Ежелгі шығыс елдеріндегі саяси және құқықтық ілімдер.


Кiрiспе
Дүниежүзiлiк саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы - адамзаттың рухани мəдениетiнiң маңызды құрамдас бөлiмдерiнiң бiрi. Мұнда адамзаттың өткен заманнан бүгiнгi күнге дейiнгi саяси-құқықтық iлiмi мен тəжiрибесi жинақталған, мемлекет, саясат, заң жүргiзу, құқық, бостандық мəселелерiнiң негiзгi қағидалары жəне iлiмдерi анықталған. Адамзаттың өткен уақыттағы саяси - құқықтық тəжiрибесi, идеялары, ойлары қазiргi замандағы саяси жəне құқықтық iлiмнiң дамуы мен оның бағытына едəуiр ықпал етедi, бiздiң қазiргi iс-əрекетiмiзге бағыт бередi.
Қазiргi дүниенi неғұрлым дұрыс танып, бiлу үшiн жəне болашақ жақсы өмiрдiң дұрыс жолын таңдай бiлу үшiн адамдар əр уақытта, əр дəуiрде өзiне дейiнгi өткен идеялар мен қағидаларға сүйенген. Өткен тарихты жəне адамзаттың ұзақ ғасырлық тəжiрибесiн пайдалану тарихи қажеттiлiк болып табылады. Қазiргi кезде елiмiзде алуан түрлi саяси бағыт-бағдар ұсынған партиялар мен қозғалыстар дүниеге келдi. Олар дүниеге келiп ғана қойған жоқ, белгiлi-бiр мақсат ұстанған нақты күш ретiнде саяси аренаға шықты.
Олардың саяси қызметi мемлекет iсiне, құқыққа, саясатқа белгiлi бiр дəрежеде ықпал да жасауда. Қоғамдық бiрлестiктердiң пайда болуы, дамуы жəне саяси платформасы əлемдiк тарихтың жəне Қазақстанның бұған дейiнгi əр кезеңiнде болған партиялар мен қозғалыстар тарихына сипаттас, мазмұндас жəне үндес болып келедi. Сондықтан да олардың Отан тарихында алатын орны мен құқықтың көзқарастары жиынтығын қарастыру мен шешуде əлемдiк саяси-құқықтық iлiм тарихының саяси тəжiрибесi мен ғылыми тұжырымдарын ескерудiң пайдасы зор болмақ. Саясат пен құқықта ақиқатты табудың бiрден-бiр дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесiн қалыптастыру екендiгi белгiлi. Ал мұндай баламалы ойлау жүйесiнiң бұған дейiнгi тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы жəне жүзеге асу жолдары саяси жəне құқықтық iлiмдер тарихы ғылымында сараланады.
Ежелгi Шығыстағы саяси жəне құқықтық ойлар
1. 1 Шығыстағы саяси-құқықтық ойдың бастаулары
1. 1 Саяси жəне құқықтық iлiмдер қалай пайда болды? Оның қайнар көздерi неде? Қайдан шықты? Олардың алғашқы авторлары кiмдер? Олардың көзқарастары мен ойлары ненi бiлдiредi? Жəне кiмнiң мүддесiн қорғайды?
Осы тəрiздi сұрақтарға Ежелгi Шығыс елдерiндегi саяси жəне құқықтық iлiм тарихын оқи бастағанда-ақ тап боламыз жəне оның адамзат дамуының тарихында ұзақ қайшылықты жолдан өтетiнiн байқаймыз. Оның пайда болуы рулық қауымның ыдырап, ертедегi таптық мемлекеттердiң пайда болуы мен өмiр сүрген кезеңiне сəйкес келедi.
Саяси-құқықтық iлiмдер алғашқы кезеңде адамдардың алғашқы мифтiк көзқарастары негiзiнде пайда болды. Адамдардың қоғам мен табиғаттағы орны туралы мəселе ежелгi Шығыс жəне Батыс халықтарында, египеттiктерде, үндiстерде, вавилондықтарда, парсыларда, еврейлерде, гректерде, қытайларда, римдiктерде жəне т. б. халықтардың мифтiк аңыздарында көрiнiс табады. Мифология - ежелгi адамдардың өзiн қоршаған əлемге, дүниеге қатынасы. Бұл кездегi өндiрiс қатынастары мен өндiргiш күштердiң жетiлмегендiгiнен, бүкiл əлемдi, оның заңдылықтарын түсiну өте қиынға соқты. Сондықтан да ежелгi дүние адамдары əлемдi екiге бөлiп қарады. Оның бiрi - өздерi өмiр сүрiп, тiршiлiк етiп отырған көз алдындағы дүние болса, оның екiншiсi - олардан тыс жатқан, сыры белгiсiз, өздерi көрiп тани алмайтын басқа дүние едi. Мифтiк көзқарастардың сипаты, негiзiнен, болған оқиғалардың қарапайым хабарламалары жəне бұл оқиғаларға адамдардың бағыныштылығы туралы болып келедi. Яғни, табиғаттан тыс, адамдардың еркi мен əрекетiнен жоғары тұратын күш туралы айтылады. Жердегi өмiр мен адамдардың iс-əрекетi - құдай iсi деп көрсетiледi. Қоғамдық жəне мемлекеттiк құрылыс, ел билеу мəселесi, адамдардың, адамдар мен құдайлардың өзара қарым-қатынастары, олардың мiндеттерi мен құқықтары құдай бұйырған əрекеттер ретiнде айтылады. Не iстеу керек немесе не iстеуге болмайтындығы алдын-ала шешiлген. Оған қарсы тұруға болмайды, ол адамның тағдыры ретiнде адамдарды патшалар мен құдайларға бағынышты ретiнде көрсетедi.
Мифтiк көзқарастарда сонымен бiрге болашақ iлiмдердiң элементтерi де кездесетiнiн, оларды алғашқы адамдар өздерiнiң тiршiлiгi мен қызметiне қажеттi түрде пайдалана бiлгенiн де айта
кеткен жөн. Мифтiк аңыздарда адамдарды алғашқыда құдайлардың билегендiгi, кейiннен құдайлар адамдарды ел билеу əдiстерiне үйретiп, ел билеудi олардың өз қолдарына бергендiгi туралы айтылады. Мысалы, Герадот өзiнiң шығармасында алғашқы Египет патшасынан б. з. д. V ғасырға дейiн Египетте 341 патша мен абыздар ұрпағының өткендiгiн жəне оның 11340 жылға созылғандығын жазады. Египет абыздарының айтуынша, елдi құдайлар билеген, олар адамдармен бiрге өмiр сүрген.
1. 2 Ежелгі шығыс елдеріндегі құдай билігі.
Ежелгi еврей халқында адамдарды алғашында құдайлардың билегендiгi, ежелгi Қытайда Аспан астындағы билеушiнiң болғандығы туралы айтылады. Ежелгi Египеттiң дiни жəне мифтiк аңыздарында əдiлдiк пен заңдылықты, шындық пен жақсылықты құдай-ана Ма-ат жiберiп отыратындығы баяндалады. Египеттiктердегi ″ ма-ат ″ ұғымы сияқты ежелгi үндiстерде ″ рта ″, ежелгi Қытайда ″ дао ″ , ежелгi гректерде ″ дике ″ ұғымдары бар жəне бұлардың барлығында олар шындық пен əдiлдiктiң елшiсi ретiнде көрсетiледi.
Ежелгi Египетте ″ Птахотеп өсиетi″ (б. з. д. XXVIII ғ. ), ″ Өлiлер кiтабы″ (б. з. д. XXV-XXIV ғғ. ) жəне т. б. жердегi əлеуметтiк-саяси тəртiптер мен заңдар, адамдардың iс-əрекеттерi мен өзара қарым-қатынастары құдайдың əдiл iстерi ретiнде мақталады. ″ Птахотеп өсиетi″ кiтабында барлық адамдардың табиғи еркiндiгi, туа бiткен данышпандар мен оқымыстылардың болмағандығы туралы көзқарастар кездеседi. Бұнда адамдардың мiнез-құлқы ″ ка ″ принципiне - iзгiлiктi де қайырымды жəне əдiлеттi мiнез-құлық өлшемiне сəйкес келу қажеттiлiгi негiзге алынады. ″ Гераклеопольдық патшаның өзiнiң ұлына айтқан өсиетiнде″ ( б. з. д. XXII ғ. ) құдайларға айтылған мақтаулар мен перғауынның құдайлық билiгi туралы сөздермен қатар, заң мен əдiлдiкке қарсы ешқандай iс-əрекет жасамау керектiгi, өйтпеген жағдайда адамдардың құдайдың қаһарына ұшырап, қайыршылық пен азапты өмiр кешетiндiгi туралы үндеулер кездеседi. Бұл өсиет кiтапта патша сонымен бiрге ″ əдiлдiктi жасаушы жəне қорғаушы″ретiнде дəрiптеледi. Өсиет кiтаптың авторы патша Ахтой өзiнiң ұлына, яғни мұрагерiне ″ Өзiңнiң билiгiңдi жоғары ұста жəне оны одан əрi көтере түс, ол сенiң заңдарыңды күштi етедi жəне мемлекетiңдi қорғайды″ деп, өсиет айтады.
″ Өлiлер кiтабында″ адамдардың өлгеннен кейiнгi тiршiлiгi өлiлер патшалығына ауысатындығы
туралы баяндалады. Бұл патшалықта жылу мен жарық жəне адамдар тұрмысына қажеттi нəрсенiң бəрi бар. Бұл патшалыққа келгендердi Осирис құдайдың əдiл соты олардың жер үстiндегi өмiрiнде əдiл де қайырымды немесе қатыгез де сұрқия болғандығын таразылайды. Шындық құдайы - Ма-ат мүсiнi жанында Осиристiң əдiл соты олардың барлық iс-əрекетiн сұрайды. Сот алдына келгендер ″ Мен ешкiмге қастық жасаған жоқпын, мен ұрлық жасаған жоқпын, мен ешкiмдi алдаған жоқпын, мен ешкiмдi жылатқан жоқпын, мен ешкiмге қарыздар емеспiн, мен құдайларды сөккен жоқпын″ - деп, ант-су iшедi. Египеттiктердiң түсiнiгiнше, адамдар жер бетiндегi сот жазасынан құтылғанымен, өлiлер патшалығындағы Осирис құдайдың əдiл сотынан құтыла алмайды. Жер бетiндегi өмiрде əдiлдiк пен шындық бола бермейдi, бiрақ түбiнде оған жауап беруге тура келедi. Жер бетiндегi патшалықтағы теңсiздiк пен заңсыздыққа адамдардың өзi жол берген. Мемлекет билеушiсi - перғауын - құдайлар патшасы - күн құдайының ұлы. Сондықтан да ол адамдар патшасы болып тағайындалған. Ол жер бетiндегi барлық əрекеттi, жамандық пен жақсылықты, қатыгездiк пен əдiлдiктi бүтiндей бақылай алмайды, адамдар арасындағы келiспеушiлiктердiң орын алуы да осыдан пайда болады.
Билiк пен заңның белгiлi бiр топтың ғана мүддесiн қорғағандығы жəне оған мүдделi топтардың осы заңдар мен нормаларды да өз мақсаттары үшiн пайдаланғандығы, оны қызғыштай қорғағандығы əдiлдiк пен билiк туралы жоғарыда айтылған ережелерден айқын көрiнедi. Мақтанышпен айтылған əдiл билiк пен əдiлеттi заңға халық бұқарасының наразылық бiлдiргендiгi, қарулы күреске шыққандығы туралы мəлiметтер де кездеседi. Осындай халық қозғалыстарының бiрi туралы (б. з. д. 1750 жылдар шамасы) ″ Ипусердiң сөздерiнде″ айтылады. Ол бұл қозғалысты ″заң мен билiкке қарсы əрекет етушiлер″ ретiнде көрсетедi, бұл кезде елде адам айтқысыз өзгерiстердiң болғандығын, билiк органдары мен сот палаталарының қиратылғандығын, билеушi сарайындағы сақтаулы заңдардың көшеге шығарылып, аяққа тапталғандығын жəне жойылғандығын баяндайды. Ежелгi Вавилон билеушiлерi өздерiнiң билiгi мен заңдарының құдайлық сипатта екендiгiн дəлелдеуге тырысты. Б. з. д. XVIII ғ. Хаммурапи заңдарының кiрiспесiнде ″ Аннуактардың мəртебелi патшасы Анум мен ел тағдырын шешушi көк пен жердiң əмiршiсi!… бүкiл адамзатты билеудi маған берiп, елге əдiлеттiлiктi орнату үшiн, қылмыс пен жауыздықты құртып, əлдi əлсiзге қысым жасамау үшiн жəне елге жарық беруге Анум мен Энлиль игiлiгiне халық менi шақырды, жерде əдiлдiк пен тəртiп орнату үшiн менi Шаман құдай жiбердi, менiң бұйрықтарым мен заңдарымды ешкiмнiң де өзгертуге құқы жоқ″ деп айтылады.
1. 3 Вавилон мемлекеті, парсылар империясындағы саяси ойлар.
Хаммурапи бiрiншi Вавилон əулетiнiң алтыншы патшасы (б. з. д. 1792-1750 жж. ) Бұл уақыт Вавилонның бүкiл Қос өзен аралығында экономикалық, саяси жəне мəдени орталығына айналу жəне оның гүлдену мен дəуiрлеу кезеңi. Вавилонның саяси жəне əлеуметтiк құрылымы туралы бағалы жəне жан-жақты мəлiметтер қалдырған Хаммурапи заңдары жазылған биiк базальт бағана 1901-1902 жылдары француздың археологиялық экспедициясының Сузы қаласын қазуы кезiнде табылды. Бағананың жоғары жағында тақта отырған күн тəңiрiсi Шаман құдай жəне оның алдында iлтипатты тұрған əйел патша Хаммурапи салынған. Бағананың қалған бөлiктерiнде заңдар сыналап ойып жазылған. Əдiлдiктiң қорғаушысы ретiнде баяндалған бұл заң еркiн адамдар мен құлдардың құқықтық жағдайын заң жүзiнде бекiтедi. Олардың əлеуметтiк жағдайы мен тұрмысын өзгертуге жатпайтын норма ретiнде бағалайды, билеушi топтың мүддесiн жəне жеке меншiктi қызғыштай қорғайды.
Ежелгi парсылардың дүниетаным туралы көзқарастары зароастризмде көрiнiс тапты жəне дамытылды. Дiни-этникалық бұл ағымның негiзiн қалаушы б. з. д. VIII ғасырда өмiр сүрген Заратустра болып саналады. Кейбiр тарихшылар оның туып өскен жерi Сыр бойы деп те есептейдi. Қалай болғанда да бұл ағым дiни сипатта дамып, кейiннен едəуiр территорияға ықпалын тигiздi. Таяу Шығыс, Алдыңғы Азия, Үндiстан, Греция, Орта Азия елдерiне кең тарады. Зороастризмнiң негiзгi қағидасы бiр-бiрiне қарама-қарсы екi күш -жақсылық пен жамандықтың өзара күресi мазмұнында өрбидi. Қайырымдылық пен жақсылықты жасаушы жарық дүние патшалығы Ормузда құдай, жауыздық пен жамандықты жасаушы қараңғы дүние патшалығы Ариман құдай құдiретi деп көрсетiледi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz