Қазақстан территориясындағы тас ғасыры


Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: «Қазақстан территориясындағы тас ғасыры»
Орындаған: Муртабаева А. Қ
Тобы: 103 ФК «Б»
Қабылдаған: Дарашова З. Б
Жоспары:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Қазақстандағы тас дәуірін зерттеген ғалымдар
- Қазақстандағы тас ғасырының кезеңдері
- Палеолит дәуірі
- Мезолит дәуірі
- Неолит дәуірі
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
- Қазақстан тас ғасыры дәуірінде
Белгілі бір әлеуметтік-экономикалық формацияның дамуына байланысты адамзат тарихы үзақ-үзақ кезеңдерге бөлінеді. Көне тарихтың ұзак уақытты қамтитын маңызды бөлігі археологиялық дерек көздері бойынша зерттеледі. Археологияда кезеңдендірудің өзіндік эдісі жасалған, оған сәйкес адамзат тарихы тас, қола, темір жэне ортағасырлар дәуірлеріне бөлінеді.
Алғашқы қауымдық қүрылыс адам баласының өсіп дамуындағы ең алғашқы кезеңі. Ғылыми зерттеулерге қарағанда алғашқы қауымдық қүрылыстың дамуы барлық жерде бірдей болған. Елімізде жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жүмыстар өткен өмірдің даму тарихының алғашқы кезеңдерін ашып, дүние жүзілік адам қоғамының зерттелуіне өз үлестерін қосуда. Қазақстан жерінде алғашқы адамдардың тастан жасалған қүрал-саймандары, қоныс-жайлары табылып отыр. Бүл археологиялық ескерткіштер Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыстың болғандығын дәлелдейді.
Алғашқы адамдардың өндіргіш күші біріншіден, алғашқы адам- нан, екінші - оның тас қүралынан түрды. Археология ғылымы зерттеуді осы тас қүралдардан бастайды.
II. Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыс ескерткіштерінің зерттелуінің азды-көпті өзіндік тарихнамасы бар. Қазақстан жерін- дегі тас қүралдар туралы алғашқы деректер XIX ғасырдың 50-жыл- дарынан басталады. 1862 жылы Гурьев облысының Александров портынан пышақ тәріздес тас қүралдар табылса, ал 1883 жылы Абайдың досы Е. П. Михаэлстің тілегі бойынша Семей қаласында өлкелік музей ашылып, оның сөрелеріне 80-нен астам тас жебелер, тас найзаның үштары, қырғыштар, пышақ тәріздес тас қүралдар, тас балталар қойылады. Тастан жасалған қүрал-саймандар, әсіресе, XX ғасырдың басында Қазақстанның эр жерінен табылып, ол туралы баспасөз беттерінде жазыла бастайды. 1895 жылы академик В. В. Бар-тольдтың бастамасы бойынша Түркістан әуесқой археологтар қо- ғамы қүрылып, Қазақстан бойынша көне дэуірдің ескерткіштері туралы қамқорлық жасап, олар туралы хабар беріп отырған. Қазақстандағы алғашқы қауымдық қүрылыстың тас қүралдарының нағыз ғылыми түргыда зерттелуі 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін ғана қолға алына бастады. Кеңес дэуірінің алғашқы кезінде қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық қүрылыстың ескерткіштерінің бетін ашуда С. И. Руденконың еңбегі атап айтарлықтай. Оның жа- зуы бойынша алғаш рет Қостанай облысындағы Қайранкөл маңынан мысты-тас дэуірінің қонысы белгілі болған. Сол сияқты көрнекті археолог ғалым М. П. Грязнов, И. В. Синициндер 30-жылдары Қарағанды, Батыс Қазақстан жерінен жаңа жэне мысты-тас дэуірінің қоныстарын тапқан.
Жерімізде алғашқы адамдардың қүрал-жабдықтарын зерттеуде айтарлықтай еңбек сіңірген ғалым академик Ә. X. Маргүлан бол- ды. Ғалымның жетекшілігімен жүргізілген Орталық Қазақстан экс- педициясы Бетпақдаланың орталық бөлігінен бірнеше жерден тас дэуірінің қонысын тапқан. Әсіресе, ғалымның басты бір көрнекті еңбегі Сарысу бойынан мысты-тас дэуірінің шақпақ тастан қүрал жа- сайтын шеберхананың орнын табуы. Сонымен қатар Ә. X. Марғүлан алғашқы адамдар мекендеген көптеген қоныстар мен үңгірлер тау- ып, оларға ғылыми сипаттама жазған.
Елімізде тас дэуірінің нағыз ғылыми түрғыдан зерттелуі 50- жылдардың 2- жартысынан басталады. Қазақ ¥лттық акаде- миясы Ш. Уэлиханов атындағы тарих, археология жэне этнография институтының ғылыми қызметкері тас дэуірінің маманы Х. Алпысбаевтың жетекшілігімен 1957 жылы қүрылған «Қаратау отрядының» жүргізген жүмысы орасан зор болды. 20 жылдан астам мерзімнің ішінде ғалым тас дэуірінің төменгі кезеңінен бастап, оның соңғы кезеңіне дейінгі мезгілдерді дәлелдейтін ескерткіш- терді тапты. Бүл жүмыстың нәтижесі «Оңтүстік Қазақстанның төменгі тас дэуірі» атты монография болып жарыққа шықты. Сөй- тіп, Қазақстандагы алгашқы адамдардың ескерткіштері біршама зерттеліп, игілікті жүмыс жолга қойылды. XX гасырдың 80- жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейін палеолит дэуірін зерттеуді Ә. X. Маргүлан атындагы археология институты, сонымен қатар Ж. К. Таймагамбетовтың жетекшілігімен эл-Фараби атындагы Қаз¥У-дың галымдары жүргізіп келеді. Ж. К. Таймагамбетовтың бастамасы жэне жетекшілігімен 2000 жылы эл-Фараби атындагы Қазақ үлттық университетінде ТМД елдерінің ішінде алгаш рет палеолит мүражайы ашылды.
Қазақстанның солтүстік аудандарында алғаш рет неолит дэуірінің қоныстарын 1926 ж. М. П. Грязнов пен М. Н. Комарова зерттеген. Шығыс Қазақстанда неолит кезеңінің ескерткіштерін тауып жэне оларға ғылыми зерттеу жүмысын жүргізуде археолог ғалым С. Черниковтың еңбегі зор. Ол «Кіші Красноярск» жэне «Усть-Нарым» қоныстарына қазба жүмыстарын жүргізді. Сырдарияның төменгі ағысында Арал жағалауында, Қызылорда облысының жерінде неолит кезеңінің қоныстарын зерттеуде Хорезм археологиялық экспедициясының меңгерушісі С. П. Толстов- тың сіңірген еңбегі айтарлықтай. Неолит ескерткіштерін зерттеуде академик Ә. X. Марғүланның, тас дэуірінің маманы X. А. Ал- пысбаевтың еңбегі зор.
1) Адамның алғашқы еңбек қүралдары тастан жасалған. Сондық- тан да аса үзаққа созылған алғашқы тарихи кезең - тас дэуірі деп аталады. Тас дэуірі мынадай 3 кезеңге бөлінеді:
- Палеолит - ежелгі тас дэуірі (б. з. б. 2, 5 млн. жылдан - 12 мыңжылдыққа дейін) ;
- Мезолит - орта тас дэуірі (б. з. б. 12-5 мыңжылдықтар) ;
- Неолит - жаңа тас дэуірі (б. з. б. 5-3 мыңжылдықтар) ;
Өз кезегінде палеолиттің өзі 3 кезеңге бөлінеді: 1) ерте палеолит (б. з. б. 2, 5 млн. - 140 мыңжылдықтар) ; 2) орта палеолит (б. з. б. 140-40 мыңжылдықтар) ; 3) кейінгі палеолит (б. з. б. 40-12 мыңжылдықтар) .
Соңғы жылдары бүл схемаға кейбір өзгерістер енгізілді. Бірқатар авторлардың пікірі бойынша: олар палеолитті екі дэуірге - ерте жэне кейінгі дэуірге бөліп, мустье мен кейінгі палеолит арасына меже қояды. Бүл кезеңдеу бойынша ерте палеолит үш ірі дэуірге бөлінеді: олдувэй дэуірі (б. з. д. 2, 6 млн. - 700 мың жыл), ашель дэуірі (б. з. д. 700 - 150-120 мыңжылдықтар) жэне мустьер дэуірі (б. з. д. 150-120 - 30-25 мыңжылдықтар) . Кейінгі палеолит б. з. д. 30-25 - 12-10 мыңжылдықтарды қамтиды.
2) Қазақстан жеріндегі ежелгі адамның іздері ерте палеолит дәуірі- не жатады. Ежелгі адамның қалдықтары әзірше табылған жоқ, бірақ олардың мекен-жай, түрақтары табылып, зерттелуде. Адамдардың қоныстануына қолайлы жердің бірі Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасы болды. Осы жерден тастан жасалған ең көне еңбек қүралдары табылды. Көне тас дэуірінің алғашқы кезеңінің ескерткіштері Қазақстанның оңтүстігінен, Арыстанды өзенінің бойынан Қызылтау, Тэңірқазған, Бөріқазған, Тоқалы жэне Ақкөл деген жерлерінен табылған. Шу өзенінің оң жағындағы Қазанғап шатқалынан осы дэуірге жататын ескерткіш табылды. Қарасу түрағынан тастан жасалған 15 мыңға жуық заттар табылған.
Орталық Қазақстанда ежелгі палеолит адамы оңтүстікке қарағанда кешірек пайда болған. Ол көбінесе Балқаштың солтүстік жағалауын мекендеді. Бүл жерден сол уақыттағы адамдар тұрағы көбірек табылды.
Ерте палеолит кезінде адам тасты жару үшін екінші тасты пайдаланған - оларды бір-біріне соғатын болған. Мүндай тәсілді жарып түсіру техникасы, яғни малтатас мәдениеті деп атап кеткен, өйткені, шикізатретінде көбінесе өзен малтатастары пайдаланылған. Ерте палеолитте адамдар тасты жару үшін жүмыр тас қолданды. Дайындалған қүрал кейін шапқыш ретінде қолданылды. Бүл кезде қолшапқы қарудың аса оңтайлы, кең тараған түрі болды.
Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай түрақтардың бірі - Қүдайкөл Сарыарқаның теріскей- шығыс шетінде орналасқан.
Орта палеолит (мустьер) кезеңінде тас өңдеу әдістері жетілдіріле бастады. Енді еңбек қүралдарын дөңгелек өзек тастан (нуклеус) жа- сау әдісі кең тарады. Сол кездегі қарулардың негізгі түрлері тілгіштер мен қырғыштар болды. Бүл кезеңде адам ағаш бүтағын бір-біріне үйкей отырып немесе шақпақ тастарды үрып үшқын шығарып, от алуды үйренді. Алғашқы діни сенім қалыптасты. Мустьерліктер өлген адамның аяғын бүгіп, бір қырымен жатқызып жерлеген. Өмір мен өлім туралы түсінік, өлгендерге қүрметпен қарау белгілері пайда бола бастаған. Орта палеолит кезеңіндегі адамды неандертальдық деп атайды. Ежелгі адамдардың үйымы - үлкен қауым орта палеолитте қалыптасты.
Орта палеолиттің белгілі түрақтары мыналар: Қаратау аймағындағы Топалы шатқалынан табылған жэне Ақкөл көлінен оңтүстікке қарай 20 шақырым жерде орналасқан Қызылрысбек түрақтары. Осы кезеңге жататын түрақтар, сондай-ақ Арыстанды мекенінен де табылды. Солардың ішіндегі ең күрделісі Ш. Уәлиха- нов атымен аталды. Үшбүлақ қойнауынан аңшылардың шағын топтарының уақытша түрағы табылды. Орталық Қазақстаннан табылған ескерткіштердің ең көнесі - Жезқазған облысындағы Обалысай түрағы, сондай-ақ Сарысу өзенінің орта ағысындағы Мүзбел жэне Есіл өзенінің жоғарғы жағындағы, яғни Қарағанды- ның солтүстігіндегі Батпақ шатқалы, жоғары Ертіс өңіріндегі Қанай ауылы маңындағы түрақтар. Мустьер кезеңінің жаңа ескерткіштері 1984 жылы Жезқазған облысының Ақадыр ауданы- нан табылды. Олар - Өгізтау I жэне II, Үлкен Ақмая түрақтары. Батыс Қазақстанның, әсіресе оның Маңғыстау түбегінде түрған палеолиттік ескерткіштері айрықша қызғылықты. Бүрынырақ кезде А. Г. Медоев жэне кейінірек Ж. Қ. Таймағамбетов ашқан түрақтардың бэрі Каспий теңізі жағалауының сөре алаңдарында орналасқан.
Кейінгі палеолит біздің заманымызға дейінгі 40 мың жылдан 12 мың жылға дейінгі уақытты қамтиды. Бүл - адамзаттың жердің барша климаттық зоналарына тарап қоныстанған жэне нәсілдер мен нәсілдік топтардың кұрылғап кезі. Осы дэуірде дене бітімі қазіргі адамдарға ұксас адамдар («саналы адам») қалыптасты. Мүндай адамның сүйегі бірінші рет Франциядағы Кро-Маньон үңгірінен табылғандықтан, оны кроманьондық деп атайды. Бүл кезеңде пышақ тіліктер, қырғыштар т. б. тас қүралдары пайдаланылды. Қарулар жетілдірілді. Аң аулауда найза лақтырғыш қолданылды.
Қоғамдық қатынастар жетіліп, адамдардың бірлескен үйымының түрі - рулық қауым қалыптаса бастады. Оларда мықты аналық рулық қауым қарым-қатынасы орнады. Әйелдің қоғамдық өмірде биік орынға ие болуы қауымдық үй шаруасының ерекшелігімен, әйелдің үрпақты жалғастырушы ретіндегі отбасылық рөлімен де анықталып қойылған.
Оңтүстік Қазақстаннан бірқатар кейінгі палеолиттік ескерткіш- тер табылды. Олардың ішіндегі ден қоярлығы Шолаққорған қалашығының батыс жағынан табылған Ащысай түрағы. Орталық Қазақстандағы Батпақ түрағынан ірі қырғыш тастар мен сүңгінің үштары табылды. Үшінші Қарабас көмбесінен 172 порфириттен жасалған заттар табылды. Шығыс Қазақстанда Қанай, Свинчатка, Үңгір жэне Ново-Никольское түрақтары белгілі болды.
Қазақстан жерінде кейінгі палеолиттің толық зерттеліп біткен ескерткіштері онша көп емес, бірақ қолдағы бар материалдар көне тас дэуірі адамдарының материалдық мәдениеті дамуының ешбір үзілмей, үдайы жүріп отырғанына, сол сияқты Қазақстан аумағындағы қоныстану процесінің де үзілмегендігіне көз жеткізеді.
Кейінгі палеолит кезеңін мезолит (Б. з. д. 12-5 мыңжылдықтар) алмастырды. Бүл кезең аз зерттелген. Сондықтан Қазақстан жерінен табылған ескерткіштер де сирек. Бүл кезеңде жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келді. Қазба жүмыстары кезінде садақ жебесінің доғал жэне домалақ үштары да табылды. Олар терісі бағалы аңдардың терісін бүлдірмей аулау үшін қолданылды. Сондай-ақ уланған немесе өртегіш жебелер кеңінен пайдаланылды. Тас өңдеу эдісі де жетілді. Пышақ тэрізді тілгіштер басқа қүралдардың бэрін ығыстырып шығарды. Адамдар тас тілгіштерге ағаштан қолға үстайтын can ор- натуды үйренді. Балық аулау кең тарады.
2) Мезолит - Қазақстанда аз зерттелді. Тек 80-90 жылдары Батыс және оңтүстік Қазақстанда археологиялық жұмыстар жүргізілді. Мезолит (орта) кезінде садақ пен жебе пайда болды. Тұрақтар өзен-көлдерге жақын болды. Мезолит тұрақтары -Қарағандыда - Әлімбек, Көкшетауда - Виноградовка, Қостанай маңында - Дачная, Маңғыстауда - Қызылсу және т. б. Қазақстан мезолит дәуірінің хронологиялык шеңбері, шамамен, б. з. д. 12-5-мыңжылдықтар арасы. Мезолитте төрттік дәуірде жер бетін жапқан мұздықтар еріді. Жер жүзінде бүгінгіге жақын табиғи-климаттық, фауналық, флоралық жағдай қалыптаса бастады. Қазіргіге жақын жануарлар дүниесінің қалыптасуы аңшылықтың жаңа тәсілдерін іздестіруді қажет етті.
Жалпы, мезолит дәуірінің ең бір үлкен жаңалығы - садақ пен жебенің пайда болуы. Садақ пен жебенің пайда болуы аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Аң аулаудың Бұл жаңа тәсілі аңшылық кәсібінің өнімділігі мен оңтайлылығын біршама арттырды. Мезолит дәуірінің тағы бір жаңалығы - еңбек құралдарын дайындауда сынатасты пайдалану қолға алынды. Палеолит дәуірінің соңына қарай Оңтүстік Сібір мен Алтайда микролит құралдары пайда бола бастады. Микролит дегеніміз - ұсак тас тілікшесінен немесе ұсак тас жаңқасынан жасалған құралдар. Олар, әдетте басқа бір құралға сыналанып орнатылады. Мысалға, ағаш сапқа осындай өткір сына тасты орнатып, пышак, жасаған немесе жебе таяғының ұшына үшкірленген сынатасты орнатып, жебе оғын, найза, т. б. құралдар жасаған. Сонымен мезолит дәуірінде сынатас техникасына негізделіп құрастырылған қару- жарақтар пайда болды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz