Бухгалтерлік есеп


«Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу»
Жоспар:
1 . Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы
2 . Tкі жақты жазу даму тарихы
3 . Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екі жақты жазу, оның мәні мен мағынасы
4. Қорытынды
1 Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.
Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.
Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.
Шот - бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.
Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады.
Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.
Шоттың сол жақ бөлігі - дебет, ал оң жақ бөлігі кредит деп аталады.
Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.
Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттың растау қажет. Оған қағаздың алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т. с. с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.
Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.
Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютадағы ақша» шоты, «Шикізат пен материалдар» шоты, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты және т. б.
Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.
Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т. б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.
Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетілетіні:
- шоттың кредиттік жағы бойынша операцияның басындағы және соңындағы қалдықтар, сондай-ақ қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары;
- шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық операциялары ғана көрініс табады.
Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы саңдарды өзгертіп отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын жасау мүмкін емес және олай жасау тиімді болып табылмайды. Осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған сәйкес ұйымдағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік шот қолданылады.
Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашьшық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.
Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.
Мысалы, ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін «касса» деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін «дайын өнімдер» деп аталатын шот және т. б. шоттар қолданылады.
Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен «Т» әрпі сияқты болып көрінеді. Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы «активтік» және «пассивтік» болып екі түрге бөлінеді. Активтік шоттар ұйымның колда бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған. Әдетте шоттың сол жағы «дебит», ал оң жағы «кредит» болып аталады. Шоттың қолданылуы барысында бұл «дебит» және «кредит» сөздері қысқаша Д-т (дебит), К-т (кредит) түрінде жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.
Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп жазу белгілі бір есепті кезең барысында жалғасады. Әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын) біліп отыру үшін «қалдық» сөзі қолданылады. Есепті кезеңнің басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық - «бастапқы қалдық», ал шоттың жабылуы барысындағы, яғни есепті кезеңнің соңыңдағы қалдық - «соңғы қалдық» деп аталады. Осы есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың қосындысы «дебиттік айналым», ал кредит жағындағы сандардың қосындысы «кредиттік айналым» деп аталады. Осы жоғарыда аталған әрбір шоттағы «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасы сол шоттың қалдық сомасы болып табылады. Ескеретін жағдай - шоттағы соңғы қалдық сомасын есептегенде ол шоттың бастапқы қалдығын естен шығармау керек. Яғни кез келген шоттың соңғы қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасын қосу немесе шегеру арқылы табылады. Егер шоттың бастапқы қалдығы дебиттік болса, соңғы қалдықты табу үшін бастапқы қалдық сомасына дебиттік айналым сомасы қосылып, одан кредиттік айналым сомасы шегеріледі. Ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік болған жағдайда, соңғы қалдық сомасын есептеу үшін бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып, одан дебиттік айналымды шегеру қажет
2 Ең алғаш екі жақты бухгалтерияның тәжірибелі есеп кітаптары Италияда басылды. Екі жақты бухгалтерия жайлы жазған авторлар көпес Бенедитто Контрульи, және атақты итальян математигі Лука Пачоли болып табылады.
Лука Пачолидің шығармашылығындағы ең басты мәселе болып екі жақты жазу туралы жазбасы саналады. Онда Пачоли постулаты деген атауға ие болған екі негізгі ережесі жазылған:
- Барлық дебеттік айналымдардың сомасы сол шоттар жүйесіндегі кредиттік айналымдардың сомасына тең;
- Дебеттік қалдыңтың сомасы әрқашан сол шоттар жүйесіндегі кредиттік қалдықтардың сомасына тең.
Постулаттарының мағынасы өте маңызды, өйткені олар шын мәнінде кәсіпорындардың шаруашылық өмірінің фактілерін қазір де тіркеу үшін кеңінен қолданылатын жазбалардың әмбебап сипатын нақты көрсетеді.
3. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы
Әрбір шаруашылық операциясы бухгалтерлік есептің шоттарында екі рет (екіжақты жазу әдісімен) : бір шоттың дебеті және екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі.
Екіжақты жазу - бұл шаруашылық операциясын әр түрлі шоттардың дебеті мен кредиті бойынша бірдей сомамен бір мезгілде көрсету әдісі.
Дебеттелетін және кредиттелетін шоттарды көрсету шоттар корреспонденциясы немесе бухгалтерлік жазу (бухгалтерлік жазба) деп, ал шоттар деп аталынады.
Шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық, операцияларының мысалында қарастырылатынын атай кету керек. Олардың мағынасы: шаруашылық операциясы бір шоттың дебетіне және екінші шоттың кредитіне әсерін тигізеді, яғни оған тек екі шот қана катысады.
Алайда тәжірибе жүзінде көрсеткендей, қаржы-шаруашылық қызметте бір шоттың дебеті бойынша және бірнеше шоттардың кредиті бойынша көрсетілетін, сондай-ақ бір шоттың кредиті бойынша және бірнеше шоттардың дебеті бойынша көрсетілетін операциялар да кездеседі. Сондықтан бухгалтерлік жазулар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Бір шоттың дебеті екінші шоттың кредитімен жазу қарапайым деп аталынады.
Мысалы, жеткізушіден 3 теңге сомасындағы материалдар келіп түсті. Материалдардың келіп түсуі нәтижесінде активтік «Шикізат пен материал дар» шотындағы сомалар артады, сондықтан «Шикізат пен материалдар» шоты дебеттеледі, сонымен бірге жеткізушілерге берешек өсті, сондықтан «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша бұл сома кредитте көрсетіледі. Жалпы жазу мынадай түрге ие болады: «Шикізат пен материалдар» шотының дебеті, «Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу» шотының кредиті - 30 000 теңге.
Бір шоттың дебеті екі немесе одан да көп шоттардың кредитімен , бір шоттың кредиті екі немесе одан да көп шоттардың дебетімен бухгалтерлік жазу күрделі жазу деп аталынады.
Мысалы, 50 000 теңге жалақы есептелген, соның ішінде, негізгі өндірістің жұмысшыларына - 30 000 теңге, көмекші өндірістің жұмысшыларына - 2 теңге.
Келтірілген шаруашылық операциясы былай көрсетіледі:
Д-т «Негізгі өндіріс» шоты - 30 000 теңге.
«Көмекші өндіріс» шоты - 20 000 теңге.
К-т «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты - 50 000 теңге.
Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциясының пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен ресімделуі хронологиялық деп аталынады. Мұндай жазулар шаруашылық операцияларын тіркеу журналында жүргізіледі.
Деректерді экономикалық біртектес объектілер бойынша жүйелендіретін жазулар жүйелік деп аталынады. Шаруашылық операциясының бұл жазулары шоттарда (шоттар схемасында) жүргізіледі. Есеп практикасында хронологиялық және жүйелік жазулардың бір кестеге бірігуі сирек емес (№1 журнал-ордер, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты бойынша № 1 ведомость, № 2 журнал-ордер, «Есеп айырысу шотындағы қолма-кол ақшалар» шоты бойынша № 2 ведомость) .
Экономикалық мағынасына қарай әрбір шаруашылық операциясы есептің екі объектісіне, яғни екі шотқа әсерін тигізеді, өйткені екіжақты сипатқа ие болады. Іс жүзінде, егер кәсіпорынға материалдар келіп түссе, онда бір жағынан, материалдар көбейеді, ал екінші жағынан, оны сатып алатын қаражаттар азаяды, яғни олардың қандай көздердің есебінен келіп түскені міндетті түрде көрсетіледі: қолма-қол ақшаға сатып алынған ба, әлде оларды сатып алуға несие пайдаланылды ма немесе жеткізушілерге берешек қалыптасты ма?
Шаруашылық операциясын екіжақты көрсетудің мәні - ол бір шоттың дебеті бойынша және екінші шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек, екіжақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде үш құраушы қатысады: шаруашылық операциясының мазмұны; дебеттелетін шот; кредиттелетін шот.
Екіжақты жазудың мәні кәсіпорын балансының құрылымымен түсіндіріледі. Онда оның мүлкі екі тұрғыдан қарастырылады: құрамы мен орналасуы бойынша (баланс активі) ; осы мүліктің қалыптасу көздері бойынша (баланс пассиві) . Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әрқашан тең.
Демек, екіжақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстың топтау әдісінен туындайды. Екіжақты жазу әдісінің үлкен қадағалаушылық мәні бар, өйткені сол бір ғана шаруашылық операциясы бірдей сомамен екі рет көрсетіледі. Сондықтан осы операция бойынша сома айырмашылығы болса, жіберілген қателік пен оған жауапкер де анықталады.
Бухгалтерлік есептің шоттары жинақтамалы және талдамалы болып бөлінеді. Шаруашылық қорларын немесе олардың көздерін жалпылама түрде көрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шоттар деп аталады. Осындай шоттармен жүргізілетін есеп жинақтамалы есеп деп аталынады.
Жинактамалы есептің ерекшелігі - ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорында бар материалдық құндылықтардың сомасы қандай, берешектің сомасы қандай екендігін көрсетеді. Жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Алайда кәсіпорынды басқару және қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін, бәсекелес кәсіпорындармен есеп айырысуды ұйымдастыру, нарықтық экономикада оның алатын орнын бағалау үшін материалдарды жеткізушілердің әрқайсысы бойынша, әрбір сатып алушы бойынша және т. с. с. бойынша егжей-тегжейлі деректер болу керек. Яғни кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің барлыңқ жақтарына тек ақшалай түрде ғана емес, сондай-ақ натуралды түрде де сипаттама беретін нақты, жеке мәліметтер талап етіледі. Сондықтан жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады.
Қорлардың және оның көздерінің жекелеген түрлерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шоттар деп аталады, ал осы шоттардың көмегімен жүргізілетін есеп талдамалы есеп деп аталынады.
Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштермен ғана емес, сондай-ақ натуралды өлшеуіштермен де жүргізіледі. Бұл шоттардағы жазулар неғұрлым толық болады. Оларда операцияның қысқаша мазмұны, құжаттың нөмірі және жедел басқаруға қажетті бірқатар басқа деректер келтіріледі.
Субшоттар тиісті жинақтамалы шоттың шегінде талдамалы шоттарды аралық топтастыру болып табылады. Жинақтамалы шоттар I реттегі шоттар, субшоттар - II реттегі шоттар, талдамалы шоттар - III, IV және т. б. реттегі шоттар болып табылады. Мұның өзі тиісті басқару шешімдерін әзірлеу, негіздеу және қабылдаумен байланысты, алға қойған мақсаттарға немесе кәсіпорынның нарықтағы жағдайын, ол өндіретін және сататын өнімдердің бәсекеге қабілеттігін анықтауға тәуелді.
Бухгалтерлік есептің жинақтамалы және талдамалы шоттары өзара байланысты, өйткені жинақтамалы шоттарда көрсетілген сол мүліктердің түрлері мен олардың қалыптасу көздері, шаруашылық операциялары талдамалы шоттарда көрініс табады, бірақ экономикалық топтарға бөлінген түрде көрсетіледі. Бұл түптеп келгенде талдамалы шоттың деректері тиісті жинақтамалы шоттың жиынтық деректеріне тең болуға тиіс. Мысалы, «Шикізат пен материалдар» жинақтамалы шоты «Негізгі материалдар», «Көмекші материалдар» және т. с. с. талдамалы шоттарға жіктелінуі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz