Инфляция. Ақша айналысы және ақша жүйесi


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . 3

І. Ақша теориясы

1. 1. Ақшаның қажеттiгi және шығу тегi . . . 4

1. 2. Ақшаның түрлерi . . . 6

1. 3. Ақшаның қызметтерi және экономикадағы ролi . . . 10

II. Ақша айналысы және ақша жүйесi

2. 1 Ақша айналысы және оның заңы . . . 14

2. 2 Инфляция . . . 16

2. 3 Ақша массасы және ақша базасы . . . 19

2. 4 Ақша жүйесі . . . 23

ІІІ. Ақша айналымының заңы

3. 1. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану

проблемалары . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35

Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайында ақша айналысы оның маңыздылығы одан сайын арта түседі, өйткені ақша, несие және банктер қазіргі заманға өркениеттің ажырағысыз белгілері болып саналады. Ақша мен несиені пайдаланбайынша кез-келген бизнесті дамыту мүмкін емес. Соңғы уақыттарда ақша мен несие оқу процесін дамытудағы маңызды рөл атқара бастады. Іс жүзінде бүкіл қоғам банктердің көрсететін қызметтерін пайдаланады.

Болашақ мамандарға ақшаның, несиенің маңызы туралы қоғам дамытудағы олардың проблемалары туралы білімдердің жиынтығын беру, экономиканы басқарудағы ақша-несие тұтқаларының терең мазмұнын, сондай-ақ, банктердің, банктер емес несие мекемелерінің қызметін жүргізу негіздерін ашу.

Курстық жұмыстың мәні қарастырылатын мәселелер :

• ақшаның маңызы мен қызметтерін, олардың

экономикадағы рөлін қарастыру;

• ақша жүйесінің түсінігін ашу;

• ақша айналымын тұрақтандыру әдістерін анықтау;

Алғашқы «Ақша» бөлімінде ақшаның түсінігі, оның даму эволюциясы, маңызы, көріну формалары және ақшаның қызметі қарастырылады.

Ақша айналымына қолма-қол және аударымдар формаларында ақшаның қозғалу процесі ретінде анықтама берілген. Ақша айналымында аударымдар жасау арқылы алудан түрлі төлем құралдарын пайдалану арқылы жасалатын ақша айналымы басым үлеске ие.

Қазіргі заманға ақша жүйесі олардың өзіне тән элементтерінің болуын болжайды. Сондықтан, бұл тақырыпта шет елдердей, сол сияқты Қазақстан Республикасындағы ақша жүйесінің негізгі элементтері, ақша жүйесінің түрлері қарастырылған.

Инфлицияға сипаттама беріліп, инфляция себептері, оның көрінуі, факторлары қарастырылған. Инфляцияның түрлері және оны реттеудің әдістері арқылы көрсетілген.

Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Көлемі - бет. Қолданылған әдебиеттердің саны

I Тарау. Ақша теориясы

  1. Ақшаның қажеттiгi және шығу тегi

Ақшаның өндiргiш күштер мен тауар қатынастарының бiршама жоғары дамуы нәтижесiнде пайда болғандығы ертеректен бiзге белгiлi. Ақшаның жаратылысын зерттегендегi басты анық болғаны, ол, оның тауарлы шығу тегiне байланыстылығын көрсетедi. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнiмi. Осы еңбек өнiмiнiң тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтiк алғы шарттарын туғызған.

Нақты және абстракты еңбектiң, жеке және қоғамдық еңбектiң бөлiнiсi, тұтыну құны мен құнның арасында тауар табиғатына байланысты болатын қайшылықтар айырбас құнның әр түрлi формаларын туғызды. Айырбас - бұл бiр тауар өндiрушiден, екiншi бiреуiне жүретiн тауардың қозғалысын бiлдiредi. Мұнда тауарлардың баламалылығын (мал = бидай = балта), яғни, тауардың түрiне, сапасына, формасына және тағайындалуына байланысты өлшенуiн талап етедi. Сонымен қатар, әр түрлi тауарлардың бiр бiрiне өлшенуiне ортақ негiз болуы қажет.

Мұндай негiзге тауарлардың құны , демек тауар өндiрiсi процесiнде жұмсалатын және сол затқа айналып отырған қоғамдық еңбек жатады. Тек қоғамдық еңбек қана (жеке адамның еңбегi емес) тауарларды өлшенетiн жасайды. Нарықта бiр тауарды екiншi бiр тауарға айырбастаудың өзi бұл тауарларға еңбектiң шығындалғандығын, яғни екi тауардың да құнының барлығын көрсетедi. Осыған байланысты жекелеген тауарларды өндiруге жұмсалған еңбек әр түрлi болып, нәтижесiнде олардың құндары да бiрдей болмайды. Сөйтiп, қоғамдық еңбектi немесе құнды сандық жағынан өлшеу қажеттiгi туындап, айырбас құнының (1 мал = 1 қап бидайға) ұғымы туындайды.

Айырбас құны - бұл бiр тауардың басқа да бiр тауарға белгiлi сәйкестiкте айырбасталу қабiлетiн бiлдiредi.

Натуралды шаруашылық тұсында өнiм тек өндiрушiнiң және оның жан-ұясының қажетiн да, ол тұтыну құны қасиетiне ие болды. Тауар өндiрiсi тұсында өндiрушiнi өз өнiмiн айырбастау үшiн, бiрiншi кезекте құны, содан кейiн оның тұтыну құны қызықтырды. Егер, тауардың тұтыну құны болмаса, яғни оны ешкiм қажет етпесе, онда оны айырбастау мүмкiн емес.

Демек, айырбасқа арналмаған тауардың өндiрушi үшiн тұтыну құны болса жеткiлiктi. Ал, егер де тауар айырбасқа арналған болса, онда, оның өндiрушi үшiн айырбас құны мен сатып алушы үшiн тұтыну құны болуға тиiс.

Сөйтiп, тауарлар айырбасының дамуы өз кезегiнде құнның мынадай формаларының қалыптасуына себеп болған:

  • Алғашқы формасы - өндiргiш күштердiң төменгi даму сатысына тәнқұнның . Айырбастың бұл формасында бiр еңбек өнiмi екiншi бiр еңбек өнiмiне тiкелей айырбасталынып отырған. Мысалға, бiр мал бiр қап бидайға айырбасталды.
  • Екiншi формасы - бұлқұнның сипатталады. Еңбек бөлiнiсiнiң дамуы және өндiрiстiң өсуi нәтижесiнде нарықтағы тауарлар саны мен түрлерi арта түседi. Мұнда, көбiне, бiр тауар басқа да көптеген балама-тауарлардың айырбасында жүрген. Мысалға:

1 қап бидай = 1 қойға

= 1 балтаға

= 1 құмыраға және т. б.

  • Үшiншi формасы - бұлқұнның жалпыламаформасы. Әр тауар өндiрушi өздерiнiң еңбектерiне қарай барлығына бiрдей қажет жалпылама тауар алуға тырысады. Осыған байланысты жергiлiктi нарықтарда, тауарлар массасынан жалпылама балама ролде жүретiн тауарлар ығысып шығады. Мұндай тауарлар ролiн, кей халықтардамал(ертедегi гректе, римдiктерде, славяндарда, моңғолдарда және т. б. ), аң терiсi(Скандинавияда, ертедегi Русьте), шай(Қытайда), тұз (Абиссинияда), пiл сүйегi(Оңтүстiк Африкада) атқарады. Ресейге қосылғанға дейiнгi Қазақстанның кейбiр алыс түпкiрлерiнде iшкi сауда-саттық жүргiзу үшiн жалпыға бiрдей балама қойпайдаланылған. Бiрақ, аталған тауарлар мұндай ролде ұзақ уақыт жүрмеген, себебi олар тауар айналысының талаптарын толығымен қанағаттандыра алмайды және өздерiнiң қасиеттерiне байланысты баламалық шартына сәйкес келмейдi.
  • Құнның жалпыға балама формасының дамуы нәтижесiнде барлық тауарларға тiкелей айырбасталатын тауарлар әлемiнен ерекше бiр тауар -ақшатауары қалыптасты. Ол тауар ролiн бағалы металдар: алтын және күмiс атқарды.

Сонымен, ақша - бұл барлық тауарлардың құнын өлшейтiн, жалпыға балама айрықша тауар.

Ақшаның объективтi қажеттiгi тауар өндiрiсi және айналысының болуына сәйкес қалыптасты. Ақша - бұл тауар айналысының құралы және оның iзбасары. Тауар мен ақша бiр бiрiнен бөлiнбейдi, себебi ақша айналысынсыз тауар айналысының да болуы мүмкiн емес. Ақша тауардан бөлiнiп шыққанымен де ол, айрықша тауар ретiнде қала бередi. Ақшаның жалпыға бiрдей балама ролiн атқару алтынға жүктеледi. Сондықтан, алтынның басқа тауарлардың құнын бейнелеуi, оның ең бастысы мынадай табиғи қасиетiне байланысты: бiрiншiден, алтынның табиғи сапалылығы, яғни оның оңай бөлiнетiндiгi, әдемiлiгi және тозбайтындығы; екiншiден, құны өте жоғары, сондай-ақ, оның қорының сиректiгi мен өндiруге кететiн еңбек шығыны жоғары болуы.

Ақша - өндiрiс және бөлу процесiндегi адамдар арасындағы қатынасты бейнелейтiн, тарихи түрде дамып келген экономикалық категория. Ақшаның экономикалық категория ретiндегi мәнi, оның мынадай үш қасиетiнiң бiртұтастығынан байқалады:

  • жалпыға тiкелей айырбасталу формасы;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбек өлшемiнiң заттай (материалдану) формасы.

Жалпыға тiкелей айырбасталу формасы, оның кез келген материалдық бағалы затқа айырбасталатынын сипаттайды. Екiншiсi тауарларды сатумен байланыссыз. Соңғы қасиетi, тауар өндiруге жұмсалған еңбектiң ақша көмегiмен өлшеуге болатын құнын сипаттайды.

1. 2. Ақшаның түрлерi

Ақша, өзiнiң дамуы барысында екi түрге бөлiнедi: толық құнды ақшалар және толық құнсыз ақшалар .

Толық құнды ақшалар - номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетiн ақшалар.

Мұндай ақшаларға металл ақшалар, соның iшiнде: мыстан, күмiстен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлi формада болған. Монета түрiндегi формасы - бұл олардың соңғы формасы. Монетаның бет жағы - аверс , артқы жағы - реверс және жаны - гурт деп аталады.

Монета сөзiнiң шығуын Римдiктердiң жүрегi саналатын шiркеу құдайы Юнона-Монета есiмiмен байланыстырады, яғни сол шiркеуiден берiлген ақшалай қаражаттың көмегiмен Римдердiң эпир ханы Пиррмен соғыста (б. э. д. 275 ж. ) жеңiске жеткендiгi туралы аңыз бар. “Монета” сөзi латынша “moneo” - “кеңес беремiн, көңiлiңнен шығамын” дегендi бiлдiредi1.

Алғашқы монеталар VII ғ. б. э. б Ертедегi Қытайда және Ертедегi Лидия мемлекетiнде пайда болды. Киев Русiнде алғашқы монеталардың пайда болуы IХ - Хғғ. жатады. Бастапқы кездерi айналыста алтын монеталарымен қатар, күмiс монеталар да қоса жүредi.

Алтын айналысына бiрқатар елдер де ХIХ ғ. екiншi жартысында өттi. Бұл елдердiң iшiнде алтын өндiру жағынан бiрiншi орынды, өзiнiң отарларымен бiрге ағылшын елi алған.

Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгiлерiнiң пайда болуының мынадай объективтi қажеттiлiктерi болған:

  • алтын өндiрiсi тауар өндiрiсiнiң артынан iлесе алмай, нәтижесiнде айналыстағы ақшаға деген қажеттiлiктi толық өтей алмады.
  • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады.
  • алтын стандарты, жалпы алғанда өндiрiстi және тауар айналымын ынталандырмады.

Алтын айналысы не бары бiрiншi дүниежүзiлiк соғысқа дейiн болды және соғысушы елдер өздерiнiң шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгiлерiн шығаруды ұлғайтты. Соның нәтижесiнде, бiртiндеп алтын айналыстан шыға бастайды.

Толық құнсыз ақшалар (құнның белгiлерi) - номиналдық құны нақты құнынан, яғни олардың өндiрiсiне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетiн ақшалар.

Оларға мыналар жатады:

  • құнның металлдық белгiлерi- арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюминий т. б. монеталар;
  • құнның қағаздан жасалған белгiлерi. Құнның қағаздай белгiлерi екiге бөлiндi:қағаз ақшаларжәненесиелiк ақшаларға.

Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкiлдерi. Тарихта олар айналыста жүрген алтын және күмiс монеталардың орынбасарлары ретiнде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруiнiң объективтi мүмкiндiгi, олардың айналыс құралы қызметiн атқару ерекшелiктерiне байланысты.

Металл ақшалардың қағаз ақшаға ауысу себептерi мынадай:

  • металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
  • металл ақшалардың мемлекеттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металлдық құрамын төмендетуi барысында бүлiнуi;
  • бағалы металдарды өндiрудiң қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуi;
  • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруы;
  • бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

Алғашқы қағаз ақшалар б. э. ХII ғ. Қытайда, 1690ж. . µлыбритан отары болған Солтүстiк Америкада, 1762ж. Австрияда және 1769ж. Ресейде пайда болды. Бiрiншi дүние жүзiлiк соғыс жылдары қағаз ақашалар барлық елдерде шығарылды. Қазiргi кезде қағаз ақшалар қазыналық билеттер түрiнде он елде (АҚШ, Италия, Индия, Индонезия және т. б. ) ғана сақталған. Кешегi КСРО -да 1961ж. болған ақша реформасы негiзiнде қағаз ақшалар, яғни 1, 3, 5 рубльдiк қазыналық билет формасында соңғы рет айналымға шығарылып, кейiннен Ресейдегi 1991-92 жж. және Қазақстандағы 1993 ж. ақша реформасы нәтижесiнде айналымнан алынды.

Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) - бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.

Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атақарды. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетпiспеушiлiгiне байланысты шығаруымен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуын, эмитентке деген сенiмнiң төмендеуiн және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.

Несиелiк ақшалар - тауар өндiрiсiнiң дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешiктiрiп төлеуге (несиеге) берiлуiмен байланысты пайда болған ақшалар .

Несиелiк ақшалардың шығуы банктердiң несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша айналымын икемдi ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкiндiк жасау.

Несиелiк ақшалардың мынадай түрлерi бар: вексель, банкнота, және чек.

“Вексель” сөзi ағылшынша bill note - мiндеттеме шоты дегендi бiлдiредi.

Вексель - белгiлi бiр соманы алдын ала келiсiлген мерзiмде және белгiленген жерде төлейтiндiгi туралы борышқордың қарыздық мiндеттемесi.

Вексельдiң екi түрi бар: жай және аудармалы.

Вексельдiң түрлерiне “ҚР-ғы вексель айналысы туралы” (28. 04. 97) ҚР заңында2 мынадай түсiнiктемелер берiлген:

  • Жай вексель (соло) -вексельдi ұстаушыға вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта немесе талап етуге байланысты төлеу туралы вексель берушiнiң еш нәрсемен негiзделмеген мiндеттемесiн сипаттайтын вексель.
  • Аудармалы вексель (тратта) -вексельде көрсетiлген соманы белгiлi бiр уақытта алғашқы вексельдi ұстаушыға (ремитентке) төлеу туралы үшiншi бiр тұлғаға (трассатқа) вексель берушiнiң (трассанттың) еш нәрсемен негiзделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

Трассат тратта бойынша төлеуге келiсiмiн бергеннен бастап, борышқор болып табылады. Аудармалы вексель келесi бетiндегi индоссамент (басқа бiреуге аударуып жазу) көмегiмен айналыста жүре бередi. Аудару туралы қолдардың көбеюiне байланысты вексель айналысы ұлғая түседi және мұндағы әр индоссант вексель бойынша мiндеттемеге бiрлесiп жауап бередi.

Жай және аудармалы вексель - коммерциялық вексельдiң түрлерi ретiнде қарастырылады.

Сонымен қатар, экономикалық әдебиттерде3 вексельдi мынадай түрлерге бөледi: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

Қаржылық (банктiк) вексель - белгiлi бiр ақша сомасын қарызға беруден туындайтын қарыздық мiндеттеме.

Қазыналық вексель - бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын, оның мiндеттемесi. Қазыналық вексель бойынша мемлекет борышқор болып саналады.

Достық вексель кейiннен банкте оларды есепке алу мақсатында бiрi бiрiне берiледi.

Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етiлмеген қарыздық мiндеттеменi бiлдiредi.

Вексельдiң келесiдей өзiне тән қасиеттерi бар:

  • дерексiздiк, яғни вексельде мәмiленiң нақты түрiнiң көрсетiлмеуi;
  • даусыздық, яғни протест туралы актiнi нотариуспен жасағаннан кейiн тиiстi шара қолданылға дейiнгi қарыздың мiндеттi түрде төленуге тиiстiгi;
  • айналымдылық, яғни басқа бiр тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретiнде вексельдiң берiлуi.

Қазақстанда жоғарыда аталған заң қабылданға дейiн және онан кейiн де вексель айналысы дамып келедi.

Вексель айналысын бiрiншi болып қолдаушылардың қатарында Казкоммерцбанк тәжiрибесiн атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР Үкiметiнiң астық жинау бағдарламасына сәйкес өзiнiң 500, 1000 және 5000 АҚШ долларындағы астық” вексельдерiн айналымға шығарып, оларды несие құралы ретiнде клиентерiне бердi. Сол клиенттерiнiң iшiнде атап айтсақ сыртқа астық сатумен айналысатын “Астық” акционерлiк компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельдi тендер бойынша жеңiп алып, оны өзiнiң жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретiнде пайдаланды.

Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретiнде “Қазақстан темiр жолы” ҰК-ның 200, 0 млн теңгеге бағалаған вексельдерiн өтедi.

Мұндағы, “ домицилиант ” - вексельде көрсетiлген төлемдi жүзеге асыратын, вексельде делдал ретiнде қатысатын банк 4.

Банкнота (ағыл. сөзiнде “Bank-note” аударғанда “банк билетi”) орталық банктiң айналысқа шығарған әр түрлi номинальдағы ақша бiрлiктерi.

Ол вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден төмендегiдей айырмашылығы бар:

мерзiмдiлiгiне қарай, егер де вексель мерзiмдi қарыздық мiндеттеме болса (3-6 айлық), ал, банкнота - мерзiмсiз қарыздық мiндеттеме;

кепiлдiгiне қарай, вексельдi айналысқа жеке кәсiпкерлер шығарады және оның жеке кепiлдiгi болады, ал, банкнотаны қазiргi кезде орталық банк шығаратындықтан, оған мемлекет кепiлдiк бередi.

Экономикалық әдебиттерде банкнотаны екi түрге бөледi: классикалық және жай.

Классикалық банкнота - бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретiнде алтынға еркiн алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етiлген Орталық банктiң билетi.

Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзiндiк айырмашылығы бар:

  • жаратылысына қарай- қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретiндегi қызметiнен туындаса, ал банкнота - ақшаның төлем құралы қызметiнен пайда болған;
  • эмиссиялау әдiсi бойынша- қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал, банкнотаны - Орталық банк шығарады;
  • қайтарылуына қарай- классикалық банкноттар вексель мерзiмiнiң аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал, қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала бередi;
  • ауыстырылуына қарай- классикалық банкноталар банкке қайтуына байланысты алтынға немесе күмiске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан ауыстырылмайтын болған.

Банкноталардың алтынға ауыстырылуы тоқталғаннан бастап, банкнота алтынмен қамтамасыз етiлуi қысқарып, оның вексельдiк қамтамасыз етiлуi де күрт нашарлай түстi, себебi орталық банктiң вексельдiк портфелi, көбiрек қазыналық вексельдер мен мiндеттемелерге толықты.

Жай банкнота - бұл қазiргi кездегi айналысқа шығарылған Орталық банк билетi .

Олар металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктiң барлық активтерiмен қамтамасыз етiледi. Ендеше қазiргi айналыста жүрген орталық банктен шығатын жай банкноталар алтынмен қамтамасыз етiлмейдi, бiрақ олардың белгiлi бiр дәрежеде тауарлық немесе несиелiк негiзi сақталған, сондай-ақ олар қағаз-ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

Қазiргi кезде ҚР µлттық банкiсiнiң жай банкноталардың эмиссиялануының төмендегiдей үш жолын бөлiп көрсетуге болады:

  • Шаруашылықты несиелеу жолымен;
  • Мемлекеттi (үкiметтi) несиелеу, яғни мемлекеттiк қарыздық мiндеттемелердiң орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, елiмiз тәуелсiздiк алған жылдардың басында экономикадағы тұрақсыздықтың нәтижесiнде 1993-1998 жж. мұндай көрiнiстiң куәсi болдық. Айталық, 1995-96 жылдары бюджет тапшылығы ЖIӨ-нiң 5, 5 %-на дейiн жеттi, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жуығы µлттық банктiң ¶кiметке берген несиелерi есебiнен жабылғаны белгiлi. Әрине, бұл жолдың терiс жақтары да болды, оның бiрi елiмiзде гиперинфлияцияның орын алуы.

банкомат арқылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшiн төлеуге арналған төлем құралы.

Кредиттiк карточка - оның эмитентіi мен карточка иесi арасындағы келiсiм шартқа сәйкес, несиелiк лимит көлемiнде тауарлар мен қызметтер үшiн төлемдi жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер дебеттiк және кредиттiк карточкалардың отандық және халықаралық түрлерiн кеңiнен қолданылуда. Оларға “Eurocard”, “Master Card”, “Visa”, “ALTYN”, “Maestro” және т. б. жатады.

Қазiргi кезде жалақы алуға арналған дебеттiк карточкалар да кеңiнен қолданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбiне теңгеде ашылады.

Несиелiк карточкалар бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында қолданылады. Қазiргi уақытта несиелiк карточкалардың мынадай түрлерi қолданылады: банктiк, саудаға арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Бiршама кеңiнен таралған түрiне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

  1. Ақшаның қызметтерi және экономикадағы ролi

Ақша экономикадағы рөлiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң формасы ретiнде ақшаның әлеуметтiк және экономикалық мазмұнының белгiлi бiр жақтарын сипаттайды.

Ақшаның қазiргi экономикадағы атқаратын қызметтерiне мыналар жатады:

1. ) құн өлшемi және баға масштабы;

2. ) айналыс (айырбас) құралы;

3. ) төлем құралы;

4. ) қорлану және қор жинау құралы;

5. ) дүниежүзiлiк ақша.

Ақшаның құн өлшемi қызметi . Ақша жалпылға бiрдей балама ретiнде барлық тауарлардың құнын өлшейдi. Ақша құн өлшемi ретiнде: “мөлшерi жағынан аттас, сапасы жағынан салыстыруға келетiн тауарлар құнын бейнелеу үшiн тауарлар дүниесiне материал беру” қызметiн атқарады. Бiрақ та тауарларды өзара өлшейтiн ақша емес, тауарлар өндiрiсiне кеткен қоғамдық қажеттi еңбек олардың бiрiнiң бiрiне өлшенуiне жағдай жасады. Барлық тауарлар қоғамдық еңбек өнiмдерi, сондықтан олардың құнын өзiндiк құны бар нақты ақшалар (алтын және күмiс) өлшей алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері
Ақша айналысы және оның дамуы
Ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері жайлы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Ақша айналысы, заңы, ақша массасы және ақша жүйесі
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Бағаның инфляциядағы рөлі
Ақша айналымы мен оның құрлымы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz