Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІНЕ СИПАТТАМА . . . 5
1. 1 Білім беруде қолданылатын АКТ құралдары . . . 5
1. 2 Білім беру жүйесін басқару механизмдерінің жетілдірілуі . . . 13
1. 3 АКТ құралдарын құзыреттілікті арттыруда пайдалану тиімділігі . . . 25
2 БИОЛОГияНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ . . . 31
2. 1 Биология сабағында дидактикалық материалдарды меңгертуде ақпараттық технология құралдарын пайдалану . . . 31
2. 2 Биология сабағындағы интерактивті тақта және оның мүмкіндіктері . . . 47
2. 3 Биология сабағында оқушылардың ақпараттық техологияны қолдану әдістемесін жетілдіру . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 79
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі « . . . осы заманғы білім беру, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген, сол себепті де елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылып отырған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділігі мен жеке даралық қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпараттық технологиялар қолдану әлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашуда. Осы орайда жоғарғы оқу орнын оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың мәнін ашуды талап етеді. Сондықтан біздің зерттеу проблемамыздың әдіснамалық негізіне жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесі, оның ішінде кредиттік оқыту, ақпараттық технологиялар пайдалану мәселелері алынды.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың үнемі назарында болып келеді. Білім беру саласын ақпараттандыру, компьютерлендіру мәселелерінің әртүрлі аспектілері В. С. Гершунский, А. П. Ершов, В. М. Монахов, Е. И. Машбиц секілді ғалымдардың зерттеу еңбектерінде көрініс тапқан. Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі Ю. С. Брановский, Н. В. Василенко еңбектеріне арқау болған. Ал Қазақстанда бұл мәселелерге Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, С. К. Кариев, К. А. Таңатаров, К. З. Халықова тың зерттеулер жүргізді.
Биологияны оқытуды ақпараттандыру - бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын биология сабағында қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарын қамтамасыз ету үдерісі. Оқу үдерісінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бөлігі дербес компьютерлерді қолдану, интернет желісін пайдалану арқылы жүреді. Сондықтан ол Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылатын негізгі мақсатты көздейді. Олай болса, білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы. Биологияны оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдалануоқушылардың, білімгерлердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі кезеңде өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз. Оқытудың ақпараттық технологияларына дербес компьютерлерден басқа мультимедиалық, электрондық оқулық, ақпараттық білім берудегі негізгі құрал интерактивті тақтаны жатқызамыз.
Қазіргі күннің білім беру салаларына қояр басты талабы - ақпараттандырылған жан-жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт дайындап шығару болғандықтан, жоғарғы оқу орны оқытушы-профессорлары алдына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Соған байланысты студенттерге ақпараттық білім негіздерін негіздеу, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу іс-әрекетін жүзеге асыру болып отыр. Осы орайда педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, студенттердің білім-білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізетін ақпараттық технологияның бір түрі - интерактивті технология. Мұндағы интерактивті сөзі «inter-бірлесу, act-әрекет жасау» мағыналарын білдіреді, бұл нақты уақыт режимінде қолданушы мен ақпараттық жүйе арасында диалог құрушы құралдар.
Диплом жұмысы тақырыбының мақсаты: биологияны оқыту үрдісінде ақпараттық құзыреттілікті арттыру жолдарын көрсету.
Диплом жұмысының мақсатына жету үшін орындалатын міндеттеріне мыналарды жатқыздым:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға сипаттама беру;
- Оқу үрдісінде АКТ қолдану ерекшеліктерін айқындау;
- Биологияны оқыту үрдісінде ақпараттық құзыреттілікті арттырудың тиімді жақтарын ашып көрсету;
- Тақырыпқа сәйкес қорытынды жасау.
Дипломдық жұмыс тақырыбын зерттеуде теориялық мағлұматтар жинау, жиналған ақпаратты талдау, салыстыру, сараптау және тұжырымдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Білім беру жүйесінде ақпараттық-коммуникативтік құралдарды қолдану әдістемесіне сипаттама
1. 1 Білім беруде қолданылатын АКТ құралдары
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың ІІІ тарауы, он сегізінші бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай - ақ он жетінші бағыттың үшінші тармақшасында «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.
Ақпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.Жаңашыл қоғамды ақпараттандыру үрдістері және олармен тығыз байланыстағы білім беру жүйесінің барлық формаларын ақпараттандыру үрдістері жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияларын (АКТ) меңгеру және жапай тарату үрдістерімен сипатталады. Мұндай технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде оқытушы мен оқып үйренушінің арасында қарым-қатынас орнату және мағлұмат алмасу үшін белсенді қолданылады. Жаңашыл оқытушы АКТ төңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды өзінің кәсіби іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс. Технология түсінігі практикалық есептерді шешу үшін ғылыми және инженерлік білімдерді пайдалану мағынасын білдіреді. Олай болса ақпараттық технология ретінде білімнің ақпараттық ресурсқа айналу үрдісін алуға болады. Ақпараттық технологияның мақсаты кейіннен оны талдау үшін және соның негізінде қандай да бір әрекеттерді орындау туралы шешім қабылдау үшін ақпарат өңдіру болып табылады. Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (АКТ) - ақпаратты өңдеудің әр түрлі алгоритмдерін, әдістерін, механизмдерін және түрлі құрылғыларын сипаттайтын ортақ түсінік. Маңызды жаңа АКТ құралдары ретінде сәйкес программалық қамтамасыз етілген компьютер және ақпарат орналасқан телекоммуникация құралдары болып табылады. Мүмкіндіктері онда орнатылған программалық қамтамасыз етумен анықталатын дербес компьютерлер кез келген білім беру жүйесінің ақпараттық ортасы үшін негізгі АКТ құралдары болып табылады. Программалық құралдардың негізгі категориялары- жүйелік программалар, қолданбалы программалар және программалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын құрал-саймандар. Жүйелік программаларға, біріншіден, дербес компьютер қолданушысының программалармен және барлық басқа програмалардың құрылғымен қарым-қатынасын қамтамасыз ететін операциялық жүйелер жатады. Сонымен қатар бұл категорияға қызметтік және сервистік программаларды да жатқызуға болады. Ал қолданбалы программаларға ақпараттық технологияның инструментариі, яғни мәтінмен, графиктермен, кестелік мәліметтермен және т. б. жұмыс істейтін технологиялар болып табылатын программалық қамтамасыз ету жатады. Білім берудің жаңашыл жүйелерінде әмбебап кеңселік қолданбалы программалар және АКТ құралдары: мәтіндік процессорлар, электронды кестелер, презентация дайындау программалары, МҚБЖ, органайзерлер, графикалық пакеттер және т. с. с. кең тараған. Компьютерлік желілердің және басқа оның АКТ құралдарының арасындағы баламалары пайда болуынан білім беру жаңа сапаға ие болды. Ол бірінші кезекте жер шарының кез келген жерінен ақпараттарды жылдам алу мүмкіндігімен байланысты болды. Интернет ауқымды желісі арқылы әлемдік ақпарат ресурстарына (электрондық библиотекалар, мәліметтер қоры, файлдар қоймалары және т. б. ) жылдам қол жеткізуге мүмкіндік бар. Интернеттің әйгілі ресурсы - WWW бүкіл әлемдік өрмегінде екі миллиардтай мультимедиялық құжаттар жарияланған. Желіде АКТ-ның басқа да құралдарын пайдалануға мүмкіндіктер бар. Олардың қатарына электрондық пошталарды, сілтемелер тізімдерін, жаңалықтар топтамаларын, чаттарды жатқызуға болады. Нақты уақыт режимінде сұхбаттасу үшін байланыс орнатылғаннан кейін дыбысты, суреттерді, пернетақтадан еңгізілген мәтінді және кез келген файлды жіберу мүмкіндігін беретін арнай программалар жасалынған. Бұл программалар жойылған қолданушылар бірігіп жергілікті компьютерде қосылған программалармен жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Компьютерлік желілер арқылы жіберілетін мәліметтерді сығудың жаңа алгоритмдерінің пайда болуынан дыбыс сапасы едәуір артты және кәдімгі телефон желілеріндегі дыбыс сапасына жуықтады. Осының нәтижесінде жаңа АКТ құралы - Интернет - телефония салыстырмалы түрде екпінді дами түсті. Арнайы программалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың көмегімен Интернет арқылы аудио және бейнеконференциялар өткізуге болады. Телекоммуникациялық желілерде ақпараттарды іздеу тиімділігін қамтамасыз ету үшін жасалынған автоматтандырылған іздестіру құралдары бар. Олардың мақсаты - компьютерлік желілердің ақпарат ресурстары туралы мәліметтерді жинап, қолданушыларға жылдам іздеу қызметін ұсыну. Іздестіру жүйелері арқылы бүкіл әлемдік өрмектің құжаттарын, мультимедиялық файлдарды және программалық қамтамасыз етуді, адамдар және мекемелер туралы мекен-жайлық ақпаратарды іздеуге болады.
АКТ желілік құралдарының көмегімен оқу-әдістемелік және ғылыми ақпараттар алуға, консультациялы көмек беруді жылдам ұйымдастыруға, ғылыми зерттеу жұмыстарын модельдеуге, нақты уақыт аралығында виртуальды сабақтар (семинарлар, дәрістер) жүргізуге үлкен мүмкіндіктер бар. Ақпараттық технологиялардың қоғамдық мәніне талдау жасай келе келесідей тұжырымдар жасалды:
Жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар қоғам дамуының ең маңызды стратегиялық факторы болып табылатын ақпараттық ресурстарды белсеңді және тиімді пайдалану мүмкіндігін береді;
Өркениеттің дамуы, жұмыс істейтін тұрғындардың көпшілігінің еңбек объектілері мен нәтижелері материалдық құндылық емес, ақпарат пен ғылыми білім болып табылатын ақпараттық қоғам бағытында іске асуда. Сонымен қоса ақпараттық технологиялар қоғамда болып жатқан ақпараттық үрдістерді тиімді ету және көп жағдайларда автоматтандыру мүмкіндігін береді;
Ақпараттық үрдістер, басқа, одан да күрделі өңдірістік немесе қоғамдық үрдістердің маңызды элементі болып табылады. Осыған байланысты ақпараттық технологиялар қоғамдық немесе өңдірістік технологиялардың сәйкес құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады;
Телекоммуникациялық технологиялар, ақпараттық технологиялардың бір бөлігі бола тұра, адамдар мен мекемелер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз етуде, сондай-ақ жаппай ақпарат тарату мен дайындау жүйесінде маңызды роль атқарады;
Ақпараттық технологиялар қоғамды тұлғаландыру, оның білім беру жүйесін және мәдениетін дамыту үрдісінде негізгі орын алады. Сондай-ақ, оқытатын ақпараттық құралдарды пайдалану, кадрларды қайта дайындау және олардың квалификациясын өсіру жүйесі үшін де, өзіндік білім алу жүйесі үшін де тиімді әдіс болып табылады. Қашықтан оқыту және ашық білім беру жүйелерінің көзқарасы бойынша маңызды болып келетін АКТ-ның бірнеше негізгі кластары бар. Бейнежазбалар мен телевидениялар осы технологиялардың бірі болып табылады. Бейнетаспалар және сәйкес АКТ құралдары көп көлемді студенттерге мықты оқытушылардың дәрістерін тындауға мүмкіндік береді. Дәрістер жазылған бейнетаспаларды арнайы бейнекластарда да, үй жағдайларында да қолдануға болады. Мысалға, американдық және европалық білім беру курстарындағы негізгі материал баспа беттерінде және бейнетаспаларда ұсынылады. Оқытылатын материалды ұсынатын мұндай жүйелер біздің елде де таралуда. Сонда да барлық курстарды бейнематериалдармен бекіту қажет емес: ресейлік студенттер батыс студенттеріне қарағанда бейне көрсетілімдерге аса үйренбеген; егер курс материалы кітаптан және бейнетаспалардан тұрса, онда ресейлік студент, бәрінен бұрын кітапты, сосын барып бейнетаспаларды қарастырады. Егер оқу курсына визуальды ақпарат қажет болса және оны қағазға басылған түрде ұсыну мүмкін болмаған жағдайларда бейнематериалдар қажет болады. Егер бейнетаспа - қосымша иллюстрациялары жоқ құр ғана дәріс жазбасынан ғана тұрса, онда ол пайдалы, бірақ қажет емес. Қазіргі жағдайларда бейнелік оқытуды қолдануға психолоиялық та, техникалық та бөгеттер жоқ, өйткені халықтың көп бөлігінде бейнеаппаратуралар бар және бейнетаспаларды арендаға ала алатындай көптеген бейнепрокат пунктары бар. Мысалы, осы принцип бойынша оқу материалдары жазылған бейнетаспаларды прокатқа ала алатындай қашықтан оқыту орталықтарын құруға болады. Кең тараған АКТ құралдарының бірі болып табылатын телевидение адам өмірінде үлкен роль атқарады: әрбір жанұяда дерлік ең болмағанда бір теледидар бар. Оқу теле-бағдарламалары бүкіл әлем бойынша кеңінен қолданылуда және қашықтан оқытудың жарқын мысалы болып табылады. Телевиденияның көмегімен білімнің меңгерілгендігін бақыламай-ақ кең көлемді аудиторияның жалпы дамуын көтеру мақсатында дәрістерді беру мүмкіндігі және де соңынан арнайы тесттер мен экзамендердің көмегімен білім деңгейін тексеру мүмкіндігі пайда болды. Өкінішке орай аталған технология тек үлкен аудиторияларға, мысалға, шет тілін оқитындарғы немесе қандай да бір ғылым негіздерін оқитындарға ғана қолданыла алады. Анағұрлым тар бағыттағы курстар үшін ұлттық немесе қалалық телевидениені пайдалану қиынға түседі.
Кабельді телевидение үлкен қалаларда кең таралған. Бұндай қала тұрғындарының көбі, хабарламалар күніне 4-6 сағаттай жүргізілетіндіктен кабельді телевидениенің пайдасын сезінді. Кабельді телевидение студиялары көшіруге рұқсат етілмеген бейнематериалдарды тарату орталықтарына айнала алады. Көптеген оқу теле және радиобағдарламалары спутниктік телевидение арқылы беріледі. Мысалы, 1971 жылы құрылған INTELSAT халықаралық ұйымы оқыту бағдарламаларын бүкіл әлемге дерлік ұсыну үшін өзінің 15 спутнигін бөлді. Спутниктік арналар бейнекескіндердің, дыбыс, мәтін және құжаттар көшірмелердің барлығын бірге цифрлік түрде ұсына алатын ISDN коммуникациялық желісін ұйымдастыру мүмкіндігін де береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz