Дала өсімдіктері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Өсімдіктер әлеміндегі дала өсіміктеріне кешенді
биологиялық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Өсімдіктерге жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Табиғат белдемдеріндегі дала өсімдіктерінің
таралуына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Орманды дала, дала өсімдіктерінің таралу заңдылықтары ... ... ... ..8
1.4 Дала зонасы өсімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.5 Дала өсімдіктерінің қолайсыз жағдайларға төзімділігі ... ... ... ... ... ..13

ІІ бөлім. Дала өсімдіктерінің емдік, мәдени қасиеттеріне баға беру
және қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.1 Емдік өсімдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі ... ... ... ...18
2.3 Мәдени өсімдіктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.4 Өсімдіктерді қорғау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Табиғи қоршаған ортаға адамзаттың әсері жыл санап өсуде, осыған байланысты әлемдік қауымдастықтар биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың қажеттілігін ұғынуда. Қазіргі кезде биологиялық алуантүрлілік туралы конвенция («Биологиялық алуантүрлілік туралы конвенция», Рио-де-Жанейро, 1992); «Биологиялық алуантүрлілікті қорғаудың жалпы европалық стратегиясы» (1996); әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстанда биологиялық алуантүрлілікті сақтау жөнінде заңдар және ұлттық бағдарламалар жасалып, орындалуда [Е.М.Үпішов, С Мұқаұлы, 2006; Н.А. Назарбаев, 1997]. Жер үстінде биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың ғаламдық мақсаты зерттеушілердің алдына оны жан-жақты бағалауды міндеттейді, осыған байланысты сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеу өзекті мәселе, түрдің биологиясын, популяция тіршілігін, өмір сүру ерекшелігін жан-жақты зерттегенде ғана сирек өсімдіктердің ценопопуляциясын қорғаудың жолдарын ұйымдастыруға болады. Сондықтан жекелеген аймақтардың табиғи қоршаған орталарына кешенді талдау жасау арқылы, қорғау шараларының бағыттарының моделін жасау қажет.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған.
Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішінде балдырлардың 2 мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам және саңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай 165—170 түрлі эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор.
Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі, олардың да 210— 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том
2. Балалар Энциклопедиясы, 6 том.
3. Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том
4. Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
5. Поплавская Г.И. Экология растений. Изд-во АН СССР, 2.с.148
6. Вехов В.Н. Практикум по анатомии и морфологии высших растений. М.: Изд-во МГУ, 1980.
7. Воронин Н.С. Руководство к лабораторным занятиям по анатомии и морфологии растений. 1972.
8. Красильникова Л.А. Анатомия растений. Растительная клетка, ткани, вегетативные органы. Харьков, 1991.
9. Лаптев Ю.П. Өсімдіктер от А до Я/ Лаптев Ю.П.. - М.: Колос, 1992.
10. Мейер К.И. Практический курс морфологии и систематики высших растений. М.: Сов. наука, 1948.
11. Практикум по анатомии растений. Под ред. Д.А. Транковского. М.: Изд-во Высшая школа. 1979.
12. Яценко - Хмелевский А.А. Краткий курс анатомии растений. М.: Высш. шк. 1961.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. Өсімдіктер әлеміндегі дала өсіміктеріне кешенді
биологиялық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...5
1.1 Өсімдіктерге жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Табиғат белдемдеріндегі дала өсімдіктерінің
таралуына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7
1.3 Орманды дала, дала өсімдіктерінің таралу заңдылықтары ... ... ... ..8
1.4 Дала зонасы
өсімдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 11
1.5 Дала өсімдіктерінің қолайсыз жағдайларға
төзімділігі ... ... ... ... ... ..13

ІІ бөлім. Дала өсімдіктерінің емдік, мәдени қасиеттеріне баға беру
және
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 15
2.1 Емдік
өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...15
2.2 Гүлді өсімдіктер, олардың маңызы және топтарға бөлінуі ... ... ... ...18
2.3 Мәдени
өсімдіктер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .20
2.4 Өсімдіктерді қорғау
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..32
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Табиғи қоршаған ортаға адамзаттың әсері жыл
санап өсуде, осыған байланысты әлемдік қауымдастықтар биологиялық
алуантүрлілікті сақтаудың қажеттілігін ұғынуда. Қазіргі кезде биологиялық
алуантүрлілік туралы конвенция (Биологиялық алуантүрлілік туралы
конвенция, Рио-де-Жанейро, 1992); Биологиялық алуантүрлілікті қорғаудың
жалпы европалық стратегиясы (1996); әлемнің көптеген елдерінде, соның
ішінде Қазақстанда биологиялық алуантүрлілікті сақтау жөнінде заңдар және
ұлттық бағдарламалар жасалып, орындалуда [Е.М.Үпішов, С Мұқаұлы, 2006; Н.А.
Назарбаев, 1997]. Жер үстінде биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың
ғаламдық мақсаты зерттеушілердің алдына оны жан-жақты бағалауды
міндеттейді, осыған байланысты сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерді
зерттеу өзекті мәселе, түрдің биологиясын, популяция тіршілігін, өмір сүру
ерекшелігін жан-жақты зерттегенде ғана сирек өсімдіктердің ценопопуляциясын
қорғаудың жолдарын ұйымдастыруға болады. Сондықтан жекелеген аймақтардың
табиғи қоршаған орталарына кешенді талдау жасау арқылы, қорғау шараларының
бағыттарының моделін жасау қажет.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы: Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі
бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп
шығарады. Өсімдік – жер шарының өкпесі деп бекер айтылмаған. Тіршілік
атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы
біркелкі тарамаған.
Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері
бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішінде балдырлардың
2 мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары
сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам және саңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі
кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе
жатқан реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик
түрлері де кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек,
Қазақстанның оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай 165—170 түрлі
эндемик түрлер өседі. Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін
сақтап қалудың және қорғаудың ғылыми маңызы зор.
Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін
өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды.
Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың
175-і эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800
түрі өседі, олардың да 210— 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздің
таулы алқаптарында өсетін өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де
эндемик өсімдіктер.
Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл
атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде
түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың
биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады.
Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер
тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер
ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде
де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның
болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам
күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар
мен заттарды да өсімдіктерден алады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
➢ Дала өсімдіктерінің таралу заңдылықтарына кешенді түрде
сипаттама беру;
➢ Табиғат зоналарындағы дала өсімдіктерінің таралу жағдайларын
айқындау;
➢ Дала өсімдіктерінің емдік және мәдени қасиеттеріне баға беру;
➢ Өсімдіктерді қорғау мәселесін тұжырымдаау.
Курстық жұмыс кііспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім. Өсімдіктер әлеміндегі дала өсіміктеріне кешенді биологиялық
сипаттама

1.1 Өсімдіктерге жалпы сипаттама

Тіршілік үшін өсімдіктің маңызыӨсімдіктерді суда өсетін, топырақта
өсетін, жер астында өсетін, жер бетінде өсетін деп бірнеше топқа бөлуге
болады.
Топырақ өсімдіктері — бактериялар, балдырлар, кейбір саңырауқұлақтар.
Бұлар топырақ кұнарлылығын көтеруде маңызды роль аткарады.
Жер асты өсімдіктері бактериялар түрінде кездеседі және 3 км тереңдікте
болады.
Жер беті есімдіктерінің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардьң көпшілігін
адам баласы пайдаланады жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар
біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да
зор роль аткарады. Сондықтан да, жер үсті өсімдіктерін қорғау — басты
міндеттің бірі. Өсімдіктер жердегі өмірдің бірінші кезі.Өсімдіктер
табиғатта фотосинтез жүргізу үшін керек. Фотосинтез — күрделі биологиялык
процесс, яғни өсімдіктер өздерінің көгілдір пигменті — хлорофилдің
көмегімен күн көзінің энергиясын жинап алады да, оның күшімен көміртегі
газын және суды өзгертеді. Осынын, нәтижесінде мол органикалық косылыстар
түзеді. Мұның өзі күн көзінің энергиясын химиялык байланыстар энергиясына
айналдырады.
Бүл құралған органикалық қосылыстар тікелей немесе басқа нәрселердің
көмегімен басқа организмдерге тамақ болады. Дәлірек айтқанда, жасыл
өсімдіктер фотосинтез процесін атқара отырып, жерде өмірдің дамуы, гүлденуі
үшін маңызды роль атқарады, өмір сүрудің бірінші көзі болып табылады. Сол
себепті өсімдіктерді қорғау жердегі өмірді қорғаумен пара-пар.
ІІІамамен алғанда кұрылықтьң өсімдіктер қабаты жыл сайын 20—30 млрд т.
көміртегін пайдаланады.
300 жылдың ішінде өсімдіктер жұтатын көміртегі мөлшері атмосферада және
суларда болатын көміртегіне тен. Жер шарының өсімдіктері жыл сайын
фотосинтез процесі кезінде 177 млрд т органикалық заттар құрады. Олардын
122 млрд тоннасы құрлық өсімдіктері үлесіне, 55 млрд тоннасы – мұхиттағы
өсімдіктер үлесіне тиеді.
Жыл ішіндегі фотосинтез өнімінің химиялық энергиясы дүние жүзіндегі
электростанциялардың қуатынан 100 есе асып түседі.
Фотосинтез миллиардтаған жылдар ішінде жүзеге асып келеді. Бұл уақыт
ішінде көптеген органикалық заттар жинақталды. Төменгі сатыдағы өсімдіктер
субстраттан ылғалды бүкіл талломы (вегетативті ағза) арқылы, ал жаңбыр
тамшыларын, шық, түман ылғалын бүкіл денесімен сіңіреді. Қыналар өздерінің
қурғақ салмағынан 2-3 есе көп ылғалды бойында сақтай алады. Өсімдіктердің
тамыр жүйелерінің айналасында ылғал қоры азайған кезде өсімдік тамырлары
өсу арқылы беткі ауданын үлкейтеді. Далалы және шөлді аймақтардағы
өсімдіктерден эфемерлі тамыр жүйелерін байқауға болады. Олар топырақ
ылғалды кезде тез өсіп, қүрғақшылық басталғанда тез қурап кетеді.
Өсімдіктерде тамыр жүйелерінің шашақтануы бойынша экстенсивті және
интенсивті тамыр жүйелерін ажыратады. Экстенсивті тамыр жүйесі топырақ
қабатына терең енгенімен, әлсіз шашақтанады. Мұндай тамыр жүйелері көптеген
дала және шөл өсімдіктерінде (сексеуіл, жантақ) кездеседі. Интенсивті тамыр
жүйе топырақтың аз ғана бөлігін алғанымен, шашақтануы күшті болады
(көптеген шымды астық тұқымдастарда, бидайда, қара бидайда).
Жоғарыда айтылғандай құрғақ жердегі өсімдіктердің тамыр жүйесі жақсы
дамыған, мысалы, теректің тамыр жүйесі 2-3 метр, Қара сексеуілдікі 8 метр,
жанғақтікі 15 метр, эвкалиптікі 152 метр тереңдікке дейін топырақ қабатына
енеді. Шөлде өсетін өсімдіктердің жалпы салмағының 910 бөлігі жердің
астында болса, сулы жердегі өсімдіктердің салмағы керісінше жердің бетінде,
яғни топырақтың үстіңгі қабатында шоғырланады. Шөлдегі бұталардың
жапырақтары қатты әрі кіші, қабығы тығыз болып келеді. Бүл ерекшеліктер өз
кезегінде өсімдіктің бойьщдағы судың булануын азайтады. Ал көптеген
өсімдіктердің жапырақтары нәзік, әрі жүқа болады. Олар ылғал бар кездері
жапырақ жаяды да, құрғақшылық кездері түсіп қалады.
Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді бірнеше экологиялық топтарға
бөледі:
Гидатофиттер (гр. hygros - су) - көп бөлігі немесе толығымен суда
өсетін өсімдіктер (элодея, көзшешек, шылаң, балдырлар). Судан шығарған
кезде бұл өсімдіктер тез қурап кетеді. Бұларда жапырақ саңлауы (устьица)
және кутикула болмайды. Гүлді гидатофиттердің тамыр жүйелері қатты
редукцияланған немесе мүлдем болмайды. Суды және минералды тұздарды бүкіл
денесімен сіңіреді. Гүлді өркендері гүлдерің судың бетіне шығарады (кейде
тозаңдану су астында да жүреді)да, тозаңданған сон қайта суға көміледі.
Жемістерінің пісіп жетілуі су астында жүреді (валлиснерия, элодея, шылаң).
Гидрофиттер (гр. hygros - су) - жартылай суда, яғни өзең, көл, теңіз
жағалауларында, батпақты жерлерде өсетін өсімдіктер (қамыс, қоға). Оларда
гидатофиттерге қарағанда механикалық және өткізгіш ұлпалары жақсы дамыған,
аэренхима жақсы байқалады. Гидрофиттерде жапырақ саңылаулары (устьица) бар
эпидермис те дамыған.
Гигрофиттер (гр. hygros - ылғалды, сулы, phyton- өсімдік) - ылғалды
жерде өсетін өсімдіктер. Бүларға жоғары температура және ылғалды ауадағы
тропикалық өсімдіктер жатады. Сондай-ақ, гигрофиттерге салқын және қоңыржай
аймақтарда, көлеңкеде өсетін және батпақ өсімдіктері жатады. Ауаның
ылғаддылығы жоғары болғандықтан оларда булану процесінің жүруі нашар.
Сондықтан су алмасу жақсы журу үшін жапырақтарында тамшы түрінде суды
бөлетін rugamogmap немесе сулы саңылаулар жақсы жетілген. Жапырақтары
көбіне жүқа, кутикула нашар жетілген болып келеді. Жарықты гигрофиттерге
папирус, күріш және т.б. жатады.
Мезофиттер (гр. mesos - орташа, аралық) - ылғалдылығы орташа ортаның
өсімдіктері. Бүларға көптеген шалғындық, орман өсімдіктері, жапырақты
ағаштар, ауыл шаруашылық дақылдары мен арамшөптер жатады.

1.2 Табиғат белдемдеріндегі дала өсімдіктерінің таралуына сипаттама

Қоңыржай белдеудің орманды дала белдемдері тек солтүстік жарты шарда
ғана бар. Еуразияда Карпаттан Алтайға дейін үздіксіз созылып жатады. Орта
Дунай жазығында, шығыста Орта Сібірдің оңтүстігінде, Амур-Сахалин аймағында
және Қытайдың солтүстігінде жеке аралдар түрінде ғана кездеседі. Солтүстік
Америкадағы Ұлы жазықта меридиан бағытымен созыла орналасқан (жауын-
шашынның шығыстан батысқа қарай өзгеруіне байланысты). Қысы суық, қаңтардың
орташа температурасы –2 – 200С-қа дейін. Жазы жылы, шілденің орташа
температурасы 18 – 250С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 400 – 1000 мм.
Негізінен,Орманды дала белдемдерінде орманның сұр топырағы мен қара
топырақтың түрлері (сілтісіз, күлгінденген, шалғындық) тараған. Климаты
континенттік, ішкі аудандардың топырағы сор, сортаң. Табиғи өсімдік
жамылғысында шағын орман массивтері мен шалғынды дала алқаптары кезектесіп
келеді. Ормандары қылқанды, жалпақ жапырақты және ұсақ жапырақты ағаш
түрлерінен тұрады. Еуропалық Орманды дала белдемдерінде орман негізін емен
мен жөке құрайды, оларға батысында граб пен шетен қосылады. Батыс Сібірде –
қайың мен көктерек, Орта Сібірде – қайың, қарағай, балқарағай, Солтүстік
Америкада – қайың, көктерек, батысында емен өседі. Белдемнің орманнан басқа
жерлерінде шалғынды және әр түрлі шөпті-астық тұқымдас дала өсімдігі өседі.
Фаунасы орман мен дала өкілдерінің қосындысынан тұрады. Орман өкілдерінен –
бұлан, тиін, орқоян, елік, сусар; далалық жануарлардан – қосаяқ, саршұнақ,
суыр мекендейді. Белдемнің климат-топырақ жағдайлары бидай, сұлы, жүгеріден
және технологиялық дақылдардан мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Субтропиктік белдеу
Субтропиктік белдеудің орманды дала белдемдері негізінен Солтүстік
Америка (Ұлы жазықтың батысында) және Оңтүстік Америка (Бразилия таулы
қыратының оңтүстігінде) құрлықтарында таралған. Климаты субтропиктік,
муссондық. Қысы жылы. Ең салқын айдың орташа температурасы 4 – 120С, ең
жылы айда 20 – 240С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 600 – 1200 мм.
Шығымдылығы өте жоғары қызғылт-қара топырақ сипатты. Өсімдігі негізінен
астық тұқымдас және емен мен карри басым ксерофильдік сирек ормандар мен
бұталар өседі. Оңтүстік Американың орманды дала белдемдерінің ішкі
аудандарын саванна мен пампа алып жатады. Орман өсімдігі шеткі аудандарында
таралған (мимоза, акация, т.б.). Африка мен Австралияның Орманды дала
белдемдерінің ағаш өсімдігі негізінен өзен аңғарларында өседі. Жануарлар
әлемін дала мен саваннаға тән түрлер құрайды. Қоңыржай белдеудің орманды
дала белдемдерінің бір шеті Қазақстан жеріне кіреді. Белдем ''540 солтүстік
ендіктен солтүстікке қарай таралған. Аумағы 66 мың км2, ені 100 – 250 км.
Орманды дала белдемдері Қазақстан аумағындағы агроклиматтық тұрғыдан ең
ылғалды және шағын табиғи белдем. Жер бедері өн бойында тегіс жазық (Есіл
аккумуляц. жазығы). Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері 350 – 400 мм. Жазы
қоңыржай, шілденің орташа температурасы 18 – 190С. Қысы қатаң, аязды.
Қаңтардың орташа температурасы –18 – 190С. Ең төменгі температура –530С.
Қара топырақтың кәдімгі, сілтісіз және шалғын қара топырақ тәрізді түрлері
таралған. Өте аз мөлшерде орманның сұр топырағы кездеседі.
Орманды дала белдемдеріндегі өсімдіктері мен жан- жануарлары
Орманды дала белдемдеріндегіөсімдіктер арасында қияқ пен астық
тұқымдастар басым өскен түкті қайың, шоқ қарағайлардан тұрады. Мұндай шағын
ормандардың аласа ағаштары ретінде солтүстіктің талдары – шілік, сушілік,
ақшілік, ойпаң жерлерінің тұзды топырағында қызыл немесе қырғыз қайыңы,
құмды, құмдақ жерлерінде қарағайөседі. Құрғақ жерлерінде астық тұқымдас
шөптер: қызыл боз, құмдақ боз, бетеге, қоңырбас, арпабас, бидайық, сұлыбас,
т.б. тараған. Орманды дала белдемдеріне тән сүт қоректілерге ақ қоян,
орқоян, ақкіс, түлкі, қасқыр, елік, бұлан; құстардан құр, кекілік жатады.
Қайыңды шоқ ормандарында күйкентай, бөктергі, ителгі, бүркіт, тоқылдақ,
торғайдың түрлері, батпақты жерлерде тауқұдірет, қоңыр үйрек, шүрегей
кездеседі. Орманды дала белдемдері – Қазақстандағы астықты аймақ қатарына
жатады.

1.3 Орманды дала, дала өсімдіктерінің таралу заңдылықтары

Қара және шабындық қара топырақтары мен ала кебірлі кешендері 191 млн
га жерді немесе ТМД аумағының 8,6 процентін алып жатыр. Қара топырақ
Молдава мен Байкалдан арғы аралықтары орманды дала және дала аймақтарында
тараған. Таралу алаптары Молдава, Украина, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы,
Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстан.
Аймақтың климаты негізінен жазы жылы және қысы суық (шығысынан
ызғарлы), болып келеді. Батыс-Шығыс бағытта жылу мен жауын-шашын мөлшері
азайып, климат ызғарлылығы артады. Орманды дала климаты, дала аймағына
қарағанда, жұмсақтау және ызғарлыылғы шамалы. Мұнда шілде мен ақпан
айларының орташа температурасы батыстан шығысқа сәйкес ішінде 240 С-дан
200С-ға және -40 С-дан 270 С-ға дейін төмендейді. Температурасы 100 С-дан
жоғарғы күндер саны орманды-даланың батысында 150-180, шығысында 90-120-ға
дейін азайатын болса, дала аймағына сәйкес 140-180 және 97-140 күнге тең.
Атмосфера түсім мөшері 500-600 мм-ден (Кавказ алды) 300-350 мм-ге дейін
(Батыс Сібір мен Солтүстіктен Оңтүстікке қарай кемиді. Жауын-шаашынның
едәуір мөлшері (30-40 еуропалық, 50 проц. азиялық бөлігінде) жаз айларында
түседі.
Бедері тұрғысынан Еуропа бөлегі әр тереңдіктегі және қашықтықтағы өзен
аңғарларымен бөлшектенген тегістіктер немесе сәл толқынды жазықтықтықтарға
жатады. Су айрықтықтарында түрлі ойпаңдар кездеседі. Тек Волын-Подол мен
Орталық орыс тегістіктері, Днепр маңы мен Еділ қыраттары, Донецк адырлар
қырқасы, Жалпы Сырт жыралы сайлармен жиі бөлшектенген. Аймақтың Азия бөлігі
–сәл бөлшенген тегістік Батыс Сібір ойпатымен жалғасады, оның көтеріңкі
оңтүстік бөлегі Орталық Қазақстан қыратының солтүстігімен шекералас жатыр.
Одан әрі шығысқа қарай дала жазықтығы Алтай тауының етегін, Минусин қазан
шұңқырын және Шығыс Саян етегіндегі төбелі жазықтықтарды қамтиды. Байкалдан
әрі шығыста үздік-үздік тектоникалық депрессиялар кездеседі.
Негізгі топырақ құрушы жыныстарға лөс пен лөс тұрпатты құм-балшықтар
жатады. Ока-Дон ойпаты, Кавказ етегі мен Еділ маңында, Қазақстанның кей
жерінде және батыс Сібірде балшықты жыныстар кездеседі. Еділ маңы мен
Оңтүстік Оралда және Қазақстанда топыраққұрушы сынық тасты элювийлік
жыныстар джа бар. Бұл аймақтарда топыраққұрайтын жыныстар көбінесе
карбонатты келеді.
Сібір мен Солтүстік Қазақстанда, шамалы Орталық орыс даласынджа тұзды
жыныстартараған.
Бұрын орманды дала айманды дала аймағында орман ағаштары шабынды дала
шөптесіндерімен қатар өсетін.
Қазір шұбар орманды алаптар тек өзен аралықтары мен сайларда және
төменгі өзен терассаларында ғана сақталған: Еуропа бөлегінде көбінесе емен,
Батыс Сібір ойпатында қайың құмды терассалард Қарағай өседі. Шабындық
даланың өсімдік жамылғысы ақселеу, бетеге, сұлы, арпабас, шалфей, сары
жоңышқа және т.б түрлерден тұрады.
Олар түрлі шөпті-ақселеулі және бетегелі-ақселеулі топтар құрады.
Бірінші топ ұсақ жапырақты шым түзетін астық тұқымдас түрлерден (бетеге,
ақселеу,сұлы т.б) тұрады, олармен аралас шалфей, беде және т.б. түрлер
өседі. Екінші топ түрлері онша биік және құрамы көп емес. Негізгі түрлері
қысқа сабақты ақселеу, көде, бетеге, еркек шөп, қияқ, өлең шөп. Оларға
эфемерлер мен эфемероидтар және қорықтарда ғана сақталады.
Қара топырақ тегі-жаралуы (гензис) туралы үш болжамды көзқарас
(гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық және құрылық-өсімдік.
Зерттеушілер теңіздік болжамды гипотеза бойынша қара топырақты теңіз
орнында қалған лайы деп санаған (Паллас 1799, Пецольд 1851). Мурчисон болса
(1842) оны юра дәуірінің мұз сулары шайып кетуінен қалған балшықты қара
тақта тастар азығы деп есептеген. Бұл болжамдардың қазір тек тарихи маңызы
бар. Батпақты болжамды жақтайтындар дала аймағы бұрын аса батпақтанған
тундра болған деп жорамалдаған. Бірақ кейін климаттың жылынуына және ыза
деңгейінің төмендеуіне байланысты, лай батпақ орнында тундра өсімдігі
ығыстырылып (Эйхвальд, 1850), жергілікті дала өсімдіктері дамуы арасында
(Борисяк,1852) қара топырақ қалыптасқан. Құрылық- өсімдік (растительно-
наземное) пікір бойынша қара топырақ пайда болуын шабынды-далаалық және
далалық шөптесіндермен байланыстырады. Осы пікірге Ф.Рупрех Қара топырақ
геоботаникалық зерттеулер (1866) атты еңбегінде бірінші негіздеме берген,
яғни қара топырақ құрамын шөптесіндер қалдықтарының ыдырауынан жаңа күрделі
органикалық зат-қара шірінді түзілуімен түсіндіріледі. Аталған пікірді
В.Докучаев Орыс қара топырағы (1883) атты еңбегінде толық дамытып
қалыптастырған, яғни қара топырақтың құраушы жыныста қара шірінді
шоғырлануынан пайда болғанын дәлелдеп көрсеткен. Сондай-ақ шөптесіндер
дамуына, қалдықтарының ыдырауы жылдамдығы мен бағытына және қара топырақ
құрамына дала климатының ықпалы ерекше екенін айтқан.
П.Костычев өзінің 1886 ж. Басылған Ресейдің қара топырақты облыстары
кітабында қара топырақ құрамында гумус түзілуі шөптесетін өсімдік тамырлары
қатысуымен өтетін дәлелдеген.Қазіргі кезде далалық шөптесетін өсімдіктер
қатысумен өтетін биологиялық заттар айналымы туралы жиналған деректер –қара
топырақ құралу үрдісін жан-жақты және терең түсіндіруге жағдай туғызып
отыр.
Гумустену үрдісінің жетекші рөлі арқасында қара топырақ кескінінде
құнды түйіртпекті, қалың қарашірінді жиек дамып, онда гумус пен қоректік
элементтер қоры жиналған.
Қара топырақты дала аймағына табиғи шөптесетін өсімдіктер астында
жылына едәуір (100-200 цга) органикалық қалдықтар түседі. Ол жалпы
биомассаның 40-60 процентіне тең және қалдықтар түседі. Ол жалпы
биомассаның 40-60 процентіне тең және қалдықтардың сондай мөлшері өсімдік
тамырларына келеді. Шөптесін өсімдік қалдықтарының күлділігі басқа аймақ
өсімдіктеріне қарағанда, жоғары: шабынды далада 7-8, ірі жапырақты орман
қалдықтарында -1,6-7,5 проц. аралығында болса, бүрілі орман қалдықтарында
тек 0,7-1,7 процент. Дала өсімдіктері күлдік элементтер және азот мөлшері
40-300 кгга, құрғақ далада -200-300 кг болса, қара топырақты далада
олардың саны 600-1400 кгжетеді.
Сондықтан қара топырақ құралуындағы биологиялық заттар айналымының
негізгі ерекшелегі - өсімдік қалдықтарымен жыл сайын топыраққа азот пен
күлдік элементтердің мол түсуі.
Шөптесін өсімдік қалдықтары калцийге бай болғандықтан топырақта
үздіксіз биотекті калций түзіледі де, екі карбонатты СаНСО3 2 түрінде
кескін бойы жылжып отырады, соның салдарынан иллювилік карбонат жиегі
қалыптасады. Сондықтан гумустену үрдісі кальций тұздарына қанған ортада
жүріп, гумустік заттар топырақта кальциймен бекініп қалады.
Қара топырақ құралуына ең қолайлы жағдай-орманды дала аймағының
оңтүстігі, мұнда ең қолайлы ылғал-жылу тәртіпте шоғырланған өсімдік
қалдықтары ыдырауынан нағыз қара топырақ қалыптасады.
Оңтүстікке қарай топыраққа түсетін өсімдік қалдықтарының мөлшері
азайып, құрамындағы күлдік элементтер мен азот саны кемиді, топырақтағы
өсімдік тамырларының таралу тереңдігі де жұқарады. Содан барып гумустену
үрдісінің қарқыны бәсеңдейді. Орманды дала аймағының солтүстүгінде
климаттың ылғалдылығы жоғаолауына байланысты, өсімдік қалдықтарынан ыдырап
шыққан негіздер топырақ кескінінен шайыла, қышқылдау органикалық заттар
түзіле бастайды.
Қара топырақтар жіктеуін бжірінші рет В.Докучаев ұсынды. Оны дара тип
ретінде қарап, топографиялық (таратылу) жағдайына байланысты, ғалым
суаралық, беткейлік және терассалық қара топырақтарды айырған; құрамындағы
гумус мөлшеріне қарай ( 4-7; 7-10; 10-13 және 13-16 проц) төрт топқа
жатқызған. Н. Сибирцев (1901) қара топырақ типін солтүстік, күңгірт,
кәдімгі және оңтүстік типшелерге бөлген. Кейін С. Коржинскийше солтүстік
қара топырақ типшесін деградацияланған денеге жатқызып, оның ішінде дара
екі-күлгіндеген және сілтісізденген типшелерді айырған.
Қара топырақтардың негізгі тектеріне төмендегідей сипаттама беріледі.
Қалыпты атау – топырақ белгілері мен қасиеттері типшенің қасиетіне сәйкес
болғандықтан көбінесе аталмайды. Сәл оқшауланған түрінде ( құмды және
құмайт жыныстарда қалыптасқан) топырақ белгілері ( түсі түйіртпектілігі
т.б.) нашар айқындалған.

1.4 Дала зонасы өсімдіктері

Дала – Жер бетіндегі, негізінен, шөптесін өсімдіктер, оның ішінде шым
топырақтық астық тұқымдастары (селеу, қау,боз, бетеге, қоңырбас, т.б.)
өсетін ландшафтық-белдемдік өңірлердің жалпы атауы. Дала жер шарының
қоңыржай белдеулеріне, қара және қоңыр топырақты аймақтарға тән. Жауын-
шашын мөлшеріне байланысты даланың өсімдік жамылғысы тез өзгеріп, түрленіп
отырады. Дала климаты негізінен қуаң, жазда ыстық әрі құрғақ, қыста суық
және желді болады. Астық тұқымдастары аралас шөптердің ара қатысына қарай
дала бірнеше типтерге ажыратылады: астық тұқымдастары басым шымтопырақты
кәдімгі дала; шалғынды немесе аралас шөпті дала және шөлдің шала бұтасы
(көбінесе жусан) басым өсетін шөл дала. Жер бедеріне қарай ойпатты,
қыратты, үстіртті және таулық жазық дала болып жіктеледі.
Солтүстік Америкада даланы прерия, Оңтүстік Америкада – пампас,
Оңтүстік Азияның (Иран, Пәкстан, Ауғанстан) үстіртті жерлеріндегі даланы –
дешт деп атайды. Еуразия құрлығының оңтүстік-батысынан (Пиреней түбегі)
Манчжурияға дейін (солтүстік-шығыс Қытай) далалық өңірлер жиі кездеседі.
Құрлықтың батысы мен шығысындағы далалардың аумағы шағын. Даланың климат
жағдайы (буланудың көп болуы, жауын-шашынның аз түсуі), топырағының
физикалық-химиялық құрамы, тұздылығы ағаштардың өсуіне қолайсыз келеді.
Дала өсімдіктері сан алуан (кейде бір шаршы метр жерде елуден астам түрі
кездеседі) және көп сатылы болып келеді. Өсімдік түрі маусым ішінде де
өзгеріп отырады. Көктем мен күз аралығында селеу, көде, қоңырбас,
бидайық,сұлыбас және көп жылдық шөптесін дақылдар, эфемерлер (қызғалдақ,
шытыр, т.б.) мен эфемероидтер (бір жылдық жуа тұқымдас өсімдіктер) мүк,
қына өседі. Кейбір далаларда ешкісабақ, қараған, тобылғы, жабайы шие сияқты
бұталар кездеседі. Қара топырақты шалғын далада қуаңшылыққа біршама төзімді
өсімдіктер (өлеңшөп, боз, т.б.) және мүк өседі. Шөл далада бетеге, боз,
қылқан селеу жартылай бұталармен (жусан, изен, шытыр, қараған) аралас
кездеседі. Қына көп тараған. Еуразияда климаттық ерекшеліктерге байланысты
батыстан шығысқа қарай дала өсімдіктерінің құрамында айырмашылық байқалады.
Осыған байланысты Еуразиядағы дала төмендегідей бөліктерге ажыратылады: 1)
Дунайдың төменгі ағысы мен Алтай-Сауыр таулары аралығын қамтитын Қара теңіз
– Қазақстан бөлігі. Бұл аймақ шығыс еуропалық орманды дала, Қара теңіз
маңындағы дала, Қазақ даласы алқаптарына бөлінеді; 2) Орталық Азия немесе
Даур-Моңғол аймағы. Бұл аймақ Хангай – Даур және Манчжур орманды далалары
болып ажыратылады. Таулы далада өсімдіктердің жазықта өсетіндерінен басқа
типтері де кездеседі. Мұндай ерекшеліктер, әсіресе, Орталық Азия тауларында
байқалады. Далалар Солтүстік Америкада, Оңтүстік Америкада және Австралия
құрлығында үлкен аймақтарды қамтиды. Далалардың көбісі жыртылып, егістікке
айналған, қалған жерлері шабындық ретінде пайдаланылады. Көптеген елдерде
табиғи дала қорықтарда ғана сақталған.
Өсімдіктері. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге,
атқонақ, еркекиіөп, кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды
жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды
өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса
ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен
алынады. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның
кейбір түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатады.
Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы,
жанаргүл, шайшөп, итмурын, дәрілік валериан кездеседі. Жаз бойы даланың
түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала көктемде ғана қысқа мерзімде алуан түрге
бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді.
Далалы аймақ үшін ауа рай қатаң, қысы суық, ұзақ, аяз, қардың қалыңдығы
20см болып, 140-160 күн жатады.
Қазақстан аумағындағы дала зонасында өсімдіктердің мынадай шөптесін
түрлері кездеседі:
Қаражусан – жусан туысына жататын көп жылдық өсімдік. Шөбі мен
тамырының тұнбалары тәбет ашады, асқазан, ішек бездерінің қызметін
күшейтеді, жүйке жүйесін тыныштандырады.
Көкпек – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Көкпекті далалы жерлерде ел
отынға пайдаланады, күзде түйе жейді.
Теріскен – көп жылдық шөп тектес өсімдік. Аласа бұта көкпек пен
теріскен көп өседі. Бұлардың барлығының ботаникадағы ғылыми аты – алабота
тұқымдастар.
Боз бетеге - көп жылдық өсімдік. Жақсы мал азығы. Қазақстанда 20 түрі
өседі. Жаңбырлы жылдарда оны екі рет оруға болады.
Жусан – жусан көрмеген, жусан иісін иіскемеген, жусан жеген малдың
сүтін ішпеген бала кемде- кем болар. Өйткені жерімізде жусан көп, оның
Қазақстанда 81 түрі бар. Жусан – көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның
құрамында қоректік заттар мол, эфир майы бар. Әсіресе қой, ешкінің
жақсы азығы.
Қазжуа – лалагүл тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Қазақстанның
далалы аймақтарында 37 түрі бар. Қазжуаның қайнатыныдысы сары ауру мен
демікпеге қарсы ішеді.
Ботакөз – екі және көп жылдық өсімдік. Қазақстанда 12 түрі бар.
Ботакөздер – хош иісті, әдемі гүлді әсемдік өсімдіктер.
Мыңжапырақ – күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік.
Мыңжапырақ – дәрілік өсімдік.

1.5 Дала өсімдіктерінің қолайсыз жағдайларға төзімділігі

Климаттық жағдайлар өсімдіктердің өсіп жетілуіне қолайлы әсер ете
бермейді. Қатаң климат жағдайлары өсімдіктердің тіршілігіне қауіп
төндіреді. Солтүстік және қоңыржай өңірлерде өсімдіктер аздап, қысқы
құрғақшылық пен температураның ауытқуынан зардап шегеді. Мұндай кезеңдерде
күздік астық тұқымдары мен жеміс ағаштары үсікке шалдығады. Тұзды топырақты
жерлердің өсімдіктері тұздар концентрациясының күштілігімен күреседі.
Алайда барлық топырақ-климат жағдайларында да өсімдіктер орта жағдайларына
бейімделеді.
Қыста өсімдіктер көбіне төменгі температура мен жылылық кезіндегі
температураның күрт ауытқуынан зардап шегеді. Н.А. Мансүмов 1912 жылы
Өсімдіктердің үсуі мен суыққа төзімділігі еңбегінде өсімдіктердің аязға
төзімділігі жөнінде, өсімдік клеткаларында мұз қатып, протаплазманың
коллоидтың құрылымы бұзылатындықтан, өсімдік үсіп тіршіілігін тоқтады.
Демек өсімдік бойында су қанша аз болса, тұз да сонша аз қатады. Өсімдіктің
сусыздануы мен қатар, онда қорғаныш заттары- қант пен тұздыңі жиналуы
протаплазма коллоидтарының төзімділігін арттырады.
Өсімдіктердің зат алмасуы мен орта жағдайлары арасында үйлесімді
байланыс бар. Бұл үйлесімділіктің бұзылуы Сергеевтің пікірі бойынша
өсімдіктердің зақымдануы мен тіршілігін тоқтатуының себебі болып табылады.
Сондықтан ортаның аса қиын жағдайларында организмнің тіршілікке
қаблеттілігін оның төзімділігі емес, бейімделгіштігі анықтайды.
Суды көп буландыратын ағаш тұқымдастары суыққа төзімсіз болады. Қысқа
тронстарция неғұрлым төмен болса, өсімдік соғұрлым аязға төзімді келеді.
Күзде вегетация мен өсу процестерін дер кезінде тоқтатудың зор маңызы
бар. Шабдалы декабрьде терең тыныштықта болады-20.
Вегетация зат тыңайтқышын кеш енгізу және ішкі суару өсу мерзімін
ұзартып, аязға төзімділігі кемиді. Ал вегетация дәуірінің соңында фосфор-
калий тыңайтқыштарын енгізу, керісінше көмірсулардың жиналуына және бір
жылдық өркендердің тез өсуіне жағдай жасап аязға төзімділігін арттырды.
Қыста суару жеміс ағашына төзімділігі артады. И.И. Туманов өсімдіктерді
төменгі температураға шынықтыру мәселесін зерттеп аязға төзімділік ұзақ та
күрделі даярлықтың нәтежесінде қалыптасатынын көрсетті қажетті генетикалық
табиғаты бар өсімдіктерді ғана аязға төзімді етуге болады. Өсімдіктерде өсу
процесі тоқтап, олар тыныштық кезеңінде тұрғанда ғана аязға шынықтыруға
болады.
Тыныштық кезеңінде тұрған өсімдікті шынықтыру екі фазада өтеді.
1. Төменгі оң температурада өтеді. Бұл жағдайда клеткаларда қорғаныш
заттары- қант жиналады.
2. Фаза теріс температурамен баяу салқындату жағдайында өтеді. Бірінші
және екінші фазаның барысында протоплазманың су өткізгіштігі артады, мұз
болып қатуға бейім судың бәрі клетка аралығына ағып барады. Содан
протаплазманың құрлымы өзгеріп төменгі температураға мүмкіндік береді.
Қысқа уақыт әсер ететін, неғұрлым төменгі температура ұзақ уақыт әсер
ететін төменгі температураға қарағанда қауіпті емес. Суыққа төзімділік
дәрежесі өсімдіктің түрі мен сорттарының географиялық шығу тегіне, даму
фазаларына байланысты.
Құрғақшылыққа төзімді.
Еліміздің көптеген терреториясының климатының құрғақтығы көзге түседі.
Қазақстанда негізінен құрғақ климат болып келеді жауын-шашын аз, жазы ыстық
және құрғақ келеді.
Дала аймағында буланғыштық, түсетін жауын-шашынның 3-7 есе артық
болады, ол жауын-шашынның жылдық мөлшері 200-500 мм аралығында өскенде
төмен болады кегіде 7-20 есе буланғыштық. Мұндай қатаң жағдайларда мәдени
дақылдардың ғана емес, сондай-ақ жабайы өсімдіктердің де өсіп жетілуі
тұтасымен олардың ылғал тапшылығына бейімделуіне байланысты.
(Т.Б.Дарқапбаев) Құрғақшылықтың атмосфералық және топырақ құрғақшылығы
деген түрлері бар.
Атмосфералық құрғақшылықта өсімдік су тапшылығы артады, клетка
шырынының концентрациясы артады, бұл өсімдік суару күшін арттырады.
ІІ бөлім. Дала өсімдіктерінің емдік, мәдени қасиеттеріне баға беру және
қорғау
2.1 Емдік өсімдіктер

Адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі қорегі өсімдік
болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюіне қарай, адам
осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Бертін келе
сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Яғни айтқанда, адамның тұңғыш
ұстазы табиғат, алғашқы дәріханасы орман мен дала болды. Сөйтіп, адам
өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық медицинасын ашты.
Ертедегі египеттіктерге алоэ, қараған, анис, медуница, зығыр, лотос,
көкпар, жалбыз, тал, арша, т.б. өсімдіктердің шипалық қасиеті белгілі
болған. Ғажап сиқырлы күші бар шөптермен Үндістанның аты шыққан. Бұдан 4
мың жыл бұрын үндістандықтар 760 дәрілік өсімдікті пайдалана білген.
Қытайда дәрілік өсімдіктер жөнінде алғашқы кітап бұдан 5 мың жыл бұрын
жазылған. Орта ғасыр ғалымы Парацельс ерте заманнан келе жатқан ілім
бойынша емдік өсімдіктің пішіні, түсі, дәмі мен исі аурудың сипатына сай
келуі тиіс дейді. Мысалы, сарғайып ауырған адамды сары түсті өсімдікпен,
бүйрек ауруын жапырағы бүйрек тәрізді өсімдікпен емдеу қажет.
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі.
Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда.
Емші өсімдіктер адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі
қорегі болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюуіне қарай,
адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Уақыт
өте келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Басқаша айтқанда,
адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы орман мен дала болды.
Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық
медицинасын ашты.
Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін
пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені,
дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы
пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге
сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы
шөп ретінде, жоғары бағаланған. Себебі дәрмене жусан Қазақстанның
оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс
көп болған.
Халық медицинасы арқылы дәрілік шөптердің тізімінің ішінде атақты
женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот
(радиола розовая). Халық оны алтын тамыр деп те атап кеткен. Алтайдың
халықтық медицинасында алтын тамыр адамның жұмыс қабілетін арттыратын
дәрі ретінде пайдаланылып келді.
Кейінгі жылдары ғалымдар алтын тамырдың құрамындағы экстрактың ағзаның
(организм) дене жұмысына шыдамдылығын арттыратынын, жүрек жүйесін
жақсартып, жоғарғы жүйке жүйесінің ырғағына жағымды әсер етіп, қан
қысымының реттелуіне көмегін тигізетіндігін анықтады.
Қазақстан бойынша семізот тұқымдасының он бір түрі кездеседі. Оның
ішінде жалғыз қызғылт семізот түрінің ғана шипалық қасиеті бар. Бұл өсімдік
Алтай, Тарбағатай және Жоңғар тауларының біраз жерінде ғана өседі. Кейінгі
жылдардағы зерттеу жұмыстары мен экспедициялық және далалық практика
кезіндегі бақылау жұмыстары бұл өсімдіктің өсу аймағы едәуір тарылып
кеткенін көрсетіп отыр. Жергілікті жерлерде алтын тамырды жинаушылар
көбейіп кеткен. Өкініштісі, кейбіреулер бұл тамаша өсімдікті пайданың көзі
етіп алған. Мұндай жүйесіз жинаудан табиғатқа да, адамға да келер пайда
жоқ. Қызғылт семізоттан жасалынған дәріні орнымен пайдаланбаса, ол кейбір
адамдардың қан қысымын арттырып жібереді. Бұдан қайғылы жағдайға ұшырау
қиын емес.
Қоршаған ортаның адамға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі.
Адамзат баласы сан ғасырлар бойы өсімдікті ем ретінде қолдануда.
Емші өсімдіктер адамзат дамуының алғашқы дәуірінде адамның негізгі
қорегі болды. Тағам үшін ішіп-жейтін өсімдіктер түрінің көбеюуіне қарай,
адам осылардың кейбіреулерінің ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Уақыт
өте келе сол өсімдіктерді емделуге пайдалана бастаған. Басқаша айтқанда,
адамның тұңғыш ұстазы – табиғат, алғашқы дәріханасы орман мен дала болды.
Сөйтіп, адам өсімдіктерді тағам ретінде пайдаланудың арқасында халық
медицинасын ашты.
Айта кететін бір жай – қазақ халқы дәрмене жусанды емдеу үшін
пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені,
дәрмене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы
пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге
сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы
шөп ретінде, жоғары бағаланған. Себебі дәрмене жусан Қазақстанның
оңтүстігінен басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс
көп болған.
Қазақстанда өсетін тағы да бір шипалы шөп – мақсыр немесе марал тамыр
(рапонтик). Бұл да - шипалы өсімдіктер тізіміне халықтық медицина арқылы
енген өсімдік. Алтайлықтар көктем кезінде бұл өсімдікті маралдар тұяғымен
қазып, тамыр сабағын жейтіндігін байқаған, осыдан марал тамыр, марал
шөп деп атап кеткен. Мақсырды халық ертеден бері алтын тамыр және
женьшень сияқты әл беретін дәрі ретінде пайдаланып келді. Халық
медицинасында пайдаланылғаны жөнінде алғашқы дерек 1897 жылдан белгілі. Осы
жылы Сібірді зерттеуші, белгілі ғалым Г.Потанин император географиялық
қоғамының тапсырмасы бойынша Моңғолияның солтүстік батысына саяхат жасаған.
Халықтық медицинаның ел арасына көп тараған және тәуір дамыған саласы –
шөппен емдеу. Қазақ халқының емшілік салтында шипалы өсімдіктерді пайдалану
ежелден бар дәстүр. Халық емшілері бұл жөнінде көптеген тәжірибелер де
жинаған. Мысалы, қазақтардың қылшадан дәрі жасауына сүйеніп, 1924 жылы
П.С.Моссагетов Қазақстанда өсетін қырықбуын қылшасының шипалы қасиетін
ашқан. Оның құрамында емдік эфирин заты табылды. Шырғанақтан алынатын майды
қазақтар жараны, күйікті жазуға, итмұрын жемісінің қайнатылған тұнбасын
аурудан әлсіреген адамға әл беру үшін, тобылғы сабағын қыздырғаннан кейінгі
майын теміреткіні және қотырды емдеуге, қалақай, мыңжапырақ тұнбаларын қан
тоқтатуға пайдаланған.
Айта кететін бір жайт – қазақ халқы дермене жусанды емдеу үшін
пайдалануын ғылыми медицинаға қосқан үлкен үлес деп бағалау ләзім. Өйткені
дермене жусанды қазақтың халық медицинасы ішек құрты ауруына қарсы
пайдаланған. Бабаларымыз аталмыш өсімдікті атам заманнан бері шетелдерге
сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп тұрған. Ол өте бағалы шипалы
шөп ретінде жоғары бағаланған. Себебі бұл жусан Қазақстанның оңтүстігінен
басқа жерде өспейді, яғни бұл өсімдікке дүние жүзінде сұраныс көп болған.
Халық медицинасы арқылы дәрілік шөптердің тізімінің ішінде атақты
женьшень өсімдігімен таласа алатын бірден-бір өсімдік – қызғылт семізот
(радиола розовая). Немесе оны халық алтын тамыр деп те атап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЛАНДШАФТ ҒЫЛЫМЫНА ШОЛУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЛАНДШАФТ КАРТАСЫ
Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптасуы
Өсімдіктер мен шөлдер
Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Жануарлар ресурстарын қорғау шаралары. Қорықтар
Өсімдік типтерінің петрофильді және гидрофильді тобы
Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Биогеографияның басқа ғылымдармен байланысы. Биогеография және Дарвинизм
Өсімдіктер географиясының зерттеу тарихы
Қазақстанның табиғи зонасы
Пәндер