Биология сабағында танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. Биологияны оқыту әдістемесі және сыныптан тыс жұмыстар ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Отандық биологияны оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, оларды өткізу жолдары ... ... ... ... ... 12
1.3 Мектепте биологиялық білім берудегі танымжорықтардың мәні ... ... ... ... ..19

2. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі...23
2.1 Танымжорық биологиядан оқу.тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Танымжорықтар арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары ... ... ... ... ... ... 35
2.3Табиғатқа кешенді танымжорық кезінде ойын элементтерін қолдану ... ... .49

3. 7.сыныпқа арналған «Өсімдіктану» пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
3.1 Биологиялық танымжорықтарға қойылатын дидактикалық талаптар ... ... 59
№ 1 Танымжорық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69
№ 2 Танымжорық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70
№ 3 Танымжорық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..71
№ 4 Танымжорық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .77
КІРІСПЕ


Биологияны оқыту танымжорықтарсыз мүмкін емес. Алғашында сыныптан және мектептен тыс оқытудың міндетті емес формаларының бірі ретінде пайда болған биологиялық танымжорықтар, уақыт өте келе білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі кезде танымжорықтар оқу-тәрбие процесінің негізгі тірегі болып табылады.
Биологияны оқыту кезінде танымжорықтарды пайдалану әдістемесін зерттеуде А.Я.Герд, В.В.Половцев, К.П. Ягодовский, В.А. Герд, В.Е. Райков, Н.М. Верзилин, В.М.Корсунская, И.Д. Зверев, И.И.Полянский және басқа биолог-әдіскерлер өлшеусіз үлес қосты.
Танымжорықтарды биологияны оқыту процесіне енгізуді жүздеген жылдар бойы мұғалімдер өздерінің мақсаттары ретінде қарастырып келді. Нәтижесінде, танымжорықтарды пайдалану мұғалімдерге білімді меңгерту барысында ғана емес, оқушыларға да білімді игеруде таптырмас дидактикалық құралға айналды. Танымжорықтар аса мол танымдық және тәрбиелік мәнге ие. Олар оқушылардың білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы «Табиғатта кешенді танымжорықтарды жүргізу және ұйымдастыру әдістері» деп аталады және биологияны оқыту процесінде кешенді танымжорықтарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері мен тиімді әдістерін қарастырады.
Тақырыптың өзектілігі. Биология, география және экология секілді пәндерді оқыту барысында танымжорықтар ұйымдастырудың негізгі мақсаты көрнекілік білім беріп қана қоймай, балаларды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам-табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты жалпы табиғатпен байланысты проблемалардың негізінде туындап отырған актуалды педагогикалық проблема - оқушылардың қоршаған ортаны тану білімін қалыптастыру.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1 Арбит А.Е. Луговьер Д.А.Фотография и киносьемка в путешествий.-М., 1988
2 Әлімқұлова Р. Өсімдіктану.-Алматы, 1995.
3 Беркімбай 0., Муталиөв Ә. Жануарлар экологиясы.-Шымкент, 1999.
4 Биология, химия, география №2, 1998; №3, 6 1999; №2,5 2000.
5 Богоявленская А.Е. Активные формы и методы обучения биологии. – М.: Просвещение, 1996.
6 Вербе И.А., Голыцин С.М. Туризм в школе.-М. 2003.
7 Верзилин Н.М, Корсунская В.М.Габаев Я. И. Пути оптимизации эколого-природоохранительного образования студентов в педвузе. В. Кн.: Проблемы экологического образования и воспитания в средней школе. Таллин, 1980. Герцен А. Н. Собр. Соч. М.: АН СССР, 1966. Т. 2. 33-36 с.
8 Гонобалин Н.Ф. Политико-идейный аспект подготовки будущих учитилей. - Москва, 1972. - 218 с.
9 Грин Н., Стаут У. Биология в 3-хтомах. -М.,1990.
10 Груздева. А. Факультатив «Родной край»//Новые аспекты экологического образования в школах Ленинграда. – Л., 1991 . – С. 15-26.
11 Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы, 2002. – 415 бет.
12 Жатқанбаев Ж.Ж.Экология негіздері. - Алматы, 1989.
13 Жикалкина Т.К. Биологиядан ойындар мен қызықты тапсырмалар. – Алматы: Рауан, 1992. – 64 б.
14 Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологическое образование школьников во внекласной работе (пособие для учителей). -Москва, Просвещение, 1984. - 164 с.
15 Зверев И.Д., Мягкова А.Н.Общая методика прөподавания.-Алматы, 1998.
16 Ишкина И.Ф. Биология. Поурочные планы. – Волгоград, 2002.
17 Калинова Г.С. Методика обучения биологии (6 – 7 кл.) – М.: Просвещение, 1987.
18 Колесов Д.В. Тематическое и поурочное планирование к учебнику “Биология. Человек” – М.: Издательский дом “Дрофа”.
19 Ковшар А.Ф. Мир птиц Казахстана.-Алматы, 1988.
20 Қалиұлы Б.Өсімдік атаулары. Орысша-қазақша сөздік.-Алматы, 1993.
21 Қайым Қ.Жануартанудан танымдық ойындар.-Алматы, 1995.
22 Қайым Қ. Жануартану.-Алматы, 2001.
23 Қасымбекова Т. Тіршіліктану.-Алматы, 1993.
24 Қуанышова С.Е.Өсімдіктану пәнінен табиғатта өткізілетін танымжорықтар.-ОҚМУ, 2000.
25 Қуанышова. С.Е.Биологияны оқыту әдістемесі.-ОҚМУ, 2003.
26 Обаев С.Н. Биология сабағында оқушылардың білімі мен біліктілігін тексерудің тиімді жолдары / С.Н. Обаев, И. Бименова // Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы. Жаратылыстану – география ғылымдары сериясы = Вестник КазНПУ им. Абая. Серия Естественно-географические науки. - 2009. - № 1. - 6 б.
27 Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі (жалпы бөлім) / С.Н. Обаев, А.Кисымова. – Алматы:Абай атындағы ҚазҰПУ баспаханасы,2010. - 80 б.
28 Общая методика преподавания биологии.-М., 1983.
29 Ұзақбаева С.А., Шілдебаев Ж.Б. Экологиялық білім беруге қажетті оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер дайындаудың дидактикалық нормативтері. - Алматы, Абай ат. Қаз ҮПУ.
30 Розенштейн А.М. Самостоятельные работы учащихся по биологии. – М.:Просвещение, 1998.
31 Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу–тәрбие процесінде пайдалану. – Алматы: Рауан, 1993. – 76 б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Биологияны оқыту әдістемесі және сыныптан тыс жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 Отандық биологияны оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, оларды өткізу жолдары ... ... ... ... ... 12
1.3 Мектепте биологиялық білім берудегі танымжорықтардың мәні ... ... ... ... ..19

2. Табиғатта кешенді танымжорықты жүргізу және ұйымдастыру әдістемесі...23
2.1 Танымжорық биологиядан оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Танымжорықтар арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары ... ... ... ... ... ... 35
2.3 Табиғатқа кешенді танымжорық кезінде ойын элементтерін қолдану ... ... .49

3. 7-сыныпқа арналған Өсімдіктану пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .59
3.1 Биологиялық танымжорықтарға қойылатын дидактикалық талаптар ... ... 59
№ 1 Танымжорық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...69
№ 2 Танымжорық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...70
№ 3 Танымжорық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
№ 4 Танымжорық ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...72

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...74
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 77

КІРІСПЕ

Биологияны оқыту танымжорықтарсыз мүмкін емес. Алғашында сыныптан және мектептен тыс оқытудың міндетті емес формаларының бірі ретінде пайда болған биологиялық танымжорықтар, уақыт өте келе білім берудің ажырамас бөлігіне айналды. Қазіргі кезде танымжорықтар оқу-тәрбие процесінің негізгі тірегі болып табылады.
Биологияны оқыту кезінде танымжорықтарды пайдалану әдістемесін зерттеуде А.Я.Герд, В.В.Половцев, К.П. Ягодовский, В.А. Герд, В.Е. Райков, Н.М. Верзилин, В.М.Корсунская, И.Д. Зверев, И.И.Полянский және басқа биолог-әдіскерлер өлшеусіз үлес қосты.
Танымжорықтарды биологияны оқыту процесіне енгізуді жүздеген жылдар бойы мұғалімдер өздерінің мақсаттары ретінде қарастырып келді. Нәтижесінде, танымжорықтарды пайдалану мұғалімдерге білімді меңгерту барысында ғана емес, оқушыларға да білімді игеруде таптырмас дидактикалық құралға айналды. Танымжорықтар аса мол танымдық және тәрбиелік мәнге ие. Олар оқушылардың білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы Табиғатта кешенді танымжорықтарды жүргізу және ұйымдастыру әдістері деп аталады және биологияны оқыту процесінде кешенді танымжорықтарды ұйымдастыру мен жүргізудің ерекшеліктері мен тиімді әдістерін қарастырады.
Тақырыптың өзектілігі. Биология, география және экология секілді пәндерді оқыту барысында танымжорықтар ұйымдастырудың негізгі мақсаты көрнекілік білім беріп қана қоймай, балаларды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу болып табылады. Академик В.И.Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде қоршаған ортаны ғылыми, жаратылыстану жағынан түсіндіріп, "адам-табиғат" жүйесіндегі өзара байланыстардың әдіснамалық негізін қалады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайларды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен, оқушыларға экологиялық білім беріп, табиғатты қорғауға тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттірмөйтін өзекті мәселөрінің бірі болып табылады.
Бүгінгі күні адамның қоршаған табиғатқа ықпалының өсуіне байланысты жалпы табиғатпен байланысты проблемалардың негізінде туындап отырған актуалды педагогикалық проблема - оқушылардың қоршаған ортаны тану білімін қалыптастыру.
Қоршаған орта туралы білім мен мәдениетті қалыптастыру бала кезден басталады, ал кеңейтуге ұмтылу тән. Экологиялық ағарту, сондықтан білім берудің негізгі баспалдағы - мектепте оны қолға алу керек. Осы бағытта оқу үрдісінде халықтық педагогиканың озық үлгілерін пайдалану, дәстүрлі сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар арқылы мектеп оқушыларының қоршаған орта туралы біілмдерін көтеру, экологиялық ойларын дамыту, экологиялық мәдөниетін қалыптастыру, жалпы адамзаттық экологиялық рухани құндылықтарды игеріп, түсінуге жас өспірімдердің көздерін жеткізу - қазіргі кезеңдегі мұғалімдердің міндеті.
Қазіргі уақытта жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған мақсат - оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, оларға қазіргі заман талабына сай білім беру, тәрбиелеу. Ал оқушыны жан-жақты дамыту дегеніміз - оның тек қана дене бітімі жағынан өсіп жетілуі емес, сондай-ақ баланың жан дүниесінің байып, рухани өсуі, қабіліеті мен дарынының анықталып, кең өрістеуі, парасаттылық ой мен адамгершілік көзқарастарының қалыптасуы. Осындай ізгі қасиеттерді қалыптастыруда оқушылардың санасына әсер етудің үлесі зор болмақ, сонда ғана олар қоршаған ортасын, туған жерін, табиғатын қастерлей, сүйеді. Осы бағыта жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру үшін қалаулары бойынша экологиялы және ұлт болашағы, сана-сезім экологиясы, тіл экологиясы, өлкетану, туризм, топырақ, жер қыртысы экологиясы, химия-экология, биология-экология т.с.с. Арнайы пәндер енгізілуіне басты назар аударуылуда.
Оқушыларды қоршаған орта туралы білім мен табиғат қорғауға тәрбиелеу, олардың жалпы ой-өрісін арттыру үшін балаларға арналған көркем әдебиетті тек сабақ үстінде ғана пайдалану жеткіліксіз. Сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардан мүғалім оқушылардың әрқайсысының қандай қабілеті бар екенін байқайды.
Сыныптан тыс орындалатын жұмыстар оқушылардың ғылыми көзқарастарын, табиғатты сүюге, еңбек мәдениетін, танымдық қызығушылықтарын, өз бетінше бақылау жүргізу икем-дағдыларын, ұжымдық жұмыс жасау мөн мәселе көтеру дағдыларын дамытады. Оқушылардың теория жүзінде оқып үйренген білімдері есте қала бермейді, ал табиғатта өткізілетін сабақ кезінде оқушылардың көз алдында төңіректегі табиғаттың сұлулығы ашылады. Олар табиғатты сезімталдықпен қабылдап, олардың бойында есте сақтау қабілеті, байқағыштығы дамытылып, табиғатқа қамқорлық жасау сезімдері оянады. Табиғатта өткізілетін сабақ барысында оқушылар жергілікті жерді танып білуге, табиғат әлемін бақылауға, салыстыруға үйренеді. Сонымен қатар әлеуметтік, эстетикалық, этикалық және өлкетанулық тәрбие берумен қатар, оларды денешынықтыруға, еңбекке баулып, сабақта өтілөтін экологиялық материалдарды пысықтауда, дамытуда үлкен рөл атқарады. Табиғат аясында сабақ өту оқушыларға білім берудің, тәрбие берудің, бірден-бір табиғи жолы. Мұғалім табиғатта сабақ өту арқылы оқушылардың танымдық ықпалын жандандыра түседі. Табиғатта сабақ өту барысында баланың табиғатқа, қоғамдық өмірдің түрлі көріністеріне, мінез-құлық ережелеріне көзқарастары қалыптасады.
Мен өз дипломдық жұмысымда оқушыларды өлкетануға, яғни табиғатқа саяхат жасауға бару арқылы жергілікті жердің табиғат әлөмін бақылап, төңіректегі табиғаттың сұлулығын көзбен көріп, қолмен ұстап, табиғатты қорғаудың маңызы жайлы түсініктер қалыптастыруда сыныптан тыс табиғатта өткізілетін туристік сабақтың әдістемесін ұсынып отырмын.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
сабақ бағадарламасы бойынша әдебиеттерден ізденіс жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың экологиялық танымдық-теориялық білімдерін көтеру.
танымжорық барысында қоршаған орта көптүрлілігін тамашалау кезінде табиғатқа жанашырлық сезімдерін оятып, оны қорғауға тәрбиелеу. оқушылар арасында өзара көмек көрсету, жолдастық қасиеттерін, адамгершілік сезімдерін ұштау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
оқушыларды табиғатты түсінуге және оған сүйіспеншілік туғызуға үйрету;
өз аймағы туралы, оның табиғаты, өсімдіктері, жануарлары жайлы білімдерін тереңдету;
оқушылардың табиғи орта және табиғат компоненттерінің орналасуы туралы түсінігін дамыту;
биология пәнін оқуға қызығушылығын ояту.
Биология пәнінен сыныптан тыс жұмыстар білім берудің маңызын, мәселесін шешуге көмектеседі, яғни оқушының шығармашылық қабілетін дамытады.
Тақырыптың зерттеу нысаны: биология сабақтарындағы кешенді танымжорықтар.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық және ғылыми мәліметтер жинау, ақпараттарды салыстыру, талдау, тұжырымдау.
Дипломдық жұмыстың пәні: биологияны оқыту әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Биологияны оқыту әдістемесі және сыныптан тыс жұмыстар

1.1 Отандық биологияны оқыту әдістемесінің қысқаша тарихы

Қазақстандағы биология ғылымының пайда болуы мен дамуы Ресейдегі жаратылыстану ғылымдарының пайда болуымен тікелей байланысты. Жалпы жаратылыстану саласындағы ғылымдарды оқытып үйрету әдістемесі, мектептерде оқыту әдістемелерінің дамуы 18-ші ғасырдың екінші жартысынан дами бастады. Пәннің дамуына биология мамандары, ғалымдар, көптеген әдіскер мұғалімдер, көп жылдар бойы жүргізілген оқу-әдістемелік жұмыстарының нәтижесінде зор үлес қосты. Әдістемелік құралдар мен окулықтардың мазмұны тарихтың дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі қоғамдық-әлеуметтік құрылымның ерекшеліктеріне тікелей байланысты болды.
18-ші ғасырдың бастапқы кезендерінде табиғат туралы пән жарық көрген жоқ. Осы ғасырдың екінші жартысында арнайы мектептерде жаратылыстану пәні оқыту процесіне енгізіле бастады.
Екатерина ІІ - ші өз еліне білімді мамандар қажеті болғандықтан, Ресейде мұғалімдер дайындайтын семинариялар (1783ж), Халық училищелерін ашты, 5 жылдық бас училищелер және 2 жылдық кіші училищелер- деп аталды.
Осы оқу орындарында Академик Василий Феодорович Зуев (1757-1794) дәріс берді. 1786 жылы В.Ф. Зуев өз тегін көрсетпей 2 бөлімнен тұратын оқулық жазды. Оқулық Орыс империясының халық училищелеріне арналған табиғат тарихының нұсқасы - деген атпен жарық көрді.
Осы кезеңнен бастап жаратылыстану пәнінен оқыту әдістемесінің тарихы басталды. Оқулықтың бірінші бетінде автор пәннің мақсаты мен міндеттерін алғаш рет ашып берді. Оқулықта В.Ф.Зуев жаратылысты, табиғатты оқытудың жүйесі мен оқыту тәртібін көрсетті:
қазба байлықтар (Өлі табиғат);
тоңатын әлем (Өсімдіктер өлемі);
жануарлар әлемі (Зоология).
Оқулықта өсімдіктер мен жануарларға, олардың биологиясына тоқтала отырып, адам өміріндегі пайдалану жолдарын да қамтыған. Оқулықта 148-ге жуық өсімдіктер мен 157-ге жуық омыртқалы жануарларға сипаттама берілген. Мазмұндауда автор К.Линнейдің систематикасын басшылыққа алып, саралаудан аулақ болып, адам тіршілігіне пайдалы өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне көбірек тоқталған.
Оқулықтың кіріспе бөлімінде, сабақ берушілерге арналған ұсыныстар келтірілді. Сабақты әңгімелеу барысында көрнекіліктерді пайдаланудың тиімділігін көрсетті.
Оқулықтың екінші бөлімі Жаратылыстану тарихының бейнелері деп аталып, онда 57 сызбанұсқа, 193 сурет берілді. Осы бейнелер сабақ өту барысында оқушыларға таратылып берілуі тиіс.
Оқулықтың құндылығы, барлық биологиялық мәліметтер нақты, ғылыми тұрғыдан дәлелденген, оқушылардың алған білімдерін іс-жүзінде пайдалану жолдарын көрсете білген.
Әулие Петр қаласында Растущий виноград журналының бас редакторы қызметін атқарды.
Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В.Ф.Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилығы, көрнектілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеруі, оқыту әдістерінің практикалық мәселелеріне тоқталды.
ХVIII ғасыр аяғында мектеп биологиясын оқытуда тек қана биологиялық фактілерді сипаттау бағыттары үстемдік етті. Сол кездегі ғылымдар өсімдіктер, жануарлар және адам организмдерін зерттеу барысында сипаттама әдістерін пайдалана отырып зерттеулер жүргізді.
Биология ғылымының дамуындағы басты бетбұрыс ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап, Ч.Дарвин ілімінің ашылуына тікелей байланысты болады. Биологиялық ғылымда табиғат сырларындағы құбылыстарды зерттеуде тарихи даму әдістері енгізіле бастады. Осы жағдайлар орта мектептегі биологиялық білім беру, оқыту процестеріне үлкен әсерін тигізді. Атақты әдіскер жаратылыстанушы А.Я.Гердтің 1-ші рет биологияны үйретуде, оқытуда эволюциялық идеяларды ең басты критерий етіп көрсетті.
ХХ ғасырдың 20-30 ж.ж. биология ғылымының экология, генетика салалары тез дамып жатты. Н.И.Вавилов тұқым қуалаушылық, өзгерістердің гомологиялық қатарлары заңын ашты.
С.С.Червериков популяциялық, генетикалық біркелкі емес, ол рецессивті мутациялар мен қабық құбылысын дәлелдеді. Осындай биология салаларындағы әртурлі зерттеу жұмыстарының нәтижесі, эволюциялық ілім мен генетикалық синтездік әдістерінің қорытындысынан келіп, эволюцияның синтетикалық теориясын қалыптастырады.
Осы эволюциялық теорияның негізгі қағидалары мынадай: популяция-эволюцияның ең қарапайым құрылым бірлігі; оның ең басты бірлігі белгілі уақытта, кеңістікте ұрпақ бойында өзгеріске ұшырау қабілеттілігі бар.
Эволюцияның қарапайым материалы мутация. Ол барлық организмдерде белгілі бір жағдайларда, белгілі бір жиілік пен популяцияға таралып, олардың барлық белгілеріне әсерін тигізеді.
3. Эволюцияның элементарлық факторы мутациялық процесс, популяциялық толқын, оқшаулану, табиғи сұрыпталу. Табиғи сұрыпталу ең басты фактор .
4. Эволюцияның ең басты белгісі - дивергенттілік бірқалыптылық, ұзақтық және түр түзілу кезеңдері болып есептеледі .
5. Түр - бірнеше популяциядан және түр тармақтарынан тұрады. Оның ішінде гендер алмасып, ауысып жатады. Ол бір тұтас генетикалық жүйе болып есептеледі. Синтетикалық эволюция теориясы бойынша түр жайындағы көзқарас прокариоттарға және жыныссыз көбейетін эукариоттарға қолдануға болмайды. Микроэволюция макроэволюция процесімен тығыз байланыста.
XX-ғасырдың 30 жылдарында Н.П.Дубинин, Романов, Райт эволюцияның ең басты факторы - гендердің жылжуы жайлы жаңалық ашты. Олардың ұйғаруы бойынша эволюция үшін ең маңызды фактор жеке мутация ғана емес, гендердің кездесу жиілігіндегі кездейсоқ өзгерістер болып саналады, мысалы тасқын су, өрт, салдарынан гендердің кездесуін өзгертіп, соның нәтижесінде популяция құрылымы өзгеріп, ол ұрпақтан - ұрпаққа берілуі мүмкін.
Эволюциялық теорияның дамуына тағы бір үлесін қосатын биологияның саласы, молекулалық биология, генетиптердің эволюциясын айқындауға мүмкіндік береді .
Осының нәтижесінде биологиялық теорияның деңгейін көтеріп, тірі организмдерді зерттеуде онтогенетикалық, популяциялық шегінен тыс сырларын ашуға мүмкіндік береді.
Жаңа генетикалық проблемаларды зерттеудің нәтижесінде ғалымдар гендердің нәзік құрылысын зерттеп, олардың функцияларының сырларын ашып гендердің жасанды синтезделуі арқылы, бір организмнен екінші организмге отырғызу барысында ғылымның жаңа саласы гендік инженерия дамыды.
Қазіргі кезде ғылымда гендердің аксонралды табиғаты жайлы ережелері ашылып белок құрылысының ақпараты ДНҚ молеуласының тізбектерінде нейтрондар арқылы бөлініп, белоктың информация бермейтін қосымшалар арқылы бөлініп тұратындығы дәлелденді. Гендердің осындай құрылысы ғалымдардың айтуы бойынша гендердің алмасу қабілеттерін арттырып, мутация тазалықтарын сақтай отырып жаңа гендердің қалыптасуына мүмкіндік береді .
Ғалымдардың анықтауы бойынша генотиптегі құрылымдық гендердің бірнеше кемшіліктері болады немесе генотиптегі гендердің ұқсас топтары әрқайсысы ұқсас кейде бірдей белоктарды қолдайды .
Бұлардың осындай ерекшеліктері керекті жағдайда көптеген белоктарды, ферменттерді синтездеу үшін органмзмдерге үлкен мүмкіндік береді. Гендердің осындай бір дупликациялық қасиеті эволюция үшін өте маңызды болады, себебі ол популяция ішінде тез таралып, даралардың фенотипін өзгертуге мүмкіндік береді.
Ғылымның техникалық жетістіктері барлық саладағы мамандардың биологиялық дайындықтарына талап қояды. Әсіресе болашақ мамандардың экологиялық сауаттылығы мен тәрбиесі шешуші роль атқарады .
Сондықтан жалпыға бірдей білім беретін мектептерде, лицей, гимназияларда жас өспірімдер мен оқушыларға биология пәндерінен политехникалық білім қалыптастыруға аса көңіл аударуда.
Герцен жастарды тәрбиелеуде жаратылыстану білімінің маңызын айта келіп, оның жастық ақыл ойды ескінің қалдықтарынан тазартуға бағытталғанын осы негізде оларға кең мүмкіншілік ашатынын жазған еді.
Қазіргі таңда табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлемдік масштабта. Сондықтан биологиялық білім әрбір азамат, мемлекет, адамзат үшін ауадай қажет.
XXІ ғасыр биология ғасыры демекші биология ғылымдарының жетістіктері. Ауыл шаруашылығында өнеркәсіптер, өндірістер, медицинада, космостық биологияда. Ал жасөспірімдер мен жастар үшін білім мен тәрбиесінің, сан алуан жақтарын қамтуда биологиялық білімнің мәні зор. Мысалы: Политехникалық-санитарлық-гигиеналы қ дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру байқампаздық пен бақылау икемдеріне логикалық ойлау мен шығармашылыққа этикалық эстетикалық тәрбие, табиғатты сүю, аялау, қорғау, экологиялық-эволюциялық білім мен тәрбиені қалыптастыратып дамыту, отандық-патриоттық сезім мен тәрбие қалыптастыруда алатын орны ерекше.
Биология пәнінің оқыту әдісін дамытуда профес - сор Борис Евгеньевич Райковтың (1880-1966) еңбектерінің маңызы ерекше. Ол сабақ беру әдістерінің проблемалары мен даму тарихын зерттеудегі еңбектері мен зоология оқулығының авторы. Ең бірінші рет биология пәнін оқытуда арнайы кабинеттік жүйеге көшуді колдады.
Б.Е.Райков 1924 жылы Ленишрадта биологиялық станция ашып ғылыми зерттеулер мен бақылаулар жүргізді. Табиғатқа экскурсиялар өткізудің білім деңгейін көтерудегі маңызын атап көрсетті.
Осы жылдары Наркомпрос мектептерде сабақ берудің жаңа әдістерін лабораториялық және жоспарлау әдістерін қолдануды нұсқады. Лабораториялық әдіс, сынып, сабақ кестесі, сабақтардың орнын алып, мұғалімнің рөлін кеңесші деңгейінде көрсетті. Жұмыс қоғамшаларында тапсырмалар беріліп ай соңында конференциялар өткізілді. XX ғасырдың 30-шы жылдарынан бастаи оқу-ағарту жүйесінде жаратылыстану пәндерін оқытудың жалпы және арнайы оқу-әдістемелері қарқынды дами бастады.
1932 жылы 25 қазанда КПОК (б) ның ұйғарымында Сабақ оқытудың негізгі формасы екендігі көрсетілді және барлық мектептердің түрлері жалпыға бірдей білім беретін он жылдық орта мектептерге ай - налды. Биологияны оқыту ғылыми тұрғыда бірізділікпен, жүйелілікпен жүргізілді. Осы кезеңдердегі методикалық проблемаларды дамытуда өздерінің үлестерін қосқан белгілі әдіскерлер Ю.И.Полынский (1872-1930), Д.А. Судовский (1873-1942), М.М.Беляев (1880-1955), В.Ф.Натали (1890-1965), П.И.Боровицкий (1896-1966), Н.М.Верзилин (1903-1984) т.б. болды.
1937-1941 жылдары Мектептегі биология журна - лы Б.В.Всесвятскийдің редакциясымен жарық көрді. 1946-1948 жылдары Б.Е.Райковтың редакдиясынан Ленинградтагы Мектептегі жаратылыстану журналы қайта жаңғырып кейіннен Москваға Мектептегі биология- деген атпен ауысты.
Жаратылыстану пәнін оқытумен қатар В.Ф.Зуев сол кездегі жаратылыстануды оқытудың маңызды проблемаларын шешу барысында көптеген еңбек етті. Пәннің ғылымилығы, көрнектілігі, оқушылардың білімді саналы түрде игеруі, оқыту әдістерінің практикалық мәселелеріне тоқталды.
Ол бірінші педагогикалық экскурсиялық биостанция құрды. Бұл кезеңдегі методиканың ерекшелігі танымжорықтық, практикалық оқыту формаларына баса көңіл аударылды. Осылай оқытудың нәтижесінде оқушылар нұсқау бойынша өз бетінше жұмыс жасау икем дағдыларын қалыптастырды.
Бұл оқыту формаларының негізінде Б.Е.Райков Моторлы танымжорық әдісін анықтады.
Лабораториялық жұмыстарды жүргізу үшін үлестіліріп берілетін материалдар кеңінен тарады: тірі, кептірілген, консервіленген өсімдіктер, жануарлар және минералдар.
Жаңа мектептің ашылуы, оқу бағдарламаларының және жоспарларының жасалуына көптеген ғалымдар ат салысып, жаратылыстану пәнінің әдістемелік проблемаларын шешуге көптеген үлес қосты. Солардың бірі ботаника ирофессоры Валериан Викторович Половцев (1862-1919) болды. 1901 жылғы Петербургте өткен орыс жаратылыс зерттеу ғалымдары мен дәрігерлердің XI съезінде В.В.Половцев Орта мектептердегі оқу пәндерінің мақсаты тақырыбында жасаған баяндамасында, жаратылыстану пәнін оқытудағы негізгі мақсат тәрбие және оны қалыптастыру үшін табиғатпен тығыз қарым-қатынаста оқыту мәселелеріне тоқталу керектігін керсетті.
Биологияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылымдар саласына жатады, сондықтан пәннің құрылымы оқытудың жалпы білім беру және тәрбиелеу міндеттеріне сай түзіледі.
Биологияны оқыту әдісі мектеп биология пәндерінің ерекшеліктеріне байланысты білім беру және тәрбиелеу процестерінің жүйесі туралы ғылым. Бұл жүйені меңгеру мұғалімнің биология пәндері бойынша оқушыларды тәрбиелеп оқыту процестерін басқаруына мүмкіндік береді. Биологияны оқыту әдісі, биологиялык мазмұнды, оқыту ерекшеліктерін ескере отырып, мектептегі барлық пәндерді оқыту барысындағы педагогикалық қағидаларға сай жүргізіледі.
Мұғалімнің оқу материалын оқушылардың саналы түрде меңгеруін, оны өмірде қолдана білу дағдыларына үйрету жолдарының тиімді әдістерін үйретеді. Қысқаша айтқанда методика-оқу пәнінің мазмұнын және оқыту формалары мен тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Методиканың аталған бөлімдері бірін-бірі толықтырады және тығыз байланыста, бірлікте болады. Оқыту жұмыстарының құралдарымен жабдықтарында анықтайтын осы методика. Қорыта айтқаида, методика дегеніміз биологияны қалай оқыту керек, нені үйретіп қалай тәрбиелеу керек, биологияны не үшін оқу керек? - деген сұрақтарға жауап береді.
Биология - оқу пәні ретінде - оқыту әдістерінің өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады, онда нақты объектілер (өсімдік, жануар, адам) және тірі табиғаттың күрделі құбылыстары мен дамуын оқытады. Бұл ерекшеліктер оқыту жұмыстарын ұйымдастырудың ерекше формаларын қолдануды талап етеді (топсеруендер, оқушылардың өз бетінше, сабақтан тыс және үй жұмыстарын, сыныптан тыс орындалатын жұмыстар т.б.). Сонымен бірге оқыту әдістері - практикалык жұмыстар, лабораториялық жұмыстар, эксперименттep, тәжірибелер, арнайы көрнекіліктер қолдану аркылы жүргізіледі.
Биология пәнінің мазмұны және оның өзіндік ерекшеліктері, окытудың әдістерін, тәсілдерін анықтаумен шектелмейді оның тәрбиелік мүмкіндіктерін де анықтайды.
Тірі ағзалардың нақты фактілерін, табиғат құбылыстарының бір-бірімен байланысын, тірі табиғаттың даму эволюциясының заңдылықтарын оқып-білу оқушылардың ғылыми, диалектикалық-материалистік көзқарастарын қалыптастырады.
Биологиялык білім қоршаған табиғи ортаның маңызын, табиғатты қорғау қажеттілігімен қалпына келтіру шараларын, қоғамдық және жеке еңбектің гигиенасының маңызын түсінуге, оқушыларды өмірге бейімдеп, политехникалық білім алуға мүмкіншілік туғызады.
Атақты педагог К.Д. Ушинский айтқандай Оқушылардың ақыл-ойын, логикасын дамыту үшін, жаратылыстану тарихын оқыту тиімді - деп есептеймін. Себебі, тірі табиғаттың объектілерін бір-бірімен салыстыру, анықтау, эксперименттер кою, оқушылардың ойлау қабілетінің дамуын қамтамасыз етеді.
Отандық биологияны оқыту әдістемесінің пайда болуы мен дамуына байланысты 40-жылдардан бастап мектеп биологиясына жаңа эксперименттер мен демонстрациялау енгізу қажеттігі туды.
Сабақты өту әдісінің проблемаларын шешу аса маңызды және негізгі мақсаттардың бірі болды. Сабақтың оқу мазмұны экскурсия кезінде өсімдіктер мен жануарларға бақылау жүргізумен және материалдар жинаумен тығыз байланыста болды. Жануарлар мен өсімдіктерге тірі табиғат мүйісінде, үйде бақылаулар жүргізу қажеттігі туды. Танымжорықтар өтетін сабақтың тақырыбына байланысты өткізілетін болды, үйге берілетін тапсырмалардың ерекшеліктері мен әдістері өңделді. Сабақтан тыс, кластан тыс, көпшілікпен бірге орындалатын жұмыстардың формалары мен әдістері өңделіп, оқушылардың білімі мен тәрбиесін дамытудағы орны анықталды.
Бертін келе биологиядан сабақ берудің формаларының проблемалары шешілді.
Ленинградтағы А.И.Герцен атындағы педагогикалық институттың жаратылыстану кафедрасында, 1938 жылдары мұғалімдердің біліктілігін арттыру институттарында әдіскерлер ұжымының еңбектері жарияланып методикалық зерттеулердің жаңа бағыттарын дамытты Арнайы методика, Биологияны оқытудың жалпы әдістері,- проблемалары шешуін тапты. Халел Досмұхамедұлы Досмұхамедов (1939) тұңғыш рет ана тілінде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазды. Солардын бірі Жануарлар 1922 жылы Ташкентте басылып шықты.
Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин (1891 -1938) қазақтан шыққан тұңғыш биолог-ғалымдардың бірі, ботаника жөнінде Өсімдіктану атты оқу құралын 1927, 1930 - жылдары басып шығарды. Ол жиырма жасында ауылшаруашылык мектебін бітіріп, егіс және мал шаруашылығының маманы атанды.
Қазақстан Республикасында жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлес қосқан ғалымдардың бірі. Методисттің Өсімдіктану- оқу құралы-Алматы Рауан баспасынан 1992 жылы қайта жарық көрді. 265 беттен тұрады.
Бүл кітап 1927 жылы және 1930 жылдары араб және латын әріптерімен түңғыш рет қазақ тілінде басылып шыққан, өсімдіктер тіршілігін тартымды баяндайтын оқу құралы болды.
Күдерин Ж.М. тұңғыш қазақ тілінде жарияланған, жазылған және құрастырып, аударылып жасаған бірнеше еңбегін бір кітап етіп топтастырған. Бүл кітаптар 1937 жылдың нәубетіне тап болған абзал аза-маттың Қазақстандағы ауыл шаруашылығына қосқан нәтижелі үлесі ретінде кейінгі ұрпаққа ұсынылып отыр. Ауыл шаруашылығын зерттейтін ғалым-әдіскерлерге, студенттерге, оқырман қауымға арналған.
Атақты ғалымдар И.И.Шмальгаузен, Н.П.Дуби - нин, С.С.Четвериков және көптеген шетел ғалымдары Ф.Добржанский, Г.Симпсон, Дж.Хаксли, Э.Майер еңбектерінің нәтижесінде эволюцияның синтетикалық теориясы қалыптасты. В.И.Вренадскийдің Биосфера ілімі Н.В.Сукачевтің Биогеоценоз ілімдері мектеп биология пәндерін оқытуда ғана экологиялық-эволюциялық мақсаттарды шешудің бірден-бір жолы ретінде оқытылды.
Н.М.Верзилиннің басқаруымен биологиялық түсініктерді дамыту теориясы сабақ беруде айтарлықтай орын алды. Осы бағытта жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстары баршылық. 1966 жылдары Ю.И. Полянскийдің басқаруы мен ғалымдар тобы мектеп биологиясына эволюциялық ілім, цитология, аутоэкология, биоценология және биосфера туралы ілімдерін оқытудың мазмұнына, бағдарламаға енгізді.
Соңғы жылдардағы биологиядан білім беру про - блемалары: білімнің сапасын арттыру, теориялық білімді тәжірибемен байланыстыру, оқу проблемаларын шешу үшін оқытудың активті жаңа формаларын енгізу болып табылады.

1.2 Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, оларды өткізу жолдары

Сабақтан тыс жұмыстарға барлық оқушылар қатысуы қажет. Мұндай жұмыстар жыл бойы жүргізіледі, одан оқушы керекті, пайдалы, қызықты жаңа мағлұматтар алады. Сондықтан, сабақтан тыс жұмыстардың мазмұны әр сынып балаларының деңгейіне сәйкес болу керек. Мұғалім, білім деңгейі жоғары оқушыларға әртүрлі тапсырмалар бере алады. Әр оқушы мұндай тапсырмалар арқылы өздерінің білім деңгейін көтереді.
Мұғалім сыныптан тыс жұмыстарды келесідей ұйымдастыруына болады:
1) әр оқушының білім деңгейін, қабілетін, көзқарасын ескере отырып, тапсырмаларды жеке немесе әртүрлі тақырып бойынша беруіне болады.
2) барлық окушыға берілетін тапсырма бірдей, бірақ, орындау әдісі әр түрлі болуы мүмкін.
Жалпы білім беретін және мамандырған реформаға, оның оқу тәрбиелік жұмыстарының сапасын жоғарылатуға үлкен назар аударылады. Осыған байланысты биология пәнінен міндетті түрде сабақтан тыс жұмыстар санын жетілдіріп отыру керек.
Оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы зоология, топырақтану, ботаника, океанология, агрономия және т.б. сол сияқты ғылымдармен танысады. Оқушыны алыс және зерттелмеген елдерге саяхат және биолог-саяхатшылар туралы әңгімелер қызықтырады, олар ботаникалық ашылулар жайлы толығырақ білгілері келеді. Жоғары сынып оқушылары ботаника және агрономия, әлемдік фермерлік іс сияқты бөлімдерімен таныса бастайды. Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын қанағаттандыра, терендете отырып, мүғалім, білімге құмар баланы сабақтан тыс жүмыстарға еліктіре түседі.
Оқушылардың биологиялық зерттеудегі жаңа және ғылыми әдістермен танысуы, әртүрлі құралдармен, аспаптармен жұмыс істеуі оларда зерттеу және іздену жұмыстарына қызығушылық туғызады.
Сабақтан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні де өте жоғары. Ол өз аймағының табиғатын және экономикасын тереңірек оқыта отырып, оқушының Отан сүйгіштігін, өз елінің байлығын дұрыс қолдануға, табиғи ескерткіштерді, тарихын, мәдениетін т.б. қорғауға көмектеседі.
Сабақтан тыс танымжорықтар оқушылардың биология пәні бойынша білімін тереңдете отырып, оқу жұмыстарымен де тығыз байланысты. Бірақ сабақтан тыс жұмыстарда оқушы саны аз болады, өйткені мұнда тек пәнге қызығатын санаулы оқушылар жұмыс істейді. Ал танымжорықтарға оқушыларды мейлінше түгел тартуға тырысу қажет. Бұндай сабақ түрі теориялық білімді практикалық жұмыстармен байланыстыра отырып көптеген жақсы нәтижелер әкеледі.
Биология пәнінен сабақтан тыс жұмыстар жүргізу әдісі төмендегідей болады:
1. Ауызша. әдіс (вербальды): лекция, әңгіме, баяндама, сұхбаттасу. Әдістің бұл тобына мұғалім көмектеседі. Дәрістер, әңгімелесу, сұхбаттасуды ғалымдар, экспедиция қызметкерлері, мемлекеттік ұйымдар жұмысшылары көмегімен де өткізуге болады.
2. Практикалык әдіс оқушылар тобымен немесе жалғыз оқушымен, практикалық сабақ үстінде жүзеге қолданады. Оқушы бұл сабақта өздігінен биологиялық материалдар, лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді, тәжірибелер жасауды, оларды камеральды өңдеуден өткізуді, сондай-ақ табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруды үйренеді.
3. Бақылау әдісін оқу барысында, табиғат құбылыстары сияқты, адамның шаруашылық әрекеті ретінде де қолдануға болады.
4. Тәжірибелік-эксперименттік әдіс - бақылауға қиын табиғи процесстер мен құбылыстарды зерттеу мақсатында қодданылады. Мысалы, өсімдіктер түрінің пайда болуын, орналасуын көрсететін тәжірибелер т.б. Тәжірибені алдын ала дайындап, оқушылар сосын оның нәтижелерін талқылайды.
5. Конструкциялар мен модельдеу - биологиялық процесстердің мәнін түсінуге қажет құралдар мен аспаптар моделін жасауға мүмкіндік береді.
6. Таныжорықтық әдіс-объектіні және құбылысты табиғатта, өндірісте, көрмелерде, мұражайларда көріп тануға мүмкіндік береді.
7. Объектіні оқу әдісі - оқушының өз бетімен жұмыс істеуінде үлкен рөл атқарады. Бұл әдіс биологиялық әлемді зерттеудің әртүрлі сатыларында қолданылады: зерттеуге дайындық кезінде, жұмыс барысында, қорытынды жасауда.
Сабақтан тыс жұмыстар күнделікті сабақтан өзінің мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру түрлері, жүргізу әдістер ерекшелігімен сипатталады. Бұндай тыс жұмыстарда оқушы әртүрлі ақпарат көздері арқылы білімін өз бетінше толықтыруға мүмкіндік алады.
Бұндай жұмыстар оқушының танымдық қабілеттерін арттыруға көмектеседі, яғни өз бетімен жұмыс істеуін қалыптастырып, шығармашылық, биологиялық ойлау қабілеттерін, танымдық қызығушылығын, байқампаздығын арттырады.
Танымжорықтар жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді.
Танымжорық сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.
Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Танымжорық түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.
Биология пәнінің бағдарламасы бойынша күз және көктем мезгілдерінде оқу танымжорықтарын өткізу керек. Өсімдіктану курсы бойынша (8 сыныпта) - төрт рет табиғатта, ал жануартану курсы бойынша (9 сыныпта)- бір экскурсия - жергілікті қорықтар мен ұлттық бақтарда жүргізіледі. Биологиялық танымжорық - бұл мектептегі оқу-тәрбиелік процестің бір түрі, оны өткізу, мұғалімге сабақ жүргізумен бірдей.
Танымжорық кезінде оқушыларда ботаникалық, зоологиялық түсініктердің негіздері болып келетін, табиғи объектілер мен құбылыстар туралы нақты елестетулер қалыптасады. Туған жер мысалында ботканикалық білімдер арқылы Жердің жасыл қабықшасындағы болып жатқан көптеген құбылыстар мен процесстерді түсіндіруге болады. Сондықтан, бұл жерде танымжорықтың ролі өте маңызды болып саналады.
Табиғатта танымжорық кезінде оқушыларда көптеген біліктіліктер қалыптасады, біріншіден, бақылау жүргізу, биологиялық объекті мен адам шаруашылығын талдау. Жергілікті жер мысалында, оқушылар, табиғи компоненттердің тығыз байланысын және олардың табиғи аймақтық кешендерге бірігетінін түсінеді. Табиғи компоненттер байланыстар арқылы пайда болатын кешендердің құрылуын, табиғи-аймақтық кешендердің заңдылық негізі ретіндегі тұтастығын түсінеді. Бір компоненттің өзгеруі екінші компоненттің өзгеруіне әкеп соғады, бұл кезде қайта орнына келмес процесс пайда болу мүмкін. Танымжорық барысында, сондай-ақ, жергілікті материал арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беруге болады. Өнеркәсіпке барған кезде, оқушылар сол саладағы процесімен, өндірістің ұйымдастыру және тиімділігін көтеру жолымен танысады.
Сонымен, оқу танымжорықтары оқушылардың биологиялық білім жүйесіндегі бекіту әдістерінің негізгі саласы болып келеді.
Оқушыларды танымжорыққа сабақ кезінде дайындайды. Оларды теориялық және практикалық түрінде дайындап ұйымдастыру керек.
Оқушылардың теориялық дайындалуы, танымжорық кезінде, практикада немесе бір жағдайда пайдаланатын кейбір ботаникалық және зоологиялық түсініктерді қайталау.
Практикалық дайындалу деген -- оқушылардың танымжорық кезінде, оның бағдарламасы бойынша орындалатын кейбір жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.
Танымжорықтың ұйымдастыру жұмысы деген -- мұғалім оқушыларға экскурсияның тақырыбы мен жоспарын айтады, сыныпты 6-7 оқушыдан бірнеше бригадаға бөледі, бригадирді тағайындайды, керекті заттардың тізімін, уақытын, жиналу орнын, қандай киім және қалай киіну керектігін т.б. айтады.
Танымжорықтың жақсы өтуі оның ұйымдастырылуымен байланысты, оны келесі жоспар арқылы жүргізуге болады:
а) әңгімелесу (кіріспе); (табиғатта әңгімені мұғалім жүргізеді, өнеркәсіпте - сол жердегі әкімшілік);
б) танымжорық маршруты бойынша тапсырмаларды орындау;
в) қорытынды жасау.
Танымжорықтан кейін әрбір оқушы берілген тапсырма бойынша мұғалімге жазбаша түрінде есеп береді. Есеп ішінде танымжорық тақырыбын, мақсатын, тақырыптың маңызын ашып көрсетеді.
Бұл жұмыстардың барлығы биологияны оқытудағы өлкетану принципін енгізуге көмектесетін көрнекілік құралдар қорын толықтырады.
Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан тыс жұмыстар үлкен рөл атқарады. Ол үшін сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы зор.
Сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар биология пәнінің негіздерін оқушыларға үйретіп қана қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді. Мұның өзі жеке мемлекет болып, білім берудің жүйесіне жаппай бетбұрыс жасалып жатқан қазіргі шақта жаңа мазмұнға ие болып отыр [1].
Биология пәні бойынша сыныптан тыс жүргізілетін ақпараттық жұмыстар көп уақыттан бері қолға алынып, зерттеліп келеді. Бұл жөнінде әдістемелік мақалалар мен кітапшалар да басылып шықты.
Дегенмен, бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіріле түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары биологиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Мұның мектепте биологияны оқытудың сапасына да байланысты екені белгілі. Орта мектептерде биологиядан сабақ беретін кейбір мұғалімдер оқушыларды өз беттерінше шығармашылықпен жұмыс істеуге әлі де жете үйрете алмай келеді. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс ақпараттық білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі. Бірқатар мектептер сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды оқушылардың көпшілігі қатысатын ,атап айтқанда, биологиялық кештер, ойлан - тап ойындарын өткізумен ғана шектеледі. Оның өзінде оқушылардың өз беттерінше жұмыс істеуіне, жеке белсендіктері мен шығармашылығын дамытып отыруына жете көңіл бөлінбейді.
Мектептердегі Жас химик қабырға газеті де бір сарынды, көшірме рөлін атқарып келеді, өйткені онда пайдаланған материалдар көбінесе ғылыми кітаптардан, газеттер мен журналдардан сөзбе - сөз көшіріле салады.
Соңғы кездерде сыныптан тыс жұмыстарды қызықты етіп жүргізуде биология апталығы, танымдық сөзжұмбақтар, биологиялық ойындар,жарыс кештері, т.б. көптеген білім беретін материалдар кең түрде қолданыла бастағанына қарамастан, оларды қызықты етіп ұйымдастыру жағы жетіспейді. Бұл салада да оқушылар шығармашылығы аз пайдаланылады. Әсіресе оқушыларды жаппай қатыстыратын сыныптан тыс жұмыстар: мектепішілік биологиялық олимпиадалар, өндірістік мәні бар таным жорықтар, оқушылар білімін тексеруге арналған алғырлар,тапқырлар жарыс кештері сирек өткізіледі. Кейбір ұстаздар осы саладағы өздері өткізген үлгілі жұмыстарының нәтижесін басқаларға ұсынуға мән бермейді.
Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарда да сол ғылымды сүйе білуге тәрбиелеп, өз беттерінше білім ала білуге үйрету керек. Ұстаздар тәжірибесі сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың сабақтан басталатынын көрсетеді. Сондықтан да сабақты қызықты етіп өткізу арқылы оқушылардың білімді өз беттерімен тереңдете алатын болуына негіз қалау қажет.
Көп жылдан бері студенттермен жүргізіп келе жатқан ұстаздыққа тәрбиелеуге байланысты жұмыстардың барысында көптеген теориялық және сарамандық маңызы бар әдістемелік материалдар жинақталды. Бүгінгі таңда халық ағарту саласы алдына жаңа да биік талаптар қойылып отыр. Жеткіншек ұрпаққа білім мен жан-жақты тәрбие беруді одан әрі жетілдіру ісін түбегейлі жақсарту міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында мемлекеттік маңызы зор шаралар қатарында оқу-тәрбие ісі де терең талданып, мектеп реформасына байланысты көтерілген мәселелерді шешуге мүдделікпен карап, мазмұнды жұмыспен ат салысу керектігі атап айтылды.
Республикамызда білім беру жүйесінің міндеттерін ойдағыдай шешу, заңда атап көрсетілгендей, бүкіл тәрбие ісін жинақты жүргізуге, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз етуге байланысты.
Егер оқу - тәрбие барысының даму кезеңдеріне бір сәт көз жіберіп қарасақ, қазақ мектептерін былай қойғанда, алғашқы кездерде орта білім беретін орыс мектептерінде сыныптан тыс жұмыстардың рөлі тіптен жоқтың қасы болды.
Мектептерде биология пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіру мен түрлерін жақсарта түсу мәселелері әр кез мұғалімдердің назарынан тыс қалған емес. Мектептердің даму кезеңдерінің әр түрлі сатысында сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен мақсаты өзгеріп нақтыланып, дамып отырғанын мұғалімдер тәжірибесінен байқауға болады. Қазіргі кезеңде сыныптан тыс жұмыстар биология пәнін саналы меңгеруге негізделген.
Сыныптан тыс биологиялық жұмыстардың көздейтін мақсаты әр түрлі үйірмелер мен бірлестіктер қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу. Мектептердің дамуының алғашқы кезеңдерінде оқушыларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға көбірек тарту, оқу көрнекі құралдарын дайындату арқылы биологиялық кабинеттерді оқушылардың өздеріне жабдықтату міндеттері де басты орында тұрады.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың түрлері мен әдістерін жетілдіруге арналған ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіліп, олардың нәтижесі ғылыми тұрғыдан тұжырымдала бастады. Олар биология тарихынан баяндамалар дайындап, жергілікті биология өндірісіне топсеруен жасаумен айналысқан.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың басты негіздерін шешу жөніндегі алғашқы жұмыстар Москва қаласында №110 мектептің мұғалімі Л.И.Розинаның еңбектерінен байқалады. Ол академик Н.Д.Зелинскийдің басшылығымен ұйымдасқан биология қоғамының жұмысын жинақтап, қортындылайды.Л.И.Розинаның іс - тәжірибесі қалалық мектептердің жағдайына негізделіп жазылғандықтан,селолық мектептердің жағдайына аса қолайлы болмады. Осыған орай Л.И.Розинаның ұсынған қондырғылары барлық мектептер үшін шешімін таппаған кездейсоқ қорытындылар екені сыналады. Дегенмен бұл еңбек сыныптан тыс жұмыстарды жетілдіруде мұғалімдерге көп көмегін тигізді.
Орта мектептердегі биологиядан сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар және оған педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерін даярлау деген тақырыпта П.Н.Карелин өзі жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесін қорытындылап жазды. Ол өз еңбегінде сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастырудың және оны өткізудің түрлері мен әдістерін әңгіме етеді. Болашақ мұғалімдерді биология пәніне байланысты сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды ұйымдастыруға тәрбиелеудің негізгі мәселелері сөз болды.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың оқу - тәрбиелік рөліне, ұйымдастыру принциптеріне баса назар аударған. Дегенмен бұл салада әлі де зерттеліп, жетілдіре түсетін түйінді мәселелер баршылық. Орта мектеп түлектерінің бірсыпырасы оқу бағдарламасына сәйкес алған білімін іс жүзінде пайдалануда шорқақтық танытса, енді бірқатары биологиялық тәжірибелерді институт қабырғасының өзінде де жете меңгеріп кете алмай жүр. Жас мұғалімдер тек сабақ беруді ғана біліп, сыныптан тыс білім беру мәселесіне аз көңіл бөледі.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында сабақ пен сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру; мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай - ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсіресе баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен көнекі көрсетіп, сабаққа танымдық арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім сыныптан тыс ақпараттық жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс.
Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс - әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді.
Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстар оқушылардың биологиялық білімін дамытып қана қоймайды, олар жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезінуі керек. Сыныптан тыс ақпараттық жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып,қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқаратын болады. Ондай тапсырмаларға қарапайым құралдарды құрастырудан бастап биология кабинетін толық жабдықтауға дейінгі жұмыстар жатады. Осыдан қоғамдық пайдалы жұмыстардың сарамандық сипаты қажеттігі айқын көрініп тұрады.
Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы-күрделі сағат. Бұл уақыт (оқушылар үшін шынында бос болғанымен) әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.
Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Бұл мәселе бүгінде педагогтарды көп толғантып жүр. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандыру мүмкін емес, сондықтан да сыныптан тыс әр түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізіледі. Мұндай ақпараттық жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі.
Бұдан шығатын қорытынды, яғни сыныптан тыс жүргізілетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-сыныпқа арналған «Өсімдіктану» пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері
Танымжорық
Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу әдістемелері
Жалпы оқыту әдістемесі
Биологиядан сабақтан тыс жұмыстар
Сабақтан тыс жұмыстардың мақсаты
Биологияны оқыту әдістемесі және сабақтан тыс жұмыстар
Биология сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
Биoлoгия сабағынан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырy
Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру
Пәндер