Туризмдегі EXPO көрмесінің рөлі


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .:
3: 1 EXPO КӨРМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
КІРІСПЕ. . .:
3: 1. 1 Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары . . .
5
КІРІСПЕ. . .:
3: 1. 2 EXPO көрмесінің маңызы мен мақсаты . . .
7
КІРІСПЕ. . .:
3: 1. 3 EXPO көрмесінің мемлекетке әкелетін пайдасы . . .
9
КІРІСПЕ. . .:
3: 2 ТУРИЗМДЕГІ EXPO КӨРМЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ
КІРІСПЕ. . .:
3: 2. 1 Туризмдегі ЕХРО көрмесінің ерекшеліктері . . .
12
КІРІСПЕ. . .:
3: 2. 2 EXPO көрмесінің туризмде алатын орны мен маңызы . . .
15
КІРІСПЕ. . .:
3: 2. 3 Әлем бойынша EXPO көрмесінен елдерге түскен табысын талдау . . .
18
КІРІСПЕ. . .:
3: 3 EXPO КӨРМЕСІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨРСЕТУДІҢ МҮМКІНДІГІ
КІРІСПЕ. . .:
3: 3. 1 Астананың EXPO-2017 көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуы - Қазақстанның жетістіктерінің танылуы . . .
29
КІРІСПЕ. . .:
3: 3. 2 EXPO-2017 көрмесіне арналған туристік бағдарлама және оның болжамы . . .
32
КІРІСПЕ. . .:
3: 3. 3 EXPO көрмесі арқылы Қазақстан туризмінің даму болашағы . . .
35
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 45
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 47
КІРІСПЕ. . .: ҚОСЫМШАЛАР . . .
3: 49

КІРІСПЕ


. . . ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі

Қазақстан экономикасына тікелей шетел инвестицияларының

ағынын әр тараптандыру болып табылады.

Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н. Ә. Назарбаев

Тақырыптың өзектілігі. Бүкіләлемдік әмбебап EXPO көр­мелері - бұл жаһандық маңызы бар оқиға, өз маңыздылығы бойынша тек бүкіләлемдік экономикалық EXPO көр­мелерінің форумдарымен ғана салыс­тыруға келеді, ал туристік ұтым­дылығы бойынша әлемдегі ең тарал­ған спорт­тық жарыстармен тепе-тең.
1851 жылы принц Альберттің ұсы­нысы бойынша Лондон қаласында бі­­рінші Бүкіләлемдік өнеркәсіптік көрме өткізілді. EXPO көрмелері әлем елдері­нің экономикалық, ғылыми, тех­ноло­гия­лық және мәдени жетістік­терімен танысуға тамаша мүмкіндік беретін оқиға ретінде кеңінен та­ныл­ды және тарихи тәжірибе айнасы, ин­новация­лық идеялармен алмасу, бірігу мен келешекке деген ұжымдық көзқарасты танытатын шара болды. Одан бері 162 жыл өтсе де EXPO көр­ме­лері өз маңыз­ды­лығы мен мәртебе­сін жоғалтқан жоқ. Керісінше әлем­дегі ең беделді көрме алаңы бо­лып та­былады. EXPO көрмелерін мил­лион­даған туристер келіп көреді, сондықтан әр ел ұлттық мәдениет ерек­шелігі мен өз экономи­ка­лық, технологиялық даму деңгейін әлемге танытатын бірегей павильонын жа­сауға ұмтылады. Осының нәтиже­сін­де келушілер павильондардың ға­жайып сәулеттік бейнесімен бірге ең жаңа ғылыми жетістіктер негізінде жасалған экспонаттарды көруге мүм­кіндік алады.

Көрме - экономика, ғылым, техника, мәдениет, өнер және т. б. қоғамдық салалардағы жетістіктерді жариялап көрсететін демонстрация. Бұл ұғым сол іс-шараны немесе оның өткізілу орнын сипаттайды. Көрменің көптеген түрлері бар: жергілікті, ұлттық, халықаралық, дүниежүзілік, жалпы және салалық. Салалық көрмелерге көркемөнер, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық көрмелері жатады. Уақытына байланысты көрмелер уақытша және тұрақты болып жіктеледі.

Көрмелер кез келген елдер мен халықтар үшін үлкен тәрбие мен нәтижеліліктің көрінісі болып табылады. Көрмелер тақырыбын ашатын болсақ, адамзат мәдениетінде EХРО көрмесінің орны ерекше.

EXPO техникалық және технологиялық жетістіктерді әйгілейтін халықаралық көрме. Ол ең алғаш рет 1851 жылы Лондонда Гайд-паркте Альберт ханзаданың бастауымен өткізілді. Бұл көрме Джозеф Пакстонның Хрусталь сарайымен танымал болды.

Лондон көрмесінен кейін ЕХРО үздіксіз дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді және оны өткізуге Қазақстан да өз ниетін білдірген болатын. Бұл оқиға 2017 жылға жоспарлануда, алайда, ол үшін Халықаралық шешім мен қолдау керек, оның шешімі 2012 жылдың желтоқсан айында жарияланады. Қазақстан (Астана) көрмесі Бельгияның (Льеж) көрмесімен бақталастырды.

Осының негізінде курстық жұмыстың мақсаты - ЕХРО көмесінің маңыздылығы мен оның біздің еліміз үшін беретін артықшылығын қарастыру. Бұл тікелей экскурсиялардың дамуымен тығыз байланысты болып отыр. Сонымен қатар көрмелер мемлекет үшін туризм арқылы экономикалық табыс көзі болып та табылады.

Елорданың мәдени дамуы да ма­ңыз­ды іс. EXPO өткізу кезінде Астана қа­ласы дүниенің әр бұрышынан кел­ген әр түрлі мәдениет үндеріне то­ла­ды. Күн сайын көрме аумағында кон­церт­тер, шоу, Ұлттық Күндер және басқа ойын-сауық шаралары өтетін болады.

Туристер мен көрмеге қатысушы­лардың көп саны оларға қызмет көр­сетуші жеке қызметтердің белсенді дамуына жол ашады. Өйткені ке­лу­шілерге тұратын орын, сапалы тамақ, аудар­машылар, экскурсиялар мен ойын-сауық қажет болады. Сондықтан қосымша жұмыс орындары мен табыс табу мүмкіндіктері пайда болады.

Зерттеудің міндеттері:

1. Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдарын зерттеу;

2. EXPO көрмесінің маңызы мен мақсатын білу;

3. EXPO көрмесінің мемлекетке әкелетін пайдасын есептеу;

4. EХPO көрмесінің туризмде алатын орны мен маңызы

5. Әлем бойынша EXPO көрмесінен түскен пайданы талдау

6. Астананың EXPO-2017 көрмесі өткізілетін орын ретінде таңдалуын анықтау;

Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындадан тұрады.

1 EXPO КӨРМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары

Дүниежүзілік көрме (ағылш. World's fair) немесе EXPO -индустрияландырудың нышаны және техникалық, технологиялық табыстарды көрсету үшiн ашық алаң болып табылатын халықаралық көрме. Бiрiншi дүниежүзілік көрме Лондондағы Гайд-паркте, Альберт ханзаданың бастамасымен өткізілген. Көрменің бас назар аударарлық ғимараты, Джозеф Пакстонмен таза шыны мен болаттан тұрғызылған Хрусталь сарайы болды.

Алғашқы дүниежүзілік көрмені лондондық Гайд-паркте, арнайы жасалған әйгілі Хрусталь сарайы өткізген уақыттан бастап есептегенде 2013 жылы 162 жыл толады. Бұл, қатысушы-елдер қонақтарға өз өндірушілерінің шеберлігін және бірдей, бірақ әр-түрлі елде жасалған тауарлардың сапасын салыстыруға мүмкіндік бере отырып, ұлттық өндірістің заттарын бір жерде және бір мезгілде көрсетуге келісті. Дәл осы кезде сол көрмелік тұрғылар тәжірибеге енгізіле бастады, уақыт өте келе олар міндеттіге айналып, кейін тиісті халықаралық нормативтік актілерге белгіленді.

Ел ішінде ХКБ-нің (Халықаралық көрмелер бюросы) өзіндік мұрасы пайда болды: Лондондағы Хрусталь сарайы; Париждегі Эйфель мұнарасы; Париждегі Александр III көпірі; Венадағы Ротонда - әлемдегі ең үлкен күмбез астындағы павильон; Мельбурндегі патшалық көрме павильоны және т. б.

EXPO бес жылда бір өткізіледі және алты айға созылады. ЕХРО мамандандырылған халықаралық көрмелері екі Дүниежүзілік көрмелердің аралығында өтеді. Міндетті түрде ХКБ бекіткен тақырыпқа ие болады әрі үш айға жалғасады.

Оңтүстік Корея, 1993 жыл: ЕХРО-93 бүкіләлемдік көрмесі Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында 1993 жылғы 7 тамыздан 7 қарашаға дейін жалғасты. Көрменің тақырыбы - «Дамудың жаңа жолын таңдау». Осы жылы өткен ЕХРО-ның басты символы - ғарыштан келген Кумдори сәбиі. Символды ойлап тапқандардың пікірінше, сәби техникалық жаңғыртуға жетелеуі керек. Кумдори адамның ғылым мен техника туралы арманын бейнеледі.

ЕХРО-93 мақсаты - түрлі елдердің қоршаған әлемді танып білудің ғылыми-техникалық әдістерін әзірлеуге әртүрлі елдердің қосқан үлесін көрсету, адамның қоршаған ортаны қорғау арқылы болашақ алдындағы жауапкершілігін көрсету болып табылады. ЕХРО-93 ашылуына EXPO Bridge көпірі салынды. Өткізілген орны үш бас облыстан тұрды - халықаралық, корпоративтік және саябақтың қызықты зонасы.

Мамандандырылған көрме болғандықтан, халықаралық зонадағы павильондардың көбі дайын болып, бағдарлама уақытына түрлі халықаралық қатысушыларға жалға берілді. Жүз сегіз мемлекет Тэджонда бұрын-соңды өтпеген ірі көрмелердің бірі ЕХРО-93 көрмесіне қатысты. Корпоративтік зона да ерекше сиқырға ие болғандай. Корейліктер әдемі сәулет, мазмұнды көрме ұйымдастырды. Сондай-ақ, ЕХРО символы «Kumdori» құрметіне Kumdori Land қызықты саябақ зонасы да сән-салтанатымен қызықтырды. Көрменің орталығы- биіктігі 93 метрлік Рinnacled Hanbit немесе Үлкен Жарық Мұнарасы. Жалпы ЕХРО-93 көрмесі үлкен технологиялық көрсетілімдер арқылы танымал болды.

Испания, 1992 жыл: ЕХРО-1992 Испанияның Севилья қаласында 20 сәуірден 12 қазанға дейін өтті. Көрменің басты тақырыбы - «Жаңалықтар ғасыры». Оның символы - Curro болды. Curro - ұзын тұмсығы, түрлі-түсті айдары, пілдің аяғы бар үлкен ақ құс. Оны жасаған неміс жобалаушысы Хайнц Эделман.

ЕХРО-1992 Христофор Колумбтың (1492-1992) Американы ашқандығына 500 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Көрмені өткізуге Чикаго қаласы да қатыспақ болды, дегенмен қаржыландырудың жеткіліксіз болғандығынан аталмыш қала қатыспады. 215 га аумақта 100-ден астам ел қатысты. Халықаралық көрме бюросыың мәліметтері бойынша, келушілердің саны 41 814 571 адамды құрады.

Австралия, 1988 жыл: Жасыл құрлықта өткен бүкіләлемдік алғашқы көрме Австралиядағы Брисбен қаласында 1985 жылғы 30 сәуір-30 қазан аралығында ұйымдастырылды. Көрме тақырыбы - «Техника ғасырындағы бос уақыт». 1988 жылғы көрме символы ЕХРО Оз аталатын австралиялық platypus. Оны әзірлеген Диснейдің Imagineering бөлімшесі.

ЕХРО-1988 көрмесін 30 сәуір күні Австралия Корольдігінде Елизавета II ашты. Жәрмеңке 18 млн астам келушіні тартты. ЕХРО-1988 көрмесі Квинсленд қаласын Австралияның дамыған қаласына айналдырды. Көптеген мүсіндер мен ғимараттар бүгінгі күнге дейін сақталды. ЕХРО-88 52 үкіметтен 100-ге жуық павильонды тартты. Көрмеге көптеген елдер қатысты.

Ванкувер, 1986 жыл, «Көлік және байланыс: қозғалыстағы және байланыстағы әлем»: ЕХРО-1986 - Ванкувер қаласының жүз жылдығына орай 1986 жылғы 2 мамыр мен 13 қазан аралығында өткізілген II санатты дүниежүзілік көрме. ЕХРО-86 ресми символы Эрни болды. Ол адамға ұқсас робот. Он жылдар өтсе де, ол Ванкувердегі танымал символдардың бірі болып табылады. Қатысаушы елдер саны жүзе жуық, ал келушілер қатары 6, 5 млн адамды құрады. 1986 жылғы ЭКСПОны 2 мамырда ханзада Чарльз Уэльский, ханшайым Диана Уэльская және премьер-министр Брайан Малрони ашты.

Жапония, 1985 жыл, «Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту». ЕХРО -1985 Бүкіләлемдік көрмесі 1985 жылғы 17 наурыздан 16 қыркүйекке дейін жапондық Цукуба қаласында өтті. Көрменің тақырыбы - «Адам тұрмысын жақсарту үшін ғылым мен технологияларды дамыту». ЕХРО-1985 ресми символы - Cosmo Hoshimaru. Көрме техникалық «Диснейлендке» ұқсады. Көрмеде роботтар басым болды. Экспозиция 3500 шаршы метр аумақты алды. Көрмеге жалпы 20 млн адам келді және 111 мемлекет қатысты.

Дүниежүзілік ЕХРО көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді көрсетуге арналған ашық халықаралық алаң болып табылады.

1. 2 EXPO көрмесінің маңызы мен мақсаты

EXPO (ЭКСПО) атауы - өзінің аты айтып тұрғандай, «экспонат» деген сөзден шыққан. Қазақшаласақ, жәдігер болады, яғни ол - жер жүзін мекендеген барша халықтардың өмірдің түрлі саласында қол жеткізген жетістіктерін, жәдігерлерін көрсететін алаң. Онда EXPO-ның кезекті таңдаған тақырыбына орай жұрттың бұрынғы-соңғы жеткен жетістіктері көпшілік назарына ұсынылады.

Мысалы, 1862 жылы Лондонда болған EXPO-да жұрт алғашқы тігін маши­на­сымен танысқан. 1876 және 1893 жылдардағы Филадельфия мен Чикаго (АҚШ) EXPO-сында жұрт назарына тұңғыш телефон аппараты және алғашқы әлектр қуатымен жарықтандыру жүйесі ұсынылған. Ал енді бүгінде әлем жұртшылығы қолданып жүрген «телевидение» деген сөзді қолданысқа 1900 жылы Париждегі көрме кезінде орыс инженері Константин Перский ендірген екен.

Бекітілген тақырыбына қарай көрмелерге қолөнер, бейнелеу өнері, өнеркәсіп, жаңа технология туындылары, түрлі пайдалы қазбалар мен олардан алынған өнім­дер де қойылады. Адамзатты алаңдатып отырған экология, урбанизация сияқты жаһандық проблемаларға қатысты жаңалықтар да осында талқыға түседі. Қысқасы, онда жұртшылық назарына ұсынылатын дүниелердің ауқымы кең. Аталған іс-шараға бүкіл әлемнен түрлі мамандар, өнертапқыштар, кәсіпорындар қатысады.

EXPO-ның алғашқы көрмесі 1851 жылы 1-мамыр мен 15-қазан аралығында сол кездегі ағылшын ханзадасы Альберттің (кейін Ұлыбритания ханшайымы Викторияның күйеуі болған) бастамасымен Лондонда өткізілген. Содан бергі уақыттарда ол әлемде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Тарихына көз жіберсек, ол содан бері 43 мәрте ұйымдастырылыпты. Ал бұл көрмені өткіз­ген қалалар ішінде Франция астанасы Париж рекорд жасап тұр, мұнда ол 1855, 1867, 1878, 1889, 1900, 1937 жылдары ұйымдастырылыпты. 1889 жылғы EXPO кезінде Франция әйгілі Эйфель мұнарасын жұрт назарына ұсынған. Бүгінде бұл мұнара Париждің символы.

Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған экспонаттардың талдаудары, құндылықтар мен басымдықтарды, сондай-ақ олардың жеке елдерде үстемдік ететін басымдықтарымен қатынастарының жүйесі туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді. Осы құндылықтардың серпінділігі бүкіләлемдік көрмелердің ұлттық өнеркәсіп пен мәдениеттің дамуына белгілі бір ықпалы туралы айтуға мүмкіндік береді.

Әр бүкіләлемдік көрме экспонаттардың және идеялардың бірегейлігімен, ұйымдастырушылар және қатысушылардың тұрғызған кешендер мен павильондардың өзінділігімен, өткізілетін шаралардың көркемділігі және мерекелігімен ерекшеленеді. Бүкіләлемдік көрмелер өзінің ауқымы, жалпы-саяси және экономикалық мәнділігі бойынша теңдессіз оқиғалар болып табылады. Олардың басты мақсаты - жаңа ғылыми-техникалық жетістіктер, даму келешегі, сондай-ақ қатысушы-елдердің дәстүрлері мен тарихының жұрт алдындағы шеруі. Олар көп жерде халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстардың дамуы мен кеңеюіне ықпал етеді. Бүкіләлемдік көрмелер әр-түрлі елдерде тұратын, бірақ бірдей құндылықтар, мүдделер және мақсаттармен біріккен адамдардың араласуының бірегей мүмкіндігін сыйлайды.

ЕХРО экспонент елдердің әділ әрі ашық бәсекелесуіне арналған әлемдік ең беделді алаң болып табылады. Көрменің біздің елде өткізілуі Қазақстанға экономиканы диверсификациялауға, өндірістік қуаттар мен ғылыми базаны жаңғыртуға, елімізге жаңа технологиялар мен инвестицияларды тартуға ықпал етеді. Осындай көрмені өткізу әлемдік бірлестікке біздің елдің әлеуметтік жауапкершілігін көрсететін жақсы мүмкіндік болып табылады. Бұл тікелей экскурсиялардың дамуымен тығыз байланысты болып отыр. Сонымен қатар көрмелер мемлекет үшін экономикалық табыс көзі болып табылады. Көрме - экономика, ғылым, техника, мәдениет, өнер және т. б. қоғамдық салалардағы жетістіктерді жариялап көрсететін демонстрация. Бұл ұғым сол іс-шараны немесе оның өткізілу орнын сипаттайды. Көрменің көптеген түрлері бар: жергілікті, ұлттық, халықаралық, дүниежүзілік, жалпы және салалық. Салалық көрмелерге көркемөнер, өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық көрмелері жатады. Уақытына байланысты көрмелер уақытша және тұрақты болып жіктеледі.

Көрмелер кез келген елдер мен халықтар үшін үлкен тәрбие мен нәтижеліліктің көрінісі болып табылады.

1. 3 EXPO көрмесінің мемлекетке әкелетін пайдасы

Дүниежүзілік көрме немесе халықаралық көрме дегеніміз, индустрияландыру мен техникалық және технологиялық жетістіктерді жария ету үшін арналған ашық алаң. EXPO-ның мағынасын осылай деп түсіндіруге болады. Тарихқа жүгінсек, ең алғашқы дүниежүзілік көрме Лондондағы Гайд-паркте 1851 жылы өткізілген көрінеді. Көрме өткізу бастамасы британдық қолөнершілер одағының ұсынысы арқылы басталып, оны өнеркәсiпшілер мен бизнесмендер қолдап кеткен дейді тарих беттері.

Королева әлемнің өнертапқыштарының басын біріктіретін үлкен көрменің алғаш рет Англияда өтуін қостайды. Ағылшындар келушілер мен көрмеге қатысушылар алдында өздерінің өнер туындысы - хрустальден тұрғызылған сарайды паш етеді. Осылай сол Хрусталь сарайда 1851 жылдың 1 мамырынан 15 қазанға дейін бірінші дүниежүзілік көрме тұсауын кеседі. «Барлық ұлттардың өнеркәсіптік бұйымдарының ұлы көрмесі» деп аталған бұл басқосуда бірінші рет әртүрлі елдердің өнімі бір жерге, бір мезгілде жиналды. Келушілер мен қатысушылар әр елде шығарылған бірдей тауардың сапасын салыстыруға мүмкіндік алды. Зерттеушілердің айтуынша, «Ұлы көрме» халықаралық сауда мен туризмнің қуат алуына орасан қуат берді. Сонымен бірге әлемде дизайн мен өнеркәсіптік өнер мектебін құруға ықпал жасады. Бұлардан кейін іле-шала 1889 жылы француздар осындай көрмені өздерінде ұйымдастырады. Тағы бір қызықты факті - Франциядағы әлемді таңғал­дырып, өзіне магнитше тартатын Эйфел мұнарасы 1889 жылы өткен EXPO-ға арна­лып салыныпты. Мұны біріміз білсек, біріміздің білмей­ті­німіз рас. Яғни EXPO-ның мақсаты - жай ғана әлем елдерінінің басын қосып, қыдырып қайту емес, оған бағыт-бағдар беріп, үлкен бастамалар көтеріп, әлемді соған қарай бағыттау болса керек. Содан бері қарай дүниежүзілік көрме өткізу дәстүрге айналып, 2011 жылы оған 160 жыл толыпты [10, 24 б. ] .

EXPO-ны өткізу үшін неге соншалықты маңызды деген сауалдың туындауы да заңды. Мұндай сауалды, әсіресе, EXPO-ның оны өткізетін бір ел үшін ғана емес, бүкіл әлемге берері мол екенінен хабары жоқтар көбірек қоятыны белгілі. Осыдан екі жыл бұрын, «EXPO - 2010» Шанхай қаласында өтті. Оның тақырыбы - «Жақсы қала - жақсы өмір» деп аталды. Осы жолдың авторы да сол көрмені тамашалау бақытына ие болған еді.

«EXPO - 2010» көрмесін өткізуге Ресей, Оңтүстік Корея, Мексика мен Польша үміттенген. Бірақ таңдау Қытайға түскен. Шанхай көрмені өткізу құқына ие бола салысымен, қала басшылығы «Әлемдік маңызы бар қала саламыз» деп бастама көтерді. «EXPO - 2010» тақырыбы «Жақсы қала - жақсы өмір» деп аталды. БҰҰ мәліметінше, жер шарының тең жартысы қала тұрғындары. Қала тұрғызудың стратегиясы мен оның инфрақұрылымдық болашағы жер шарының проблемасына айналуда. Қытай елі сол түйткілді дөп басып, оны шешудегі өз идеяларын ұсынып, өзгелердің де идеяларымен әлемді таныстырды. Қазақстандық павильонның ұраны «Астана - Еуразия жүрегі» деп аталды.

EXPO-ға мемлекеттер алдымен өзгелерді де, өздерін де көрсету үшін қатысады. Өйткені экспозицияларда әлемдегі ең озық технологиялар мен өнеркәсіптің ең соңғы жетістіктері қойы­лады. Адамдар ең алғаш рет Хьюга те­леграф аппаратымен, электр фарлары және су асты кабелі, гидравликалық лифт, тағы басқа да мыңдаған жетістіктермен әр жылдары өткізілген осындай көрмелерде танысқан. 1878 жылы Парижде өткізілген көрмеде әлем бу дәуірінен электр дәуіріне өту кезеңінің басталғанын пайымдады. Ондағы қойылған экспонаттар энергияның жаңа түрінің қандай мүмкіндіктерді паш ете алатынына көз жеткізіп, адамдар санасына жаңа леп сыйлады.

1928 жылдың EXPO тарихында алатын орны зор. Себебі сол жылы ха­лықаралық көрмелер және Көрмелердің халықаралық бюросы туралы конвен­ция қабылданды. Көрмелердің ха­лықаралық бюросы көп ұзамай, көрмелердің үш түрін бекітіп (әмбебап, халықаралық және маманданды­рылған), оларды өткізу ережелері мен регламентін белгіледі.

Көптеген елдердің үкіметтері мұндай шараларды өткізуге скептикалық көз­қараспен қарайды. Себебі оны өткізу арзанға түспейді. Көрмелерге қатысу үшін елдер мықты дайындық жасайды. Экспонаттар қатал іріктеу­лерден өтіп, ұлттық павильондардың макеттері жасалады. Мысалы, «EXPO - 2000»-ды өздерінде өткізген Голландия көрме қалашығы құрылысын салу үшін 35 млн евро шығындаса, тартылған инвестицияның көлемі одан он есе артып, 350 млн евроны құрапты.

Жалпы алғанда, әлем елдері ішінен EXPO-ны өткізу бойынша екінші орында АҚШ тұр. Мұнда ол 5 мәрте ұйымдастырылған. Одан кейінгі орындарды Жапония (4 мәрте), Ұлыбритания мен Канада (2 реттен) алады. Аталған көрме сондай-ақ Бельгия­, Германия, Италия, Испания, Португалия, Оңтүстік Корея, Австралия, Қытай елдерінде бір-бір мәртеден ұйымдас­тырылған. Қытай демекші, қамтылған елдер мен барып тамашалаған адамдардың саны, EXPO өткізілген алаңның үлкендігі жөнінен Қытайдың Шанхай қаласы әлем бойынша алда тұр. Мұнда EXPO көрмесі 2010 жылы өткізілгені мәлім. Оған әлемнің 190 елі қатысқан болатын. 5, 28 шаршы шақырым алаңды қамтыған көрмені ол өткізілген 184 күн ішінде 73 миллион адам барып тамашалапты.

EXPO «әмбебап», «халықаралық» және «арнайы» деп аталып, негізгі үш түрлі бағыт бойынша өткізіледі. Өткізілетін уақыты 3-тен 6 айға дейінгі мерзімді қамтиды. Әлем елдері арасындағы мұндай көрмені өткізу құқығына ие болу жолындағы бәсекелестік Олимпиада өткізу үшін болатын бәсекелестіктен бір де кем емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТІК САЛАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ПАЙЫМЫ
Туризмнің экономикалық қызметтері
ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
Дүниежүзілік EXPO көрмесінің даму тарихы және символдары
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймағында мәдени туризмнің даму ерекшеліктері
Мемлекеттің әлеуметтік имиджінің туризм индустриясы дамуына әсері
Туризмдегі ЭКСПО көрмесінің маңызы
Туриндустриядағы көрме-жәрмеңкелік қызметтің ерекшеліктерін зерттеу
Көрме ұйымдастыру арқылы еліміздің туристік әлеуетін жарнамалау
Қазақстандағы туризмнің дамуына ықпал ететін ЭКСПО-2017 көрмесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz