Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін талдау



Жоспар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Мемлекеттік биліктің теориялық астары
1.1 Мемлекеттік билік түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Мемлекеттік билік жалпы әлеуметтік категория ретінде ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Мемлекеттік билікті бөлу теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

2. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін талдау
2.1 Қазақстан Республикасының билік органдар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Ресей Федерациясының билік органдар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.3 Америка Құрама Штаттары билік органдар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

3. Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің билік органдарының жүйесін салыстыру
3.1 Қазақстан, Ресей, Америка билік органдар жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Қортытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
КІРІСПЕ

Конституцияға сәйкес құрылған қос палаталы Парламенттің Қазақстан Республикасындағы жоғарғы өкілді орган ретінде қалыптасуы, оның одан әрі даму жолына түсуі еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға. Ал, оның тарихы болса ғасырлар қойнауында жатыр. Сондықтан да, республикамыздағы өкілдік биліктің өткені мен бүгініне, болашағына көз жүгіртіп, жаңа өтпелі кезеңде жан-жақты зерттеу зангер-ғалымдар еншісіндегі үлкен міндеттердің бірі. Сонымен бірге оны зерделеп-зерттеу, Қазақстан халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық ой пікірін бір қалыпты жүйеге түсіріп, ұлттық-құқықтық сана-сезімді қалыптастыруына бірден-бір ықпал ететін негізгі құндылықтардың көзі. Өйткені, Парламент заң шығару қызметін (функциясын) жүзеге асыратын республикамыздағы ең жоғарғы өкілдік орган болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы өкілдік биліктің қалыптасуы мен заң шығарушылық процестің бір тұтас жүйеге түсуі аралығындағы қос палаталы Парламенттің атқарар рөлі мен мәні ерекше. Зерттеудің негізі де сол. Құқықтық мемлекетке қол жеткізу үшін алдымен, оның механизмін құрайтын органдарды өкшелеп, Конституцияға сай биліктің бөлінуін реттеп алу керек. Яғни Конституция бойынша мемлекет механизмі былай тұжырымдалады:
1. Президент. Ол мемлекет басшысы, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің кепілі және биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Парламент. Ол Қазақстан Республикасының Заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
3. Үкімет. Ол Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырушы орған.
4. Конституциялық Кеңес.
5. Соттар және сот төрелігі. Республикада сот жүйесін Жоғарғы Сот, жергілікті соттар, әскери соттар құрайды. Сонымен қатар Прокуратура органы да Конституцияда орын алған. Ол зандардың біркелкі орындалуына қадағалауды жүзеге асырады.
6. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жергілікті өкілдікті және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолында өзінің ішкі құрылымының бір саласы жаңа Конституцияға сәйкес құрылған қос палаталы Парламенттің қалыптасу кезеңі мен дамуын және олардың іске асырылуын сараптап, Қазақстандағы конституционализм меп парламентаризм тәжірибесін қорытындылай-жинақтап өзінің сара жолын әлемдік контексте талдауға түскен. Өз қызметін 1990 жылғы 24 сәуірден бастаған Жоғарғы Кеңестің 1-сессиясы, бүгінгі кәсіби жетілген қос палаталы Парламентке дейінгі сан-алуан жолдан өтіп, Парламент шежіресінде жоғарғы өкілді буын әкімшіл-әміршіл жүйенің салқыны әлі тарамай тұрған кезеңде алғашқы рет бар мүмкіндігінше демократиялық негізде сайланғанын да зерттеу тақырыбымызға арқау еттік. Жалпы, заң шығару қызметінің күрделілігі қай мемлекетте болмасын оның құқықтық жүйесін қалыптастырудағы орнымен айқындалады. Қоғамдық қатынастарды қалыптастырып, Парламенттін заң шығарушылық қызметін үздіксіз дамытып отырмай республикамыздағы басқа да қоғамдық-саяси өмірдін тыныс-тіршіліпн пайымдау оңайға түспейді. Сондықтан да әртүрлі саяси күштер мен фракциялардың, партиялардың, топтардың ой- пікірлерімен санаспауға тағы болмайды.
Қазақстан Республикасындағы өкілдік биліктің қалыптасуы мен заң шығарушылық процесінің күрделілігі, олардың басқа мемлекеттік органдармен байланыстағы ара қатынас ерекшелігі жан-жақты зерттеуді талап етеді. Оларды зерттеу-зерделеудің теориялық негізі қаншалықты өзекті болса, оны іс-әрекетпен тиісті шара жүзінде пайдалана отырып іске асыру, олардың орындалуының нәтижесін көру де соншалықты өзекті. Құқықтық мемлекет құру барысында өкілетті биліктің кәсіби құзыры, құқық саласындағы сайлауға және сайлануға құқылы азаматтардың әлеуметтік-заңдылық білім-біліктілігі, заң шығарушы және қағидалы заң шығармашылығының орны да зерттеуімізге арқау етіп отырған тақырыптық ерекшелікке жатады.
Мемлекеттік билік органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.
Мемлекеттік билік органдары Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына жиырма жылға аяқ басты. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылға жуық уақытта елімізде мемлекеттік билік органдарының тұрақты қызметтері қалыптасты.
Мемлекеттік билік органдарының түсінігін, түрлерін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін көптеп саналады. Бұл жөніндегі еңбектерден Ғ.Сапарғалиевтың «Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын», А.М.Барнашевтың «Теория разделения властей. Становление, развитие, применение» - деп аталатын әдебиетін, А.А.Гарановтың «Парламент и законодательная власть Казахстана» монографиясын, тағы басқа бір қатар еңбектерді атар едік.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс шет мемлекеттердің мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының жүйесін салыстыру, жалпы мемлекеттік билік органдары қызметі мен олардың қызмет ету қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.
Осыған сәйкес жұмыс міндеттері анықталды:
- Мемлекеттік биліктің теориялық астарын;
Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін талдау;
- Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары билік органдар жүйесін жеке – жеке зерттеу;
- Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің билік органдарының жүйесін салыстыру т.б.
Зерттеудің объектісі: Зерттеудің объектісіне ҚР мен жақын және алыс шет мемлекеттердің мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының жүйесін салыстыру, Қазақстандағы мемлекеттік биліктің қалыптасуы, сонымен бірге оны Ресей, АҚШ билік органдар жүйесімен салыстыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. ҚР Конституциясы
2. Сапарғалиев Г.С. Мемлекет және құқық теориясы Алматы, 1997
3.Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының конституциясылық құқығы, Астана – 2001
4. Дулатбеков Н.О., Жұмабекова Г.Х. «Мемлекет және құқық негіздері» курсы бойынша әдістемелік нұсқаулар- Қарағанды, 1998
5. Мұхтарова А.Қ. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы, Алматы – 1999
6. АҚШ құқығы, Саясат – 2001
7. Америка Құрама Штаттарының Конституциясы, Заң – 2002
8. АҚШ – тың Атқарушы департаменттері, М- 2001
9. Концепция внешней политики Российской Федерации (12 июля 2008 года) // www. Kremlin.ru
10. Концепция внешней политики Российской Федерации (28 июня 2000) rhttp // www.dvabop. Narod.ru
11. Ихданов Ж., Сансызбаева Ғ.Н. Мемлекеттік басқару теориясы, Алматы, 2007
12. Б.Қ. Нұрғалиев, Америка саясаттанушылары XXI ғасырдағы әлемдік тәртіп туралы, Дипломатиялық курьер - № 4 - 2001
13. Цыганков П.А. – Теория международных отношений на рубеже столетий, Москва-2002.
14. АҚШ Президенттік өкілеттілігі, М., 1999

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Мемлекеттік биліктің теориялық астары
1.1 Мемлекеттік билік
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...6
1.2 Мемлекеттік билік жалпы әлеуметтік категория
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Мемлекеттік билікті бөлу
теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

2. Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін
талдау
2.1 Қазақстан Республикасының билік органдар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ..16
2.2 Ресей Федерациясының билік органдар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..23
2.3 Америка Құрама Штаттары билік органдар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 25

3. Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің билік
органдарының жүйесін салыстыру
3.1 Қазақстан, Ресей, Америка билік органдар жүйесінің артықшылықтары мен
кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

Қортытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

КІРІСПЕ

Конституцияға сәйкес құрылған қос палаталы Парламенттің Қазақстан
Республикасындағы жоғарғы өкілді орган ретінде қалыптасуы, оның одан әрі
даму жолына түсуі еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиға. Ал,
оның тарихы болса ғасырлар қойнауында жатыр. Сондықтан да,
республикамыздағы өкілдік биліктің өткені мен бүгініне, болашағына көз
жүгіртіп, жаңа өтпелі кезеңде жан-жақты зерттеу зангер-ғалымдар еншісіндегі
үлкен міндеттердің бірі. Сонымен бірге оны зерделеп-зерттеу, Қазақстан
халқының саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық ой пікірін бір
қалыпты жүйеге түсіріп, ұлттық-құқықтық сана-сезімді қалыптастыруына бірден-
бір ықпал ететін негізгі құндылықтардың көзі. Өйткені, Парламент заң шығару
қызметін (функциясын) жүзеге асыратын республикамыздағы ең жоғарғы өкілдік
орган болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы өкілдік биліктің қалыптасуы мен заң
шығарушылық процестің бір тұтас жүйеге түсуі аралығындағы қос палаталы
Парламенттің атқарар рөлі мен мәні ерекше. Зерттеудің негізі де сол.
Құқықтық мемлекетке қол жеткізу үшін алдымен, оның механизмін құрайтын
органдарды өкшелеп, Конституцияға сай биліктің бөлінуін реттеп алу керек.
Яғни Конституция бойынша мемлекет механизмі былай тұжырымдалады:
1. Президент. Ол мемлекет басшысы, халық пен мемлекеттік билік
бірлігінің кепілі және биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін
және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететін
ең жоғары лауазымды тұлға.
2. Парламент. Ол Қазақстан Республикасының Заң шығару қызметін жүзеге
асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.
3. Үкімет. Ол Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырушы
орған.
4. Конституциялық Кеңес.
5. Соттар және сот төрелігі. Республикада сот жүйесін Жоғарғы Сот,
жергілікті соттар, әскери соттар құрайды. Сонымен қатар Прокуратура органы
да Конституцияда орын алған. Ол зандардың біркелкі орындалуына қадағалауды
жүзеге асырады.
6. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару. Жергілікті
мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы жергілікті өкілдікті және атқарушы
органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және
әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыру жолында өзінің ішкі құрылымының бір
саласы жаңа Конституцияға сәйкес құрылған қос палаталы Парламенттің
қалыптасу кезеңі мен дамуын және олардың іске асырылуын сараптап,
Қазақстандағы конституционализм меп парламентаризм тәжірибесін қорытындылай-
жинақтап өзінің сара жолын әлемдік контексте талдауға түскен. Өз қызметін
1990 жылғы 24 сәуірден бастаған Жоғарғы Кеңестің 1-сессиясы, бүгінгі кәсіби
жетілген қос палаталы Парламентке дейінгі сан-алуан жолдан өтіп, Парламент
шежіресінде жоғарғы өкілді буын әкімшіл-әміршіл жүйенің салқыны әлі тарамай
тұрған кезеңде алғашқы рет бар мүмкіндігінше демократиялық негізде
сайланғанын да зерттеу тақырыбымызға арқау еттік. Жалпы, заң шығару
қызметінің күрделілігі қай мемлекетте болмасын оның құқықтық жүйесін
қалыптастырудағы орнымен айқындалады. Қоғамдық қатынастарды қалыптастырып,
Парламенттін заң шығарушылық қызметін үздіксіз дамытып отырмай
республикамыздағы басқа да қоғамдық-саяси өмірдін тыныс-тіршіліпн пайымдау
оңайға түспейді. Сондықтан да әртүрлі саяси күштер мен фракциялардың,
партиялардың, топтардың ой- пікірлерімен санаспауға тағы болмайды.
Қазақстан Республикасындағы өкілдік биліктің қалыптасуы мен заң
шығарушылық процесінің күрделілігі, олардың басқа мемлекеттік органдармен
байланыстағы ара қатынас ерекшелігі жан-жақты зерттеуді талап етеді. Оларды
зерттеу-зерделеудің теориялық негізі қаншалықты өзекті болса, оны іс-
әрекетпен тиісті шара жүзінде пайдалана отырып іске асыру, олардың
орындалуының нәтижесін көру де соншалықты өзекті. Құқықтық мемлекет құру
барысында өкілетті биліктің кәсіби құзыры, құқық саласындағы сайлауға және
сайлануға құқылы азаматтардың әлеуметтік-заңдылық білім-біліктілігі, заң
шығарушы және қағидалы заң шығармашылығының орны да зерттеуімізге арқау
етіп отырған тақырыптық ерекшелікке жатады.
Мемлекеттік билік органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу
жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық
теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.
Мемлекеттік билік органдары Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында
ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге
белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау
тігіп, тәуелсіздік алғанына жиырма жылға аяқ басты. Көптен күткен
тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары
қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі жиырма жылға жуық уақытта елімізде
мемлекеттік билік органдарының тұрақты қызметтері қалыптасты.
Мемлекеттік билік органдарының түсінігін, түрлерін ресейлік және
қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін көптеп саналады. Бұл
жөніндегі еңбектерден Ғ.Сапарғалиевтың Қазақстан Республикасының
конституциялық құқығын, А.М.Барнашевтың Теория разделения властей.
Становление, развитие, применение - деп аталатын әдебиетін, А.А.Гарановтың
Парламент и законодательная власть Казахстана монографиясын, тағы басқа
бір қатар еңбектерді атар едік.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасы мен жақын және алыс
шет мемлекеттердің мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының жүйесін
салыстыру, жалпы мемлекеттік билік органдары қызметі мен олардың қызмет ету
қағидаларына және оның Қазақстандағы жағдайына жан-жақты талдау жасау.
Осыған сәйкес жұмыс міндеттері анықталды:
- Мемлекеттік биліктің теориялық астарын;
Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін
талдау;
- Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары
билік органдар жүйесін жеке – жеке зерттеу;
- Қазақстан Республикасы мен алыс және жақын шетел мемлекеттерінің билік
органдарының жүйесін салыстыру т.б.
Зерттеудің объектісі: Зерттеудің объектісіне ҚР мен жақын және алыс шет
мемлекеттердің мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының жүйесін
салыстыру, Қазақстандағы мемлекеттік биліктің қалыптасуы, сонымен бірге оны
Ресей, АҚШ билік органдар жүйесімен салыстыру.

1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
1.1 Мемлекеттік биліктің түсінігі

Билік дегеніміз бұл – қоғамның беделінің, ерікжігерінің, күш
көрсетуінің көмегімен бір адамдардың басқа біреулердің ұстанған бағыт-
бағдарына немесе қызметіне шешуші дәрежеде ықпал етуі.

Билік – басқа адамдарға жасалатын ықпал ықпал
арқылы белгілі бір мақсатқа жету; белгілі бір тәсілдерді, атап айтқанда,
күш көрсетуді қолдану мүмкіндігі; Басқарушы мен Басқарылушының және іс-
әрекетке қатысушы ерекше тұлғалардың арасында өзгеше бір үлгідегі
қатынастар арқұылы сипатталады. Бұлар басқа адамдардың іс-әрекеттерін
өзгерту мүмкіндігіне, белгілі бір тәсілдерді – күш көрсету тәсілін қолдану
мүмкіндігіне негізделеді.
Билік көздері биліктің аса маңызды
негіздерінің бірі болып табылады. Олар ынталандыру, жазалау немесе сендіріп
иландыру үшін пайдаланылуы мүмкін. Билік көздері: 1) экономикалық, 2)
әлеуметтік, 3) саяси-күш көрсетушілік,4) мәдени-ақпараттық және 5)
демографиялық болып бірнеше түрге бөлінеді.

Мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік) билік
дегеніміз не? Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады:
табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік
(мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т.б).
Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға
аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз.
Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын
көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.
Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын
жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын
немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол
қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте
жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни
қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың
барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы
бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің
тұрақты болуының себебі оның институциализациясында, әлеуметтік теңсіздікке
негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады.
Яғни, билік әлеуметтік теңсіздік негізінде пайда болады, бірақ бұл
теңсіздік автоматты түрде билік қатынастарына ықпал етеді деген сөз емес.
Мысалы, мекеме директоры көрші заводтың жұмыскерлеріне өкім бере алмайды.
Билік беруге басқару, екіншісіне бағынуды мазмұндайтын нормалар мен
ережелер бекітілгенде ғана және осы ережені бұзғандар бойынша санкция
шыққанда ғана пайда болады. Міне, біз осы ережелерден кейін ғана билікті
әлеуметтік институтқа, әлеуметтік теңсіздікке негіздеген деп айта аламыз.
Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік
субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын
шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші
тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі
жөніндегі шешімдер болуы мүмкін. Биліктің бұл түрі осы еңбегіміздің
мазмұнынан және бір бөліміне арқау болып отырған – мемлекеттік билік.
Мемлекеттік биліктің негізінен әлеуметтік теңсіздіктің ерекше түрі
енеді – ол саяси теңсіздік. Саяси теңсіздік бұл – саяси мәртебелердің
теңсіздігі. Адам жауапкершілігі мол шешім қабылдау құқығын Үкімет мүшесі
бола отырып, Парламент депутаты бола отырып, қоғамның иерархиялық
құрылуында өзінің ерекше мәртебесіне байланысты ала алады. Адамның осындай
дәрежеге жетуіне ықпал етуші факторлардың қатарына жеке тұлғаның ерекше
өзгешеліктерін атап айтуға болады: білім деңгейі, саяси ұйымдар қолдауы,
жаппай ақпарат құралдарына қол жеткізу және т.б.
Әлеуметтік теңсіздік қоғамды басқару үшін мүмкіндік туғызады. Себебі
социумның өмірлік координациясы үшін басқару орталығы ми штабы, сонымен
бірге жекелеген және топтық мүдделердің өзімшілдігін жеңу қажет.
Демек, қоғам тарихы – саяси теңсіздікті жою тарихы емес, бұл – қоғамды
ұйымдастырудың тиімді әдістерін құру және іздеу. Саяси билік қашанда
қоғамның дамуына үлес қосқан.
Саяси (мемлекеттік) билік қатынастарын реттейтін нормаларды сақтау
саяси социализация үрдісімен қамтамасыз етіледі: адам бала шағынан өзінен
орындауды талап ететін бұл нормалармен танысады. Жеке тұлға норманы сақтауы
өзіндік әдет, қарапайым іс болып кетеді.

Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі
мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси
шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі,
сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады.
Мемлекеттік билік органдары – мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және
өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін
жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік
қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген
шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді.
Мемлекеттік билік органдары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі
ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:
Конституциямен, республикалық заңдармен мемлекет қызметін және міндетін
тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен бекітілетін
органдар. (Республика Үкіметі, Парламенті, сот органдары).
Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін
орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар (Президент әкімшілігі және
тағы басқалары).
Мемлекеттік билік органдары мемлекет механизмін қамтиды.
Мемлекеттік механизмі түсінігі мемлекеттік аппарат категориясымен
тығыз байланысты. Соңғысын екі мағынада: тар және кең мағынада түсінуіміз
қажет. Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекеттік
органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес
келеді. Неғұрлым тар (арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде
мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі.
Ендеше, мемлекет механизмі (аппараты) бұл – Қазақстан Республикасының
Конституциясында, өзге де республикалық заңдарда бекітілген, тепе-теңдік
және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі. Яғни,
мемлекеттік билік органдары мемлекеттік механизмге тоғысады. Біз қай
тұрғыдан болмасын, мемлекеттік билік органдарын қарастырғанда мемлекеттік
механизмді де қарастыруымыз қажет.

1.2 Мемлекеттік билік жалпы әлеуметтік категория ретінде

Мемлекеттік билік органдарын толыққанды талқылау үшін алдымен билікті
жалпы әлеуметтік категория ретінде қарастырып, мазмұнын, мағынасын ашып
алуымыз қажет.
Билік болып қоғамда белгілі бір субъектінің (жеке тұлғаның, ұжымның,
ұйымның) екінші бір субъектіге (жеке тұлғаға, ұжымға, ұйымға) бағынып, яғни
сол субъектінің мүддесіне, еркіне бағынып, мінез-құлық дәріптеуі танылады.
Адамзат баласы өмір сүріп отырған қоғамда биліктің көптеген түрлері
тараған. Атап айтар болсақ: ру, тайпа билігі, экономикалық билік, қоғамдық
ұйымдардың билігі, ата-аналық билік, діни ағымдағы билік, осылардың
арасында ерекше орын алатын, қоғамға кең тараған, қазіргі біздің
мемлекетіміздің қадасын қағып, керегесін кеңейтіп отырған, осы еңбегіміздің
басты тақырыбының іргетасы болып отырған билік - саяси (мемлекеттік) билік.
Осы аталған саяси билік негізгі заңдық мағынада мемлекеттік билік болып
түсіндіріледі және мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
К. Маркс мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мемлекет пен оның әр-
түрлі органдары азаматтық қоғамның саяси тірегі болып табылады деп пікір
айтқан. Бұдан шығатын қорытынды мынадай: мемлекеттік билік - тікелей
мемлекетпен жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен қолдауы
бойынша жүргізілетін, мемлекетпен белгілі бір әрекеттілік берілген немесе
санкцияланған қоғамдық биліктің айрықша нысаны.
Сонымен қатар Ф.Энгельс саяси (мемлекеттік) билік ерекше жариялылыққа
ие билік деп атап айтқан.
Биліктің маңызды белгісінің бірі – күш. Себебі, әр мемлекетте билік әр-
қилы жағынан көрініс табады, мысалы бір мемлекетте мемлекеттік билік
мемлекет тарапынан тікелей зорлыққа бағытталса, екіншісінде – жасырын
мәжбірлеуге ие, сондай-ақ үшіншісінде ұйымдастырушылық қызметке ие.
Билік күші физикалық күш, қару-жарық күші (дубина, қару, атом бомбасы)
немесе бедел, ақыл-ой күші болуы мүмкін. Енді осы билік жайында ежелгі
ойшыл – ақылмандардың пікірлерін, ұстанған қағидаларын, бағыт-бағдарларын
толғап өтсек. Ежелгі ақылман Никколо Макиавелли өзінің Тақсыр атты
кітабында: Билік иесі елді әр-түрлі тәсілмен басқарады. Бірі - қабылдаған
заң жолымен, екіншісі- күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі
айуанға тән. Елде тәртіп орнатайын десе, билік иесі осы екі тәсілді де тең
ұстағаны абзал, түсінігі молдарға заңды құрметтеуді үйрет, көнбегендерге
амал жоқ, күш қолдан.
Өз бойыңа арыстан мен түлкінің мінезін қалыптастыр. Арыстан-айбатты,
түлкі-айлакер. Мұның бірін сыртқы, екіншісін ішкі жауыңа пайдалан. Қорқыт
та алдай біл, алда да қорқыта біл. Сонда ғана елдің тізгінін нық ұстайсьң
- деген.
Иә, әр ғасырлардың, әр қоғамдық құрылыстардың өзіндік билік құпиялары
болған. Ең бастысы билік иесі-жоғары лауазым иесі қарамағындағы, адалдық,
адамгершілік, жан тазалығы және өз-өзіне сенімділік мен мұндалап, көзе ұрып
тұруы шарт.
Жоғарыда атап өткен Тақсыр атты кітапшада, бұған керісінше, билеушіні
орға жығатын бес бірдей сүйкімсіз мінез көрсетілген. Олар: тұрақсыздық.
Жеңіл ойлылық, дөрекілік, сезімсіздік және дұрыс шешім қабылдай алмаушылық.
Шығыс филасофтарының көне жазбаларында билік иелерін үш топқа
бөледі екен.
Біріншісі – кұдайдың өзі туа бітті ақыл дарытқандар. Мұндай билік
иелері ұзақ мерзім билік құрады және еліне көп жақсылық әкеледі.
Екіншісі - өзгенің істегенін көріп, әрекет жасайтындар. Бұлар көбінесе
қу болып келеді. Қоғамға өзгеріс әкелетіндей жаңалық жасай алмайды. Тек
ескіні ғана нығымдап ұстауға бейім тұрады.
Үшіншісі - өзі білмейтін және өзгеден тәлім алмайтындар. Бұлар билік
басына кездейсоқ келеді, олар кез-келген істі айқаймен, дауды соғыспен
шешуге құмар. Мұндай билік иелері бар ел түбінде қырғынға, байлығы тонауға
ұшырайды.
Наршахи деген ақылман: Халқың, қара нан жесе, сен де қара нан же,
әйтпесе сенімнен айырыласың. Биліктен ажырайсың - деп жазыпты. Өнеге сөз.
Қырғыз жазушысы, адамзаттың Айтматовы: Мен білетін биліктің екі тармағы
бар. Бірі - халқына қызмет ететін, екіншісі -өзіне және туған-
туысқандарына, тұқым-жұрағатына ғана көлеңкесі түсетін билік. Алғашқысы –
жауапкершілікті терең сезінуден, адалдықтан, кейінгісі эгоизм
парықсыздықтан туындайды - деген.2 Десе де, қазіргі біздің билік иелеріміз
кімнің, күйін күйттеп отыр, өзінің бе, жоқ әлде халқының ба? Халқының күйін
күйттеп, жоғын жоқтар билік иелері көп болса, біздің қоғамымызда қолын
созар қайыр-садақа сұраған қайыршылар саны азаяр еді. Осыны көріп
еліміздегі билік иелері өзімшіл ме деп қаласың.
Біздің пікірімізше, қоғам рахаты тек мемлекет басшысына тәуелді.
Себебі, мемлекет басшысы айналасына жинайтын билік иелерін дұрыс саралауы
тиіс. Егер, мемлекеттік билік басына өңкей жағымпаздарды жинаса, өзінің де,
елінің де күні қараң. Өйткені жағымпаздар басшыны мақтамай тұра алмайды.
Ал, мақтау сөз у тәрізді, тұла бойыңды түгел билеп алады.
Алды-артыңды болжаудан қалдырады. Осының салдарынан халқыңды ұмытасың.
Қаптап жүрген мүсәпір - қайыршыларды көрмейсің. Сондықтан Президент
Үкіметті құруда мүше болушылардың психологиясына терең үңілуі тиіс.
Афина патшасы Амасиске ғұлама Солон: Менің пікірімше үкімет билгін
халық билігіне айналдыра алған патша ғана даңқты болады-деп кеңес берген.
Олай болса, билік тізгінін ұстаған ақылмандардың кемеңгерлігі - ел
бақыты. Конфуций – біздің дәуірімізге дейінгі 551- 479 жылдары өмір сүрген
қытай халқының атақты философы, ойшылы. Оның ұлы қағидалары мен
өсиеттерінен көне қытайдың көптеген билеушілері тәлім алған. Тіпті ең бір
қаһарлы императордың өзі: Ел басқару ісінде қателессек, ұлы ұстазымыз
кешірмейді-ау - деп қорыққан. Конфуцийдің билік туралы ұлағатты сөздері
бұл күнде әлемнің барша тіліне аударылған.
Әр адам өз ісін адалдықпен атқара білсін. Билеуші елді билесін,
жұмысшы еңбек етсін, әке-әке, бала-бала орнында болсын. Тұрақтылықтың осы
қарапайым қағидасы бұзылса, мемлекет іштен іриді. Үлкен өрт кішкене шақпақ
тастан шыққан ұшқыннан басталады.
Конфуцийдің қағидаларын Қытай көсемдері әлі күнге басшылыққа алып
отырады екен. Ал біздің билеушілеріміз, кешегі алты алашты аузына қаратқан
үш жүздің үш тарланы Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің тағылымы мол
сөздерін біле ме екен ?!
Жалпы, билік иесі болу бақытына алуан салалы қызметтің, саяси
қақтығыстардың қойнауына түсіп ысылып, сыналған, ақылы мен парасаты,
кемеңгерлігі мен кеңдігі келіскен өзге тұстастарынан оқ бойы озық тұлға
ғана ие болуы тиіс қой.
Алайда бұл ереже біздің мемлекеттік органда отырған азаматтарымызға тән
емес. Мысалы, елімізде бір жылдары өткен Парламент депутаттарын сайлау
кезінде небір пәлелер болмады десеңізші. Бір депутатқа талапкер
сайлаушыларына аяқ киім үлестірген. Бірақ бәріне бір-бір сыңардан ғана.
Әлгі өлермен:
- Маған дауыс беріңдер. Қарсыластарымды жеңіп шықсам, екінші сыңарын
аласыңдар деп қоңторғай болып жүрген халықтың осал жерін басады. Қалған
талапкер - бақталастары қалсын ба, ақшаны оңды-солды шашып, судай ағызған.
Нәтижесінде аяқ киім үлестіргеннің бағы жанбады. Десе де, осындайлардьң
талайы Парламентке өтіп кетті. Бір кезде рухани жағынан таяз, бір жолғы
қызығы, мансабы, үшін халық мүддесін сатып жіберетін алаяқтардың талайы
қазір көзін ашып-жұмып Парламент залында отыр. Қарапайым жұрттың тағдыры
осындай азаматтарға қарап калды. Осы жайттарды зерделесек, бұл - біздің
демократиядан тапқан бір ұтылысымыз - осындай депутат ағаларымыз бен
апаларымызға қарап отырып кешегі грек саясаткері Солон еріксіз еске түседі.
Ол Саясаткерлік деген – алдампаздық демеп пе еді.
Еліміздегі мемлекеттік билік органдарының алшың басуы-қоғамымыздағы
демократияның бір көрінісі. Осыны пайдаланып, билік иелер әй дер әжеге, қой
дер қожаға құлақ аспауда. Алайда, демократия дегеніміз - өзіне тән шектеуі
мен шекарасы бар қатаң тәртіп. Қарапайым ғана мысал. Отбасы - мемлекеттің
үлгісі. Оның да көсем басшысы, сенімді қосшысы, орнықты орындаушылары бар.
Демократия, аузыма не келсе соны көкуге еркім бар деп, келін атаның
сақалына жармасып, ұл шешесінің бетінен алып жатса не болмақ? Ырыс емес, үй-
ішіне қып-қызыл төбелес алып келетін, рухани мәдениетке тамыр жібермеген
демократиядан не қайыр?!
Бақ пен сордың арасы - бір-ақ қадам депті императорлық тақ пен тәжден
айырылып, әулие Елена аралына жер аударылып бара жатқан Наполеон Бонапарт
өкініштен бармағын шайнап. Сол сияқты - біздегі билік иелері аңдап баспаса,
абайлап ұстамаса қолындағы биліктен айырылып қалуы ғажап емес.
Жалпы тілмен айтсақ билік - айбалтаның басы да, демократия - сабы. Ал
сабын ұстайтын әулетті қолдың иесі қашан да халық екенін естен шығармаған
жөн. Сондықтан бұл екеуін бөле жара караудың қажеті жоқ. Осы екі тірліктің
бірі бұзылса, екіншісі қисаймай тұрмайды. Мысалы, Люксембургте, көшеде келе
жатқан адам жолда жатқан әмиянды тауып алса, ол оны міндетті түрде
полицияға апарып тапсырады екен. Байыппен қарасақ. Бұл - қалыптасқан мінез
бен демократияның шынайылылығы.
Ал жоғалғанды тауып бермек түгілі, қолыңдағыны жұлып алатын біздің
қоғамда, демек билік те, демократия да, дұрыс орнықпай жатқаны-ау! Ендеше,
біз демократияға қол жеткіздік, аспаннан алтын жауады екен деген ұғымнан
арылуымыз қажет. Біз үшін - идеал қоғамның ауылы алыс. Осыны жан –
тәніңмен, бүкіл болмысыңмен түсіну парыз. Қолдағы билік пен мүмкіндікті
жалаң өз басына пайдаланбай, еліне жақсылық жасауға ұмтылса ғана
демократияның бағы жанады.
Ежелгі заң реформаторы Солон өз билігі хақында былайша толғанған: мен
халыққа билікті олар қажет еткен мөлшерде бердім. Олардың абыройын
шектемедім, бірақ артық құқық берген жоқпын1 Солон болса бұдан ұтылмады,
керісінше үнемі ұтыста болды.
Демек, біздегі билік иелері өз дәуірінде де, болашақ алдында да ұтылмау
үшін халық мүддесін өз мүддесінен артық қоюы керек. Сонда ғана қоғамда
демократия аясындағы билік салтанат құрары сөзсіз.

1.3 Мемлекеттік билікті бөлу теориясы

Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның
негізін қалаушылар болып ағылшындық философ - материалист, материализмнің
идеялық - саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 –1704) пен француздық
философ және құқықтанушы Шарль Луй Монтескье (1689-1755) шықты.
Мемлекеттік билік бөлудің маңыздылығы мен қажеттіліктері жөніндегі Джон
Локктың идеялары 1690 жылғы жарық көрген Мемлекеттік басқару туралы екі
трактат деген басты еңбегінде көрініс тапса, Монтескьенің идеялары
Персиялық хат романында мазмұндалады. Бұл еңбегінде Джон Локк билікті
бөліске салу керек, себебі абсолютті монархия-тирандық режимнің
қалыптасуына ықпал етсе, заңсыздық - адамзат болмыс - бітіміне қарама-қайшы
келеді, ал билікті бөлу қағидасы негізінде пайда болған жария саяси
(мемлекеттік) билік адамдардың табиғи болмыс-бітімін сақтап, мүдделерін
көздейді десе, Шарль Луи Монтескье. Әрбір мемлекеттік биліктің үш
тегі болуы керек: заң шығарушы билік, халықаралық құқық сұрақтарын
жүргізетін атқарушы билік және азаматтық құқық мәселелерімен айналысатын
атқарушы билік. Осы аталғандардың біріншісінде мемлекет басшысы немесе
мекеме уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады және әрекет етіп жатқан
заңдардың күшін тоқтатады немесе оларға өзгертулер енгізеді. Ал екінші
биліктің құзыретіне соғыс жариялау, бейбітшілік орнату, өкілдерді қабылдау,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелер енеді. Сондай-ақ,
үшінші билік қылмысты жазалауды, жеке тұлғалардың қақтығыстарын реттеуді
жүзеге асырады. Сонымен қатар ең соңғы билікті соттық билік деп
қарастыруымыз керек деп салиқалы пікір айтқан.
Мемлекеттік биліктің кеңестік концепциясының негізін қалаушылар
К.Маркс, Ф.Энгельс жене В.И.Ленин мемлекеттік билікті жұмысшы корпорация
ретінде қарастырған. Көптеген уақыт бойы билікті бөлу теориясы кеңестік
ғылыммен буржуазиялық болып есептелінеді. Яғни, мұндағы концепциялар
мемлекеттің әр-түрлі органдары арасында қызметті, еңбекті бөлу қажеттілігін
мойындамады.
Алайда уақыт өте келе билікті бөлу теориясы кең етек жая бастады.
Осылайша, мемлекеттік биліктің механизмінің элементтері деген ұғым
қалыптасты. Мұндай элементтер болып мемлекеттік билік субьектісі (билік
жүктелуші) мен институттар (органдар, тікелей демократия нысандары) шықты.
Мемлекеттік билік қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік топтың, яғни халықтың
мүддесін көздеуші ролге ие болды.
Мемлекеттік билікті бөлу қағидасының тарихы ежелден бастау алған.
Француз құқықтанушысы Монтескье 1748 жылғы атаулы бір еңбегінде Жеке тұлға
саяси бостандықта болу үшін үкімет адамдар бір - бірінен қорықпайтындай
дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Егер заң шығарушы және атқарушы билік бір
адамның немесе бір магистратура органдарының иелігіне шоғырланса, онда
бостандық болуы мүмкін емес, мұндай жағдайда қоғамда үрей, қорқыныш пайда
болады және бүкіл билікті бір өзінің қолына алған монарх немесе сенат
тирандық заңдар шығарып, оны тирандық сипатта қолдануы мүмкін.
Сонымен қатар, соттық билік заң шығарушы және атқарушы биліктен
бөлінбесе, онда бостандық туралы әңгіме қозғау мүмкін емес. Егер сот билігі
мен заң шығарушы билік біріксе субъектінің өмірі мен бостандығы ақылға
қонымсыз кетуі мүмкін. Ал атқарушы билікпен біріксе сот қатыгездікке бой
ұрады, - деген.
1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялық саяси
институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу қағидасын
бірінші рет жариялаған акт. Қазақстан КСР-ының 1978 ж. Конституциясы,
жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кеңеске
бүкіл билікті бекітті. Жоғарғы өкілді органның бірыңғай билігінің мәні,
міне осында. Алайда, Қазақ, КСР-інің Жоғары Кеңесі Парламенттей болған жоқ,
өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғарғы өкілді
органдары болған жоқ.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы Кеңеске кең
өкілеттілік бергені сондай мемлекеттік билікті бөлісу қағидасы шын
мәнінде болған жоқ. Сонымен қатар, тежемелік және тепе тендік жүйесі де
орнықтырылмады. Сөйтіп, 1993 жылғы Конституция мемлекеттік билігінің
қайшылықты құқықтық, базасын жасады. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес
әрине, өз қызметін толық атқара алмады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін парламенттік республиканың
орнықтырылмаған себебі онда парламентаризмнің дәстүрі мен мәдениеті, көп
партиялылықтың дамыған жүйесі болмады және ең бастысы, мұның бәрін халықтың
қалың санасы қабылдамады. Бүгінгі таңда бізде ол жоқ.
1993 жылдың қаңтарында қабылданған Конституцияда Президенттік басқару
жүйесі орнықтырылмады. Мұнда Президент биліктің бірде-бір тармағына жатқан
жоқ. Конституциялық Сот органы болып табылмайтын Конституциялық Кеңеспен
алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Осындай
қайта құрулар нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару
жүйесіне тән жоғарғы және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен
аяқталды.
Қазақстан Республикасының Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол
Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөліну және өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге
асырылады делінген (3-бап 4 тармақ). Мемлекеттік билік жүйесі тек көлбегей
ғана емес тік те бөлу қағидаларына негізделген. Алайда, біртұтас
мемлекеттік билікті тік бөлудің жоғарғы және жергілікті мемлекеттік
органдарының арасында іс жүргізуді шектеуде өзіндік ерекшелігі бар.
Қазақстанның Конституциясы және тиісті заң актілері мемлекеттік билік
органдарына, бір жағынан олардың жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге,
екінші жағынан жоғарғы органдардың өкілеттігіне араласып, біртұтастық
қағидасын бұзуға болмайтындай өкілеттіктер шегін белгіледі.
Билік бөлу қағидасының маңызды болатын себебі ол мемлекеттің
ұйымдастырылуының, оның тетіктерін белгілейді. Конституция бұл қағиданы
тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибиесін
ескертуді, құқықтық мемлекет бағыт ұсынуды білдіреді.
Қазақстан Республикасында Конституция нормаларын талдау билік бөлу
жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз қалайды.
Біріншіден, Президент толық күйінде биліктің бірде-бір тармағына қойылуы
мүмкін емес, екіншіден, оның биліктің барлық тармағына қызметіне бірдей
араласуына мүмкіндік беретіндей құқығы бар, үшіншіден, оның өкілеттілігі
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін билік
органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасіз ете алады.
Конституцияға сәйкес мемлекеттік билікті шығарушылық, атқарушылық
билік, сот билігі тармақтарына бөліну принципінің қабылдануына орай –
Қазақстан халқының еркі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы болып
табылады. Міне, осыдан келіп мемлекет органдарының қызметі халықтың еркі
негізінде жүзеге аса бастады. Ал, мемлекеттік билік органдарының қызметің,
өзара іс-қимылын үлестіруші күш болып – Президент болады.
Мемлекеттік билікті бөлу біздің дербес және тәуелді мемлекетіміз үшін
жаңа қағида болғанымен, басқа елдерде ол ежелден бері қолданыста.
Билікті бөлу теориясы көптеген саясат зерттеушілерімен анықталды: идея
Аристотелмен айтылып, теориялық, тұрғыдан Джон Локкпен (1632-1704 ж.ж)
негізделді және дамыды, классикалық түрде Шарль Луй Монтескьемен (1689-1755
ж.ж) әзірленіп, бұдан кейін Алексендр Гамильтонмен, Джеймс Мэдисонмен
жанданды.
Билік бөлу теориясының негізгі ережелері мынадай:
1) Билікті бөлу Конституциямен бекітіледі.
2) Конституцияға сәйкес Заң шығарушы, атқарушы және соттық билік
әр-түрлі органдармен және адамдармен ұсынылады:
3) Барлық, билік тең
4) Ешқандай билік өзге билікке тиесілі құқықтарға ие бола алмайды.
5) Соттық билік саяси ықпал етуден тәуелсіз.
Билікті бөлу қағидасының теориялық және практикалық қайнар көздері -
Ежелгі Греция мен Римде.
Ежелгі Грецияда Солон архонт бола тұра 400 кеңесін құрды және өз
өкілеттігі бойынша бір-бірімен деңгейлес ареопаг қалдырды. Солонның сөзі
бойынша осы екі орган мемлекеттік кемені кез-келген дауылдан қорғайтын якор
болды. Кейінірек, б.э.д IV-ғасырда Аристотель өзінің Саясат еңбегінде
мемлекеттік құрылыстың үш элементін көрсетті: заң шығарушылық кеңестік
орган, магистратуралар және сот органдары. Екі ғасыр өткеннен кейін
грециялық тарихшы және саяси қызметкер Полибий (210-123 ж.ж. б.э.д.) бұл
құрамдас элементтердің қарсыласы отырып, бір-бірін қолдап отыратынын
көрсетті. Ол аты аңызға айналған спартандық заң шығарушы Ликург туралы
жазды.
Биліктің бөліну теориясы өзінің теориялық дамуын орта ғасырда тапты.
Яғни Ағылшын философы Джон Локк (1690 ж) Мемлекеттік басқару туралы екі
трактат деген еңбегінде биліктің жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті және
өзара байланысы қағидасын қарастырған. Мұнда басымдылық билік бөлу
механизмінде заң шығарушы билікте қалды. Ол елде жоғары, бірақ абсалютті
емес. Қалған биліктер заң шығарушыға қарағанда бағынушы сипатқа ие.
Мемлекеттік басқару туралы екі трактаттан кейін жүз жыл өткен соң
1789 жылы 26 тамызда Францияның Ұлттың Жиналысымен қабылданған адамдар мен
азаматтардың құқтарының Декларациясында Билік бөлінбеген және құқықтарды
пайдалануға қамтасыз етілмеген қоғамда, Конституция болмайды делінген.
Джон Локктың көзқарасы француздық философ Шарль Луй Монтескьенің
билікті бөлудің классикалык теориясын дамытты. Монтескьенің пікірі бойынша
билікті бөлу жүйесінің болуы қоғамды мемлекеттік билікті шектен тыс
пайдаланудан сақтайды. Ол заң шығарушы және атқарушы билік бір тұлғаның
қолына немесе бір мекемеге біріксе, онда бостандық болмайды, себебі сенат
пен монарх тирандық заңдар шығарады. Сонымен қатар, егер сот билігі заң
шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе бостандық та болмайды. Егер осы
үш билік бір мекемеге, бір тұлғаға біріксе онда бәрі құриды деп жазған.
Бұл заңды. Себебі біз қазір өз таңдауымызды жасап мемлекеттік билікті
өз орнына қоюдамыз. Бұл жерде жоғарыда аталған өткен ойшылдардың да пікірін
бетке ұстадық.
Өздеріңізге белгілі, екі жүз елу миллионнан астам халықты бір ұранның
астында ортақ саяси көзқараспен ұстаған Кеңес Одағы араға жетпіс жылдан
астам уақыт салып күйреп, ыдырап, жеке-жеке отау тіккен он бес
мемлекетке айналды. (Бұл санның көбеюіде ғажап емес).
Бұдан кейін, қоғамдық қатынастың жаңа құрылымында қай бағытта дамып,
билікті қай шеңберде ұстау керек деген күрделі сұрақ біздің жас
мемлекетіміз – Қазақстан Республикасын мазаландырылғаны ақиқат. Алайда,
еліміз өз таңдауын жасады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастауы – халық болып бекітілді. Халық билікті тікелей
республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ
өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.

2 Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің билік органдары жүйесін
талдау

2.1 Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік билік органдары

Қазақстан Республикасының Президенті халық пен мемлекеттік биліктің,
Конституциясының мызғымастығының, адам мен азаматтық құқықтары мен
бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық
бірлігінің рәмізі болып табылатынның себебі, оны мемлекет басшылығына
көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді.
Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президенттің мемлекет
биліктің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-
біріне жатпайды, оның барлық тармақтарының келісіммен қызмет етуін
қамтамасыз етуі тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа да
заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін
қамтамасыз етуі тиіс.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: басқарудың президенттік жүйесін
мемлекеттің бүгінгі таңдағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен
амбициялары емес, объективті факторлар тудырады. Және, бұл, біздің еліміз
үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет деп жазды.1 Он екінші
шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзінен өзі тарқағаннан
кейін және Президентке заң шығару органдарының кейбір өкілеттігі уақытша
берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша
жедел және сапалылық деңгейі айтарлықтай жоғары Конституциялық жай заңдық
күші бар жүздеген Жарлықтар шығарады.
Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті
деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген,
өмірлік мол тәжірбие жинақтаған болуы тиіс. Осыны ескере келе,
Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде отыз бес жасқа толған
азаматы сайлана алатындығы белгіленді.
Қазақстан Республикасының Конституциясымен рұқсат етілетін ең жоғарғы
жас шегі де белгіленген. Қазақстан Республикасының 65 жастан аспаған
азаматы Президент бола алады. Жастың жоғары шегін белгілеудің бір ғана
себебі бар: қабілетсіздігіне қарамастан, адамдардың әбден қартайғанша билік
басынан кетпейтін кеңестікке кезең тәжірибесін қайталаудан сақтандыру.
Қазақстан Республикасының Президенттікке үміткер адам міндетті түрде
тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін және
Қазақстанда кемінде он бес жыл тұру қажеттігін белгілейді. Мұндай талаптың
қойылуы дұрыс, себебі мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді,
халықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін жақсы білуі
тиіс.
Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік (қазақ)
тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай
талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты
сақталуын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі - оны сақтау болып
табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті
атқарудан туындайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентті сайлау үшін
барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге
сайлаушылардың елу пайыздан астамы қатысса сайлау өткізілген болып
есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 пайызынан астамы
алған кандидат сайланған болып есептелінеді. Егер кандидаттың бірде-бірі
аталған дауыс санына ие бола алмаса, қайтара дауыс беру өткізіледі.
Қайтара дауыс беруге көпшілік дауысын алған екі кандидат қатысады.
Дауыс беруге қатысушылардың көпшілік дауысын жинаған кандидат сайланған
болып есептеледі.
Мұндай өкілеттіктер мемлекеттік билік органдарының қызметтерін
үйлестіріп отыруда зор ықпал етеді. Енді осы өкілеттіктерге тоқталып
өтсек.
Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің
кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды, Парламенттік өкілеттік
мерзіміне Сенатқа жеті депутатты тағайындайды, Парламенттің бірінші
сессиясын шақырады, Парламент депутаттарының Қазақстан халқына антын
қабылдайды, Сенат төрағасы лауазымына кандидат ұсынады, Палаталардың кез-
келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарында қатысуға және сөз
сөйлеуге құқылы, Үкімет мүшесі Заңдарды орындамаған жағдайда Парламент
Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен босату жайындағы өтінішін
қарайды. Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті тарата алады.
Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің
келісімімен Республиканың Премьер – министрін қызметке тағайындайды, оны
қызметтен босатады, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдарын
құрады, таратады және қайта құрады, Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды,
Премьер – министрдің оның қызметінің бағыттары туралы баяндамасын тұрақты
түрде тыңдайды, өте маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық
етеді, Үкімет немесе оның кез-келген мүшесі орнынан түсуі жөнінде
мәлімдегенде шешім қабылдайды, конституцияда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Мемлекеттiң басқару нысандары
Казақстан Республикасының Конституциялық заңнамаларының сипаттамасы
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі әлемдік тәжірибе туралы ақпарат
Сыбайлас жемқорлық типологиясының өлшемдері
Инвестициялық қызметтің халықаралық және ұлттық құқықпен реттелуі
Кеден бақылауы қүжаттар мен мәліметтерді тексеру
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметінің нысандары және түсінігі
Заңсыз иммигранттар
Жергілікті өзін-өзі басқару
Пәндер