Халықтар географиясы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

-Жоспар

Кіріспе . . . 3

І бөлім. Дүние жүзінің мемлекеттері және олардың типологиялық ерекшеліктері . . . 4

1. 1 Әлем елдерінің типологиялық жіктелуі . . . 4

1. 2 Дамушы елдерге сипаттама . . . 5

1. 3 Дамыған елдер . . . 6

ІІ бөлім. Халықтар географиясы және оның мазмұны . . . 9

2. 1 Халықтар географиясынығ нысанығ мақсаты және мазмұны . . . 9

2. 2 Мемлекеттердің саяси құрылымы бойынша жіктелуі . . . 10

2. 3 Дүние жүзілік еңбек ресурстары . . . 14

2. 4 Халықтардың көбею және жойылу мәселелері . . . 17

2. 5 Ресей Федерациясының халық құрамына және ұлттық ерекшеліктеріне сипаттама . . . 21

Қорытынды . . . 26

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27


Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы - әлемнің әр түрлі аймақтарындағы шаруашылықтың орналасуы мен дамуын, халықтардын таралуын, олардың табиғат жағдайы мен ресурстарды пайдалануын зерттейтін қоғамдық ғылым.

Эконом- географтар экономикалық аудандастыру мен аумақтық өндіріс кешендерін кұруда үлкен үлес қосты. Олар жаңа жерлерді игерудің, қалалар, жолдар, зауыттар мен электр станцияларын салудың, қызмет көрсету салаларын орналастырудың жобасын жасайды. Оларды табиғи ресурстар мен стихиялық апаттардың (құрғақшылық, су тасуы мен жер сілкінуі) келтірген зиянына экономикалық баға беруге және олармен күресу шараларына тартады. Адамдардың өмір сүру деңгейі, жұмыссыздық, өнім шығару мен пайдалану осы ғылымның нысандарына жиірек айнала бастады.

Экономикалық және әлеуметтік география екі негізгі бөлімге бөлінеді Жалпы экономикалық және әлеуметтік география - оның аумақтық іргетасы болып саналады. Ол елді жалпы зерттейді, сонымен бірге оның экономикалық тармағы қоғамдық өндірісті, ал әлеуметтік тармағы халық пен оған қызмет көрсету түрлерін, әлеуметтік саланы зерттейді.

Аймактық географияның зерттеу пәніне елдің жекелеген бөліктері - облыстар мен экономикалық аудандар жатады.

Экономикалық және әлеуметтік география табиғат жағдайлары мен ресурстарына баға беруде физикалық географиямен тығыз байланысты. Ол тарих, экономика, статистика, әлеуметтанумен де берік байланысқан. Шаруашылықты зерттеуде тарихи тәсілді қолдану адамдардың таралып орналасу заңдылықтарын түсінуге көмектеседі.

Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді зерттеуде статистикалық мәліметтер негіз болып саналады. Олардың көбін әлеуметтануда жиі қолданылатын сұрақтар беру мен зерттеулер арқылы алуға болады.

Бұл ғылымның дамуымен қалыптасуымен көптеген зерт-теушілердің есімдері тығыз байланысты.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Дүние жүзінің халықтар географиясының ғаламдық экономикадағы ролін анықтау;
  • Дүние жүзі халықтарын, әлеуметтік, экономикалық және мемлекеттік басқару құрылымына қарай жіктеу;
  • Дүние жүзінің халықтар географиясының негізгі мәселелерін қарастыру.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


І бөлім. Дүние жүзінің мемлекеттері және олардың типологиялық ерекшеліктері

1. 1 Әлем елдерінің типологиялық жіктелуі

Барлық топтағы елдерді дүние жүзінің саяси картасында типологияға бөліп - жіктеп атау, негізінен Қазан тәңкерісінің нәтижесінде, әсіресе жүйелі түрде екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі өзгерістерге байланысты әртүрлі саяси - қоғамдық құрылыстар жүйесі негізінде пайда болды. Елдерді соңғы уақытқа дейін үш типке бөліп келдік: 1. ) социалистік; 2. ) дамыған капиталистік; 3. ) дамушы елдер. Осындай идеологиялық принцип - әсіресе социалистік және кейбір дамушы елдердегі фундаментальды еңбектерге, ғылыми - көпшілік жұмыстарға, жоғарғы оқу орындары мен мектеп оқулықтарына да нақтылы енгізіледі.

Біздің еліміздегі, яғни ТМД және Шығыс Еуропадағы, сондай -ақ Азия мен Африканың кейбір елдеріндегі, бертіндегі біраз жылдар ішіндегі болған түбегейлі саяси және әлеуметтік экономикалық өзгерістерге байланысты - “социолизм системасы” типологиясы өзінің көп бөлігін жоғалтты. Бірақ, қазіргі кезде социолизмді берік ұстап отырған мемлекеттер әледе баршылық олар: Қытай Халық Республикасы, Ветнам Социолистік Республика, Корей Халық-Демократиялық Республикасы, Лаос және Куба Республикалары.

Ал енді Шығыс Европаға келетін болсақ, соңғы кезеңге дейін социалистік құрылысты тек Албания және сөз жүзінде Сербия мен Черногорияның билеуші комунистік пиғыл- көзқарастағы партиялары қолдап отырған. Албаниядағы кейінгі парламенттік сайлауда антисоциолистік оппазиция жеңіске жетті. Югославия Одақттық Республикасы (Сербия мен Черногория арасындағы Одағы) - бұрынғы ЮСФР-дың орнын басып осыған сәйкес мемлекеттік, құқықтық, саяси және халықаралық мәселелерде-оны одан әрі жалғастыратынын мәлімдеді. Ал, Славения мен Хорватия бұған қарсы болды. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1992 ж. Қыркүйек айында Югославия Одақтық Республикасын, бұрынғы Югославияның мұрагер-қабылдаушысы деп танудан үзілді кесілді түрде бас тартты. Жалпы жер мөлшері жағынан қазіргі Югославия Одақтық Республикасы- көршілес жатқан өзімен Венгшрия немесе Болгариямен шамалас, ал бұрынғы ЮСФР-дың қалған славиян республикалары шағындау.

Дамушы елдер топтарына берілген саяси - экономикалық анықтамалықтардың мінездемелерінде - социалистік бағыттағы елдер туралы сипаттама ескерілмегенмен, жалпы салыстырмалы түрде 1970- 80 жж. олардың саны дүние жүзі бойынша 20- дан астам болатын (негізінен олар - Азия мен Африка елдері) . Қазір бұл елдердің көпшілігі социалистік бағыттың болашағының жоқ екенінен, әрі өздерінің саяси - әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлар келіспеушілігінен, социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік агрессияның өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т. б. елдерден берілетін қаржы - экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық т. б. ) қысқартылуынан, көптеген осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер әлемнің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.

Типологиялық бөлінуге негіз етіліп, тек саяси - қоғамдық жағдай ғана есептелініп алынған жіктеушілік өзінің келешексіздігін көрсетіп отыр. 1970 жылдардың басында - ақ Қытай, Югославия, Румыния, Латын Америкасы елдері, сәл кейін Вьетнам, Лаос және Куба - өздерін дамушы елдеріміз деп жариялады. Бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының басым көпшілігі ( славян және Балтық маңы республикаларынан басқасы) және Балқан түбегіндегі социалистік елдер де қазір дамушы мемлекеттер болып табылады.

Басқаша мысал - Түрік үкіметі, ол өзінің даму деңгейін - дамушы елдер тобына кіретін елдерден жоғары деп санайды. Ол Түркияның Еуропалық Одаққа (ЕО) мүшелігіне кіру туралы, өз тілегін (1987 жылдан бастан ресми түрде айтуда) жариялауда және бұл мүддесі 2000 жылға дейін орындалса дейді. Түркия, жалпы ЕО - ның кейбір елдерін өзінің басты экономикалық көрсеткіштері бойынша қуып жетті. Түркия - көптеген халықаралық еуропалық ұйымдарға мүше болуға талаптанып, онысын ЕО елдерімен ( қаржы, салуда, түрік азаматтарының Батыс Еуропаға, соның ішінде ГФР - ға жаппай миграция жасауымен түсіндіріледі) өте тығыз байланыста екендігін дәлелдеуде. Сонымен қатар, Түркияның Еуропадағы 3 пайыздан астам территориясы, әрі онда аса маңызды мәдени және экономикалық орталығы - Истанбул қаласының үлкен бөлігі орналасқанын тілге тиек етеді.

Кейбір көрсеткіштері жағынан ірі дамушы елдер - Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан дамыған елдер деңгейіне шамамен жақындайын деп қалды. Ал, 1970- 80 жж. бастап Азияның жаңа индустриялы елдері - Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Сянганның ( Гонконг) экономикалары өте қарқынды өркендеді. Соңғы жылдары Малайзия мен Таиланд елдері де тез қарқынмен даму үстінде. Осы мәселелерден, жалпы саяси - идеологиялық және әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес үйлестіріліп алынған дүние жүзі елдерінің жіктелу типологиясы шартты түрде екендігі көрініп - ақ тұр.

1. 2 Дамушы елдерге сипаттама

Дамушы елдер топтарына берілген саяси - экономикалық анықтамалықтардың мінездемелерінде - социалистік бағыттағы елдер туралы сипаттама ескерілмегенмен, жалпы салыстырмалы түрде 1970- 80 жж. олардың саны дүние жүзі бойынша 20- дан астам болатын (негізінен олар - Азия мен Африка елдері) . Қазір бұл елдердің көпшілігі социалистік бағыттың болашағының жоқ екенінен, әрі өздерінің саяси - әлеуметтік дамуы мен ішкі факторлар келіспеушілігінен, социалистік бағытты ұстаудан ресми түрде бас тартты. Ал кейбір елдер ұлттық экономикасының құлдырауынан, азамат соғыстарының ұзаққа созылуынан, бүркемелі түрдегі шетелдік агрессияның өрістеуінен, бұрынғы Кеңес Одағы және социалистік жүйедегі, т. б. елдерден берілетін қаржы - экономикалық және басқадай көмектің (әскери, техникалық т. б. ) қысқартылуынан, көптеген осы сынды себептерге байланысты олар да социализмнен бас тартуға мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік бағытты ұстанып отырған дамушы мемлекеттер әлемнің саяси картасында іс жүзінде жоққа тән.

Кейбір көрсеткіштері жағынан ірі дамушы елдер - Бразилия, Аргентина, Мексика, Үндістан дамыған елдер деңгейіне шамамен жақындайын деп қалды. Ал, 1970- 80 жж. бастап Азияның жаңа индустриялы елдері - Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Сянганның ( Гонконг) экономикалары өте қарқынды өркендеді. Соңғы жылдары Малайзия мен Таиланд елдері де тез қарқынмен даму үстінде. Осы мәселелерден, жалпы саяси - идеологиялық және әлеуметтік - экономикалық даму көрсеткіштеріне сәйкес үйлестіріліп алынған дүние жүзі елдерінің жіктелу типологиясы шартты түрде екендігі көрініп - ақ тұр.

Мемлекеттерді әлеуметтік - экономикалық даму деңгейіне қарап, олардың тұрғындарының материалдық және әлеуметтік қажеттерінің қанағаттандырылу дәрежесі бойынша саралау барынша ден қоюға лайық. Мемлекеттердің белгілі бір саралау тобына жататынын анықтайтын сенімді көрсеткіштер мұндайда азық - түлік өнімдері мен ең қажетті өнеркәсіп тауарларының жан басына шаққанда орта есеппен қанша өндірілетіні, тұрғындардың қолайлы тұрғын үймен және көлік қызметімен қаншалық қамтамасыз етілгендігі, медицина қызметінің сапасы, азаматтардың білім деңгейі және т. б. бола алады.

Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі дүние жүзі елдерінің арасында әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштердің көп ұқсастығы тән көптеген мелекеттер топтарын көруге болады. Көбінесе мелекеттердің дамыған және дамушы деген екі түрін ғана саралайды.

1. 3 Дамыған елдер

Дамыған мемлекеттер қатарында ең алдымен мына мемлекеттерді атау керек: АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдері, Жапония, Австралия Одағы, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка Республикасы, Израиль. Бұл елдерге нарықтық қатынастар дамуының кемел деңгейі тән, атап айтқанда монополиялар мен мемлекеттің күшін біртұтас механизм етіп біріктірген мемлекеттік - монополистік капитализм кемел дамыған. Дүниежүзілік саясат пен экономикадағы рөліне қарай бұл елдерді екі топқа бөлуге болады.

Олардың бірінші тобы басты басты елдер жетілігін құрайды:АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада. Олардың көшбасшы болып отырған себебі аумағы мен халқының саны көптігінен емес, дүниежүзілік саясат пен экономикада үлкен рөл атқаратынынан, еңбек өнімділігі жоғары болуынан, ғылым мен техниканы дамытудағы талассыз табыстарынан. Егер тарихқа “ үңілсек”, өнеркәсібі дамыған басты - басты елдердің көпшілігі таяуда өткен уақытта ірі - ірі отарлық империялардың иелері болғаны, олардың талай пайда тауып келгені анықталады.

Бұл сектордың қалған елдері екінші топтағы құрайды. Бұл мемлекеттер ( Австрия, Бельгия, Дания, Нидерланды, Швеция және т. б. ) көбіне “ үлкен жетілік “ елдерінің экономикалық және саяси қарым - қатынастарында байланыстырушы буын ретінде көрінеді. Сонымен қатар бұл топтағы кейбір елдер дүниежүзілік сауда мен саясатта әжептеуір елеулі шептерге ие.

Дүние жүзінің дамыған елдерінің арасында жаңа индустриялық елдер деп аталатын, осы таяу кезде - ақ дамушы елдерге тән экономикасы болған елдердің алатын орты айрықша ( Сингапур, Корея Республикасы, Аргентина, Бразилия және т. б. ) . Оларға тән ерекшелік - жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім деңгейі біршама биік, еңбектің индустриялық түрлері дамыған, экономикасының салалық құрылымы біршама өркендеген, өңдеуші өнеркәсіп бұйымдарын экспортқа шығарады, жұмыс күші арзан. Оларда нарықтық қатынастар дамушы елдердегіге қарағанда неғұрлым толысқан деңгейде.

Бұрынғы КСРО республикалары мен Шығыс Еуропа елдерінің көпшілігін де әдетте дамыған елдер қатарында атайды. Алайда ғылыми - техникалық прогрестің қарқыны мен экономиканың тиімділігі жөнінен артта қалғандығының байқалуы бұл елдер халқының тұрмыс дәрежесі құлдыратты, сөйтіп соңғы жылдары олардың дамыған елдер деген дәрежелерін едәуір төмендетіп жіберді. Тек батыл реформалар ғана бұл елдерді әлеуметтік - экономикалық өрлеуге жеткізуі мүмкін.

Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттердің саны ең көп түрі - дамушы елдер. Бұлар негізінен Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасы мен Мұхит аралдарындағы бұрынғы отарлар. Оларға тән ортақ белгілер бұрын отар болғаны және соған байланысты кедейлігі ғана емес. Сонымен қатар саяси дербестік пен экономикалық тәуелділік арасындағы кереғар қайшылық, шаруашылықтың капитализмге дейінгі түрлерінің сақталуы, экономикасының аграрлық - шикізаттық және минералдық - шикізаттық сипаты, дамыған индустриялы елдерге берешек орасан көп борш ( 1 трлн. доллардан астам) және басқа ортақ белгілер тән.

Дамушы елдер - өтпелі түрдегі мемлекеттер; олардағы қоғамдық - экономикалық қатынастар интенсивті трансформация сатысында. Осыған байланысты олар үшін саяси және әлеуметтік - экономикалық дамудың болашақтағы жолын дұрыс таңдау проблемасы ерекше маңызды.

Сонымен, қазіргі заманғы дүние жүзінің көптеген елдерінің ерекшеліктерін жете білу үшін олардың қай түрге жататынын білген жөн. Елдердің әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі бойынша саралануы неғұрлым маңызды болмақ.

Елдердегі түр - түрге саралау әр түрлі болуы мүмкін, мұның бәрі қандай белгілерді саралаудың негізі деп алуға байланысты. Ондай белгілер мемлекеттердің географиялық орны, олардың қашан құрылғаны, этностық және діни құрамы, әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі және басқа да көптеген белгілер болуы мүмкін. Саралаулардың қайсыбірін өздерің де жасауларыңа болады, ондайда, мысалы, халқына, экономикасына қатысты көрсеткіштерді, табиғи ресурстардың қайсыбір түрлерінің болуын және т. б. алуларың мүмкін.

Бұларға қоса әлеуметтік - экономикалық белгілерді және ең алдымен өндірістік қатынастардың дамуының деңгейі мен сипатын есепке алуға негізделген саралаулар бар. Дүние жүзінде капиталистік және социалистік елдердің бар екенін негізге алып, дүние жүзінің елдерін соңғы кезге дейін не капиталистік, не социалистік елдер деп саралау болды. Алайда дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың ауқымында саны орасан көп әрі әлеуметтік - экономикалық табиғаты жөнінен ерекшелігі өте мол, дамуы нашар мемлекеттер тобы бар екені ескеріліп, мемлекеттерінің екі түрі емес, социалистік, капиталистік және дамушы деп аталған үш түрі бар деп саралау жиі қолданылады.

Мемлекеттердің бұл үш түрін мәңгілік қатып қалған деп қарауға болмайды. Мысалы, кейбір дамушы елдер әлеуметтік - эконоикалық дамуда айтарлықтай табыстарға жетіп, ендігі жерде жоғары дамыған капиталистік елдер атануға лайықпыз деп отыр ( Бразилия, Аргентина және т. б. ) . Ал КСРО - да және Шығыс Еуропа елдерінде социализм орнатудың әміршіл - әкімшіл әдістерінің кеңінен қолданылуы, халықтың тұрмыс деңгейінің құлдырауы, демократиялық бостандықтардың болмауы себепті көптеген елдер социалистік мақсат - мұраттардан түңіліп, капиталистік шаруашылық түрлеріне қайта оралып жатыр ( Польша, Венгрия және т. б. ) .

ІІ бөлім. Халықтар географиясы және оның мазмұны

2. 1 Халықтар географиясынығ нысанығ мақсаты және мазмұны

Халықтар географиясы қоғамдық ұдайы өндіріс және қоршаған ортамен өзара әрекеттесу процесінде қарастырылатын халықтардың санын, құрамын және орналасуын, көшіп-қонуын оқып зерттейді. Көші-қон адамдардың тек қана механикалық козғалысы емес, бұл күрделі қоғамдық процесс. Көшіп -қону бірнеше себептерге байланысты: Экономикалық жағдай, соғыс, экологиялық жағдай, климаттың қолайсыздығы, саяси жағдай, ұлттық, діни. Көші-қон бүкіл халықтың өмірінің көптеген жақтарын қамтиды: табиғи қозғалыс пен жас жыныстық құрамына, халықтың ұлттық құрылымына, еңбек қоры мен әлеуметтік экономикасының дамуына әсер етеді. Халықтың көшіп қонуы әртүрлі болып келеді. Бағыты бойынша оны ішкі және сыртқы деп бөледі. Сыртқы көшіп қонға эмиграция (елден кету), иммиграция (елге келу) және репатриация (көшіп кеткендердің елге оралуы) жатады. Көшіп кеткендердің елге оралуын репатрианттар немесе оралмандар деп атайды. Ішкі көші- қонға бір елдің ішінен облыстан облысқа, ауданнан ауданға көшуі жатады. Дүние жүзінде тек үш мемлекет қана басқа жақта түрлі себептермен жүрген отандастарын шақырып отыр. Олар: Германия, Израиль, Қазақстан.

Халықтың ұдайы өсуі (табиғи қозғалыс) дегеніміз - адамзат ұрпағының алмасуын қамтамасыз ететін туу, өлім-жітім және табиғи өсімнің жиынтығы. Туу, өлім, табиғи өсім өз негізінде биологиялық процестер болып табылады. Алайда олардың деңгейіне бірқатар факторлар әсер етеді. Туу, өлім, неке және ажырасу туралы мәліметтер туу және өлім туралы актілер мен азаматтақ жағдай туралы акт жазбалары органдары құрастыратын жылдық статистикалық мәліметтер негізінде жасалады. Тууға халықтың жыныстық және жастық құрамы, отбасылық құрылымы сияқты бірқатар демографиялық себептер әсер етеді. Алайда шешуші рөл ойнайтын әлеуметтік-экономикалық, этникалық, психологиялық т. б. факторлар. Туу деңгейіне экономикалық дағдарыс пен жұмыссыздықтың жоғарлауы, әлемдегі әскери қозғалыстар кері әсер ететіні дәлелденген. Халықтар географиясының қарастыратын тағы бір маңызды көрсеткіші - халықтар миграциясы. Ең алдымен қызығушылық тудыратын миграциялық қозғалысқа қатысатын халық сананың динамикасы.

Халықтар географиясында мемлекет маңызды нысан болып табылады. Мемлекет - қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.

Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісінде саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды. Мемлекеттің үш элементі болады: жер аумағы , халқы және мемлекет өкіметі .

Мемлекеттің белгілері

  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады
  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл, т. с. с. ) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады)
  • мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады
  • мемлекеттің әскерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды
  • мемлекет заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамды тәртіп орнатады.

Урбанизация - еңбек бөлінісінің қоғамдық және аумақтық тұрғыдан тарихи қалыптасуынан пайда болып, әлемнің әртүрлі елдері мен өңірлерінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес дамитын әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, географиялық секілді көп жақты қырлары бар күрделі құбылыс. Көне латын тіліндегі мағынасы “қалалық” деген ұғымды білдіреді. Яғни, ең қысқаша айтар болсақ, урбанизация, бұл - қала тіршілігі мен тұрмысы және мәдениетінің үстемдікке ие болуы. Қала - тұрғындары өнеркәсіп пен сауда орындарында және ғылми, мәдени, басқару мекемелерінде еңбек ететін ірі елді мекен. Қала көбіне өз атырабының әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады. Елді мекенді қала дәрежесіне көтеретін басты межелер - ондағы, халықтың саны және олардың атқаратын қызметі (өнеркәсіп, мәдени, саяси-әкімшілік орталықтары) .

2. 2 Мемлекеттердің саяси құрылымы бойынша жіктелуі

Дүние жүзінде дербес тәуелсіз мемлекеттерді басқарудың төрт түрі белгілі:

Оның ішіндегі ең басымы - республикалық форма. Қазір әлемде 150- ге жуық егеменді республика бар ( дүние жүзі мемлекеттерінің жалпы саныынң ¾ бөлігі) . Басқарудың жалпы бұл, республикалық формасында - прогрессивтік және демократиялық артықшылықтар көбірек деп саналады. Отарлаушы державалардың қанауында болып, өткен және үстіміздегі ғасырдың бас кезінде бостандық алған Латын Америкасының көптеген елдері осы басқаруды таңдап алды. Осы ғасырымыздың ортасында тәуелсіз болған Азияның бұрынғы бодан елдері (соның ішіндегі ірілері - үндістан, Индонезия, Пәкістан, Вьетнам, Филиппин және т. б. ) және негізгі бөлігі өз тәуелсіздіктерін 60-70 жж. Алған африканың қазіргі 50 егемен мемлекеті ( барлығы -53) де өздерін республика деп жариялады. Мысалы, салыстырмалы түрдегі жас монархиялармен (XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы Шығыс Еуропаның сегіз елінің бесеуі монархиялық билікте болған) қатар, мыңжылдық монархиялар - Египет, Эфиопия, Иран (Персия) - екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бірден республикаға айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан, ресей және дүни жүзі елдерінің географиясында халықтардың зерттелуі
Дүниежүзілік саяси картасы
Халықтардың қоныстану географиясы
Қызылорда облысының халқы
Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
География оқулықтары
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Экономикалық және әлеуметтік география дәрістік кешен
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz