Оқушыларға поэманы оқыту



Мазмұны:
Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

І. Негізгі бөлім:
1.1. Поэма туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Поэма жанры, оның түрлерін, көркемдік жүйесін таныту ... ... ... ..6.7
1.3. Поэманы оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8.11

ІІ. Тәжірибелік бөлім:
2.1. Сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда»..12.13
2.2. Сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Райымбек, Райымбек»..14.17

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

А қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.21
Б қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
КІРІСПЕ
«Әдебиет әдістемесі» - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұны қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды», - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет-бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет қашаннан «өмір оқулығы» деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады. Әдебиет – жекелеген ақын қаламгердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға басады.
Поэма – эпостық жанрдың бір түрі. Поэманы жеңіл деп, үстірт оқыту дұрыс емес. Ендеше, поэманы мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын поэманы меңгертуге көп көңіл бөлгені жөн. Оқушылар мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде жоспардың атқаратын рөлі айтарлықтай. Мұғалім жоспарды екі түрлі жолмен ұсына алады. Жоспарды оқушыларға алдын ала беріп, сол арқылы поэманың сюжетін ашып, рет-ретімен баяндауға жол салуына болады немесе мұғалім мазмұнын аша отырып, оқушылармен бірлесе жоспар құрады.
Поэманың жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Поэма сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын техникалық құралдарға байланысты.
Поэманы оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырарда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Алпысбаев Қ. қазіргі қазақ лирикалық поэмасы. Оқу құралы. – Алматы,1989.
2. Алпысбаев Қ. Поэма және сюжет. Монография. – Алматы,1992.
3. Базарбаев М. Казахская поэзия: художственные искания. – Алматы,1995.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы “Рауан”, 1997 131-бет
5. Е.Тілешев. суреткер және көркемдік әдіс. –Алматы,2005.
6. Имжарова З. “Пікірсайысы – жаңашылдық қайнары” Қазақстан мектебі 2003, №6 54-бет
7. Сағындықова Қ. “Білім сабақ санасынан” Қазақстан мектебі , 2004 №7 30-бет
8. Серікбаев Т. “Дәстүрлі емес сабақтар туралы бірер сөз” Қазақстан мектебі , 2002 №11-12 62-бет
9. Тәжібаева С. “Дәстүрлі емес сабақтар” Қазақстан мектебі , 2003 №2 27-бет
10. Үрістенбекова Г. “Пікірталас дамыту және тәрбиелеу құралы” Қазақстан мектебі 2003 №5 39-бет

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Әдебиет әдістемесі - педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұны қамтитын объектісі, қарастыратын мәселелері мектепте әдебиетті оқыту сабақтары кезінде мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылымы теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді.Бірақ әдебиет әдістемесі педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай, тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды, - деп жазды көрнекті әдіскер-ғалым А.Көшімбаев.
Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның рухани әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін, шығармашылық әрекет-бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру негізгі қағида болып табылатын оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер әдебиет пәні құрылымын құрайды.
Әдебиет қашаннан өмір оқулығы деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады. Әдебиет - жекелеген ақын қаламгердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға басады.
Поэма - эпостық жанрдың бір түрі. Поэманы жеңіл деп, үстірт оқыту дұрыс емес. Ендеше, поэманы мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен прозаның бастауы болатын поэманы меңгертуге көп көңіл бөлгені жөн. Оқушылар мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде жоспардың атқаратын рөлі айтарлықтай. Мұғалім жоспарды екі түрлі жолмен ұсына алады. Жоспарды оқушыларға алдын ала беріп, сол арқылы поэманың сюжетін ашып, рет-ретімен баяндауға жол салуына болады немесе мұғалім мазмұнын аша отырып, оқушылармен бірлесе жоспар құрады.
Поэманың жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Поэма сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ.
Оқу материалын меңгеру көп жағдайда оқыту процесінде қолданылатын техникалық құралдарға байланысты.
Поэманы оқытудың сөздік және тәжірибелік әдістерімен өзара байланыста қолданылады және құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырарда олардың сезім мүшелеріне әсер етіп, алуан түрлі сурет, көшірме, сызба арқылы құбылыс, процесс, объектілердің символдық бейнелерін немесе оларды табиғи күйінде қабылдайды. Қазіргі мектепте осы мақсатпен экрандық және техникалық құралдар кең қолданылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Поэма жанрын оқытудың маңызы мен тиімді әдістерін қолдану. Поэманы оқытуда оқушылардың қызығушылықтарын ояту.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Поэма жанрын маңызды көркем шығарма екенін дәлелдеу;
Поэма жанрында әдіс - тәсілдердің пайдаланудың тиімді жолдарын көрсету;
Поэма жанрын оқыту кезінде оқушылардың қызығушылықтарын ояту мақсатыда көрнекілік әдісін пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Поэманы оқыту
Гипотеза: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, шығармашылық дағдысын ояту. Поэма жанры арқылы оқушы сезімін дамытуға және оларды ізденімпаздыққа баулу.

І. Негізгі бөлім.
1.1. Поэма туралы жалпы түсінік
Поэма -- эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді. Поэма барлық халықтың әдебиетінде кездесетін көне жанр. Мысалы, ежелгі грек әдебиетінде "Илиада", "Одиссея" эпикалық поэмалары, ертедегі орыс әдебиетінде халықтық дастандар мен "Игорь жасағы туралы жыр", т.б. поэмалар кеңінен мәлім. А.С.Пушкиннің "Мыс салт атты", М.Ю. Лермонтовтың "Мцыри", Н.А. Некрасовтың "Русьте кім жақсы тұрады?" атты шығармалары поэма жанрының классикалық үлгісі саналады. Абайдың "Ескендір", "Масғұт", Ш.Құдайбердіұлының "Қалқаман -- Мамыр", М.Абайұлының"Медғат -- Қасым", М.Сералиннің "Гүлқашима", С.Торайғыровтың "Кедей", "Адасқан өмір", т.б. шығармалары қазақ әдебиетіндегі поэманың үздік туындылары. Поэма кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетінде кемел жанрға айналды. М.Жұмабаевтың "Батыр Баян", С.Сейфуллиннің "Көкшетау", І.Жансүгіровтің "Құлагер", С.Мұқановтың "Сұлушаш", Т.Жароковтың "Тасқын", Ә.Тәжібаевтың "Абыл", қаласыАманжоловтың "Ақын өлімі туралы аңыз", І.Бекхожиннің "Батыр Науан", т.б. туындылары поэманың таңдаулы нұсқаларына жатады. 20 ғ-дың 2-жартысында қазақ әдебиетінде поэма жанры айрықша дамыды. Х.Ерғалиевтің "Құрманғазы", Ж.Молдағалиевтің "Мен қазақпын", Ғ.Іайырбековтің "Дала қоңырауы", І.Мырзалиевтің "Қызыл кітап", М.Шахановтың "Өркениеттің адасуы", "Жазагер жады космоформуласы" сияқты идеялық мазмұны терең, көркемдік қуаты жоғары поэмалар қазақ әдебиетінің арнасын кеңейтті.

1.2. Поэма жанры, оның түрлерін, көркемдік жүйесін таныту.
Поэма - өлең сөзбен жазылған сюжеттік желісінде әңгімелеу сипаты басым көлемді туынды. Сюжетті поэмалармен қоса , таза лирикалық сюжетті қамтитын поэмалар да болады. Поэма жанры, оның көркемдік ерекшелігі, тарихи - мәдени және процестегі мәні мен рөлі туралы айтқанда, екі мәселені бөліп алуға болады. Гегель эстетика туралы дәрістерінде эпикалық поэзияның мазмұнында жалпы әлем шеңберінде ұлттық дүниетаным көрінеді деген ой айтады. Осылайша поэма мазмұнына арқау болатын оқиғаның тарихи көлемі анықталады. Гегельдің көзқарасынша эпикалық дүниенің негізі ретінде халықтың рухын көрсететін жалпыхалықтық іс көрінеді. Гегельмен бірге Белинский өзінің белгілі Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу деген мақаласында поэмадағы жеке субъектінің рөліне, авторлық басталуға көбірек көңіл бөліп, нақты эстетикалық және тарихи әдеби талдау кезінде, баяндаушының лирикалық тебіренісі, оқиға мен кейіпкерлерге деген қарым-қатынасы, көңіл күйі эпикалық шығармаға үлкен эмоция беретінін айтқан.
Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен, дәуір, ұлт рухын берумен, өткен оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді. Жазба әдебиет дамуының өне бойында поэма әдебиеттегі бірден-бірі жетекші салаға жетеді. Өзінің жанрлық мүмкіндігіне қарай, поэма әр түрлі көремдік құрылымда, атап айтқанда, сюжетті, сюжетсіз, драмалық, монологтық толғаныс түрлеріне жіктеледі. Поэмада көтерілген проблемалар, тақырып пен идея, сюжет пен композиция, кейіпкерлер жүйесі эпикалық кең тынысқа негізделеді. Қазақ әдебиеті тарихында қара сөзбен жазылған поэмалар да бар.Мәселен, Ғ.Мүсірепов Кездеспей кеткен бір бейне шығармасын қара сөзбен жазса да, поэма деп атаған.
Поэма - әдебиеттегі іргелі жанрлардың бірі. Онда қоғамдағы алуан түрлі іргелі мәселелер, көкейкесті тақырыптар қозғалады. Мәселен, Абайдың Ескендір поэмасын қарастырып көрейік. Негізінен, Абай поэмаларында қозғалатын жайлар шығыс халықтарының аңыз ертегілерінен алынған. Бұл поэманың сюжеті аңыз түрінде кең таралған. Сондай бір сюжет - Ескендір жайында Науаидің, Фирдоусидің дастандарының желісі. Абай Ескендір поэмасына негіз болған оқиғаны әзербайжан классигі Низами дастанынан алғандығы айтылады. Алайда, ақын оқиғаны өзінше құрған. Поэма мәтіні таныстырылғаннан кейін, поэмада қандай оқиғалар болды, кейіпкерлері кім, оқиға қалай баяндалған, автордың оқиғаға көзқарасы қандай деген мәселелер анықталады. Ол үшін поэма сюжетіне қатысты жоспар құрылады.

Жоспар
1. Ескендердің жорықтары.
2. Ескендірдің бұлаққа кездесуі.
3. Жабық қақпа.
4. Қақпадан жеткен сый.
5. Сыйдың сыры.
6. Ақынның ғибраты

1.3. Поэманы оқыту.
Поэмаларды оқыту әдістері олардың жанрлық ерекшелігінен туындайды. Поэмалардың басым көпшілігі сюжет пен комопзиция, образдар жүйесінен тұрып,күрделі, ауқымды порблемаларды көтереді. Мұндай поэмаларға С.Сейфуллиннің Көкшетауы, І.Жансүгіровтың Құлагер, т.б. поэмалары жатады. Поэмалардың тағы бір түрі - лиро-эпикалық, лирикалық поэмалар. Сәкеннің Альбатросы, С.Торайғыровтың Кедейі, Ілиястың Даласы осындай поэмаларға жатады. Лиро-эпикалық поэмаларда шиеленіскен оқиғалар болмайды, дегенмен поэманың басынан аяғына дейін әңгімеші рөлін атқаратын лирикалық кейіпкер, оның сезімі үлкен рөл атқарады. Лиро-эпикалық поэмаларды оқытуда мәнерлеп оқуды, поэма көтерген проблеманы меңгерту үшін, мәтіндік талдауды, автор ізімен талдауды қолдану тиімді болып келеді. Мысалы, Ілиястың Даласын оқытудың жемісті жолы - алдымен мәтінді меңгерту. Ол үшін мәнерлеп оқи отырып, әр бөлімге аннотация беру керек. Аннотацияны оқушылар үйден жазып келіп, сыныптағы талдау жұмыстарында пайдаланады. Поэманың күрделілігін ескере отырып, оның әр бөлімі бойынша төмендегідей мазмұндық жоспар жасап, іліп қоюға, керегінде пайдалануға болады.
Үлгі:
Поэма бөлімдері
1). Арнау
2). Ақтабан

Ақын толғауы.
Қазақ даласының шапқыншылыққа ұшырауы. Тарих шал әңгімесі.
Ары қарай сұрақ - жауап арқылы поэмадағы лирикалық кейіпкер (ақын) әңгімеші - тарих шал туралы, поэманың идеялық порблематикасы жайында әңгіме қозғалады. Тіл көркемдігі, өлең құрылысындағы ерекшеліктерге де міндетті түрде талдау беру керек. Сюжетті поэмаларды образдық талдаумен де, мәтіндік талдаумен де оқытуға болады. Ең тиімдісі - аралас талдау. Төменде сюжетті поэмаларды қалай өтуге болады, соның бір үлгісі ұсынылып отыр.
1). Жансүгіровтың Құлагер поэмасы - өзінің көтерген проблемасы, тақырыбы, маңызы жағынан роман тектес шығарма. Поэма әдеби талдау алдында оның мазмұнын түгелдей оқыту, меңгерту айналасында еңбек ету керек. Осы мақсатта мұғалім үйге алдын ала тапсырмалар береді.

Жалпы сыныптық тапсырма:
1. Поэманы түгелдей оқып, мазмұнымен танысу.
2. Әр бөлімге қысқаша аннотация жау.
Топтық тапсырма топ санына, сыныптағы оқушылар санына байланысты.
І топ.
Поэмадағы Көкше көріністерін С.Сейфуллиннің Көкшетау поэмасындағы Көкше көріністерімен салыстыру ( поэтикалық тілі, әр ақынның өзіндік стилі т.б.).
ІІ топ.
10 - сынып әдебиеті бойынша Ақанның Құлагер өлеңін поэманың Бай, бай Құлагерім бөлімі бойынша Ақанның Құлагерді жоқтау өлеңімен салыстыру.
Мақсат: Ілияс өз поэмасында Ақанның Құлагер өліңін қалай пайдаланғаны туралы іздендіру.
ІІІ топ.
Абайдың Аттың сыны өлеңін поэмадағы Құлагер сынымен салыстыру (Күреңбай сыншы берген сипаты).
Мақсат: Екі ақынның ат сынын берудегі шеберлігі, яғни поэтикалық үндестік туралы іздену. Тапсырманы мына үлгіде орындауға болады:
Абай
Тәует бас, қамыс құлақ, қоян жақ.
Ілияс
Тәует бас, қамыс құлақ, қуырған жақ.
Поэтикалық үндестік
Жеке тапсырмалар:
1). Құлагер поэмасы туралы ғалым - сыншылар, әдебиетшілер пікірі бойынша қысқаша хабарлама жасауға дайындалу.
Ескерту: Материалдарды мұғалім ұсыну керек, әрі осы жұмыста балаларға басшылық жасайды.
2). 10 - сынып оқулығы бойынша Ақан сері туралы қысқаша хабарлама.
ІV топ.
Поэма бөлімдері бойынша басты - басты оқиғаларын саралап, сюжеттік - композициялық жоспар жасау, оны сабаққа пайдалану үшін, кестеге жазып қою (Ас бөлімінен бастап алу).
Үлгі:
Бөлім
Басты оқиғалар
Ақанның іс - әрекеті
Ас

Құлагер

1. Сағынай асы, үш жүздің оған құйылуы.
1. Ақанның Құласымен асқа келуі.
2. Елдің Құланы көруге жүгінуі.
3. Құлагерге берген халық бағасы.
4. Күреңбайдың сыны.
5. Батыраштың қығанышы.
1. Халықтың Ақанды құрметтеуі.
2. Атын көзінен таса етпеуі.
3. Жаршыға айтқан өтініші.
4. Ақанның өткір тілмен Батырашты жерге қаратуы.
Поэмалар жоғарыда айтылғандай, көлемі, ауқымы ұзақ шығармалардың қатарына жатады. Бір - екі сағат ішінде оны тұтастай өзінің мәні, мағынасы, әдебиеттен алатын орнына қарай барлық қасиеттерімен оқушыларға жеткізе білу үшін, мұғалім ең тиімді деген әдіс - тәсілдер, оқу формалары, оқу жабдықтарын сұрыптап алуы керек. Әдебиетті оқытуда көрнекіліктің орны ерекше екені белгілі. Әсіресе, көлемді шығармаларды, оның ішінде поэмаларды оқытуда оның маңызы зор. Мүмкіндігіне қарай ол көрнекілік поэманың көтерген тақырыбы, кейіпкерлері, поэтикалық тілі, ақын стилін тұтастай қамтитын, оқушы алдында жинақы түрде тұжырымды етіп берілетін дәрежеде жасалуы керек.
Көрнекілік үлгісі (үзінді беріліп отыр).
Құлагер поэмасы. Сюжетті, композициясы, поэтикалық компоненттері (Қосымша А):
Поэма өтудің әдіс - тәсілдерін төмендегі кестеден көруге болады.
Сабақ жоспарының үлгісі (Қосымша Б):
Поэманы талдауда қойылатын сұрақтар жүйесі
1. Поэманың тарихи негізі туралы қандай дәлелді пікір айтар едіңдер?
2. Поэмада Құлагерден гөрі, Ақан жайлы көп айтылған. Солай бола тұрса да, поэма неге Құлагер деп аталған?
3. Поэма негізіндегі ақын ойы, поэманың негізгі проблематикасы туралы не айтар едіңдер?
4. Поэманың ең басындағы Толғану бөлімінің поэма прорлематикасын ашуда маңызы бар ма?
5. Лирикалық шегініс арқылы Ақан тағдыры, Ақан тарихы туралы сыр шетудегі ақын мақсатын қалай түсінер едің?
6. Поэмадағы палуандар күресі, сол күрес үстіндегі трагедияның шығарма проблематикасына қатысы бар ма?
7. Батыраштар бейнесі ақын нені жырламақшы болған?
8. Қалай ойлайсың, поэманың алтын қазығы ретінде неге Құлагер тағдыры алынған? Оның поэмадағы орны, маңызына тоқтал.
9. Лирикалық қаһарман туралы не айтар едің? Оның поэмадағы орнын сарала.
10. Поэманың халықтық рухы, халықтық сипаты туралы қандай ой тастар едің?
11. Поэмадағы ақынның ең басты стилі, көркемдік тәсілі неде деп ойлайсың?
12. Поэманың психологиялық мәні туралы не айтар едің?
13. Ақынның идеялық - эстетикалық табысын немен дәлелдер едің?
14. Өзіңе Абай сипаттаған ат пен Құлагер сипатының қайсысы ұнайды?

Поэманы талдау барысында үйге берілген топтық, жеке жұмыстарды, жалпы сыныптық жұмыстарды тиімді пайдаланып отыру керек.
Ең алдымен кестеде көрсетілгендей, тақырыптың ең маңызды, дәнді түйінін бөліп алып, бар назардысоны талқылауға, соны түсіндіруге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жәркен Бөдешұлының Жалғыз поэмасы
Мағжан Жұмабаев шығармашылығын мектепте оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері
І. Жансүгіровтың Құлагер поэмасын инновациялық әдіс арқылы оқыту
Эпикалық жанр туралы түсінік
Лириканы оқытудың тәсілдері
Мағауия Абайұлы Құнанбаев еңбектері
М. Жұмабаев еңбектеріндегі жалпы психология мәселелері
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Әдеби білім беру және модульдік жүйе әдісі
Пәндер