Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
І бөлім. Химияны оқыту әдістемесіндегі жаратылыстану ғылымдарының маңызы . . . 7
1. 1 Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері . . . 7
1. 2 Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы . . . 8
1. 3 Химияның жаратылыстану жүйесіндегі ролі . . . 11
1. 4 Химия пәні және ақпараттық технологиялар . . . 12
ІІ бөлім. Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктері . . . 16
2. 1 Химияны оқытудағы пәнаралық байланыстардың маңызына қысқаша сипаттама . . . 16
2. 2 Мектептерде химия мен биологияны байланыстыра оқыту . . . 20
2. 3 Оқушыларға химиялық есептерді меңгертудегі математикалық тәсілдердің ролі . . . 25
2. 5 Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудағы элективті курстардың маңызы . . . 40
2. 6 Мектеп химиясын экологиямен байланыстыра оқыту . . . 49
2. 7 Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту . . . 55
Қорытынды . . . 60
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 62
Кіріспе
Химия жаратылысты зерттейтін ғыымдардың бірі. Жаратылыс дегеніміз - бізді айнала қоршаған материялық дүние. Сондықтан, химия жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Мен дипломдық жұмысымда «Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра қыту ерекшеліктері» тақырыбы бойынша мектептегі химияны оқытудағы жаратылыстану пәндерінің маңызын ашуға тырыстым. Химияны оқытудағы пәнаралық байланыстардың ролін зертедім.
Тақырыптың өзектілігі: Пәнаралық байланыс- оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пәндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Пәнаралық байланыс оқушының меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады. Бұл мәселенің ең негізгі дидактикалық міндеті - оқыту үрдісінің білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып, білім сапасын көтеру болып табылады.
Пәнаралық байланыстың алдына қоятын мақсаты сан алуан. Бірі пәнаралық байланыс бойынша білімнің теориялық негізін күшейтуді көздесе, екіншісі, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды, үшіншісі осы мәселе негізінде оқушылардың практикалық дағдылары мен шеберліктерін дамытуды тағы басқа сол сияқты түрлі- түрлі мақсаттарды көздейді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың оқу-танымдық қызметі мен оқытушының оқыту қызметінің өзара байланысын күшейту мәселесі де қарастырылуы мүмкін.
Оқытуда пәнаралық байланыс мәселесін жүзеге асыру арқылы білім беру үрдісінің пәндік құрылымына сүйене отырып, оқушы санасында қоршаған ортадағы нақты құбылыстар жөнінде білім жүйелерін беру, олардың дүниенің біртұтастығы туралы ұғымын қалыптастыру мақсаттары жүзеге асады.
Орта мектептерде химиядан білім берудің тиімді тұстарын саралаған авторлар қатарына А. П. Крешковты, А. А. Ярославцевті, К. М. Ольшанованы, З. А. Барсукованы атауға болады. Осы ғалымдардың еңбектеріндегі тиімді қағидаларды мен өз жұмысымның барысында пайдалануға тырыстым.
Орта мектептерде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру оқытушының аса күрделі әдістемелік міндеттерді шешуін талап етеді. Себебі, оқытушы тек бір ғана негізгі пәннің мазмұнын, мақсатын, әдістерін меңгеріп қана қоймай, арнайы пәндердің, мысалы «Химия», «Физикалық химия», «Биология» т. б. ғылымдарының мазмұнын, мақсатын және оларды оқытуға қойылатын талаптарды жете білуі қажет. Сондықтан мектептерде химия пәнін оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін осы пәндерді оқытатын оқытушылар бірлесіп жұмыс істегенде ғана жетістікке қол жетеді.
Химияны пәнаралық байланыста оқыту үрдісін жүзеге асыруда әдістемелік тұрғыдан оқытушының қызметі күрделеніп, төмендегідей кезеңдерді қамтиды:
- аналитикалық химияның оқу бағдарламасын талдап, оның пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы мүмкіндігін анықтау. Химияның теориялық материалдарын тірек ете отырып, арнайы пәндердің бағдарламаларымен байланыстыруға болатын бөлімдерін анықтау. Осы байланыстар негізінде игерілетін білім, білік, дағдылар көлемін анықтау;
- пәнаралық байланыстағы тақырыптық сабақ жоспарларын құру;
- нақты тақырыптар бойынша пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудағы дидактикалық талаптарды ескере отырып, сабақта қолданылатын құралдарды, танымдық есептерді, тапсырмаларды тұжырымдап, қосымша әдебиеттерді анықтау, арнайы пәндер бойынша көрнекіліктер мен таратып берілетін материалдарды іріктеу;
- оқытуды ұйымдастырудың кешенді түрлері мен жүргізу жолдарын саралау (пәнаралық байланыстағы қорытынды сабақтары, кешенді семинарлар т. б. ) ;
- пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру нәтижелерін бақылау мен бағалаудың түрлерін, құралдарын, әдіс-тәсілдерін анықтау (пәнаралық байланыстар бойынша алған білімдері мен біліктерін анықтауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар) ;
- пәнаралық байланысты жүзеге асыруда қолданылатын белсенді технологияларды іріктеу.
Оқушыларды пәнаралық байланыстар негізінде оқытудың алғашқы кезеңдерінде түсіндірмелі- иллюстрациялы әдіс жиі қолданылады. Оның себебі, оқытушы пәнаралық мазмұндағы материалды түсіндіре отырып, білім алушылардың жұмыс түрлерін жүргізе білу дайындығын күшейту. Осы арқылы біртіндеп оқушыларда пәнаралық мазмұндағы материалмен жұмыс істеу білігі қалыптасады. Осыдан кейін барып, репродуктивті және ішінара ізденіс әдістерін қолданып және шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту мүмкіндігі туады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың ерекшеліктерін анықтау, маңызын айқындап беру. Химияның физика, математика, биология секілді жаратылыстану ғылымдарымен байланысына қысқаша сипаттама бере отырып, нақты мысалдармен көрсету.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі химияның ролін анықтау;
- химияны оқытудағы пәнаралық байланыстарға сипаттама беру;
- тақырыпты қорытындылай отырып, тұжырымдар мен тиімді ұсыныстар жасау.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін орта мектептегі химияны оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: химия сабағында және сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық негізде салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Тақырыптың ғылыми жаңалығы:
- химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми - теориялық және әдістемелік негіздері айқындалды.
- химия пәні сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарда пәнаралық байланыс арқылы салауаттылық туралы білім беру теориялық тұрғыдан негізделді.
- химия сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастырудың әдістемесі жасалды.
- орта мектеп химиясын пәнаралық байланыста оқыту арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыратын білім мен тәрбие берудің тиімділігі педагогикалық эксперимент барысында дәлелденді.
Құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім. Химияны оқыту әдістемесіндегі жаратылыстану ғылымдарының маңызы
1. 1 Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін мәселелері
Қазірге дейін химияны оқыту әдістемесі − ғылым ретінде танылып келеді. Сондықтан да химия пәні мұғалімдерін дайындайтын жоғары оқу орындарының оқу жоспарына химияны оқыту әдістемесінің курсы енгізілді.
Химияны оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым әрі оқу пәні. Химия − заттардың бір−біріне өзгеруін зерттейтін ғылым. Демек, химияны оқыту әдістемесі мектептің химия курсындағы осындай заңдылықтарды оқушыларға үйрету жолдарын, түсіндіру тәсілдерін зерттейтін педагогикалық ғылым деп түсінуіміз керек.
Оған оқу үрдісін ұйымдастыру, оқушылардың танымдық іс−әрекетіне басшылық, сарамандық дағдылар мен іскерліктер қалыптастыру, шығармашылық қабілеттер мен ғылыми дүниетанымдық көзқарастарды дамыту жатады.
Келесі мәселе − «қалай оқиды?» − деген сұрақтың жауабына келсек, ол оқушылардың іс−әрекеті бойынша анықталады. Химияны оқыту әдістемесіне ғылыми тұрғыдан қандай анықтама беруге болады? Бұл әлі күнге дейін толық шешімін таппаған мәселелердің бірі болып саналады. Кейбір оқу құралдарында мынадай анықтама берілген: бұл жасөспірімдерге химия ғылымын үйретудің қоғамдық әрекеті және оларды білім алуға тәрбиелеп, дамыту, мектептегі химия курсының мазмұнын оқушыларға игерту заңдылықтары туралы педагогикалық ғылым.
Химияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалын оөытуы мен оқушылардың химиялық саналы меңгеруін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап береді.
Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретінде оқытудың мазмұнын, оқу әдістерін тәрбие жұмысымен бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн−мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқушының іс−әрекетін бір−бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін обьектісі сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз − жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру бірлігі. Ал әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту − нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.
Химияны оқыту әдістемесі ғылымы оқыту әрекетін әдістемелік деңгейде зерттейді. (1- сызба)
Оқыту әрекетін, тұтастай алғанда дидактика зерттейді. Ол оқыту әрекетінің мәнін ашып береді, заңдылықтары мен негіздерін саралайды. Дидактика бір жағынан, оқытудың теориясын жасайды, екінші жағынан сол теорияны оқыту арқылы оқытудың сарамандығын жетілдіреді. Барлық жеке пәндерді оқыту, солардың ішінде химияны оқыту әдістемесі дидактиканың ашқан жаңалықтарына сүйенеді, оларды өзінің әдістемелік негізі ретінде пайдаланады.
Жалпы педагогикалық және дидактикалық заңдылықтарға сүйеніп, химияны оқыту әдістемесі орта мектептегі химия пәнінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды. Соларға сәйкес, мектептегі химия курсының мазмұны таңдап алынады. Ол мазмұн бағдарламаларда, оқулықтар мен оқу құралдарында баяндалады.
Әдістеменің зерттейтін тағы бір мәселесі−оқытудың ұйымдастыру формаларын, құралдарын және әдістерін жетілдіру, мектеп алдына қойылған жаңа талаптарға сәйкестендіру. Бұлар мұғалім мен оқушы еңбегінің арасындағы қатынасты, оқушының еріктілігін, дәйектілігін және белсенділігін арттыру жағына қарай бағыттап отыр.
Әдістеме химияны оқытудың нәтижесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.
Тәрбие беру және оқушыларды дамыту − орта мектепте оқытылатын барлық пәннің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәннің бірі ретінде ғана химия өз үлесін қосады. Оның үстіне химия өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере келіп, «Химияны оқытудың әдістемесі - химиядан білім берудің мазмұнын және химияны оқыту барысының заңдылықтарын зерттейтін педагогика ғылымының дербес бір саласы» деген анықтама беруге болады. Мұның алғашқы бөлігі оқытудың мазмұнын, соңғы бөлігі әрекет етуін қамтиды. Мазмұнды бөліп қараудың себебі де бар.
Мұғалімдер дайындайтын жоғары оқу орындарында химияны оқыту әдістемесінің оқу пәні теориялық және сарамандық курстардан тұрады. Теориялық курстың мазмұны студенттерге арналып, орыс тілінде басылып шыққан И. Н. Борисовтың, Д. М. Кирюшкин мен В. С. Полосиннің, Н. Е. Кузнецова және т. б., Г. М. Чернобыльскаяның әдістемелік оқу құралдарында баяндалған.
1. 2 Химияны оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Осының алдында ғана баяндалған химияны оқыту әдістемесін зерттеуді төрт мәселеге топтастыруға болады.
Химияны оқыту әдістемесі алдымен химия ғылымымен тығыз байланысты қарастырылады. Себебі, химияны оқыту әдістемесі мектеп химиясының мазмұнын анықтауда шешуші роль атқарады. Мектеп химиясы оқушыларға химия ғылымы ашқан теориялар мен заңдылықтарды, деректерді, ұғымдар мен түсініктердің негізін үйретеді. Химияны оқыту әдістемесіне өзара жақын химия ғылымының бір саласы − химия тарихы. Ол химия ғылымының жеке тарауларын оқытқанда оның даму жолдары мен заңдылықтарын ашуда, ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектерін түсіндіруде, элементтердің ашылу тарихын оқытқанда нақты деректермен көрсетуге мүмкіндік береді.
Сондай−ақ, химияны оқыту әдістемесі ғылымы дидактиканың заңдары мен ұғымдарына сәйкес дамиды. Химияны оқыту әдістемесінің жүйесі мен оған қойылатын талаптар оқыту әдістерінің дидактикалық сипатталуымен тығыз байланысты. Ол психология мен физиология ғылымдарымен де байланысты, өйткені, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес нақты материалдарға байланысты білім дамытылып отырады.
Бұл мәселелерді шешу үшін химияны оқыту әдісі зерттеулерде кеңінен қолданылатын мына әдістерді пайдаланады: бақылау, жорамал жасау, педагогикалық эксперимент, оқу-тәрбие құжаттарын, оқушылардың жазбаша, графикалық, техникалық және т. б. жұмыстарын талдау, мұғаліммен және оқушымен әңгімелесу, анкета алу т. б.
Химияны оқыту барысында сан алуан өзгерістер болып тұрады. Зерттеуші өзі ықпал жасамай, табиғи құбылыстарды қаз-қалпында, әр құбылыстың жеке бөліктері арасындағы байланыстарды, олардың өзге құбалыстармен байланысын, өзара қарым-қатынасын ашып береді.
Бақылаудан алынған мәліметтерге сүйеніп, ғылыми жорамалдар жасалады. Оның дұрыстығын тексеру үшін қосымша бақылаулар жүргізіледі немесе педагогикалық эксперимент қойылады. Эксперимент кезінде құбылыс бақылаудағыдай емес, зерттеушінің жорамалына сәйкес алдын ала жоспарланып, өзгертілген жағдайда жүзеге асады. Зерттеудің мәселесі мен мақсаттарына қарай енгізілетін өзгерістер де әртүрлі болуы мүмкін.
Оқушылардың жұмысын талдау, әңгімелесу және анкета алу арқылы білім, білік және дағдының қалыптасу жайын, мұғалім мен оқушының зерттеліп отырған мәселеге көзқарасын анықтайды.
Химиядан оқу материалын іріктегенде, көрнекі көрсетілетін және зертханалық тәжірибелерді жетілдіруде, көрнекі құралдардың жаңа түрлерін жасауда, оқытудың формалары мен әдістері қолданылады. Оларға жататындар: оқу материалын іріктеу, химия ғылымының мазмұнын әдістемелік талдау, бұрыннан қолданылып келе жатқан көрнекіліктерді, зертханалық тәжірибелерді, көрнекі құралдарды жетілдіру және жаңадан ұсыну, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының тапсырмаларын жасау, т. б.
Химия жаратылыстану ғылымдарының жүйесінде физика, биология, геология ғылымдарымен тығыз байланысты. Қазіргі заманғы ғылымдардың көптеген тараулары осы ғылымдардың түйісу шегінде қалыптасқан: физикалық химия, геохимия, биохимия. Әсіресе, химия мен биология арасындағы терең байланыс негізінде медициналық химия, агрохимия секілді жаңа ғылым салалары дүниеге келді. Сонымен қатар, экология, геохимия, космостық медицина секілді кешенді ғылымдар қалыптасты.
Химия ғылым ретінде пайда болғалы бері физикамен тығыз байланыста дамып келеді. Физиканың көптеген тараулары (молекулалық-кинетикалық теория, кванттық механика, термодинамика және басқалары) химия ғылымының ғылыми-теориялық аппаратын құрайды. Қазіргі кезде химия ғылымында пайдаланылып келе жатқан әдістер негізінен физикалық әдістер болып табылады. Олар массаның, көлемнің, жылудың сандық өзгерісімен байланысты. Рентгендікқұрылым, заттарды хроматографиялық бөлу, спектралды анализ әдістері - бұл заттарды және химиялық реакцияларды зерттеудің физикалық әдістерінің мысалы. Ал осы зерттеулер нәтижесінде алынған барлық мәліметтер математикалық жолмен өңделеді. Сонда ғана химиктер нақты ғылыми нәтижелер алады.
Сонымен қатар, химияны оқытуда заттың әртүрлі агрегаттық күйдегі макроскопиялық қасиеттері мен заттың бір күйден екінші күйге өтуінің заңдылықтарын түсіндіруге мүмкіндік беретін материяның атомдық-молекулалық құрылысы туралы түсініктерге негізделген молекулалық физиканың маңызы үлкен. Химия - заттардың бір түрден екінші түрге айналуын, құрамы мен құрылысын зерттейтін ғылым. Басқаша сөзбен айтқанда, химияда да, молекулалық физикада да заттың құрылысы мен қасиеттері негізге алынады, соған қарамастан заттың құрылысы мен құрамының оның химиялық қасиеттеріне, ал молекулалық физикада физикалық қасиеттеріне әсері негізге алынады.
Осыған байланысты орта мектепте химия мен молекулалық физиканы байланыстыра оқыту мәселесі қарастырылады.
Мектептегі химияны оқытуда оның молекулалық физикамен байланысы екі бағытта көрініс табады. Біріншісі оқушылар меңгерген молекулалық ережелерін химия сабақтарында пайдалануға негізделген. Екіншісі химиялық білімдер негізін молекулалық физикада зерттелетін мәліметтермен толықтыру болып табылады.
Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта VII - XI сыныптарға арналған оқулық бағдарламалар бойынша молекуалық ілім химияда да, физикада да дамып келеді. Бұл жерде оқулықтардағы сәйкес материал осы екі пәннің алдын ала қарастырылған мәліметтеріне сүйенеді. Сондықтан, оқытушының оқу материалының мазмұны мен осы пәндер негізінде оқушылардың алған тәжірибелерін білуі белгілі бір тақырыпты терең меңгертуді қамтамасыз ететін басты фактор болып табылады.
Бұл ғылымдардағы химиялық білімдердің ролі заттардың биологиялық жүйеде де, геологиялық жүйеде де бола отырып, дүние жүзілік зат айналымына қатысуына негізделеді.
Химия ғылым мен техниканың басқа салаларымен де тығыз байланысты. Химияда математикалық әдістер кеңінен қолданылады, процестерді есептеу мен модельдеуде электронды есептеуіш машиналары пайдаланылады. Қазіргі заманғы химияда көптеген жекелеген тараулар бөлініп шықты: бейорганикалық химия, органикалық химия, полимерлер химиясы, аналитикалық химия, электрохимия, коллоидты химия және басқалары.
1. 3 Химияның жаратылыстану жүйесіндегі ролі.
Философияда химия мәселесі физика мен математикаға қарағанда алдыңғы орында тұр. Бұған таң қалуға болмайды. Физика мен математикада біз экстремалды таным жағдайларын табамыз, олар бізді адам түсінігінің «шекарасына» дейін алып барады. Физика адамның «табиғат құпияларына» қаншалықты терең ене алатынын, оған заттың ұсақ бөлшектері, әлем элементтері, ғаламның шексіздігі қаншалықты бағынышты екендігін көрсетеді. Математика қатаң, нақты, конструктивті ғылыми пайымдаулардың үлгілерін береді. Ал химия физика мен математикаға сүйене отырып, өзінің материалды өндіріске, экономика мен тұрмысқа кең көлемде еніп кеткендігімен ерекшеленеді. Қазіргі кездегі ғаламдық мәселелер белгілі бір дәрежеде осы ғылыммен байланысты.
Барлық философиялық сұрақтар секілді, химия пәні туралы мәселе де тарихи маңызға ие. Абсолютті идеяның қалыптасу тарихын бейнелейтін Гегельдің «Логикасында» обьективтілікті үшке бөліп қарастырады: механизм, химизм және организм. Механизм - бұл өзара «рухани байланысы» бар бөлшектердің қосылысы. Механизмде ішкі тұтастық болмайды. Химизм бөлшектердің табиғатынан туындайтын біртұтастықты білдіреді. Механикалық қосылысқа қарағанда, химиялық қосылыс өзінің комбинацияға жатпайтын спецификасына ие. Ал организм телеологиялық табиғатқа ие құрамдық бөліктердің бірігуін білдіреді, яғни организм жанды нәрсе.
Гегельдің бұл идеясын жетілдіре отырып, Ф. Энгельс төменнен жоғары қарай даму идеясын ұсынды. Энгельс «механизм, химизм, организм» ұғымдарының орнына материя қозғалысының механикалық, физикалық, химиялық және биологиялық формалары деген ұғымды ұсынды. Ол механикалық қозғалысты төменгі, ал биологиялық қозғалысты ең жоғарғы қозғалыс деп санады, физикалық және химиялық қозғалыстарды аралық өтпелі формаға жатқызды. Материя қозғалысының химиялық формасы туралы пікірталастар осылай басталды.
Ал ХХ ғасырдың соңында орыс философы Б. М. Кедров философия ғылымына «химиялық сына» идеясын енгізді. Оның ойынша химия физиканы екі бөлікке - субатомдық және молекулалық физикаға бөледі. Ол «тіршіліктің химиялық формасы» осы екі физиканың қатысуымен пайда болады деп атап көрсетті және химиялық байланыс, химиялық қосылыстар ұғымдарын квантты-механикалық түсіндіруге тырысты. Осылайша, Энгельстің идеялары негізінде қалыптасқан Кедровтың «қозғалыстың химиялық формасы» концепциясы дамыды және бірқатар отандық философтардың қолдауына ие болды.
Ал Вавилов бастаған екінші бір философтар тобы «қозғалыстың химиялық формасы» биология ғылымынсыз мүмкін емес деген пікір айтып, физиканың ролін екінші сатыға ысырды. Олардың идеялары бойынша, тіршіліктің химиялық және биологиялық формалары бірін-бірі толықтырып отырады. Себебі, биосферада негізгі зат және энергия айналымдары жүреді.
Химия заттар, олардың қасиеттері мен өзгеру түрлері туралы ғылым. Ол қазіргі жаратылыстанудың маңызды саласы болып табылады. Жаратылыстану ғылымдары жүйесіндегі орны тек соған ғана тән материяның қозғалу формасының спецификасымен анықталады. Материя қозғалысының химиялық формасы молекулалардың сапалық өзгерісі кезінде молекулалардың ішінде жүретін атомдар қозғалысымен анықталады. Атомдар, молекулалар, макромолекулалар, иондар, радикалдар, сонымен бірге басқа да түзілімдер материя қозғалысының химиялық формасының материалдық тасымалдауыштары болып табылады. Молекулалардың ассоциациясы мен диссоциацияларын да молекулалар қозғалысының химиялық формасына жатқызуға болады. Қозғалыстың химиялық формасы сапалық тұрғыдан таусылмайды. Табиғатта және жасанды жағдайларда барлық жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, биология, геология, математика т. б. ) арасындағы өзара байланысты тұрақты бақылауға болады. Химия, физика және биология ғылымдары физикада қалыптасқан әдістер мен түсініктерді кеңінен пайдаланады; күрделі биологиялық құрылымдарды химия, биология және математиканың көмегімен ғана ашуға болады.
Орыс ғалымы М. В. Ломоносов: «Химия ғылымы денелердің қасиеттері мен өзгерісін, құрамын қарастырады, химиялық өзгеру кезінде заттар неге ұшырайтынын түсіндіреді», - деп анықтама берді.
Алайда, жоғарыда айтылғандардан химия пәні туралы мәселенің ролін анықтаудың мағынасы жоқ, ол әлдеқашан шешілген деген тұжырым жасауға болмайды. Химияның математика, физика, биология секілді жаратылыстану ғылымдары арасындағы ролі әлі толық зерттелмеген. Сондықтан оның әлі де берер жемісі мол.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz