Дамыған нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттің араласуы



Жоспар

Кіріспе:

1. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттің араласуы.

2. Аралас экономиканың қалыптасуы . әлеуметтік бағыттағы қоғамның экономикалық негізі.

3. Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері.

4. Жекешелендіру . аралас экономикада нарықтық қатынастарды жасаудың бір жолы қорытынды.
Кіріспе


Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық дербестік міндетін қойып отыр.Қазір әлемде мулдем дебес экономика жоқ. Қазір дамыған өндірістік күштер тұсында түрлі мемлекеттердің шаруашылық жүргізудегі қандай да бір дербестігі шартты түрде. Жапония немесе АҚШ сияқты елдердің өздері ең болмағанда шикізат немесе капитал нарығына тәуелді.
Аталып өткендерді ескерсек, әңгіме негізгі тауарлар елдің өз ішінде өндіріліп, мемлекеттің экономикалық дамуы басқа ел басшыларының еркі мен құлқына тәуелді болмайтын дербестік жайында.Қазақстанның мұндай дербес экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең теориялық негіздеу арқылы ғана іске ауы мумкін. Даму жолдарын теориялық жағынан терең негіздеу, өткен оқиғаларды ой елегінен дұрыс өткізгенде ғана мүмкін болады. Бұл тұрғыда зерттеу методологиясын айқындау қажет.
Жоғарыда айтылғандар, аралас экономиканы қалыптастыру проблемасын айқындаған қоғамдық өндіріс формаларының ауысуындағы жаңа көзқарас пен диалектиканы белгілеу проблемасын бірінші кезекке қойды. Соңғысы, ғылыми әдебиеттермен күнделікті өмірде түрліше пайымдалып жур, бұл еңбек бөлінісі, өндіріс күштерінің және қоғамдық өндіріс түрлерінің даму формаларын сораптау негізінде аралас экономиканың бекуіне генетикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігін туындатты. Мұндай көзқара-с формаларының көп түралілігін, яғни там порталықтандырылған әкімшілік экономикадан нарықтық қатынастарға өту қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.
Адамзат тіршілігінде нарыққа өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес, өйткені, түралі негіздер меншіктің түралі формаларын қабылдауға мәжбүр

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе:

Дамыған нарықтық экономикаға негізделген мемлекеттің араласуы.

Аралас экономиканың қалыптасуы - әлеуметтік бағыттағы қоғамның экономикалық
негізі.

Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері.

Жекешелендіру - аралас экономикада нарықтық қатынастарды жасаудың
бір жолы қорытынды.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының саяси тәуелсіздігі оның алдына экономикалық
дербестік міндетін қойып отыр.Қазір әлемде мулдем дебес экономика жоқ.
Қазір дамыған өндірістік күштер тұсында түрлі мемлекеттердің шаруашылық
жүргізудегі қандай да бір дербестігі шартты түрде. Жапония немесе АҚШ
сияқты елдердің өздері ең болмағанда шикізат немесе капитал нарығына
тәуелді.
Аталып өткендерді ескерсек, әңгіме негізгі тауарлар елдің өз ішінде
өндіріліп, мемлекеттің экономикалық дамуы басқа ел басшыларының еркі мен
құлқына тәуелді болмайтын дербестік жайында.Қазақстанның мұндай дербес
экономикалық көтерілуі қайта жаңғырту мен елдің әрі қарай даму жолына терең
теориялық негіздеу арқылы ғана іске ауы мумкін. Даму жолдарын теориялық
жағынан терең негіздеу, өткен оқиғаларды ой елегінен дұрыс өткізгенде ғана
мүмкін болады. Бұл тұрғыда зерттеу методологиясын айқындау қажет.
Жоғарыда айтылғандар, аралас экономиканы қалыптастыру проблемасын
айқындаған қоғамдық өндіріс формаларының ауысуындағы жаңа көзқарас пен
диалектиканы белгілеу проблемасын бірінші кезекке қойды. Соңғысы, ғылыми
әдебиеттермен күнделікті өмірде түрліше пайымдалып жур, бұл еңбек
бөлінісі, өндіріс күштерінің және қоғамдық өндіріс түрлерінің даму
формаларын сораптау негізінде аралас экономиканың бекуіне генетикалық
тұрғыдан зерттеу қажеттілігін туындатты. Мұндай көзқара-с формаларының көп
түралілігін, яғни там порталықтандырылған әкімшілік экономикадан нарықтық
қатынастарға өту қажеттілігін негіздеуге мүмкіндік береді.
Адамзат тіршілігінде нарыққа өту жағдайы біркелкі болуы мүмкін емес,
өйткені, түралі негіздер меншіктің түралі формаларын қабылдауға мәжбүр
етеді, яғни, бұл түралі саладағы капиталдың мөлшеріне байланысты. Сондықтан
нарықтық қатынастарға кему, ұжымдық менщікке алу, кооперациялау, жекелей
еңбек ету және т.с.с. формаларда жүзеге асады. Бұл тұста форма нақты жайға
байланысты. Осыған меншік иелерінің қаржылары біріктірілетін өндіріс
орындарының, мекемелердің формалары да әр қилы айырмашылықта болады.

Толықтай ғылыми негізделген зерттеудің өзі де микро және макро
экономика көлемінде шаруашылық жүргізу тәсілдерінің ең дұрысына кепілдік
бере алмайды. Өйткені, белгілі бір міндеттерді атқаратын адамдар өздерінің
жеке немесе топтық мүддесі болуымен ерекшеленеді, ал бұл қоғамдық
қатынастардан көрініс табады. Осыған сәйкес тауарлы өндіріс заңдылығына
негізделген шаруашылық жүргізу жүйесінің қалыптасу практикасынан туындайтын
қоғамдық өндірістің даму логикасы көрсетілген. Қазіргі кезеңдері ескеріле
отырып, шаруашылық жүргізу формалары ұсынылады.

1. Дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық
экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және айтарлықтай шетел
инвестицияларын тартуға негізделеді. Ол мынадай 10 принциптен тұрады.
Мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының
шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген
учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді.
Орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет экономикаға араласудың
барлық түрімен, дән себу, егін жинау және басқарумен айналысуды тоқтатуға
тиіс.
Мемлекет жекеше сектор басты рөл атқаратын нарықтың заңды шеберлерін
құра отырып, экономикада маңызды, бірақ шектеулі рөл атқаруға тиіс. Яғни,
меншік құқықтарын рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен монополияға қарсы күресті
реттеудің сенімді құралдарын құруға, фискальды және монетарлық саясатты
қолдауға, әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға, қажетті инфроқұрылымды, білім
беруді,денсаулық сақтауды дамутуды қамтамасыз етуге және мықты экономикалық
саясат жүргізуге бағытталған құқықтың және нормативтік база жасауды аяқтау
көзделіп отыр.
Бірақ нарық дамымаған, нарықтың кеңістік- әкімшілік жүйенің
қалдықтарына толған жерлерде мемлекет нарықты дамыту мен ол кеңістікті
тазарту үшін араласуға тиіс. Экономиканың өзі тұрақсыз дамудың аралық
кезеңінде тұрғанда, мемлекеттің реттеуші рөлімен араласуы барабар болуға
тиіс.
Жаңа әлемдік экономикалық үлгерімге сай болу үшін біз мемлекеттік
басқарудың тиімділігі мен сапасын едәуір көтерге, жекеше сектор мен ұлттық
капиталға жәрдемдесуге, оларды ынталандыруға және олардың белсенділігін
артыруға тиімсіз.

Осымен бір мезгілде мемлекеттің өзі еркін экономиканың кепілі болуы
керек. Оның міндеті нарық ережелерін белгілеу, бұл кетте әділ әрі байыпты
іс-қимыл жасай отырып, ол ережелердің орындалуын қамтамасыз ету блып
табылады.
Екінші жағынан алып қарағанда, салықтар мен бождарды ала алмай, жалақы
мен зейнетақыны уақытында төлемей отырып, заңдар мен жарлықтар көбінесе
орындалмай отырғанда өзімізді күшті мемлекет деп санай аламыз ба? Осыған
байланысты саналы салық төлеушілер мен кәсіпорындардың адал иелері, сондай
- ақ халықтың аз қорғалған жіктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал
кәсіпорындарың оспадарсыз басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.
Соңғы үш жылдың ішінде біздің экономикалық стратегиялық
макроэкономиканы тұрақтандыру болды, бұл мемлекеттік бюджеттің тапшылығын
қысқарту мен қатал монетарлық және неше саясатын дәйекті жүргізуді
білдіреді. Экономикалық жоғары табыстарға қол жеткізген кез келген ел жедел
экономикалық өрлеудің алдындағы кезеңде жоғары инфляцияны жою жөнінде
барлық шараларды міндетті түрде қолданған және кейін макроэкономикалық
көрсеткіштерді белгіленген шекте ұстап тұруды қатаң қадағалаған.
Бірінші Азиялық Барыс болу үшін біздің басымдықтарымыздың қатарына
макроэкономикалық көрсеткіштер саласындағы алдыңғы қатарлы халқаралық
тәжірибе енгізілуге тиіс. Ол – инфляция мен бюджет тапшылығының төмен
болуын, ұлттық валютаның күшеюін, жинақтау нормасының жоғары болуын
көздейді. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайвань мен Чилиде
іске асты. Қазақстанда да іске асады.
Инфляцияны қолайлы деңгейге түсе отырып, біз стратегиялық күшті
экономикалық ілгерілуге бағыттаймыз. Бірақ экономикалық, тіпті жалпы
мемлекеттік стратегия монетарлық саясатқа сай келмейді, сондықтан біз бүгін
неғұрлым кең және бара бар мүмкіндікке иеміз. Бұл орайда, таяудағы жылдарда
біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды
және монеторлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік
саясатқа аударамыз.
Жеке меншік институттары жерге деген құқықтың, сондай – ақ меншік
құқықтарын және келісім шарттардың орындалуын қорғайтын заң жүйесін құрудың
есебінен нығайтылады.

Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталды. Енді оны, ең алдымен
аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың
мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болады.
Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің
жағдайымыз ашық экономика мен еркінсауда құруды талап етеді.
Ішкі рынокторы шағын бола тұрып аса биік экономикалық нәтижелерге қол
жеткізген елдерді өзін өзі оқшаулау жолын таңдап алған елдермен салыстыру,
жабық рыноктары, шектен тыс мемлекеттік реттеу, сондай – ақ шаруашылық
жағынан даралануға қол жеткізу әрекеттері қысқа мерзімді экономикалық
табыстарға алып келгенімен, түбінде сәтсіздікке ұрындырары бізге мысал
болып отыр.
Өзіміздің энергетикалық және өзге де табиғи ресурстарымызды игеру
жалғаса береді. Оның мақсаты – экспорттан экономикалық өрлеумен қатар елдің
саяси тұрақтылығына, сондай –ақ оның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
жәрдемдесетін табыс алу.
Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу
мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында
ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру,
инфроқұрылым, коммуникациялар, және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты
маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік
салаға да, сондай – ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кіруіне ықпал
етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел
кпиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет.
Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру
қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр.
Тек шикізатқа бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ
өнеркәсібін, инфроқұрылымды, мұнай мен газ өндеуді, химия мен мұнай –
химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін
түпкілікті өндірістерді, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да
ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз.
Экономикалық өрлеудің еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін
баршамыз түсінеміз. Қарқынды экономика болмайынша біз метептер мен
ауруханаларды қаржыландыра алмаймыз, қоғамды жемқорлық пен қылмыскерліктен
қорғай алмаймыз.

Сондықтан бұл басымдық бүгін де, ертең де және алдағы отыз жылдың
ішінде де ең маңызды басымдылықтардың бірі болып қалды.

1.Аралас экономиканың қалыптасуы - әлеуметтік бағыттағы қоғамның
экономикалық негізі
Аралас экономиканың қалыптасу тегін алатын шын мәніндегі алғы шарттар.
Қазіргі өндірістің шындығы мынада: қоғамдық өнім бірлескен еңбектің
нәтижесі деп айтуға болады. Алайда, экономикалық әдебиеттерде өзге пікірлер
бар. Осылардың ішінде тікелей қоғамдық өнім деген категория ретінде ұсынды.
Мұны В.Н. Черковец былай жазады: ... егер капитализмнің бастапқы түрі тауар
дегенге ұқсастық іздесек, онда мұндай түр тікелей қоғамдық өнім болады...
Оның бойында қоғамдық өнімге тән белгілері мен қасиеттері болғанымен,
қазіргі өндіріс кен ондағы қатынастар еңбек өнімін тікелей қоғамдық өнім
деп сипаттау дәрежесіне жеткен жоқ.
Ірі кәсіпорындарға бірлескен еңбекпен өндірілген өнім шын өмірде тауар
болып көрінеді, бірақ өндіру сипатына қарай ол қоғамдық өнім, осымен
байланысты оның белгілі қасиеттері бар.
Ғылыми әдебиеттерде әртүрлі бағыттардың дамуын көрсететінін материалдар
көп. Мысалы, В.М. Андреевтің оцынша тікелей қоғамдық өнімнің екі қасиеті
болады: қоғамдық пайдалылығы және қоғамдық еңбек сыйымдылығы.
Қоғамда өндірілген өнімге белгілі қатынастар жолсерік жасайды. Бұл
өндірушілердегі артық өнім және басқалардың оларға қажеттілігі айырбас
түріндегі айналысты тудырады. Айналыс тұрақты болып, құндық қатынастарды
қалыптастырады. Құн – еңбек өнімнің факторы ретінде тауар түрінде көрінеді,
бірақ ол табиғатынан берілген қасиет емес, белгілі қатынастар нәтижесінде
пайда болып, осы себепті тек ол тауар болады. Құн болмаған жерде тауар
айырбасы тумайды, эквивалентті айырбас жоқ, құнсыз тауар, тауарлы
қатынастар болмайды.
Еңбек өнімнің бір қасиеті өнімнің заттық жағына тән қасиеттерді
сипаттаса, екіншісі өнім өндіруге байланысты қатынастарды білдіреді, бұл
қатынастардың мәнді белгілерін сипаттайды. Ұжымдық өндірісте де осылай
болады: оған тән өндірістік қатынастар еңбек өнімі қозғалысына басты
белгілерді енгізеді, осыған сәйкес соңғысының түрін анықтайды.

Жоспарлық тарихи және қисынды категория ретінде тауарға қарсы. Ол
тауарлық қарама-қарсы болып дамиды. Бұл түсініктер құбылыстың әртүрлі
деңгеиін білдіреді. Олар бір текті ұғымдар емес. Бізді неше жоспарлықты
құнмен салыстыруға болады. Келісушілік- сандық сәикестіліктіорнату, мұнда
қайбір өнімнің тұтыну пайдалылығы қоғамдық жеке ада немесе өндірістің
қажеттілігіне сәйкес өндіріледі. Бұд термин ұжымдық өндіріс тұсындағы
өнімнің қоғамдық түрін толық сипоттайды. Мұнда ұжжымдық өндірістегі еңбек
өнімінің қоғамдық түрі көрінетін қоғамдық өндірістің маменттері бар.
Қазіргі эканомиканың жоспарлылық сипатына белгілі экономист Дж.
Гэлбрейт те көңіл аударған. Ол былай деп жазады: Бірақ шынында біздің
экономикалық жүйеміз, мейлі ол қандай идеологиялық шымылдықпен жасырылса да
негізінен жоспарлы экономиканы береді. Мұны қазіргі жапон өнеркәсібінің
жасалуын суреттеген Ч. Макмиллан да жазған еді. Осымен қатар әдебиеттерде
жоспарлықтың мәні мен мазмұнының ара қатынасы айтылады.
Жоспарлықтың категориялар жүйесінің бастапқы мәндік қатынастары ретінде
мазмұны жоқ. Сондықтан жоспарлықтың өзіндік мазмұны бар деген көзқарас
проблема шеңберін тарылтады, оның туынды белгілерін ашады.
Теория мәселесінде жоспарлықтың құбылыстық мәні ретіндегі мазмұнына
қарамай, оның алғашқы себебін, жасайтын негізін, көріну түрлерін, олардың
өзгешеліктерімен қарама – қайшылықтарын ашып, ұжымдық өндірістің мәнінің
дамуын қарастыруы керек.
Көрсетілген проблеммалар – жоспарлықты ұжымдық өндірістің бастапқы түрі
ретінде танып білудегі ең басты проблеммаларды, принципті шешу жоспарлылық
ұғымының ішкі қайшылықтарын көрсету арқылы, диалектикалық материализм
принциптерін шығармашылықпен қолданумен жүреді.
Экономикалық әдебиеттерде жоспарлылықтың екі анықтамасы кеңінен
таралған. Біреулері жоспарлылықты қоғамдықөндірісті саналы түрде реттеу деп
есептейді. Басқалары мұны барлық экономикалық процесстердегі қоғамдық
өндіріске қатысушылардың қызметін келістіру дейді. Принципті тұрғыдан
екінші анықтаманың біріншіден айырмашылығы аз, өйткені келістіру саналы
реттеуді қажет етеді. Келтірілген жоспарлылық түсінігі туралы қоғамдық
қызметтерінің барлық жағын жоспарлау үшін жасалған, ол жоспарлықты
көрсетпейді. Ғимараттар, үйлер, технология, бойынша бірнеше айдың орнына 10-
15 жыл салынса, жеміс – жидек сақтайтын орындағы көкөністердің бұзылуы
сияқты, жоспарлылық та бұзылады. Өндіріс технологиясына сәйкес тұтынуға
түскен әзір өнімдер ғана

жоспарлылық қатынастарды білдіреді. Жоспарлылықтың өзге анықтамаларының
мәнін көрсетпейді, олар ұғымның өзгерген түрлері. Өнімді жасау процесіне
тек материалдық заттар қатысып қоймай, сонымен қатар бұл еңбек процесіне
жұмысшылар пайдалану тәсілі де қатысады. Сырттай бұл өндіріс факторларының
сандық ара қатынасы болады, осы ара қатынастар, келісулер, үйлестірулер
арқылы жүреді. Соңғысы материалдық – заттық факторды қоғам мүшелері
тұтынатын әзір бұйымға айналдыру үшін қажет.
Жоспарлылық – тікелей қоғамдық еңбек әрекетінің, оның өндірістік
әрекетінің нәтижесі. Жоспарлылық жүзеге асырылуы мен асырылмауы бірлескен
немесе тікелей қоғамдастырылған еңбектің тікелей қоғамдық еңбекке айналған
нәтижесінен көрінеді. Кез келген бірлескен еңбек тікелей қоғамдық еңбек
емес.
Қоғамдық өндірісте жеке – дара жұмыс күшінің шығыны бастапқы кезінен –
ақ жұмысты қоғамдық бөлу болып көрінеді, әрбіреуі түрлі өнімнің белгілі бір
бөлігін өндіреді. Бұл жағдайда қоғам мүшелерінің қандай да бір қажетін
өтейтін өнім тікелей қоғамдастырылған еңбектің нәтижесі ретінде тікелей
қоғамдық өнім болуы және болмауы да мүмкін.
Тікелей қоғамдастырылған өнімді тікелей қоғамдықпен салыстыруға
болмайды. Олар іштей байланысты болғанымен, социалистік еңбектің түрлі
сипаттары.
Айтылғандардан шығатыны: тікелей қоғамдық өндіріс және тікелей
қоғамдастырылған еңбек бірлігінің қайшылығы, жоспарлылықтың негізін
қалайды, ол тек ұжымдық өндірістің негізгісі.
Жоспарлылық – тікелей қоғамдық еңбектің білдіретін жоспарлылықтың бұл
қасиеті, оның тікелей қоғамдық еңбекпен және өнімдегі бірлескен еңбекпен
дами алатын мүмкіндігі бар екендігін көрсетеді. Тікелей қоғамдық еңбек
өткізу көлемін ұлғайтып немесе кеміте алады, яғни сандық жағынан өзгертеді,
бірақ мәні бұрынғысынша қалады. Ұжымдық өндіріс күрделілігіне қарай сипаты
мен мазмұны өзгеретін әртүрлі еңбектермен жүргендіктен оларды уақытпен
өлшеу асығыстау.
Жоспарлылық – ұжымдық өндірістің мәндік қатынасы ретінде жалаңаш
күйде емес, басқа түрде көрінетін әрекет. Осыны көрсете келіп К.Маркс:
заттардың көріну түрімен мәні тікелей сәйкес келсе, онда кез келген ғылым
артық болар еді.,- деп жазды.
Жоспарлылық мәнді құбылыс ретінде пайда болып, белгілі бір түрде
көрінеді, өйткені, Түр мәнді. Мән түрленгенә түрдің даму процесі
объективті және олардың дамуы біздің мұны білуімізді қажет етпейді. Түрдің
дамуы тарихи сипатта болады, өйткені өндіргіш

күштердің өркендеуі қатынастарды өзгертеді, осыған сәйкес мәнді
білдіретін түрлері өзгеше.
Жоспарлылықтың алғашқы көрінісі қарапайым, мұнда еңбекшілердің әртүрлі
қызметтері мен жұмыс салалары келісімді. Машиналардың және ірі өнеркәсіптің
пайда болуы түпкі өнімді мысалы машина өндіріс процесін үйлестіруді қажет
етеді. Соңғысы белгілі детальдардың саны мен сапасының болуына қатаң
қарайды. Демек, барлық цехтар, участоктар жинақтау цехына белгілі деталь
бөлшектерін жеткізулері тиіс.
Реттеу капитал дамуының бастапқы кезінде тек өндіріс процесін қамтиды.
Өндірістің басқа мәселелері не өндіру, қанша және қашан өндіруді
капиталистер құн заңына сәйкес шешіп отырады. Осыған сәйкес жоспарлылық та
өндірістің капитал заңына бағынады. Алайда өзінің даму барысында өндірісті
өркендетпесе, капитал өздігінен капитал бола алмас еді. Капиталдың дамуы
соңынан өндіріс көлемін шоғырландыру арқылы және жаңа шаруашылық салаларын
енгізу арқылы ұлғайтты. Бұл әсіресе, капиталистік өндіріске тән материалдық
– техникалық базасын, капиталдың еркін бәсекесінің монополистік
капитализмге айналуынан анық көрінеді тірі еңбек пен материалдық шығындарды
белгілейді. Мұнда жалпы шығындар емес, өнім өндірушілерге тапсырылған
белгілі шектеулі шығындарды есептейді. Осылай әртүрлі шаруашылық қызметтер
жасалады.
Еңбек өнімін өндіру процесі үнемі қайталанып, өндірушілердің алдын ала
оны өндіруге кететін шығындарды білуіне жағдай туғызады. Экономикалық
тәжірибенің негізінде алдын ала бір өнімге, тіпті барлығына кететін еңбек
және материалдық шығындарды белгілейді.
Нормалау – жоспарлылық дамуының тарихи түрінің қажетті элементі. Жоспар
қоғамға қажеттіліктер мен ресурстарды нормативтер арқылы белгілейді. Мұнсыз
ешқандай жоспар ғылыми негізделмейді.
Ұжымдық өндірістердегі жоспарлы қатынастардың басты буыны – есеп пен
бақылау. Ұжымдық басты – буыны есеп пен бақылау. Ұжымдық өндірісжағдайында
өнімдерді жасау әр-түрлі еңбек ресурстары арқылы жүреді, олардың сипаты мен
күрделілігі түрліше. Ұжымдық өндірістегі еңбек процесі, ол жұмысшылардың
қабілеттері мен шеберліктеріне, оларға әсер ететін машиналардың өнімдік
техникалық рапамет3р3не байланысты. Бұл құбылыстаробъективті түрде
келістіруді қалайды, бірақ өздері оны істей алмайды. Белгілі бір өндірістің
ішінде жұмысшы топтарының немесе жекеленген адамдардың қызыметтері

айырбасын тепе – теңдестіруді қамтамасыз ететін үйлестіруді жүзеге
асыру үшін есеп пен бақылау қажет.
Есеп пен бақылау өндірістік процестерді айырбас және бөлу қатынастарын
үйлестірудегі нышандардың қызметінен бастау алады. Шаруашылықты
жүргізушілердің қызметінің нәтижесі ретінде есеп пен бақылау үйлестіруде
сыртқы нәрселер сияқты. Алайда бақылау және есеп ұжымдық өндіріске тән
нәрсе. Тап осы күйінде олар ұжымдық өндірістің қажетті элементі. Есеп пен
бақылау жоспарлылық құбылыстың табиғатына тән. Оларды пайдалану әр түрлі
тарихи формадағы ұжымдық өндіріс үшін өмірлік қажеттілік.

3.Аралас экономика: мазмұны және негізгі белгілері
Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің
өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік – экономикалық дамуының қатпарларында да
терең өзгерістер туғызады.
Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс
түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар жай ғана модификация емес,
басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі
өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы
капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін
қамтамасыз етті.
Аралас экономика шаруашылықты жүргізудің бір нақты жүйесі емес, жаңа
экономикалық жүйе қалыптасатын кезең. Осылай болғандықтан ол жүйе ретінде,
бір бағытта сипатталуы мүмкін емес, өйткені жүйеде экономикалық заңдар
иерархиясы үстемдік етеді, олар бір – біріне бағынышты болады. Мұнда
экономикалық құбылыстардың біреулері өмірге келіп, басқалар, ауысып
отырады. Бұл процестер сырт қарағанда мемлекеттің жеке кәсіпкерлер
шаруашылығына араласуы болып, экономикалық шындықты көрсетеді. Бұл табиғи
нәрсе, себебі жаңа өндіргіш күштер бұрынғы кәсіпкерлік құрылымдарға
бейімдеғлмеген. Сондықтан соңғылары жаңа өндіргіш күштер әкелген
жаңалықтарға қарсылық білдіреді. Мұндай жай АҚШ – та 30-шы жылдарда
болды.э.Вейке,Т.Гардлер, г.Форд, және басқалары мемлекеттің араласуларына
қарсылықты басқарды. Тап осының, бірақ керісінше позицияда бұрынғы КСРО-да
болғанын атап өту керек. Онда саяси, өнеркәсіп, аграрлық және әскери топтар
1991 жылғы жеке кәсіпкерлікті енгізуге қарсы болды.

Жаңалық енгізуге қарсы американдық және кеңестік топтар шаруашылық
жүргізудің бұрынғы жүйелерін жақтады. Экономикалық заңдардың әрекеті нақты
өмірге жаңа лектің қажеттігін көрсетті. Одақтық якачипестер экономикаға
жаңалық енгізуге қарсы болып орталықтандыруды жақтады, оның негізіне
экономиканың салалық құрылымы жатты. Соңғылары қазіргі елдердің
экономикасында болғанымен шаруашылық құрылымының негізі бола алмайды,
өйткені экономика тауарлы өндіріс заңдары бойынша қызмет етеғді.
Тауарлы шаруашылық тауар өндірушілердің оқшаулауына сүйенетін өзіне
қажетті салалық кәсіпорындарды таңдап алады және бірыңғай шаруашылық
бірлемтігін жасайды.
Кеңес экономикасы шаруашылықтың салалық принципіне сүйеніп, тауарлы
қатынастарды бағаламады, нәтижесінде мүгедек, жоспарлы гипертрофирленген,
шаруашылықты аламыз.
Мемлекеттің жеке кәсіпкерлікке араласуын, нарықтың экономиканы көрсетіп
экономикалық теориялар шаруашылық өмірге бір табан жақын тұр, бірақ олар
қазіргі экономика қозғалысының себебін терең көрсете алмады. КСРО – да және
басқа да социалистік елдерде қолданған жоспарлы шаруашылықтың тәжірибесі
машиналы өндірістің тек техникалық жағына мән берді – құралдармен күшті
сәйкестендірді, ал түпкі нәтижені назардан тыс қалдырды. Олар ақша арқылы
бақылауда уақыт факторын есепке алды. Бұларды ескермеу шаруашылық қызметте
экономикалық дамудың табиғи жолын жоққа шығаруға әкеледі.
ХХ ғасырдың барысындағы аралас экономика түсінігі туралы көзқарастар,
конвергенция теориясы эволюциясынан басқалары сапалық өзгеріске ұшырамады.
80 – жылдарда негізінен аралас экономиканы мемлекет пен жеке сектордың
есепке негізделген некеге отырулары деп анықтады. Мұндай көзқарастар
Ф.Марш, Э.Шонфилд, Э.Рол, М.Пестон, М.Фламан және басқа қазіргі батыс
экономисттеріне тән.
Бұлардың ой-пікірлірінде аралас экономиканың өмір сүру кезеңдері туралы
алшақтық бар. Айтлық Э.Шонфилдтің айтуынша, аралас экономика үстіміздегі
ғасырдың 30-шы жылдарында пайда болса, Э.Ролдың айтуынша, Ұлыбританияда 200
жылдай өмір сүрген. Мұндай алшақтықтың себебі аралас экономиканың
анықтамасын, оның мәнін терең аша алмайды.
Бұрынғы КСРО-ның кәзігі экономисттердің теориялық еңбектерінде “бұл
проблеманы түсінуде үш негіз бағыт анықталды. Біразы аралас экономиканы көп
укладтықпен

теңестіреді. Екіншілері аралас қоғамда.”Фармацияға жатпайтын қоғамның
типі” деп қарайды. Ең соңында үшіншілері бұл қағамның сипатын өтпелі типке
жатқызады”.Көзқарастардың әртүрлілігі аралас экономика анықтамасының анық
еместігінде жатыр. Атаған үш бағыттың мәндік салмағы өткелі кезеңге ауысқан
және ол “аралас” сөзінен де туындайды. Нәтижесінде осы ұғымның сәндік
мазмұнын анықтауға бір нәрсе басқамен араласуы тиіс және ол процесс белгілі
бір уақытта деген.
Тауарлы өндіріс аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс
қалыыпталады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас
эклнлмиканың тауарлы өндіріс болуы – ұжымдық өндіріс қатынастарынан
ұрықтынуынан соңғысының даму деңгейі аралас экономиканың қалыптасу
кезеңдерін білдіреді. Аралас эконамиканың қызыметінің ерекшелігі, тауарлы
өндіріс заңдылықтарына негізделген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы реттеу құралдары
Экономиканы мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық негіздері
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Нарықтық экономика туралы жалпы түсінік
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҚАЖЕТТІЛІГІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ
Аралас экономика мәні, маңызы
НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Аралас экономиканың моделдері
Қазіргі заманғы экономикалық жүйелер. Қазақстан экономикасын басқару
Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
Пәндер