Оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен құралдары



МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4
I. Негізгі бөлім.
1.1. Ақыл.ой тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.6
1.2. Адамгершілік тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7.8
1.3. Еңбек тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.10
1.4. Эстетикалық тәрбие ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11.13
1.5. Дене тәрбиесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14.15
1.6. Құқықтық тәрбие ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16.17
II.Тәжірибелік бөлім
2.1. «Адамгершілік . рухани тәрбиенің маңызы » тақырыбында
тәрбие сағаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18.20
2.2. «Қыздарға әсемдік жарасады» тақырыбында ашық тәрбие
сағаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21.23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Қосымша 1.8 ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26.33
КІРІСПЕ
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан – жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет. Еліміздің білім жүйесін жетілдіру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясында былай деп жазылған: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады».
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, тәрбие білім берумен қатар жүретін үрдіс және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет ретінде қарастырылады. Егер оқыту тәрбие үшін “ақпараттық қорек” қыз¬метін атқарса, тәрбие оның адам игі¬лігіне жұмсалуына кепілдік береді. Осыған қарай білім беру үрдісінде тәрбие рөлінің басымдылығы жоғары екенін көруге болады. Мұның бәрі “Білім туралы” Заңда айқындалған.
Мектеп – оқушыларды тәрбиелеудің негізгі құралы. Сондықтан да ондағы оқу-тәрбие үрдісі ертеңгі Қазақстанның болашағына ықпалын тигізеді, себебі мектеп – қоғам идеясын жүзеге асырушысы.
Тәрбие дегеніміз – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатында көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық – тарихи тәжірибені беру процесі.
Мек¬теп қабырғасындағы білім алушы оқушыға рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерімен бірге, жаңа заманға сай өзінің бар мүмкіндігін пайдалы мүддеге жұмсауға дайын болатын жеке тұлға қалыптасатындай тәрбие жүйесі қажет.
Тәрбие жүйесі – педагогикалық процестерді қамтитын тәрбиелеудің педагогикалық басты қағидасы, яғни сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды тәрбиеге баулу ортасы.Білімді, адамгершілікті, ын¬ты¬мақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі жөнінде әр жылдары Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы, мемлекеттік жастар сая¬саты, Қазақстан балалары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы сияқты аса маңызды құжаттар қабылдануда.
Тәрбиенің негізгі мақсаты –жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету ( Қосымша1).
Тәрбиенің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. А.Э.Измайлов. Орта Азия. Қазақстан халықтарының халық педагогикасы. - Москва, 1991.
2. А.Көбесов. Әл-Фараби. -Алматы, 1971.
3. "Атамекен" бағдарламасы.
4. В.А.Сухомлинский. Мектептің жас директорымен сырласу. - Алматы, 1984.
5. В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. - Алматы, 1976
6. В.А.Сухомлинский. Коллективтің қүдіретті күші. - А.: Мектеп, 1979.
7. Г.Исаева. Шаңырақ шаттығы. - Алматы, 1992.
8. Ғылыми практикалық конференция материалдары. - Алматы, 1992.
9. Ел аузынан. - Алматы, 1989.
10. Еңбекке тәрбиелеу мен оқыту тұжырымдамасы. Қазақстан мұғалімі. 19 ақпан, 1993 жыл.
11. Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тәрбие жұмысында қолдану. - Алматы,1999.
12. К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.
13. Қ.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.
14. М.М.Тілеужанов. Қазақ халықтық педагогикасының кейбір мәселелері. - Орал, 1992.
15. Т.А.Ильина. Педагогика. - Алматы, 1977.
16. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы.Қазақстан мұғалімі. 5 ақпан,1993.
17. Ш.Х.Құрманалина. Педагогика. Астана, 2007.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан - жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды тәрбиелеу - басты міндет. Еліміздің білім жүйесін жетілдіру - мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан 2030 стратегиясында былай деп жазылған: Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, тәрбие білім берумен қатар жүретін үрдіс және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет ретінде қарастырылады. Егер оқыту тәрбие үшін "ақпараттық қорек" қыз - метін атқарса, тәрбие оның адам игі - лігіне жұмсалуына кепілдік береді. Осыған қарай білім беру үрдісінде тәрбие рөлінің басымдылығы жоғары екенін көруге болады. Мұның бәрі "Білім туралы" Заңда айқындалған.
Мектеп - оқушыларды тәрбиелеудің негізгі құралы. Сондықтан да ондағы оқу-тәрбие үрдісі ертеңгі Қазақстанның болашағына ықпалын тигізеді, себебі мектеп - қоғам идеясын жүзеге асырушысы.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатында көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық - тарихи тәжірибені беру процесі.
Мек - теп қабырғасындағы білім алушы оқушыға рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерімен бірге, жаңа заманға сай өзінің бар мүмкіндігін пайдалы мүддеге жұмсауға дайын болатын жеке тұлға қалыптасатындай тәрбие жүйесі қажет.
Тәрбие жүйесі - педагогикалық процестерді қамтитын тәрбиелеудің педагогикалық басты қағидасы, яғни сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды тәрбиеге баулу ортасы.Білімді, адамгершілікті, ын - ты - мақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі жөнінде әр жылдары Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы, мемлекеттік жастар сая - саты, Қазақстан балалары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы сияқты аса маңызды құжаттар қабылдануда.
Тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке адамды қалыптастыру және оның жан-жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету ( Қосымша1).
Тәрбиенің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
Білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту.
Балалар мен жастарды азаматтылыққа, отансүйгіштікке,
зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу.
Өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гумманистік дүниетанымды қалыптастыру.
Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, өз халқы мен басқа Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау.
Жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру.
Қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру( Қосымша1).
Курстық жұмыстың мақсаты: балаларды тәрбиелеу түрлерін ажырату және тәрбиенің құралдары арқылы оқушылардың тәрбиесін ұйымдастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Оқушыларға тәрбие берудің маңызын ашу;
oo Тәрбие құралдарына түсінік беру;
oo Оқушыларды тәрбие құралдары арқылы тәрбиелеудің
жолдарын анықтау.
Зерттеу объектісі: оқушыларды тәрбиелеудің маңызы мен
құралдары.
Гипотеза: тәрбиенің түрлері оқушылардың мінез құлқын, тәртібін, жеке тұлға ретінде қалыптасуына көмектеседі.
Осы орайда, жеке тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығын жетілдіру мақсатында тәрбиелеудің құралдарын ұсынғым келеді:
1. Ақыл-ой тәрбиесі
2. Адамгершілік тәрбиесі
3. Еңбек тәрбиесі
4. Эстетикалық тәрбие
5. Дене тәрбиесі
6. Құқықтық тәрбие ( Қосымша2).

I. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Ақыл-ой тәрбиесі
Ақыл-ой тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың ақыл-ой күшін, ойлауын дамыту және ақыл-ой еңбегі мәдениетін дарыту үшін мұғалімнің атқаратын мақсатты іс-қызметі. Ақыл-ой тәрбиесі білім қорының жинақталуына, оқу-танымдық операцияларды меңгеруге тікелей ықпал етеді( Қосымша2).
Ақыл-ой тәрбиесінің мазмұны - оқушылардың ақыл-ой күшін дамыту: ақыл-ойдық даму деңгейі, адамның білімді жинақтай білу қабілеті, негізгі ойлау операцияларын меңгеруі, ақыл-ой іскерлігі. Ақылдық белгілі бір даму дәрежесін ақыл-ой күштері деп атайды. Ақыл-ой күштері адамды білім қорын жасауға, негізгі ойлау операцияларын жүзеге асыруға, зиялылық біліктілікті меңгеруге қабілетті етеді. Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері де осыдан шығады.
Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:
- ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорын жинақтау;
-ақыл- ой түрлерін дамыту;
-негізгі ойлау тәсілдерін меңгеру;
-зиялылық біліктерді қалыптастыру;
-дүниетінымды қалыптастыру( Қосымша3).
Оқушы нақты оқу материалын - фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды. Білім оны қолдану саласымен, қолдану әдістемесімен байланысты. Білім қорын меңгеруде баланың мақсатқа жетуге ұмтылуы, білімді ала білуі, ақыл-ой еңбегінің мәдениеті үлкен рөл атқарады. Мұғалім ақыл-ойды және оның жеке түрлерін дамытуға міндетті.
Ақыл-ойдың түрлері: диалектикалық, логикалық, абстрактылық, категориялық, теориялық, индуктивтік, дедуктивтік, алгоритмдік, техникалық, өнімдік және репродуктивтік, жүйелілік ( Қосымша3).
Диалектикалық ойлау - құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.
Логикалық ойлау - білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріскешығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді.
Абстрактылы ойлау- адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы ұғым қалыптастыруға көмектеседі.
Категориялық ойлау - айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.
Теориялық ойлау - білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп,заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді
байланыстарды түсіну іскерлігі.
Индуктивтік ойлау - ойдық жекеден - жалпыға, фактілерден - корытындыға қарай қозғалысы.
Дедуктивтік ойлау - ойдық жалпыдан - жекеге, қорытындыдан - фактілерге қарай қозғалысы.
Алгоритмдік ойлау - нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.
Ақыл-ой тәрбиесінің ең басты құралы - оқыту.
Ақыл-ой тәрбиесін беру жолдарын Л.С.Выготский, Л .В.Занков, т.б. терең зерттеді. Л.В.Занков оқушының ақыл-ойын өсіру үшін өілімді бере берудің жеткіліксіздігін, ақыл-ой жұмысының тәсілдеріне үйрету керектігін дәлелдеді.Д.Б.Эльконин ақыл-ойды білімнің мазмұны дамытатынын дәлелдеп, оған анықтама, фактілерді енгізумен шектелмей, оқушы өзі білім алатын таным қызметін ұйымдастыру үшін сабақты мәселелі пікірталас әдісімен өткізуді ұсынды.
Ғылыми және әдеби кітаптармен жұмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жұмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар: кітап мазмұнын ұтымды пайдалану, мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу, мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру, жұмысты жоспарлау, конспектілеу, қысқаша желісін дайындау, т.б. Жұмыс барысында жинақы болу, қиыншылықты жеңу, ақыл-ой қабілетін дамыту, естің әр түрлі нысандарын пайдалану - тұлғаның өзін-өзі ұстай білуіне және жан-жақты сауаттылығына байланысты.

1.2 Адамгершілік тәрбиесі
Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз - оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі ұстаздардың арнаулы мақсат көздеген қызметі( Қосымша 4).
Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, еңсе, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті.
Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Мораль (латыншасы маралис, қазақшасы-әдет-ғұрып) - әлеуметтік шындықтың этикалық саналарын (ізгіліктілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып тағы басқа) бейнелейтін қоғамдық сананың бір түрі ( Қосымша 4).
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу( Қосымша 4).
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды.Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, "Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын" дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) .
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді.
Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі.
Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі - ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер.Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады. "Патриот" деген сөз, гректің отан деген сөзі, ең бірінші рет 1789-1793 жылдары Француз төңкерісі кезінде қолданылды. Патриот ұғымының педагогикадағы анықтамасы: адамгершілік сапа, Отанға берілуді қажетсіну, оны сүю және адалдық көрсету, оның даңқын сезіну, рухани байланысын сезіну, ар-намысын қорғау, қуаты мен тәуелсіздігіне іс жүзінде үлес қосу.
Патриотизм ұғымына енетіндер:
- адамның туған жерін сүйіп, өз халқының тілін құрметтеуі,
- елінің әлеуметтік және мәдени салаларда жеткен жетістіктеріне мақтану;
- оның ар-намысын, еркіндігі мен тәуелсіздігін қорғау;
- өткен тарихын, халқының әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін құрметтеу, Отан игілігі үшін еңбек ету.

1.3 Еңбек тәрбиесі
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп
оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.
Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту. ( Қосымша 5)
Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.
Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:
:: Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.
:: Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.
:: Мамандықты таңдауға дайындау( Қосымша 5).
Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырылған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.
Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жеткілікті дәрежеде әсер ететін болады.
Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік қалыптасып, кейін жаппай еңбек іс-әрекеті түрінде байқалады.
Еңбек тәрбиесі үшін еңбек сабағы өте маңызды, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді.Еңбек сабақтарының процесін жетілдіру, оқушылардың еңбекке шығармашылық қатынасын қалыптастырады. Оқушылар өндірістік бригада базасында, демалыс лагерьлерінде ұйымдастырылған еңбек сабақтарына қатыса жүріп, әр түрлі өсімдіктер өсіреді, тәжірибелер жасайды, кейбір мамандықтың түрлерін игереді.
Қорыта айтқанда, еңбек сабақтарының педагогикалық тиімділігі, олардың білім және тәрбие беру мәнділігінде. Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабағында шешіледі. Яғни, оқушылар бастауыш сыныптан бастап еңбек сабағында алған тәжірибелерін, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек еткен кезде пайдаланады.
Балалар өзіне-өзі қызмет көрсете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудық тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, өзімнің адамгершілік борышым деп есептеп, үлкендер еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлерін атауға болады:
:: халық қоныс тепкен жерлерді, көшелерді, тротуарларды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау;
:: мәдени-ағарту жұмысы оқушыларды белсенділікке, қоғамшылдыққа тәрбиелеп, олардың әлеуметтік ортамен қарым-қатынасын кеңейтеді;
:: шефтік жұмыс - адамгершілікке тәрбиелеудің ең жоғары формасы. Ол баланы қамқорлыққа, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Мектеп өміріндегі пайдаланып жүрген шефтік жұмыстарға Отан соғысы және еңбек мүгедектеріне, кері адамдарға, көп балалы аналарға, мәдени мұраларды қорғауы жатады.
Өнімді еңбек арқылы адам баласы өзіне және қоғамға қажетті материалдық құндылықты жасайды.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер", "Жас техниктер", "Жас тәрбиешілер" сияқты үйірмелер оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына көмектеседі.
Әрбір оқушының үйірме сабақтарында шығармашылық қатынасы байқалады, әдебиеттерімен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білуге де үйретеді.Оқушының қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады.

1.4 Эстетикалық тәрбие
Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастырады.
Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор рөл атқарады. Әсемдікті көріп, түсініп, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсіне білуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарастары мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.
Ең бастысы - адамгершілік сезімді, жеке бастың рухани деңгейін көтеру, мінез-құлқын толықтыру, түзету. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, іс-әрекетінің әдемілігін, қажеттілігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, адамгершілік қасиеттерінің жоғары жетіле бастағанын көрсетеді.
Эстетикалық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту ( Қосымша 6).
Оның негізгі компонентері:
Эстетикалық қабылдау.
Эстетикалық сезім.
Эстетикалық талғам.
Эстетикалық қабылдау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады.
Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.
Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нәрсесі.
Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудың маңызды құралы болып табылады.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады .
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
:: Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.
:: Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
:: Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу.
:: Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу.
Эстетикалық тәрбие беру жүйесінде ұлттық өнердің орны ерекше:
:: Лирикалық, үйелмендік, тұрмыстық, әдет-ғұрыптың, еңбектік және т.б. әндер мен өлеңдер.
:: Музыкалық аспаптар: домбыра, шертер, асатаяқ, шаңқобыз, мүйіз сырнай, жетіген, үскірік, т.б.
:: Қолданбалы қолөнер бұйымдары: ағаш, тері, металл өңдеу өнері.
:: Ауыз әдебиеті( Қосымша 6).
Олар жас ұрпақтың бос уақытында эстетикалық тәрбие беру ісіне қызмет етті.
Эстетикалық білімнің негізі - оқу пәндері. Мектеп оқушылары әр түрлі пәндерді оқудың нәтижесінде табиғаттың, еңбектің сұлулығын және адам іс-әрекетінің әдемілігін бағалай білуді түсінеді.
Ана тілі - мәдениетті сөйлеу, көркемдік танымын қалыптастырып, қиялын дамытады.
Музыка - сезімдерін дамытып, музыкалық мұратын қалыптастырады.
География - оқушылардың эстетикалық дүниетінымын дамытады.
Бейнелеу өнері - кескіндеме, мүсін, графика, әсемдікті жасау қабілетін дамытады.
Әдебиет,тарих-шығармашылық қабілетін дамытады.
Химия,физика - табиғи құбылыстар жөнінде түсінік алады.
Музыка сабақтары өте әсерлі сезімдерді оятып, музыка мұраттарын қалыптастырып, бала тәртібіне ықпал етеді. Музыканы тыңдау, ән салу балалар үшін өнегелік-әсемдік мәні бар, себебі көтеріңкі көңіл, ержүректік сезімдерден ортаң әсер алу оларды рухани өрлеу үстінде біріктіреді және топтастырады. Сондықтан саналы тәртіп пен мінез-құлыктықты тәрбиелеу үшін музыка пәні бағдарламасында халық әндерін игеруге үлкен мән берілген.
Бейнелеу өнері сабақтарының да балалардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеуде ықпалы мол. Кескіндеме, мүсін, сызықтық суреттер, сәулет өнерлері құралдарымен өмір, табиғат және қоғам әсемдігі өрнектеледі. Бейнелеу әсемдікті түсіну мен нәзіктікті сезіну, алған әсерін бейнелеу өнері құралдары арқылы шамасына сай беру, сызықтың сурет салуын меңгеру арқылы олардың өзіндік іс-әрекеті қалыптаса бастайды.
Күнделікті өмірдегі адамның жеке басының эстетикасы:
Қатынас эстетикасы. Мектепте оқушылардың ата-аналармен, мұғалімдер мен басқа адамдармен қарым-қатынас жасауы эстетикалық тәрбиенің іргетасы. Мұндай қатынас балалардың күнделікті өмірінде, іс-әрекетінде қалыптасып, эстетикалық сезіміне үнемі әсер етеді.
Үй-жағдай эстетикасы. Әрбір үйелмен өз үйіне жайлы жағдай жасауға тырысады. Дүние мүліктеріңіз орнында әдемі, ыңғайлы тұруын ойластырады. Балаларды үй ішінде өзінің жеке заттарын, нерселерін ретке келтіріп ұстауға, күтуге, үйді жинауға, тазалық сақтауға үйретеді. Осы жұмыстардың бәріне балаларды қатыстыру - әке-шешенің басты міндеті.
Киім-кешек эстетикасы. Адамның сыртқы көрінісі, киімі, жүріс-тұрысы оның эстетикалық мәніне байланысты. Киім эстстикасы, қазіргі өмір талабына сәйкес болуын талап етеді: Киім-кешек эстетикасында сұлулықтықтың өлшемін есепке алуы керек. Манера, жест (дене қимылы) - бұл әрбір адамның өзін ұстай білу үлгісі және дене қимыл жөніндегі ұғымды білдіреді. Адамның сыртқы мәдениетімен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы -- эстетикалық сұлулықтың белгісі.
Мінез-құлық эстетикасы - оқушылардың өзге адамдармен қарым-қатынасы және өмір сүріп отырған қоғамдағы іс-әрекет қылығын айтамыз. Мінез-құлықты дербес ғылым -- этика зерттейді, сонымен қатар оны эстетикада қарастырады.
Сыпайылық - ішкі мәдениеттің сыртқа шығуы. Ол ұстамды болудан, өзіне-өзі шек қоя білуден, шыдамдылықтан, өзгелердің, билігі мен талғамын құрметтей білуден көрінеді.
Әдептілік - көпшілік арасында өзіңді ұстай білетініңді дәлелдейтін, шартты түрде қабылданған мінез-құлық қағидалары.
Байыптылық - байқампаздықпен, сергектікпен, өз шамасынан, өзгелердің де өлшем шамасынан шыға білуге негізделген, мінез-құлықтағы сезім-түйсігі, өзін өзгелердің орнына қоя білу қабілеті

1.5 Дене тәрбиесі
Оқушылар дене-бітімінің дұрыс дамуы, денсаулығының нығаюы, жұмыс қабілетінің артуы сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына қарсы тұруға ықпал етеді ( Қосымша7). Жақсы денсаулық -адамның еңбек және қоғамның іс-әрекетке жемісті қатысуының маңызды кепілі. Оқушылардың денсаулығына қамқорлық жасауға біздің қоғамымыз мейлінше мүдделі. Сабақтарда, сабақтан тыс уақытта, спорт секцияларында дене тәрбиесін күн сайын ұйымдастырып, қолайлы жағдайлар жасау қажет.
Дене тәрбиесі саласында ырғақ, жеке гигиена, дене шынықтыру мәдениеті, туризм, спорт ерекше орын алады.
Дене тәрбиесі ең басты күн тәртібін, яғни, еңбек, демалыс, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі
Естімейтін және нашар еститін балаларды тәрбиелеудегі ерекшеліктері
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері туралы
Естімейтін және нашар еститін балалардың тәрбие жұмыстарының ерекшеліктері
Сабақта оқушылардың отансүйгіштік сезімін, түсінігін қалыптастыру
Мінез-құлық мәдениеті
Мектепте халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу үрдісі
Тәрбие құралдарына түсінік беру
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
Еңбек тәрбиесінің мақсат-міндеттері және оның оқушы тұлғасының дамуына ықпалы
Пәндер