ҚР мемлекеттік бюджеті және оның құрылымы


Мазмұны
КІРІСПЕ . . .
І бөлім. ҚР мемлекеттік бюджеті және оны ұйымдастыру негіздері . . .
І. 1 Мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру . . .
І. 2 Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету . . .
ІІ бөлім. ҚР мемлекеттік бюджеті және оның құрылымы . . .
ІІ. 1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері, шығысы және тапшылығы . . .
ІІ. 2 Мемлекеттік борыш . . .
ІІ. 3 Мемлекеттік бюджеттің атқарылу режиміне қысқаша сипаттама. .
II. 4 ҚР бюджет жүйесі және бюджет саясаты . . .
II. 5 Мемлекеттік бюджет кірістерінің көлемі мен құрылымы . . .
ІІ. 6 Жаңа бюджет саясатының мәні . . .
ІІІ бөлім. ҚР сыртқы қарыздарының мемлекеттік бюджетке әсері. Бюджеттен тыс қорлар . . .
ІІІ. 1 Қазақстан Республикасының сыртқы қарызының қазіргі
жағдайын талдау . . .
ІІІ. 2 Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару механизмдерін жетілдіру . . .
ІІІ. 3 Экономиканы қаржымен қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланған әдебиеттер . . .
КІРІСПЕ
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз жылдары Қазақстан әлемдік шаруашылық жүйесіне кірген ашық экономикасын құрды.
Қаржы нарығының жаһандануы мен әлемдегі бәсекелестік артықшылықтар елдегі бағалы қағаздарға әсерін тигізеді. Әлемдік қаржы рыноктарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздармен сипатталынады. Өйткені рынок субъектілері үшін қаржылық ресурстарды жедел, әрі арзан құрал ретінде қолдану негізгі мақсаттарға айналды.
Республикамыздың әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан орын алуы және 30 корпоративтік көшбасыларын қалыптастыру экономиканың жаңаруы мен өсуінің жаңа бір бастамасы деп қарауға болады.
«Қазақстан - 2030» стратегиясында және жыл сайынғы елбасымыздың Қазақстан халықтарына Жолдауларында баяндалған «Сенімді табыстылық стратегиялары», «Ұзақ мерзімді басымдылық - экономикалық өсу» үндеулері республикамыздың экономикасын дамытуға салықтық ынталандыруларды жетілдірудің қажеттігін және тәжірибелік мәнін жоғарлатады.
Экономиканың ғаламдануы тұтастай алғанда еліміздің экономикасына оң әсерін тигізе отырып, әлемдік күйзелістердің ішкі экономикаға ауысу тәуекелін ұлғайтты. Қазақстан Республикасы қаржы секторының басқа ТМД елдерімен салыстырғанда жедел дамуымен, жалпы ішкі өнім және ішкі қор құрамындағы қаржы қызметі үлесінің тұрақты өсуімен, қаржы капиталының ТМД елдеріне экспансиясының басталуымен және қаржы саласында кадрлық құрамның құрылуымен байланысты болды. Бұл қаржы секторын Қазақстан Республикасы экономикасын одан әрі әртараптандыру, әлемдік экономикамен біріктіру және бәсекеге қабілеттілігін ұлғайту үрдісіндегі негізгі фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен зерттеудің міндеттері. Зерттеудің мақсаты Қазақстан Республикасы бюджетінің теориялық-әдістемелік және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, сәйкес келесі мәселелерді анықтау қажет :
- бюджетті дамыту жолдарының теориялық және тәжірибелік мазмұнын қарастыру;
- әлемдік және отандық бюджет түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу;
- бюджет операцияларын ақпараттандыру арқылы қаржы орталығына институционалды инвесторлар мен брокерлік ұйымдар және кәсіпқой қатысушылар мен эмитенттерді тарту;
- бюджет жағдайына талдау жүргізу;
- отандық экономиканы модернизациялау үшін халықты сауаттандыру арқылы халықтың ішкі жинақтарын тарту;
Диплом жұмысының пәні. Диплом жұмысының пәні ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетін ұйымдастыру және дамыту алынады.
Диплом жұмысының объектісі болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті саналады.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде әлемдік экономикалық ғалымдардың еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың монографиялары мен мақалалары, бағалы қағаздардың рыноктық қатынастарын реттейтін заңнамалалық және нормативтік құқықтық құжаттар алынды.
