Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. Ыбырай Алтынсариннің білім беру ісін қалыптастырудағы ролі . . . 6

1. 1 Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогиксының негізін қалаушы . . . 6

1. 2 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі . . . 9

1. 3 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық идеясы білім беру үлгісі ретінде . . . 17

2. Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім берудің әдістемелік негіздері . . . 25

2. 1 Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, 12 жылдық жалпы орта білім беруге көшудің негіздемесі . . . 25

2. 2 Еліміздегі 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымы . . . 30

2. 3 Мектептерде 12 жылдық жалпы орта білім берудің мазмұны . . . 36

3. Ы. Алтынсариннің кәсіптік білім берудегі ой-пікірлерінің 12-жылдық білім берумен ұштасуы . . . 42

3. 1 Кәсіптік білім берудің теориялық негіздері . . . 42

3. 2 Ыбырай Алтынсариннің кәсіптік білім туралы ой-пікірлері 12 жылдық білім беру жүйесінде . . . 49

3. 3 Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы еңбекке тәрбиелеу кәсіптік білім негізі . . . 55

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 63

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, 12-жылдық білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды.

Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы аса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы -ұстаз.

Міне, сондықтан да жасөспірімдердің халқымыздың рухани тамырынан толық қол үзіп қалмауы - біздің бүгінгі елдігіміз бен егемендігіміздің негізгі өлшемдерінің бірі деп есептеуге болады.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін" атты халыққа арнаған өткен жылғы жолдауында ендігі жерде қай салада да тек көшке ілесе білу ғана емес, нағыз бәсекелестік қабілеттілікті қарыштап дамыту керектігін айрықша атады. Бұл орайда, әрине, білім беру саласына ерекше назар аудару қажеттігі анық. Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда кәсіптік бейінді оқытуды көздейтін . . . білім беруге көшу қажет, - деп атап көрсетілді жолдауында.

Тәуелсіз елімізде оқушы-жастарды бүгінгі күн талабына сай кәсіптік бағдар беруде халкымыздың бай мәдени мұраларын, педагогикалық ой-пікірлерін, жинақталған ұлттық құндылықтарды зерттеп, жүйелеп оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне пайдаланудың маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда, қазіргі бәсекеге қабілетті жасөспірімдерді тәрбиелеу, ұлт тұрмыс-тіршілігін өркендетуші сапалы да салауатты, ұлтжанды, мәдени-ғылыми ой-өрістері кең ұрпақ өсіру - қоғам алдында тұрған басты міндет. Әрбір қоғам өзінің даму барысындағы зиялы қайраткерлердің педагогикалық ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін зерделеп, заман талаптарына сай жетілдіріп пайдаланып отырған.

Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында: «Білім беру жүйесінің негізгі және бағдарлы мектеп сатыларындағы кәсіптік оқытудың мақсаты - оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық талғамды қалыптастыру; кәсіби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім және білікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызша сөйлеу және жазба тіл мәдениетін қалыптастыру», - делінген [1, 26 б. ] . Демек, бүгінгі қоғам өміріндегі даму, жаңару бағыты терең білімді, ұлттық рухта және ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтар негізінде жан-жақты жетілген жеке тұлғаны оқытып тәрбиелеуге, сонымен қатар ұлттық тарихи-мәдени, көркемдік-эстетикалық құндылықтарымыздың аса маңызды мәселе ретінде жан-жақты зерттелуіне толық жол ашты.

Өмірлері өнегеге айналған, еліміздің мәдени-рухани қазынасын ту еткен жеке тұлғалардың өмірі мен шығармалары турасында зерттеп, зерделеу, жас ұрпақ бойына тереңінен сіңіру, шығармашылықпен оқыту, ұлттық сананың негіздерін қалыптастыру - бүгінгі таңда өте өзекті.

Жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны қалыптастыру барысында Ыбырай мұрасының орны ерекшелене түседі. Ыбырайдың шығармашылық еңбектерін зерттеу, ұлы тұлғаның көп салалы шығармашылық туындыларының мән-мағынасын, философиялық тереңдік сипатын, маңызын саралап ашу, шығармаларының құндылығын өскелең ұрпақтың бойына дарыту -бүгінгі күннің басты бағыттағы ұстанымы болмақ. Сондықтан да қазірге дейін Ыбырай шығармашылығы мен өнерін, талант-дарынын, туған өскен ортасын, тәлім-тәрбиесін, өнегесін көрген ұстаздарын, діни көзқарас танымын, рухани ағартушылық миссиясын зерттеген көптеген ғалымдар Ыбырайды тануға сүбелі үлестерін қосты.

Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға жетелейтін, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтылыққа үндейтін, кәсіп меңгеруге шақыратын Ыбырай шығармаларын 12-жылдық мектептегі кәсіптік білім беруге негіз етіп алудың рөлі де айырықша. Ы. Алтынсариннның өмірі мен шығармашылығын журнал-газет беттеріндегі мақалалар болмаса, оларды оқыту мәселелелері арнайы зерттеу нысаны болмады. Уақыт сұранысына сай ұлттық құндылықтарымызға терең үңіліп, Ы. Алтынсарин шығармалары арқылы оқушыларды кәсіпке баулудың тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру - бүгінде көкейкесті, аса өзекті мәселелеріміздің бірі.

Зерттеу нысаны: 12-жылдық білім жүйесінде Ы. Алтынсаринның шығармашылығын жоғарғы сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беруде пайдалану.

Зерттеу пәні: Ы. Алтынсариннің кәсіптік білім берудегі ой-пікірлерінің 12-жылдық білім берумен ұштасуының әдістемелік ерекшеліктері.

Диплом жұмысының мақсаты: 12-жылдық білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларын Ы. Алтынсарин шығармалары арқылы кәсіп пен өнерге баулудың ұтымды ғылыми-теориялық әдістемесін ұсыну. Ағартушы-ғалымның өмірі мен шығармаларын меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін нақтылау, кешенді әдістемелік жүйесін тәжірибеден өткізе отырып, белгілеу. Көзделген мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

Диплом жұмысы тақырыбының міндеттері:

  • Алтынсаринның өмірі мен шығармашылығына шолу жасау;
  • Жоғарғы сыныптардың пән бағдарламаларындаа Алтынсарин шығармаларының оқытылу жайын зерделеу;
  • Алтынсарин шығармашылығын жоғарғы сынып оқушыларын кәсіп пен өнерге баулуда пайдаланудың негіздерін, тәсілдерін ғылыми жүйеде көрсету.

Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оқу-тәрбие жұмыстарын Алтынсарин шығармаларымен бірлікте қарастыру жүзеге асырылса, елге, тілге, туған жерге, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, логикалық ойлау қабілетін дамытады, өнер-білім меңгеруге деген қызығушылықтары артады.

Диплом жұмысының әдістері: педагогика, психологиялық, ғылыми-теориялық, ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау, сауалнамалар алу, бақылау жұмыстарын жүргізу, әңгімелесу, сараптау, салыстыру, қорытындылау әдістері пайдаланылды. Зерттеу мәселесіне қатысты ұсынылған әдіс-тәсілдер тәжірибелік байқаудан өткізілді.

Тақырыптың ғылыми жаңалығы:

  • 12-жылдық білім беретін қазақ орта мектептерінде Ы. Алтынсарин шығармашылығы негізінде кәсіптік білім берудің жолдары қарастырылды;
  • Жоғарғы сыныптарда ғалымның шығармаларын кәсіптік білім беруге пайдалану негіздері зерттелді;
  • Ы. Алтынсарин шығармаларын кәсіптік тұрғыдан терең меңгертудің жолдары көрсетіліп, жеке тұлғаны кәсіптік даярлаудағы мәні ашылды.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттердің тізімінен тұрады.

1. Ыбырай Алтынсариннің білім беру ісін қалыптастырудағы ролі

1. 1 Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогиксының негізін қалаушы

Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог - ағартушы, ақын және прозаик, публицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитінің негізін қалаушы. Алтын-сарин мектеп пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Сондай-ақ, оның тамаша тарихи болашағына асқан сеніммен қарады. Ы. Алтынсаринның пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектеп-терінің бірінші бөлімінің бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс - деген қағида ұсынды. Ы. Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледі -деген пікірден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Алайда, ол Россия патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург және Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын қазақ балаларымен жастарға арнаулы стипендия тағайындады. Ы. Алтынсарин кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады. Ол Торғайда төменгі қолөнер учлищесін ашудың жоспарын жасады және оны ашуды қолға алды. Ағаш - токоры, слесарлы - ұсталық, тігін бөлімі бар Торғайдағы Яковлев қолөнер училщесі тек 1884 жылы ғана ашылды. Ы. Алтынсарин Қостанайдағы ауылшаруашылық училщесін ашу үшін өзінің екі үйінің орынын және училище учаскесі үшін қыстауындағы жерін берді. Алайда, бұл үстемдік етуші топтың әсері салдарынан ол ұлы Октябрь төңкерісіне дейін ашылмады, қолдау таппады. Училище сол күйінде ашылмай қалды. Ы. Алтынсаринның табандылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалім даярлай-тын қырғыз мектебі ашылды. Бұл Орыс-қазақ мектеп-теріне мұғалім даярлаудың орталығына айналды. Сөйтіп, Алтынсарин қазақ халқының өмір мен салтына сәйкес келетін қолтума қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді, өзі ашты. Бұл жүйенің ең басты құндылығы барлық мектеп типінің мирасқорлығы болып есептеледі. Мұның ерекшелігі осында. Россия жағдайындағы мұндай мектептердің көпшілігі тұғырына тірелген еді.

Тұңғыш қазақ мектебін ашып, оқытуға кіріскен Ыбырай соған тікелей көмектескен Н. И. Ильминскийге жазған (1864 жыл, 16 март) хатында: ''Осы жылы наурыздың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де есті, жақсы балалар. Мен оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза білетін болды . . . Кейін парақор болып шықпаулары үшін, оларға адамгершілік жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз, күле беріңіз мен кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда болып та қоямын, сөйтіп, оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын. Менің қашаннан арман-тілегім қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады'', - деп жазады.

Ұлы ағартушы-педагог тек мектеп ашумен шектеліп қалуға болмайтынын, бұған лайықты оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар керек екенін жақсы түсінді. Сондықтан Ы. Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына арнап ''Оқу құралын'' жазды. Сондай-ақ ол әдістемелік мәні бар ''Семья мен мектеп'', ''Халық мектебі'' журналдары мен қолөнері үшін қажетті Гестерманның техникалық коллекциясын, физика, химия кабинеттері үшін құрал-жабдықтар алдыруға 600 сом жинағанын айтады. Мұның бәрінен оның жалаң оқумен қанағаттанып қалмағанын, бұған қоса ғылым мен техника тетіктерін үйретуде көрнекілік тәсіл ұстанғанын көрсетеді. Сондай-ақ аса қажетті кітаптар мен жорналдарды орталық мектептерге топтап жинау арқылы сондағы кітапханаларды байытуды көздеді, оқимын деген жастар мен мұғалімдердің өз білімін көтеруіне қолдан келгенше жағдай жасамақ болады. Автор сол тұстағы мектептерде дін сабағының өту мүмкіндігін пайдаланып, қазақ балалары үшін ''Шариятул-ислам'' атты оқулық жазды. Бұл кітап кезінде балалардың мұсылман діні-нің қағидаларын игеруіне айтарлықтай үлес қосты.

Ыбырай жастарды оқу-білім, өнерге үндегенде, құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлел-деуге ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. 1871 жылы 31 августе қазақтар үшін орыс әліппесін алудың пайдасы жайлы Н. И. Ильминскийге жазған бір хатында Ыбырай: «Орыс әрпін қолданумен байланысты қазақ тіліне орынсыз кірген араб, татар сөздерінен тазарды. Орыс әрпімен жазғанымызда ғана сөзіміз дұрыс жазылатын болды. Қазір молдалар оқытып жүрген араб, парсы, татар тілдерінде шыққан діни кітаптар бізді кері кетіреді, таза ойымызды кірлетеді, басымызды құммен толтырады, таза тілімізді шұбарлайды»1 деді.

Бұл тарихи жағынан да, теориялық жағынан да қырағылықпен, өз халқының келешегіне ғажап болжампаздықпен айтылған пікір болатын. Бұдан бір жүз отыз жыл бұрын Алтынсарин әліппе жөнінде ұсынған бұл жобасының дұрыстығын өмірдің өзі дәлелдеп берді. Жалғыз қазақ қана емес, шығыс халықтарының қазір көпшілігі орыс тілінің графикасына негізделген жаңа Әліппені қабылдап алды. Қай жағынан болсын бұл шығыс халықтарының мәдени дамуларындағы игілікті іс, үлкен табыстарының бірі екендігі сөзсіз.

Қорыта айтқанда, Алтынсаринның өз халқын оқуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы десек, қазақтың қазіргі ержеткен проза жанрының және балалар әдебиетінің ең алғашқы негізін салушы болды. Сондықтан да Ыбырай Алтынсарин жазба әдебиетіміздің төрінен заңды түрде орын алып отыр [28] .

Шындығында қазақ баласын оқуға, білім мен ғылым жарығына шақырған бұл өлең Ресей патшалығының орыс миссионерлерін жіберу арқылы қазақ даласын жаулай бастаған жылдары жазылғандығы анық. Сондағы алғаш рет ұлы даладан мектептер ашу ісінің мәнісі де түсінікті - қазақты ұлт ретінде жою. Яғни, Патшалы Ресей қазақты орыстандырып, православие дініне мойынсындырсам деген ниетінен барып қана қазақ сахарасында алғашқы миссионерлік мектептер ашылды. Бұл жөнінде ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы «Закон жобасының баяндамасы» атты «Қазақ» газетінде шыққан топтама мақаласында арнайы тоқталып өтеді. Онда автор былай деп жазады: «Дін жұмысы туралы 1822 жылғы Сібір уставында айтқан: бұ күнгі қазақтардың дінінде мұсылмандықтан мәджусилік (отқа табынушылық) мол, сондықтан да бұларды христиан дініне кіргізуге үміт бар. Облостной кәкімдер қазақ ішіне миссионер жіберуін сұрау керек. Миссионерлер қазақты зорламақ, өз еріктерімен христиан дініне үгіттеу керек . . . (Басқарма) ». Осы тарихи деректің өзі мәдени-рухани тәсілмен жүргізілген отарлау саясатын ашық көрсетеді. Бірақ, діни миссионерлердің бұншалықты ұлтты жоюға бағытталған сорақы қам қаракетінен ештеңе шыға қоймады. Сол кездердің өзінде миссионерлер мектебінің табалдырығын аттағандар, яғни жат пиғылдылардың тәрбиесін көргендердің өзі түптеп келгенде ғылым мен білімге ізденістерін өздігінен дамытып, өз ұстаздарының мақсатын жүзеге асыруға емес, ұлтының білімді болуына қызмет ету жолын таңдағаны, сол бағытта табандылық танытқаны анық. Сондай ұлы тұлғаның бірегейі һәм қазақтың ұлттық ағарту ісінің атасы - Ыбырай Алтынсарин.

1926 жылы қазанның 29-ында Қазақстанның Халық ағарту комиссары Смағұл Сәдуақасов Тәшкентте педагогикалық жоғары оқу орнының ашылу салтанатындағы «Жоғары оқу орнының Қазақстан үшін маңызы» атты баяндамасында қазақ елін сауаттандыру ісіндегі Ы. Алтынсариннің еңбегін жоғары бағалайды. «Өткен ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Ыбырай Алтынсарин деген қазағымыз болған. Ы. Алтынсарин - орыс мәдениетімен көрші қонған алғашқы қазақтың бірі. Біреуден қаймыққандығынан емес, өзінің ар иманымен православие миссионерлеріне көмектескен адам, орыс қазақ мектептерін алғаш ұйымдастырған да, қазақ жазуын орыс әліппесіне көшіруді көздеген де осы кісі. Ол әйгілі орыс оқымысты миссионері Ильминскийдің досы болатын, соған қалтқысыз көмектесті. Міне, дәл осы Алтынсарин өзі өлер алдында қазасын аза тұтуға бірде бір орыс адамының араласпауын сұрап, тіптен олардың «маған етене жақын жүргені болса да араластырмаңдар» деп тапсырған. «Жаназама тоқсан тоғыз молда шақырыңдар», деп өсиет қалдырған. Бұл, әрине, көзі ашық деген зиялы қазақтың басындағы трагедия еді. Орыстармен ұзақ жыл үзеңгілес өмір кешкен пенденің көңіліне түйгені, орыс миссионерлерінің қазақ жұрты үшін еш жақсылық ойламайтынына көзі әбден жеткен пенденің көкірегіндегі қасіреті болатын. Бәлки, бұл оның тіршілікте өз қолымен жасаған күнәсін қазақ деп қарс айрылған жүрегінің жантәсілімдегі айыптаулары болар. Қалай болғанда да, ол бәлен жыл бірге істеп, біте қайнасқан орыс ымыраластарынан безген», дейді С. Сәдуақасов. Тоқтала кететін жайт, Ыбырай Алтынсарин миссионерлік пиғылға қанша араласқанымен де, яки қазақ жастарына ана тілімен қатар орыс тілін де үйретуге күш салғанымен де оның ұстаздық мақсаты айқын болды. Бұл мақсат қазақ баласына ғылым, білімнің әр саласын терең меңгерту, қазақтың жастарын оқыту арқылы өркениетке қадам бастыру болып табылады.

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, алғашқы тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды. Сол әдеби шығармалары арқылы қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылардың бірі болды. Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар енгізді.

Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, әсерлі әңгімелері, мысалдары қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсариннің тіл тазалығы үшін күрескерлігі, педагогикалық ілімнің тұңғыш кемеңгері екендігі мойындалады [27] .

1. 2 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі

Алтынсарин жасаған «Қырғыз хрестоматиясы» тарихи- мәдениеттік тұрғыдан және педагогикалық құндылығы жағынан тамаша ескерткіш болып табылады. Сонымен қатар, Қазан революциясына дейінгі дәуірде бұл хрестоматия ана тілінде жазылған балалар әдебиетінің бірден бір үлгісі болғандығын да айта кету керек.

Алтынсарин өзінің хрестоматиясын жасағанда сол кездегі орыс тілінде шыққан оқу кітаптарының барлық таңдаулыларын зор педагогтық шеберлікпен теріп алу, жас балалардың тілегін неғұрлым толық қанағаттандыруға, олардың саналылығын өзінің тәрбие беру жөніндеі мақсаттарына сай етіп жүргізуге тырысады. Материалдарды құрастырғанда халықшылдық, гуманизм, деморатизм, патриотизм идеяларын көздеді.

Сонымен қатар бұл кітаптың тағы бір өзгешелігі бар. Алтынсарин өзінің ана тілінде кітаптарын жасағанда әдібиеттік ана тілінің өмірге бейімді екенін, оның дамуға құқылы екенін дәлелдеп отырады, сөйтіп сол заманда кең өріс алған архаизмдік араб жазуының үстемдігіне (жарқын және жанды халық тілін бұзатын кітап тіліне) қарсы шығып отырады.

Сол кездегі жағдайда ана тілінің орнына бастауыш оқу ретіндегі «татар әліппесін» пайдалануға тура келген болатын. сонымен қатар Орынбордағы Неплюев атындағы кадет корпусы үшін жасалған араб, түрік және парсы тілдері жөніндегі оқу құралдарын, яки болмаса оқу кітабы ретінде Хиуа тарихшысы - Әбілғазы баһадүр ханның 1815 жылғы қазанда, академик Френа басып шығарған тарихи бай мәліметтерін пайдалану керек болды.

Алтынсарин хрестоматияны жасау жолында 1876 жылдан 1888 жылға дейін үздіксіз жұмыс істеді. Оның әркімге жазған хаттарына қарағанда, ол педагогтік қызметке кіріскеннен бастап-ақ хрестоматия жасауды мақсат еткенін көреміз. Алтынсарин өзі тірі кезінде хрестоматиясының бірінші бөлімін ғана бастырды. Ол өлгеннен кейін хрестоматияның бірінші бөлімі «Мактубат» деген атпен араб әліппесімен қайта басылып шықты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік орта білім беру
Ы.Алтынсариннің білім беру жүйесіне қосқан үлесі
Ұлы ұстаз мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер
Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметі
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Шығармаларының тәрбиелік мәні
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Ы. Алтынсариннің өмір жолы
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының тағдырына ерекше мән берген ұлы ағартушы - педагог
Темперамент мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz