Судан шөбі



Мазмұны
1. Кіріспе
2. Судан шөбінің биологиялық және морфологиялық ерекшелігі
3. Шаруашылық маңызы және таралуы
4. Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар
5. Өсіру технологиясы және жинау
6. Зерттеу жұмыстары. Судан шөбінің себілетін күнінен ерте себілуі және өсіп жетілуі мен өнімділігі
7. Судан шөбінің өсіп жетілу мерзімі
8. Қорытынды
КІРІСПЕ
Судан шөбінің көк балауса мен пішені малдарға жұғымды қоректік
заттарға бай. Оның көк шөбінде 12,3 % протеин және 2,4 % май бар, ал пішендегі осы көрсеткіштер 12,5 және 2,8 % тең. Судан шөбінің 100 кг көк жемінде 17, пішенінде –52, сүрлемінде – 228 мал азықтық өлшем болады.
Міне, осы қасиеттеріне қарай судан шөбі бір жылдық астық тұқымдастарына жататын мал азығындық дақылдардың ішіедегі құндысы. Оны пішен, сүрлем және көк балауса алу үшін өсіреді. Сонымен қатар, ол таптырмайтын мал жайылымдық шөп, өйткені малдар таптап кеткеннен кейін тез қалпына келіп, бір айдың шамасында қайтадан жайылым ретінде пайдалануға жарайды.
Қазақстанда судан шөбі Атырау мен Қызылорда облыстарынан басқа жердің бәрінде өсіріледі.
Судан шөбінің ерекшелігі – ол жоғары өнімді өсімдік. Оның әр гектар егістігінен 100-120 центнерге дейін пішен, 250-350 центнер көк шөп, 8-14 центнерге дейін тұқым алуға болады. Республикада 1991 жыл судан шөбінің он сырты аудандастырылып өсіріледі. Олар мыналар: Бродская-2, Джурунская-1, Изумрудная, Кинельская-100 Одеская-25, Пензенская рання, ташебинская, Тугай және Широколистная-2.
Судан шөбін өсіру көптеген қазіргі дала ауыспалы егісіндегі бар қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Осылайша, ауыспалы егіске тарының жармалық дақылдарын, қарақұмықты және майлы дәнді күнбағысты енгізсе келесі жылы егістіктерде елеулі көлемде олардың қодрендері пайда болады. Сондықтан егіс үшін олардан кейін жер үстіндегі массасы пайда болған тары, күнбағыс, қарақұмық өсімдіктерімен аралас азықтық және сидералдық мақсат үшін қолданатын дақыл қажет. Бұл мәселелер ауыспалы егіс құрамына судан шөбін енгізгенде шешілуі мүмкін. Бұдан басқа аймақтағы мағызды мал шаруашылығы саласының дамуы шаруашылық етудің жаңа жағдайында оны азықпен қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығынан тоқтап тұр. Судан шөбін егіп өсіру азық базасының елеулі нығаюына, дайындалушы азықтардың қоректілігінің елеулі түрде жақсаруына мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, өсімдіктердің жазғы жауындарға дейін сембілмей және ылғалды пайдалану максималды мөлшері жазғы жаңбырларға келуіне сәйкес дәнді дақылдардың себу мерзімін таңдау қажет.
Судан шөбінің бекітілген қолайлы себу кезеңі жауын-шашынды жыл бойы болуымен тәуелді емес. Маусымдағы түскен жауын-шашыннан дәнділер өнімі себу мерзімінен тәуелді емес, 20-25 мамырдағы өткізілген себу шілдедегі жауын-шашыннан жоғары өнім береді., 27-30 мамырдағы себуден шілде-тамыздағы жауын максимуммен жақсы өнім алынады.
ПАШҒЗИ өткізген зерттеулер судан шөбі үшін қолайлыы мерзім
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жаңабаев Қ, Саудабаев Т, Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өңдіру технологиясы, Алматы, «Қайнар», 1994 ж, 342-344 б.
2.Муржанов И.Т, Почвозащитное земледелие на каштановых супесчаных почвах Казахстана. Алматы. 1995, 209 с.
3.Конопьянов К.Е., Цекуренко Л.Н., Продуктивность кормовых культур в зависимости от различных предшественников. Павлодарский ЦНТИ. № 83-98. 3с.
4.Рудай И.Д. Повышение эффективности приёмов, влияющих на плодородие почв. М., Россельхозиздат, 1985, с.150-157.
5.Романова Н.Л., Молоканов В.А. Пути совершенствования севооборотов в Сибири. Севообороты - основа высоких урожаев с-х культур, Алма-Ата, 71-XVI-89, Каз. НИИНТИ, с.7-8
6.Свешников А.М., Свешникова Н.Н. Возделывание суданской травы на севере Казахстана. Вестник с-х науки Казахстана, № 12, 1984, с.52-55.
7.Тютюнников В.Н. Суданская трава. М., 1978, 200 с.
8.Бондаренко М.Г. Оптимальные сроки сева суданской травы на корм. //Вестник с-х. науки Казахстана, № 12, 1984, с. 52-55.
9.Н. Можаев, Н.Серікпаев, Ғ.Стыбаев. Мал азығын өндіру практикумы, Астана- 2013ж, «Фолиант»2013,169- 170 б.
10.Әубәкіров Қ. А.Ахмет , Мал азығын өндіру Алматы 2011ж, 429-432 б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Судан шөбінің биологиялық және морфологиялық ерекшелігі
3. Шаруашылық маңызы және таралуы
4. Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар
5. Өсіру технологиясы және жинау
6. Зерттеу жұмыстары. Судан шөбінің себілетін күнінен ерте себілуі және өсіп жетілуі мен өнімділігі
7. Судан шөбінің өсіп жетілу мерзімі
8. Қорытынды

КІРІСПЕ
Судан шөбінің көк балауса мен пішені малдарға жұғымды қоректік
заттарға бай. Оның көк шөбінде 12,3 % протеин және 2,4 % май бар, ал пішендегі осы көрсеткіштер 12,5 және 2,8 % тең. Судан шөбінің 100 кг көк жемінде 17, пішенінде - 52, сүрлемінде - 228 мал азықтық өлшем болады.
Міне, осы қасиеттеріне қарай судан шөбі бір жылдық астық тұқымдастарына жататын мал азығындық дақылдардың ішіедегі құндысы. Оны пішен, сүрлем және көк балауса алу үшін өсіреді. Сонымен қатар, ол таптырмайтын мал жайылымдық шөп, өйткені малдар таптап кеткеннен кейін тез қалпына келіп, бір айдың шамасында қайтадан жайылым ретінде пайдалануға жарайды.
Қазақстанда судан шөбі Атырау мен Қызылорда облыстарынан басқа жердің бәрінде өсіріледі.
Судан шөбінің ерекшелігі - ол жоғары өнімді өсімдік. Оның әр гектар егістігінен 100-120 центнерге дейін пішен, 250-350 центнер көк шөп, 8-14 центнерге дейін тұқым алуға болады. Республикада 1991 жыл судан шөбінің он сырты аудандастырылып өсіріледі. Олар мыналар: Бродская-2, Джурунская-1, Изумрудная, Кинельская-100 Одеская-25, Пензенская рання, ташебинская, Тугай және Широколистная-2.
Судан шөбін өсіру көптеген қазіргі дала ауыспалы егісіндегі бар қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Осылайша, ауыспалы егіске тарының жармалық дақылдарын, қарақұмықты және майлы дәнді күнбағысты енгізсе келесі жылы егістіктерде елеулі көлемде олардың қодрендері пайда болады. Сондықтан егіс үшін олардан кейін жер үстіндегі массасы пайда болған тары, күнбағыс, қарақұмық өсімдіктерімен аралас азықтық және сидералдық мақсат үшін қолданатын дақыл қажет. Бұл мәселелер ауыспалы егіс құрамына судан шөбін енгізгенде шешілуі мүмкін. Бұдан басқа аймақтағы мағызды мал шаруашылығы саласының дамуы шаруашылық етудің жаңа жағдайында оны азықпен қамтамасыз ету жүйесінің жоқтығынан тоқтап тұр. Судан шөбін егіп өсіру азық базасының елеулі нығаюына, дайындалушы азықтардың қоректілігінің елеулі түрде жақсаруына мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, өсімдіктердің жазғы жауындарға дейін сембілмей және ылғалды пайдалану максималды мөлшері жазғы жаңбырларға келуіне сәйкес дәнді дақылдардың себу мерзімін таңдау қажет.
Судан шөбінің бекітілген қолайлы себу кезеңі жауын-шашынды жыл бойы болуымен тәуелді емес. Маусымдағы түскен жауын-шашыннан дәнділер өнімі себу мерзімінен тәуелді емес, 20-25 мамырдағы өткізілген себу шілдедегі жауын-шашыннан жоғары өнім береді., 27-30 мамырдағы себуден шілде-тамыздағы жауын максимуммен жақсы өнім алынады.
ПАШҒЗИ өткізген зерттеулер судан шөбі үшін қолайлыы мерзім 25-30 мамырға дейін болды.
Сондықтан, көктемде асығыс жасамай, себу мерзімінің қолайлы жағдай түсуін тосып, онда өсімдіктер толығымен жауын шашынды пайдалануын ескеру.

2.Судан шөбінің биологиялық және морфологиялық ерекшелігі
Судан шөбі сорго (құмай) туысына , астық тұқымдасына жатады. Әр түбінде 10 -30 дана сабақ құрады. Сабағы тік өседі, цилиндрлі, іші жеңіл паренхимамен толықтырылған, түксіз, буындары өте мықты, бұтақтануы орташа, биіктігі 2,0-3,5 дейін жетеді. Сабағындағы буынаралығының саны ерте пісетін сорттарында 3-5 тең, кеш пісетіндерінде 8-12 дейін болады. Сабақтың төменгі буыны- түптену буыны болып есептелінеді. Судан шөбінің тығыз түпті сорттарының өнімі жоғары келеді. Судан шөбі жақсы жапырақтанған. Жапырағының алақанының ұзындығы 50-60см , ені кең жерінде 4,5 см, түксіз, жылтыр,шеттері біркелкі емес.Ортанғы жапырақтары әдетте жақсы дамыған. Судан шөбі жапырақтану ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінеді: жапырақтануы нашар, жапырақтануы орташа , жапырақтануы жпқсы. Өсімдікте жапырақ үлесі жалпы өнімнің 35-50% құрады.Жапырақтары ұзын , сызықты , түксіз, иілмелі, шеттері аздап бұдырлы, ортаңғы жүйкесі жақсы дамыған. Орта есеппен бір өсімдікте 4-8 жапырақ қалыптасады, кеш пісетін, биік өсетін сорттарында көптеу , ерте пісетіндерінде аласалау.
Гүл шоғыры көп масақты шашақбас,шашыраңқы сыпыртқы, сыпыртқысының әр тармағының ұшында 1тұқымды, 2 тұқымсыз масағы болады. ұзындығы 35-45см. Шашақбастарының өте шашыраңқы, жартылай сығылған, ұйық тармақты, иілген және құмай түрлі типтері болады. Масақтары шашақбастың ұшында орналасады. Негізінен айқас тозаңданады. Тұқымы сары, сұрғылт, қызыл не қара сопақша дәнек.Қуаншылыққа төзімді ,жоғары өнімді ,малазықтық сапасы жақсы және Қазақстанның қуаншылықты далалық аймағында айырбасқа жатпайтын дақыл.Гүл шоғыры ұзын, сызықты, түксіз, иілмелі, шеттері аздап бұдырлы, элипсті - сопақтау немесе конусты - элипс пішінді , ұзындығы -30-40 см. Сіпсебастың әр бір бұтағының ұшар басында 3 масақша орналасқан, оның біреуі жемісті , қалған 2 бүйіріндегілері жеміссіз.
Жемісі - гүл және масақ қабықшалармен тығыз жабылған дәншік аздап жалпақтау, кері-жұмыртқа пішінді, қатты масақшалармен қапталған, түсі әр түрлі- сабан түсті сары, сұр, қызыл, қоңыр, қара. Әр шашақбастан 4-6 г тұқым алынады.1000 тұқымның массасы -5-15 г, Солтүстік Қазақсианда аудандастырылған сорттарында -8-12 г.
Тамыр жүйесі шашақты, көптеген ұзынша тамырлардан тұрады. Тамырларының көпшілік бөлігі 2-2,5 м тереңдікке дейін жетеді, жан-жағына 70-80 см дейін жайылып тарайды. Тамырларының 60-70 %топырақ қабатының 0-30 см орналасады. Кейбір жағдайларда сабақтың төменгі буынынан ауалық немесе қосымша 6-8 см тамыршалар құралады, ол өсімдіктерді күшті жел соққанда жапырылудан сақтайды да қосымша ылғалмен және қоректік заттармен қамтамасыз етеді. Судан шөбінің тамыр жүйесінің осындай күшті дамуының нетижесінде ол құрғақшылыққа өте төзімді келеді.

Сыртқы ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына қарай сабағының биіктігі 0,7-
3,5 м-ге жетеді. Түптену коэффиценті 3-5- тен 15-25, тіпті 30-40-қа дейін
өзгереді, жақсы ал шынкөктігімен ерекшеленеді.Бұтасы тік өседі ,қомақты ,жартылай, жартылай қомақты ,жатаған және жартылай жатаған, ауытқуы 45-тен 90°С -қа дейін. Сабағы тік, жұмыр, биіктігі 50 - 90 см, жуандығы 3 - 13 см, ашық жасыл түсті. Жақсы түптенеді, сабақтары тік өсетін сорттары өнімді және оруға қолайлы. .Судан шөбі шөптесін шай жүгері тобына жатады. Шашақты тамыр жүйесі жақсы дамыған, күшті тармақталған, 2.5 м тереңдікке бойлайды, алайды негізгі бөлігі топырақтың 0.7 м қабатында шоғырланған, ауа тамырларын қалыптастыра алады. Сабағы тік өседі, әдетте бұтақты, цилиндр тәрізді, жақсы жапырақтанған, түксіз, ашық жасыл түсті , іші паренхимамен толтырылған, 3-5-тен 8-15 буын аралықтарын түзеді.
Судан шөбі жылуды, жарықты сүйетін, қысқа күннің өсімдігі. Оның тұқымы топырақ қабатының жылуы +8-10°С өне бастайды, қолайлы өсіп-өну температурасы +20-30°С. Өскіндері сәл үсікке шыдамайды, -3-4 үсікте өскіндері толығымен жойылып кетуі мүмкін. Судан шөбі бастапқы өсу кезеңінде баяу өседі, әсіресе жылу жетіспесе нашар дамиды. Сол кезде судан шөбін арамшөптер басып кетеді. Бірақта толық өскеннен 25-30 күннен кейін өте қарқынды өсе юастайды.
Судан шөбі құрғақшылыққа төзімді өсімдік. Бұл оның тамыр жүйесінің мықты дамығанының, қарқынды өсіп-даму кезеңінің жаздын екінші жартысына сәйкес келіп ылғал өте тиімді пайдалана алатының нәтижесі деуге болады. Негізінен судан шөбі ылғалды топырақтың терең қабатынан сіңіреді. Мұндай ерекшеліктерін оның егістігін ауыспалы егісте орналастырғанда ескерген жөн. Судан шөбі ылғалды жерде де жақсы өсіп мол өнім береді. Оның егістігін екі рет суарған жағдайда өнімі1,5-2,0 есеге дейін көтеріледі. Сонымен қатар судан шөбі артық ылғалдылыққа шыдамайды.
Судан шөбі республиканың қара және қоңыр топырақты аймақтарында жақсы өсіп жоғары өнім түзеді, құмды және ашық қоңыр топырақты жерлерде нашар өседі. Бейтарап топырақта жақсы өседі.Аздаған қышқылды топырақтарда да өсе алады, ал сортаңды топырақта өспейді. Судан шөбінің бір тонна құрғақ массасымен топырақтан 25-30 кг N, 6-7 кг P және 15-17 кг K алынады.
Судан шөбі мен құмайдың буданы өте жоғары мал азықтық сапасымен ерекшеленеді. Олар өнімділігі, құрғақшылыққа және топырақтың сортандығына төзімділігі жағынан негізгі шөп түрлерінің сорттарынан жоғары келеді. Судан -құмай будандарын пішенге, пішендемеге, сүрлемге, көк азыққа пайдаланады. Будандарын шашақбасы түзеле бастағанда орған кезде 100кг көк балаусасында 18-20 кг а.ө., құрғақ массаында 14-16% шикі протейн болады. Дәні сүттеніп-қамырланған кезеңінде сабағында қант мөлшері 10-13%. Сол кезеңінде оны сүрлемге салып өте сапалы шырынды азық дайындалады.

2.1 Шаруашылық маңызы және таралуы

Судан шөбі біржылдық астық тұқымдас шөптердің ішіндегі аса бағалысы: келешегі зор, құрғақшылыққа төзімді және экологиялық бейімдеушілігі жақсы дамыған өсімдік.
Судан шөбінің пішенінде 16,4% протейн және 100 кг-да 48-55 а.ө. бар Қоректілігі және өнімділігі жағынан судан шөбі біржылдық астықтұқымдас шөптердің ішінде бірінші орында тұр. Судан шөбін мал азығының сапасын көтеру үшін көбінесе біржылдық бұршақ тұқымдас өсімдіктермен қосып себеді. Оған қоспа ретінде күздік және жаздық сиыр жонышқаны , егістік ноқатты , май бұршақты , ас бұршақты және мал азықтық бөрі бұршақты пайдаланады. Судан шөбі жайылымда мал тұяғына шыдамды келеді де мал жайылғаннан кейін алшыны қарқынды өсіп 25-35 күнде қайта жайылымға беріледі. Осындай қасиеттерінің арқасында судан шөбінің егістігіне республиканың солтүстік далалық аймақтарында жайылым кезеніңде 3-4 рет, оңтүстікке қарай - құрғақшылық аймақтарда 2-3 ретмал жаюға болады. Судан шөбінің егістігін вегетация кезеңінде 2-3 рет орады. Қолайлы өсу ортасында оның сабағы тәулігіне 5-10 см дейін өседі.Судан шөбінде көп мөлшерде жеңіл қорытылатын қоректік заттар кездеседі, сол себепті оны жасыл конвейерге кеңінен пайдаланады. 100 кг судан сүрлемінде 23 а.ө. 1,8 кг қорытылатын протейн бар. Судан шөбін көк азыққа жаз ортасынан бастап күзгі үсікке дейін пайдалануға болады. Көк шөбінің әр килограмында 65-80 мг каротин, пішенінің бір азықтық өлшемінде 126 г, сүрлемінде 75 г қорытылатын каротин бар. Судан шөбінің қоректік заттарының сіңімділігі өте жоғары: шөбіндегі протейннің қорытылуы 62,0%, сүрлемінде - 60,8%. Мал азығына судан шөбінің дәнің де пайдаланады. Оны әсіресе шошқалар, құстар сүйсініп жейді. Судан шөбі Россияға ХХ ғасырдың басында әкелінген. Қазақстанда соңғы 30-40 жылда судан шөбі жан-жақты зерттеліп оның мал азықтық құндылығы анықталып республиканың барлық аймақтарында мал азығына тиімді пайдалануға болатыны анықталды. Агротехниканы дұрыс қолдана білген жағдайда судан шөбінің әр гектарынан 50-100 ц дейін пішен, 250-450 ц көк балауса, 10-22 ц тұқым алынады.
Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген сорттары: Бродская 2,1954(1,2,12),Изумрудная, Кинельская 100,1985(1,6,12), Тугой,1986 (4,9,12), Саратовская 1183,1993(7,12),Джрунская1,1985(2); Коллективная 10, 1996 (3); Одесская25,1955(5,6).Чимбайская8,19 92(8); Широколистная2, 1976 (13); Шәй жүгері,судан шөбі буданы Алма -Атинский 81,1992 (3,4,8,11,13).Судан шөбінің кең тараған сорттары: Одесская 25, Бродская 2, Кинельская 100.Құмай - судан шөбі кең тараған буданды сорттары: Ростовский 3,Ростовский 54,Одесский 55 және т.б.Қазақстанда аудандастырылған сорттарының біразы ерте пісетіндер. Бродская 2 сортының тұқымы 85-115 тәулікте, пішені 48-55 тәулікте.

Судан шөбінің түрлері

2.2 Сыртқы ортаның факторларына қойылатын талаптар

Судан шөбі-жылылық сүйетін дақыл. Оның дәні тұқым сіңірілген тереңдіктегі топырақ қыртысы 7-9 ºС қызған кезде өніп-өсе бастайды. Көктеп шығуы үшін қолайлы температура 20-30 ºС. Егер температура 3-4ºС болса, онда судан шөбінің жас өскіні зақымданып, тіпті өліп қалуы мүмкін, сондықтан оны әбден қызбаған топыраққа себуге болмайды. Бір жылдық мал азығындық дақылдардың ішінде судан шөбі құрғақшылыққа ең төзімді өсімдік. Әйткенмен суармалы жерлерде өнімді жақсы береді. Осы қасиеттерінің арқасында судан шөбін жауын-шашыны кем құрғақшылық және суармалы аймақтарда өсіруге болады. Судан шөбі қара, қызыл-қоңыр, сұр топырақтарда, су жайылымысында жақсы өсіп, мол өнім береді. Тым сілтілі, сортаң, батпақтанған және тығыз топырақтар судан шөбін өсіруге жарамайды.

2.3 Өсіру технологиясы және жинау

Көктеп шыққаннан кейінгі алғашқы кезеңде судан шөбі тым баяу өседі. Мысалы, бірінші бес жапырағы пайда болу үшін 20-40 күн уақыт керек. Егер судан шөбін жақсы алғы дақылдардан кейін орналастырмаса, оны арам шөптер басып кетіп, оның өсіп-дамуына кедергі жасайды. Ауыспалы егістерде судан шөбінің ең жақсы алғы дақылдары болып күздіктер, бұршақты және отамалы дақылдар есептеледі.
Өнімділігі мол болғандықтан судан шөбі топырақтан қоректік заттарды көп шөлдерде пайдаланады. Сондықтан оның егісін тыңайту керек. Органикалық, фосфор және калий минералдық тыңайтқыштарын күзде сүдігер жыртумен бірге, ал азот минералдық тыңайтқыштарын көктемде егін себер алдында және үстеп қоректендіру ретінде берген тиімді.
Әп гектарға берілетін көңнің мөлшері 20 тонна, әсер етуші заттар бойынша азот 45-50 кг, фосфор мен калий 30-45 кг.

Судан шөбі дәнді дақылдардан кейін себілетін болса, егін жинап болысымен сыдыра жыртқыштармен 6-8 см тереңдікте өңдейді, содан кейін жерді 20-22 см тереңдікте сүдігерге жыртады. Ерте көктемде топырақ дегдісімен танапта тісті тырмалармен ылғал жабылады. Арам шөптер көгеріп шыққаннан кейін оларды жою үшін танапты культивациялайды. Топырақты екінші рет культивациялауды егін себердің алдында жүргізеді.
Себілген тұқым қара күйе ауруына ұшырамау үшін оның әр тоннасын 1-2 кг 1,8-2,3 % боялған гранозанмен дәрілейді.
Судан шөбі жылу сүйгіш өсімдік болғандықтан оны топырақ тұқым сіңіру тереңдігінде 10-12 ºС қызғанда себеді. Бұдан ерте сепсе, тұқым бөртіп топыраққа жатып қалады да әр түрлі ауруға шалдығады.

2.3.1 Тұқым себу мөлшері әртүрлі аймақтың топырақ-климат ерекшеліктеріне, судан шөбінің қандай мақсатқа арналып егілгеніне байланысты. Пішен және көк балауса алу үшін тәлімі жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқым себу мөлшері
Түбегейлі жақсартуға пайдаланылатын малазықтық біржылдық дақылдар
Сұлы дақылының агротехнологиясын зерттеу
Сұлы өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
Мал азығын өндірудің алға қойған мақсаттары және агрономиялық негіздері
Ірі азықтар
Малазықтық ауыспалы егіс дақылдарының тыңайту жүйесі
Паразитті емес арамшөптер
Жасыл азық
Бір жылдық шөптер
Пәндер