Д. Рикардоның өмірінен мағлұмат



Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 2 . 3 б.

І. Негізгі бөлім:

1.1. Д.Рикардоның өмірінен мағлұмат ... ... 3 . 4 б.

1.2. Балама баға ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4 . 5 б.

ІІ. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5 . 13 б.

2.2. Салыстырмалы артықшылық теориясының мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14 . 21 б.

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22 . 23 б.

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... . 24 б.
Кіріспе


Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзінің барлық елдері үшін сыртқы сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше «қандай бір ел болмасын оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара экономикалық тәуелділігі.Ал егер нақты ғылыми тілмен айтатын болсақ, халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық тауар айналысы.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың негізін не құрайды? Деген сұрақтарға көптеген ғалымдар барлық тарихи кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.


Сол ғалымдардың бірі – Давид Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, салыстырмалы артықшылық теориясын көпшілікке ұсынды.
Міне осы жайлы біз сөз қозғаймыз.
Қолданылған әдебиеттер:



1. Г.Н.Доғалова. «Халықаралық экономика». Алматы, «Экономика», 2000
.
2. Р.Е.Елемесов. «Халықаралық экономикалық қатынастар». Алматы, «Қазақ университеті», 2002.

3. Н.Қ.Мамыров, Д.М.Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева. «Халықаралық экономикалық қатынастар».

4. Майдан-Әли Байгісиев. «Халықаралық экономикалық қатынастар». Алматы, «САНАТ», 1998.

5. А.Киреев. «Международная экономика». Москва, «Международные отношения», 1998.

6. Н.А.Миклашевская, А.В.Холопов. «Международная экономика». Москва, «Дело и Сервис», 2000.

7. Интернет. {[ http://www.google.ru/ ; http://www.yandex.ru/ ] – Экономическое учение Рикардо. }

8. П.Х.Линдерт. «Экономика мирохозяйственных связей». Москва, 1992.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе---------------------------- ---------------------- 2 – 3 б.

І. Негізгі бөлім:

1.1. Д.Рикардоның өмірінен мағлұмат------- 3 – 4 б.

1.2. Балама баға------------------------------- ------ 4 – 5 б.

ІІ. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы---------------------------
------------------- 5 – 13 б.

2.2. Салыстырмалы артықшылық теориясының мәні-------------------------------
-------------------- 14 – 21 б.

Қорытынды-------------------------- -------------- 22 – 23 б.

Қолданылған әдебиеттер------------------------- ---- 24 б.

Кіріспе

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған
нысанына сыртқы сауда жатады. Дүние жүзінің барлық елдері үшін сыртқы
сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше қандай бір ел болмасын оның
экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан
оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ.
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар
өндірушілері арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың
өзара экономикалық тәуелділігі.Ал егер нақты ғылыми тілмен айтатын болсақ,
халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді, жиынтық
тауар айналысы.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан
құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы
ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық
сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Сыртқы сауда айналым механизмі мен халықаралық сауданы реттеуді жақсы
түсіну үшін, қазіргі сауда саясатының негіздері берілетін, ең маңызды
халықаралық сауда теорияларымен танысу қажет.
Мемлекеттер не үшін саудамен айналысады? Елдер арасындағы сауданың
негізін не құрайды? Деген сұрақтарға көптеген ғалымдар барлық тарихи
кезеңдерде өз жауаптарын беруге тырысқан.

Сол ғалымдардың бірі – Давид Рикардо Саяси экономияның және салық
салудың принциптері деген еңбегінде екі мемлекет арасындағы айырбас қай
шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын
көрсете отырып, салыстырмалы артықшылық теориясын көпшілікке ұсынды.
Міне осы жайлы біз сөз қозғаймыз.

1.1. Д.Рикардоның өмірінен мағлұмат

Давид Рикардо (1772-1823) Голландиядан Англияға эмиграцияланған ауқатты
биржалық брокердің он жеті баласының ішіндегі үшіншісі болды. Ол он төрт
жасында әкесінің қол астында бизнеспен айналыса бастады, бірақ жиырма бір
жасқа келгенде оның еркінен тыс үйленеді, нәтижесінде әкесі одан бас
тартады және мұрагерліктен айырады. Нарықпен бетпе-бет қалған Рикардо,
құнды қағаздармен және жылжымайтын мүлікпен айтарлықтай сәтті айналысады:
герцог Веллингтон Ватерлоо тұсында Наполеонның тас-талқанын шығарудан төрт
күн бұрын, ол ағылшынның мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алады. Олардың
құнының көтерілуі Рикардоны өмірінің соңына дейін бай адам қылып, қырық үш
жасында бизнестен кетуіне және экономика ғылымына зер салуына мүмкіндік
берді.
Бірде 1799 жылы Рикардо А.Смиттің Табиғатты зерттеу және халықтың баю
себептері атты кітабына кез болып, қолы боста негізгі ермегіне айналған
экономика ғылымына ғашық болды. Өзін ауқатты өмірмен қамтамасыз еткеннен

кейін, Давид Рикардо 1817 жылы жарыққа шыққан Саяси экономияның және салық
салудың принциптері деген еңбегінде, экономиканың құрылымды теориясын
толығымен және салыстырмалы артықшылық теориясын дербес ұсынды. Рикардо өз
кітабын түсініксіз деп санағанына және оны шынайы тек көп дегенде 25
адам ғана түсінер дегеніне қарамастан, ол оған әлемдік атақ әкелді.
Салыстырмалы артықшылық теориясының авторлық құқығы біраз уақытқа дейін
дауға салынады. Масыл жандар оны хабарсыз полковник Роберт Торренске (1780-
1864) жазды. Дегенмен де Рикардо оның негізін қалаушы және экономикалық
ойдың классикалық мектебінің шеңберіндегі жаңа бағыттың құрастырушысы болып
саналады.
Замандастарының айтуындай Рикардоның дауысы өткір және сықырлауық
болғанымен де, ол мәртебелі шешен ретінде көзге түсті. Өмірінің соңғы
кезеңінде ағылшын парламентінің мүшесі бола отырып, бірнеше жылдар бойы
депутаттарға экономиканың тұғырнамасын түсіндірген. Рикардо құлақ індетінен
51 жасында кенеттен қайтыс болды. Қалдырып кеткен өсиетіне сәйкес, оның
ұлдары мұрадан, әйелі мен қыздарына қарағанда, сегіз есе көп бөлікті
иемденді.

1.2. Балама баға

Рикардо сыртқы экономикалық қызметтің ерекшеліктерін анықтауға көп үлес
қосты. Ол өз еңбегінде былай деп жазды: Бір елдегі тауардың салыстырмалы
бағасын реттейтін ереже екі немесе бірнеше мемлекеттер арасында

айырбасталатын тауардың салыстырмалы бағасын реттей алмайды. Бұл жерде
негізгі орында баға мәселесі тұр.
Салыстырмалы артықшылық теориясы балама баға ұғымын қолданады екен. Ол,
өндіруге жұмсалған жұмыс уақыты арқылы өрнектелген, ішкі нарықтағы екі
тауардың бір бірліктерінің бағаларын салыстыруға негізделген
(тауардың бір бірлігі 2 жұмыс уақытымен өндірілген).
Балама баға – бірінші тауардың бір бірлігін өндіруге қажетті кеткен
уақытты, екінші тауардың бір бірлігін өндіруге қажетті кеткен уақыттың
көрінісі.
Жоғарыда айтылған ойды былай да өрнектеп көрсетуге болады:
А1
А2

Бірдей тауарлар өндірісіндегі балама баға І-ші мемлекетте ІІ-ші
мемлекетке қарағанда төмен деп жорамалдайық. Яғни:

А1 А1’ .
А2 А2’

Немесе,

А1 А2 .
А1’ А2’

Жоғарыдағы формула кез-келген екі мемлекет пен екі тауар үшін әділ,
себебі салыстырмалы артықшылық әр мемлекеттегі еңбек өнімділігінің
қатынасына ғана тәуелді.

2.1. Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық
теориясы

Алдыңғы қатарлы елдердің машина өндірісіне өту кезеңінде Адам Смит
халықаралық саудадағы тиімділік туралы мәселе қойды. Өзінің меркантилизмді
сынауға арналған атақты Халықтар байлығының себептері мен табиғаты туралы
зерттеу (1776 ж.) атты еңбегінде, ол мемлекетке сыртқы рынокта сату ғана
емес, сатып алу да тиімді болатынын болжап, қай тауарды экспорттау және қай
тауарды импорттау тиімді болатындығын анықтауға тырысты. А.Смиттің бұл
тәсілін әдебиеттерде абсолютті артықшылық теориясы деп аталады.
Д.Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы өз бастауын осы А.Смиттің
абсолютті артықшылық теориясынан алады.
А.Смит идеясын жай модель арқылы сипаттауға болар еді. Бірақ әрбір
модель абстрактылы болғандықтан, оны талдау үшін бірнеше шарттарды еңгізу
қажет. Аталған шарттар төменде көрсетілген:

1-шарт. Әлемде тек екі мемлекет бар.

2-шарт. Бұл елдерде тек екі тауар өндіріледі.

3-шарт. Елдер арасындағы сауда ешбір шектеусіз жүзеге асырылады.

4-шарт. Халықаралық сауда үйлестірілген (импорт экспортпен төленеді).

5-шарт. Өндіріс факторлары елдер арасында ауыспайды.

6-шарт. Тауардың бағасы мен өнімділігіне еңбек қана әсер етеді.

7-шарт. Өнім шығарылуы мен еңбек арасындағы арақатынас тұрақты (көлем
тиімділігі).

8-шарт. Өндіріс факторлары салалар арасында еш шектеусіз ауыса алады.

9-шарт. Екі ел мен екі салада жетілген бәсеке орын алады.

Ал егер де, бір ел барлық тауар бойынша абсолютті артықшылыққа ие
болмаса, онда оның жағдайы қандай болмақ? Бұл сұрақты А.Смиттің теориясы
қарастырмаған еді.
Саяси экономия бастамасы мен салық салу атты кітабында Д.Рикардо
елдер абсолютті артықшылыққа ие болмаған жағдайда да халықаралық сауда
қатынастарына түсе алатындығы туралы баяндады. Ол еңбегінде А.Смит моделі
жекелеген жағдай ретінде енетін, халықаралық мамандану мен өзара тиімді
сауданың жалпылама принциптерін жасады.
Әрбір ел ең әуелі өзіне неғұрлым мол табыс әкелетін, ондағы өз
артықшылығы соғұрлым басым немесе бәсеңдеу болып келетін өндіріске
мамандануға мүдделілік танытады.
Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы
болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да,
екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін
салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді ( егер саудалық қарым-қатынастардың
орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі
анағұрлым тиімді

тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталып, экспортқа шығарылуы
тиіс.
Сонымен, Рикардо салыстырмалы артықшылық заңын ашты: ол бойынша, әрбір
елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны
сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден
абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала
алады.
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы әмбебап болып табылады. Ол тек
ұлттар арасында ғана емес, сонымен қатар, аймақтар, кәсіпорындар және
ұлттық шаруашылықтар ішіндегі адамдар арасындағы кез-келген еңбек
бөлінісінің артықшылықтарын негіздейді. Алайда, ол, ең алдымен, халықаралық
еңбек бөлінісінің қажеттілігін теориялық тұрғыдан растайды және
экономикалық ғылым тарихында оны бірінші үлгісі ретінде қарастырады.
Модельдеу Батыстың экономикалық ғылымында халықаралық еңбек бөлінісі
мәселелерін талдаудың негізгі әдісіне айналды. Салыстырмалы артықшылықтар
теориясы – халықаралық сауданың бағыттары мен себептерін түсіндіретін
жұртшылыққа кеңінен танымал классикалық негіз болып табылады. Экономикалық
теориядағы терең білімі жоқ адамдардың өзі де табиғи-географиялық
айырмашылыққа байланысты сауданың маңызы мен қажеттілігін түсінеді. Әйтсе
де елдер арасындағы сауда мемлекет барлық салаларда абсолютті үлкен
тиімділікке ие болғанда ғана пайдалы. Рикардо атап көрсеткендей, айырбас
белгілі бір елдің басқа бір елге қарағанда, барлық тауарларды неғұрлым
төмен салыстырмалы шығындармен өндірген жағдайда да тиімді. Тек онда
белгілі бір елдегі салыстырмалы шығындар арасындағы айырмашылық басқа елге
қарағанда, көбірек болуы қажет.

Салыстырмалы артықшылықтар теориясы қарапайым болғанымен, оны абстракты
түрде түсіну едәуір қиын. Осы тұжырымдаманы меңгерудің ең жақсы әдісі – оны
бейнелейтін мысалдар мен үлгілерді қарастыру болып табылады.
Өз заманының көптеген экономистері секілді, Рикардо да өз теориясын
жетілдіру барысында мынадай көрнекті және нақты мысалға сүйенеді: Англия
мен Португалия арасындағы шарап пен мата айырбасы. Өзгелері сияқты, Рикардо
да осы тауарлардың құнын оларды өндіруге кеткен еңбек мөлшерінің өлшем
бірлігін қолдану арқылы бағалайды (еңбек құны қағидасы). {1-кесте}

1-кесте:

Өнім Еңбек мөлшері бірлігі

Шарап,1бөшке
Мата, 1 дана
Португалияда Англияда
80 120
90 100

1-кестеде көрсетілгендей, шарап пен мата өндірісі Англия мен
Португалияда әртүрлі еңбек мөлшерлерін қажет етеді: Англияда шараптың өлшем
бірлігіне 120 еңбек бірлігі және матаның өлшем бірлігіне 100 еңбек бірлігі,
ал Португалияда шараптың өлшем бірлігіне 80 еңбек бірлігі, матаның өлшем
бірлігіне 90 еңбек бірлігі сәйкес келеді. Егер А.Смиттің концепциясына
сүйенсек, онда Португалия осы екі елге қажетті мата мен шарап өндірісін бір
өзі қамтамасыз етуі тиіс. Егер осы екі елдің тауарға қажеттілігі екі
тауардың әрбірінің өлшем бірлігіне теңестірілетін болса, онда қажетті
өндіріс (әрбір өнімнің екі өлшем бірлігі) Португалиядан 340 еңбек бірлігіне
шығындалуды талап етеді [2*(80+90)].

Егер екі тауарды да Португалия шығаратын болса, онда Англия таза
тұтынушылар еліне айналып кетер еді. Олай болуы мүмкін емес. Дәлірек
айтқанда, бұл жағдай болашақта бүкіл ағылшын капиталының Португалияға
ағылып кетуіне әкеліп соғады. Бұл, әрине, тиімсіз жағдай. Рикардо әрбір ел
өз капиталын сақтауға тырысады деген принципке сүйене отырып, екі ел де
өздерінің қажеттіліктеріне сәйкес жұмыс бөлісуге тырысады деп санайды. Бұл
еңбек бөлісуі өндірістің салыстырмалы шығындарына тәуелді жағдайда жүзеге
асады.
Мысалда көрсетілгендей, Португалия тауарлардың барлық түрінен абсолютті
артықшылыққа ие; өйткені ол 1 бөшке шарапты да, сондай-ақ, 1 дана матаны да
әлдеқайда арзанырақ өндіре алады, яғни Португалияда өндіріс Англияға
қарағанда, неғұрлым абсолютті тиімді. Расында да, егер осы елде өндіріс
анағұрлым өнімді және тауарлар бағалары анағұрлым арзанырақ болса, онда сол
тауарларды өндірісі тиімсіз елдерден қымбатқа сатып алудың ешбір қажеті
жоқтығы ақылға сыйымды болар еді.
Алайда, Рикардо қағидасын қолданып, абсолютті емес, бұған керісінше,
салыстырмалы тиімділік мәселесін қарастыруымыз қажет. Португалияда матаның
өлшем бірлігін шығару шығыны шарап шығару шығынының 98 бөлігін құрайды, ал
Англияда ол – 1012, яғни салыстырмалы түрде алғанда, азырақ. Шарап
шығынына қатысты жағдай басқаша. Шараптың өлшем бірлігін өндіру шығындары
матамен салыстырғанда, Португалияда Англиядан кем: 89; 1210. Ұлттық
еңбекті үнемдеу мақсатында Португалияға еңбек пен капиталды шарап өндіруге
тиімдірек, ал оның мата өндірісін Англия импортына айырбастағаны жөн.
Англия, бұған керісінше, шарапты импорттап, мата өндірісіне мамандануы
керек,

себебі оның мата өндірісінен салыстырмалы артықшылығы бар (еңбек өнімділігі
бойынша артта қалудың аздығы).
Рикардоның көрсеткеніндей, Португалия үшін шарап саудасы әлдеқайда
тиімдірек, өйткені оның шарап өндірісіндегі артықшылығы матаға қарағанда,
көбірек. Елдердің салыстырмалы айырмашылықтарындағы айырмашылық елдердің
тауар айырбасы кезінде пайда алуға мүмкіндік береді.
Португалия фирмасы 80 еңбек бірлігі жұмсалған 1 бөшке шарапты Англияда
120 еңбек бірлігіне сатып және шығыны соған сәйкес келетін баға бойынша
мата сатып алу арқылы Англияда 1,2 дана матаға ие болады. Басқаша айтқанда,
Португалияның ұтысы:

120 - 8 = 1,2 – 0,8 = 0,32 дана мата.
100 9

Сыртқы саудадан Англия да ұтады. Ол мата өндірісіне мамандану арқылы
оны Португалияда табысты сатқан жағдайда: егер Англия шарап өндіруге 100
өлшем бірлігіне тең бастапқы еңбек мөлшерін жұмсай отырып алатын 56
баррельмен салыстырғанда, 1 1 баррель шарап сатып алу
8
мүмкіндігіне ие болады. Бірақ матаны сату үшін өндірмеген болар еді. Бұл
жағдайда Англия үшін табыс:

9 - 5 = 7 =0,29 баррель шарап.
8 6 24

Егер елдер арасында сауда басталып кетсе, онда Англиядан әкелінетін
арзан мата Португалиядағы өндірушілерді күйзелтіп кетері сөзсіз. Себебі,
импортталған матаның өзіндік құнының төмен болуына сәйкес, оның

бағасы да, отандық өнімнің бағасымен салыстырғанда, төмен болады. Алайда,
Португалияның шарапқа, ал Англияның матаға мамандануы екі елге де пайда
әкелетіні даусыз. Мұндай мамандану халыққа да тиімді. Сол күндізгі
еңбекақының өзі енді португалдықтарға неғұрлым арзан ағылшын матасын, ал
ағылшындықтарға көбірек арзан португал шарабын сатып алуға мүмкіндік
береді, яғни еңбекақы мөлшері өседі деген сөз.
Принцип негізінен әртүрлі екі тауардың бірлік өлшемдері ғана емес,
сондай-ақ олардың кез келген мөлшері үшін де дұрыс болып шығады. Әрине, ол
статистикалық жағынан икемді, инфляция мен жұмыссыздықты елемеген сыңай
танытады. Әйтсе де, ол барлық жеңілдіктеріне қарамастан, елдегі өндірістің
салыстырмалы тиімділігін бағалауға және халықаралық маманданудың бағыт –
бағдарын алдын ала болжамдауға мүмкіндік береді.
Рикардоның мысалында ұлттық еңбек өнімділігінде де, экспорттық
салалардың сапалық сипаттамаларында да бәлендей өзгерістер бола қоймайды.
Елдер табатын пайда мамандану мен еңбек бөлінісіне негізделген анағұрлым
тиімді өндіріс құрылымын жасаудан түседі.
Құрылымдық қайта құрудың пайдасын жақсырақ ұғыну үшін, айталық,
мемлекет протекционистік шаралар қолданып жатыр деп болжам жасайық
(мемлекеттің отандық тауарлардың мүддесін шет елдік тауарлардан қорғауға
бағытталған шаралары). Мысалы, португалдықтар жергілікті тігін өнеркәсібін
қорғау үшін кедендік тарифтерді талап етуде. Мұндай қорғау кедендік баж
салықтары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д. Рикардоның экономикалық ілімдері. Рикардоның «Саяси экономия және салық салудың бастамасы» еңбегі
Д.Риккардоның экономикалық ойлары
А.Смит еңбектеріндегі классикалық саяси экономияның онан арғы дамуы
Экономикалық теория пәнін әртүрлі мектеп экономистерінің талдауы
Классикалық политэкономистердің құн теориясы
Экономика ілімдерінің тарихы
Д. Рикардоның салыстырмалы артықшылық теориясы
Д.Рикардо «Салыстырмалы артықшылықтар териясы»
Д. Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері»
Өндіріс факторларынан түсетін табыстар
Пәндер