Аз қабатты тұрғын үйді жобалау



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Жалпы бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Киев қаласының табиғи клматтық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Ғимараттың техникалық шарты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2. Көлемді.жоспарлау шешімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
3. Құрылымдық шешімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
3.1 Жылу.техникалық есептеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.2 Бас жоспар шешімдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Кіріспе
Сәулет өнері барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі. Ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Заманауи көзқараста сәулет бұл - ғимарат пен үймереттерді және олардың кешендерін жобалау мен құрастыру өнері. Ол өмірлік процесстердің барлық жақтарын ұйымдастырады.
Сәулетші ғимараттарды жобалау барысында ежелгі рим сәулетшісі Витрувийдің триадасын әр уақытта есте ұстауы тиіс. Ол: «беріктілік, пайдалылық, әсемділік». Осы триадаға сәйкес ғимараттар функцианальды (ыңғайлы, пайдалы), конструктивті (берік, үнемді), эстетикалық (әдемі, мағнасына сәулеті сай болуы) талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Сәулет өнерінің мақсаты – кеңістіктегі ортада адам өмірімен қызметін материалдық құрылым - құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру. Функцианальдық ерекшелігіне байланысты ғимараттардағы бөлмелер құрамы, өлшемі, арасындағы байланыстар анықталынады. Ол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Осы талаптар негізінде ғимараттар кеңістіктегі үш өлшемде, планда, фасадта, қимада жобаланады. Ғимараттың сыртқы және ішкі әсемдігіне үлкен көңіл бөлінеді.
Барлық ғимараттардың сол және басқадай функционалды процесстеріне сәйкес келетін рационалды жоспарлануынан басқа, баспалдақ, лифт, жабдықтар мен инженерлік құрылғыларды (санитарлық, жылытқыш, вентиляциялық аспаптар) дұрыс жайғастыру қамтамасыз етіледі. Осылайша ғимарат пішіні көбіне функционалды заңдылықтармен анықталады, бірақ оған қоса ол әсемдік заңдары бойынша салынады.
Құрылыс шығындарын қысқарту ғимараттың рационалды көлемді-жоспарлау шешімдері, құрылыс және әрлендіру материалдардың дұрыс таңдалынуы, конструкцияны жеңілдету, құрылыс әдістерін жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттің экономикалық нарыққа өтуіне байланысты, конструктивті және декоративті құрылыс материалдарының қағидалы жаңа түрлерінің саны артты. Осы арада, құрылыс материалдар нарығында бәсекелестіктің өршуіне байланысты олардың арзандалуы, сапасы мен сұрыптамасының қайтымсыз жақсаруы ұдайы жүріп жатады.
Ұсынылатын жоба конструктивті ерекшеліктері мен қолданылатын материалдары бойынша ыңғайлы жобаланған, қатал функцияналды талаптарға жауап беретін, архитектуралық мәнерлігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде қымбат емес және сапалы тұрғын.
Азқабатты тұрғын үй – бұл жерде салынған құрылыс, ішкі кеңістігі өмір сүруге, еңбек етуге, болмаса адамдардың басқа да қажеттілігі үшін екң қабаттан
6. Қолданылған әдебиет
1. Архитектура гражданских и промышленных зданий. Гражданские здания ./Под ред. А.В.Захарова /. - М.: Стройиздат, 1993
2. Шерешевский И.А. Конструирование гражданских зданий. -М.: , 1981
3. Маклакова Т.Г., Нанасова C.М. и др. Конструкции гражданских зданий . - М.: Строиздат. 1986
4. СНиП РК 3.01.01.-2002, Жилые здания , Астана
5.Будасов Б.В., Каминский В.П. Строительное черчение. М.: «Стройиздат», 1990
6. СНиП РК 2.04.03 -2002 . Строительная теплотехника. Нормы проектирования , Астана
7. СНиП 2.01.01-82. Строительная климатология и геофизика . -М.: Стройиздат, 1983
8.СНиП 2.07.01-89. «Градостроительство. Планировка и застройка городских и сельских населений» М.. 1989 г.
9. «Проектирование и строительство», Петер Нойферт, Людвин Нефф, М.,Архитектура-С, 2009
10. «Архитектура мен жобалау негіздері», 4-том, Ә.Ш.Тәтіғұлов, Алматы, 2005
11. «Азаматтық ғимараттар архитектурасы», Ш.Ж. Сұранқұлов, Астана, 2013

Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
Сәулет өнері кафедрасы

Сәулет-1 пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Аз қабатты тұрғын үйді жобалау

Орындаған : 201-топ студенті Алишер Е.А.
Жетекші: Сұранқұлов Ш.Ж.

Астана 2013
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллин атындағы Қазақ аагротехникалық университеті
Сәулет өнері кафедрасы

Сәулет-1 пәні бойынша Аз қабатты тұрғын үйді жобалау тақырыбындағы курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА

Жобалау мәліметтері:
- құрылыс орны - Киев қаласы
- ғимарат атауы 2 қабатты жеке тұрғын үй
Курстық жұмыс түсіндірме жазбадан және сызба бөлігінен тұрады.

Түсіндірме жазба құрамы:

Негізгі бөлімдер
Көлемі,%
Орындалуы.
1. Кіріспе
2. Жалпы бөлім
3. Сәулет жобалау шешімдірі
4. Бас жоба шешімдері
5. Конструктивтік шешімдері
6. Қолданылған әдебиеттер
5
5
30
40
20

01.12.2013 ж.

Сызба бөлігінің құрамы:
Өндірістік ғимарат план. М 1: 100, 1: 200
Ғимараттың көлденең және бойлық қималары. М 1: 50, 1: 100
Түйіндер, М1: 10, 1: 20
Іргетас, жабын, шатыр пландары, М1: 100, 1: 200
Ғимарат фасадтары, М1: 100, 1: 200
Бас жоба планы. , М1: 400, 1: 500

Сәулет өнері кафедрасының мәжілісінде бекітілген. Хаттама № ___, ______2013ж.

Тапсырма берген Сұранқұлов Ш.Ж.
Орындаушы Алишер Е.А.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1. Жалпы бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Киев қаласының табиғи клматтық жағдай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 6
1.2 Ғимараттың техникалық шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Көлемді-жоспарлау шешімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
3. Құрылымдық шешімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
3.1 Жылу-техникалық есептеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
3.2 Бас жоспар шешімдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

Кіріспе
Сәулет өнері барша адамзат тарихы мен өмірінің бір бөлігі. Ол есте жоқ ескі замандардан бері адамзатпен бірге жасап келеді. Заманауи көзқараста сәулет бұл - ғимарат пен үймереттерді және олардың кешендерін жобалау мен құрастыру өнері. Ол өмірлік процесстердің барлық жақтарын ұйымдастырады.
Сәулетші ғимараттарды жобалау барысында ежелгі рим сәулетшісі Витрувийдің триадасын әр уақытта есте ұстауы тиіс. Ол: беріктілік, пайдалылық, әсемділік. Осы триадаға сәйкес ғимараттар функцианальды (ыңғайлы, пайдалы), конструктивті (берік, үнемді), эстетикалық (әдемі, мағнасына сәулеті сай болуы) талаптарды қанағаттандыруы қажет.
Сәулет өнерінің мақсаты - кеңістіктегі ортада адам өмірімен қызметін материалдық құрылым - құрылыс конструкциялары арқылы ұйымдастырылып, іске асыру. Функцианальдық ерекшелігіне байланысты ғимараттардағы бөлмелер құрамы, өлшемі, арасындағы байланыстар анықталынады. Ол қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Осы талаптар негізінде ғимараттар кеңістіктегі үш өлшемде, планда, фасадта, қимада жобаланады. Ғимараттың сыртқы және ішкі әсемдігіне үлкен көңіл бөлінеді.
Барлық ғимараттардың сол және басқадай функционалды процесстеріне сәйкес келетін рационалды жоспарлануынан басқа, баспалдақ, лифт, жабдықтар мен инженерлік құрылғыларды (санитарлық, жылытқыш, вентиляциялық аспаптар) дұрыс жайғастыру қамтамасыз етіледі. Осылайша ғимарат пішіні көбіне функционалды заңдылықтармен анықталады, бірақ оған қоса ол әсемдік заңдары бойынша салынады.
Құрылыс шығындарын қысқарту ғимараттың рационалды көлемді-жоспарлау шешімдері, құрылыс және әрлендіру материалдардың дұрыс таңдалынуы, конструкцияны жеңілдету, құрылыс әдістерін жетілдіру арқылы жүзеге асады.
Мемлекеттің экономикалық нарыққа өтуіне байланысты, конструктивті және декоративті құрылыс материалдарының қағидалы жаңа түрлерінің саны артты. Осы арада, құрылыс материалдар нарығында бәсекелестіктің өршуіне байланысты олардың арзандалуы, сапасы мен сұрыптамасының қайтымсыз жақсаруы ұдайы жүріп жатады.
Ұсынылатын жоба конструктивті ерекшеліктері мен қолданылатын материалдары бойынша ыңғайлы жобаланған, қатал функцияналды талаптарға жауап беретін, архитектуралық мәнерлігімен ерекшеленетін, салыстырмалы түрде қымбат емес және сапалы тұрғын.
Азқабатты тұрғын үй - бұл жерде салынған құрылыс, ішкі кеңістігі өмір сүруге, еңбек етуге, болмаса адамдардың басқа да қажеттілігі үшін екң қабаттан көп қабат салынбай құрылған. Бұл азқабатты тұрғын үйлер ауылдық жерлерде және қалалық маңыздағы кенттерде,кішігірім қалаларда кездеседі.
Бір пәтерлі үйлер бңр деңгейдегі пәтерлерімен жоспарлауға барысына орай өте ыңғайлы. Үйдің барлық төрт қабырғасы арқылы жарықтық фонд жоспарлауда түрлі вариантты қолдануға ыңғайлы. Бірпәтерлі үйдің бір түрі - екі қабатты тұрғын үй, екі сатыдағы пәтерлермен. Осындай пәтерлердің бір жақсысы жер телімін қолдануға ыңғайлы.
Азқабатты ғимараттың құрылысына әртүрлі технологияны қолданады: панелдік, монолиттік, жинақталатын-монолитпен; кірпіш пен блоктық (бетондық негізде, газобетон, пенобетон) ғимараттардың технологиясы қолмен нақты қабырғаларға кірпіш өру арқылы жасалады; ал ағаштан - шабылған арнайы бөренелік қабырғалардан т.б. алайда ең көп тарағаны жеңіл металдық құрастырылушы материалдар, олар жылдам көтерілетін толық кешенді болып келеді.
Менің таңдалып, жобаланған тұрғын үй азқабатты бір пәтерлікке жатады. Үйдің негізгі тағайындалуы: әртүрлі әлеуметтік құрамдағы 3-6 адамнан тұратын жандардың өмір сүру ортасы, заманауи деігейдегі өмір жайлылығын жасау. Үйдің негізгі функциялық міндетіне отбасылардың өмір сүрудегі жағдайының жақсы болуы салынды. Үйдің екі қабатында да жайлылық, яғни бір бөлменің екінші бөлмемен жапсарласуы, қолайлы жоспарлануы жатады. Сонымен қатар қалай орналасқаны, қай жақтан қандай жайлылық керектігі де қарастырылған. Азқабатты үйдің анағұрлым мықты жақсы жақтары бар. Біріншіден бұл таза ауамен байланысқа қол жетімді, салауатты өмір сүруді ұйымдастырға өте қолайлы. Тұрғындық орындардың бір-біріне кедергісі болмауы жақсы қарастырылса бұл да өмір сүру жағдайына жақсы әсер береді.

1. Жалпы бөлім
1.1 Киев қаласының табиғи-климаттық жағдайы

Климаттық аудан - II B
Көпжылдық орташа температурасы - +8,4 °C
Ылғалдық аймақ - Ылғалды
Абсолютті максималды - +39,9°C
Абсолютті минималды - -32,2°C
Жылдағы ең суық ай - қаңтар
Ең ыстық ай - шілде
Ең суық бес күндік ауа температурасы - -17°C
Ең суық тәулік ауа температурасы - - 19°C
Жердің қату тереңдігі - 100 см
Жауын-шашынның орташа жылдық есебі 619 мм, жылы мезгілде -- 400 мм, ал суык мезгілде шамамен 219 мм.

Киев - Украинаның астанасы және ең ірі қаласы, батыр-қала. Днепр өзенінің бойында орналасқан. Киев агломерациясының орталығы болып табылады. Киев - Украинаның жеке әкімдік-аймақтық бірлігі, елдің мәдени-басқару орталығы, сол сияқты Киев облысының әкімшілік орталығы Украинаның орталық бөлігінің солтүстігіне қарай орналасқан. Тұрғындары жыл сайын орта есеппен алғанда 20 мың адамға тұрақты түрде өсіп келеді. Киев - халқының есебі бойынша европадағы Мәскеу, Лондон, Санкт-Петербург, Берлин және Мадридтен кейін алтыншы орынды иемденген.

Бағыттар бойынша желдің қайталануы
Ай
С
СШ
Ш
ОШ
О
ОБ
Б
СБ
Қаңтар
113,7
103,0
112,5
123,3
93,1
113,8
204,3
164,1
Шілде
183,3
122,7
82,0
72,5
52,9
83,0
183,3
243,3

Жел раушаны

1.2 Ғимараттың техникалық шарты

Курстық жоба тақырыбына Екі қабатты катеджді жобалау.

Ғимарат классы - II
Төзімділік деңгейі - II
Өртке төзу деңгейі - II

Екі қабатты каттедж: ұзындығы - 11700 мм, ені - 10800 мм
Конструкциялық элементтері:
Іргетас - құрамалы , тізбекті, темір-бетонды
Сыртқы қабырғасы - күйдірілген кірпіш
Ішкі қабырғасы - гипсо-картон
Жабын - - - - - құрамалы, темір-бетонды, плиталы
Арақабырғалар - гипсо-картонды
Едендер - тақтайлы, линолеумды, керамикалық плиткалардан
Есік, терезелер - үш қабатты әйнектен
Ішкі есік, терезелер - ағаштан
Сыртқы есік - темірден
Сыртқы терезелер - пластикалық
Сырқы әрлеу - әрлеуге арналған кірпіш
Ішкі әрлеу - түс қағаздар, бояу, асхана және санитарлық түйінде -
керамикалық плитка.
Құрылыс ауданы - 126,36 м2
Жалпы ауданы - 150,56 м2
Тұрғын ауданы - 84,23 м2
Қабат саны - 2

2. Көлемді - жоспарлау шешімі

Аз қабатты жеке тұрғын үй - бұл көп жағдайда, биіктігі 2-3 қабаттан аспайтын үйлер, таунхауздар, дуплекстер мен коттедждер. Мұндай ғимараттардың ерекше сипатына лифттер мен орталық қоқыс жүйесінің болмауын жатқызуға болады. Бұл үйлердің инженерлік инфрақұрылымы жеңілдетілген.
Пәтер бөлмесінің саны жанұя мүшелерінің санына, балаларының саны мен жынысына, ата анасы мен басқа да ерекшеліктерге байланысты анықталынады. Кеңес үкіметі кезінде бір адамға тұрғын аудан 9м2, кейіннен 12м2 нормаланып, бөлме саны алғашында К=n-1, кейіннен К=n формулаларымен анықталды. Қазіргі заман талабы бір адамға бір бөлме.
Ғимарат - екі қабатты каттедж , чердагы бар. Қабат биіктігі 2,7м, ғимараттың ұзындығы - 11700 мм, ені - 10800 мм, жалпы биіктігі 8,6м; 0,000 белгісі ретінде бірінші қабаттың таза беттік едені алынған.

Жалпы бөлме ол пәтердегі негізгі бөлме және оның ауданы басқа бөлмелерге қарағанда үлкен. Онда дем алу, түрлі жұмыспен айналысу, қонақ күту қызметін атқаруға болады. Жалпы бөлме холлдың жанына үлкен есік арқылы орналастырылады. Сонымен қатар асханамен жылжымалы қабырғалар арқылы байланыстырылады. Бір бөлмелі пәтерлерде жалпы бөлме ауданы 15м2 , екі және үш бөлмелі пәтерлерде - 16 м2, ал төрт және бес бөлмелі пәтерлерде - 18 м2 кем болмауы тиіс. Бұл бөлменің ені ғимарат класына байланысты тағайындалады. I-II классты ғимараттарда бөлме ені 3,2 метрден, ал III-Ivклассты ғимараттарда- 2,8 м кем болмауы керек. Ең тиімді бөлме қатынасы - 1:1 1:1,5. Үлкен пәтерлерде жалпы бөлмені қатынас бөлмесі ретінде жобалайды. Мұндай жобалау коридор (дәліз) ауданының кішіреуіне әкеп соғады. Жалпы бөлме - жанұя мүшелерімен бірге жиналатын бөлме. 20.19 м2
Қонақ бөлмесі. Қонақтарды қабылдайтын бөлме. Дәстүр бойынша бұл - пәтердегі ең үлкен және ең жарық жай. Орталық бөліктің орнын әдетте ас ішетін стол алады. Адам демалуы үшін міндетті атрибуттар аудио-видео аппаратура мен жұмсақ жиһаз болып табылады. 14.42 м2

Ұйықтайтын бөлме бір немесе екі адамға арналып жобаланады. Онда мынадай функциональдық аймақтар қарастырылады:
-ұйықтайтын, киімдерді және тұрмыстық заттарды сақтайтын орын;
-жанұя мүшелерінің жеке немесе кәсіптік жұмыстармен айналысатын орын. Пәтер екі қабатқа орналасқан жағдайда жатын бөлмелерді екінші қабатқа орналастырады. Жататын орын бір адамға 2х0,8м қарастырылады. Жатын бөлме ерлі зайыптыларға, бір немесе екі адамға жобаланады. Ерлі зайыптыларға жобаланған жағдайда онда үш жасқа дейінгі балаға ұйықтайтын орын қарастырылады. Екі адамға арналған бөлме ауданы 10 - 14 м2 -ден, ал 1 адамға - 8 м2 кем болмауы тиіс. Бөлме ені I-II классты ғимараттарда - 2,4м, ал III-IV классты ғимараттарда- 2,2 м кем болмауы тиіс. Оңтүстік аудандарда ұйықтайтын бөлмелер батысқа қарамауы керек, себебі онда ол бөлмелер түнде ысып кетеді. Жатын бөлмесі - ұйықтауға арналған жай. 12.82 , 13.55 м2
Асхана. Мұнда тағам дайындаудан басқа жанұя мүшелері тұрақты тағам ішетін орындар қарастырылады. Асханаға қажетті технологиялық жабдықтарды (плита, жұмыс столы, мойка, тоңазғытқыш) бір қатар орналастырған жағдайда қабырға ұзындығы 2,7 м болуы керек. Сонда оның ауданы бөлме жихаздары мен жабдықтарын тиімді орналастыруға байланысты кемінде 8 м2 кем болмауы тиіс
Асхана біріктірілген тұрғын жайларды функционалды шешімінің нұсқасы болып табылады. Адамның тамақтануы мен өзара тілдесу мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында ұлы депрессиядан кейін АҚШта ойланып табылған. 17.97 м2

Ванна бөлмесінің өлшемі ванна мен умывальник түріне және оның өлшеміне, сонымен қатар кір жуатын машина сиятын өлшемі 0,75х0,5 м кем болмайтын жер болуы керек. Сонда ванна бөлмесінің ең кіші өлшемі - 1,75х1,6м Әжетхана есігі ішке ашылған жағдайда бөлме ені 0,8 м, ұзындығы 1,4 м кем болмауы керек, ал сыртқа ашылғанда 0,8х1,2м. Санитарлық түйіндер. Әжетхана - ені 1 м, ұзындығы 1.5 м. Ванна - ені 2м, ұзындығы 2м.
Ауыз бөлме пәтерге кірер жерде орналасады және оның қызметі басқа бөлмелермен байланыстыру. Мұнда сырт киімге, аяқ киімге арналған жихаздар және айна болуы қажет. Ауыз үйдің ені 1,4 м кем болмайды. Олар басқа бөлмелермен коридорлар немесе жалпы бөлме арқылы байланыста болады. Тұрғын бөлмелерге баратын коридорлар ені 1,1 м, кухня, санузелге баратын коридорлар ені - 0,85м кем болмауы тиіс. Бұл коридорларға шкафтар мен антрисольдар орнатылады. Сондын менің ғимаратымның ені - 1600мм, ұзындығы - 2800мм.

Кесте 2.1 Жайлардың экспликациясы

Позиция
Жайдың атауы
Ауданы
101
Асхана
9.91 м2
102
Ас үй
8.06 м2
103
Жұмыс бөлмесі
7.61 м2
104
Қойма
2.60 м2
105
Дәліз
6.51 м2
106
Ауыз бөлме
4.35 м2
107
Шеберхана
15.64 м2
108
Жалпы бөлме
20.19 м2
109
Қонақ бөлме
14.42 м2
111
Санитарлық түйін
2.26 м2
201
Жатын бөлме
12.82 м2
202
Жатын бөлме
13.55 м2
203
Дәліз
12.84 м2
204
Чердак
37.9 м2

Техникалық-экономикалық көрсеткіштер

1
Жалпы ауданы
150,56 м2
2
Құрылыс ауданы
126,36 м2
3
Тұрғын ауданы
84,23 м2
4
Құрылыс көлемі
1086,7 м3
5
Коэффициент К1
0,4 %
6
Коэффициент К2
5,7 %

3. Құрылымдық шешімдері

Қаңқасыз екі қабатты каттедж. Ұзындығы - 11700 мм , ені - 10800 мм. Жалпы биіктігі 8,6м. Негізгі көтеруші элементтер - кірпіш қабырғалар және темір - - - - - - - бетонды жабындар.

Іргетас - - - - - - - ғимараттың тіректік бөлігі, ол арқылы ғимараттан жерге салмақ түседі. Іргетас судан, температурадан қорғалған. Сол үшін де іргетасқа небір мықты материалдардың қоспасы енеді, олар қосылып: суға қарсы, аязға қарсы сипатқа ие болады: темір бетон, бетон, буталық тас, басқа да мықтылық беретін материалдар. Қазіргі таңдағы заманауи құрылыста ғимараттың астына салынатын іргетастар жиналмалы болады, темір бетондық жастықшалардан, блоктардан, қабырғалық соколды панелдерден.
Салынған іретастың тереңдігін есептегенде оның төменгі табанынан жерден асып тұрған қабатына дейінгі аумақты қарайды.
Негізі іргетастың тереңдігі салынатын ғимараттың неге арналғанына қарай болады, жертөлесінің болуы, геологиялық жағдайына, жер қыртысының орныққандығына, мерзімдік тереңдігіне, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимараттардың құрылыс технологиясы
Көп қабатты құрылыс
Екіқабатты өндірістік ғимаратты жобалау
Азаматтық ғимараттардың сәулеті
Коммуникалық бөлмелер
Рельефті жерлерде құрылған блокталған пәтер
Қонақ бөлме
Сәулет - құрылыс шешімі
Құрылыс және құрылыс материалдары
ЦОКОЛЬДІ ТЕМІРБЕТОН ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ
Пәндер