Ақпараттық база ретінде ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары басқа да нормативтік құжаттары, ҚР Қаржылық қадағалау Агенттігі, ҚР Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, Қазақстан Республикасының « Алматы өңірлік қаржы орталығы» АҚ және «Қазақстан қор биржасы» АҚ нормативтік құжаттары алынды. Сонымен қатар проблеманың жекелеген аспектілері бойынша жүргізілген тиянақты зерттеулер мен статистикалық есептер, халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайын және халықтың салауаттылығын зерттейтін әртүрлі теориялық, талдаушылық материалдар алынды.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Қазіргі уақыттағы мемлекеттік бюджет жағдайын зерттей отырып, оны тиімді ұйымдастырудың қажеттілігін және бағыттарын анықтау басты шарт болып табылады.
Тақырыптың маңыздылығы. Жүргізілген зерттеулер арқылы бағалы қағаздар рыногының теориялық пен құқықтық тараптарын бірыңғай етуге, осы рынокқа әсер ететін факторларды ескере отырып, бағалы қағаз рыногының тиімді үлгісін құруға, ҚР бағалы қағаздар рыногын халыққа дұрыс ақпараттандыруға мүмкіндіктер береді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр . Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып, 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағдайын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатқа мемлекеттік міндеттемелері мен функцияларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.
Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс әрекеттерді қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процес өз алды мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен Ұлттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жөніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді.
І бөлім. ҚР мемлекеттік бюджеті және оны ұйымдастыру негіздері
І. 1 Мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру
Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджеттік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол бюджеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңнамалы нормативтік актілерімен реттеледі. Республикада бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді.
Тұтастық оның маңында бірыңғай құқықтық база, бюджеттік жіктелу, бюджеттік пен статистикалық ақпаратқа қажетті бюджеттік құжаттар формаларынын бірлігі және ақша жүйесінің бірлігі;
Дербестік оның маңында бюджеттік процеске әрбір қатысушы өз әрекетін өз еркі ұйымдастырады және сол әрекет кірістердің өздік қанар көздері барлығымен және оларды пайдалану бағыттарын анықтайтын құқықпен қамтамасыз етуіне;
Теңгерушілік оның маңында барлық бюджеттердің кірістері мен шығыстары арасындағы арақатынастарды дұрыс тағайындалуына;
Жоғарыда айтылған принциптердің талаптарын сақтау бюджет тұрақтылығы мен аймақтар және іс әрекет салалары аралығындағы ақша құралдарын бөлудің қажетті пропорцияларын қамтамасыз етуге тиісті. Бұл арада тағы бір маңызды шартты сақтау қажет ол мемлекеттің барлық қаржы саястының бас негізі болатын бюджет шығыстарының оның кірістеріне сәйкестігі мен қаржы резервтер құру.
Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арнаған жылсайынғы Жолдауынның есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады. Бюджеттік кодексте көрсетілген басқа бір маңызды жағдай ол бюджеттік процесті ұйымдастыруын қоса отырып, қаржы ресурстарын басқарудағы мемлекеттік биліктің фунцияларын регламенттеуі. Бұл функциялары келесілер арқылы көрнеді:
- Мемлекеттің экономикалық және қаржылық мақсаттарының әрекеттесуінде;
- әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің өзара және экономика секторларымен әрекеттесуінде;
- салықты фискалдық құралдарды жетілдіруінде;
- бюджеттен тыс арнайы қорларға бөлектеулердің көлемі мен қайнар көздерін анықтауда;
- бюджеттердің кірістері мен шығындарының көлемі мен құрылымын тағайындағанда;
- республикалық бюджет тапшылығының көлемін анықтағанда;
- жергілікті бюджеттердің теңгерушілігінде;
- мемлекеттік борыштың қаржы операцияларға әсері мен өтеуінің есебімен оның динамикасы мен ахуалын бағалауда;
Бюджеттік процесті ұйымдастыру бойынша бюджеттік іс әрекеттің барлық сатыларында келесі негізгі мақсаттар шешіледі.
- Жеке салықтық пен басқа түсімдер бойнша және әлеуметті экономикалық даму болжамдары мен арнаулы бағдарламаларға сәйкес бюджет кірістерін анықтау;
- Бюджет шығындарын арнаулы және адрестік белгілер бойынша тағайындау;
- Ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету мен экономикадағы инфляциялық тенденцияны жеңуге бағытталған қаржылық құқықтылықтын тұрақтылықтын жалпы бағдарламасымен бюдждетті қиыстыру;
- Экономиканы ақталған қайнар көздер арқылы бюджет тапшылығын қысқырту мен жою;
- Әр деңгейдегі бюджеттер теңгерушілігі мақсатында мемлекет кірістерінің қайнар көздерін сол бюджеттер және аймақтар мен іс әрекет салалары арасында қайта бөлу арқылы бюджеттік реттеуді іске асыру;
- әр түрлі үлкен ауқымдағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың пропорционалдығы мен теңгерушілігін қамтамасыз ету үшін болашақ бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлін жоғарылату;
- заңды және жеке тұлғалар өздерінің салықтық міндеттемелерін орындау кезінде олардың қаржылық әрекеттері мен кірістерін бақылау.
Бюджеттік процестердің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті орган ол Экономика және бюджеттік жоспрлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады. Жоба жыл сайын Қазақстан халқына арналған Республика Президентінің Жолдауы, ортамерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспары, аумақтардың даму бағдарламалары, бюджетті атқарудың ағымды бағалауы, макроэкономикалық көрсеткіштердің динамикасы, ақша несиелік пен фискалдық саясатттың негізгі бағыттырының негізінде жасалады.
Ұсынылған құжаттар ұйғарымды болған кезде Республика Үкіметі бюджет жобасын қалыптастыру мен өкілетті органға ұсыну тәртібі және мерзімі жөнінде Қаулы қабылдайды. Сонымен қоса, барлық бюджеттік процеске қатысушылар Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен республикалық және жергілікті бюджеттерді құрастыру мен атқару тәртібімен басшылық етеді.
Елдің бюджеттік жайластырушылық пен бюджеттік құқықтарға негізделген бюджеттік процесс мазмұнымен оның іс әрекет кезеңдері анықталады. Жалпы айтқанда бюджеттік процесті іске асыру бюджеттік іс әрекеттің келесі кезеңдерін құрайды:
Бюджет жобасын құрастыру;
Бюджетті қарау және бекіту;
Бюджетті атқару;
Бюджетті атқару жөніндегі есеп беруді құрастыру мен оны бекіту.
Бюджет жобаларын құрастыру толығымен Республика Үкіметі мен жергілікті биліктің тиісті атқарушы органдарына жүктелгендіктен, республикалық және жергілікті бюджеттер жасаудың тәртібі мен мерзімі және бюджет жобасымен бірге міндетті түрде тапсыратын қажетті құжаттармен жұмыс істеудің тәртібі Үкіметтің арнайы Қаулысымен анықталады. Бюджет жобасының есептемелері мен көрсеткіштері өкілдік билік органдарына ресми түрде тапсырғанша құпия сипатта болады.
Бюджеттік жыл аяқталғаннан кейін әрекеттейтін бюджет процесінің ақырғы кезеңі ол бюджет атқару жөніндегі арнайы органдардың есеп беруді құрастыруы. Арнайы органдар ол республикалық бюджетті атқару жөніндегі орталық өкілетті орган (Қаржы министрлігі) және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі тиісті органдар (әкімшілік) . Есеп биліктің өкілеттік органдарына ұсынылады, мұнда ол белгіленген тіртіп бойынша бекітіледі.
І. 2 Бюджеттік жүйенің қызмет етуін құқықтық қамтамасыз ету.
Бюджет жүйесінің қызмет ету заңнамалық нормалармен реттеледі. Бюджет жүйесінің құрылуы мен әрекетін және билік пен басқарудың мемлекеттік органдардың бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту, атқару жөніндегі құзыретін анықтайтын барлық заңнамалық нормалар өз алды бюджеттік құқықты көрсетеді. Республикалық және жергілікті бюджеттерді жасау, қарастыру, бекіту мен атқаруы Бюджеттік кодекс және « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты заңмен анықталады.
Бюджеттік кодексте барлық бюджет түрлері бойынша анықтама берілген, кірістер мен шығыстардың атаулары жазылған, бюджет атқару жөнінде есеп беруді құрастырудың тәртібі, оларды бекіту мен бақылау сауалдары қарастырылған. Мұндай тиісті бюджет кірісі болып толығымен және норматив бойынша бөлініп түсетін салықтар мен түсімдер анықталған. Ұлттық қордың қалыптасу тәртібі, қайнар көздерімен пайдалануы және оны басқаратын Кеңестің функциялары Бюджеттік кодексте анықталған.
Бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы мемлекеттік органдар құрылымына Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, Республикалық бюджетті атқаруын бақылау жөніндегі Есеп комитеті, Қазақтан Республикасының Үкіметі, бюджетті жоспарлау, атқару жөніндегі орталық өкілетті органдар, жергілікті органдар, жергілікті өкілдік және атқарушы органдар кіреді.
Бюджеттік кодекс бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің бюджеттік қатынастарды реттеу аумағындағы уәкілдігі республикалық бюджетті жасау мен оны атқару жөнінде есеп берудің тәртібін анықтау, Республикалық бюджет комиссиясы жөніндегі ережені, оның құрамын анықтау, бекіту, елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.
Бюджеттік кодекске сәйкес елдің заңнамалық органы Парламенті бюджеттік қатынастарды реттеу аумағында республикалық бюджетті және оған еңгізілген өзгерістер мен қосымшаларды бекіту, Үкімет пен Есеп комитетінің республикалық бюджетті атқару жөніндегі есептерін қарастыру мен бекіту және басқа да қажетті уәкілдіктерді атқарады.
Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің бюджеттік қатынастар аумағындағы уәкілдігіне сыртқы бақылау жүргізушінің тәртібін тағайындау мен оны іске асыру, мемлекеттік қаржы бақылау стандарттарын жасау, қабылданған шешімдерді атқаруына мониторинг жүргіру жіне заңнамалы нормативтік актілерге сәйкес басқа да қызметтер кіреді.
Бюджеттік кодекске сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің бюджеттік қатынасы аумағындағы құзыретіне келесі қызметтер кіреді:
әр түрлі көрсеткіштер есептеу әдістерін анықтау;
бюджеттерді жасау мен атқару тәртібін қамтамасыз ететін әр түрлі процедуралар тағайындау мен бекіту;
республикалық бюджет пен оны атқару жөніндегі есепті Қазақстан Республикасының Парлпментіне ұсынылуы;
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірге Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану жөнінде жылдық есеп беру.
Бюджеттік кодексте бюджеттік жоспарлау, бюджетті атқару, ішкі бақылау жөніндегі орталық өкілетті органдар және облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана мен аудандардың құқықтары бекітілген.
« Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жөнінде» атты Заң жергілікті мемлекеттік басқару аумағындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және жергілікті өкілдік пен атқарушы органдардың уәкілдігі, ұйымдастыру мен іс әрекет тәртібін анықтайды. Осы Заңға сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруы - ол тиісті аумақтың ахуалына жауапты және сол аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатында өз іс әрекетін іске асыратын жергілікті өкілдік және атқарушы органдардан құрайды.
Жергілікті өкілдік органдар - ол жергілікті тұрғындармен сайланушы, олардың жігерлерін әлпеттейтін және оны іске асыру мен бақылау үшін заңнамалар негізінде шаралар анықтап, қолданатын сайламалы орган -Мәслихат. Мәслихаттың уәкілдігіне тиісті аумақтардың жоспарлары, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламалары, шығындар жоспарларын бекіту жатады. Мәслихат жергілікті бюджеттерді атқару бойынша сыртқы бақылау жүргізу мен сол жөніндегі есеп беруді қарастыру жасайтын өзінің ревизиялық комиссиясын сайлайды.
Жергілікті атқарушы органдар - әкімгершіліктер заңнамаларға сәйкес тиісті аумақтар бойынша жоспарлар, экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын, бюджжеттер жасап, маслихаттарға бекітуге ұсынады және олардың атқаруын қамтамасыз етіп, сол жөнінде есеп беруді қалыптастырады. Жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық және қаржылық негізін келесілер құрады:
- Жергілікті бюджет;
- Заңды тұлғалар маңында бекітілген коммуналдық мүлік;
- Заңнамаларға сәйкес бекітілген басқа да коммуналдық мүлік.
ІІ бөлім. ҚР мемлекеттік бюджеті және оның құрылымы
ІІ. 1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері, шығысы және тапшылығы
Соңғы жылдардың ішінде Қазақстан Республикасының экономикалық стратегиясы макроэкономикалық жағдайдың тұрақтануына қол жеткізу болып табылды, бұл мемлекеттік бюджет тапшылығының азаюын және қатаң монетарлық және кредиттік саясатты іске асыруды білдірді. Бұл міндетті шешуде Республика елеулі табыстарға қол жеткізді: атап айтқанда, 2004 жылы Бюджет кодексі қабылданды, бағдарламалық-мақсатты және орта мерзімді бюджеттік жоспарлау әдістері белсенді түрде қолданыла бастады. 1997 жылы қабылданған «Қазақстан-2030» ұзақ мерзімді Стратегиясы мемлекеттік қаржыны басқаруды жетілдіруді реформалардың басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. Бұл міндетті орындауда Республика маңызды жетістіктерге жетті: соның ішінде 2004 жылы Бюджеттік кодекс қабылданды, бюджеттендіру мен орта мерзімді бюджеттік жоспарлау бағдарламалы-мақсаттық әдістері белсенді қолданыла бастады. 2007 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне бюджеттің жоспарланған шығыстарын тиісті саладағы бюджеттік қаржыландыру есебінен күтілетін нақты нәтижелермен байланысын қамтамасыз етуге ықпал ететін мемлекеттік жоспарлаудың нәтижелерге бағдарланған жаңа тәсілдерді енгізу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Әкімшілік реформаны бір мезгілде жүргізу Қазақстан Республикасы министрліктерінің жұмысына бағдарламалық сипат енгізуге, айқын жолға қойылған ведомствоаралық үйлестіруді, министрліктердің өкілеттіктері мен жауапкершілігін, олардың есеп берушілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бюджет - мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін арналған оның орталықтандырылған ақшалай қоры. «Бюджет» деген сөз сөзбе-сөз алғанда ақша сақтауға арналған «ақшалы сөмке», «былғары қапшық» дегенді білдіреді.
Бюджеттің экономикалық тұрғыдан арналуы, оның қоғамдық ұдайы өндірудегі орны мен рөлі, сондай-ақ Конституцияда белгіленетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы Қазақстанның бюджеттік құрылысы үшін негіз құрайды.
Бюджеттік құрылыс деп экономикалық та, сондай-ақ ұйымдастырушылық-құқықтық та тұрғыдан алғанда, мемлекеттік бюджетті ұйымдастыру ұғынылады. Бұған мемлекеттік бюджеттің ішкі бөлімшелерінің құрамы мен құрылымы, оларды пайдалану саласының функционалдық ара жігінің ажыратылуы, тең бағыныстылық, өзара іс-қимыл, сондай-ақ бюджетті ұйымдастырудың құқықтық және рәсімдік жағы енгізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, бюджеттік құрылыс - бұл бюджет жүйесін ұйымдастыру, оны құру қағидаттары.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабында айқындалған қағидаттарға негізделеді. Оларға бірлік, толықтық, шынайылық, транспаренттілік, сабақтастық, нәтижелілік, дәйектілік, негізділік, уақтылылық, кассалардың бірлігі, бюджеттердің дербестігі, тиімділік, жауапкершілік, бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты сияқты қағидаттар жатады.
Мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлінісіне мемлекеттік билік пен басқару деңгейлері сәйкес келеді, бұл өзара байланысқан және бірыңғай бюджет жүйесіне біріктірілген әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді де алдын ала айқындайды.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі республикалық және жергілікті бюджеттер мен Ұлттық қордың, сондай-ақ бюджет үдерісінің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, болашақ ұрпақтар үшін қаржы қаражатын жинақтау, экономиканың қолайсыз сыртқы факторлардың әсеріне тәуелділігін азайту үшін құрылды.
Мемлекеттік бюджет олардың арасындағы өзара өтеу операцияларын ескермегенде, республикалық және жергілікті бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Республикалық бюджет - бұл Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қор. Республикалық бюджет орталық мемлекеттік органдардың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыру үшін арналған. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі. Қазақстандағы қаржы жылы күнтізбелік жылға сәйкес келеді, яғни 1 қаңтарда басталады және 31 желтоқсанда аяқталады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті де Бюджет кодексінде белгіленген салық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын орталықтандырылған ақшалай қорды білдіреді. Ол облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, олардың бағынысындағы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз ету және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі мемлекеттік саясатты іске асыру үшін арналады. Тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Ерекше жағдайларда төтенше мемелекеттік бюджет әрекет етеді - Қазақстан Республикасында төтенше немесе әскери жағдай болған кезде республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде құрылатын төтенше мемлекеттік бюджет енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу және оны тоқтату үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің республиканың бүкіл аумағында төтенше немесе әскери жағдай енгізу немесе оның күшін жою туралы Жарлығы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz