрін анықтау.
Емі: негізгі ем оперативтік -қан алмастыру операциясын жүргізу 150 мл/кг есеппен 70 % қан көлемін ауыстыру ( резус-теріс, қан тобы баланікі) ; консервативті ем- инфузия, АТФ, глюкоза фенобарбитал, фототерапия. Тамақтануы : донор сүтімен 5-6 күн.
Алдын алуы: Қан құю кезінде донорлардың резусын анықтау, қажетсіз жүктіліктің алдын алу, резус теріс қанды жүкті әйелге күйеуінің терісінен жолақ орнату
Болжамы: Бұл балаларда психоневрологиялық ауытқулар мен жиі ауырғыштық, егулерге адекватсыз реакциялар, бауыр аурулары болуы мүмкін.
Бала тілінің дамуы күрделі процесс екендігі белгілі.
Күнделікті тәжірибемізден көріп жүргеніміздей, соңғы уақытта бала тілінің кеш шығуы көп кездеседі. Бұл жағдайға мән беріп, дер кезінде мамандардан кеңес алып отыратын ата- аналар да бар, керісінше 4-5 жасқа дейін«өзі шығады » деп күтіп, баланы психикалық даму тежеулігіне жеткізетіндері де бар. Өйткені сөйлеу әрекеті де адамның еске сақтау, зейіні, ойлау қабілеті сияқты жоғарғы психикалық функциясы қатарына жататындығын ұмытпауымыз керек. Аты аталған психикалық процестердің біреуі бұзылса, оның кері әсері де басқа процестерінен көрініп отырады. Осыған байланысты сіздің балаңыздың дамуына кері ықпал ететін факторлерге тоқталғым келеді. Ең алдымен баланың ортасы, яғни ата-анасымен, үйдің үлкендерімен, құрдастарымен байланысы әсер етеді. Байқап жүргеніміздей қайсыбір ата-аналар баланың жетілуіне өздерінің тікелей әсері барлығын жете түсінбейді, эмоциялық қарым- қатынасқа түспейді. Баланы еркелету, бірге ойнау, жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтар алып беру сияқты бала үшін маңызды қажеттіліктерді ескермейді. Жүктілік кезіндегі инфекциялық аурулармен ауыру да, қан аздылық, бүйрек жұмысының бұзылысы, жүрек ақаулығы сияқты факторлер де жатырдағы нәрестеге әсер етпей қоймайды. Ата-ананың ішімдікті беріле ішуі де аномальді баланың дүниеге келуіне себепші болады. Босану кезіндегі нәрестенің ми жарақаты, миға оттегінің жетпеуі сияқты жәйларда кері әсерін тигізеді.
Енді 3 жасқа дейін баланың уақытында тілінің шықпауына нақтырақ тоқталсақ:
Асфиксия: ағзада көміртегі газының молайып, қанға оттегінің жетіспеуі. Асфиксия ауыр жүктілік немесе босану кезінде пайда болады. Оған себеп жатырдағы нәрестенің мойнына кіндіктің оралуы, босану кезінде көп қан кету. Асфиксиямен туылған балалар бірдедауыс шығармайды.
Асфиксия ның ауыр және жеңіл түрі болады. Бірақ қай түрі де нәрестенің жүйке жүйесінің қызметінің әлсізденуіне әкеп соқтырады. Мысалы жеңіл түрінде асфиксия алған балада мектепке дейін жүйке және психикалық дамуы жақсы болғанмен, мектепке барған соң, сол уақыттан бастап басы айналу, тез шаршағыштық, ашуланшақ болу, еске сақтау және зейінінің нашар болуы, мектеп бағдарламасын меңгермеу сияқты шағымдар айтылады. Бұл жағдайда баланы алдымен невропатолог дәрігерге көрсету керек.
Босану кезіндегі бас сүйектің ішкі жарақаты: мұндай жағдайда миға қанқұйылу салдарынан, мидың қанайналу жұмысы бұзылады. Жарақат көбіне әйел адамның аяғы ауыр кезінде жүктіліктің ауыр өтуі себебінен болады. Сондықтан да дәрігерлер кесарево арқылы босандыру әдісін ұсынады.
Бірақ бұл әдістің де жағымсыз жақтары бар. Зейіні тұрақсыз, өте жыбырлақ, әр түрлі тіл кемістіктері бар балалар тәжірибемізден көріп жүргеніміздей осы кесерево арқылы дүниеге келген балалар арасынан кездеседі.
Бас сүйегі ішіндегі жарақатпен дүниеге келген нәресте арасында нерв жүйесінің, психикалық дамуының кеш дамуы, сол сияқты орталық нерв жүйесінің зақымдануының ауыр түрі - балалар сал ауруы кездеседі.
Невропатолог дәрігерлер психомоторлы дамуында ауытқушылығы бар балаларға « перинатальді энцефалопатия» деген сараптама (диагноз) қойып жатады.
Бұл да баланың сөйлеу функциясының дамуына кері ықпалын тигізеді. Енді қысқаша осы сараптамаға тоқталайық.
« Перинатальді энцефалопатия» - бұл жүктілік кезіндегі, босану барысында немесе туылғаннан кейін нәресте миының зақымдалуына байланысты орталық нерв жүйесінің бұзылуы. « Энцефалопатия» термині - мидың зақымдалуы мағынасын білдіреді. Ал « перинатальді » деп босануға жақын не босану барысында деген мағынаны білдіреді. Перинатальді энцефалопатия кезіндегі мидың жарақаты әр түрлі дәрежеде болады. Ол жаңа туған нәрестеде швед дәрігері В. Апгар ұсынған 10 балдық жүйемен анықталады. Энцефалопатиямен туылған нәрестеде бұл бал төмен болады. Сондықтан да невропатолог дәрігердің бақылауында болған дұрыс. 1 жастан кейін дәрігер есептен шығарып тастағанмен, баланың дамуына мән беріп, шамадан тыс талап қоюдың орнына, шыдамдылық таныту керек. Жоғарыдағы аты аталған ауытқушылықтар шала туған балаға ерекше әсер етеді. Шала туылған бала деп 38 аптаға жетпей, 2500 грамм салмақпен туылған балалар. Уақытынан бұрын ананың босануы түрлі факторлер әсер етеді: хроникалық, эндокринді аурулығына, стресске ұшырауына байланысты . Ата-аналар баланың даму сатысын біліп отырғаны абзал. Мысалы қашан гуілдейді, былдырлайды, ойыншыққа назар аударуы, үй- ішін тануы, басын ұстауы, отыру, жүруі, сөйлеуі т. б. Қимыл- қозғалыс, сөйлеу және психикалық дамуында баланың сәл ауытқушылық байқалса уақыт оздырмай маман- дәрігерлерден кеңес алуы керек. Тілінің дамуында тежеліс немесе сөйлеу белсенділігінің жоқтығы көп жағдайда қоршаған ортаның әсерінен болады. Яғни, жанұядағы тынышсыздық, үлкендер тарапынан бала тәрбиесіне әр түрлі ықпал жасау . Сол сияқты шамадан тыс еркелету, өз тілегін сөзімен жеткіздіруге мүмкіндік жасамау. Ананың мейіріміне зәру бала да сөйлеуге ынтасы болмайды. Психикалық дамуында тежеулік бар, интеллектісі төмен балаларда да тілінің дамуында кешеуілдік болады. Олардың активті сөздік қоры ғана емес, қоршаған ортаны қабылдауы төмен . Мұндай балалар өте жыбырлақ, икемсіз, өздіктерінен ойнай алмайды, ортаға бейімделмейді. Мұндай жағдайда тезірек дәрігерге көрсетіп, тиісті емдік шарасын алу керек. Баламен үнемі сөйлесіп отыру, қимыл- қозғалысын дамытып отыруды ұсынамыз. Ұсақ моторикасын ( қолының қимыл- қозғалысы) жетілдірудің маңызы зор. Қол бұлшық етінің икемсіз болуы да сөйлеу процесін тежейді. Сондықтан да уақыт оздырмай, баланың жан- жақты дамуына көңіл бөлген жөн. Танзиля Омарова -Атырау облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының жоғары санатты логопед- дефектологы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz