Қорғаулы жерде дақылдарды өсіру
Мазмұны
Kіріспе
2.1 Қорғаулы жер туралы негізгі түсінік
2.2 Қорғаулы жерде өсірілетін дақылдарға жалпы сипаттама
2.2.1 Дақыл айналымы
2.2.2 Қиярды қорғаулы жерде өсіру
2.2.3 Қорғаулы жерде өсірілетін дақылдардың агротехникасы
III. Қорытынды
VI. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс және жеміс шаруашылығы жатады. Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайларын, құрылыстарын салу, жеміс, жидек және жүзімдіктерді отырғызу мол қаражатты қажет етеді.
Қазақстанның 2006-2010 жылдарға арналған тұрақты даму тұжырымдамасында жеміс-көкөніс шаруашылығының одан әрі дамуы қарастырылған. Жылыжай кешендерін салу, бақ шаруашылығы мен жүзім шаруашылығының дамуы, жеміс-көкөніс шаруашылығында тамшылатып суаруды енгізу, сондай-ақ жоғары технологиялы және тиімді егіншілік жүйесіне көшу ұйғарылған. Сонын бірі- қорғаулы жер. Қорғаулы жер дегеніміз – маусымнан тыс уақытта көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланатын , өсімдіктерге қолайлы жасанды микроклиматы бар, арнаулы құрылыстар немесе жер телімі. Қазақстанның солтүстігінде көкөніс шаруашылығымен және жеміс шаруашылығымен ертеден-ақ айналысуда. 19 ғасырда Украинадан және Ресейдің орталық облыстарынан көшіп келгендер Ақмола, Қостанай облыстарының орталық және солтүстік аудандарына, Павлодар облысының Ертіс жағалауында, Солтүстік Қазақстан облысының транссібір темір жол бойында қоныстанғандары ақ қауданды орамжапырақты, қызылшаны, сәбізді, қиярды, қызанақты өсірумен айналысты. Қоныстанушылар өздерімен бірге ала келген алма, алмұрт, шие және т.б. тұқымдардың сұрыптарын өсіруге әрекет жасады. Бірақ бұл әрекеттер сәтсіздікке ұшырады: жұмсақ климатта шығарылған сұрыптардың аязға төзімділігі жеткіліксіздеу

Қолданылған әдебиеттер
1. Щепетков Н.Г., Ысқақов М.Ә. Жеміс-көкөніс шаруашылығы,
300-315 бет, «Алматы», 2011.
2. Н. Г. Щепетков, Б. Өзбеков, М. Ә. Ысқақов «Көкөніс шаруашылығы», 379-392 б, Астана, 1998ж.
3. Ғаламтор желісі, www.massaget.kz сайты.
4. Жаңабаев Қ, Саудабаев Т, Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясы, Алматы, «Қайнар»
5. Ғаламтор желісі, www.akorda.kz сайты.
6. А. Ө. Өтешқалиев «Көкөніс өсіру технологиясы», 130-143 б, Алматы, 2008ж.
1. Щепетков Н.Г., Ысқақов М.Ә. Жеміс-көкөніс шаруашылығы,
300-315 бет, «Алматы», 2011.
2. Н. Г. Щепетков, Б. Өзбеков, М. Ә. Ысқақов «Көкөніс шаруашылығы», 379-392 б, Астана, 1998ж.
3. Ғаламтор желісі, www.massaget.kz сайты.
4. Жаңабаев Қ, Саудабаев Т, Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясы, Алматы, «Қайнар»
5. Ғаламтор желісі, www.akorda.kz сайты.
6. А. Ө. Өтешқалиев «Көкөніс өсіру технологиясы», 130-143 б, Алматы, 2008ж.
Мазмұны
Kіріспе
2.1 Қорғаулы жер туралы негізгі түсінік
0.2 Қорғаулы жерде өсірілетін дақылдарға жалпы сипаттама
0.2.1 Дақыл айналымы
0.2.2 Қиярды қорғаулы жерде өсіру
0.2.3 Қорғаулы жерде өсірілетін дақылдардың агротехникасы
III. Қорытынды
VI. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстанның ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды салаларына көкөніс және жеміс шаруашылығы жатады. Көкөніс шаруашылығының қорғаулы жерлердегі жайларын, құрылыстарын салу, жеміс, жидек және жүзімдіктерді отырғызу мол қаражатты қажет етеді.
Қазақстанның 2006-2010 жылдарға арналған тұрақты даму тұжырымдамасында жеміс-көкөніс шаруашылығының одан әрі дамуы қарастырылған. Жылыжай кешендерін салу, бақ шаруашылығы мен жүзім шаруашылығының дамуы, жеміс-көкөніс шаруашылығында тамшылатып суаруды енгізу, сондай-ақ жоғары технологиялы және тиімді егіншілік жүйесіне көшу ұйғарылған. Сонын бірі- қорғаулы жер. Қорғаулы жер дегеніміз - маусымнан тыс уақытта көкөніс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге пайдаланатын , өсімдіктерге қолайлы жасанды микроклиматы бар, арнаулы құрылыстар немесе жер телімі. Қазақстанның солтүстігінде көкөніс шаруашылығымен және жеміс шаруашылығымен ертеден-ақ айналысуда. 19 ғасырда Украинадан және Ресейдің орталық облыстарынан көшіп келгендер Ақмола, Қостанай облыстарының орталық және солтүстік аудандарына, Павлодар облысының Ертіс жағалауында, Солтүстік Қазақстан облысының транссібір темір жол бойында қоныстанғандары ақ қауданды орамжапырақты, қызылшаны, сәбізді, қиярды, қызанақты өсірумен айналысты. Қоныстанушылар өздерімен бірге ала келген алма, алмұрт, шие және т.б. тұқымдардың сұрыптарын өсіруге әрекет жасады. Бірақ бұл әрекеттер сәтсіздікке ұшырады: жұмсақ климатта шығарылған сұрыптардың аязға төзімділігі жеткіліксіздеу болды, Қазақстанның солтүстігінің қатаң аяздарына шыдамады да, алғашқы 2-3 жылы-ақ опат болды. Кейбір жерлерде жеміс ағаштарын әкелінген тұқымдардан өсірді.
Негізгі бөлім
Әдебиетке шолу
1.1 Қорғаулы жер туралы негізгі түсінік
Қорғаулы топырақтар деп - арнай қондырғылары бар, маусымнан тыс, яғни жыл бойы көкөніс өсіруге арналған микроклиматы бар жер үлескілері мен құрылымдарды айтады.
Қорғаулы жердің негізгі міндеті - күзде- қыста және көктемде көкөністер өндіру; ашық жер үшін көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру, түрлерін көбейту. Көкөніс дақылдарын солтүстік аймақтарға қарай көбірек тарату және олардың түрлерін көбейту.Қорғаулы жер көкөніс шаруашылығын солтүстікке және шығысқа жақындату мүмкіндігін жасайды, өсірілетін көкөніс дақыдарының түрлерін көбейтуге, халықты жыл бойы жас көкөніспен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға көмектеседі.
Қорғаулы жердің маңызы:
1. Көкөністер көшеттерін ашық және қорғалған топыраққтарға арнап дайындау;
2. Ашық танапта көкөніс өсіруге болмайтын кезеңде көкөніс өндіру үшін жергілікті жағдайда пісіп үлгермейтін дақылдар өндіру үшін. Қорғаулы жер өсіру құрылыстары жылыжай, булыжай және жылытылған жер болып бөлінеді. Солтүстік Қазақстанда 60 - жылдардың ортасына дейін өсіру құрылыстарының құрылымында негізінен булыжай басым болды, оның басты міндеті көшет өсіру болатын. Бірақ булыжай көшетінің өзіндік құны жоғары.
Қорғаулы жердің болашағы бар құрылысы- қысқы және көктемгі жылыжайлар, Ашық және қорғаулы жерлерді дұрыс үйлестіріп, көкөніс өнімін сақтауды жақсы ұйымдастыра отырып, жас көкөністі жыл бойы өсіруге болады.
Қорғаулы жердің негізгі ерекшелітері:
1. Жыл мезгілі мен ауа-райы жағдайына қарамастан көкөністерді өсіріп-өндіру техникалық базасының болуына (арнаулы орын, жылыту және қорғаныс қондырғыларығ сумен қамтамасыз ету, жасанды қоректендіру, желдету, жарықтандыру қондырғылары, ауаның келуін реттейтін қондырғылар және т.б.) байланысты;
2. Қажетті микроклиматты жасайтын қондырғылары мен құрылымдар құнының жоғарылығы;
3. Ашық танаптағы көкөністермен салыстырғанда аз ғана жер бөліктеріне орналастыруға болатындығы;
4. Культивациялық орындардағы аудандарды өте тиімді пайдалану: бір орыннан немесе бір жерден жылына 3-5 рет өнім алуға болатындығы, өсімдіктерді жол жиектері мен стеллаждарға бірнеше қатар етіп орналастыруға болатындығы;
5. Өнімділігінің жоғарылығында, егер ашық танапта қиярдың өнімдіділігі 90тнга болса жоғары көрсеткіш болып есептелінеді. Ал жылыжайда 250-300 тнга орташа деп бағаланады. Яғни ір шаршы метрден 40-50 кг, гектарына 400-500 тн өнім алуға болады;
6. Қол еңбегін жоғары деңгейдегі механизациямен ұштастырып қолдануға және өндірістік процестерді электрификациялау, жекелеген жағдайларда жұмыс түрлерін толық автоматтандыруға болатындығы;
7. Әрбір өсімдікке жеке күтім жасауға болатын жерді тиімді пайдалануға бағытталған дақылдардың өндірудің күрделі технологиясын (өсімдікті қалыптастыру, гүлдерді қосымша тозаңдандыру, үстеме қоректендіру, жиі суару және т.б.) пайдалану;
8. Қорғалған топырақ жағдайларына бейімделген арнайы сорттарды қолдану;
9. Өнім өндірудің өзіндік құнының жоғарылығы. Ол жасанды микроклимат жасау және күрделі агротехникалық шараларды орындауға кететін материалдық шығындармен анықталады;
10. Еңбекті ұйымдастырудың ерекшелігі және қызметкерлердің жоғары кәсіби біліктілігі, ол күрделі қондырғыларды пайдалану мен микроклимат жасау,ды білу,
сондай-ақ өсімдіктердің агротехникалық талаптарын қатаң орындау болып табылады;
11. Өсімдіктердің тамыры мен қоректену ортасы бірнеше компоненттерден тұрады: оларды субстрат немесе грунт деп атайды. Гидропоникалық әдіспен өсімдіктерді өсіру кезінде топырақ қоспасы орнына инертті материалдар пайдаланылады, яғни олар субстраттарды қоректік ерітінділермен үнемі ылғалдандырып тұрады.
Қорғалған топырақтар халық шаруашылығының бірқатар салаларында пайдаланылады. Олардың қолданылатын салары:
1. Жеміс (субътропикалық, цитрус), жидек, жүзім өсіруде;
2. Әртүрлі дақылдардың көшеттерін өсіруде;
3. Бағалы жеміс және орман ағаштарының отырғызу материалдарын жеделдетіп өндіруде;
4. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын шығаруда;
5. Жануарларға үстеме қорек ретінде ерте пісетін дәруменді балдырлар өсіруде;
6. Сәндік өсімдіктерді өсіруде және т.б.
Көкөністерді қорғалған топырақтарда өсіру халықты жыл бойы көкөніспен қамтамасыз етудің бірден-бір жолы болып табылады. Негізінен қорғаулы топырақтарда көкөніс өсіру солтүстік облыстарда аса маңызды. Себебі, онда ашық танапта көкөніс өсірудің табиғи кезеңі оңтүстікке қарағанда қысқарақ.[3]
Жылыжайлар - ең жетілген өсіру құрылыстарының бірі, мұнда өсімдік тіршілігінің барлық себепшарттарын (факторларын), сондай-ақ өнімділікті де реттеуге болады. Жылыжайдың қорғаулы жердің басқа құрылыстарынан айырмашылығы барлық технологиялық үдерістерді механикаландырып қана қоймай, сонымен бірге автоматтандыруға да болады. Жылыжайдағы еңбек - өнеркәсіптік өндірістің бір түрі.
Жылыжайлардың негізгі міндеті - маусымнан тыс уақытта көкөніс, қорғаулы және ашық жерлер үшін көшет өсіру. Пайдалану және құрылысын салу белгілері бойынша жылыжайларды алты топқа бөледі: міндеті, пайдалану ұзақтығы (маусымдылығы), өсіру технологиясы, жарық өткізгіш қоршау түрі, қоршауының пішін үйлесімі, жылыту тәсілі.
Булыжайдың негізгі міндеті - ашық жер үшін қажет көшет және ерте пісетін көкөніс өсіру. Құрылымы бойынша булыжайлар сыңар құламалы, екі құламалы, тереңдетілген немесе топырақ үстілік болып бөлінеді. Топырақ үстіліктерден кең қолданыс тапқандары тұрақты және көшірмелі булыжайлар. Жарық өткізгіш жабуы кәсекті немесе перделі, шынылы немесе пленкалы болуы мүмкін. Жылытылуы бойынша булыжайдар биологиялық, күн көзілік және техникалық жылуды пайдаланатын болып бөлінеді. Жылда пайдалана бастау уақытына байланысты ерте (жылы), орташа (жартылай жылы) және кеш пайдаланатын булыжайлар болады.[1]
1.2 Дақыл айналымы
Дақыл өсіретін құрылыстарды салу және оларды пайдалануға жоғары шығын шығару тән. Сондықтан қорғаулы грунтты қарқынды пайдалану жүйесіне міндетті түрде тиімді дақыл айналымын кіргізу шарт.Дақыл айналымы- жыл бойы дақыл өсіру құрылыстарын пайдалану жоспары, онда көшеттер мен жаңа көкөністі өндірудің тапсырмаларын орындау үшін жүргізілетін алдын алу және ұйымдастыру - шаруашылық шаралар жүйесі ескеріледі.
Дақыл айналымының бірнеше түрі бар: көкөністік-аумағы көкөніс өндіру және көшеттік-көкөністік - көшеттер өсіру үшін бір рет немесе бірнеше айналым қолданылады. Булыжай дақыл айналымын жиі кәсек айналымы дейді. Әдетте дақыл айналымы бірнеше дақылдан тұрады. Бір дақылмен жұмыс істеген мерзімді айналым дейді. Жыл бойы бірнеше айналым жасайды, яғни дақылдық құрылыстың аумағы бірнеше (түрлі) дақылды өсіруге пайдаланылады.
Айналымның жылдың қай мерзіміне келуіне байланысты өсу-даму кезеңі ұзақ дақылдар (қияр, қызанақ, бұрыш, қауын, қарбыз) үшін қысқы-көктемгі, көктемгі-жазғы, жазғы-күзгі және өтпелі (күздің басында басталып, аяқталуы келесі көктемде немесе жазда) және өсу-даму кезеңдері қысқа дақылдар (ақсүттіген, аскөк, саумалдық) үшін қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі дақыл айналымын ажыратады. Қызанақ пен қиярды қыста-көктемде өсіріп, жинауды жаздың ортасында (шілде-тамыз) аяқтау үшін қысқа айналым және өсіру мерзімі 8-11 айға созылып, қазан-желтоқсанда аяқталатын ұзақ айналым қолданылады.
Айналым бойы жиналынған өнімділікті айналым аумағының өнімділігі дейді.
Дақыл айналымын дайындаған кезде ерекше көңіл сол айналым аумағынан молырақ өнім алуға: дақылдар жиынтығын (ассортимент) дұрыс таңдап алуға; өнімнің жинау мерзімін анықтауға; ашық жерден түсетін осындай өнімді ескеріп өнімнің жинау мерзімін анықтауға бағытталады.
Дақыл айналымын ашық жерлер үшін көшеттерді орналастырудан бастайды да, одан кейін негізгі көкөніс дақылдарын орналастырады, сосын қосымша дақылдарды (қажетіне қарай), қорғаулы жерге қажет көшеттер санын анықтайды да, оларды орналастырады.
Жылыжайларда негізгі дақылдар - қызанақ пен қияр. Бұл екі дақылға, оларды өсіру мүмкіндігіне қарай дақыл айналымында негізгі алаңдарды бөледі.Негізгі дақылдарға дейін және олардан кейін, жарық жетіспейтін кезеңде, ерте көктейтін көкөніс дақылдарын: пиязды сабағы үшін, ақжелкек, балдыркөк, қызылша өсіріледі. Сөре астындағы грунтқа, жаздан басқа уақытта көктейтін көкөністерді орналастырады, және картопты көктетеді.Аспалы сөрелерде жәшікте көктейтін дақылдардың екпелерін өсіріп, кейіннен жылыжайларға және булыжайларға көшіріп отырғызады.
Қорғаулы грунт құрылыстарында бір өлшем аумақтан алынатын өнімділікті арттыру үшін тығыздап егу тәсілін қолдану тиімді.Жылыжайлардағы қиярды сабағы үшін өсірілген пиязбен,аскөкпен, жапырақты қырыққабатпен, ақ сүттігенмен, шалғаммен, балдыркөкпен тығыздайды. Блокты жылыжайлардың енсіз қабырғаларында торецтерінде асқабақты өсіріп,оның сабақтарын (мұртшаларын) тесік арқылы сыртқа шығаруда көңіл қоярлық тәсіл.
Булы жайларда қиярды сабағы үшін өсірілетін пиязбен, ақ сүттігенмен, қызанақпен, асқабақпен тығыздайды.
Орлардағы булыжайларды күзде аскөк, ақ сүттіген, шалғам етуге, түсті қырыққабатты, екпе жуаны, балдыркөкті, ақжелкенді, пекин қырыққабатын тазартылған ордың түбіне көміп жетілдіруге пайдаланады. Булыжайлардың арасындағы жалғыз аяқ жолдарды түсті қырыққабатты, балдыркөкті, саумалдықты, аскөкті, ақ сүттігенді, шалғамды, ал жолдарды кәді, қияр, ерте ақ қауданды қырыққабатты өсіруге пайдаланады. Жылыжайлар арасындағы алаңдарға, жылыжайларға бүйірлік желкөздер арқылы аурулармен зиянкестер таралмауы үшін, қызанақ пен асқабақ тұқымдастардан басқаларынын бәрін де өсіруге болады.
Қорғаулы жерде өсірілуге бейімді сорттарды таңдап алудың маңызы зор. Мәселен, жазғы- күзгі айналымда қиярдың ақ ұнтақ пен бактериозға: қызанақтың бурыл дағына, галдық жұмыр құртына төзімді сорттарын себу дұрыс болады.[2]
Дақыл
Өсіру мерзімі
басталуы
аяқталуы
А. Блокты қысқы көкөністік жылыжайлар
Қияр
1-5 ІІ
20-25 ІХ
Пияз жапырағы үшін
20-25Х
5-10ХІІ
Ақжелек, балдыркөк
5-10ХІІ
5-10І
Зарарсыздандыру және грунтты дайындау
5-10І
1-5ІІ
Ә. Блокты көкөністік көктемгі пленкалы жылыжайлар
Пияз жапырағы үшін
1-5ІV
5-10V
Қияр
5-10V
1-10ІХ
Б. Ерте булыжайлар үшін
Ерте ақ қаудан мен түсті орамжапырақтардың көшеттері
25ІІ
25ІV-10V
1.3 Қиярды қорғаулы жерде өсіру
Қияр - ежелгі көкөністік өсімдік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220 мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 цга, қорғаулы жерде орташа есеппен 16-20 кгм2, ал 50-60кгм2 мүмкін өнімділік.
Қазақстанда қиярды жуықтап 15 мың гектар жерде өсіреді. Негізгі егістік Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Үй маңында барлық қияр егістігінің 77,8 % орналасқан.
2004 жылы қиярдың ең жоғары өнімі (286,6 цга) Солтүстік Қазақстан облысында болды. Қиярдың жоғары өнімі шаруа қожалықтарында жиналуда. Анықтама үшін: Израильде-көкөніс шаруашылығы ең жетілген елде - қиярдың өнімділігі 2500 цга. Қазақстанның солтүстігінде қиярды 2,2 мың га жерде өсіреді.
Биологиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін - 9-12 тәуліктік көк түйнегін - жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі корнишон, ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды.
Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0,5-1,4 % ақуыз, 1,5-3,7 % қанттар, 10-15 % С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96,8 % су болады.
Қиярда минералды заттар аз, бірақ олардың сәтті арақатынасы негіздердің мол болуына себепші болады. Осы көрсеткіш бойынша басқа көкөністер, шомырдан басқа, қиярға теңесе алмайды. Сірә, қиярдың несеп қышқылын еріте алу қабілеті негіздердің мол болуына байланысты болар. Қиярда калийдің мол болуы (1400 мгл) ағзадан сұйықтың шығарылуына ықпал етеді. Қияр шырыны парфюмерияда, косметика өнеркәсібінде кең қолданыс тапқан.
Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды.
Тамыр жүйесі топыраққа небары 25-30 см тереңдейді, ал жан-жағына 50 см. Сабағы төселіп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік өсе алады.
Жемістердің пішіні әртүрлі - шар тәріздіден жібше шұбатылған жылан тәріздіге дейін, олардың мөлшері де ауытқымалы 5 см-ден 70 см-ге дейін болады. Сұрпына байланысты түсі сүттей ақтан қою жасылға дейін болады. Жемісі - сұрпына байланысты биологиялық пісуіне 40-60 тәулікте жетеді, оларды бұл кезеңде тұқымдықтар деп атайды. Тұқымдықтардың түсі сүттей ақтан күңгірт қоңырға дейін өзгереді, кейбір сұрыптарының тұқымдары торлы болады. Тұқымдары ұзынша эллипс пішінді, сәл сарғылттау. Мың тұқымының массасы 16-25 г.
Қияр - жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13оС өне бастайды. Топырақтың температурасы 10°С төмен болса олар шіриді ( көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі). Егер тұқымды температуралық шынықтырудан өткізсе, олар +10оС өне алады. Өсу және жеміс салу үшін күндізгі оңтайлы температура 25-тен 32°С дейінгі, түнде - 18-ден 20°С дейінгі жылылық. Мұндай температурада өскіндер 4-5°С тәулікте пайда болады, 5-6 тәуліктен кейін, аналық типтес сұрыптардың қолтығында алғашқы жапырақтар пайда болады, бірақ олар кешірек пайда болады, көбінесе 10-15 тәулікте. Өскін пайда болғаннан 22-28 тәулік өткен соң гүлдей бастайды. Жатын тозаңданғаннан кейін тез пісетін сұрыптарда 9-12 тәулікте, орташа мерзімде пісетіндерде - 12-16 тәулікте көк түйнектері технологиялық пісуге жетеді. Дамудың оңтайлы жағдайында, ерте пісетін сұрыптарда қиярдың алғашқы жиналуы, өскін пайда болғаннан 38-40 тәулік өткен соң басталуы мүмкін.
Жылылық 14°С төмен болса қиярдың өсуі тоқтайды. Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температура да жеміс салуына қолайсыз: 35°С гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40°С өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды.
Танапта, кейде булыжайлар мен жалдарда өсірілген қиярда, жиі түйнектің қабығының, кейде мәйегінің де ащы дәмі болады. Ащылық, түйнектің қабығындағы ақуыздық қосылыстардың өнімдерінің ыдырауынан пайда болған глюкозидтердің көп болуына байланысты. Бұл әдетте жапырақта ылғал мен қоректік заттардың (негізінен азоттың) жеткіліксіздігінде, жемістердің күн көзімен күшті жарақтанғанында (сирек егістерде), сондай-ақ жеміс байлануының соңында байқалады. Қиярдың ащылануы - тұқым қуалаушылық құбылыс және өсімдіктің сұрыптық ерекшеліктеріне байланысты.
Сұрыптар.
Қазақстанның солтүстігінде қиярдың негізінен ерте және орташа мерзімде пісетін сұрыптары өсіріледі.
Ашық жерге арналған сұрыптар. Вязниковский 37. Владимир облысының халықтық ежелгі сұрпы. Желі сабағының ұзындығы орташа, 70-100 см, бұтақтануы орташа. Жемістері - 9-12 см, салмағы -90-129 г, сәл кітірлі, шырынды, хош иісті, жиі жас күйінде және тұздауға қолданылады. Тұқымдығы қызғылт сары, торсыз. Тез пісетін сұрып (өскін пайда болғаннан жеміс байлануына дейін 44-46 тәулік). Өнімділігі жоғары - 351 ц 1 га. Бірінші онкүндігінде бүкіл өнімнің 25 %-на дейін береді. Қысқа мерзімдік суықтарға салыстырмалы төзімді. Саңырауқұлақ және бактериялы ауруларға қатты шалынғыш. Құрғақшылық жағдайында ұсақ, пішінсіз, ащы жемістер береді.
Кустовой. Краснодар көкөніс - картоп селекциясы стансасында шығарылған. Тез пісетін, консервілеуге, өнімін механизм көмегімен бір рет жинап алуға жарамды. Негізгі желі сабағының ұзындығы 50-60 см. Өсімдігі бұталы пішінді, бірінші реттік бүйірлік өркендері қысқа. Жасыл түйнегінің ұзындығы 9-10 см, орташа массасы 112 г. Жемістері тамырында ұзақ уақыт сарғаймайды, ал жапырақтары ақұнтақпен және бактериозбен зақымданбайды. Бітімен зақымдануы шамалы.
Универсальный. Батыс Сібір көкөніс-картоп тәжірибе стансасында шығарылған. Желі сабақтылығы орташа, тез пісетін, өнімділігі жоғары, жеміс салуы жақсы сұрып. Түйнегі ұзын сопақша. Үсті бұдырлы, дәмі жақсы.
Қорғаулы жерлердегі гетерозисті будандар. Алматинский 1, (Е1). Алматы қорғаулы жер сұрып сынау телімінде шығарылған. Қысқы, көктемгі жылыжайлар мен булыжайларда өсіруге пайдаланады. Орташадан ерте піседі, жемісін өскін пайда болғаннан 51-56 тәулік өткен соң кейін береді. Көк түйнегі ұршық тәрізді, сәл қырлы, көлденең қиығы домалақ-үшқырлы, жемістің негізі созылыңқы. Орташа массасы 167-200 г. Дәмдік сапасы және өнімділігі жоғары. Жылыжайлардағы температуралық ауытқуларға шыдамды, сондай-ақ жарықтың уақытша тапшылығына да. Аралар тозаңдандырады.
Апрельский (ТСХА-98Е). ТАША-ның көкөніс тәжірибе стансасында шығарылған. Тез піседі, жемісін өскін пайда болғаннан 43 тәулік өткеннен соң береді. Партенокарпты. Негізгі желі сабағының ұзындығы орташа, бұтақтануы шамалы. Көк түйнегі цилиндр пішінді, бұдырлығы шамалы, көлденең қиығы домалақ үшқырлы, орташа массасы 210 г. Жеміс салу бірден жүреді, өнімділігі 26-29 кгм2, жемісінің дәмі жақсы және қанағаттанарлық. Негізінен пленкалы жылыжайларға ұсынылады.
Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы.
Қияр жеңіл, ауалануы (аэрациясы) жақсы, құнарлы, қарашіріндісі мол, әсіресе өзен-көл арналарының топырағын тәуір көреді. Ол басқа көкөніс дақылдарына қарағанда жас көңде жақсы өседі. Көкөніс ауыспалы егісінде қиярды ерте пісетін картоптан, қызанақтан, пияздан, асханалық тамыр жемістерінен кейін орналастырады. Қияр 100 ц өніммен топырақтан 30 кг азот, 10 кг фосфор, 33 кг калий ә.е.з. бойынша алып шығады.
Сүдігер көтерген кезде гектарына 100-120 т көң шашады және 3-3,5 ц суперфосфат еңгізеді. Көктемде мүмкін болысымен сүдігерді 2 ізбен тырмалайды. Тұқым сепкенге дейін 2 рет культивация жүргізеді: біріншісін арамшөп өскіні пайда болу үшін, ерте көктемде 12-14 см, екіншісін пайда болған арамшөп өскіндерін жою үшін, тұқым себер алдында 7-8 см тереңдікке. Бірінші культивация астына гектарына 1,0-1,5 аммиак селитрасын енгізеді.
Себуге екі үш жылғы тұқымдар алынады. Олар жаңа тұқымға қарағанда аналық гүлдерін ертерек қалыптастырады және жоғары өнім береді. Егер екі үш жылғы тұқымдар болмаса онда былтырғы жылғы тұқымды, тек 3 сағат бойы 55ºС қыздырғаннан кейін ғана қолдануға болады. Тұқымның қатты қызып кетпеуі үшін бұл жұмысты термостатта жүргізген қолайлы.
Қыздырғаннан кейін суланған тұқымды төмен температурамен шынықтыру үшін тәулік бойы 25ºС, сосын 3 тәулік 0-2ºС жылылықта ұстайды. Шынықтырудан кейін тұқымды сусымалы күйге дейін кептіреді және дәрілейді.
Тұқымның өну қуатын арттыру үшін әртүрлі ерітінділерде (тәулік бойы) ұстайды (мгл): бор қышқылының (300), метил көгінің (300), күкірт қышқылды мырыштың (200), ас содасының 5 гл С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәжірибелерінде тұқымды соңғы екі ерітіндіде ұстағанда өнім 34-33 цга артқан.
Себуді топырақ 5 см тереңдікке 10оС жылығанда (орташа есеппен 20-25 мамыр) жүргізеді. С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәжірибелерінде себуді 20-30 мамырда жүргізгенде гектарынан 290 ц өнім алынса, 5-10 маусымда себілгенде - 194 цга.
Әдетте көкөнісшілер қиярды 2-3 мерзімде, арасына 4-5 тәулік салып себеді: ерте сепкенде құрғақ тұқыммен, кешірек - суланған және өне бастаған тұқыммен. Гектарына 5-6 кг тұқым шығындалады. Тұқыммен бірге гектарына 50-60 кг түйіршікті суперфосфат енгізу жақсы нәтиже береді. Себуді СОПГ-4,8А, СКОН-4,2, СБУ-2,4Б, СУГО-9 тұқым сепкіштерімен жүргізеді. Тұқымды біркелкі сіңіру үшін дискінің шүмегіндегі шектеуішті қажетті биіктікке қояды. Сепкеннен кейін танапты тығыздайды.
Астрахан технологиясын қолданып, қиярды қатараралығын 140 см етіп себеді; өсімдіктер жемісін жинағанда азырақ зақымданады. Біраз шаруашылықтарда таспалы қос ізді, із қатарларының арасын 50 см, таспаларының арасын 90 см етіп себеді.
Қиярды Қазақстанның солтүстігінде жағдайында өсіргенде биік сабақты өсімдіктерден, айталық жүгеріден немесе күнбағыстан ықтырма себудің маңызы зор. Ықтырмалар қиярды суық желдерден қорғайды, көк түйнек өнімі артады, оларды бір апта ерте жинауға болады және қорғаулы жермен салыстырғанда жинау екі аптаға кешірек аяқталады. Күздік қара бидай ықтырмасының қорғаныштық әсері өте жақсы, оны 8-4-11-12 метрден кейін (көкөніс тұқым сепкішінің 3-4 алымы), басым ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz