Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І бөлім. Құқықтық тәрбиеге жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Құқықтық тәрбиенің қалыптасу тарихына шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Педагогикалық білімдегі құқықтық жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
ІІ бөлім. Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру негіздері..14
2.1 Құқықтың тәрбиенің мазмұны, нысандары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Оқушыларға құқықтық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.4 Құқықтық тәрбие . құқықтық мәдениет бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Кіріспе
Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері, ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалы болашақ еңбек қоғамы азаматының құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу мүмкін емес.
Құкықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде — бұл тұлғаның күрделі, кешенді қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтың мазмұны бар әрекеттер мен қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына келсек, бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасты тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, межелер, мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамнын еш жерінде жасырынып қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап, сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 2008 жыл
2. Г.Искакова, Н.Ғазизова,А.Сембаева, Қазақстан Республикасындағы адам құқығы, оқу құралы, Астана, 2008 ж, 9-бет
3. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 198 – бет
4. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 181 – бет
5. Бабаев С., Оңалбек Ж. «Жалпы педагогика», Алматы, 2005ж, 163-бет
6. Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев «Педагогика», 2-басылым, Алматы, 2002ж, 192- бет
7. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 197 – бет
8. Ғабитов Т.Х., «Заңгер этикасы», оқу құралы, Алматы, 2006 ж, 19-бет
9. Қ.Жоламан, А.Мұхтарова, А.Тәукелев, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 1999ж, 173-бет
10. Ғ.Сапарғалиев, А.Ибраева, «Мемлекет және құқық теориясы», Алматы, 2007ж, 175– бет
11. А.Ә.Маханбетова, Р.С.Егізбаева, «Кәмелетке толмағандарды құқықтық мәдениетке тәрбиелеу», Алматы, 2010 ж, 20-бет конференциясының Материалдары.- І т.- Семей, 2008.- Б- 302-305.
12. Құқықтық тәрбие - оқушы тұлғасын қалыптастыру кепілі. Қазақ тарихы.- 2008.- № 2.- Б. -101-103.
13. Мектептегі педагогикалық қарым-қатынас технологиясы. Қазақ тарихы.- 2008.- № 5-6.- Б. 109-112.
14. Қазіргі таңдағы құқықтық тәрбиенің мәселелері. «Мәдени мұра» бағдарламасына Қазақ ұлттық университетінің оқытушыларының қосқан үлесі» атты халықаралық ғылыми конференциясы материалдары., Алматы, 2009 ж. Б.353-354.
15. Мектеп жасындағы балалардың құқық бұзушылығының алдын-алу жолдары. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысы № 3(25); Алматы, 2009 ж. Б.74-77.
16. Құқықтық тәрбие беруді ұйымдастыру жолдары. Семей мемлекеттік педагогикалық институттың Хабаршысы № 3 (13) 2009 ж. Б. 34-37.
17. Отбасында құқықтық тәрбиенің педагогикалық негіздері. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Хабаршысы № 1-2 (26-27); Алматы, 2009 ж. Б. 113-116.
18. Құқықтық тәрбие – құқықтық мемлекеттің тірегі. Семей мемлекеттік педагогикалық институттың Хабаршысы № 3 (13) 2009 ж. Б.37-39.
19. Пікір – сайыс технологиясы құқықтық тәрбие беру жолдарының тиімді құралы. Семей мемлекеттік педагогикалық институттың Хабаршысы № 4 (14) 2009 ж. Б.38-41.

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І бөлім. Құқықтық тәрбиеге жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 5
1.1 Құқықтық тәрбиенің қалыптасу тарихына
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Педагогикалық білімдегі құқықтық
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ бөлім. Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру негіздері..14
2.1 Құқықтың тәрбиенің мазмұны, нысандары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.3 Оқушыларға құқықтық тәрбие
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.4 Құқықтық тәрбие – құқықтық мәдениет
бастауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..29
Кіріспе
Оқушының мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші
кезеңі болып табылады. Осы жылдары адамгершіліктің дүниетанымы, сенімдері,
ұжымшылығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен
шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлігі мен батылдығы
қалыптасады.
Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру
ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдық
тәртіпті сақтау да енеді. Тұлғаның осы сапалы болашақ еңбек қоғамы
азаматының құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы міндеттерді орынды шешу
мүмкін емес.
Құкықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады. Біріншісі кең мәнінде. Бұл
құқықтық межелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетінің
ауқымын қамтиды. Екіншісі, тұлғалық, педагогикалық және психологиялық
мәніне қарау.
Құқықтық мәдениеттің тұлғалық мәнінде — бұл тұлғаның күрделі, кешенді
қасиеттері. Негізінен тұлғаның құқықтың мазмұны бар әрекеттер мен
қылықтарының орынды бағытын анықтайды.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-
құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда көптеген сұрақтар туындайды. Шындығына
келсек, бұл сұрақтарға педагогика, психология, социология, медицина, заң
т.б. ғылымдар әлі толық жауап бере алмай отыр.
Дегенмен, қоғам болашағын құқықтық мемлекет тағдырымен байланыстыра
қарап отырған шағымызда аға ұрпақ іс-тәжірибесі мен қарым-қатынасты
тәжірибесін негізге ала отырып, жас ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін
педагогика ғылымы мазмұнында қарастырғанымыз жөн.
Қоғамда өмір сүруші әрбір оқушы сол қоғамның іс-әрекеті, межелер,
мәдени дәстүрлерінің құрсауында болады. Ол мұны сезіне ме, сезінбей ме, бұл
оның еркінен тыс жүреді. Қоршаған ортаның өмір талаптарынан қоғамнын еш
жерінде жасырынып қалуға болмайды.
Өкінішке орай, күнделікті күйбең тіршіліктің құрығына түсіп, өз ар-
ожданын, ұятын, намысын бір сәттік дүниенің жалған қызығына айырбастап,
сатып жүргендер де аз емес. Осының өзі мектептің алдына жас ұрпақтың шынайы
құқықтық тәрбиесін зор міндет етіп қойып отыр.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның
шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімін, ұмтылысын толық және еркін
жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттің жөне қоғамдық өмірдін құқықтық
негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғам өмірінің құқықтық
негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет
етеді:
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азамат, бүкіл халық қатынасуы қажет;
- жеке адамның, бүкіл жүртшылықтың мәдениетін котеру;
- заң қызметкерлерінің сөз бен ісінің бірлігі, тұлғасынын кіршіксіз
таза болуы.
Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей
мемлекет мойында болу қажеттігі шығады. Қоғамның қандай қоғам екендігіне
баға беру көп жағдайда адам тұлғасының құқықтық мәдениетінің деңгейімен
айқындалады.
Талантты педагог В.А.Сухомлинскийдің "қоғамды мазасыздандырып отырған
құбылыстардың басты себебі мектептегі оқу жылдарындағы зиялылық
мұраттарының бишаралығы және қуыс кеуделілігінің негізінде дамып отырған
жас өспірімдер мен жастар арасындағы маскүнемдік, бұзақылық, уақытты
мағынасыз өткізу" деген тұжырымымен толық келісуге болады.
Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз
байланыс бар. Құқықтық мәдениет мазмұны жалпы адамзаттық рухани мәдениет
мазмұнына енеді, бірақ өзіндік ерекшеліктерін сақтайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: негізгі сынып оқушыларына құқықтық тәрбие
берудің мазмұнына қарастырып, жас ұрпақтың бойындағы адами құндылықтар мен
мәдениеттілікті жетілдіру, педагогикалық – психологиялық мәселерін
айқындау.
Зерттеу міндеттері:
1. Құқықтық тәрбие мен құқықтық мәдениеттің педагогикалық-психологиялық
мәселелерін қалыптасыру.
2. Негізгі сынып оқушыларына құқықтық мәдениеті қалыптасрырудың
маңыздылығын ашу.
Зерттеу объектісі:
Негізгі сынып оқушыларына құқықтық тәрбие берудің мазмұны.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу әдістері: Педагогикалық құбылыстарды бақылау, әдебиеттерді
зерттеу, анкета жүргізу, педагогикалық тәжірибе, салыстыру, саралау мен
қорытындылау.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
І бөлім. Құқықтық тәрбиеге жалпы сипаттама
1.1 Құқықтық тәрбиенің қалыптасу тарихына шолу
Еліміздің Ата Заңында Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет деп
жарияланды. Құқықтық мемлекет құрудағы талпыныс жас ұрпақ тәрбиесінен
басталады, себебі болашақ жастар қолында. Жаңа ғасырға қадам басқан жас
ұрпақтың қазіргі өмірге бейімділігінің болуы, әр адамның қоғамдағы өз
құқығын білуі, қоғам үшін жауапкершілігінің болуы, қоғамдық қатынастарда
заң бұзушылықтың алдын-алатын, әр іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын
жеке тұлға тәрбиелеу мәселесінің көкейкестілігі артуда.
Осы орайда қазақ халқы ұрпақ тәрбиесіне ежелден үлкен мән бере отырып,
адам құқығын қорғау мәселесінде өзіндік ой-тұжырымдарын жасап келген.
Арнайы құқық қорғау органдары мен құқықтың заңнамалары болмаған кездің
өзінде –ақ қазақ халқы сөз құдыретіне, сөз қуатына мән беріп, тобықтай
түйін арқылы тәрбиенің құқықтық мәселелерін шеше білген. Мәселен, Тәуке
ханның Жеті Жарғысы құқықтық тәрбие берудің негізін қалап, бүгінгі уақытқа
дейін бұл қағидалар ұлттық тәрбие қалыптастыруға ықпал етіп келеді.
Зерттеу барысында біз, сонау көне грек ойшылдарының еңбектерінде негізі
қаланған жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздерін
айқындауда заң білімін насихаттау құқықтық білім және тәрбие берудің
бастамасы екендігін көрсетуде Аристотель, Демокрит, Әл Фараби, М.Х.Дулати
еңбектеріне шолу жасадық. Құқықтық тәрбиенің негізі қай қоғам болмасын, сол
қоғамның өзі тудырған моральдық тәрбиесінің тағылымынан сұрапталған нысан
екеніне Аристотель тұғырлы тұжырым жасап берген. Бұл ойы қазіргі заман
талабына сай бүгінгі жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру мәселесінде
өзектілігімен ерекшеленіп отыр.
Демокрит құқықтық тәрбиенің нәтижелі болуының қозғаушы күші – ата-
аналар мен мұғалімдердің бірлесіп жұмыс атқаруында деп айқын көрсеткен.
Шығыс елі ойшылдарының бастаушысы - Әбу Насыр Әл-Фараби құқықтық тәрбие
жайлы жамандықты жақсылық жеңгенде ғана адам баласы ізгі мұратына жетеді
деп түсінетінін меңзейді.
Құқықтық тәрбие негізі ретінде Құтты білік еңбегінде Жүсіп Баласағұн
әлеуметтік нормалар, құқықтық тәрбиенің рөлін жоғары бағалап, қоғамдық
жағдайлардың, айнала ортаның ықпалымен, оң әсерімен тәрбие арқылы және адам
табиғатынан туысынан - дүниеге нәсілдік ерекшелігімен келетінін ескеруді
ерекше көрсеткен. Оған Адамдарды басқару заңы туралы тараудың бек деген
қандай болуы керек?, т.б. мысал бола алады.
Хайдар Дулати қазақ хандығы кезінде ел басқару ісінде қолданылатын
заңдардың ережелерін құрған: Мүлік заңы ( жер, мал – мүлікті иемдену);
Қылмыс заңы (ұрлық, адам өлтіру, тонау т.б. жазалау); Әскери заң (қысым
жасау, ер- азамат пен тұлпардың құны); Елшілік мәселе (сыпайылық, шешендік
өнер); Жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі заңдар) мен құқықтық
тәрбие берудің негізін қажырылылық пен салиқалы зерде мен терең ой деп
дәлелдейді.
Сонымен құқықтық тәрбие беруде жеткіншектерге зорлық-зомбылық,
құқықтық–психологиялық жағдай туғызу сияқты әдістерден аулақ болып, олардың
әділетті де құқықтық тәрбие арнасынан шықпауына бірден-бір құрал
сүйіспеншілікпен келу деген тұғырлы, салиқалы ой-пікірі бүгінгі тәрбие
нысанына да негіз деп қарауымызға мүмкіндік береді.
Ян Амос Коменскийдің ойынша, мектеп – оқушылардың адамгершілігін,
ақылын, құқығын тәрбиелеудегі білім мен оқытуды ұйымдастыратын
орталық. Оның бұл тұжырымының Сократ, Демокрит, Әл-Фараби, М.Х.Дулати
еңбектерінде де айтылған ой–тұжырымдарымен сабақтастық тапқанына мән
береміз.
Джон Локк еңбектерінде құқықтық тәрбиенің үштік құқықтық формасы
ретінде өмірге, бостандыққа және меншікке деген түсініктері қарастырылып,
буржуазиялық конституцияға енгені айқындалған. Философ-ағартушылар Вольтер,
Д.Дидро, Ж. Ж. Руссо азаматтық құқық пен бостандықты мойындауға мүмкіндік
беретін буржуазиялық революция идеологиясын тудырды.
Зерттеу жұмысымыздың негізіне XIX ғасыр ағартушылары Шоқан Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А. Құнанбаев еңбектеріндегі құқықтық тәрбие беру жөнінідегі
берген ақыл-кеңестері де жоғары мағынасында алынады. Абай өзінің
қарасөздерінде мораль, тәрбие ақыл, ғылым, ар, мінез мәселелері туралы ой
түйіндеген. Жиырма бесінші сөзінде оқушы өзі үшін емес, халқы үшін еңбек
ететін адам болсын деп, өзінің туған елін қорғайтын, сана – сезімі мол,
белсенді қоғамға, әлеуметтік ортаға жат әдет қылыққа қарсы күресетін жеке
тұлғаның бойындағы қасиеттерді тәрбиелеуді насихаттаған.
Қазақ ағартушыларының бірі - Шоқан Уәлиханов 1864 жылы құқық жайлы
Сот реформасы деген еңбегін жазды. Онда құқықтық тәрбиенің оңтайлы болуы
үшін мемлекет құқықтық заңдар шығарған уақытта халық мүддесімен санасудың
қажеттілігін ескеруді қарастырады.
Құқықтық тәрбиенің әлеуметтік, рухани, психологиялық даму, реттеу
қызметтері мен мәніне келсек, бүгінгі күнге дейін қоғам дамуының барлық
кезеңдерінде бұл мәселе әр түрлі ғылымдар саласында әр қырынан
қарастырылған. Соның ішінде, заң ғылымы тұрғысынан өсіп келе жатқан
ұрпақтың құқықтық тәрбиесі мәселесін зерттеуге ерекше назар аударылғаны
анықталады. Заңгер ғалым М.Т.Баймаханов тұлғаның әлеуметтенуіндегі құқықтың
рөлін, құқық нормаларының мораль және адамгершілікпен өзара әрекетін
қазіргі тұрғыдан қарастырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, құқықтық тәрбиені біздің қоғам
дамуының екі кезеңіне қатысты қарастыруға болады: кеңестік кезең, ол
социалистік құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруды және
дамытуды негіздеумен сипатталады; посткеңестік кезең, ол қоғамның
әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрылуымен, жаңа құқықтық ойлауды
қалыптастырумен тікелей байланысты айқындалады.
Осы орайда біз зерттеуімізге тірек ретінде алып отырған құқықтық
сана, құқықтық тәрбие, құқықтық жүйе ұғымдарына тоқталуды жөн көріп
отырмыз. Жоғарыдағы ұғымдардың мазмұнын нақтылау, құқықтың тұлға мен
қоғамды қорғау құралы ретіндегі әлеуметтік бағасын сезіну – әрбір адамның
міндеті, мұны ұғындыру мектеп табалдырығынан басталғаны дұрыс деп
есептейміз.
Сондықтан, бүгінгі күні зерттеуімізде мәселенің теориялық-әдіснамалық
негізін дәлеледеу мақсатында ғылыми еңбектерді, ондағы құқықтық тәрбие
ұғымына берілген анықтамаларды әр түрлі тұрғыдан қарастырдық: 1-ші топқа
құқықтық тәрбиені құқықтық сананы қалыптастыру бойынша мақсатты, жүйелі,
жоспарлы әсер ететін іс-әрекет ретінде қарастырған ғалымдар (Г.П.Давыдов,
Н.Ф.Рябко, И.С.Самощенко В.В.Тищенко және т.б.); 2-ші топқа құқықтық
тәрбиені құқықтық сананы қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік органдар
мен қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеті ретінде зерттеген ғалымдар
(Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраев, А.Бойков, Н.И.Козюбра, В.А.Зинченко
Т.В.Синюкова ) еңбектері жатқызылды.
Ресей ғалымы И.Ф.Рябко құқықтық тәрбие - тұлғаның сана-сезімі мен
мінез-құлқына жүйелі, мақсатты әсер ету деп түсіндіреді, ал Қазақстандық
зерттеушілер Ғ.С.Сапарғалиев, А.С.Ибраева құқықтық сананы қоғамдық сананың
жеке бір саласы дей келе, құқықтық сана – Қазақстан Республикасы
азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға,
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да
құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің,
бағаларының жүйесі, - деген анықтама береді.
Бағамдап қарасақ, құқықтық тәрбие - жеткіншектерге заң бұзушылық
себептерін түсіндіретін, оған көмек көрсететін, құқықтық сана–сезімдерін
қалыптастыратын ерекше қызмет жүйесі болып табылатындығына зерттеу
барысында көзіміз жетті.
Жоғарыда айтылған теориялық идеяларға сүйене отырып, құқықтық сана
ұғымына - адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын
білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың жиынтығы,
ол азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құкықтық
актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері деген өз
анықтамамызды береміз.
Ресей ғалымдары Н.С.Самощенко, В.В.Тищенко өз зерттеулерінде құқықтық
тәрбиені тұлғаның құқықтық санасын жоспарлы, жүйелі қалыптастыру үдерісі
деп түсіндіре отырып, индивидтің құқықтық санасына әсер ететін факторлар
ретінде әлеуметтік-экономикалық құрылыс пен әлеуметтік ортаны және оның
ұйымдастырушылық-саяси ерекшеліктерін бөліп көрсетеді.
1.2 Педагогикалық білімдегі құқықтық жүйе
Отандық ғалым Т.Ғабитов құқықты мәдени-әлеуметтік реттеу жолдарын: 1)
мораль мен құқық - барлық адамдардың бірдей қолдана алатын ережелер
қатынасы; 2) әдеп пен құқық - азамат пен мемлекет мүдделерінің үйлесімді
ету құралы; 3) құқық – адамның іс-әрекетін реттеуші құрал; 4) құқық -
мәдени-әлеуметтік алғышарттар деген түрлерге бөліп көрсеткен.
Егер зерттеуімізге тірек етіп алынған ұғым құқықтық тәрбиені Ресейлік
зерттеуші А.Бойков құқықтық тәрбие - құқықтық сананы қалыптастыруға
бағытталған мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың және тұлғаның
өзінің мақсатты ұйымдастырылған жұмысы, - деп айқындайды.
Жоғарыда айтылған ойларды түйіндей келе, құқықтық тәрбие –оқушылардың
өз іс-әрекетіне мотивациялық тұрғыда басшылық жасай отырып, рефлексиялық -
бағалау әдістері негізінде азаматтық заңдарды мүлтіксіз сақтап, өз
міндеттерін саналы түрде жүзеге асыра алу әрекеті деп тұжырымдаймыз.
Ендігі кезекте құқықтық жүйе ұғымын қарастырамыз. Бұл жүйе,
педагогикалық жүйе, тәрбиелік жүйе ұғымдарының мәнін ашумен тікелей
байланысты. Жүйе – күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу)
заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Олай болса, педагогикалық жүйе – шынайы
педагогикалық құбылыстың мәнін (педагогикалық үдерістің субъектілері-
мұғалім мен оқушы), оның мақсатын, мазмұнын, тәсілдерін, формаларын,
әдістерін, құралдарын және жүзеге асырылуын сипаттайтын қажетті әрі
жеткілікті элементтердің жиынтығы. Ал тәрбиелік жүйе ұғымы педагогикалық
әрекеттің неғұрлым іргелі факторларының бірін, атап айтқанда өзін-өзі
реттеу, өзін-өзі ұйымдастыру жүзеге асатын өзіндік қызмет ету және даму
логикасы бар, әлеуметтік тұтас ағза ретінде бейнелейді. Зерттеуші ғалым
Л.А.Байсерке оқушылардың адамгершілік-құқықтық тәрбиесінің жүйесін
теориялық және әдістемелік тұрғыдан қарастырып, тәрбиелік жүйені өзара
байланысты тәрбиелік іс-шараларда ұжымдық жұмыстардың алуан түріне қарай
бірде күрделеніп, бірде тез шешіліп, жетілдіріліп, үнемі дамып өзгеріп
отырады деп сипаттаған.
Құқық адамдардың мінез-құлқын реттейтін, мемлекет тарапынан үнемі
қолдау тауып отыратын жүйе. Сонымен бірге құқық жүйесі – құқық салаларының
өзара байланысын, арақатынасын және құрылымын анықтайтын институционалдық
түсінік ретінде құқықтық жүйенің құрамына енеді. Құқықтық жүйеде
педагогтардың ықпалы тәрбиелік кеңістікте жеткіншектердің санасына,
сезіміне, сеніміне, еркіне, құқықтық мінез-құлқының қалыптасуына
бағытталған олардың педагогикалық іс-әрекеттерінің кешені мұғалімдер, ата-
аналар, мектептен тыс мекемелер, т.б. жағдайда өзара жауапкершілікті
субьект – субьектілік қарым-қатынасымен айқындалады. Қорыта келгенде,
құқықтық жүйені - жеткіншектерге заң бұзушылық себептерін түсіндіретін,
оған көмек көрсететін, құқықтық сана–сезімдерін қалыптастыратын ерекше
қызмет жүйесі деп анықтаймыз.
Сараптау барысында, ғылыми әдебиеттер мен зерттеулерде құқықтық тәрбие
беру мәселесі мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне
тікелей байланысты қарастырылатыны айқындалды. Бұл үдеріс қазіргі
мектептегі құқықтық тәрбие беру мәселесінің тиімді шешілуінде оқушылардың
өзін-өзі тәрбиелеуі, алдына мақсат қоя білуі және оны іс жүзінде жүзеге
асыруымен сипатталады. Сондықтан жеткіншектерді әлеуметттендіру барысында
жоғарыда айтылған ойларды негізге ала отырып, олардың құқықтық әлеуетін
дамыту қажет. Ол үшін іс-әрекет теориясын басшылыққа ала отырып, тұлғаны іс-
әрекетке бейімдеп, субьект ретінде қарастырып, оның іс-әрекетінің
белсенділігін төмендегідей қағидалар арқылы жүзеге асырамыз: ғылымилық,
түсініктілік, бірізділік, жүйелілік, саналылық, беріктік, сабақтастық,
құрылымдық, өзін-өзі жетілдіру.
Зерттеу жұмысымыздың теориялық қағидалары негізінде біз жеткіншектерге
құқықтық тәрбие берудің құрылымдық - мазмұндық моделін анықтадық. Оның
құрылымы төрт компоненттен тұрады: мотивациялық, мазмұндық, рефлексиялық
бағалау, іс- әрекеттік.
Мотивациялық компонент - қазіргі мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие
беру арқылы құқықтық саналы көзқарасын қалыптастырып, құқықтық әлеуетін
дамыту тұрғысын болжайды. Адам әрекетінің мотивтері әр қилы, олар адамның
қоғамдық өмірінің үдерісінде қалыптасатын әртүрлі қажеттіліктер мен
қызығушылықтардан келіп шығады. Үдерістің мазмұны мен сапасы ұйымдардың
ерекшелігіне, қолданылатын қоғамдық нормаларға тікелей байланысты. Бұл
құқықтық ұғымның қалыптасуын деңгей бойынша қарастыруға мүмкіншілік береді.
Мазмұндық компонент - қазіргі мектеп оқушыларының құқықтық тәрбиесі
сипатын, ерекшеліктерін, оқу-тәрбие үдерісінің тәрбиелік механизмін,
оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ерекшеліктерін және оларды тиімді
ұйымдастырудың педагогикалық жоспарын, құқықтық тәрбие берудің ғылыми
негізін білуін, оқу- тәрбие үдерісінде өзінің объектісін түсінуін
қарастырады.
Рефлексиялық бағалау компоненті – оқушыларға құқықтық тәрбие берудің
мазмұнын, өздік ерекшеліктерін тұтастай қабылдап, оларға баға бере білуін,
сондай-ақ жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудегі мүмкіндіктерін бағалай
білуін қарастарды.
Іс- әрекеттік компонент – жеткіншектерге әртүрлі іс- әрекеттерде
көрініс тапқан құқықтық белсенділігін сабақтарда және сабақтан тыс іс-
әрекеттерде оқушыларды құқықтық білімге қызықтырып, оның тәжірибесін
оқушыларға жеткізе білу қабілетін қарастырады. Ол төмендегі 1-ші кестеде
көрсетілген.
1 кесте - Жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық
моделі
Компо-ненттӨлшемдерi Көрсеткiштерi
ері
Мотивация-лҚұқықтық тәрбиеге құқықтық тәрбие берудің әлеуметтік
ық құндылық бағдарының маңызын жете түсінуі;
болуы құқықтық тәрбиеге саналы қызығушылықтың
болуы;
құқықтық тәрбиенің маңызын түсінуі.
Мазмұндық Құқықтық тәрбие құқықтық сана, құқықтық тәрбие,
бойынша теориялық құқықтық жүйе ұғымдарының өзара
білімінің болуы байланысын білуі;
құқықтық тәрбие берудің мазмұндық сипатын
ұғымдық құрылымын, функциясын білуі;
құқықтық тәрбиенің мүмкіндіктерін,
өлшемдерін білуі;
құқықтық тәрбиенің тиімді формалары мен
әдістерін білуі.
РефлексиялыҚұқықтық әлеуетінің құқықтық тәрбиелік деңгейінің
қ бағалау мазмұнын бағалауы рефлексиялық сипаты;
және қабылдауы. құқықтық тәрбие беруді тұтастай
қабылдауы;
құқықтық тәрбие тұрғысына баға бере білуі
және ішкі рефлексиялық мүмкіндіктерінің
дамуы;
құқықтық тәрбиеге байланысты жүргізілетін
жұмыстардың нәтижелеріне талдау,
бастамшылық идеясын көрсету.
Іс- Мектептегі оқу- оқу- тәрбие процесінде, күнделікті өмірде
әрекеттік тәрбие процесінде құқықтық тәрбие беру жіктемесін сұрыптай
оқушыларға құқықтық білу іскерлігі;
тәрбиені жеткіншектердiң педагогикалық тұрғыдан
меңгертудегі жұмыс бұзақылыққа бейімделуінің алдын алу;
нәтижелілігін жеткіншектердің құқықтық тәрбиелеудiң
қамсыздандыратын бағдарламаларын даярлау және жүзеге
негізгі іскерлікке асыру;
ие болуы. жауапкершілікке тәуелдiлiк қатынастары
негiзiнде iс-әрекеттердiң құқықтық
мәдениетiн үйлестiру.
Құқықтық тәрбие жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс –
әрекеттері, мінез – құлықтары, ойлау жүйесі, дүниетанымының қалыптасуына
бағыт беріп отырады. Сонымен құқықтық іс-әрекет осы құқықтық құңдылықтарды
адамдардың бойына сіңіріп, меңгеруіне тікелей байланысты. Жоғарыда
айтылғандарға сүйене отырып, жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің
жүйесі құрылды (1-сурет).
1- сурет - Мектептегі құқықтық тәрбие берудің жүйесі
Бұл жүйе жеткіншектерге құқықтық тәрбие беруде бүгінгі қоғам сұранысына
байланысты мемлекеттік құжаттарға сәйкестендіріп айқындалды. Ол
жеткіншектердің ішкі рухани сапаларын, құқықтық сана-сезімін, сенімі жоғары
қоғам азаматы ретінде дамуын, жетілуін қамтиды. Сондықтан біз құқықтық
демократиялық қоғамда өзіндік құқығын меңгерген, құқықтық сана-сезімі
жетілген өзін-өзі дамыта алатын тұлға тәрбиелеудің мазмұны және оны
жүзеге асыру жолдарын көрсетуге тырыстық.
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, жеткіншектерге құқықтық тәрбие
берудің құрылымдық-мазмұндық моделі өзінің құрылымы жағынан
компоненттерден, оның мәнін аша түсетін өлшемдер мен көрсеткіштерден, оған
сәйкес келетін деңгейлерден тұрады.
Зерттеу жұмысымыздың алғашқы кезеңінде қалыптасқан деңгейлерді бағалау
көрсеткіштер жүйесімен нақтыланған талаптар негізінде жүзеге асады.
Нәтижесінде біз әр түрлі сатысына сәйкес келетін негізгі деңгейлерін
анықтап алдық:
Жоғары деңгей қазіргі жалпы білім беретін мектеп оқушыларының құқықтық
тәрбиенің маңызын жете түсінуі, қабылдауы, олардың құрылымын, функциясын,
тәрбиелік мүмкіндіктерін терең меңгеруі; құқықтық тәрбиенің нақты
өлшемдерін сұрыптай білуі; құқықтық сана және оқу-тәрбие үрдісінде
меңгерген білім мазмұнына баға бере білу; құқықтық тәрбиені мектепте,
мектептен тыс жұмыстарда шығармашылық ізденіс пен оңтайлы пайдалана білуі;
құқықтық білімді күнделікті өмірмен байланыстыра отырып пайдалануымен
ерекшеленеді.
Орта деңгейде қазіргі мектеп оқушылары құқықтық тәрбиенің маңызын
түсінеді, оны қабылдауға қызығушылық танытады, құқықтық тәрбиенің теориясын
меңгергенмен азаматтық құндылықтарға оқытушы көмегімен баға бере біледі;
құқықтық тәрбиеге қатысты мәселелерді сұрыптай, өмірмен байланыстыра
білгенімен мектеп тәрбиесінде оларды оқытушының көмегімен пайдаланады.
Төменгі деңгей үшін қазіргі мектеп оқушыларының кейбіреуі құқықтық
тәрбиені қажет деп есептемейді, қызығушылық көзқарас танытпайды, теориялық
білімі нашар, меңгерген біліміне баға бере алмайды, жүргізілген іс-
шараларда құқықтық білімін пайдалана алмайды. Жеткіншектердің құқықтық
қағидаларды бiлуі мен оларды орындауға деген ұмтылысы, күйзелiсі,
практикалық әрекеттердегі өнегелiгiнің төмендігі байқалады. Олардың әркелкi
жақтары іс-әрекеттері мен қатынастарының қалыптасуында көрініс табады.
Тұлғаның дамуы әлеуметтік мәдени кеңістікте, атап айтқанда, қоғам,
қоғамдық институттар, мемлекет, құқықтық жүйе және жеткіншектердің
қоршаған ортасы мен ұйымдастырылған немесе кездейсоқ болатын, яғни оның
қалыптасуын қамтамасыз ететін ортада іске асады.
Зерттеу жұмысымыздың нәтижесін жоғарыда келтірілген моделдегі төрт
компоненттің қалыптасу деңгейіне қарай бағалауға болады. Біздің ойымызша,
осы төрт компоненттің бірлігі, олардың көрсеткіштері мен өлшемдері, соған
сәйкес деңгейлері және моделі жеткіншектерге құқықтық тәрбие берудің
тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарын айқындауға мұмкіндік
береді.
Осыған орай біз зерттеу жұмысымыздың барысында үш педагогикалық
шарттарды (педагогикалық - ұйымдастырушылық, психологиялық-педагогикалық,
әдістемелік) анықтап алдық.
Педагогикалық-ұйымдастырушылық шарт мұғалім жеткіншектерге құқықтық
тәрбие беру барысында оқу-тәрбие үдерісінде жағымды орта жасауды; құқықтық
білімдер жүйесін (құқықтық тәрбие туралы мемлекеттік нормативті құжаттар
оқып үйрену, гуманитарлық қоғамдық пәндер жүйесінде) меңгертуді; соның
негізінде жеткіншектердің құқықтық санасын қалыптастыру үдерісін
қарастырады.
Психологиялық-педагогикалық шарты меңгерген білімдер негізінде
жеткіншектердің мінез-құлықтары мен жүріс-тұрыстарын заң талаптарына сай
қалыптастыру үшін ең алдымен мұғалімге оқушының тұлғалық, рухани,
әлеуметтік даму деңгейін диагностика арқылы айқындау қажет. Тұлғаның
дамуына психологиялық – педагогикалық қолдау көрсетуді; әрбір оқушының
тұлғалық ерекшелігін, деңгейін ескеруі; жеке тұлғаны қоғамның талаптарына
сай әлеуметтендіруді; ұжымның алдында тұрған ортақ мақсатты дұрыс
белгілеуді, соған сәйкес атқарылатын іс-шараларды дұрыс жоспарлауды
қарастырады.
Әдістемелік шарттар - субьектілік іс-әрекет ұйымдастыруды (мұғалім –
оқушы, ата-аналар, психологтар, құқық қорғау органдар қызметкерлері) қарым-
қатынас іс-әрекеттерінде бір-біріне саналы белгілі нормаларды, құқықтық
ережелерді жүзеге асыра білуді үйрету. Оқу-тәрбие үдерісінің тәрбиелік
бағытын күшейтуі; құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық
тәрбиелігін көрсетуіне бағытталған іс-әрекетте мұғалімнің де оқушының да
құқықтық санасының көзі ретінде тәрбие үдерісінде субьект-субьектілі қарым-
қатынасты қамтамасыз етуі; мақсатқа бағытталған рефлексияның жүзеге асыруы;
жеткіншектерге құқықтық тәрбие беру іс-әрекетіне мұғалімнің дайындығын
қалыптастыруы, тәрбие үдерісінің әдістемелік тұрғыдан қамтамасыздандырылуы
сипаталады. Талданған педагогикалық шарттарды іс-әрекетте жүзеге асыруда
олардың әрқайсысы өзіндік қызмет атқарады. Жоғарыда берілген педагогикалық
шарттардың қызметтік жүйесі және бұларды іске асырудың әдістемесі
практикада тексеріліп, оң нәтижелерге жеткізетін іс-әрекеттер жиынтығы
ретінде көрсетіледі.
ІІ бөлім. Оқушылардың құқықтық тәрбиесін қалыптастыру негіздері
2.1 Құқықтың тәрбиенің мазмұны, нысандары мен әдістері
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың
бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың
асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне
үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін
қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын
жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және
рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды
туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу,
жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін
күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады.
Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен
қылмыстың көзі - маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың
алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс
құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр
қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын,
басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін
отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай
қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала
қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді,
өзімшіл болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін
жүргізілетін шаралар:
- тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін
жағдайды жою;
- оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
- оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
- отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз
бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу.
Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты екені
даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-
қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету - бәрі де
жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі
студент - ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу
орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де ете
керек. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс
педагогы К.Д.Ушинскийдің: "өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей
тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі.
Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың
өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа" дегенін қайда
қоймақпыз.
Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда
олңылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі
жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып,
қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз
жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары
бар.
Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне
сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің
айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның
өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасында
Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы
күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі
әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы -
құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының
құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі - оқушылар
арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол
ашып отыр.
Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса
қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге
тәжірибелі, көпті көрген, адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер
тәрбиеші болу маңызды.
Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші
кезеңі болып табылады. Осыжылдары адамгершілігі, дүниетінымы, сенімдері,
ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен
шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен батылдығы

ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдьщ
тәртілті сақтау да енеді. Құқықтық мәдениет екі тұрғыдан қаралады:
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін
оқушының білуі.
2. Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға
әсері.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-
құлқы, жүріс-тұрысы туралы болғанда, көптеген сұрақтар туындайды.

шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін

Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық
негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғпм өмірінің құқықтық

етеді.
- заңдылықтарды үздіксіз жетілдіру;
- заңның орындалуын бекіту;
- қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық
пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында
болу қажеттігі шығады.

байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі
теориясының құрамды бөлігі ретінде қарастырамыз.
Қоғамдық қайта құру кезеңінде құқықтың мәдениетті қалыптастыру
барысындағы кемшіліктерді жеңу орын алады.
Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады.
Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған
жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған
көп жағдайларды байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны
бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық
мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты
құқықтық білімдерді талап етеді.
Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс
қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы
адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал
жасайтын тәрбие құралдарының бірі - орынды тәртіп және мінез-құлық
тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз - орынды тәртіп пен мінез-
құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-
әрекетінің терең бірлігі.
Саналы тәртіп пен мінез-құлықтарды құқықтың мәдениеттің іргетасы деп
қарасақ, ол көркемөнер мәдениетімен қатынастар, сезімдер деңгейінде тікелей
байланысады. Сезімдер әлемі эстетикалық қатынастарда негізгі рөл ойнайды.
Әдебиет пен өнер бізге көркем бейнелерімен әсер етеді, оларды сезім арқылы
қабылдаймыз. Өнердің көмегімен, әсіресе, өдебиет арқылы әлемді, қоғамдық
қатынастарды танимыз.
Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың
білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден
аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға
мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның
үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана
заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға
дайын тұру.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты,
сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну
құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес.
Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім
беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық
тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.
Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып
жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін
оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz