Сүтқоректілер экологиясы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

І бөлім. Жануарлар әлеміндегі сүтқоректілер . . . 5

1. 1 Сүтқоректілердің пайда болуы және даму тарихы . . . 5

1. 2 Сүтқоректілердің таралуының негізгі заңдылықтары . . . 7

1. 3 Сүтқоректілердің қоршаған ортаға бейімделуі және табиғи ерекшеліктеріне сипаттама . . . 16

ІІ бөлім. Сүтқоректілер экологиясы және оның өзекті мәселелері . . . 22

2. 1 Сүтқоректілер экологиясының қалыптасу кезеңдері . . . 22

2. 2 Ғаламдық сүтқоректілердің қорғау мәселелері . . . 24

Қорытынды . . . 30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32


Кіріспе

Тақырып өзектілігі . Қазіргі уақытта экология ғылымы өзекті мәселелермен айналысатын ғылымдар көшін бастап келе жатыр. Себебі, жыл сайын дүние жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір тобы жойылып бара жатыр. Сүтқоректілер экологиясы да осындай маңызды салаға жатады.

Сүтқоректілер экологиясы - экологияның бір саласы. Бұл салада экожүйедегі популяцияның тірші-лік ету заңдылықгары анықталып, жануарлардың қоршаған ортаға бейімделуі зерттеледі. Қоршаған ортада болып жатқан антропогендік факторлар жануарлар тіршілігін өзгертіп, тіпті кейбір түрлерінің жойылып кетуіне әкеледі. Қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінін нәтижесінде, сондай-ақ технологиялық қалдықтар мен радиоактивтік заттардың, әр түрлі табиғатта болып жататын апаттардың әсерінен ауа, ландшафт құрамының бұзылуы, топырақгың ластануы - жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесіне елеулі өзгерістер әкеледі. Мысалы, 20-ғасырдың 50-жылдарындағы Қазақ-стандағы тың және тыңайған жерлерді игеру нәтижесінде сол аймақта тіршілік ететін омыртқасыз жануарлардың 70%-ы жойылып кетті. 20-ғасырдың 60-жылдарынан бастап, Арал теңізінің тартылуына байланысты бағалы балықтар (сазан, қаяз, ақмарқа, т. б) құрып кетті. Омыртқалы жануарлардың 125 түрі және омырткасыз жануарлардың 105 түрі Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Осыған орай, жануарлар экологиясы - қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі.

Сүтқоректілердің таралуы, мекендейтін жерлері мен тіршілігі, ерекшелігі туралы алғашқы деректер 11-12 ғасырлардағы саяхатшылардың күнделіктерінде кездеседі. 15-16 ғасырларда сүтқоректілер туралы алғашқы ғылыми мәліметтер жинақталды. Қазақстан аңдары туралы алғашқы мәліметтерді 18 ғасырда Петербург Ғылым академиясының экспедициясының құрамында Қазақстан фаунасын зерттеуге келген орыс ғалымдары П. С. Паллас, И. Лепехин, И. Гмелиннің еңбектерінен кездестіруге болады. Кең-байтақ республика жеріндегі сүтқоректілер, бұлардың тіршілігі, таралуы, ғылымға беймәлім түрлерінің сипаттамасы жайлы алғашқы мағлұматтар 19 ғасырдағы орыс ғалымдары Эверсман, Г. С. Карелин, М. Н. Богданов, Н. А. Северцов, Н. А. Зарудный, Н. Ф. Кащенко, А. Никольскийдің еңбектерінде баяндалған. 20 ғасырдың 20-жылдарында Мәскеу, Ленинград университеттері ұйымдастырған экспедициялар республиканың бірқатар жерлерінде болып, мұндағы сүтқоректілердің түрлерін анықтады, санын есепке алып, таралуы мен шаруашылық мәнін сипаттады. Осы жылдары Қазақстан фаунасы және сүтқоректілер жүйеленімі туралы деректер қорытылды. Қазақстанда Териология саласындағы жүйелі зерттеулер 1932 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрамында Зоология бөлімі ашылған соң басталды. Териология саласындағы зерттеулер қорытындыланып, 9 томдық «Қазақстан сүтқоректілері» басылымы жарық көрді (1969-85) . Қазір Қазақстанда 180-нен астам сүтқоректілердің түрі белгілі.

Курстық жұмыстың мақсаты.

Сүтқоректілердің жойылып бара жатқан және қорғауға мұқтаж түрлерін зерттеу және олардың экологиялық ортадағы ерекшеліктерін сипаттау.

Курстық жұмыстың негізгі міндеттері

  • Экологиядағы сүтқоректілердің орнын айқындау;
  • Жануарлар экологиясындағы сүтқоректілер класына сипаттама беру;
  • Әлемде жойылып бара жатқан сүтқоректілерді атап көрсете отырып, олардың популяцияларының таралу аумақтарын қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І бөлім. Жануарлар әлеміндегі сүтқоректілер

1. 1 Сүтқоректілердің пайда болуы және даму тарихы

Химиялық эволюция ерте кезеңдерінде-ақ түрлі өзгерістерге ұшырап алдымен биохимиялық, кейін биологиялық эволюцияға айналды. Жер бетіндегі қазіргі тіршілік оттекті атмосферадан түзіле алмаған болар еді. Пайда болған тіршілік үздіксіз эволюция процесін басынан өткізген және өткізуде. Биологиялық эволюция ең алғашқы организмдер алғаш рет өздерін өздері жасай алған кезден басталды. Жерде тіршіліктің басталуы белок молекулаларын жасай алатын нуклеин қышқылдарының түзілуінен басталды.

Биохимиялық эволюция теориясын төмендегі схема бойынша беруге болады. Коацерваттар мен органикалық заттардың түйіртпектерінің шекарасында күрделі көмірсутектер молекулалары орын алды, нәтижесінде коацерваттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін қарапайым клеткалық мембрана пайда болды. Коацерватқа өздігінен көбейе алатын молекуланың енуі нәтижесінде өсу процесіне қабілетті қарапайым клетка түзілген болуы керек.

Ядросыз клетканың (прокариоттардың) эволюциясы 1 млрд тан астам жылға созылды. Алғашқы бір клеткалы ядросыз, бірақ ДНК жіпшелері бар организмдер қазіргі бактериялар мен көк-жасыл балдырларды еске түсіреді. Бұл ең ертедегі организмдердің жасы 3. 3 млрд жылдан асады.

Келесі кезеңде (шамамен бұдан 2 млрд. жыл бұрын) клеткада ядро пайда болады. Бұл бір клеткалы ядросы бар организмдер эукариоттар деп аталады. Қазіргі кезде олардың 25-30 мыңдай түрлері бар.

Шамамен 1 млрд пен 2 млрд жыл арасында биологиялық эволюция жыныстық көбею процесінің пайда болуына байланысты тез қарқынмен дамыды. Осыған байланысты организмдердің оларды қоршаған ортаға бейімделу мүмкіндіктері ұлғайды.

1 млрд жыл бұрын алғашқы көп клеткалы организмдер пайда болып, барлық тірі организмдер екі патшалыққа бөлінді- өсімдіктер және жануарлар.

Олар: 1) клетка құрылысы мен өсуге қабілеті; 2) қоректену типі; 3) қозғалуға қабілеттілігі бойынша үш топқа бөлінді.

Патшалыққа бір ғана белгісі бойынша емес, бірнеше ерекшеліктері бойынша бөлінді. Мысалы, кораллдар, моллюскалар мен өзен губкасы қозғалмай тіршілік ететіндер, дегенмен де олар жануарларға жатқызылды. Насеком қоректі өсімдіктер қоректену типі бойынша жануарларға жатады. Сонымен бірге ауыспалы типтер де бар, мысалы, жасыл эвглена өсімдік сияқты қоректенеді, ал қозғалуы жануарлар сияқты.

1 млрд жыл бұрын көп клеткалы өсімдіктердің пайда болуы фотосинтез процесінің күрт қарқындауына әкеліп, мұхиттағы балдырлар өздерін қоршаған ортаға млн-даған тонна оттегі бөліп, Жердің атмосферасының озон қабатын түзіп, құрлық пен сулы ортаны тіршіліктің бұдан гөрі жетілген формаларының эволюциясына дайындай бастады.

Бұл кезең шамамен 400 млн жылға созылды да, бұдан 580 млн жыл бұрын мұхиттағы биотаның аса қарқындап дамуына әкеп соқты.

Органикалық дүние эволюциясының осы кезеңінде атмосферада фотосинтездің негізгі компоненттері - көмірқышқыл газының мөлшері жоғары, ал оттегі аз ғана болды. Палеозой эрасының біраз бөлігінде атмосферадағы СО2 концентрациясы 0. 1-0. 4% қана болды. Көмірқышқыл газының бұндай концентрациясында автотрофты өсімдіктердің өнімділігі ең жоғары шекте болып және осының нәтижесінде түзілген биомассаның өте көп мөлшері толып жатқан өзгерістерге ұшырай отырып, органикалық жанғыш пайдалы қазбалардың орасан мол қорын жасаған болар еді. Палеозойдың басына қарай оттегінің массасы жоғарылай бастады. Мезозойдың соңында СО2 концентрациясы азая бастады. Бұл үрдіс олигоценде күшейіп, әсіресе плиоценнің соңында оның мөлшері ең төменгі шегіне жетті. Бұнымен бірге автотрофты өсімдіктердің массасы және Жер бетіндегі барлық тірі организмдердің массасы азайды.

Жануарлар дүниесінің дамуы барысында жануарлар организмдерінің органдары олардың атқаратын функцияларына байланысты дифференциацияла-нып, скелет, қозғалу, ас қорыту, тыныс алу, қан тамырлары, нерв системалары мен сезім органдары қалыптасты. Тыныс алу энергиясы организмдердің қозғалуы мен өсуі үшін қажетті энергияға айналды. Ал энергияның артық қоры жануарлардың қорек табу жолындағы қозғалыстарына жұмсалды. Қозғалу үшін олар денесін белгілі қалыпта ұстап, әртүрлі жағдайларда тез және дәл шешім қабылдауды қажет етті. Яғни, биологиялық эволюция процесі мидың пайда болуына әкеп соқты.

Бұдан 65 млн жыл бұрын Жерге диаметрі 9 км алып аспан денесінің құлауы нәтижесінде экологиялық жағдай күрт өзгерді. Экологиялық катастрофаның нәтижесінде жануарлардың арасындағы сан жағынан басым болып саналатын динозаврлар жойылып кетті де, кейіннен Жерде көбірек үстемдік құрған сүт қоректілер қарқынды дамыды.

ХVІІІ-Х1Х ғасырларда ғалымдар өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің систематикасын жасау үшін көп жұмыстар жүргізді. Биологияда систематика деп аталатын бағыт пайда болды. Өсімдіктер мен жануарлар олардың структуралық ерекшеліктеріне қарай классификацияланды. Негізгі структуралық бірлік ретінде түр алынды, ал одан жоғары деңгейлер туыс, отряд, классты құрады.

Қазіргі кезде Жер бетінде өсімдіктердің 500 000 мыңдай, жануарлардың 1, 5 млн түрлері бар, олардың ішінде омыртқалылар - 70 мыңдай, олардың 16 мыңы құстар, сүт қоректілердің - 12 540 түрі бар

Тіршілік формаларының дамуындағы оқиғалар мен негізгі даталардың геологиялық шкаласы:

Кайназой, 65 млн жыл Төрттік, 2. 5 млн жыл голоцен плейстоцен (Homo sapіens) ақылды адам.

Үштік, 65-2. 5 млн жыл Плиоцен 6-2. 5 млн жыл соңғы гоминидтер

Миоцен 22-6 млн жыл 14 млн жыл бұрынғы қарапайым гоминидтер -рамапитек.

Олигоцен 36-22 млн жыл Злактар, шөпқоректі сүтқоректілер

Эоцен 58-36 млн жыл Қарапайым жылқылар

Палеоцен 65-58 млн жыл Сүт қоректі тышқан тәрізді жануарлар Cynognathus эволюциясының қарқынды дамуы.

Мезозой, 255-65 млн жыл Бор 145-65 млн жыл Бөлімдер мен кезеңдер Гүлді өсімдіктер; 65 млн жыл бұрын -динозаврлар жойылды, сүт қоректілер эволюциясы.

Юра 210-145 млн жыл Динозаврлардың жаппай көбеюі. 167 млн жыл бұрын алғашқы ұшқыш кесірткелер (птерозаврлар, архиоптерикстер) ; 150 млн жыл бұрын алғашқы сүт қоректілер.

Триас 255-210 млн жыл қылқан жапырақтылар, цикадалар, динозаврлар.

Палеозой Перм 280-255 млн жыл динозаврлар: сүт қоректі бауырымен жорғалаушылар.

Таскөмір 360-280 млн жыл ормандар, насекомдар, амфибиялар, 290 млн жыл бұрын, динозаврлар, бауырымен жорғалаушылар.

Девон 415-360 млн жыл Жануарлардың құрлыққа шығуы (алғашқы амфибиялар-ихтиостегиялар) - балық құйрықты жануарлар.

Силур 465-415 млн жыл өсімдіктердің құрлыққа шығуы, және теңіз жануарларының активті тіршілігі.

Ордовик 520-465 млн жыл хордалы жануарларда скелеттің пайда болуы; қарапайым балықтар.

Кембрий 580-520 млн жыл түрлі теңіз омыртқасыздары.

Докембрий, магмалық және метаморфоздық жыныстар; бөлімдері мен кезеңдері жоқ 1000 млн жыл Организмдердің жануарлар мен өсімдіктерге бөлінуі: қарапайым теңіз жануарлары, жасыл балдырлар.

2000 млн жыл Эукариоттар -ядролы бір клеткалы организмдер.

3300 млн жыл Прокариоттар - ядросыз бір клеткалы организмдер: бактериялар, көк-жасыл балдырлар.

4500 млн жыл Тіршіліктің пайда болуы: аминқышқылдары, белок молекулалары, коацерваттар, прокариоттар.

4700 млн жыл Жердің түзілуі, салмағына байланысты заттардың түрлі агрегат күйлеріне дифференциациялануы.

1. 2 Сүтқоректілердің таралуының негізгі заңдылықтары

Тірі организмдердің таралуы бірінші кезекте өздері мекендейтін ортаның жағдайымен анықталады. Барлық тірі және өлі объектілер, жануарлар мен қоршаған өсімдіктер, олармен өзара тікелей байланыста болатын мекен ортасы деп аталады.

Қоршаган орта (немесе коршаған табиғат ортасы) терминінде адамның ықпалы жайылатын табиғаттың сол бөлігі ретінде түсініледі.

Тірі организмдерге әсер ететін ортаның элементі - экологиялық фактор деп аталады. Өзінің ықпал ету ерекшеліктеріне қарай ол үш негізгі топқа бөлінеді:

- абиотикалық факторлар - бұл өлі табиғаттың тірі организмдерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу қасиеті (температура, жарық пен басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның құрамы, атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ, жер бедері т. б. )

- тіршілік факторлары - бұл тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етудің барлық формалары. Әрбір организм басқа жеке дараның (индивидтің) тікелей немесе жанама түрдегі ықпалын бастан кешіреді, өздерінің немесе өзге түр өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не болмаса өздері әсер етеді.

- антропогенді факторлар - организмдердің мекен ортасына, табиғаттың өзгеруіне, олардың өмір сүруі жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам әрекетінің барлық факторлары. Мұндай факторларға жататындар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өндірістері, көлік пен шаруашылықтың өзге салалары. Әсіресе, соңғы жылдары антропогенді түрде табиғатқа әсер ету жылдамдығы арта түсуде.

Экологиялық факторлардың әр алуандылығына қарамастан олардың организмдерге әсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің жауап беру реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар. Организмнің қарқындылыққа немесе әсер ету күшінің факторына реакциясын жатқызуға болады. Жетімсіз немесе шамадан артық әсер ету организмнің өміршеңдігіне кері ықпал етуі мүмкін.

Алуан түрлі тіршілік иелерінің әр түрлі жағдайларда өздерін өте жақсы сезінулері бірдей емес. Мәселен, ылғалды жақсы көретін өсімдіктер ылғалды топырақты (капуста, қант қызылшасы), гүлді капуста көлеңкелі салқынды ұнатады, кейбірі құрғақшылықты, ыстықты (қауын) ұнатады. Осы факторлар өсімдіктің өсу жағдайына өте маңызды ықпал жасайды. Бақылау нүктесінен барынша өсуі - оңтайлылық деп аталады. Бұл әдеттегідей - температураның көлеміне жатады. Жағымды күш әсерінің факторы (мөлшері) осы организм түріне оңтайлы зонаның факторы деп аталады. Ең азынан (минимум) көбіне (максимум) дейін бар аралық температура кезінде өсуге мүмкіндігі барды диапозон (көлемінің) тұрақтылығы дейді. Шектелу нүктесінен, яғни төмен мен жоғарының аралығы тіршілікке қолайлы температура - тұрақтылықтың шегі немесе сол түрдің шыдамдылық шегі болады. Осы экологиялық факторға қатысы бойынша шыдамдылық дәрежесін экологиялық валенттілік деп атайды. Организмнің экологиялық валенттілігі оның әр алуан ортаға қоныстану қабілеттілігін көрсетеді.

Тұрақтылық шегінің нүктесіне жақындау шамасы бойынша, егер әрекет ету факторы азайып немесе көбейсе тіршілік әрекеті төмендеп қысымға ұшырайды немесе тіршілік иесінің өлуіне әкеп соқтырады (біздің мысалда өсімдік), яғни бұл жерде тұрақтылық диапазоны шеңберінде мазасыз күй зонасы туралы айтылып отыр. Мұндай ықпалды басқа факторлар да жасай алуы мүмкін.

Әрбір өсімдік пен жануарлар түрінің оңтайлылығы, мазасыз күй зонасы немесе қысым зонасы мен тұрақтылық шегі (шыдамдылығы) қоршаған ортаның әрбір факторына қатысы барлар өмір сүруде.

Температура мысалында талқылап, біз тек бір факторды ғана қарастырдық, ойымызша қалган барлығы да оңтайлылық зонасына сәйкес келетін шығар. Біз Ю. Либихтің тұжырымдаған шектеулі заң факторларының әрекетін бақыладық. Өзінің оңтайлылық зонасынан сыртқары фактор организм күйінің мазасыздығына себеп болғанды шектеулі дейді. Осы фактордың өзгеруіне орай организмдер өте сезімтал болып келеді. Өсімдіктер мен жануарлардың бір түрінің өзгерісіне әсер ету факторының жиі шектеуі биотикалық деп аталады. Мәселен, азықтың жетімсіздігі жануарлардың әр алуан түрлерінің таралуына және дамуына шектеу қояды. Өсімдіктердің дамуына да су, температура, жарықтың болмауы - шектеу факторларының бірі. Бірде-бір фактор өздігінен әрекет жасамайды. Ортамен өзара қатынас жасағанда барлық организмдер динамикалық тепе-теңдікті немесе тұрақтылықты сақтаулары қажет.

Экологиялық валенттіліктің кең түрі тіршіліксіз орта факторына қатысы бойынша фактордың атауына «эври» қосымшасын қосып атайды (грекше еvrуs - кең) . Мысалы, температураның айтарлықтай ауытқуларына эвритермді түрі шыдайды. Экологиялық енсіз валенттілік (тар) «стено» стенотермді қосымшасымен (грекше stеnоs - тар, енсіз) белгіленеді. Әр алуан экологиялық факторлардың (кең) алшақ шегіндегі ауытқуларға бейімделетін түрлерді эврибионтты деп атайды; тіршілік ету үшін қатаң белгіленген жағдайды қажет ететіндер - стенобионтты деп аталады.

Экологиялық факторлардың әсерінен тірі организмдер белгіленген иерархиялық жүйелерге бірігеді. Онда тіршілік иелерінің әр алуан деңгейде ұйымдасқандарды: популяциялар, бірлестіктер және экожүйелерді көруге болады.

Популяция дегеніміз - белгілі бір аумақта тіршілік ететін және өзара шағылысып ұрпақ беретін бір түр дараларының жиынтығы. Түрлі факторлардың әсерінен популяциядағы даралар саны, құрамы, таралуы өзгеріп тұруы мүмкін. Популяция латынша роpulus - халық, ел дегенді білдіреді.

Табиғатта популяцияның әр алуан түрлерінің өте жоғары жүйесінің дәрежесі - қауымдастыққа бірігеді. Қауымдастық (биотикалық) - бұл белгілі аумақты мекендеуші популяцияның жиынтығы. Қауымдастық организмдері органикалық емес ортамен энергетикалық байланыста. Мысалы, өсімдік, минералды тұздар, оттегі, су, көмір қышқыл газының үнемі беріліп тұру есебінен тіршілік жасай алады. Мұндай жағдайда «қауымдастық» (бірлестік) терминінің қолданылуы мүмкін ең кіші бірлікті биоценоз деп атайды (1877 ж. К. Мебиус енгізген) .

Өзара байланыстағы организмдерді және бірлесе мекендейтін топтарды - биоценоз дейді. Биоценоздың көлемі әр алуан - індер қауымдастығы, ағаш жапырағы, құмырсқа илеуінен бастап, орман, дала, шөл т. б. - ландшафтарына (жер бедеріне) дейін. «Биоценоз» терминін құрлықта өсіп түрған біртекті өсімдіктерге қолданады. Мысалы, қылқанды орман, дәнді дақыл егістік биоценозы т. б.

Биота (грекше bios - өмір) - өсімдік, жануар мен микроорганизмдер түрлерінің ортақ (жалпы) аймаққа таралуының жиынтығы. Түрлердің арасындағы экологиялық байланыстың жоқтығынан ол биоценоздан ерекшеленеді.

Организмдер қауымдастығы органикалық ортамен материалдық-энергетикалық жағынан тығыз байланыста болады. Биоценоз алып жатқан кеңістік биотон деп аталады. Биоценоз бен оның биотоны биогеоценоз деп аталатыны көбірек немесе азырақ қалыпты жүйені құрайтын бөлінбейтін екі элементтен көрінеді. Биогеоценоз түсінігін (грекше bios - тіршілік, gе - жер, коіnоs - жалпы) ғылымға орыс ғалымы В. Н. Сукачев 1940 ж. енгізген.

Жер бетіндегі барлық кұбылыстар мен заттардың бірлігі және өзара қатынасы туралы идея бұрынғы КСРО мен шетелдерде бір мезгілде туындады. КСРО-да ол биогеоценоз турасындағы ілім ретінде, басқа елдерде - экожүйе жөніндегі ілім ретінде дамыды. Экологиялық жүйе немесе экожүйе - өздерінің мекен ортасында тірі организмдердің жасаған табиғаттың бірыңғай кешені. Сонымен қатар, ондағы барлық компоненттер энергия мен зат алмасудан өзара байланыста. Өзгеше айтқанда, экожүйе тіршілік пен тіршіліксіз компоненттердің жиынтығы.

Биогеоценоз бен экожүйе ұқсас түсінік, бірақ тепе-тең емес.

Бұл түсініктердің екеуі де өз ортасын мекендеген тірі организмдердің жиынтығын түсіндіреді, бірақ экожүйе - өлшемсіз түсінік. «Тамшыдан мұхитқа дейін» деп «экожүйе» терминінің авторы ағылшын биологы А. Тенсли образды түрде айтқан болатын. Аквариум, тоған, батпақ, ғарыш кемесінің кабинасы - осының барлығы экожүйелер.

Отандық әдебиетте өсімдік жабындысы - фитоценозді таралу аймағының сызылған шекарасы ретінде экожүйені сипаттау қалыптасқан болатын. Мәселен, далалық, батпақты, жайылымды т. б. биогеоценоз. Басқаша айтқанда биогеоценоз - бұл экожүйенің жеке оқиғасы, құбылысы әрқашанда табиғи қалпын сақтайды, тіпті адам әсер еткеннің өзінде де. Экожүйе толығымен жасанды болуы мүмкін ғой (аквариум, ғарыш аппараты) .

Организмнің тіршілік әрекетін сақтап тұру мен экожүйедегі заттардың айналымы тек энергия ағынының үнемі келу есебінен ғана болуы мүмкін. Жердегі тіршілік атаулылар күн энергиясы сәулелерінің арқасында ғана болып тұр. Фотосинтезделетін өсімдіктер (өздігінен қоректенушілер) химиялық органикалық қосындылардың байланысы нәтижесінде өсіп-өнеді. Қалған барлық организмдер энергияны азық арқылы алады. Азық энергиясын оның бастауынан (өздігінен қоректенуі) бірқатар организмдер арқылы ауыстыру бір организмдердің басқаларын сіңіру жолымен болатынды тамақ тізбегі дейді.

Әрбір экожүйе өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің жиынтығынан тұрады, қоректену түрі бойынша екі топқа бөлуге болады:

• автотрофтар (өздігінен қоректенушілер) ұдайы өндіру мен өсу үшін минералды элементтерді қолданатындар мен фотосинтезді іске асыруға қабілетті жасыл өсімдіктер. Фотосинтез - күн энергиясының көмегімен су және көмір қышқыл газын қантқа айналдырудың күрделі процесі. Осындай жолмен қант пен азықтық минерал элементтерінің судан немесе топырақтан пайда болуы нәтижесінде, өсімдік өздерінің организмдерінің құрамына кіретін күрделі заттарды синтездейді. Басқа сөзбен айтқанда химиялық жай заттар: ауа, су, тау жыныстарының минералы мен топырақтар белок, май және көмірсутегі сияқты күрделі қосындыларға айналады. Өздігінен қоректенуші (автотрофтар) - бұл экожүйенің продуценттері (лат. рrоduсеns - өндіруші) органикалық еместен органикалық зат құратындар. Осы органикалық заттардан өсімдіктер мен жануарлардың тканьдері құралады. Фотосинтезделетін өсімдік экожүйенің қалған организмдерінің барлығына азықты өндіреді, сондықтан оларды продуценттер деп атайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі
Сүтқоректілер және оларға тән белгілер
Ағза мен орта.Ағзаға әсер етуші 2 фактолар мен олардың әрекеті
Жануарлар әлеміне саяхат
Су жүйелер экологиясы
“Зоология” курсының кіріспесі
ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ АДАМ ЭКОЛОГИЯСЫ
Экологияны оқытудың теориялық негіздері
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Жануарлар әлемі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz