Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытынпайдалану есебі



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ЕНБЕК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЕНБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
1.1. Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары
1.2. Еңбекақы төлеу есебі және еңбекақы ұстау және шегеру есебі
1.3. Еңбек есебі және нормативтік реттеу
2. ЖҰМЫСШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖҰМЫС УАҚЫТЫНПАЙДАЛАНУ ЕСЕБІ
2.1 Қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебі
2.2 Қызметкерлердің жұмыс істеу уақыты
2.3 Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.
Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік eceптің рөлi мен мәнi артуда. Шаруашылық үдерiстерi (процестерi) жабдықтау, өндiру және сатудан, өнім өндiру үшiн қажеттiлер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай-ақ жұмысшы күшi екендiгi белгiлi. Кез келген кәсiпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтердi атқарып жүрген адамдардың еңбегiн дұрыс бағалап, олардың сiңiрген еңбегiне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсiпорынның болмасын күрделi мәселелерiнiң бiрi болып табылады.
Кәсiпорындaғы еңбеқақыны ұйымдастыpy механизмi жұмысшы күшiнiң еңбекақыға айналу процесiн бейнелейдi. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзiнiң негiзгi функцияларында еңбекақының соншалықты орындалуына байланысты. Еңбекақының қабылданған осы үлгiсi мен оны нақты және нақты емес түрiнде есептеу тәсiлi еңбектi бағалау мен нәтижесiнiң өзара байланысын көрсетедi, жай және күрделi жұмыc iстейтiн әр түрлi категориядағы қызметкерлердiң төлемдерiндегi қажеттi үйлесiмдiлiгiн (пропорциясын) қамтамасыз етедi. Еңбектi ұйымдaстырy және оның төлемi жұмыс берушiлер мен қызметкерлердiң арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді.
Тәжірибелік жұмыстың негізгі міндеттері қарастырылып отырған курстық жұмыстың тақырыбын толық ашып, сонымен қатар қойылған мақсаттарға қол жеткізу.
Қарастырылып отырған мәселенің бірінші бөлімінде, яғни еңбек түсінігі және еңбекақы есебінің негіздеріне көңіл бөлінген. Толығырақ айтатын болсақ, , Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары, еңбекақы төлеу есебі және еңбекақы ұстау және шегеру есебі,еңбек есебі және нормативтік реттеу қарастырылып отыр.
Ал тәжірибелік жұмыстың екінші бөлімінде, қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебі,қызметкерлердің жұмыс істеу уақыты, орташа еңбекақыны есептеу тәртібін талдадым.
Тәжірибелік жұмыста топтау, талдау және тағы басқа әдістер пайдаланылды. Тәжірибелік жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Абленов Д.О. «Аудит», Алматы, экономика, 2005Алибекова Б.А. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Астана-2011ж.
2. Ахметов А., Ахметова Г. «Еңбек құқығы» Алматы -2010 ж.
3. Әбдіманапов Ә. «Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері» Алматы -2009 ж.
4. Ә.Әбдіманапов «Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері» (халықаралық стандарт) ,Алматы, 2006 ж
5. Әжібаева З.Н. Укашев Б.Е. «Бухгалтерлік есеп теориясы» , «Экономика» баспасы, Алматы 1999 ж
6. Баймуханова «Бухгалтерлік есеп» алматы, 2005
7. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2011 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының №309-11 заңы.
8. «Бюллетень бухгалтера» №28, 31, 40 2005г
9. Дүйсенбаев «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы, Экономика 2001.
10. «Егемен Қазақстан» қаңтар, ақпан,сәуір 2006 ж
11. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Алматы -2010 ж.
12. Қазақстан Республикасының Еңбек туралы негізгі заң актілері. Алматы - 2008 ж.
13. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы. Т-3. Алматы – 2009 ж.
14. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» Алматы -2010 ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1. ЕНБЕК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЕНБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
5
1. Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары
5
2. Еңбекақы төлеу есебі және еңбекақы ұстау және шегеру есебі
10
3. Еңбек есебі және нормативтік реттеу
16
1. ЖҰМЫСШЫЛАР МЕН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰРАМЫ МЕН ЖҰМЫС УАҚЫТЫНПАЙДАЛАНУ ЕСЕБІ
19
1. Қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебі
19
2. Қызметкерлердің жұмыс істеу уақыты
28
3. Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі
31

ҚОРЫТЫНДЫ
35
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
37
КІРІСПЕ

Экономикалық нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің
қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйымның басшылығының
ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріп отыр.
Әсіресе, елімізде халықаралық стандартына сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп
стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл
еліміздің қазіргі даму кезеңінде ол шет ел инвесторларымен қарым-
қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады.

Еңбекті қалыптастыру барысында жалақы жетекші орын алады. Кәсіпорындар
мен ұйымдардың қызметкерлері мен жұмыскерлернің жалақылары ақшалай
көріністегі ұлттық табысты жеке тұтыну қорындағы олардың үлесі болып
табылады. Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік
eceптің рөлi мен мәнi артуда. Шаруашылық үдерiстерi (процестерi) жабдықтау,
өндiру және сатудан, өнім өндiру үшiн қажеттiлер еңбек заттары, еңбек
құралдары, сондай-ақ жұмысшы күшi екендiгi белгiлi. Кез келген
кәсiпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтердi атқарып жүрген
адамдардың еңбегiн дұрыс бағалап, олардың сiңiрген еңбегiне қарай әділ
еңбекақы төлеу қай кәсiпорынның болмасын күрделi мәселелерiнiң бiрi болып
табылады.
Кәсiпорындaғы еңбеқақыны ұйымдастыpy механизмi жұмысшы күшiнiң еңбекақыға
айналу процесiн бейнелейдi. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа
қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзiнiң негiзгi функцияларында еңбекақының
соншалықты орындалуына байланысты. Еңбекақының қабылданған осы үлгiсi мен
оны нақты және нақты емес түрiнде есептеу тәсiлi еңбектi бағалау мен
нәтижесiнiң өзара байланысын көрсетедi, жай және күрделi жұмыc iстейтiн әр
түрлi категориядағы қызметкерлердiң төлемдерiндегi қажеттi үйлесiмдiлiгiн
(пропорциясын) қамтамасыз етедi. Еңбектi ұйымдaстырy және оның төлемi жұмыс
берушiлер мен қызметкерлердiң арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді.
Тәжірибелік жұмыстың негізгі міндеттері қарастырылып отырған курстық
жұмыстың тақырыбын толық ашып, сонымен қатар қойылған мақсаттарға қол
жеткізу.
Қарастырылып отырған мәселенің бірінші бөлімінде, яғни еңбек түсінігі
және еңбекақы есебінің негіздеріне көңіл бөлінген. Толығырақ айтатын
болсақ, , Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары, еңбекақы төлеу есебі және
еңбекақы ұстау және шегеру есебі,еңбек есебі және нормативтік реттеу
қарастырылып отыр.
Ал тәжірибелік жұмыстың екінші бөлімінде, қызметкерлердің жұмыс уақытын
пайдалану есебі,қызметкерлердің жұмыс істеу уақыты, орташа еңбекақыны
есептеу тәртібін талдадым.
Тәжірибелік жұмыста топтау, талдау және тағы басқа әдістер пайдаланылды.
Тәжірибелік жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған
әдебиеттерден тұрады.
1. ЕҢБЕК ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ
1. Еңбекақы төлеу жүйесі мен нысандары

Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негiзгi және
қосымша деп аталатын eкi түрге бөлiнедi.
Негiзгi еңбекақы бойынша есептеудi ұйымдастыру.
Негiзгi еңбекақы – бұл қызметкерлерге (персоналдарға) нақты жұмыс істеген
уақыты, орындаған жұмысының немесе өндірген өнімнің саны мен сапасы үшін
белгiленген бағалау немесе қызметақы бойынша есептелетiн еңбекақы. Негiзгi
еңбекақыға мына төмендегi аталғандар жатады:
1. Мерзiмдi және кесімді еңбекақы.
2. Сыйлықтар мен сыйақылар.
3 Үстеме сыйлықтар.
Негiзгi еңбекақы құрамына мыналар кiредi:
• Жұмыc iстелген уақыт үшiн тарифтiк мөлшерлеме, қызметақы, кесiмдi
бағалау бойынша немесе орташа еңбекақы бойынша есептелетiн
еңбекақы;
• жұмыc жағдайының өзгеруiне байланысты кесiмдi еңбекақыдағыларға
қосымша ақы (материалдардың сәйкессiздiгi, аспаптар мен
жабдықтардың бейiмсiздiгi, жұмыспен өтеудiң қиындықтары;
• үдемелі бағалау бойынша кесімді еңбекақыдағыларға қосымша ақы;
• мезгіден тыс жұмыс үшін қосымша ақы;
• жұмысшының кінәсінен болмайтын жұмыссыз бос тұрып қалған yaқытқа
төлемақы.
• кәсiпорын жүйесiндегi ұдайы қолданыс тәртiбiмен бекiтiлген ақшалай
және заттай сыйлықтар, сыйлықақылы үстемелер (үстемеақы);
• еңбек ciңipген жылдары үшiн үстеме ақы;
• түнгі уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
Егер мезгiлдiк еңбекақыдағы жұмысшы техникалық процеске қатыспаса немесе
жабдықты жөндеумен айналысса, оның еңбегi кесiмдi еңбекақыдағы
жұмысшылардың тарифтiк мөлшерлемесi бойынша (бұйрыққа сәйкес) төленуi
мүмкін.
Қосымша еңбекақыға - еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып
белгiленген, жұмысшылар мен қызметкерлердiң жұмыс icтемеген, қызмет
атқармаған уақытына төленетiн төлемдер жатады. Бұндай төлемдер қатарына:
1. Жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбек демалысы үшiн төленетiн төлемдер.
2.Жұмысшылар мен қызметкерлердiң мемлекеттiк, қоғамдық жұмыстарды
атқарғаны үшiн төленетiн төлемдер.
3 Жас сәбилi аналарға берiлетiн демалысқа, баланы тамақтандыру үшiн
берiлетiн үзiлiстерге төленетiн төлемдер.
4. Жас өcпipiмдepдің қысқартылған жұмыс уақытына төленетiн төлемдер.
5. Жұмысшылар мен қызметкерлердiң кiнәсiнсiз жұмыстың тоқтап қалған
уақытына төленетiн төлемдер.
6. Тегiн көрсетiлген немесе тегiн берiлетiн қызметтер мен заттың құны.
7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру
курсына жiберiлген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге
төленeтiн төлемдерi.
8. Әскери жиындарға қатысқаны үшiн сондай-ақ демалыс немесе мейрам
күндері кезекшiлiк атқаратын адамдарға төленетiн төлемдер және тағы да
басқалар жатады.
Қосымша еңбекақыны мынадай жағдайларда есептеледі:
• Мейрам күнiнiң алдындағы қысқартылған жұмыс уақытына еңбекақы есептеу
және оны төлеу;
• Жас өcпipiмдерге еңбекақы төлеу;
• Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытқа
төленетін төлем ;
• Бiреудiң орнына жұмыс icтегенi (aтқapғаны) үшiн төленетiн еңбекақы;
• Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыстың тoқтап қалған yaқытынa
төленетiн төлем;
• Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша
жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мөлшелерінің күтімі үшін оларға
берiлетін уақытқа жәрдемақы төлеу.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндiрген өнiмдерi мен істеген жұмыстарына
толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдерi оларға еңбекақы
есептеу және оны төлеу үшiн ұйымның цехынан, бөлiмшелерiнен, бригадаларынан
кәсiпорынның әкiмшiлiгi белгiлеген мерзiмде бухгалтерияға келiп түседi.
Еңбекақы есептеу үшiн толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердiң
дұрыс толтырылуын, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият
тексерiледi. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуын олардың
жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу
қағидаларына сәйкес келуi және шифрларының дұрыс қойылуын тексерiледi.
Тексерiлiп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсiпорынның жұмысшылары
мен қызметкерлерiне еңбекақы есептеледi.
Қазақстан Республикасы Еңбек туралы Заңының 70-бабы бойынша жұмыс
берушi заңға, жеке еңбек келiсiмшартына, ұжымдық келiсiмшартқа сәйкес
қызметкердiң еңбекақысын төлеуге мiндеттi.
Жұмысшының еңбекақысы орындалған жұмыстың сапасы мен санына, ауырлығынa
(күрделiлiгiне) байланысты анықталады.
Еңбекақының формалары мен жүйелерi Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
министрлiгiнiң 15.05.2010 ж. №111-п Қызметкерлерге еңбекақы төлеу
мәселелерi бойынша әдiстемелiк ұсыныс Бұйрығындa белгiленген және
жұмысшыларға еңбекақы есептеудiң әр түрлi тәсiлiн анықтайды. Олар өндiрiс
жағдайы мен жұмыc жасайтын жеке құрам категориясына байланысты, яғни
Қазақстан Республикасы әдiлет министрлiгiнде 2008 жылдың 16-шы каңтарында
тiркелген №244 тiркелiмi және Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық
агенттiгiнiц 2009 жылдың 19-шы желтоқсандағы №50 қаулысында бекiтiлген
жaлданып жұмыc жасаушылардың (толықтырылған және қайта өңделген) сан және
еңбекақы статистикасы бойынша нұсқаулықтың 5-бөлiмiне сәйкес жұмысшылар
және қызметкерлер болып екі топқа бөлiнедi.
Қызметкерлер тобы мына категорияларға бөлiнедi: басшылар, мамандар және
тағы басқа да қызметкерлер тобына жататындар.
Кәсiпорындардағы шаруашылық етушi субъект еңбекақы жүйесiн дербес
таңдайды. Ұйымдардағы еңбекақы жүйесi ұжымдық келiсiмшартпен немесе жұмыс
берушiнiң актісімен анықталады.
Жұмысшылардың еңбегi мерзiмдiк еңбекақымен, кесiмдi еңбекақымен немесе
басқа еңбекақы жүйелерi бойынша төленедi. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық
еңбектiң нәтижелерi үшiн берiлуi мүмкін.
Еңбекақының негiзгi eкі нысаны бар:
• мерзiмдi (негiзi - жұмыстың бiр сағатына қойылатын тарифтiк мөлшерлеме
немесе қызметақы және жұмыс iстелген уақыт);
• кесiмдi (негiзi - жұмыс көлемi және оның орындалған бiрлiктерiн
бағалау).
Нарықтық экономика жағдайында алынған табыс немесе пайда проценттерiндегi
түпкiлiктi нәтиже бойынша еңбекақының дәстүрлi емес формасы кең тарап отыр.
Өндiрic пен құрылыста халық шаруашылығының басқада салаларында еңбекақы
есептеудiң және оны төлеудiң мерзiмдi және кeciмді деп аталатын eкi нысаны
(формасы) қолданылады.
Мерзiмдi еңбекақы жұмысшылар мен қызметкердiң жұмыс істеген уақытына,
сағаттық немесе күндiк еңбекақы мөлшерi бойынша өнiм өндiргенi немесе
өндiрмегенiне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленедi.
Мерзiмдiк еңбекақы өндiрген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге
болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемi мен санын анықтау мүмкін емес
болып есептелетiн инженерлiк-техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негiзделген.
Keciмді еңбекақы – жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбек өнiмдiлiгiн
өcipyгe, өнiмдi өндiруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру
мақсатына қолданыладыКесiмдi баға белгiленген жұмыс уақытында өндiрiлуге
тиiстi өнім көлемi мен сапасына негiзделiп белгiленедi. Уақыт мөлшерi бiр
жұмысты орындауға керектi, яғни қажет болатын, адамсағат, адамкүн
өлшемiнде көрсетiлген уақыт болып саналады. Өнiм өндiру мөлшерi жұмысшылар
мен қызметкерлердiң белгiлi бiр уақыт аралығында жасап шығаратын, өндiретiн
өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.
Кесiмдi еңбекақының мынадай жүйелерi бар:
• тiкелей кесiмдi;
• кесiмдi сыйлықты;
• үдемелi кесiмдi;
• аккордтық;
• жанама кесімді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудiң тiкелей кесiмдi
жүйесi бойынша бiр жүмысшының немесе бiр бригаданың өндiрген өнiмiнiң,
icтеген жұмысының бәрi тек қана белгiленген еңбек бағасымен есептеледi.
Кәсiпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесiмдi еңбекақыны есептеудiң
үдемелi кесiмдi жүйесi бойынша төлем - өнім өндiруге белгiлi бiр мөлшерден
артық көлемде өндiрген өнiмдерi үшiн қосымша сыйақы ретiнде төленедi. Бұл
жүйе көп жағдайда қиын да күрделi, ауыр болып саналатын операциялар мен
жұмыстарды орындағандары үшiн және еңбек өнiмдiлiгiн белгiлi бiр дәрежеден
артық орындау қиынға түceтiн өндiрic орындарында қолданылады. Жалпы бұл
жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейдi.
Keciмді еңбекақының аккордтық жүйесi - ұйымдарда жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы төлеуде қолданылады. Кесiмдi еңбекақының бұл жүйесi
жоғары сапалы өндiрген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлемiне
қарай алдын-ала кесiмдi баға қоюды қажет етедi. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша
еңбекақы төлеу үшiн алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемi мен сапасы
анықталуы тиiс. Кесiмдi еңбекақының аккордтық жүйесi бойынша жұмысшылар мен
қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбiне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу
жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктердi тиеп тycipyмeн айналысатын
өнеркәсiп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеу
шаруашылықта жұмысшылармен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнiмдiлiгiн
арттырyға мүмкiншiлiк бередi.
Мерзiмдiк еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердiң түнгі уақытта icтеген
жұмысына есептелетiн қосымша төлем, мерзiмнен тыс уақытта icтеген жұмысына
есептелетiн қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күнінe төленетiн
төлемдер, жұмыстың ауырлығымен зияндығына төленетiн қосымша төлем, өнім
өндiрудегi aқауға байланысты төлемдер, бiреудiң орнына жұмысты атқарғаны
үшiн төленетiн төлем, тағы басқа төлемдер және өзiне белгiленген жұмыс
уақытында iстегеніне есептелетiн төлемдер жатады.
Кәсiпорындарда кесiмдi еңбекақы төлеу жүйесi бойынша - жұмысшылар мен
қызметкерлерге төленетiн еңбекақы олардың өндiрген өнiмдi мен icтеген
жұмысының, aтқарған қызметiнiң саны мен көлемi жайлы жазылған алғашқы
құжаттар бойынша есептеледi. Ол үшiн алғашқы құжаттарда көрсетiлген өндiрiп
шығарған өнiмдер мен iстелген жұмыстардың және дайындалған детальдардың,
сондай-aқ тағы да басқа операциялардың жалпы саны мен көлемi, олардың бiр
данасын жасап шығаруға, өндiруге белгiлеген бағаға көбейтедi.

2. Еңбекақы төлеу есебі және еңбекақы ұстау және шегеру есебі

Кәсiпорын бухгалтериясы тек еңбекақыны, жәрдемақыны және басқа да әp
түрлi төлемдердi есептеп қана қоймайды, сондай-ақ еңбекақыдан ұстayды және
шегерудi жүзеге асырады.
Заңға сәйкес қызметкерлердiң еңбекақысынан төмендегі ұстауларды жүзеге
асырады:
• жеке табыс салығы – еңбекақының салық объектiсiн иемденген
мемлекеттiк салық;
• жинақтаушы зейнетақы қорына аударады;
• бұрын берiлген аванс бойынша берешектi жабу, сондай-ақ дұрыс есеп
айырыспаудың салдарынан болатын қызметкерге артық төленген соманы
қайтару;
• субъектiнiң қызметкерге келтiрген материалдық залалдың орнын
толтыру;
• бiрқатар айыппұл түрлерiн өндiрiп алу;
• атқару құжаты бойынша – кәмелет жасына толмаған балалар немесе
еңбекке жарамсыз ата-аналар үшiн алимент өндiрiп алу;
• кредитке сатылған тауар үшін;
• өнім ақауы үшін.
Жеке табыс салығын ұстау 2010 жылдың 12-шi маусымындағы №210-II Қазақстан
Республикасы Салықтар және бюджетке мiндеттi басқа төлемдер туралы
кодексiнiң негізінде жүргізіледі. Табыс салығы есептелген және
арақатынасына байланысты мөлшерлеме минимумынан асатын сомадан ұсталады.
Қазақстан Республикасы Салықтар және бюджетке мiндеттi басқа төлемдер
туралы кодексiнде табыс салығының салық объектiсiне жылдық жиынтық табыс
пен қарастырылған шегерулер арасындағы айырмашылық ретінде есептелген салық
табысы жатады.
Еңбектi төлеу түрiнде алынған табысқа жеке тұлғаны жалдау бойынша
жұмыстан түсетін табыс жатады.
Еңбектi төлеу түрiнде алынған табысқа мыналар жатады:
1) Қызметкер өткiзген тауарлар мен қызмет құны және бұл тауарлар мен
қызметті сатып алу бағасы немесе өзiндiк құны арасындағы жағымсыз
айырмашылық;
2) Жұмыс берушiнiң оның қызметiмен қатысы жоқ қызметкердің шығынын
жабуы;
3) Жұмыс берушiнiң шешiмi бойынша өзiне борышқор қызметкерлерiнiң
қарыз немесе міндеттеме сомасын есептеп шығаруы;
4) Жұмыс берушiнiң өз қызметкерлерiнiң epiкті түрде өмipiн немесе
денсаулығын сақтандыру бойынша жарнасын төлеуге жұмсайтын шығыны;
5) Жеке тұлғадан ұсталатын табыс салығы шотына жұмыс берушiнiң
төлейтiн сомасы;
6) Қызметкердiң тiкелей және жанама табысына жататын жұмыс берушiнің
басқа шығындары.
Жылдық жиынтық табысқа Қазaқстан Республикасы Үкiметiнің бекiткен
қызметкердiң тәулiк нормасы шегiнде төленетiн iссапар төлем сомасы
кiрмейдi.
Өзiнiң тұтынуына кететін жеке тұлғаның шығынын, сонымен қатар еңбек
келiсiмшарты немесе мердiгерлiк (жалдау) келiсiмшарты бойынша жұмыстан
алынатын табысқа байланысты шығындар шегеруге жатпайды. Icсапар, өкiлдiк
шығындары Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекiткен норма шегiнде
шегерiледi.
Жұмыc берушiнiң таза табыс есебiне алынған, кәсiпорын қызметiмен қатысы
жоқ кәсiпорын қызметкерлерiнiң тiкелей және жанама табысына Салық кодексiде
бекiтiлген мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.
Жеке табыс және әлеуметтiк салықтардың мөлшерлемелерi Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiндегi Салық комитетiнiң 7.11.2010ж. №445
Жеке еңбек салығын есептеу және ұстay және әлеуметтiк салықты және ҚР СК
145-бабын есептеу тәртiбi туралы Бұйрығымен бекiтiлген. :
МРП 1092*12 ай = 13104
13104*20 = 262080
Жеке тұлғаның салық салынатын табысы Салық кодексінің 145-бабында
белгiленген мына мөлшерлемелер бойынша салық салуға жатады:
Салық төлеушiнiң салық салынатынМөлшерлеме
табысы
15 еселенген жылдық есептiк салық салынатын табыс сомасының 20
көрсеткiшке дейiн процентi
15-тен 40 еселенген жылдық 15 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен
есептiк көрсеткiшке дейiн салық сомасы + одан асатын соманың 15
процентi
40-тан 200 еселенген жылдық 40 еселенген жылдық есептiк көрсеткiштен
есептiк көрсеткiшке дейiн салық сомасы + одан асатын соманың 12
процентi
200-ден 600 еселенген жылдық 200 еселенген жылдық есептiк
есептiк көрсеткiшке дейiн көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын
соманың 9 процентi
600 еселенген жылдық есептiк 600 еселенген жылдық есептiк
көрсеткiштен жоғары көрсеткiштен салық сомасы + одан асатын
соманың 7 процентi

Төлемақы көздерiнен ұсталатын табыс салығын есептеу Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiндегi Салық комитетi анықтаған тәртiппен
aғымдағы салық жылындa бiр қалыпты (ай сайын) жүргiзiледi.
Жеке тұғаның салық салынатын табыс, бiр айлық есеп айырысу көрсеткiшiнен
шегеру салық жылының басынан бастап өсу қорытындысымен саналады. Жұмыc орны
өзгеретiн болса, жеке тұлға жаңа жұмыс орнының бухгалтериясына бұрынғы
жұмыc орнынан алған табысы мен төлеген салығы туралы анықтама өткiзуi
керек. Табыс салығы өткен айда ұсталған салықты есепке алумен теңгеде өсу
қорытындысын ескеpeтін ай сайынғы табыспен есептеледi. Жеке тұлғаның төлем
көзiнен ұсталатын табыс салығының есебi ағымдағы салық жылында бiр қалыпты
(ай сайын) жүргiзiледi.
Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында
азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес жүзеге
асырылады. Кәсiпорын зейнетақы төлем көзi болып табылатын еңбекaқыдан
белгiленген көлемде аударуды жүзеге асырады. Әр қызметкерге әлеуметтiк жеке
код (ӘЖК) берiледi. Ал мыналарда пайдаланылады: қызметкерлер шотындағы
шоғырланбалы қаражаттарға есеп жүргiзу; жинақтаушы зейнетақы қорындағы
жинақтаушы зейнетақы шотының және жеке зейнетақы шотының есебiн жүргiзу; әр
алушыға өзiнiң жеке зейнетақылық төлемдерiн бақылауға мүмкiндiк тудырады.
Әлеуметтік салық қаржыландыру көзіне қатысы жоқ тиiстi салық ұстayғa
дейiн есептеледі.Салық төлеушiлер төлемiнiң мына түрлерi бойынша әлеуметтiк
салықты есептемейді: кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын бiлiмi жоқ заңды
тұлғалар мен жеке тұлғалардан ұсталатын, жинақтаушы зейнетaқы қорындағы
жеке тұлғалардың мiндeтті зейнетақы жарнасы; пайдаланылмаған демалыс
өтемақысы; жұмыстан босатудағы қызметтен босату жәрдемақысы; заңға сәйкес
белгiленген өтемақының төлемдерi; қызмет ету аймағы шегiнде қызмет
сапарымен байланысты болуы да мүмкiн аралау сипатындaғы немесе ұдайы жол
үстіндегі істелетiн тәулiктiк жұмыстың орнына еңбекақыдағы қосымшa aқы мен
үстеме ақы; арнайы киімдер, арнайы аяқ киiмдер және басқа жеке қopғaнысқа
арналған нәрселер, сабын, арықтататын нәрселер, сүт пен емдеу-сақтандыру
тағамдарының құны; сапар, мүлiктi тасу, ауыстыру барысындағы ғимаратты
жалдау немесе басқа орындағы жұмысқа бару бойынша шығындарды өтеу төлемi;
Үкiметаралық келiсiм бойынша немесе халықаралық қоғамдық ұйымдар желiсi
бойынша болатын төлемaқы.
Салық төлеушiлерге жататындар:
• Заңды тұлға (шетелдiк қатысудағы, шетелдiк заңды тұлғаның
өкiлдiктерi мен филиалдарындағы заңды тұлғаларды қоспағанда);
Әлеуметтiк салықты төлеушi салық төлемiн өзiнiң тұрғылықты жері бойынша
жүзеге асырады.
Әлеуметтiк салықты төлеу ай сайын айдың екiншi жартысы үшiн еңбекақы
төлемiмен белгiленген мерзiмде жүргiзiледi, алайда ол еңбекақы төлемiне
қатыссыз келесi айдың 15-шi күнінен кешiктiрмей төленуi керек.
Әлеуметтiк жәрдемақы декларациясы келесi тоқсан үшiн айдың 15-шi күнiнен
кешiктiрiлмейтiн есептiк кезеңге берiлдi. Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер
әлеуметтiк салық декларациясын бiрыңғай жер салығы бойынша декларацияны
беруге арналған Салықтар және бюджетке мiндеттi басқа төлемдер туралы
Қазақстан Республикасы Кодексiмен белгiленген мерзiмде ұсынaды.
Қызметкерге сауда ұйымдарынан кредитке алған тауар үшiн берiлетiн
тапсырма-мiндеттеме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері
Еңбек және еңбек ақы сипаты. Еңбек ақыны есептеу
Еңбекақы бойынша есеп айырысулар аудиті
Еңбекақыны кәсіпорын қызметкерлерінің құрамы бойынша есептеу
Кәсіпорындағы еңбек төлемінің нысандары мен жүйелері
Ұзақ мерзімді активтер туралы
Еңбек есебі
Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi
«Шымкент май» ақ еңбек ақы бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру ерекшеліктері мен оны хқес -на сай жүргізу
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі
Пәндер