Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

1. Кіріспе . . . 3

2. Негізгі бөлім

  1. Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері . . . 4
  2. Халықаралық құқықтық нормалардың жіктелуі . . . 6
  3. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері . . . 9

3. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 12

Кіріспе

«Құқықтың қайнар көздері» деген термин материалдық және ресми (заңдық) екі аспектіде қолданылады.

Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздері ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын түзетін бүкіләлемдік экономикалық қатынастарды айтамыз. Осы заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздері - бұл оның нормалары мен қағидаларының көрінуі мен бекітілуінің ерекше, арнаулы нысаны. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасуы және пайда болу процесін қорытындылайды.

2. 1. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерін сараламай тұрып, ең алдымен норма жасау проблемаларымен танысып шығу қажет. Норма жасау процесі кезінде құқық субъектілері өздерінің қызметтерінің басым бағыттарын айқындайды, яғни халықаралық құқықтың мәнін тұтастай алғанда.

Латын тілінен аударғанда норма сөзі (латын. норма) - міндетті деп танылған заңдастырылған заң, тәртіп, құрылым деген мағынаны білдіреді.

Кейбір құқықтық нормалардың мазмұны мен әрекет ету тетігі құқықтық емес нормалармен ұқсас болады, мысалы, халықаралық сыпайгершілік (өнеге) нормасына ұқсайды. Аталған соңғы норма заң тұрғысынан міндетті емес, оларсыз халықаралық теңіз және дипломатиялық құқық өмір сүре алмайды. Мәселен, ашық теңіздегі кемелердің өзара салют беруі, дипломатиялық салтанат рәсімі.

Халықаралық сыпайгершілік - меймандостық, тату көршілік актілерін, мемлекеттердің өз еріктерімен ерекше көңіл аударып, құрметтесуін көрсетеді.

Алайда халықаралық сыпайгершілік ережелері, халықаралық-құқықтық қатынастың қатысушылары үшін заңдық тұрғыда міндетті болуы да мүмкін. Мұндай жағдай халықаралық шартта да (құқықтың шарттық нормасы), сондай-ақ халықаралық құқықтық дәстүрде де бекітіліуі мүмкін.

Халықаралық құқықтық нормалар ұлттық-құқықтық нормалармен тығыз байланысты, бұл тезистің дәлелі ретінде өзара әрекеттесу процесін айтуға болады.

Халықаралық-құқықтық нормалар - бұл халықаралық жария құқық субъектілері тәртіптерінің белгілі бір ережелері.

Ондай нормаларға мынадай сипат тән:

- біріншіден, халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды реттеуі;

- екіншіден, міндетті сипаты, яғни құқықтық нормалардың заңдық күші, себебі құқықтық емес нормалардың өзіндік міндетті күші болады;

- үшіншіден, жалпы сипаты, яғни норманың әрекет етуі көптеген жағдайларды ескере қарастырылған.

Осы заманғы халықаралық-құқық ғылымының маңызды мақсаттарының бірі халықаралық құқық нормаларының тиімділігі проблемалары болып отыр. Бұл проблеманың қолданбалы сипатта екені сөзсіз. Ол тиімділік объектілерімен және реттеу әдістерімен қамтамасыз етіледі. Себебі, сараптау объектісі ретінде халықаралық субъектілердің әрекеттері, олардың құқыққа сай немесе құқыққа қайшы тәртіптерін анықтау болса, зерттеудің негізгі әдістері болып әлеуметтік әдістер табылады. Халықаралық құқықтық реттеудің соңғы нәтижесі тек субъектінің тәртібімен емес, сонымен қатар халықаралық қатынастардың белгілі бір түрлерінің қалыптасуынан да көрінеді. Сол себепті, халықаралық жария құқықтың тиімділігін арттырудың маңызды шартының бірі норма құру процесін жетілдіру болып табылады. Бұған халықаралық құқықтық нормаларда халықаралық қатынастардың дамуының объективті заңдылықтары көрінгенде, нормативтік ережелердің айқындығы мен нақтылығы болғанда, құқықтағы олқылықтарды зерттегенде ғана қол жеткізуге болады.

Г. И. Тункин «маңызды ерекшеліктердің бірі . . . деп норманы» бұл құқық жүйесі субъектілерінің өзара жасайтындығын әділ атап өткен.

2. 2. Халықаралық құқықтық нормалар санының артуы оларды жіктеу қажеттілігіне әкеледі. Оның ішінде көп таралғаны бұл нормалардың шарттық және әдеттегі болып бөлінуі. Дегенмен, оның күрделілігіне және көп қырлылығына байланысты басқа да маңызды белгілерді ескеру қажеттілігі туындайды:

а) әрекет ету өрісі бойынша - әмбебаптық, аумақтық, партикулярлы (бытыраңқы) .

Әмбебаптық нормалардың болуы халықаралық әмбебап актілермен қамтамасыз етіледі, олар халықаралық құқықтың көпшілік мақұлдаған нормалары деген атқа ие. Әмбебап нормалар БҰҰ Жарғысында, 1970 жылғы халықаралық құқық қағидаларының Декларациясында бар, БҰҰ Бас Ассамблеясының көптеген қарарлары көпшілік мемлекеттердің оның заңдық күшін қабылдағанынан кейін халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормасына айналады. Әмбебап нормалардың негізгі айырмашылық белгісі олардың әрекет етуінің әмбебаптығы жалпыға бірдей міндеті күші болып табылады. Әмбебап норма ғана императивті бола алады және ерекше әмбебап міндеттемелерді жасай алады.

Әмбебап және аумақтық құқықтық нормалар өзара байланысты және олардың тиімділігінің маңызды мәні болып табылады. БҰҰ Жарғысында «Аймақтық келісімдер» деген арнайы VIII тарау бар. Халықаралық құқықтың аймақтық нормаларының көбеюіне отарлау нәтижесінде тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы себеп болды. Аймақтың себебі әлеуметтік және саяси факторларға ғана емес, сонымен қатар жаңа факторларға да байланысты. Жаңа құқықтық нормалар аймақтық деңгейде жеңілірек жасалады. Осы деңгейде, сондай-ақ әмбебап нормаларды жүзеге асыру да анағұрлым тиімді.

Доктринада және тәжірибеде партикулярлық (бытыраңқы) құқықтық нормалар белгілі. Партикулярлық термині (латынша particularize - ішінара, жеке) оқшауланған жергілікті деген мағынаны береді, яғни жалпы мемлекеттікке қарама-қарсы деген сөз. Қарастырылып жатқан контексте бұл әмбебап нормаларға қарағанда шектелген сипатта әрекет ететін нормаларды білдіреді. Құқықтық нормалардың мұндай түрлері белгілі бір географиялық орынмен, шекарамен, арналармен байланысты нақтылықты қажет еткен жағдайларда қолданылады. Ұлттар Лигасының халықаралық әділ сотының Тұрақты Палатасының тәжірибесі, кейінірек БҰҰ Халықаралық Сотының тәжірибелері партикулярлық әдеттегі нормалардың бар екенін растап берді. Партикулярлық нормаларда жалпылық сипаты жоқ, дегенмен құқықпен тығыз байланысты болады. Партикулярлық нормалар жалпы халықаралық құқықтан пайда болған және халықаралық құқық негізінде қызмет етеді.

б) заңи күші бойынша - императивтік және диспозитивтік.

Халықаралық құқық доктринасы «императивтік норма» және «jus cogens» терминдерін тең дәрежеде қолданады. Императивтік нормалардың пайда болуының алғышарттарын БҰҰ Жарғысы жасады, мәселен, 2-баптың 6-тармағы, 106-бап. Онан әрі бұл тұжырымдаманы халықаралық шарттардың құқықтары туралы Вена Конвенциясы дамытты. Халықаралық құқық комиссиясы императивтік нормалардың құқықтық табиғатын егжей-тегжейлі талқылады. Жалпы, халықаралық құқықтың императивтік нормаларына халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын; әлемдік бірлестіктердің халықаралық құқықтың қол жеткізген адамгершілік стандарттарын - әділдік, адал ниет қағидаларын тарихи түрде бекітетін құқықтар мен нормалар; қол жеткізген гумандық деңгейді бекітетін - адамзат құқығы, халықтар, аз ұлттар құқығы жөніндегі, соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі қағидалар; атмосфераны жалпылай ластауға, жер бетін, теңіздерді былғауға тыйым салатын қағидалар мен нормалар; халықаралық кеңістіктердің, ашық теңіздердің, ғарыштың, Антарктиканың режимін айқындайтын қағидалар мен нормаларды жатқызуға болады.

Диспозитивтік нормалар халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы келісім нәтижесінде тәртіп ережелерінен ауытқуға мүмкіндік береді. Диспозитивтік нормалар мынадай болып көрінуі мүмкін: «тараптар келісімімен өзгеше көзделмесе, тараптардың . . . мүмкіндігі бар» - дегендей. Нормалардың диспозитивтігі шектелген міндетті күшімен емес, субъектілердің өздерінің арақатынасын жалпы нормада бекітілгеннен басқаша реттеу құқығын көрсетеді. Мәселен, халықаралық экономикалық қатынастар аумағында 1980 ж. халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Конвенцияның 6-бабында диспозитивтік норма бар: тараптар Конвенцияны қолданбауы да мүмкін немесе 12-баптың талаптарын сақтағанда, оның кез келген ережелерінен бас тартуға немесе оның әрекет етуін өзгертуге құқылы, - делінген.

в) халықаралық құқықтық реттеу тетігі қызметі бойынша - материалдық және іс жүргізушілік.

Халықаралық құқықтағы іс жүргізу нормаларының мәні ұлттық жүйеден өзгешелеу. Ондай нормаларды арнайы заң шығарушы және құқықты қолданушы мекемелер шығарады және іске асырады.

Ал халықаралық құқықтың іс жүргізу нормаларын негізінен алғанда, құқық субъектілерінің өздері шығарады және іске асырады, яғни, материалдық және іс жүргізу нормаларының елеулі ерекшеліктері жоқ.

Халықаралық құқық Комиссиясы құқық қолдану процесін қажет ететін қандай да бір Конвенцияны дайындау барысында іс жүргізу нормаларының проблемалары туындайды. Сонымен қатар материалдық нормаларды қолдану мәселелері де бір мезгілде шешіле береді.

Басқаша айтқанда, іс жүргізу нормаларынан туындайды және олардың әрекет етуіне қызмет етеді. Халықаралық жария құқықта іс жүргізу нормалары ұлттық құқықтың саласы - мемлекеттік, әкімшілік салалары сияқты жеке салаға бөлінбейді. Олар құқықтың жалпы жүйесінде де, сондай-ақ нақты халықаралық-құқықтық актілерде де материалдық нормалармен өзара байланысты.

г) халықаралық-құқықтық нормалардың басқа түрлері.

Нормаларды жүйелеуге байланысты көптеген негіздер бар. Мәселен, олар тыйым салатын, міндеттейтін, құқық беретін нормалар. Бұлар бөлуге заңи тәртіптің деңгейі негіз болады. Мысал ретінде, халықаралық қатынастардың қатысушылары бекіткен, оларға қосылған немесе қабылдаған халықаралық шарттарды айтуға болады.

Сілтемелік (бланкеттік) халықаралық-құқықтық нормалар басқа нормаларда көзделген ережелерді басшылыққа алуға міндеттейді. Мұнан басқа, құқықтық емес нормаларға да сілтемелер жасалуы мүмкін. Мысалы, Халықаралық Сот Статусының 38-бабында, тараптар келіскен жағдайда дауларды әділдік бастамасымен қарау қарастырылған.

2. 3. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.

Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің - заңи мағынасы - бұл, оның субъектілерінің келісілген еркін білдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.

«Құқықтың қайнар көздері» деген термин материалдық және ресми екі аспектіде қолданылады.

Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздері ретінде халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде дамитын және халықаралық құқық нормаларын түзетін бүкіләлемдік экономикалық қатынастарды айтамыз. Осы заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздері - бұл оның нормалары мен қағидаларының көрінуі мен бекітілуінің ерекше, арнаулы нысаны. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздері халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасуы және пайда болу процесін қорытындылайды.

Қайнар көздердің жүйесі негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді:

  • Халықаралық шарт;
  • Халықаралық дәстүр.

Халықаралық құқықтың көмекші қайнар көздеріне мыналар жатады:

  • Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары;
  • Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешімдері;
  • Мемлекетішілік заңдар, ұлттық соттардың шешімдері;
  • Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;
  • «Өркениетті ұлттар таныған құқықтың жалпы қағидалары».

Халықаралық құқықтың өзіндік қайнар көздері болып табылмағанымен де, бұл қайнар көздер, біріншіден, халықаралық-құқықтық нормалардың жасалу процесінде белгілі бір сатылары болып табылады; екіншіден, заң шығарушы процесі барысына әсерін тигізеді; үшіншіден, халықаралық құқық нормаларының бар болуын немесе мазмұнын бекітеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықты әлеуметтану тұрғысынан түсіну
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Құқық жүйесінің түсінігі және құқық жүйесінің құрылымдық элементтері
Құқық нормасының түсінігі
Құқық туралы түсінік
Құқық, құқықтық норма және құқықтық қатынас ұғымдары
Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
Қылмыс құқығы ұғымы, міндеттері, принциптері
Конституциядан қылмыстық құқық
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz