Толғау жанры және оның XV-XVII ғасырлардағы даму сипаты
Мазмұны
1.тарау. Толғау жанрының қалыптасуы, дамуы, оның ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4.8
2.тарау .Толғау жанрының зерттелуі, ой.пікірлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9.11
3.тарау. Толғау жанрының XV.XVII ғасырлардағы үлгілері, ерекшеліктері ... ... ... ...12.17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

Толғау - қазақ әдебиетінің ежелден келе жатқан өлең түрлерінің бірі.
Қазақ поэзиясының алыстағы бұлақ-бастауларынан аты мәлім алғашқы жеке авторлардың кіші-гірім шығармалары біздің заманымызға көбіне көп толғау арқылы жетті. Бұл осы көркемдік пішіннің жалпы әдебиетіміз үшін оның ішінде поэзиямыз үшін ең көне түр болғанын білдірумен қатар, ауыз әдебиетінен жеке авторлар творчествосының ұзақ бөлініп шығу процесі бойына бірден–бір көркемдік түр ретінде белсенді қызмет атқарғанның да белгісі. Осы тұрғыдан алғанда толғаудың тууы мен өмір сүруі, дамуы ғылым үшін өте қызғылықты факт. Жанрдың тууы мен табиғатын зерттеу екінші жағынан қарағанда жалпы арнайы қарау әдебиеті таза тарихи-әлеуметтік тұрғыдан қарастырудан көп өзгеше.
Жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен ұзақ бөліну процесінде туып, өлшеусіз көп қызмет атқарған толғау жанрының негізгі төркінін оның сол шыққан арнасынан –ауыз әдебиетінен іздеуге тиіспіз. Өйткені өмірде де, өнерде де таза және тар мағынасындағы жаңа құбылыс болмақ емес. В.Белинскийдің айтуына қарағанда, әдебиеттің органикалық дамуында бар құбылыс бір-бірімен сабақтас, араларында тарихи жанды байланыс өмір сүреді, жаңаның өзі ескіден туады, кейінгі нәрсе өткендігімен танылады, еш нәрсе кездейсоқ емес.
Жалпы “толғау”сөзінің қайдан шыққандығына тоқталсақ - бұл атау әуелі баста “толға” немесе “толғап жібер” деген бұйрық рай түріндегі етістіктен шыққан. мұның өзі екі түрлі компоненттен “тол”, “ға”-құралған. Түрі жағынан да, атқарған қызметі жағынан да мұның кәдімгі сөйле деген бұйрық рай етістігінен ешбір айырмасы жоқ. Айырма тек оның ақындық өнері бар адамға арналуында. “Толға” дегенде- “жырла” не “жырлап жібер” деген ұғым туады, яғни “толға” дегенде қара сөзбен сөйлеу мүлде ұғылмайды. Сол толғаған тұста айтылып, кейін жатталып кеткен жырларды атау үшін атау сөз жасаудың бұл түрі табиғи құбылыс. Мысалы: “ата” бұйрық рай+“у” –“атау” профессор Қ. Жұбанов та “толғау” атауының “толға” дан шыққанын көрсете келіп: “тол” деген түбірден “толқын” сөзі жасалған.
Түрікмендерде толқынды ”толға” дейді. Түрікмендер жырламақ, толғамақ дегенді “доламақ” дейді. “Доло” қазақшалап айтқанда “толғау” деген сөз дейді. Осының қайсысы да “толғау” атауының ауызша шығарылған өлең туындыны алғаш орындағанда да, кейін жаттап ап сақтағанда белгілі әуен арқылы жүзеге асу заңдылығын айқындай түседі. Толғауды өлеңді ауызша әуенмен шығарып, ауызша әндетіп айтатын елде ғана туып, дамыған жанр деуге болады.
Толғау дегеніміз қандай көркем түр? Оның негізгі ерекшеліктері неде?
Толғау - қазақ әдебиетінде сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі, белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру, пішіні,- делінеді поэзиялық сөздікте. Толғау халық нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге бай. Дыбыстық қайталаумен безендірудің өзгешелігі мен молдығы да содан... Толғау термедей әзіл- оспаққа бара бермейді, мәнді- маңызды мәселелерді сөз етеді... Толғау - өлең түріндегі ой қозғау, толғану. Толғау деген атынан көрініп тұрғанындай-ақ

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
1. М. Әуезов. Қазақ әдебиетінің тарихы
II -том. Ал., “Жазушы”, 1964
2. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті. Ал., 1983
3. Қазақ совет энциклопедиясы 11-том. Ал., 1977
4. А. Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш. Ал., 2003
5. Қ. Жұмалиев. Әдебиет теориясы. Ал., 1969
6. З. Ахметов. Өлең сөздің теориясы. “Рауан”, Ал., 1985
7. Қ. Сыдықов. Ақын жыраулар. Ал., 1974
8. М. Мағауин. Хандық дәуір әдебиеті. “Ана тілі” Ал., 1993
9. К. Райбаев. “Жаңа толғау” Ал., 1984
10. Ө. Танабаев. “Жыраулар поэзиясы және табиғат” Ал., 1999
1. М. Әуезов. Қазақ әдебиетінің тарихы
II -том. Ал., “Жазушы”, 1964
2. Ерте дәуірдегі қазақ әдебиеті. Ал., 1983
3. Қазақ совет энциклопедиясы 11-том. Ал., 1977
4. А. Байтұрсынов. Әдебиет танытқыш. Ал., 2003
5. Қ. Жұмалиев. Әдебиет теориясы. Ал., 1969
6. З. Ахметов. Өлең сөздің теориясы. “Рауан”, Ал., 1985
7. Қ. Сыдықов. Ақын жыраулар. Ал., 1974
8. М. Мағауин. Хандық дәуір әдебиеті. “Ана тілі” Ал., 1993
9. К. Райбаев. “Жаңа толғау” Ал., 1984
10. Ө. Танабаев. “Жыраулар поэзиясы және табиғат” Ал., 1999
Толғау жанры және оның XV-XVII ғасырлардағы даму сипаты
1 Мазмұны
1
1-тарау. Толғау жанрының қалыптасуы, дамуы, оның
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 4-8
2-тарау .Толғау жанрының зерттелуі, ой-
пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-11
3-тарау. Толғау жанрының XV-XVII ғасырлардағы үлгілері,
ерекшеліктері ... ... ... ...12-17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 19
1. ТОЛҒАУ ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ, ДАМУЫ, ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.
ТОЛҒАУ - ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕЖЕЛДЕН КЕЛЕ ЖАТҚАН ӨЛЕҢ ТҮРЛЕРІНІҢ БІРІ.
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ АЛЫСТАҒЫ БҰЛАҚ-БАСТАУЛАРЫНАН АТЫ МӘЛІМ АЛҒАШҚЫ ЖЕКЕ
АВТОРЛАРДЫҢ КІШІ-ГІРІМ ШЫҒАРМАЛАРЫ БІЗДІҢ ЗАМАНЫМЫЗҒА КӨБІНЕ КӨП ТОЛҒАУ
АРҚЫЛЫ ЖЕТТІ. БҰЛ ОСЫ КӨРКЕМДІК ПІШІННІҢ ЖАЛПЫ ӘДЕБИЕТІМІЗ ҮШІН ОНЫҢ ІШІНДЕ
ПОЭЗИЯМЫЗ ҮШІН ЕҢ КӨНЕ ТҮР БОЛҒАНЫН БІЛДІРУМЕН ҚАТАР, АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНЕН
ЖЕКЕ АВТОРЛАР ТВОРЧЕСТВОСЫНЫҢ ҰЗАҚ БӨЛІНІП ШЫҒУ ПРОЦЕСІ БОЙЫНА БІРДЕН–БІР
КӨРКЕМДІК ТҮР РЕТІНДЕ БЕЛСЕНДІ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАННЫҢ ДА БЕЛГІСІ. ОСЫ ТҰРҒЫДАН
АЛҒАНДА ТОЛҒАУДЫҢ ТУУЫ МЕН ӨМІР СҮРУІ, ДАМУЫ ҒЫЛЫМ ҮШІН ӨТЕ ҚЫЗҒЫЛЫҚТЫ
ФАКТ. ЖАНРДЫҢ ТУУЫ МЕН ТАБИҒАТЫН ЗЕРТТЕУ ЕКІНШІ ЖАҒЫНАН ҚАРАҒАНДА ЖАЛПЫ
АРНАЙЫ ҚАРАУ ӘДЕБИЕТІ ТАЗА ТАРИХИ-ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРҒЫДАН ҚАРАСТЫРУДАН КӨП
ӨЗГЕШЕ.
Жеке авторлар творчествосының ауыз әдебиетінен ұзақ бөліну процесінде
туып, өлшеусіз көп қызмет атқарған толғау жанрының негізгі төркінін оның
сол шыққан арнасынан –ауыз әдебиетінен іздеуге тиіспіз. Өйткені өмірде де,
өнерде де таза және тар мағынасындағы жаңа құбылыс болмақ емес.
В.Белинскийдің айтуына қарағанда, әдебиеттің органикалық дамуында бар
құбылыс бір-бірімен сабақтас, араларында тарихи жанды байланыс өмір
сүреді, жаңаның өзі ескіден туады, кейінгі нәрсе өткендігімен
танылады, еш нәрсе кездейсоқ емес.
Жалпы “толғау”сөзінің қайдан шыққандығына тоқталсақ - бұл атау әуелі
баста “толға” немесе “толғап жібер” деген бұйрық рай түріндегі етістіктен
шыққан. мұның өзі екі түрлі компоненттен “тол”, “ға”-құралған. Түрі
жағынан да, атқарған қызметі жағынан да мұның кәдімгі сөйле деген бұйрық
рай етістігінен ешбір айырмасы жоқ. Айырма тек оның ақындық өнері бар
адамға арналуында. “Толға” дегенде- “жырла” не “жырлап жібер” деген
ұғым туады, яғни “толға” дегенде қара сөзбен сөйлеу мүлде ұғылмайды. Сол
толғаған тұста айтылып, кейін жатталып кеткен жырларды атау үшін атау сөз
жасаудың бұл түрі табиғи құбылыс. Мысалы: “ата” бұйрық рай+“у” –“атау”
профессор Қ. Жұбанов та “толғау” атауының “толға” дан шыққанын көрсете
келіп: “тол” деген түбірден “толқын” сөзі жасалған.
Түрікмендерде толқынды ”толға” дейді. Түрікмендер жырламақ, толғамақ
дегенді “доламақ” дейді. “Доло” қазақшалап айтқанда “толғау” деген сөз
дейді. Осының қайсысы да “толғау” атауының ауызша шығарылған өлең туындыны
алғаш орындағанда да, кейін жаттап ап сақтағанда белгілі әуен арқылы жүзеге
асу заңдылығын айқындай түседі. Толғауды өлеңді ауызша әуенмен шығарып,
ауызша әндетіп айтатын елде ғана туып, дамыған жанр деуге болады.
Толғау дегеніміз қандай көркем түр? Оның негізгі ерекшеліктері неде?
Толғау - қазақ әдебиетінде сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі,
белгілі тақырып бойынша ойлар түю, философиялық пікірлер білдіру, пішіні,-
делінеді поэзиялық сөздікте. Толғау халық нақылдарының афористік стиліне
жақын және жұтынған, жарқын афоризмдерге бай. Дыбыстық қайталаумен
безендірудің өзгешелігі мен молдығы да содан... Толғау термедей әзіл-
оспаққа бара бермейді, мәнді- маңызды мәселелерді сөз етеді... Толғау -
өлең түріндегі ой қозғау, толғану. Толғау деген атынан көрініп тұрғанындай-
ақ шығарманың ойлану, толғану түрінде туатындығын байқатады. Толғау деген
сөз эпикалық туындыларда (Ер Тарғын) сөйлеу, монолог мағынасында
қолданылады.
Толғау жанрының табиғаты З. А. Ахметовтың еңбегінде едәуір тереңдей
ашылды. “Толғау” шындап келгенде ән,емес, бірақ әуенмен айтуға лайықталып
шығарылған халықтық лириканың бір түрі,- деп жазады ғалым,- өлеңдердің
тирада- тирада боп бөлінуі әсіресе толғауға тән.
Толғау - ақындық поэзиясының түр, мұнда әр ақынның творчестволық
ерешелігі молырақ көрінеді. Сөздің әлеуметтік, азаматтық әуенінің артуы
толғау ерекшеліктерінің бірі. Толғау үшін айтылмақ жайдың өзара байланысты
болуы шарт емес, шығарманың тұтастығы мұнда суреттелмек құбылысқа автор
қатынасының бүтіндігі арқылы сондай-ақ, кейбір тұрақты композициялы
тәсілдерді қолдану нәтижесінде қамтамасыз етіледі. Ойдың өрістілігі,
тақырыптың тереңдей ашылуы, лирикалық және эпикалық бастаулардың біте
қайнасуы, өмір құбылыстарын мол қамту сияқты қасиеттерінің арқасында толғау
халық арасында кең жайып, ең өнімді жанрдың қатарына жетті... Толғаудың
жанрлық түр ретінде қалыптасуы халықтың диалектикалық поэзия дәстүрімен
байланысты жатқан толғаудың сипаттары осы сөздерде мол және білгірлікпен
қамтылған.
Толғау жанрының өлең табиғатына байланысты ерекшеліктері мен әр
алуан құбылыстары, жалпы қозғалысы нақты және жан-жақты ашып көрсетілген.
Сондай-ақ толғаудың тағы бір ерекшелігі - толғау айтайын деген ойын,
мақсатын бірден ашпай, алыстан орағытып, мысалдап, тұспалдап, сатылап келу
ақын-жыраулардың ежелгі дәстүрі. Жамбыл сол дәстүрді толғаудың үлгісін
пайдаланып қазақ халқын пайдаланып қазақ халқын, еңбекші шаруаларды сан
ғасыр сүліктей сорып келген қанаушы тапты хан мен патшаны, би мен болысты,
бай мен мансапты әшкерелейді, солардан еңбекші таптың кегін әперіп, намысын
қорғаушы Маркс пен Ленин деп көрсетеді.”Кедей, жалшы масайрап,” байлардан
жерді, малды, болыс-билерден билікті өз қолдарына алғанын, жарлыдан жақсы
шығып, ақыл сөздер айтқанын”,- ақын мақтан етеді. Ел бірте-бірте ескі
әдеттен,қараңғылықтан арылып, жаңа өмірдің жаппай оқумен басталғанын, бұл
бақытқа жеткізген Маркс, Ленин кемеңгер екенін жырлай келіп
Жамбыл:
Жер мен суды қолға алып,
Жетісіп тұр енді елім.
Сексен бірге жеткенде
Осы менің көргенім,–
деп аяқтайды. Сөйтіп, ол екі дүниені–ескі мен жаңаны салыстыра отырып
Октябрь социалистік революциясы қазақ халқы үшін бақыт таңы болып атқанын,
Совет Үкіметі қазақ кедейлерін, әйелдерін әлеуметтік теңсіздіктен, байларға
кіріптарлықтан құтқарғанын толғайды. Асылы, ауылды советтендіру, байларды
конфискелеу, жер бөлісу, мейрамдарға ауыл ақындары белсене қатысып, толғау
жырлар айтып отырған.
Толғау – мазмұн, тақырып, уақиға талдамайды, құрылысы жағынан
қатаң ұйқас, бір қалыпты шумақ өлшеміне үнемі бағына бермейді. Бұл
белгілер, біріншіден, толғаудын күнделікті жаңалыққа, уақиғаға үлесі үн
қатып отыру үшін қолайлы жағы, әрі көпшілік қолдылығы болса, екіншіден-ол
әдеби форманың оңтайлылығы да болып табылады. Алайда, ақындық толғауды
қадағалап, оқыған, тыңдаған адам байтақ өлкенің тарихымен, табиғатымен,
бұрын-соңды жасаған даңқты адамдарымен танысады және халықтың тіл
байлығынан мағлұмат алады. Оның ой салып, сезімді оятарлық маңызымен бірге
тағлымдық, білім берерлік бір мәні осында. Демек, толғаудың әдеби мағынасы
белгілі бір елдің, халықтың өмірінен, тарихынан орын алған маңызды уақиға,
елеулі құбылыс немесе әйгілі адамдар туралы ақынның, шешеннің ойларын,
қорытындыларын білдіретін күрделі шығарма болып табылады. Әдетте толғау:
шешендік, ақындық толғау болып екіге бөлінеді.
Ақындық толғау өз тарапынан екі түрлі болып келеді.
1. Толғау өлең.
2. Толғау жыр.
Ақындық толғау - лирикалық өлеңде уақиғаның, құбылыстың көрінісі, қалай
болғандығы суреттеледі. В.Г. Белинскийдің пікірінше ақындық толғау
дегеніміз–қазақтың халық әдебиетінде ежелден бері келе жатқан, жанрлық
жағынан лирикаға жақын, белгілі өлең түрлерінің бірі. Толғауда қоғам
өмірінің маңызды уақиғаларын, елеулі табиғат құбылыстары қамтылады, немесе
әлеумет өмірінде көрнекті қызмет атқарған тарихи адамдардың өмірі, ісі сөз
болады...
Толғау өлең- лирикалық өлеңдерге ұқсас болады.
Ал толғау жыр дастандарға поэмаларға ұқсас келеді. Бірақ дастан,
көбінше, уақиғалы, мерзімі мен мекені белгілі болады және уақиға, шартты
түрде болсада, кейіпкердің мінез-құлқы, іс-әрекеті, басқа адамдар мен қарым-
қатынасы, дүниеге, өмірге көзқарасы арқылы беріледі. Ал, толғау жырда
уақиғаға автордың өз сөзімен, өз ойымен баяндалады және болмыс суреттеліп,
дәлелденіп жатпайды, дәлелденген, анықталған ақиқат, шындық ретінде кесіп
айтылады. Толғауда ақынның беті, ойы айқын, ашық көрінеді. Толғаудың
негізгі өлеңдік түрі жыр, бірақ жеті–сегіз буынды жыр оның бірден-бір түрі
емес, көп буынды толғау нұсқалары да кездесе береді. Толғаудың шумағы
белгілі–бір ойдың ағымына, аяқталуына байланысты, бағынышты болады,
сондықтан оның шумағы мен ұйқасы, көбінесе жылжымалы, айнымалы келеді. Оның
есесіне толғаудың шығармашылық, композициялық құрылысы қалыптасқан,
тиянақты болады. Дәстүлі толғаулар, сол сияқты советтік толғаулар да үш
бөлімнен тұрады.
1. Кіріспе.
2. Негіз
3. Қорытынды.
Әдетте, ақын кіріспеде тыңдаушыларына өзін таныстырады және не
жөнінде сөз болатынын аңғартады. Ал негізгі бөлімде автор белгілі бір,
уақиға, құбылыс немесе бір адам жайында баяндайды. Баяндағанда айтылмыс
мәселенің алдын-артына шолу жасап, оны ұқсас нәрселермен салыстырады
шендестіреді. Ақырында айтылғандардан қорытынды жасайды, бір нәрсені
мақтайды не мансұқтайды. Дәлірек айтқанда, автор тыңдаушысына өзінің ойын
ұсынады. Мысалы, ақын Тайманов Орынбайдың бір толғауын алайық. Ақын
кіріспесін:
Бақытты, шаттық заманда
Домбыраны қолға алдым.
Бойым бекіп жасырып.
Бұрынғыдан оңдалдым
Аузым асқа жарымай
Тақымым атқа жарымай
Езілген кедей болғанмен,–
деп бастайды. Одан кейін қазақ еңбекшілерінің ауыр тұрмысын, байлар мен
билер бауырын жаздырмай езіп, жаншып келгенін айтады:
Көк майса кең дала
Төрт түлікке тұнып тұр
Егін мақтап жайқалып
Қарасаң көзді бұрып тұр
Қазақтың қара баласы
Машинаға мініп тұр
Байтақ жатқан елімнің
Берекесі кіріп тұр,–
деп қорытынды жасайды ақын. Толғаудың ерекшелігіне келсек, заман жайын
қозғайтын толғаулардың өзіндік ерекшелігі, олар нақты бір тақырыптың
көлемінде қала бермейді. Өмірдің, табиғаттың, адам мінез-құлқының әр алуан
құбылыстарын тізбелеп баяндайдайды, артық-кемін, жақсылық-жамандығын
тақпақтай, салалай, әр түрлі паралельдер арқылы суреттей отырып,
тыңдаушысының белгілі мөлшерде тәлім-тәрбие, тағлым алуын көздейді.
Толғаудың әрбір компономенті немесе поэзиялық әрбір сөйлемі автордың,
халықтың өмір тәжірибесі негізінде анықталған кіші-гірім түйінді мәлімдеу,
баяндау арқылы өзінше бір шағын шындықты, ақиқатты білдіріп, шығармадағы
негізгі ойға үн қосып оны қуаттандыра түседі. Осындай жеке де шағын
бөліктер мен шындықтардан құралған әрбір тирада немесе толғау сырттай
қарағанда өмір мен адам мінезінің поэзия түріндегі жалаң ережелері,
нормалары сияқты боп көрінеді. Бірақ бұл сыртқы қөрініс, алғашқы әсер ғана,
мәселенің ішкі сырына үңіле қарасақ, бұл көрініс толғаудың жанрлық
табиғатынан туатын, оның өмірді әрі көру, әрі бейнелеу ерекшелігін
білдіретін негізгі қыры болып табылады.
Қырда жүрген қоңыр қаз,
Қыр қадірін не білсін
Қырда жүрген дуадақ
Су қадірін не білсін,–
деген жолдар мысал үшін іріктеліп алынған жеке тармақтар емес, осы
толғаулардың көркемдік құрылысын барша болмысымен танытатын үзінділер. Жеке
авторлар ауыз әдебиетінен бөлініп шыға бастаған кеезде осы көркемдік өлшем,
суреттеу ерекшелігі, әсіресе, толғау жанрында ерекше берік орын тауып, оның
жанрлық бетін айқындау дәрежесіне дейін қызмет етті. Жоғарыдағы толғауда
өмірде әр нәрсенің өзі көрмеген адам түсінбейді деген ойды дәлелдеу үшін
автор табиғат пен адам өміріндегі біркелкі ұқсас жайлардың біразын
салыстыра қамтиды, сөйтіп, барып өз түйінінің бірден-бір дұрыстығын
бұлтартпас шындықтай ұсынады. Бұл үшін оған қыр қадірін көлде жүрген қоңыр
қаз білмейді, көл қадірін шөлде жүрген дуадақ білмейді, жер қадірін көшіп-
қонып көрмеген адам білмейді деген паралельдер әбден жетіп жатыр. Басқаша
дәлелдеудің мүлдем қажеті жоқ.
Толғаудың көбінесе етістіктің шартты рай және көсемше түріндегі
қосымшалары са- се ған ген арқылы жасалуы, әсіресе, осы заман, өмір
жайындағы толғауларға тән құбылыс. [1,330-345]
Жұмыс тақырыбының өзектілігі:
Толғау – қазақ әдебиетінде сюжетсіз поэзиялық туындының халықтық түрі
белгілі бір тақырып бойынша ойлар түю болып табылады. Толғау халық
нақылдарының афористік стиліне жақын және жұтынған,жарқын афоризмдерге бай.
Дыбыстық қайталау мен безендірудің өзгешелігі мен молдығы да содан.
Толғау термедегі әзіл-оспаққа бара бермейді, мәнді, маңызды, тәрбиелік
мағынасы, адамға рухани күш-қайрат беретін ең құнды мәселелер бейнеленеді.
Толғау жанры туралы З.А.Ахметовтің еңбегінде тереңдей ашылып, өз
бағасын беріп құнды дүние екендігін мына пікірімен дәлелдей түседі.
“ Толғау шындап келгенде ән емес, бірақ әуенмен айтуға лайықталып
шығарылған халықтық лириканың бір түрі,”- деп жазды.
Жалпы толғау қазақ халқының төл әдебиетінде маңызды орын алатыны анық.
Сондықтан осы тақырыпты таңдауды жөн көрдім. Яғни, толғау жанры туралы кең
мәліметтер алу, оны тереңінен білу мақсатында таңдадым. Сонау көне заманнан
келе жатқан толғауларды жырлаған жырауларымыздың көкейкесті мәселерін, сол
мезгілде оларды қатты толғандырған жайттарды студенттерге таныстыруды
міндетім деп білдім . Жыраулардың толғаулары ел бірлігі, сыртқы жауларға
қарсы төтеп беру мақсатында халыққа дем беру мүддесінде жазылған.Әрине,
біздің дәуірімізге жеткен толғаулар аз емес дегенмен бізге жетпегені көп-
ақ. Менің ойымша, атақты жырауларымыз қалдырған құнды да бағалы
қазынамызды, рухани байлығымызды сары майдай сақтау әрбір жас ұрпақтың
борышы, міндеті болып табылуы тиіс.
Жұмыс тақырыбының мақсаты:
Толғау жанрының қазақтың төл тарихымен біте қайнасып сіңісіп кеткен
жанр екендігін көрсету, курстық жұмысты жазу барысында XV-XVII ғасырлардағы
тарихи жағдайды ақын-жырауларының шығармаларында қозғалған мәселелерге баса
назар аудару. Жалпы сол заманғы жыраулар поэзиясы әдебиетімізде маңызды
орынға ие. Аты аңызға айналған Асан Қайғы, Қазтуған, Жиембет, Шалкиіз
жырауларының өмірі, жаратылыс, әлем, адамгершілік туралы қозғаған өткір
қыныаптан қылыш суырғандай сөздерінің күні бүгінге дейін, бүгіннен кейінде
төл әдебиетіміздің төрінен орын алады.Толғау жанрында бүкіл адамзатты
қызықтыратын, тереңінен ойландыратын мән мағынасы, тәлім тәрбие беретіні
анық.Толғау өз орнын еш уақытта жоғалтпай ұрпақтан- ұрпаққа жететініне
күмәніміз жоқ.
2. Толғау жанрының зерттелуі,ой-пікірлері.
Толғау-қазақ фольклорының дәстүрлі жанры. Ақын толғауда өзінің ой
толғанысын, уақытқа, заманға, оқиғаға, құбылысқа көзқарасын білдіреді. Ол -
ақынның философиялық, поэтикалық монологы. Автор сезім түйсігін, ой-
пікірін, өмірлік тәжірибені қорытып, сыршылдықпен, ұлағатты салиқалы жыр
жодарымен толғайды. Міне, осындай құнды дүниені алғаш рет көңіл аударып,
арнайы пікір айтқан ғалымдардың бірі-Есмағамбет Ысмайылов. Ол толғау туралы
деген бір мақаласында былай деп жазды :
“Қазақтың халық әдебиетінде көп жайылған, қалыптанған өлең- жырлардың
үлгісі- толғау жыр. Толғау жеті-сегіз буынды түйдекті, желдірмелі екпінмен
айтылады. Халық ақындарының творчествосында басты орын алатын өлең- жыр
формасы- осы ақындық толғау. Толғау мазмұны бірнеше темадағы сюжеттік
желісімен ұзақ айтылса,- ол толғаулы поэмаға айналып отырады. Ал, толғау
қысқа, бір теманың төңірегінде түйдектеліп айтылып тынса, -ол ақын толғауы,
не жыр толғауы делінеді. Алайда Е.Ысмайылов толғау туралы жалпы айтқанмен,
оның қазақ әдебиетінен алатын орнын, шығу, қалыптасу, даму жолдарын,
көркемдік мазмұндық ерекшеліктерін анықтамайды, құрылысы мен түрлеріне
тоқталмайды. Дегенмен толғау жанрына аса елеулі көзқарас білдіріп, ерекше
назар аударған.Толғау жанрына әдебиет зерттеушілері соңғы жылдары көбірек
көңіл аудара бастаған әдебиетші Әуелбек Қоңыратбаев “Толғау ақындығы
туралы” деген мақаласында қазақ әдебиетінде толғау жанрының туу, қалыптасу
тарихына шолу жасап, бұрынғы, бүгінгі толғау ақындарына кеңірек тоқталады.
Бірақ, мақаланың авторы толғаудың табиғатын, жанрлық ерекшеліктерін ашып-
анықтауды өзінің алдына мақсат етіп қоймаған сияқты. Сондықтан болу керек,
ол толғаудың өзі эпос емес, лирикалық жанр деген ойын дәлелдемеген, одан
әрі дамытпаған. Бұл ойды дамытқан және толғаудың жанрлық ерекшелігіне
арнайы тоқталған әдебиет зерттеушісі Мүсілім Базарбаев болды. Қазақ совет
поэзиясының нақтылы материалдарын талдау негізінде және
В.Г. Державиннің мақтау өлеңдерін лирикалық поэзияның түріне жатқызған
В.Г.Белинскийдің пікірлеріне сүйеніп, ғалым қазақ толғауларын лирикалық
жанрға жатқызады. Әрине, поэзияның әр алуан түрлерінің қайсысына жатады
дегенде, толғау лирикаға жақын жанр екені даусыз. Бірақ, көптеген
ғалымдарымыз толғаудың бір-ақ жағына, яғни қай жанрға жақын келетіндігін
анықтауға көңіл бөлгенде, оның түрлерін, құрылысын, мазмұндық
ерекшеліктерін сөз етпеген. Эпикалық жырлардан гөрі толғауда ақындық сезім
басымырақ болатындығын жіте бақылай тұра, толғау, негізінде, ойға
құрылатындығын зер салмаған.
Сондай-ақ, дәстүрлі толғау жанрын жаңғыртуда Ілияс
Жансүгіровтың атқарған қызметін айрықша атау қажет. І.Жансүгіров өзінің
Ұлы күн, Ұштасқан үш тілек, Бүгін дала, дейтін өлеңдерінде дәстүрлі
толғау үлгілерін шебер пайдалануды және советтік толғаудың тууына жол
салды.
Сол сияқты толғау жанрын жаңғыртуға, жақсартуға басқа ақындар
да бір сыпыра үлес қосты. Мысалы: Асқар Тоқмағамбетовтің Қуаныш жыры
секілді термелі, мысқылды толғау өлеңдерімен, Тайыр Жароковтің Өмір
сөйлейді атты үнді, екпінді толғау жырларымен, Әбділда Тәжібаевтің Той
күнгі толғау, Айнабұлақ сықылды ойлы да ойнақы өлең жырларымен бұрынғы
сары уайымшыл, мұңлы-зарлы толғаулардың орнына көңілді, жарқын жаңа
толғаулар енгізді.
Поэзияның ерекше көп таралған жауынгер жанры–толғау үлгілерін ол
жылдары жазушы ақындар елдегі еңбекшілердің рухын көтеріп, оларды еңбек
майданына жаңа табыстарға жетуге шақыру үшін де қолданды. Ондай толғау
үлгілерін Асқар Тоқмағамбетовтың, Жақан Сыздықовтың, Мариям Хакімжанованың
өлең-жырларын, тіпті, Кенжеғали Райбаевтың 1962 жылы шыққан Жаңа толғау
атты жинағынан да табамыз. Дегенмен, қазіргі толғаулардың бәрі бірдей
құнды, ойлы, көркем туынды деп айтуымызбен қатар әрбір әдеби шығармалардың
жақсысымен қатар нашарлары да болатыны секілді халық ақындары шығарған
толғаулардың да орта қолды жолдары бар.
Мысалы: Ж. Жантөбетов Қызылқұмның көрінісін сипаттаймын деп:
Құйқылжыған ән салып
Сазда бұлбұл сайрап тұр
Бөдене салып бытпылдық
Шағала, қызғыш, топ-топ шіл,–
дейді.Бұл секілді олақ құрылған толғауларды басқа ақындарда да кездестіруге
болады. Сондай-ақ толғау туралы көптеген ғалымдарымыз ой-пікірлерін
білдіріп, терең зерттеулер жүргізген–С.Мұқанов, Е.Ысмайлов, М.Ғабдуллин,
Омар Шипин, Саяділ Сейдімбеков, Тілеу Көбдіков, Орынбай
Тайманов сынды ірі тұлғалар. Толғау жанрын іштей жіктеу жайында С. Мұқанов
былай деп жазады: “Бүкіл дүние жүзі фольклоры лирикалық және эпикалық болып
екіге бөлінеді. Лирикасы жан сырын шертетін өлең-жырлар, эпикасы ұзақ өлең-
жырлар. Қазақ фольклорында осының екі түрі де бар. Ол қазақта: толғау,
айтыс, жорық және қисса деп төртке бөледі. Толғау нақыл толғауы, ереуіл
толғауы және тіршілік толғауы болып үшке бөлінеді. Нақыл толғауында бұрын-
соңды болған өнегелі істерді жырлау арқылы замандастарына өсиет айтады”.
Толғау жанрына өз пікірлерін жеткізіп,құнды бағалы ойлар мен маңызды
мәліметтер қалдырғаны ақиқат.
Қазақ ауыз әдебиеті жанр жағынан мейлінше бай. Осы бай әдебиеттің
ішінде толғау қай жанрға жақынырақ, көне жанрлардың қайсысынан бөлініп
шығуға лайық деген мәселеге келер болсақ, алдымен эпостарды, оның ішінде
батырлар жырын айтуымыз қажет. Мұның екі түрлі басты себебі бар: Ең алдымен
толғау өзінің бүкіл тарихы бойына өлеңдік түрі жағынан, негізінен, жырға
ұқсас болса, екіншіден мазмұны жағынан да сол жырдан, әсіресе,батырлар
жырынан алшақ кетпейді, көбіне- көп елдік, ерлік тәрізді қоғамдық,
әлеуметтік маңызды мәселелер негізінде туып, өріс алды. Екеуінің арасындағы
айырма тек: бірінде аталған мәселелер жеке адамдарға, олардың іс
әрекеттеріне байланысты, белгілі бір сюжеттік линияда көрінсе, екіншісінде
автордың өмір, дүние, адам жайындағы ойлары, жан тебіреністері арқылы, тура
бастапқы қалпында көрінеді.
Қазақ халқы, деп жазады Шоқан “поэзиялық қасиеті жоғары тарихи
аңыздарға өте бай”- дейді. “ Қырғыз- қайсақта батырлар жыры мен ертегілер,
аңыздар өте көп, қырғыздар ән мен күйді өте жақсы көреді”, дей келіп ол
жырдың, яғни, батырлар жайындағы эпикалық туындылар көне дәірлерден келе
жатқанына және оның себептеріне ерекше назар аударады. “ Жыр дегеніміз,-
дейді ол,- рапсодия. Жырламақ деген етістік әндетіп, әуенмен айту деген
сөз. Дала жырының қайсысы да қобыздың сүйемелдеуімен әдеттегідей жырланады,
әуенмен айтылады. Жырдың өзегі көбінесе көне замандағы халық батырының
өмірі мен ерлігі туралы. Осы орайда ескертетін бір жай- батыр өмірінің
оқиғалары, оның ерлігі, қысқасы, батыр төңірегіндегі қозғалатын
әңгімелердің қайсысы да қарасөзбен баяндалады да, өлең негізгі не өзге
басты қаһармандар сөйлерде ғана қабылданады.” [9,44-46]
Батырлар жырының тууы мен ондағы негізгі идеяның бір-бірімен тығыз
сабақтас екенін, бірінсіз екіншісінің жоқ екенін, сондықтан да оларды өзара
бірлікте ала отырып қана тану, бағалау қажеттігін көреміз. Мұның басты
себебі: жеке тайпалар халық болып бірігуге бет алған тұста ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz