Депозиттің теориялық негізі



ЖОСПАР

Кіріспе
1 . бөлім. Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері

2 . бөлім. Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.

3. бөлім. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және даму жолдары.
3.1. Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын талдау
3.2. АҚ «Халық Банкінің » депозиттік операциялары
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» депозит операцияларын дамыту жолдары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді «коммерциялық банктер» деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. «Банк» сөзі итальянша «banco» cөзінен шыға отырып, «айырбас үстелі» деген ұғымды білдіреді. Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) – бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып, қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері жинақтаулар болып табылады. Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау формаларының бірі.
Депозиттік операциялардың әрекет ету механизмінде депозиттік нарықтың субъектілері ретінде банктер ерекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы банктердің дәстүрлі қызметі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. «Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы» Заңы. №2444 31.08.95жылғы (07.07.06 толықтырулар мен озгертулер енгізілген);
2. «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Заң күші бар жарлығы1995 жылғы 31 тамыздағы. (соңғы өзгерістер мен толықтыруларды есепке алғандағы).
3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің» нормативтік актілері. 21. 1998ж. №242.
4. «Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы» Заңы 13.12.1997ж.
5. Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы №237 - 1 «Төлем және ақша аудару туралы» Заңы (толықтырулар, өзгерістерді қоса).
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің статистикалық бюллетені 2005ж.
7. Ақпеисов Б. Вклады населения и их защита // Банки Казахстана №9 2000ж
8. Алдабергенова А. С. Депозиты как показатель доверия банковской системы // Экономическое Обзрение НБ РК №2 2001ж
9. Алимухамбетов Н.Е. Как защищены средства вкладчиков и кто несет ответственность за их сохранность // Банк №6 2000ж
10. Ауезов О. Когда деньги работают //ДН №23 2000ж
11. Банки и банкоское дело / Под ред. Балабанова. Алматы 2001ж
12. Банковские операции . оқу құралы под ред. Лаврушина О.И. 1995ж
13. Делан Э.Дж. Кэмпбелл Р.Дж. «Деньги банковское дело и денежно – кредитная политика» литература 1991ж
14.Жакыпова Ф.П. Некоторые аспекты депозитной политики казахстанских банков //Вестник КазГУ №2 2000ж.
15. Жакыпова Ф.П. Развитие депозитного рынка в Республике Казахстан: Основные тенденции и перспиктивы// Вестник КазГУ №2 2001ж
16. Интернет – сайт ОАО «Народный Банк Казахстана»// www .hsbk .rz.
17. Исанова А.У. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Социально – экономические процессы в современном Казахстане в контексте реформ: материалы межвузовской студенческой коференции «Жас – Туран – 2000» Алматы 2000ж
18. Ильясов К.К. Финансово – кредитные проблемы развития экономики Казахстана//под ред. – Алматы: Білім 1995ж
19. Куанова Г.А. Депозиты в банковской системе Казахстана.//Саясат №6 2004ж
20. Куанова Г.А. Теоретические основы развития депозитного рынка// Евразийское сообщество №3 2001ж
21. Кудайбергенова Л.Ж. Формирование и развитие депозитного рынка в Республике Казахстан//Экономические реформы: особенности переходного периода: сборник научных трудов Алматы 1999ж
22. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» оқу құралы, Алматы. 2001ж.
23. Лим А. Депозит – капитал, приносящий доход// Финансы Казахстана №11 2000ж
24. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие.» оқу құралы. Алматы. 2004ж.
25.Мақыш С.Б. «Коммерциялық банктер операциялары» оқу құралы, Алматы. 2004ж.
26. Мамыров К.Н. Депозиттік нарық және оның даму ерекшеліктері// «Экономическая наука в Казахстане:проблемы ипути реформирования» уч.пособие Алматы 2003ж
27. Көшенова Б.А. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» оқу құралы, Алматы. 2001ж.
28. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, несие, банктер» оқу құралы, Алматы Экономика 2005ж.
29. Сағиев М.С. «Ақша несие банктер» оқу құралы Алматы экономика және статистика институты 2002 ж
30. «Саясат» журнал №11 2006ж.
31. Сухов П.А. Некоторые аспекты устойчивости банковской системы//журнал Деньги и Кредит №5-6 2005ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
1 – бөлім. Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні
1.2. Коммерциялық банктердің депозиттік саясаты.
1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері

2 – бөлім. Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.

3- бөлім. Қазақстан Республикасындағы депозиттердің ұйымдастырылуы және
даму жолдары.
3.1. Қазақстан Республикасындағы депозиттік операциялардың
ұйымдастырылуын талдау
3.2. АҚ Халық Банкінің депозиттік операциялары
3.3 АҚ Қазақстан Халық Банкінің депозит операцияларын дамыту жолдары.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Алғашқы банктер тек қана саудаға қызмет еткендіктен, олардың
клиенттері саудагерлер болып табылады. Сондықтан да, бұл банктерді
коммерциялық банктер деп атап кеткен. Банк ісінің пайда болуы Италиядағы
орта ғасырлық айырбастаушылар қызметінен басталады. Банк сөзі итальянша
banco cөзінен шыға отырып, айырбас үстелі деген ұғымды білдіреді.
Банктердің алғашқы клиенттері ақша сауда қызмет өкілдері болған.
Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді) –
бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық
банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы. Сонымен
қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей
сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы,
зейнетақы активтерінің нарығы, қор нарығы, валюта нарығы және депозиттік
нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып,
қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуының арқасында
сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.

Депозиттік нарықтың даму үрдісінде депозиттердің қалыптасуына түрткі
әрі себеп болған жинақтаулар ерекше рөлге ие болып табылады. Жинақтаулардың
экономикалық категориялар ретіндегі мәні қайта бөлу функциясы арқылы жүзеге
асады. Соның арқасында ақша қаражаттарының банктік жүйеде шығарылуы және
олардың жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы ары
қарайғы пайдаланылуы жүзеге асады. Салымдардың кез келген түрлері
жинақтаулар болып табылады. Депозиттік – бұл осы жинақтауларды сақтау
формаларының бірі.
Депозиттік операциялардың әрекет ету механизмінде депозиттік
нарықтың субъектілері ретінде банктер ерекше рөлге ие. Ақшалай табыстар мен
тұрғындар жинақтауларының аккумуляциясы банктердің дәстүрлі қызметі.
Банктер уақытша бос, пайдаланылмайтынақшалай табыстар мен тұрғындардың
жинақтауларын, салымдарды сақтау тұрғындар үшін де, мемлекет үшін де
тиімді. Салымшыларға пайыз немесе ұтыстар түріндегі табыс төленеді.
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды
және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік
шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, жасанды депозиттер, яғни банк
клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік
жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады.Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары түрінде
немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын
қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын
басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты
операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің
өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және
депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл
банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Диплом жұмысына осы тақырыпты таңдап алудағы мақсатым
- Депозиттік операциялардың нысандарымен жан – жақты танысу;
- Өз көзқарасым тұрғысынан депозиттік операциялардың бүгінгі мен
ертеңін дәлелдеу;
- Жұмыс қорытындысы бойынша белгілі бір пікір жасау;
Жұмыс орындарындағы міндеті мынадай
- Депозиттік операциялардың бағыты мен маңыздылығын көрсету;
- Қазақстан Республикасында депозиттік операциялардың нысандарын жүзеге
асыруға талдау жасау;
Тақырып өткірлігі болып депозиттік операциялардың қазіргі нарық
экономика кезеңіндегі банктік ресурстар қалыптасу көзі болып табылады.
Депозиттік операциялардың қазіргі жүйесі нарықтық қатынастарды
қалыптастыру өндіріс тиімділігін арттыруға, егеменді ел – Қазақстан
Республикасының экономикасымен қаржысын нығайтуға, айналымдағы ақша
массасының негізсіз өнімді қысқартуға, инфляциялық үрдістерді тоқтатып
ұлттық валюта – теңгенің нығаюына негізделген. Сондықтан диплом жұмыс
тақырыбы өзекті болып табылады.
Әдістемелік негіз ретінде Қазақстан Республикасының Президнтінің
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы және Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік заң актілері мен ережелері,
отандық және шет ел экономикалық әдебиеттер қолданылды.
Дипломдық жұмыс құрылымы: Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан,
қосымшалардан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

1 – бөлім. Депозиттің теориялық негізі
1.1. Депозиттің экономикалық маңызы мен мәні

Коммерциялық кәсіпорын түріндегі басты бір ерекшелігі, оның
ресурстарының едәуір бөлігі меншікті қаражаттармен қатар, тартылған
қаражаттар құрайды. Сондықтан да банктің беретін несиелер көлемі тартылған
қаражаттарға тікелей байланысты болып келеді. Банкте тартылған қаражаттар
құрамына қарай әр түрлі болып келеді. Олардың басты түріне банктің
клиенттерімен жұмыс процесі кезінде тартылған, сол сияқты басқа да несиелік
мекемелерден қарызға қаражаттары жатады.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Сырттан тартылған қаражаттар үлкен екі топқа бөлінеді:
(1 сызба)
1. Депозиттік қаражаттар.
2. Депозиттік емес қаражаттар

Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттары

Депозиттік
Депозиттік емес
қаражаттар қаражаттар

Мерзімді Орталық банк
несиесі
депозиттер

Талап етуге Басқа банктерден
алған
дейінгі
депозиттер

Жинақ салымдары

1 – сызба. Банктің тартылған қаражаттар құрылымы.

Депозит (латын сөзінде depositium сақтауға берілген затты білдіреді)
– бұл бір тұлғаның (депозиттердің) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде
Ұлттық банкке) қайтарылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы.
Сонымен қатар депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың)
банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік операциялар – банктің негізгі пассивтік операцияларын
құрайды. Шын мәнісінде депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік
ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын
ашады.
Депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың
қаражаттарын белгілі – бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға
тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.
Кеңес экономистері депозиттерге мерзімді салымдарға орналастырылған
қаражаттарды жатқызады. Бұл әлемдік банктік тәжірибеге сәйкес келмейді.
Қазақстан Республикасының банктік секторындағы реформалар жалпы
мемлекеттік экономикалық шаралармен қатар жүзеге асырылып келеді.
Жүргізіліп отырған банктік реформалардың басты бағыттарының бірі – уақытша
бос қаражаттарын тарту және инвестициялаудың ішкі көздерін қалыптастыруға
бағытталған депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы болып табылады. [21.15-
14б]
Кез келген ел экономикасының дамуы жинақтаулардың инвестицияларға
өту тиімділігімен тығыз байланысты. Республиканың ішкі жинақтауларын тарту
қажеттілігі, ең алдымен, инвестициялық ресурстар тапшылығы және тікелей
шетелдік инвестициялар үлес салмағының ұлғаю мәселесімен белгіленеді.
Осыған байланысты, нарыққа өту жағдайында ұлттық ақша ресурстардың
мобилизациясы, тұрғындар жинақтауларының банк жүйесіндегі несиелік
ресурстарға құйылуына әрекеттесетін депозиттік нарықтың қалыптасуы мен
дамуы мәселесі ерекше өзектілікке ие болып отыр.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында қаржы нарығының келесідей
сегменттері дамудың қарқынды үрдісінде: мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы;
зейнетақы активтерінің нарығы; қор нарығы; валюта нарығы және депозиттік
нарық. Депозиттік нарық ең ерте дамыған нарықтардың бірі бола отырып,
қазіргі кезеңде төмен тәуекелмен салымдардың сенімді орналасуы арқасында
сомалық жинақтауларда үлкен үлес салмақ пен қарқынды даму тенденциясына ие.
Тұрғындар өзге қаржы нарығының сегменттеріне жинақтаулар салу тәжірибесінің
жоқтығы бұл сегменттердің жеткіліксіз дәрежеде дамымауына әкеліп соқтырады.
Халықаралық банктік тәжірибеде депозиттер 4 топқа бөлінеді:
I – топ, мерзімді депозиттер, олардың басқа да түрлері – депозиттік
сертификаттар ;
II – топ, талап етуге дейінгі депозиттер;
III – топ; халықтың жинақ салымдары;
Мерзімдік депозиттер тобы, әдетте мерзімдеріне қарай жіктеледі:
- 3 – ай мерзімге дейінгі депозиттер;
- 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімдегі депозиттер;
- 9 – айдан бір жылға дейінгі депозиттер;
- Бір жылдан жоғарғы уақыттағы депозиттер;
- Депозиттік сертификаттар
Депозиттер екі жолмен пайда болуы мүмкін, біріншісі, банк заңды
және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар қабылдай отырып, оны депозиттік
шотына орналастырған жағдайда; екіншісі, жасанды депозиттер, яғни банк
клиентке чек арқылы есеп – айырысуы мүмкіндігін беру барысында.
Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай – ақ ескі банктік
жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады. [23. 24-38б]
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден – бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары
түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен тарататын
қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық
банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді.
Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын
басқа корреспондент-банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты
операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің
өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос
ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен
байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер
пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың
негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың депозиттердің және
депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл
банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер
топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша
бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай – ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге
болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің, активтік операциялары бойынша Жеңілдіктер алуына қарай;
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелерінің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы
талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын
алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік акционерлік кәсіпорындардың, сондай – ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырусыдағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе
біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі
шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар
жасайды.
Депозиттер

Транзакциялық Талап еткенге Жинақ және
шоттар дейінгі салымдар мерзімді салымдар

Куәләндыратын
чектер
Жинақтық салымдар Мерзімді салымдар
Нау шоттары
және басқа
да шоттар

Кәдімгі жинақ Ақша нарығының депозиттік шоты
салымдар

2 – блок Ресурстардың сомалары,
депозиттік кезеңдері, клиенттер топтары
ресурстарды бойынша жіктеу
басқару блогі



3 – блок тәуекелді Депозиттік операциялар бойынша
басқару блогі тәуекелдерді бағалау әдістері


4 – блок сақтандыру Депозиттерді сақтандыру
блогі (ұжымдық, өз еркінше, аралас)



5 – блок тартылған Банктің депозиттік портфелінің
қаражаттарды тиімділігін талдау
құрылымдық талдау
блогі



1.3 – сызба. Банктің депозиттік портфелін басқарудың блок – схемасы

Клиенттердің депозиттері бойынша сыйақы пайыздық ставкасының мөлшерін
банктер келесі факторларды басшылыққа алады:
- қаржы нарығының конъюктурасын;
- депозиттер нарығындағы пайыздық ставкалар деңгейін;
- банкаралық ресурстардың құнын;
- мемлекеттік бағалы қағаздардың табыстылық деңгейін;
- инфляция деңгейін;
- қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерін;
- депозиттердің құрылымын;халықтың табысының өсу қарқынын.
Сонымен, банк басқармасының алдында депозит бойынша пайыздық
ставканы барынша нақты анықтау мен баға белгілеу әдісін таңдауда күрделі
проблема туады. Баға белгілеу бұл маркетингтік қызметтің құрамдас бөлігі.
Банк басқармасы банктік тәжірибеде бар пайыздық ставканы анықтаудың әр
түрлі әдістерін қолдана алады. Олардың негізгілері мыналар:
Шығындарды анықтауға негізделген әдістер:
1. “Шығындар+пайда” әдісі. “Ш+п” әдісі бойынша баға белгілеу депозиттер
бойынша қызметтердің әр түрінің құнының есептеудің қажет етеді. Мұны қалай
істеуге болады? Кең түрде қолданылатын әдістердің біреуі – банктің
шығындарын бағалау негізінде депозиттің бағасын калькуляциялау болып
табылады. Банкке мына келесі мәселелерді шешуі қажет:
а) банктің қаражаттарының әр қайнар көзі бойынша үстеме шығындардың
ставкасын есептеу;
ә) үстеме шығындардың әр ставкасын әр көзінен түсетін банк қаражаттарының
салыстырмалы шамасына көбейту;
б) банктің қаражаттардың орташа салмақтығын құнын анықтау үшін барлық
алынған шамаларды қосу;
2. Депозиттерге пайыздық ставкаларды шекті шығындар бойынша белгілеу.
Көптеген қаржы сарапшылары пайыздық ставкаларды белгілеу бойынша өздерінің
әртүрлі ой-пікірлерін ортаға салады. Бұл депозиттердің бағасын анықтау үшін
орташа салмақтанған құнды анықтау емес, шекті шығындарды анықтау, яғни
қаражаттарды тартумен байланысты қосымша шығындарды қолдану жөндеп
түсінеді. Себебі, пайыздық ставкалардың жиі өзгерулері орташа шығындардың
сомасын депозиттерге баға белгілеу үшін сенімсіз және нақты базасы етпейді.
Мысалы, егер пайыздық ставкалар төмендесе, жаңа ақшалай қаражаттарды
тартудың қосымша (шекті) шығындардан төмендеуі мүмкін.
Орташа шығындармен салыстырғанда пайдасыз болып көрінетін кейбір несиелер
мен инвестициялар бүгінгі күні жаңа несиелер мен инвестицияларды ұсыну үшін
жүзеге асыру қажетті проценттерді төлеуге кететін ең төмен шекті
шығындардың бағалағанда ең пайдалы болып көрінеді. Және керісінше, егер
проценттік ставкалар өссе, бүгін жаңа ақшалай қаражаттарды шекті құны
қаражаттардың орташа құнынан едәуір асып кетуі мүмкін. Егер басқарма жаңа
қарыздарды орташа шығындар негізінде есептесе, олар бүгінгі күні нарықтағы
жаңа қаражаттарды алудың ең жоғарғы шекті шығындарын пайдаланумен
бағалағанда пайдасыз болып қалуы мүмкін. Депозиттерге белгіленетін пайыздық
ставкаларға қатысты сұраққа жауап беру үшін бізге ең құрғанда 2 негізгі
бапты білуіміз қажет: депозиттік ставкалардың бір деңгейінен екіншісіне өту
барысындағы шығындарын және банк алған қосымша қаражаттардың салыстырмалы
шамасы ретіндегі шекті шығындардың нормасын. Егер бізге шекті шығындардың
нормасы белгілі болса, біз онда банктің жаңа салымдардың қаражаттарды
инвестициялаудан күтілетін қосымша кірістермен салыстыра аламыз.
Шекті шығындар әдісі бойынша баға белгілеуді басқарушы банктерге
салымдарға белгіленген проценттік ставкалар туралы ғана емес, депозиттердің
өсуінің қосымша шығындары қосымша табыстар мен жиынтық пайданың төмендеуіне
әкелгенге дейін банк өз депозиттерінің базасын қай мерзімге дейін ұлғайта
алатыны туралы бағалы ақпараттарды ұсынады. Пайда төмендей бастаған кезде
басқарма төмен шекті шығындары бар қаражаттардың жаңа көздерін іздеуі
немесе үлкен шекті табысын беретін жаңа қарыздар мен инвестицияларды жүзеге
асыруы қажет немесе соны да, басқасын да жасауы керек. [22.24-28б]
Нарыққа өтудің қаматамасыз ету үшін депозиттер бойынша пайызды
орнату. Банктің пайдасы мен шығының шамаларын есепке алмауға мүмкіндік
беретін баға белгілеу әдісінің біреуі – бұл нарыққа өтудің қамтамасыз ету
үшін депозиттер бойынша пайыздарды белгілеу. Мұның идеясы мынада: жаңа
клиенттерді неғұрлым көбірек тарту үшін комиссиондық алымдардың төмен
тарифтерін орнату және жоғары пайыздық ставкаларды ұсыну. Басқарма мұнда
салымдардың үлкен көлем және банктік несиелердіңең көп көлемі пайданың
төмендеуінің орнын толтыратынына сенеді. Нарыққа өту әдісі бойынша баға
белгілеуі- банктік нарықтың олардың көп бөлігін жаулап алуға үміт ететін
нарықтардың тез өсуі кезіндегі болатын стратегиясы болып табылады

1.3 Қазақстан Республикасындағы салымдарды сақтандыру мәселелері

Қазақстандық салымшылардың коммерциялық банктерге сеніп тапсырған
салымдарын қорғау проблемасы халық салымдарының жинақ банктерде құлдырауы
мен жекелеген қаржылық құрылымдардың тоқырауы және қазіргі уақыттағы кейбір
банктердің тиімділігінің болмау нәтижесінде туындап отыр. Қазіргі
коммерциялық банктердің клиенттік құрылымында жекелеген тұлғалардың
салымшылар саны өсуде, халықтың салымдарының мөлшерлері көбеюде және осыған
байланысты депозиттерді қорғауды жетілдіру қажеттігі де туындады. Ұлттық
банктің тарапынан жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендіру және сақтандыру
қоры бойынша жүйенің тиімді жұмыс атқаруына бағытталған шаралар
жүргізілуде. Бірақ аталған жүйенің дамымаған жерлері мен аяқталмаған
тұстары бар және жетілдіру үшін біздің шаруашылығымызда шетелдік тәжірибені
ескеруіміз керек. Көптеген елдерде салымдарды сақтандыру мен
кепілдендірудің көптеген жүйелері қызмет атқарады, олардың тәжірибесін біз
өз еліміздегі осы тектес жүйені жетілдіруге пайдалануымыз керек.
Банктердің қалыпты жұмыс істеуіне ең керекті жағдай - олардың өміртіршілігі
қолдайтын сәйкес жүйенің болуы. Осындай жүйелер дамыған елдердің
көпшілігінде бар және ол өзара байланысты екі қызмет атқарады: біріншіден,
төлем қабілетсіздігі шегіне жеткенде экстремалды жағдайларда банктерге
қаржылық көмек көрсетеді, яғни екіншіден, депозиттер бөлімі бойынша
сақтандыру төлемдері арқылы олардың салымдарын сақтандырады. Әр елде
коммерциялық банктердегі салымдарды қорғаудың әр түрлі механизмдері бар.
Қордың құрылтайшысы Ұлттық банк болып табылады. Қордың акцияларын ҚР
үкіметі және қатысушы банктер сатып алуы мүмкін. Қордың жарғылық капиталы 1
млрд. теңгені құрайды. Қордың атқарушы органы- басқарма болып табылады.
Басқарма тоғыз адамнан тұрады. Қор басқармасы құрамына Қордың төрағасы мен
Ұлттық банктің екі өкілі, қатысушы банктердің төрт өкілі және Қазақстан
Қаржыгерлер ассоциациясының бір өкілі кіреді. Қор басқармасының төрағасы
Ұлттық банктің ұсыныумен басқарма мүшелері арасынан сайланады.
Қордың банктік шоттары тек Ұлттық банкте ашылады. Қордың ақшаларын
орналастыру төмендегідей:
1) Қор активтерінің 80 пайыздан кем емес мөлшерінде мемлекеттік бағалы
қағаздар;
2) Ұлттық бнктегі салымдарға 10%-тен астам (депозиттерге)
Қор мына негізгі қызметтерді атқарады:
- қатысушы-банктің еріксіз таратылуы жағдайында оның салымшыларына
(депозиторларға) салымдары (депозиттері) бойынша ережемен
анықталған көлемі мен тәртіптер өтемақы төлейді:
- активтерді басқаратын;
- қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді;
- қор жарғысында қарастырылған және қазіргі ережелерге, сондай-ақ
Ұлттық банктің басқа да құқықтық-нормативтік актілерінде
қарастырылған басқа қызметтердіде атқарады.
Қор қызметтерін атқаруда мынадай құқықтарды иеленеді:
- Ұлттық банкпен ақпарат алмасу және жеке тұлғалардың, қатысушы-
банктердің банктік құпияны құрайтын ақпараттардан басқа салымдардың
(депозиттердің), міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру)
объектісі болып табылатын салымдардың (депозиттердің) жалпы сомасы
мен қаржылық жағдайы туралы мәліметтер алып отыруға; [7.20-26б]
- Ұлттық Банкке қатысушы банктердің қазіргі ережелер мен банктік
заңдама талаптарын бұзу фактілері туралы хабардар етуге;
- Қазіргі ережелер мен бекітілген тәртіп бойынша қатысушы-ьанкті жеке
тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымдық кепілдендіру
(сақтандыру) жүйесінен шығарып, қатысушы куәлігін қайтып алуға;
- салымшылардан (депозиттарлық) еріксіз таратылатын қатысушы
банктерден салымдар бойынша төленетін өтемақы мөлшеріндегі құқықтар
мен талап ету кезектерін сатып алуға;
- салымшыдан берілген банктің салымшыларға қормен өтемақы мөлшерінде
еріксіз таратылатын қатысушы банктерден талаптарды қанағаттандыруды
талап етуге;
- қатысушы банкті тарату комиссиясының құрамына өз өкілін енгізуге;
- өз құзыретінің шегінде басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Өз қызметтерін жүзеге асыру барысында қор:
1. еріксіз таратылатын қатысушы банктерге регрестік талап қою құқығын
иеленеді;
2. Ұлттық банкке өзінің қызметі жайлы қаржылық есеп беру, соның ішінде
Ұлттық банк анықтаған тәртіпте, формада, мерзімде аудиторлық ұйым растаған
жылдық есепті береді.
Қор басқармасының өкілеттілігі:
1. Банктерде жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру
жүйесіне енгізу туралы шешім қабылдау.
2. Қазіргі ережелерге сәйкес қорға міндетті күнтізбелік және басқа да
жарналардың қатысушы банктермен мөлшерлемесін салу мерзімдерін бекітеді.
3. Банк қатысушы-банктерді инспекторлық тексеруден өткізу немесе оларға
шектелген ықпал ету шаралары мен санкцияларды қолданады, банктік жарнамада
қарастырылғандай депозитті қабылдауға, ашуға және жеке тұлғалардың банктік
шоттарын жүргізіге берілген лицензиялардың күшін жою немесе қызметін
тоқтату туралы Ұлттық банкке өтініш беруге шешім қабылдайды.
4. Қатысушы-банкті жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық
кепілдендіру жүйесінен шығару туралы шешім қабылдау.
5. Қор активтерін Ұлттық банкке келісім бойынша сенімдік басқаруға беру
туралы шешім қабылдайды.
6. Еріксіз таратылатын қатысушы-банктердің салымдар бойынша өтемақысын
төлеу туралы шешім қабылдайды.
7. Агент-банкті иаңдайды.
8. Қор басқармасының төрағасын сайлау және Қордың лауазымды тұлғаларын
тағайындау.
9. Қордың жыл сайынғы кірістер мен шығыстар сметасын бекітеді.
10. Қазіргі ережелерге сәйкес басқа да өкілеттіліктер.
Қордың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері өз қызметтерінжүзеге
асыру барысында қатысушы-банктердің қызметі туралы белгілі болған
ақпараттардың барлығын тек қызмет бабында ғана пайдалануға және
құпиялылығын сақтауға міндетті.
Қатысу банктердің міндеттері:
1) Уақтылы және толық көлемде міндетті күнтізбелік және басқа да жарналарды
Қор басқармасының шешіміне сай төлеп отыру.
2) Мәліметтерді уақытында және толықкөлемде Қорға ұсынып отыру.
3) Еріксіз таратылған қатысушы-банк туралы сот шешімі күшіне енген күннен
бастап салымшы алдындағы міндеттеменің орындалуы жайында қорды дереу
хабардар ету.
4) Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінің
объектісі болып табылатын салымдар бойынша банктік салымдарды келісім шарт
бойынша енгізу, салымдар бойынша өтемақы төлеу, соның ішінде валюталық
өтемақы, салымшыдан Қорға өтемдер мен қатысушы-банктің салымдары туралы
ақпаратты еріксіз таратылу жағдайында беруге талап ету құқын көшу.
5) Клиенттеріне өзінің жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық
кепілдендіру жүйесіне қатысатындығын қатысушы-банктің берілген күні мен
нөмері көрсетілген куәлігін көрсету, сондай-ақ жазбаша хабарлаудың
көмегімен клиенттер сұрақтарына жазбашажәне ауызша жауаптарында салымдар
бойынша өтемдер төлеу шартын хабарлау.
6) Салымшылар алдындағы міндеттемелердің уақтылы және толық орындалмауын
туғызатын жағдайлар жайында Қорды дереу хабардар ету.
7) Қорға еріксіз таратылу жағдайындағы қатысу-банктердің жеке тұлғалардың
салымдарға ақша қабылдауын дәлелдейтін мәліметтер мен банк растаған
құжаттардың көшірмесі, яғни Қор басқармасы бекітетін жеке тұлғалардың
нысандары бойынша салымдарының міндетті ұжымдық кепілдендіру объектісі
болып табылатынын дәлелдейтін құжаттар ұсыну.
8) Қазіргі режелерге сәйкес басқа да талаптарды орындау.
Қатысушы банк қазіргі ережелер мен талаптарды орындамаған жағдайда Ұлттық
банк оларға банктік заңнамада қарастырылған шектеулі ықпал ету шаралары мен
санкциялар қолдануға құқылы.
Банктер өтініш пен құжаттарды бергеннен кейін міндетті күнтізбелік жарнасын
төлегені туралы қазіргі ережелердің қосымшыларына сәйкес толтырылатын
қатысушы куәлігін алады. Қор қатысушылар куәлігінің есебін қатысушы банктер
реестеріндегі ақпаратқа сәйкес жүргізеді. Қатысушы куәлігін алған банктер
қатысушы-банктер реестірінде тіркеледі. [9.12-17б]
Банктер жеке тұлғалар салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен
шығарылып, қатысушыкуәлігі мына жағдайларда қайтарып алады:
- қатысушы-банкке депозиттер қабылдауға жеке тұлғалардың
банктеріндегі шоттарын ашу және жүргізуге берілген лицензияның
күшін жою немесе тоқтата тұруға шешім қабылданғанда;
- жыл бойында бірнеше мәрте (екі немесе одан да көп) Қорға жарналарды
кешіктіріп төлейтін болса немесе аударымдарды толық көлемде
жасамаса;
- қазіргі ережелер мен белгіленген басқа да талаптар бұзылғанда.
Жеке тұлғалардың салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен
шығарылған жағдайда және оның қатысушы куәлігі қайтарылғаннан кейін
қатысушы банк, банк реестірінен шығарылады. Қатысушы банкке жеке тұлғалар
салымдарын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінен шығарылғандығы туралы
Ұлттық банк осы шешімді қабылдағаннан кейін үш күн ішінде қайтарып беруге
міндетті.
Қор басқармасының қатысушы куәлігін беру немесе жеке тұлғалардың міндетті
ұжымдық кепілдендіру жүйесінен банк қатысушы-банкті шығару туралы шешімі
үш жұмыс күн ішінде республикалық баспа беттерінде мемлекеттік тілде немесе
орыс тілінде жариялануы тиіс.
Банк-қатысушының әрбір салымщысына Қор келесі тәртіптегі салымдары бойынша
өтем жүргізеді:
- 200 000 теңгеге дейінгі салымдар бойынша – 100 % сомасы
қайтарылады;
- 200 мыңнан 400 мыңнан теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың
теңге + 200 мыңнан асқан соманың 80 %;
- 400 мыңнан 600 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге +
200 мыңнан асқан соманың 80 % + 400 мың теңгеден асқан соманың 60
%;
- 600 мыңнан 800 мың теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге +
200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 %
+ 600 мың теңгеден асқан соманың 40%;
- 800 мыңнан 1 млн.теңгеге дейінгі салымдар бойынша 200 мың теңге +
200 мыңнан асқан соманың 80% + 400 мың теңгеден асқан соманың 60 %
+ 600 мың теңгеден асқан соманың 40 % + 800 мың теңгеден асатын
соманың 20%;
- 1 млн теңгеден астам сома бойынша 80 % 200 мың теңгеден + 60% 200
мың теңгеден + 40 % 200 мың теңгеден + 800 мың теңгеден асатын
соманың 20 %;
- 60 % 200 мың теңгеден + 40 % 200 мың + 20 % 200 мың теңгеден + 1
млн теңгеден соманың 10 % мөлшерінде;
Бір салымшының салымдарының барлығы қосылып бір салым ретінде
қарастырылады. Өтем ақы теңгемен жүргізіледі. Шетел валютасындағы салым
сомасы сол салым орналастырылған банк-қатысушының еріксіз таратылуы туралы
шешімі күшіне енген күнгі кедендік және салықтық төлемдерді есептеу үшін
және олардың мақсаттары үшін Ұлттық банкпен тағайындалатын шетел
валютасының теңгеге қатысты курсы бойынша анықталады.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін
екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан
салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен 4 факторға
тәуелді болып келеді:
1. халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2. олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
3. салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
4. елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық
өнімдердің
дамуы;
Салымшылар алдында өз міндеттерін атқару үшін Қор Ұлттық банктен, ҚР
үкіметінен, басқа ұйымдардан қарыз алуға құқығы бар немесе Ұлттық банктің
ресим қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен жоғары мөлшерлеме бойынша олардың
кепілдемелері негізінде қарыз ала алады.
Күнтізбелік жарнаның міндетті мөлшерлемесі әрбір қатысушы-банктер үшін оның
қаржылық жағдайы мен әдістеріне сәйкес жеке белгіленеді. Ұлттық банк
белгілейтін бұл мөлшерлеме есептік тоқсанның соңғы мерзіміндегі
күнтізбелік міндетті жарна төленер алдында салымдар сомасының 1,125%-тен
0,375%-ке пайызға дейін мөлшерді құрайды.
Резервті қалыптастыру үшін салымдар бойынша өтемдер келесі тәртіппен жүзеге
асырылады:
1) Салымдар бойынша бойынша толық көлемде өтемдері өтеу үшін қатысушы-
банктер алғашқыда аударған міндетті күнтізбелік жарналар мен Қор активтерін
орналастырудан түскен инвестициялық табыстар сомасы пайдаланылады.
2) Алғашқыда қалыптастырылған резервтік сомасы жеткіліксіз болған жағдайда
Қордың жарғылық капиталынан 500 млн. теңгеден аспайтын сомадағы ақша
пайдаланылады.
3) Салымдарды өтеу үшін резервтің алғашқы қалыптастырылған сомасы
жеткіліксіз болған жағдайда жетіспеген соманың 50%-н қатысушы банктердің
Қордың банктік шотына қосымша жарналар төлеу арқылы төленеді, ал салымдар
бойынша жетіспеген соманың 50% Қор есебінен қарызға алынады.
Салымдарды өтеу үшін Қордың қарызға алынған ақшалары, сондай-ақ Қордың
жарғылық капиталының есебінен төленген өтелу сомалары еріксіз таратылатын
қатысушы-банкке регресті талапты қанағаттандыру есебінен жабылады, сонымен
бірге қатысушы банктердің мөлшері мен мерзімі Қор басқармасының қатысушы
банкке тартылған, сақтандыруға жатқызылған салымдарының мөлшеріне тәуелді
түрде белгіленетін төтенше жарналар есебінен жабылады. [8.32-37б]
Қатысушы-банкке Ұлттық банктің қолдануы мүмкін болатын шектеулі ықпал етуі
мен санкциялары банк заңнамасында қарастырылған болса да, бұл банкті
міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарда төлеуден босатпайды.
Қазақстан Республикасы банк жүйесінің екінші деңгейлі банктеріндегі
жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру (кепілдендіру)
қажеттігі көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі
болатын. Мұндай мәселенің туындауы Қазақстан Республикасы экономикасының
нарықтық қатынастарға өтуіне және халықтың банктердегі көптеген жылдар бойы
жинаған ақша қорларының, яғни жинақтарының 1990 жылдардың басында инфляция
әсерінен банктердің жабылуы салдарынан жоғалып етумен байланысты болып
отыр. Бірақ жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) сақтандыру
(кепілдендіру) қорын құру онай мәселе болмады. Халықтың коммерциялық
банктердегі салымдарын сақтандырудың біріншіден, халық қолындағы айналысқа
түспей отырған ақшалай қаражаттарын экономикаға тарту, екіншіден, ақша
иелерінің табыстарын өсіру, үшінішіден, банк жүйесін ақша ресурстарымен
қамтамасыз ету, төртіншіден, экономиканың нақты секторларына жұмсалынатын
несие ресурстарын көбейту, бесіншіден, өндірістерге ішкі инвестицияны тарту
және тағы басқа да көптеген пайдалы тұстары бар. Бұл жүйенің қызметін
мемлекеттен ретеуінсіз нәтижелі ұйымдастыру мүмкін емес.
Соңғы жылдардың тәжіребесі көрсеткендей экономиканы мемлекеттік
реттеу бойынша іс-шаралар ғылыми, әдістемелік және ұйымдастырушылық негізде
органикалық бірігуді қажет етеді. Осы үш бөлімнің біреуінің әлсіреуі
экономикалық-әлеуметтік процестерді реттеуде кері әсерін тигізеді және ақша-
несиелік, әлеуметтік сонымен бірге халықаралық байланыстардың бұзылуына
әкеліп соқтырады.
2000 жылы өткен қаржыгерлерден конгресінде “Қаржыгерлер
ассоциациясының” төрағасы Д. Сенбаев 400 млн. доллардан астам ақшалай
қаражат халық қолында қалып отыр, оны экономикаға банк жүйелері арқылы
тарту халықтың банктердегі салымдарын сақтандыру қорын ашуменен іске асады
десе, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осы
қаржыгерлердің конгресінде халық қолында 1 миллиардтан астам қаражат бар,
ол қаражаттарды сақтандыру қаражат иелеріне де, ел экономикасына да тиімді
дей келе, Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердегі жеке
тұлғалардың салымдарын сақтандыру-банктердің өздерінің шешетін мәселесі,
бірақ мемлекет тұсынан көмек пен реттеуді қажет етеді деп тұжырымдады.
Екінші деңгейдегі банктердегі тұрғындардың және ұйымдардың салымдарын
банктердің төлем қабілетінің болмай қалуынан қорғауды қамтамасыз ету
мақсатында Ұлттық банкке екінші деңгейдегі ірі банктерімен бірлесе отырып
қысқа мерзімде тұрғындардың депозиттерін ұйымдық сақтандыру жүйесін құруды
және оны іске қосуды тапсырды. Көп ұзамай, 1999 жылдың 5 қарашасында Ұлттық
Банк екінші деңгейдегі банктермен банктер ассоциациясымен және қаржыгерлер
ассоциациясымен бірлесе отырып екінші деңгейлегі банктердегі жеке
тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды сақтандыру ережесін енгізді.
Осы сақтандыру жүйесі шеңберінде жарғылық қоры 1 миллиард теңгені құраған
“Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру
(сақтандыру) қоры” ЖАҚ құрылды.
Бұл қорға қаржы жағдайы тұрақты халықаралық стандарттар негізінде
қызмет көрсетуші тұрғындардың мерзімді салымдарының 90% мөлшерін өздеріне
жинақтаған 17 банк алғашқыда мүше болып отыр. Бұл банктер: “Тұран-Әлем
Банкі”, “ЦентКредит Банкі”, “Қазақстанның Халық жинақ Банкі”, “Алматы Сауда
Қаржы Банкі”, “Темір Банкі”, “Көмір Банкі”, “Демір Қазақстан Банкі”,
“КазКоммерцБанкі”, “Цесна Банкі”, “Нұр Банкі”, “Евразия Банкі”, “Каспий
Банкі”, “Қазақстанның Сити Банкі”, “Қазақстанның HSBC Банкі”. Қазақстанның
жеке тұлғаларының салымдарын сақтандыру Қоры “Қазақстан Республикасы екінші
деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарын міндетті түрде ұжымды
кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі” негізінде және басқа да Қазақстан
Республикасы Конституциясына, Заңдарына нормативті актілеріне сүйене отырып
қызмет ететін қаржы мекемесі. Бұл қордың негізгі мақсаты – қатысушы-
банктердің еріксіз жойылуы жағдайында жеке тұлғалардың салымдарын
кепілдендіру жолымен салымшылардың мүддесін қорғау. Қор салымшымен банктің
арасындағы қатынаста салымның сақталуының кепілі ретінде үшінші тұлға болып
қызмет атқарады. Салымшылырдың мүддесін қорғау банктерге деген тұрғындардың
сенімін қайта қалыптастыруға бағытталған. Өйткені халықтың банктерге,
қорларға, басқа да қаржы мекемелеріне деген сенімі соңғы бес-алты жылда өте
төмендеп кетті.Бұған себеп аталып отырған мекемелердің өз қызметтерін дұрыс
атқара алмауы нәтижесінде жабылып қалуы, банкротқа ұшырауы, міндеттелерін
өз уақытында орындамауы, оған мемлекеттің қолданатын шараларының болмауы
және тағы басқа көптеген жағдайлар.
Өз жұмысын жаңадан бастап отырған Депозиттерді сақтандыру қоры
тәжірибесі көп шетелдердің депозиттерді сақтандыру қорларының жеке
тұлғалардың сұранымды, мерзімді салымдарын және жеке фирмалардың
шотарындағы ақшалай қаражаттарын сақтандыру мүмкіндігін өз қаржы жағдайы
күшейіп алғаннан кейін енгізуіне болады. Нарықтық экономикасы жақсы дамыған
елдердің банк жүйесінің бірден-бір бөлінбес бөлігі – салымдарды сақтандыру
қоры болып табылады. Өйткені салымдарды сақтандыру жүйесі салымшылардың
сеніміне жауапты және олардың салымдарының жоғалмауына, тәуекелден
қорғалуына кепілдік береді. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарын
кепілдендіру жүйесі шет ел тәжірибелеріндегі сақтандыру жүйелерінің
Қазақстан экономикасы жағдайына қолайлы, тиімді жақтарын алып,
қалыптасуда. Қор бүгінгі күні өз Ережесін бойынша қаржы жағдайы нашарланған
банкті банкрот деп сот шешімінің жариялануымен агент-банк арқылы оның
салымшылырына сақтандырылған салым сомасын төлеуді ғана міндеттеніп отыр.
Қаржылық қиыншылық көріп отырған банкке қаржылық көмек көрсету немесе
келесі бір қаржы жағдайы тұрақты банкке осы банктің активтерін сату туралы
ешқандай сөз қозғалмайды. Қор өз қызметінде қатысушы-банктердің сақтандыру
жарнасының жоғарылмауы жағдайын ескеріп өз Ережесіне шетелдер сақтандыру
жүйелерінің озық нәтижелерін енгізуі керек.
Қазақстанның салымдарды сақтандыру қорының қарамағында әр уақытта
өсіп отыратын қордың резервін құрайтын сақтандырылған салымдар бойынша
өтеу үшін төлеуге арналған ақша сомасы бар. Әр тоқсан сайын қатысушы-
банктердің күнтізбелік жарналарды аударуымен қордың резерві толығып
отырады. Егер қатысушы-банктің бірінің жойылуы барысында сақтандырылған
салымдар сомасын өтеуге арналған қордың активтері жеткілікті болмай жатса,
онда жетпеген ақша сомасының жартысы қатусышы-банктердің қосымша жарна
төлеуі есебінен төленеді. [11.14-19б]
Салымдарды өтеу қордың қатысушы-банктер арасынан тендр өткізіп
анықтаған агент-банкі арқылы іске асады. Осы агент-банк арқылы салымшылар
өз салымдарын алуына болады. Ал қордың алған қарызы, төлеген қосымша жарна
сомасы және өтелінуге жұмсалынған алғашқы қордағы бар резервтік активтер
сомасы жойылып жатқан банкке регрестік талап қою есебінен қайтарылады.
Қордың алған қарызы және жарғылық қор есебінен сақтандырылған салымдар
сомасын өтеуге жұмсалынған қаражаты қатысушы-банктердің күтілмеген жарнасы
есебінен өтелінуі мүмкін. Мұнан түсінетініміз – салымдарды сақтандыру
жүйесі ұжымды болып табылады. Сондықтан да қатысушы-банктер еріксіз жойылып
жатқан банктің салымдарын өтеу (қайтару) бойынша бірлесіп жауапкершілік
жүктейді. Ақшалай қаражаттарын банк депозиттеріне салу барысында салымшы ол
банктің сақтандыру жүйесінің мүшесі ме, әлде жоқ па екен білуі керек.
Салымдарды сақтандыру жүйесіне мүше болып табылатын банктердегі мерзімді
депозит қана сақтандыру объектісі болып табылады, ал басқа депозиттер
сақтандыруға жатпайды.
2006 жылдың шілде айына дейін депозиттерді сақтандыру келесі мазмұнда
болды: егер қатысушы-банк еріксіз жабылатын болып жатса, онда Қор банк-
агент арқылы салымшыға 200 000 теңгеге дейінгі салымы бойынша 100% өтеу
жүргізеді, ал одан ары қарай бекітілген ережелер бойынша өтелінеді.
Қатысушы-банктегі бір салымшыға салымы бойынша максималды өтеу көлемі
1 000 000 теңгені құраған. Бұл салымдарды өтеу жағдайы жеке тұлғалар үшін
кейбір жағдайларды түсініксіз және сақтандыру қоры мен банктер үшін көп
жұмыс уақытын алатын тиімсіз болғандықтан, бұл жағдайды өзгерту мәселесі
көтерілді.

Кесте 1.1
Салымдарды кепілдендірудің өсу көрсеткіштері.

2007 жылдың 1 қаңтарына 2007 жылдың 1
дейін қаңтарынан бастап
Мерзімді депозиттер 7
млн.теңгеге дейін;
Талап етуге дейінгі Жеке тұлғалардың барлық
Кепілдендірілген депозиттер; депозиттері
депозиттер Карт-шот пен ағымдағы
шоттардағы ақша қалдықтары;
Кепілдендіруді 400 000 теңге 700 000 теңге
қамтамасыз етудің
максималдық көлемі
Кепілдендірудің
қамтамасыз ету төлеміДепозиттік валютада Теңге бойынша
төленеді
Кепілдендірудің сот шешімінің күшіне сот шешімінің күшіне
қамтамасыздығының енуінен бастап 7 жұмыс күн енуінен бастап 14 жұмыс
төленуінің басталуы ішінде күн ішінді
Кепілдендірудің Төлем басталғаннан кейін 3 Төлем басталғаннан
қамтамасыз етілуінің ай мерзім ішінде кейін 6 ай мерзім
төленуі банк-агент ішінде
арқылы
Кепілдендірілген
депозиттер бойынша Қормен бекітіледі Қормен бекітілмейді (әр
сыйақының максималдық банк өз бетінше
көлемі бекітеді)

7 шілде 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің депозитті міндетті
сақтандыру заңы бойынша, депозиттік кепілдендірудің жүйесін жаңарту және
салымшылар алдында кепілдендірудің тартымды түрлерін ұсыну туралы құқықтық
негіз құрылды. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір салымшыға деген
сақтандырудың максималдық көлемі 700 000 теңгені құрайды.
Ал қазіргі уақытта жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемін сақтандыру
деңгейі теңге бойынша 700 000 теңге, ал шетел валютасы бойынша 360 000
теңге немесе 90 пайыз мөлшерінде және депозит сомасының пайызы Ұлттық
банктің қайта қаржыландыру ставкасын 50% есебінде қайтарылу жағдайыменен
қайта қаралып, бекітілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басқармасының бекіткен
“Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың
салымдарын (депозиттерін) міндетті ұжымды кепілдендіру (сақтандыру)
Ережесі” Қорды басқарудың негізгі құжаты болып табылады.
Ұлттық банк қормен бірлесе отырып, салымдарды сақтандыру жүйесін
жетілдіре түсу мақсатында жұмысын жалғастыруда.
Депозиттер нарығындағы ерекше жыл, негізінен, 2006 жыл болып табылады.
Өйткені, бұл жылы халықтың қолындағы айналысқа түспей отырған ақшалай
қаражаттарын Банк жүйесіне тарту мәселесі бойынша көптеген қызметтер
атқарылды. Олар: депозиттің әр түрлерін ашу; депозиттер түрлері бойынша
ұтыс ойнату; салымдарды сақтандыру қоры тарапынан жарнамалардың көптеп
жүргізілуі және ең басты мәселе – мемелекет тарапынан Қазақстан
Республикасы азаматтарының шетел банктерінің шоттарында сақталынып жатқан
заңдастырылмаған (легализацияланбаған) және көлеңкелі нарықта айналыста
жүрген ақша қаражаттарын легализациялық процесті жариялау арқылы еліміздің
экономикасына тарту.
2 – бөлім. Қазақстан Халық Банкінің экономикалық мазмұны.

Халық Банкінің тарихы – бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің
құрылу және даму тарихы. Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының
негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында
қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан
кейінгі жаңа экономикалық қарым – қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде,
Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру және
индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында
КСРО Жинақ банкінің бөлімшесі ашылды. Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан
кейін небәрі төрт жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335 –
ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы
барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Касса
салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды
неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт
фабрикалардың өзінен, колхоз - совхоздарда, байланыс мекемелері мен
кәсіпорындардан ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік – экономикалық және
қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңестік азаматтың Жинақ банкі
салымшыларының қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің
орасан зор ауқымдағы жүйесі қаражат жинақтау мен банк ісінің қалыптасқан
тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік қарыз облигацияларының,
басқа да бағалы қағаздарының кепілдігімен мерзімдік несиелер берумен
айналысты. Сондай – ақ оларға қор операцяларын, басқа да бірқатар қаржылық
және банктік операциялар жүргізуге рұқсат етілді. Бұл кезеңдегі жинақ
ісінде мемлекеттік несие беру қалыптасып, біртіндеп дами ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары
Коммерциялық банктердің депозит операциялары
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері депозиттік саясаттың объекттері
Коммерциялық банктің депозиттік саясаты депозиттік саясаттың субъекттері
Депозитті теориялық тұрғыдан сипаттау
Центркредит Банкінің салымдарын салыстыру
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру
Республикада қалыптасқан коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын талдау
Коммерциялық банкте депозиттік саясат қалыптасуының теориялық негіздері
Депозиттік сақтандырудың отандық және шетелдік тәжірибесі
Пәндер