Қаржылық есеп беруді талдау



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
1.1.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар
1.2.Қаржылық есеп берудің мақсаттары
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ТАЛДАУ
2.1.Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау
2.2.Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі
2.3.Қаржылық . шаруашылық қызметтің есебін беру
3. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ
3.1.Қаржылық салымдардың есебі
3.2.Қаржылық салымдарды шоттары бойынша жүргізілетін операциялар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымда қаржылық есеп беруді талдау жөнінде ашылып жазылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты тұтынушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және есеп беру кезеңінде оның қаржылық жағдайында болған өзгерістер жөнінде пайдалы, маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп ақпараттың пайдалығына қатыссыз жыл сайын құрылытын есеп. Қаржылық есеп пайдаланушыларға шынайы айқын мәліметтер береді.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты – оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
• Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
• Жергілікті қаржы органдарына;
• Мемлекеттік статистикалық органдарына.
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. «Библиотека бухгалтера и предпринимателя» - №7 (156), шілде 2003ж., «БИКО» баспа үйі
2. «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2005ж., «БИКО» баспа үйі
3. Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
4. К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
5. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
6. Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
7. Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
8. «Нормативные акты» - №12 (192),»Қаржы-қаражат», 2003
9. Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
1.1.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар
1.2.Қаржылық есеп берудің мақсаттары
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ТАЛДАУ
2.1.Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау
2.2.Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі
2.3.Қаржылық - шаруашылық қызметтің есебін беру
3. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ
3.1.Қаржылық салымдардың есебі
3.2.Қаржылық салымдарды шоттары бойынша жүргізілетін операциялар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымда қаржылық есеп беруді талдау жөнінде ашылып жазылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты тұтынушыларды заңды тұлғаның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және есеп беру кезеңінде оның қаржылық жағдайында болған өзгерістер жөнінде пайдалы, маңызды және дұрыс ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Қаржылық есеп ақпараттың пайдалығына қатыссыз жыл сайын құрылытын есеп. Қаржылық есеп пайдаланушыларға шынайы айқын мәліметтер береді.
Қаржылық есеп негізінде субъектінің қаржылық жағдайының нашарлай бастау тенденциясын дер уақытында аңдып, оның шаруашылық қызметіндегі жағымсыз құбылыстардың алдын алуға болады, сондай-ақ пайданы молайту үшін ішкі резервтерді анықтауға, соны жұмылдырып, тиімді пайдалану арқылы табысқа жетуге болады. Кәсіпорындардағы қаржы қызметінің ойдағыдай барысы алға қойған мақсатқа, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге қажетті жағдай жасайды, кәсіпорынның өндірістік қызметінің үздіксіздігі қаржылық жағдай қалыпты тұрақтылығын қамтамасыз етеді, ал бұлар кәсіпорынның төлем қабілетіне кепілдік береді.
Алайда субъектілердің қаржылық есебін пайдаланушылар мүдделерінің айырмашылықтарына қарамастан, субъектінің өмір сүруінің басты шарты - оның қызметіне қажетті капиталдың жеткіліктілігі болып табылады. Сондықтан капитал иелері мен басқа да инвесторлар есептен алатын ақпаратқа қанағаттануға тиісті мұндай жағдай ақпарат падаланушыларға ортақ сипат. Осы талапқа жауап беретін қаржылық есеп жалпы мақсаты есеп деп аталады, ал барлық тұтынушыларға арналған, бұлар үшін қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъект туралы ақпаратты негізгі көзі қызметін атқарады. Алайда, тұтас алғанда есеп беру тұғырнамасы сыртқы тұтынушылардың жалпы қажетіне қатысты және ол бұрын өз капиталын субъектінің қарамағына бергендердің мүдделерін қорғауға бағытталады.
Жылдық есеп мынадай тұтынушыларға беріледі:
Меншік иелері немесе өкілдікті органдарға немесе құрылтайшылық құжаттарға сәйкесті органдар;
* Кәсіпорынның тұрғын жеріндегі салық органдарына;
* Жергілікті қаржы органдарына;
* Мемлекеттік статистикалық органдарына.
Заңды тұлғаның қаржылық есебі тұтынушылар үшін ашық болып табылады. Ол қалың көпшілікті субъектінің даму бағыттары туралы және оның аймақтық-экономикалық, әлеуметтік ахуалын жақсартуға соңғы жетістіктері туралы ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

1.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ
1.1.Қаржылық есеп беруге қойылатын негізгі талаптар

Қаржылық есеп беру - бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі. Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті. Шаруашылық жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда, есеп беру Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның, мекеменің қаржылық есеп беруі - есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама беретін жиынтық деректер, кәсіп-орынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі. Соған байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік жэне қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы - ресурстардың қолда барын, орналастырылушы және пайдаланылуын, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін көрсететін көрсеткіштер жүйесімен сипатталатын кешенді түсінік. Есеп беру кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған кұралдардың (яғни негізгі және өзге де айналымнан тыс) құнын, ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, қарыз каражаттарыньң мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есеп берудің деректері бойынша қорлар мен шығындарды қалыптастыруға арналған қаражат көздерінің артықшылығын немесе кемшілігін анықтайды. Бүл орайда кәсіпорынның меншікті, несиелік және өзге қарыз көздерімен қамтамасыз етілгендігін анықтауға мүмкіндік туады. Қаржылык есеп беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша толықтай және өз уақытында есептесе алатындығын бағалауға мүмкіндік береді, баланстың өтімділігі кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді жабу дәрежесімен анықталады. Қаржылық есеп беру мынадай активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді анықтаута мүмкіндік береді. Екінші жағынан, қаржылық есеп берудің деректері бойынша кәсіпорыннын мынадай пассивтерін: неғұрлым жедел пассивтерді, қысқа мерзімді пассивтерді, ұзак мерзімді пассивтерді және тұрақты пассивтерді анықтауға болады. Мұның өзі нарық жағдайында, бәсекелес кәсіпорындардың ортасында жұмыс жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару шешімдерін қабылдау, кәсіпорынның нарықтағы жағдайын анықтау кезінде ете маңызды болмақ.
Заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын мекеме филиалдардың, өкілдіктердің, бөлімдердің және дербес балансқа бөлінген басқа да қүрылымдық белімшелердің өндірісі мен шаруашылығындағы мүліктерді қоса алғанда, мүлік пен олардың қалыптасу көздерінің құрамын көрсететін қаржылық есеп беруді жүзеге асырады. Қаржылық есеп беру Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінде әзірленетін және бекітілетін типтік нысандар бойынша жасалады. Атап айтқанда, шаруашылық субъектілері қаржылық есеп беру құрамында мыналарды: кәсіпорын балансын, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді тапсыруға міндетті. Шаруашылық субъектілерінің бастамасы бойынша немесе әріптестермен келісім бойынша қаржылық есеп беру басқа да есептік деректермен және түсіндірме жазбалармен толықтырылуы мүмкін.
Барлық кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығындағы мерзім саналады. Жаңадан құрылған кәсіпорындар, мекемелер үшін есеп беру жылы болып, олар заңды тұлға құқығын алған күннен бастап 31 желтоқсанды қоса алғанға дейінгі кезең, ал 1 қазаннан кейін құрылған кәсіпорындар үшін келесі жылдың 31 желтоқсанын қоса алғандағы мерзім саналады.
Қаржылық есеп беруді толтыруға қойылатын талаптар: көрсеткіштердің қарапайымдылығы мен түсініктілігі, деректердің шынайылығы; жинақтамалы және талдамалы есеп деректерінің сәйкестігі, есептік көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштермен салыстырмалылығы; есепті көрсеткіштердің өткен жылдың осындай мерзіміндегі есепті көрсеткіштермен салыстырмалылығы.
Қаржылық есеп берудің жасалу дұрыстығына кәсіпорынның (мекеменің) басшысы және бас бухгалтер, сондай-ақ жоспар жасау қызметінің басшысы жауап береді. Қаржылық есеп беру мерзім сайын әзірленеді және тапсырылады және пайдаланушылардың кең ауқымының ақпараттарды тұтыну мұқтаждығын қанағаттандырады. Кейбір пайдаланушылардың өкілеттігі болса, қаржылық есеп беруде көрсетілгендерге қосымша ақпараттарды талап ете алады.
Қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің бір бөлігі болып табылады және бухгалтерлік есептің стандарттарымен анықталады. Қаржылық есептемеге түсіндірме жазбалар, қосымша кестелер және осы есеп беруге негізделген немесе олардан алынған ақпараттар енеді және онымен бірге оқылатын болады.

1.2.Қаржылық есеп берудің мақсаттары

Қаржылық есеп берудің мақсаттары есеп берудің негізгі қаржылық жағдайы нәтижелер жайында ақпарат ұсыну болып табылады. Қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін қажетті барлық ақпаратты өзіне енгізе алмайды. Өйткені есепнегізінде өткен оқиғаларды бейнелейді. Қаржылық есеп беру пайдалы ақпараттарды жинақтайды:
1. Несиені ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауға;
2. Субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға және олардың түсімі мен жыл ұстасуы;
3. Субъектінің ресурстар мен міндеттемелерін байланысты бағалауға;
4. Басшы органдардың жұмысын бағалауға.
Қаржылық есеп берудің сапалық сипаттамалары :
1. Түсініктілік - қаржылық есеп беруге ұсынған ақпарат пайдаланушыға түсінікті болуға тиіс.
2. Орындылық - пайдалануға өткен , қазіргі және болашақ оқиғаларды бағалауға, растауға немесе түзетуге көмектесіп, экономикалық шешімдерге ықпал ету.
3. Сенімділік - ақпараттарда елеулі қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ екендігіне шынайы сенім білдіру.
4. Шынайы көрсету - сенімділікті қамтамасыз ету жағдайы, қаржылық жағдайы, операция нәтижелері, ақшалай қаржылардың қозғалысы және тағы басқа операцияларды шынайы көрсетуі тиіс.
5. Мәннің формадан артықшылығы - операциялар мен басқа оқиғаларды шынайы көрсету тек заңды формада ғана емес, экономикалық заңдылығына сәйкес есептеп ұсынуы қажет.
6. Бейтараптық - қаржылық есеп берудегі ақпараттың сенімділігін қамтамасыз ету, яғни күні бұрын теріс түсініктеме болмауы керек.
7. Байқампаздық - активтер мен кірістер, кемітілмей, міндеттемелер мен шығыстар әдейі арттырылмауы үшін талап етілетін есептеулерге сақтық деңгейін ұстау.
8. Толықтылық - сенімділікті қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептердегі ақпарат толық болуы қажет.
9. Уақыттылық - ақпарат ұсынуда ақталуға келмейтін тежеу болған жағдайда өзінің орындалғандығын жоғалтуы мүмкін.
10. Пайда мен шығын арасындағы баланс - ақпараттан алынатын пайда, оны алуға кететін шығыннан артып түспеуі тиіс.
11. Сапалық сипаттаулар арасындағы баланс - қаржылық есеп беру тепе - теңдік немесе салалық сипаттары арасында байланыс болу қажет. Қаржлық есепті жасаушылар кәсіби пайымдау мен әртүрлі жағдайларды садыстырмалы маңыздлығын анықтайды.
12. Сенімді және әділ көрсету - бухгалтерлік есептің сәйкес стандарттарын қолдану.Сенімді және әділ қаржылық есеп беру барысында ешқандай алаламай, қамтамасыз етуі қажет.

2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ТАЛДАУ
2.1.Қаржылық есеп берудің баптарын бағалау

"Материалдық емес активтер" бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтіретін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтерді кәсіпорынның құрылтайшылары (меншік иелері) жарғылық капиталға салым есебінде енгізуі, сондай-ақ кәсіпорын өз қызметінің барысында сатып алуы мүмкін. Бап бойьшша бастапқы бағалау кезіндегі материалдык емес активтердің құны, есептелген тозудың сомасы жекелей келтіріледі және калдық құны көрсетіледі. Материалдық емес активтер баланс валютасында қалдық құнымен енгізіледі. Материалдык емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың; қызметтін) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады. Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалды емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.
Баланстың "Материалдық емес активтер" деген бабын қалдық құнымен толтыру үшін 2700 "Материалды емес активтер", 2710 Гудвилл", 2730 - "Басқалар" және 2740 - "Материалдық емес активтердің амортизациясы" деген жинақтамалы шоттардың ақпараттарын колдану қажет.
"Негізгі құралдар" бабы бойынша қолданыстағы, консервациядағы немесе қордағы (запастағы) негізгі құралдар бойынша мәліметтер көрсетіледі. Бұл бап бойынша заңдарға сәйкес кәсіпорынның меншігіне сатып алынған жер учаскелерінің құны да көрсетіледі. Аталған бап бойынша негізгі құралдардың бастапқы кұны, тозуы және қалдық құны жеке-жеке көрініс табады. Негізгі құралдар баланс валютасына қалдық құнымен енгізіледі. Негізгі құралдардың түгендеу нәтижесі бойынша анықталған бастапқы құны мен қайта есептеу коэффициенттері негізгі кұралдарды қайта бағалауға арналған алғашқы деректер болып табылады. Негізгі құралдар олардың бастапқы құнын тиісті коэффициентке көбейту жолымен қалпына келтіру құнына дейін қайта бағаланады. Негізгі құралдар қайта бағаланғаннан кейін негізгі құралдардың бастапқы құны калпына келтіру құнына алмастырылады (яғни калпына келтіру қүны баланстык құнға айналады). Есеп беруде негізгі қүралдардыңтозуыжекелейкөрсетіледі. Сонымен, баланстың "Негізгі құралдар" деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпараты қажет: 2411 - "Жер", 2412 -- "Үйлер мен ғимараттар", 2413 - "Машиналар мен жабдықтар, беріліс қүрылғылары", 2414 -- "Көлік құралдары", 2930 -- "Аяқталмаған құрылыс", 2421 - "Үйлер мен ғимаратгардың тозуы", 2423 - "Маши-налар мен жабдықтардың, беріліс құрылғыларының тозуы", 2425-"Көлік құралдарының тозуы".
"Ұзақ мерзімді инвестициялар" бөлімі бойынша баланста кәсіпорынның ұзақ мерзімді инвестициялары, басқа кәсіпорындардың активтеріне (бағалы қағаздар -- акциялар, облигациялар) Қазақстан Республикасының аумағында құрылған басқа кэсіп-орындардың жарғылық капиталына салымдар, сондай-ақ кәсіпорыныың басқа кәсіпорындарға берген қарыздары көрініс табады. Баланстың "Ұзақ мерзімді инвестициялар" деген бабын толтыру үшін мынадай жинақтамалы шоттардың ақпаратгары қолданылады: 1100 -- "Қысқа мерзімді қаржы инвестициялар", 2000 -- "Ұзақ мерзімді инвестициялар", 2210 - "Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға инвестициялар".
"Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек" бөлімінде есеп беретін адамдардағы берешектер керсетіледі.
Бұл бапты толтыру үшін 1210 -- "Алуға арналған шоттар", 1130 - "Алынған вексельдер", 1220 - "Еншілес серіктестіктердің берешегі", 1230 -- "Тәуелді серіктестіктердің берешегі", 1240-"Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың берешегі" деген жинақтамалы шоттардың және 1280 - "Өзге де дебиторлық берешек" бөлімшесі шоттарының деректері пайдаланылады.
Есеп берудің "Тауарлы-материалдық қорлар (ТМҚ)" бабын толтырған кезде II бөлімдегі 1310 - "Материалдар", 1340 - "Аяқталмаған өндіріс",1330 - "Тауарлар" деген шоттардың ақпараттары пайдаланылады.
"Алдағы кезевдердің шығыстары" бабын толтыру үшін 1620-"Алдағы кезендердің шығыстары" деген бөлімшенің ақпараты пайдаланылады.
Баланстың пассивіндегі "Бөлінбеген кіріс" бабы бойынша бөлінбеген пайданың қалдығы көрсетіледі. Бұл бап бойынша көрсеткіштер: 5400 - "Бөлінбеген кіріс (жабылмаған зиян)", 5620 -- "Алдағы жылдардың бөлінбеген кірісі (жабылмаған зияны)", 5410 - "Есепті кезең кірісі (зияны)" жинақтамалы шоттарының деректері негізінде толтырылады.

2.2.Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оны тапсырудың мерзімі

Шаруашылық субъектілері тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені құрылтай құжаттарына сәйкес меншік иелеріне , мемлекеттік салық инспекциясына , мемлекеттік басқарудың басқа органдарына , несие беруші
банктерге және басқа шаруашылық субъектілерімен келісімдердің негізінде басқа да мүдделі ұйымдарға тапсырады. Шаруашылық субъектілері тоқсандық есептемені тоқсан аяқталғаннан кейін 30 күн ішінде , ал жылдық қаржы есептемесін жыл аяқталғаннан кейін 90 күннің ішінде тапсыруға міндетті.
Бюджеттік мекемелер айлық , тоқсандық және жылдық қаржылық есептемені жоғары тұрған ұйымдарға олар белгілеген мерзімдерде тапсырады.
Қаржылық есептемені пайдаланушылар қатарына нақты қазіргі және әлеуетті инвесторлар , кредиторлар , жеткізушілер , қызметкерлер , сондай - ақ министрліктер , ведомстволар және жұртшылық жатады .
Кәсіпорынның , ұйымның , мекеменің жылдық қаржылық есебі мүдделі пайдаланушылар , сатып алушылар , жеткізушілер , инвесторлар , биржалар , банктер және басқалар үшін ашық баспасөзде жарияланады .
Есепті жыл аяқталғаннан кейін ашық түрдегі акционерлік қоғамдар , банктер , сақтандыру компаниялары жылдық қаржылық есептемені газеттерде , журналдарда және жекелеген кітапшаларда жариялауға міндетті . Жарияланатын қаржылық есептеме міндетті аудиторлық тексеріске түсіп , оның дұрыстығын тәуелсіз аудитор растауы тиіс .
Қаржылық есеп беру мен бухгалтерлік есепке аудиторлық тексерулер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда , сондай - ақ Әкімшіліктің немесе шаруашылық етуші объектінің құрылтайшларының төрттен бірінің басиамасы бойынша жүргізіледі .

2.3.Қаржылық - шаруашылық қызметтің есебін беру

Қаржы шаруашлық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік еептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі .Бұл стандарт бағалау әдісі , есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы - шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді :
-негізгі қызметтен ( өнімдерді , жұмыстарды , қызметтерді сатудан ) алынған табыс ;
- сатылған өнімнің , жұмыстың , қызметтің өзіндік құны ;
-жалпы кіріс ;
-кезең шығындары . Оған енетіндер : жалпы және әкімшілік шығындары, проценттерді төлеу шығындары , сату жөніндегі шығындар;
-негізгі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
-салық салуға дейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян ;
- табыс салығы ;
- салық салудан кейінгі әдеттегі қызметтен алынған кіріс немесе зиян - төтенше жағдайлардан алынған кіріс немесе зиян ;
- таза кіріс немесе зиян (№1 - кесте ).
Баптардың атауы
Сомасы
Кірістер

Таза сату
14000000
Процент түріндегі кіріс
500000
Кірістердің жиыны
14500000
Шығындар мен шығыстар :

Сатудың өзіндік құны
9000000
Тауарларды жеткізу жөніндегі көлік шығыстары
250000
Ескірген ТМҚ бойынша шығындар
500000
Өндірістік үстеме шығындар
250000
Сатудың өзіндік құнының жиыны
10000000
Жалпы кіріс
4500000
Сату жөніндегі шығындар
1000000
Жалпы және әкімшілік шығындар
500000
Процент төлеу шығындары
500000
Өзге шығындар
0
Шығындардың жиыны
2000000
Табыс салығына дейінгі және төтенше баптардың кірісі
2500000
Табыс салығы бойынша шығындар
750000
Төтенше табыс немесе зиян
0
Таза кіріс
1750000

Осы баптардың барлығның сомасының өзгерісі түсіндірме жазбада ашылып көрсетілуі тиіс .
Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік береді . Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция .
Яғни олар жиі қайталанбайды немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды бөлек ашып көрсету керек .
Стандарт сондай - ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді . Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады .
Түсіндірме жазуда мыналар ашылуға тиіс : тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі ), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорнның әдеттегі қызметінен алнған кіріс немесе зиян .
Стандарт бақылауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске немесе зиянға әсерін қарастырады .Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянд анқтаған кезде мыналарға қосылады :
* есепті кезеңге , егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе ;
* өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге , егер өзгеріс оларға да әсер етсе .
Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс .Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастыпылады . Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған , маңыздылығы соншалық , тіпті бұрыңғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері .

3.ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУДІ ЖАСАУ ЖӘНЕ ҰСЫНУ
3.1.Қаржылық салымдардың есебі

Қаржылық есеп беруді жасамас бұрын оның деректерінің шынайылығын қамтамасыз ету үшін "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңға , 24 "Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру" бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес субъект мүлікті және міндеттемелерді түгендеуге міндетті .
Есептік кезкңдегі түгендеу санын , оның жүргізілетін күнін , оның әрбіреуін тексеретін мүлік тізбесін субъект белгілейді . Субъект түгендеуді жүргізу міндетті мына жағдайларда қалып қалады :
- жылдық бухгалтерлік есеп беруді жасау алдында , алайда есептік жылдың қараша айынан бұрын бастамауы керек ;
- субъект мүлікті жалға , сатуға , сатып алуға , сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қайта құрылуына тапсырғанда ;
- материалды - жауапты тұлға ауысқанда (істі қабылдау - тапсыру күні);
- талан - тараж және қаскүнемдік фактілерін белгілегенде сондай - ақ құндылықтар бүлдірілгенде - мұндай фактілерде дереу түгендеу ;
- төтенше жағдайдан болатын өрт немесе стихиялық (дүлей) апат кезінде, бұл апаттар басылғаннан кейін түгендеуді дереу қолға алу ;
- тарату (бөліністік) балансы жасалмастан бұрын субъектіні таратуда (қайта ұйымдастыруда) ;
- негізгі құралдарды және тауарлы - материалдық қорларын қайта бағалауда - субъектінің есептік саясатымен белгіленген мерзімде және Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған басқа жағдайлар .
Аяқталмаған құрылыстарды түгендеу барысында оның бар - жоқтығын және заттай көлемі тексеріледі , сонымен бірге оның құрамына құрал - сайман , құрастырылмай есептен шығарылған монтаж кіретінін немесе кірмейтінін анықтау ; құрылыс - монтаж жұмыстарының құрамында - жоспарсыз жұмыстың бар - жоғы анықталуы керек ; тоқтатылған және уақытша тоқтатылған құрылыс объектілерінің жағдайын анықтайды .
Аяқталмаған күрделі жөндеулерді түгендеу нақты өндірістің заттай жұмысын , оның көлемін және құнын белгілеуді білдіреді .
Кассадағы ақша қаражатын кассадағы қолда бар ақшаны белгілеу жолымен және қатаң есеп берумен банктерді полистік ( сақтандыру куәлігі ) қайта есептеумен түгендейді .Түгендеу нәтижесін жеке "Қолда бар ақшаны түгендеу актісімен" рәсімдейді .
Кассадан түгендеу шаруашылық жүргізуші субъектінің басшылығымен әзірленген және бекітілген кассалық операцияларды жүргізу Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады . Кассаны түгендеу , қатаң есеп барумен құжаттар және бланкілерді (әуе - және теміржол билеттері , жанар - жағай май ( бензин ) талондарын және т.б. ) түгендеу әдетте бас бухгалтер мен кассирдің қатысуымен кенеттен болады . Түгендеу кезінде қолда бар ақша полистік қайта есептеліп , кассада сақтаулы басқа да құндылықтар тексеріледі . Түгендеу басталғанша ( бірнеше касса ) оларға сүргі салынады , яғни мөрленеді . Кассир түгендеу сәтінде кассалық есеп беруді жасау керек және кассалық кітапша бойынша ақша қаражатының қалдығын шығаруы керек . Кассирден барлық кіріс және шығыс құжаттары есеп беруге кірді және кассада кірістелінбеген , есептен шығарылмаған сомма қалған жоқ , деген қолхат алынады . Ақша қайта есептелінгеннен кейін кассадағы ақша қаражатын түгендеу актісі жасалады . Түгендеу нәтижесі кассалық кітапша бойынша бухгалтерлік есеп деректерімен салыстырылады . Актіге анықталған жолсыздықтар туралы кассирдің түсініктемесі және түгендеу нәтижесі бойынша ары қарай шешім туралы субъект басшысының қарары жазылады .
Түгендеу барысында мыналарды тексеру аса қажет : кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы келісімшарт бекітілді ме , касса талапқа сай жарақталған ба , сейф кілттерінің дубликат ( көшірме нұсқасы ) қайда сақталады .
Мысалы. Кассаны түгендеу барысында 150 тенге артық шықты . Мұндай жағдайда кассалық кіріс ордері жазылып , мына жазулар бойынша ресімделетін субъект қызметінің нәтижесіне кірістеледі ( жатқызылады ) :
451" Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма - қол ақшалар" шот дебеті
727 "Негізгі емес қызметтен алынған басқадай табыс" шот кредиті 150 теңге
Егер кассаны түгендеу кезінде 5 000 тенге кем шықса , мұндай жағдайда :
- анықталған кем сомаға кассалық шығыс ордері жазылады :
334 "Бүлінген құндылық шығыны , кем шығу" шот дебеті
451 "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма - қол ақшалар"
шот кредиті 5 000 теңге
- кассирдің мойнына ақшы салу ;
333 "Материалдық зиянның орнын толтыру бойынша есеп айырысу" шот дебеті
334 "Бүлінген құндылық шығыны , ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық есеп беру жүйесі
Қаржылық көрсеткіштерді қалыптастыру жүйесі және оларды қаржылық басқаруда пайдалану
Есеп берудің мәліметтері
Қаржылық есеп және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың ролі мен маңызы
Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың қазіргі кездегі жағдайы және кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін талдау
Кәсіпорынның қаржылық экономикалық талдау жүргізетін мамандарға қажетті теориялық білім мен тәжірибиелік дағдылардың жиынтығын беру
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер