Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ОРТА МЕКТЕПТЕ САЛАУАТТЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ ШОЛУ

1. 1 Мектеп оқушыларынң денсаулығы және оны қалыптастырушы

факторлар

1. 2 Жалпы орта мектепте оқушыларды тазалыққа баулу

1. 3 Оқушылардың салауатты өмір сүру қалыптастырудың педагогикалық негіздері

2. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА САЛАУАТТЫЛЫҚ ӨМІРГЕ ТӘРБИЕЛЕУ

2. 1 Салауатты өмір салтын қалыптастыруда биологиялық білімдердің

маңызы

2. 2 Биология сабағында салауатты өмір салтына баулу әдістемесін

жетілдіру жолдары

2. 3 Биологияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра

оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезде адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз - бұл жеке байлық қана емес, ол сондай - ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт. Адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты - мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында “Салауатты өмір салты - әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған” деп көрсеткен.

2007 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Білім туралы заңының білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерінен қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет - ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеудің маңызы да айтылған.

Бұл мәселенің шешімін ғылыми түрде іздестіру сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың өзіндік жұмысының шығармашылық мәнін күшейте отырып, ұстаздарға салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беру міндеті жүктеліп отыр. Міне, осыдан - ақ жастарда салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру көкейкесті мәселе екендігі түсінікті. Бүкіл адамзаттық мәнге ие болған салауатты өмір салтына байланысты құндылықтар - адам баласы қанша өмір сүрсе де ешбір ескірмейтін, қадір - қасиетін, қажеттілігін жоғалтпайтын, тозбайтын байлық.

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде салауатты өмір сүру мәселелерін халықтық педагогика құндылықтары мен ұштастырып, білім мен тәрбие берудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырлардағы ойшылдар Әбунасыр әл - Фараби (870 - 950), мен Ибн Сина (980 - 1037), Парацельс, Өтей Тілеуқабылұлы, ал 1920 - 1930 жылдарында Х. Досмұхамедұлы және т. б. маңызды ой пікірлері, қағидалары қазіргі кезде де өз жалғасын табуда. ХХ ғасырда салауаттылыққа баулу мәселелері әр - түрлі ғылымдар тұрғысынан зерттеліп, оның тәрбиелік мүмкіндігі туралы пікірлер ұсынылды.

ХХ ғасырдың ортасында салауаттану жеке ғылым ретінде дами бастаған кезде ресейлік белгілі әдіскер - педагогтар Г. М. Чернобельская, В. В. Кавиева, Т. В. Кузовая, Н. Ю. Сухановалардың химияны оқытуда салауаттылық бағыты бар кіріктірілген білім беру туралы зерттеу жұмыстары өте құнды еңбектер екенін баса айтуымыз керек.

Қазақстандық ғалымдар У. М. Маканов, А. Мырзабайұлы, Д. Шардарбеков және т. б. еңбектерінде химия және салауаттылық мәселелерінің прогрессивтік мәнін ғылыми тұрғыда қарастырып, жаңа идеялар ұсынылған. Ж. Ембергенова, А. Жамбылқызы және Г. Алимжановалардың диссертациялық еңбектерінде салауатты өмір сүру мәселелері жалпы педагогикалық тұрғыдан қарастырылған.

Г. Б. Манекееваның диссертациялық зерттеуінде химияны оқытуда химиялық заттарды қолдану мәдениетіне бағытталған әдістемелік жүйе ұсынылған.

Жаратылыстану ғылымына енетін пәндер - химия, биология, салауаттану, экология - әрқайсысы өз ілімі саласынан зерттеп қарастырғанмен, оларда пәнаралық байланыста ғылыми тұрғыдан салауатты өмір сүру мәселелері қамтылмаған. Демек, салауатты өмір сүруге байланысты білім беру мәселелерін шешу пәнаралық байланысты жүйелі түрде күшейту арқылы, жаратылыстану пәндері мазмұнын кіріктіре отырып оқыту негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Пәнаралық байланыс арқылы жүйелі және мақсатты түрде салауатты өмір салтын қалыптастыру оқушылардың дүниетанымдық көзқарасын нығайтады. Жаратылыстану пәндерінің білім мен тәрбие беруде мол мүмкіндігінің барлығына қарамастан, орта мектепте биологияны оқытуда оқушылардың салауаттылықтанымын қалыптастыру мәселелері жүйелі зерттелмей келеді. Жарық көрген ғылыми еңбектерді зерттей келе салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие беру жалпы педагогикалық негізде қарастырылғанымен, химияны оқытуда пәнаралық байланыс арқылы оны жүзеге асыру проблемалары жете зерттелмегендігін байқадық. Осыған орай орта мектепте жаратылыстану пәндерінің өзара байланысы негізінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің барысын бақылау нәтижесінде бірнеше қарама-қайшылықтардың туындап отырғаны байқалды. Зерттеуге байланысты жүргізілген бақылау нәтижелері орта мектеп оқушыларының салауаттылық туралы ұғымдарының ғылыми түсініктерінің төмендігін көрсетті. Жаратылыстану пәндерін оқытуда оқушылардың салауаттылық туралы меңгеруге тиісті білімдері мен іс жүзінде меңгерген білімдері арасындағы қайшылықтардың туындау себептері анықталды. Олар: орта мектепте пәнаралық байланысты күшейтуге өз дәрежесінде мән берілмейтіні; жаратылыстану пәндері арасында кіріктіре оқыту ұстанымының жүзеге аспай отырғандығы; пәнаралық байланыс негізінде қалыптасатын салауаттылық ұғымдардың жүйеленбейтіндігі. Сондықтан да, оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыра білім мен тәрбие беруге қойылатын талаптар мен оны білім берудің жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүзеге асыру арасында қайшылық туып отыр.

Осы қайшылықтарды шешу үшін, биологияны оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесін жетілдірудің жолдары мен әдіс- тәсілдерін зерттеуді мақсат етіп, “ Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу” деген тақырыпты алдым.

Диплом жұмысының мақсаты: жалпы білім беретін орта мектепте биологияны оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесін ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу.

Зерттеудің міндеттері:

- жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысуы арқылы туындайтын салауатты өмір салты мәселелерін ғылыми - теориялық тұрғыдан негіздеу;

  • биологияны оқытуда оқушылардың салауаттылық мәдениетін қалыптастырудың әдістерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: биологияны оқыту барысында салауатты өмір салты мәселелері туралы білім мен тәрбие беру нәтижелі болады, егерде:

  • салауаттану, химия, экология пәндеріндегі салауаттылық туралы берілетін ұғымдар жүйеленіп, оны биология пәні мазмұнымен кіріктіруге көңіл бөлінсе;
  • орта мектеп биология курсындағы салауаттылық туралы материалдар теориялық және әдістемелік жағынан негізделсе;
  • күнделікті ақпараттардан салауаттылық туралы бұқаралық ғылыми материалдар іріктеліп және ол деректер сабақ барысында тиімді пайдаланылса;
  • оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру және дамыту сабақта, сонымен қатар сыныптан тыс жұмыс түрлерінде жүйелі жүргізілсе.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі биологияны оқыту үрдісі.

Зерттеу пәні: биология сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Әдіснамалық негізі: Философиялық таным және жеке тұлғаның қалыптасуы жөніндегі теориялары; биологиялық ғылымдарды оқытудағы дамыту үрдісі; биология ғылымы мен оны оқыту әдістемесінің жаңа концепциялары, салауатты өмір салты мәселелерін қарастыратын ғылыми қағидалардың жиынтығы.

Зерттеу әдістері:

- ғылыми - жаратылыстық, философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау;

  • химия, биология және салауаттанудан салауаттылық туралы білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты, бағдарлама, оқулықтарды, оқу - құралдарын ғылыми - әдістемелік тұрғыдан қарастыру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: биологияны оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми - теориялық және әдістемелік негіздері айқындалды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен.

1. Орта мектепте салауаттылыққа тәрбиелеу әдістемесіне шолу

1. 1 Мектеп оқушыларынң денсаулығы және оны қалыптастырушы факторлар

Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп "аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын" түсінеміз. Бұл түсінікке денсаулықтың белгісі болуға келе бермейтін, өте кеңінен алынған бағалау көрсеткіштерінің тізімі де кіреді. Ондай көрсеткіштерге әлеуметтік қолайлы жағдайлардың ішінде, кірістің мөлшері, коммуналдық қолайлылық, жеке автокөліктердің болуы т. с. с жа-тады. Халықтың денсаулығы, олардың тұрмыс жағдайларының жақсы деңгейде болуына байланысты, бірақ жоғарыда айтылған факторлар ешуақытта денсаулықтың көрсеткіші бола алмайды.

Сонымен қатар, денсаулық дегеніміздің өзі тек қана биологиялық емес, әлеуметтік категория, сондықтан оны әлеуметтік қызметтің толық бағалы, дұрыс орындалу мүмкіндігі деп те түсінуіміз қажет. Бірақ, дені сау адамдардың да, науқас адамдардың да әлеуметтік қызмет қабілетінің мүмкіндігі өте кең ауқымда болатындықтан, денсаулық сақтау ұйымының "денсаулық" деген түсінікке берген анықтамасы оның дәрежелерін сандық жағынан анықтауға мүмкіндік бермейді.

Адамдардың денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болып, күш-қайраты талмай, ұзақ уақыт өмір сүруі. Бұл анықтамаға денсаулықтың жаңадан алынған көрсеткіштері - жоғары деңгейдегі қызмет қабілеті, ғұмыр жастың ұзақ болуы да кіреді. Бірақ, осы түсініктердің әлі күнге дейін анықталған шекарасы болмағандықтан, оны денсаулықтың нақты белгісі ретінде алуға күмән туғызады. Мысалы, қызмет қабілетінің жоғары деңгейі, өте шартты түрде алынған және ол "денсаулығы мықты" деп алынған адамдардың өздерінде де өте кең аралықта толқып отырады. Ғұмыр жастың ұзақтығына дұрыс шекара қою қиын болғандықтан, олардың бір қатары И. И. Мечниковтың көзқарасына қосылып, ғұмыр жастың ұзақтығына биологиялық шекара қоюды қолдамайтындықтан осы сұрақ туралы әлі күнге дейін ортақ көзқарас жоқ. Денсаулықтың белгісі ретінде ақыл-ой, қызмет қабілеті, репродукция қызметі және т. б. анықтамалары бар, бірақ осы түсініктің әлі күнге дейін ғылыми негізделген сипаттамасы жоқ. Саны жағынан тұрақты түрде өсіп жатқан көптеген факторлар адамдар денсаулығына әсер етеді, бірақ біздің ойымызша бұл туындап отырған пікірталаста ең алдымен "денсаулық" деген түсініктің өзін анықтап, оған сай келетін, барабар көрсеткіштерді тауып, сандық жағынан баға беру мүмкіндігне нақты шек қою қажет.

Денсаулықтың белгілеріне демографиялық көрсеткіштерді, аурушаңдықты, дене бітімінің дамуын жатқызады. Халықтың денсаулығына берілген осы белгілердің ішінде, әсіресе, демографиялық көрсеткіштер (туып-көбею, өлім, ғұмыр жастың орташа ұзақтығы) ерекше күдік туғызады. Туып-көбеюшілікті жасанды реттеуге болатындықтан және оған этникалық ерекшіліктер әсер ететіндіктен денсаулықтың көрсеткіші ретінде алуға болмайтын сияқты. Кейбір елдерде туып-көбеюді жасанды түрде азайту, денсаулықтың басқа көрсеткіштерінің жоғары болуына сәйкес келеді. Және керісінше, кейбір этникалық топтардағы туып-көбеюдің жоғары болуы, денсаулық көрсеткіштерінің төмендеуіне әкеледі. Сондықтан, денсаулыққа баға беру үшін туып-көбеюді жеке алып қарамай, басқа көрсеткіштермен бірге кешенді түрде қараған дұрыс.

Халықтардың денсаулығына сипаттама беруде кейбір авторлар өлім көрсеткішін пайдалану мүмкіндігін қолдамайды. Бұл пікірде негізгі аргумент ретінде аурушаңдық пен өлім саны арасындағы сәйкестіктің болмауы алынады, бірақ, өлім ешуақытта аурусыз келмейді. Бұл көрсеткіштердің арасында қатал түрде пропорция болмаса да бір бағытта өзгеріп отырады. Жас кезеңдері бойынша ер адамдардың арасында өлім көрсеткіші жоғары болатындығы олардың өмір сүру мүмкіндіктерінің төмен екендігін көрсеткенімен, денсаулықтың көрсеткіші ретінде алуға келмейді.

Б. Н. Ильиннің пікірі бойынша да өлім саны адамдардың биологиясына ғана емес, көптеген жағдайларда әлеуметтік факторларға да байланысты болғандықтан денсаулықтың белгісі ретінде алуға келмейтіндігін айтады. Бірақ, автор "халықтың (жеке адамның) денсаулығы медициналық (биологиялық) - әлеуметтік түсінік" екенін мойындайды. Ю. П. Лисициннің пікірі бойынша денсаулықты тек қана әлеуметтік және биологиялық қатынас тұрғысынан қарау керек, сондай жағдайда эндогендік және экзогендік себептерден болған өлім саны биологиялық факторларды да сипаттайды. Олай болса, өлім көрсеткішін халықтардың денсаулығының белгісі ретінде алуға болады. Әсіресе, бұл жағдайда балалар өлімі ерекше орын алады.

Адам организмі толық ер жетіп, кемеліне келгенге дейін ұзақ өсіп, күрделі даму жолынан өтеді. Осыған байланысты адам өміріндегі 4 кезеңді айыруға болады: құрсақтағы даму, балалық шақ, ер жету және қартаю. Бұл түсінік бойынша өсу дегеніміз, тіндер мен органдардың сан жағынан ұлғаюы, ал, даму дегеніміз олардың сапалы түрде дифференциациялануы мен қызмет қаблетінің жетілуі болып табылады. Құрсақтағы даму мен балалық шақтағы дамуды бір кезеңге біріктіріп, ер жету кезеңі десе де болады, өйткені осы уақытта адамның жыныстық жетілуі, репродукцияға қаблеттілігі және әлеуметтік қызметтерді орындай алу мүмкіндігі қалыптасады.

Адам баласының жыныстық жетілуі, әлеуметтік қызметке жарауынан ертерек қалыптасады яғни біріншісі-13-15, ал екіншісі-17-18 жас аралықтарында жетіледі. Қазіргі кезде қыз балалардың етеккірінің пайда болуының орташа мерзімі 12 жас 7 ай деп алуға болады. Толық ер жету 20-21 жаста деп есептелінеді.

Сәбидің туған күнінен бастап ер жеткенге дейінгі өсу және даму процессінде байқалатын заңдылықтар:

Өсу мен даму қарқынының біркелкі еместігі; Өсу мен даму процессінің біркелкі жүрмейтіндігіне байланысты "баланың жасы" деген сөздің өзін дәлелдеу қажеттігі туады. Осыған байланысты төмендегідей жастарды айыруға болады:

Хронологиялық жас (немесе күнтізбе жасы) - дүниеге келген уақытынан бастап, бақылау жүргізіп отырған күнге дейінгі аралық. Жастың мұндай түрін айыру күнтізбе арқылы анықталатындықтан ешқандай қиындық туғызбайды.

Биологиялық жас. Әрбір сәбидің жеке өсу және даму дәрежесіне байланысты болатын, организмнің морфофункционалдық ерекшеліктерінің жиынтығы. Биологиялық жасты анықтау - бой ұзындығы көрсеткішіне, бой ұзындығының жылдық қоспасына, тұрақты тістердің санына, екінші жыныстық белгілеріне және menarche жасына байланысты жүргізіледі.

Әр түрлі органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының бір мезгілде орындалмауы; Организмнің бір бүтін жүйе екеніне қарамастан, онтогенез процессінде жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуы бір мезгілде болмайды (гетерехронды) . Жеке органдар мен жүйелердің өсуі мен дамуының гетерохрондылығы қоршаған орта факторларының, балалар мен жасөспірімдердің іс-әрекеттерін жеке нормалаудың ғылыми негізі болып табылады.

Өсу мен даму процессінің жыныстық айырмашылығы (жыныстық ди-морфизм) ; Жыныстық диморфизм - өсу және жеке функционалдық жүйелер мен бүкіл организмнің даму қарқынының зат алмасу процессінің ерекшелігіне байланысты болады. Мысалы, жыныстық ер жетуге дейін, ер балалардың негізгі антропометриялық көрсеткіштері қыз балаларға қарағанда жоғары болып келеді. Ал керісінше, пубертатты кезеңде қыз балалардың бойының өсу параметрі, салмағы, кеуде шеңбері ер балаларға қарағанда жоғары болады.

Яғни, осы көрсеткіштер балалардың жас-жыныс ерекшелігіне сәйкес бірінші қиылысуы болады. Ал 15 жаста ер балалардың өсу қарқыны үдей түседі де, олардың антропометрлік көрсеткіштері қайтадан қыз балаларға қарағанда жоғары болады. Сөйтіп, екінші қиылысуды анықтауға болады. Бойдың өсуіндегі осы екі қиылысу - дене бітімі дамуының қалыпты жағдайдағы дамуына тән. Сонымен қатар көптеген функционалдық жүйелердің әсіресе бұлшық ет, тыныс алу және жүрек, қан-тамыры жүйелерінің даму қарқынының бірдей жүрмейтіндігі байқалады.

Органдар мен жүйелердің биологиялық сенімділігі; Организмнің әрбір қызмет етуші жүйелеріне сәйкес биологиялық сенімділікті анықтайтын потенциалды мүмкіндіктердің генетикалық қоры берілген. Бұған өкпе, бүйрек, көз, құлақ сияқты бірқатар органдардың жарыса қызмет етуі мүмкіндік береді, яғни тірі организмдегі негізгі жүйелердің көбі бірінің қызметін бірі қайталай алады және организмге қажетті элементтердің қоры шексіз деп есептеуге болады. Жүйелердің осындай биологиялық сенімділігі және тіршілік мүмкіндігінің молдығы болмаса, өмірге тұрақты түрде төнетін қауіптен организмнің өсіп, дамуы қорғана алмас еді.

Генетикалық және сыртқы орта факторларының маңызы; Балалардың дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтығын екі үлкен негізгі топқа бөлуге болады: Биологиялық (генетикалық) және қоршаған орта(қоршаған орталық және әлеуметтік) факторлары. Биологиялық факторларға тұқым қуалау заңдылықтарын анықтайтын генетикалық белгілердің барлық кешені жатады. Қоршаған орта факторлары деп, сыртқы әсердің нәтижесінде пайда болған өзгерістерді айтады. Олардың ішінде абиотикалық (қоршаған орта) және биотикалық (әлеуметтік орта) факторларды бөлуге болады.

Биологиялық және қоршаған орта факторларының өсіп келе жатқан организмдердің дамуына тигізетін әсерін зерттеуге көптеген іздену жұмыстары арналған. Бірақ, қандай да бір топты бөліп, басқалардан артығырақ етіп көрсетуге мүлде болмайды. Мысалы, тұқым қуалаушылық ролін артығырақ бағалау даму процессінің артығырақ екенін мойындауға мәжбүр етеді. Олай болса, сәбиге ата-анасының барлық жаман, жақсы қасиеттерінің бәрі (соның ішінде аурулары да) міндетті түрде берілуі керек. Солай десек те, тұқым қуалағыштықтың бағыт беруші роль атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.

Қоршаған орта және әлеуметтік себептердің әсерін артығырақ көтермелеу, екінші бір қиыншылыққа әкеліп соғуы мүмкін. Егер осындай болжамдарға сенетін болсақ, организмнің мүмкіншіліктері шексіз бола отырып, қоршаған ортаның әсері арқылы кез келген баладан "вундеркинд" жасап шығаруға болады. Сондықтан екі фактордың да әсерін естен шығармау керек.

Акселерация; латынша (accelarae) - жылдамдық деген сөзден шыққан. Акселерация қазіргі замандағы адамдардың биологиясындағы жалпы қарқындылықты көрсетеді, табиғаты көп факторлы болып келеді. Көптеген гигиенистердің пікірлері бойынша балалар мен жасөспірімдердің қызмет функцияларының үйлесімді дамуын бұзатын болғандықтан және қызмет қаблетін азайта-тындықтан акселерация балалар организмі үшін қолайсыз болып табылады. Сондықтан, өсіп келе жатқан балалардың дене бітімінің дамуын бақылауға ерекше көңіл бөлінуі керек.

Организмнің өсіп, даму заңдылықтары балалар мен жасөспірімдердің қалыпты өсіп, дамуы үшін, қоршаған орта факторларын гигиеналық нормаландырудың теориялық негізі болып табылады. Бұл заңдылықтарды білу, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің дәрігеріне жеке органдар мен жүйелердің баланың әртүрлі жас кезеңдерінде бүтін организм ретінде қызмет етуін, оның қоршаған ортамен байланысын анықтауға және осы жағдайдың мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын, даму жағдайын бақылау кезінде жиналған мәліметтерге, санитарлық дәрігер, өсіп келе жатқан организмнің жас ерекшеліктерін терең ескеру негізінде ғана дұрыс анықтама бере алады.

Яғни, осы заңдылықтарды терең түсініп алмайынша балалардың күн тәртібін ұйымдастыру, тәрбиелеу, оқыту процесстеріне, тамақтану жағдайына ғылыми негізделген талаптар қою және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу мүмкін емес.

Қолайсыз факторларға халықтың барлық топтарының ішінде, қолайсыз факторларға, не-гізінен аналар мен балалардың организмдері өте сезімтал келеді. Балалардың денсаулығын қалыптастыратын негізгі факторлар мыналар:

Ата-аналардың денсаулығы мен конституциясына әсер етуші (әсіресе аналарға жүкті болғанға дейін әсер ететін) факторлар;

Генетикалық (тұқым қуалағыштыққа әсер етуші) факторлар;

Ауаның, судың, топырақтың санитарлық-гигиеналық сипаты;

Тамақтану жағдайы;

Жанұя тұрмыстық факторлар: жанұяның құрамы, тұратын мекен жайдың сипаттамасы, орташа кіріс мөлшері, жанұя тұрмысы және сәбидің күтімі, жанұяның психологиялық климаты, зиянды әдеттердің (шылым шегу, арақ құмарлық т. с. с. ) болуы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Сабақ түрлерін биология сабақтарында қолдану
Биология сабағында үйлестірмелі дидактикалық материалды қолдану әдістемесі
Оқушыларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу жолдары
Жалпы білім беретін орта мектепте химияны пәнаралық байланыс негізінді оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру әдістемесі
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Биологияда оқу-тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Салауаттылық –денсаулық кепілі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz