Асханалық қызылша



Мазмұны

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

2. Негізгі бөлім.
2.1 Асханалық қызылшаның халық шаруашылық маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2 Ботаникалық . морфологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.3 Биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2.4 Тұқымдыққа өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.5 Сұрыптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Кіріспе

Көкөніс және жеміс шаруашылығы еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына жатады. Бұл – өсімдік шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Дәрумендердің, минералды және хош иісті заттардың, көмірсулардың және органикалық заттардың көзі болып саналатын көкөністер мен жеміс өсімдіктерінің өнімдерін өндіруде ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту және мемлекет тарапынан қолдау табуының маңызы өте зор.
Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы ««Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жолдауында мынадай міндеттер қойған болатын:
«...Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет:
-Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін.
-Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет.
-Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз.
-Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Н. Г. Щепетков, М. Ә. Ысқақов «Жеміс - көкөніс шаруашылығы», 446-465 б, Алматы, 2011ж.
2. А. Ө. Өтешқалиев «Көкөніс өсіру технологиясы», 130-143 б, Алматы, 2008ж.
3. Н. Г. Щепетков, Б. Өзбеков, М. Ә. Ысқақов «Көкөніс шаруашылығы», 294-299 б, Астана, 1998ж.
4. «Жаршы» ғылыми сараптамалық журналы, №3, 87-88 б, Алматы, 2013ж.
5. «Жаршы» ғылыми сараптамалық журналы, №4, 46-47 б, Алматы, 2013ж.
6. І. Әбуғалиев, М. Қожақметов «Көшетсіз қызылша тұқымын өндірудің технологиясы», Алматы, 1992ж.
7. Ғаламтор желісі, www.Massaget.kz сайты.
8. Ғаламтор желісі, www.akorda.kz сайты.
9. Суреттер ғаламтор желісінен алынды.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

2. Негізгі бөлім.
2.1 Асханалық қызылшаның халық шаруашылық маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ...4
2.2 Ботаникалық - морфологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .5
2.3 Биологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.4 Тұқымдыққа өсіру технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.5 Сұрыптары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Кіріспе

Көкөніс және жеміс шаруашылығы еліміздің ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына жатады. Бұл - өсімдік шаруашылығының ерекше мамандандырылған және қарқындатылған салалары. Дәрумендердің, минералды және хош иісті заттардың, көмірсулардың және органикалық заттардың көзі болып саналатын көкөністер мен жеміс өсімдіктерінің өнімдерін өндіруде ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту және мемлекет тарапынан қолдау табуының маңызы өте зор.
Осыған байланысты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан - 2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты жолдауында мынадай міндеттер қойған болатын:
...Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет.
Әлемдік азық-түлік нарығының көшбасшысы болу және ауыл шаруашылығы өндірісін арттыру үшін бізге мыналар қажет:
-Егістік алаңын ұлғайту. Мұндай мүмкіндік барлық елдерде бірдей жоқ екенін атап өтемін.
-Егістік түсімін, ең алдымен жаңа технологиялар енгізу есебінен елеулі көтеру қажет.
-Біз әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке иеміз.
-Біз экологиялылыққа баса назар аудара отырып, ұлттық бәсекеге қабілетті брендтер құруға тиіспіз. Нәтижесінде мен агроөнеркәсіптік кешеннің алдына - экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншы болу міндетін қоямын.
2013 жылдың өзінде Үкіметке мыналарды тапсырамын:
-Ел агроөнеркәсіп кешенінің 2020 жылға дейінгі дамуының жаңа бағдарламасын әзірлеу.
-2020 жылға қарай ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың көлемін 4,5 есе арттыру.
-Ең жаңа агротехнологияларды қолдануға бағытталған орта және ірі тауарлық ауылшаруашылық өндірістерін құру жөніндегі заңнамалық және экономикалық ынталандырулар жүйесін тұжырымдау.
-Берілгеннен кейін белгілі бір кезеңде игеру қолға алынбаған жерлерге салық мөлшерлемелерін көтеруді енгізу.

3
0.1 Асханалық қызылшаның халық шаруашылық маңызы

Асханалық қызылшаның құрамында көмірсулары, минералды тұздар, органикалық қышқылдар және дәрумендер мол. Оның тамыржемісінде 10-12 % қанттар, 1,2-1,4%-ға дейін ақуыз, 20-30 мг дейін С дәрумені, 100 г шикі затқа шаққанда 10-12 мг дейін В1 (тиамин), сондай-ақ В6, В2, РР, Р дәрумендері, фолий және пантотен қышқылдары бар. Қызылшадағы Р дәруменінің болуы, оның емдік қасиетін арттыра түседі.
Көне заманның ұлы дәрігері Гиппократ қызылшаны әмбебап емдік өсімдік деп санаған. Қызылшадағы бетанин мен бетаин қан қысымының төмендеуіне, май алмасуының жақсаруына мүмкіндік туғызады, атеросклероздың алдын алады. Қызылшаның іш-қарын жүйесінің, бауырдың жұмысына әлдендіргіш әсер ететіні ертеден-ақ белгілі. [1]
Қызылшаның құрамында 50%-дан астам натрий және тек қана 5% кальций болады. Бұл қайнатылған азықты қолдану салдарынан қан тамырларында жинақталған қымыздық қышқылы тұздарының еруіне мүмкіндік туғызады. Қызылшадағы кальцийдің құрамы организмдегі торшалардың ортақ қоректенуі қамтамасыз етеді, ал хлор құрамы лимфалардың қызметіне жағдай жасайтын, бауыр, бүйрек, өт жолдарын тазартатын құрал болып табылады. [4]
Асханалық қызылшаны тамаққа негізінен жас күйінде пайдаланады. Көктемде жас жапырақтарын және жапырақ кесінділерін салаттық ас және басқа азықтармен қосып тамақ, ал жазда, күзде және қыс кезеңдерінде әртүрлі салаттар мен сорпалар (орамжапырақпен бірге) дайындауға пайдаланады. [1]
Жинап алған бойда пісірген қызылшаның емдік қасиеті бар. Ол жасы ұлғайған, гипертониямен және бауыры ауыратын, іші қатқан адамдарға пайдалы. Қызылша көп қайнатуды қажет етеді. (2 -- 3 сағат), оны тез пісіру үшін 1 сағат қайнатылған оттан алып, суын төгеді де, 10 минут үстіне суық су ағызып қояды.
Ал салат немесе винегрет жасау үшін, оны щеткамен тазартып, суық сумен жуып, қабығымен қайнатады. Қайнатқан кезде қызыл түсін жоймас үшін суға құмшекер салуға болады (2 л суға 0,5 шай қасық).
Қызылшаны асқа пайдалану біздің сүйектеріміз бен тістерімізге пайдалы әсер етеді. Бұл оның құрамындағы кальцийдің арқасында болады, оның жетіспеушілігі тісжегіге, мешел ауруына, сүйек кеуектенуіне және балалар бойы өсуінің бұзылуына әкеліп соғады.
Сондай-ақ, қызылша ағзаны тазалайды, шаршағанды басады, қаназдықтың алдын алады, қатерлі ісіктен қорғайды.
Әсіресе, қызылша шырынының пайдасы ұлан асыр. Қызылша шырынымен бәріміздің күрделі мәселеміз саналатын баспа ауруын (ангина)
4
емдеуге болады. Ол үшін бір стақан қызылша шырынына бір ас қасық балды қосыңыз да, дайын болған қоспамен күніне алты рет тамағыңызды шайыңыз.
Қызылша шырыны өт жолдары мен ішектерді тазартып, асқазанды емдейді. Асқынып кеткен жаралар мен өзге де қабынған теріні таңып тастауға болады. [7]

0.2 Ботаникалық - морфологиялық ерекшеліктері

Асханалық қызылша - Свекла столовая - Beta vulgaris L. - екі жылдық өсімдік. Тамыр жүйесі жақсы дамыған, кіндік тамыры 2,7 м, ал бүйірлік тамырлары 2 метрге дейін бойлайды. Жапырақтары сағақты, жалпақ, үшбұрышты немесе ұзынша келген, шеттері кедір-бұдырлы. Сұрпына қарай жапырақтарының түсі әр түрлі деңгейдегі көк реңді жасыл болады. Тамыр жемісінің пішіні жайпақтан ұзынша-шошаққа дейін өзгереді.
Екінші жылы қалыптасатын тұқымдық өркендері ірі болады, суармалы жерде биіктігі 1,5 м жетеді. Гүл шоғырындағы гүлдері біріне-бірі тығыз орналасқан, жемістері тұтасып, шоғырмақ деп атайтын жеміс шоғырын құрастырады. Әр шоғырмақта 3-5 тұқым болады. Воронеж тәжірибе стансасында Бордо 237 сұрпынан бір тұқымдысы шығарылған. Оны өндіріске енгізу, қымбатқа түсетін, өскіндерді сиретуден бас тартуға мүмкіндік берер еді.
Қызылша бастан, мойыннан және өзіндік тамырдан тұрады. Бас - өсімдік жарнағының жоғарғы бөлігі (эпикотиль) - буынаралықтары өте қысқарған сабақ. Бастан қолтықтық бүршіктері бар жапырақ дегелегі дамиды. Мойын - тамыржемісінің ортаңғы бөлігі. Ол тұқым жарнақтың төменгі бөлігінің (гипокотильдің) ұлғаюының нәтижесінде қалыптасады. Қызылшаның тамыр жемісінің негізгі массасы тұқым жарнақтың төменгі бөлігінен қалыптасады.
Қызылшаның алғашқыда жіңішке кіндікті ұршық тәрізді тамыр пайда болады. Бір-екі жапырақ пайда болғаннан кейін тамыр жуандай түседі. Оның жуандануының нәтижесінде алғашқы қабығы жыртылады. Ол солып, тамыржемісінің сыртында құрғақ қабыршақ құрайды. Міне осылай тамырже-
5
місінің түлеуі дегені жүреді. Түлеу кезінде өсімдік тым жиі орналасқан болса, тамыржемісінің ұзарып кетуіне, кейіннен пішінінің өзгеруіне, дөрекіленуіне және олардың толық дами алмауына әкеледі.

Қызылша дақылы өсіп өну кезеңінде басқа да тамыржемістері сияқты бірнеше кезеңдерден өтеді. Соның біріншісі: көктеуі, тұқымдары егіліп топырақ бетіне тұқым жарнағынан кейін нағыз жапырақтары шыға бастайды. Тұқым жарнағының үлкенді кішілігі, ұзынды қысқалығы сорттарына байланысты, осыларды көпжылдық зерттеудің қорытындысында тұқымдар жарнақтары толық өсіп жетілгенде бір жапырақ тақтасының ұзындығы 1,1-1,3 см6 ені 0,7-1,2 см-ге жетеді. Түстерінің әр түрлі болуы егістік топырақтың құнарлығына байланысты. Құнарлы топырақта жапырақ тақтасының түстері қаныққан жасыл түсті болады. Егер де құнарсыз топырақ болатын болса, солғын немесе боз жасыл түсті болады. Топырақ бетіндегі нағыз жапырағының өсуіне байланысты бір негізгі кіндік тамыр өсе бастайды, бұның ұзындығы 14-17 см, бұдан шыққан майда ұсақ жіңішке қосалқы тамырлары негізгілерге қарағанда 4-6 см қысқа. Қосалқы тамырлардың сыртында да бірнеше майда ұсақ тамырлар шығып топырақтың борпылдақ құнарлы қабатына қарай өседі. Осыдан кейінгі жалғас өтетін кезең жапырақтану.
Жапырақтану кезеңі. Асханалық қызылша да басқа тамыржемістілер сияқты тұқымдары егіліп, бірінші тұқымдарының жарнақтары толық дамып өскесін, алғашқы нағыз жапырақтары көктеп шығады. Негізі жапырақтары қалың жиекті, қатпарлы, ал осы жапырақтарында жапырақ жүйкелері анық байқалады. Тұқымдарымен егіліп көктеп шыққан негізі жапырақ біртіндеп шығады. Алғашқыда бірінші, екінші, үшінші, төртінші негізі жапырақ шығып, белгілі бір табиғи заңдылық бойынша өседі. Бірінші жапырақ тақтасының ұзындығы 4-6 см болғанда, екінші жапырақ, бұның ұзындығы см болғанда, екінші жапырақ, бұның ұзындығы 3-4 см жеткенде, үшінші, төртінші жапырақтар шығып өсе береді. Жаңадан жапырақтар шығып өскенмен, алғашқы шыққан жапырақтар өсуін тоқтатпай, үлкейіп, ұзындығы
6
мен енділігі өседі. Үлкейген жапырақтарының ортасы көтеріңкі болғанмен,
иіліп, жайылып өседі. Осыдан кейін тамыржемістерінде органикалық заттардың жиналуы артып, толысып, домалақ, сопақ пішінді, қоңыр немесе қоңыр күлгін түсті т амыржемістері байқалады. Осы өсіп келе жатқан тамыржемістерінің негізгі өзекті тамырларының ұзындығы 18-21 см, жуандауы 0,6-1,2 см ге жетеді. Осы заңдылықпен осылайша өскен тамырлары 45-94 см ге дейін, ал қосалқы тамыршалары 7-9 дейін майда ұсақтары көбейе береді. Осыдан кейін тамыржемістері тағамға пайдалануға дейінгі кезеңдерде толысып, үлкейіп жетілуіне жапырақтар үлкен әсерін тигізеді.
Күзде жиналып алынған тамыржемістер қоймада сақталып, көктемде отырғызылып өсірілгеннен кейін сабақтану кезеңі басталады.
Сабақтану кезеңі. Қызылшаның тамыржемістері отырғызылғаннан күтіп баптаудың нәтижесінде жоғарғы бас жағынан қайтадан жаңа жапырақтаршығып жетіле бастайды. Бір түптен оннан артық жапырақтар шығады. Бірден 4-5 жапырақ шығып, осыдан кейін 6-9 жапырақтары шығады. Бұл жапырақтар тамыржемістерінің сыртындағы жаңадан шығатын майда ұсақ тамыршалардан бұрын көктеп, жасыл көк түсті түрде өседі. Осы жапырақтардың көктеуі 15 тәулік өткенде 9 жапырақтың біреуінің орташа ұзындығы 5-6 см, ені 2-3 см - ге жетіп, жапырақ сабағының ұзындығы 1,5-2,5 см, жуандығы 3-5 см-ден артық өсе алмайды. Жапырақтарының шеттері кедір бұдыр, ал кейбір сорттардікі тегіс жиекті болады. Тамыржемістерінен жапырақтар өсіп шыққаннан кейін осылардың арасынан сабақтар шығып, өсе бастайды. Осы кезеңнен сабақтану басталады.
Сабақтары жұмыр немесе аздаған ұырлары да болады. Бұл кезеңнің өсуіне 19-28 тәулік кетеді. Сабақтардың ұшынан гүлшоғыр түйіндері қалыптасқанда сабақтанудың аяқталғаны байқалады. Егістіктегі отырғызылған тамыржемістерінің бір гектардағы 10 пайызының сабақтары шықса, бұл - кезеңнің басталғанын, егер де 90-100 пайыз сабақтар шықса, аяқталғанын көрсетеді.
Гүлдену кезеңі. Мұнан кейінгі кезеңдерде гүл түйірлерінің пайда болуымен гүлдену, тозаңдану, тұқымдарының пісіп жетілу мерзімдерін өткізіп біріне бірі жабысқан кедір бұдыр, бұрыш бұрыш, боз сұр, солғын қоңырлау түсті тұқымдық дәндерін қалыптастырады.
Бұл өмір кезеңінде орталық тамыржемісінің басынан 26 - ға дейін қосымша сабақтар шығады. Осылардың жоғарғы ұшында шашақталған гүл шоғырлары пайда болады, бұлар ұзынша келген тарамдалған масақтардан құралады. Бір масақта 2-4-ке дейін гүлдері үлпілдеп желбіреп тұрады. Осын-
7
дай 1-5 - ке дейін аталық өсіп жетіледі. Қызылша тұқымдық жемісі жиналып, жабысқақ түйіншек, осында 2-4 - ке дейін біріккен түрде тұқымдары өсіп жетіледі. 1000 тұқымның салмағы 10-20 грамм. Мұнан көктеп шыққан тұқым өскіндері топталып шығады. Шыққаннан кейін бір күшті жақсысын қалдырып, артықтарын ептеп қалған өскінді зақымдамай жұлып тастау керек. Соңғы жылдары Бордо-237 сұрпынан бір тұқымды түрін шығарды. Бұл сорттың тұқымдары жан жаққа таралып егілуде.
Асханалық қызылша тұқымдары егістік топыраққа егіліп, жаппай көктеп шыққаннан бастап 80-90 тәуліктен кейін тамыржемістерін тағамға пайдалануға болады. Тамыржемістерінің диаметрі 9-18 см-ге жетеді. Осы кездері бір түпте 10-17 жапырақ болады, жапырақтарының орташа ұзындығы 16-20 см, ені 9-12 см жетеді. Жапырақ сабақтарының ұзындығы 18-25 см, жуандығы 4-5 см. Жапырақ сабақтарының сыртында 3-4 ке дейін қыры болады, ішкі жағы ойыс келеді. Жапырақтар сабақтарына мықтылық қысиет береді.
Шаруашылықта қызылша өсімдігі, топырақ бетіндегі жапырақтары мен сабақтарының өсуі жақсы болса, тамыржемістері толысып, өнімділігін арттырып жоғарылатудың кепілі.
Қызылшаның анатомиясы. Қоректік заттар жиналатын паренхима ксилема және флоэманың сақиналарымен алмасып отырады. Паренхима мен сүрек сақиналарының арасында екінші түзгіш ұлпа (камбий) қабаты орналасқан, ол бөлінгенде осы сақиналар жуандайды. Сүректік бөлігі, әсіресе қоректік алаңы көбірек болғанда және топырақта ылғал жетіспегенде, тезірек жуандайды. Бұл тамыржемістердің сапасын төмендететін ақ сақиналардың пайда болуына әкеледі. [1;2]

0.3 Биологиялық ерекшеліктері

Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін толық, терең білгенде ғана оның өнімділігін едәуір арттыратын белгілі бір жүйе негізінде агротехникалық әдістері тәжірибе жүзінде қолдануға болады, -деп кезінде академик Н. А. Майсурян атап көрсетті. [6]
Жылуға қатынасы. Тамыржемістілердің ішінде асханалық қызылша - ең жылу сүйгіші. Оның тұқымы 6-8°C-да өне бастайды, ал өнуге оңтайлы температура -11°C. Өскіндері 2-3°C бозқыраудан зақым шегеді, бірақ ересек өсімдіктері өткінші 3-4°С бозқырауға төтеп береді.
Жарыққа қатынасы. Қызылша - ұзақ күннің өсімдігі. Жылу жеткілікті болған жағдайда жемістенуі мен гүлденуі тездетіледі. Қысқа күнгі жоғарғы жылылықтарда тұқымдық өсімдіктердің гүлденулері кешігеді және тұқымданбай да қалады.Күн сәулесінің жеткіліксіздігі өнімді төмендетіп қа-
8
на қоймайды, сонымен бірге тамыр жемісінің химиялық құрамын нашарлатады. Оны ересек жеміс ағаштарының қатараралығында өсіру жақсы нәтиже бермейді.
Ылғалдыққа қатынасы. Тығыз қабықты қызылша тұқымы өне бастағанда, сондай-ақ қарқынды өсу кезеңінде топырақта ылғалдың мол болғанын (ТТСС-60-75%) қажет етеді. Сонымен бірге су молшылығы нашар аэрациямен қосарланса, қызылша оған шыдамайды. Тұқымдарының өнгіштігіне, көктеуінің тездетілуіне және жапырақтарының қалыптасу кезеңдерінде ылғалдың жетіспеуі кері әсерін тигізеді. Жапырақтарының жақсы өсіп жетілген кезеңдерінде уақытша ылғалдың жетіспеуіне шыдайды.
Қоректік тыңайтқыштарға қатынасы. Өнімдерінің жоғарылауына және сапалылығына, сақталғыштығына тамыржемістерінің жағымсыз ауа райының жағдайларына, ауралар мен зиянкестерге төзімділігін арттырып жақсартуға тыңайтқыштардың тиімді әсерлері көп. Өсіп өну кезеңдерінде азот пен калийге талабы өте жоғпры. Бастапқы өсу кезеңінде азотты, екінші жартысында калийді, өсіп өну кезеңдерінің барлығында фосфор тыңайтқыштарын қажет етеді. [1;2]
Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ агрохимия зертханасының тәжірибе стационарында асханалық қызылшамен 3 танапты көкөністік астық дақылдың ауыспалы егістігінде зерттеулер жүргізілді. Тыңайтқышсыз нұсқада қоректік заттардың жетіспеушілігінен қызылша өсімдігі әлсіз дамыса, тыңайтқыштарды дақыл егістігіне енгізу өсімдіктердің қарқынды дамуына оң әсер етті.

Тәжірибе нұсқалары (NPK)
Өсімдік-тің жалпы массасы, г
Жапырақ (сабақшасы-мен) массасы, г
Жапырақ (сабақшасы-мен) ұзындығы, см
Жапырақ саны, дана
Жапырақтар ауданы, см[2]
Тамыржемістің ұзындығы, см
Тамыржемістің диаметрі, см
Тамыржеміс масса-
сы, г
N0P0K0
435
187
39
12,0
294
9,3
8,6
248
N1P1K1
498
213
44
12,5
325
9,8
9,0
285
N2P2K2
554
248
47
14,2
370
10,5
9,8
306
N3P3K3
640
310
48
15,0
392
11,0
10,7
330

Асханалық қызылшаның бақылаудағы өнімділігі 24,4 тга құраса, тыңайтқыштарды қолдану 30,5-41,6 тга өнім алынуын қамтамасыз етеді. Қосымша түсім 25.0-70.5% болды. [5]

0.4 Тұқымдыққа өсіру технологиясы

Қызылша - айқас тозаңданатын өсімдік. Оның барлық сұрыптары өзара жеңіл будандасады, сондықтан сұрып таза болуы үшін кеңістіктегі оқшаулау 2000 м кем болмауы керек.
Егістікті таңдау. Ең жарамды жақсы топырақтары құнарлы, борпылдақ, егістіктіңтерең қыртысында, саздақ топырақтарда жақсы сапалы
9
өнім береді. Жарамсыз топырағы құмды, құмдауыт топырақтар. Топырақтың қышқылдығы немесе бейтарабынан аспағанда жақсы өсіп өнеді. Қышқылдығы жоғары топырақтарда жас өскіндері тамыршірікпен зақымданады.
Алғы дақыл. Егістіктегі дақылдар айналымындағы орыны аударылған көпжылдық шөптер, қияр, ерте пісетін орамижапырақ, ерте пісетін картоп, пияз, қызанақ, бұршақтардан кейін еккен дұрыс. Негізінде алғы дақылдарға неғұрлым көп мал қилары мен қарашіріктер көп енгізілген болса, соғұрлым ас қызылшасы жақсы өніп, сапалы өнімдерін береді.
Топырақты әзірлеу. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қант қызылшасы
Бақша дақылдары
Вегетативті көкөністер
Қант қызылшасының даму тарихы
Жемістер мен көкөністер. Физико-химиялық технологияның негіздері .Жылуфизикалық технологияның негіздері
Қант қызылшасын өсірудің озық технологиясы
Шикізаттар қасиеттерін зерттеу негіздері
Техникалық және майлы дақылдар зиянкестерімен күресу
Жемістер мен көкөністер
Тамыр және түйнек жемістілердің зиянкестері
Пәндер