Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ ТАРИХЫ: ТҮСІННІГІ, ПАЙДА БОЛУ
КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ДАМУЫ . . . 6
1. 1 Интеллигенция концепциясына қысқаша талдау . . . 6
1. 2 Ғылыми және көркем әдебиет интеллигенциясы теориялық
әдіснамалық зерттеу нысаны ретінде . . . 14
1. 3 Интеллигенция тарихын кезеңдерге бөлудің теория-әдіснамалық
негізі . . . 20
2. ХІХ ҒАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ САЯСИ ЖАҒДАЙДЫҢ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕРІ . . . 25
2. 1 Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ интеллигенциясының ахуалы . . . 25
2. 2 XX ғасырда қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары . . . 28
2. 3 ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ зиялыларының саяси қызметі . . . 36
3. XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА ҚАЗАҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ТАРИХТАҒЫ РОЛІ . . . 42
3. 1 Ұлт зиялыларының қазақ халқының рухани өміріндегі ролі . . . 42
3. 2 Қазақ ағартушыларының мәдениетке қосқан үлесі . . . 50
3. 3 Қазақ зиялыларының ғылымдағы ролі . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 88
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыста қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары көрсетіліп, олардың шығармашық қызметі зерттелген. Тамыры терең бір-бірімен замандас болған зиялылар өкілдерінің саяси және рухани көзқарастарына тарихи талдау жасалады.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ зиялыларының саяси қызметінде ерекше орны бар Алаш Орда тарихына да аттай 90 жыл толды. Ел тәуелсіздігін аңсаған Алаш арыстары қазақ халқының алдындағы өзінің азаматтық міндетін орындады. Олардың ұлттық идеясы әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
«Қазақстан Республикасындағы тарихи сананың қалыптасуы тұжырымдамасында» Қазақстан тарихы ғылымы алдында тарихи iлiм-бiлiмнiң үзiктiлiгi мен бiржақтылығынан мүмкiндiгiнше арыла отырып, өткен тарихымыздың шынайы бейнесiн жасау қажеттiгi айтылған еді [1] . Міне осы міндеттерді шешу үрдісінде бітім бейнесі замана талабына сай келетін жаңа зерттеулердің қатары көбейуде.
Қазақстан тарихының, сондай өзіне ерекше назар аудартатын іргелі тақырыптарының бірі қазақ интеллигенциясының отарлық кезеңдегі Қазақстандағы қызметі болып табылады.
Орыс пен қазақ халқының өзара байланысының тарихи тамырлары тереңде жатыр. Бірақта, соның ішіндегі оқиғалардың шиеленісуімен бізді ең бір қызықтыратын кезең ХХ ғасырдың басы болып табылады. Оның себебі: Қазақстандағы қоғамдық-саяси және мәдени дамуға аянбай ат салысқан, оған жетекшілік еткен белгілі қоғам қайраткерлерінің қызметі мен өмірінің сан-қырын ашатын деректердің молдығы. Сонымен қатар, аталған тарихи кезеңнің тағы бір сипатты белгісі қазақ және орыс интеллигенциясының өзіндік бір әріптестігі, ғылыми байланыстары қазіргі заман тұрғысынан әділетті түрде бағасын беру арқылы айқындалмақ.
Міне, осы жағынан алғанда, орыс мәдениеті зор рухани қуаттың көзі болды. Екінші жағынан, қазақ халқының аса үздік өкілдерінің де Ресей әкімшілік шенеуніктерінің қатарына белсене ене бастағандығы да осы кезеңде еді. Әрине бұның барлығы аса қатал отарлау саясаты жағдайында жүріп жатқан болатын. Еңбір қызықтысы жүргізілген шаралардың нәтижесі патша өкіметінің мақсатынан ауытқып та кетіп жатты. Патша өкіметінің күштеп шоқындыру, орыстандыру, ұлы орыстық шовинизімі жөнінде де айтуға болады. Бұның бәрі әрине көптеген ғылыми зерттеу еңбектерінде айтылды. Ал, мәселенің екінші бір жағы ағарту ісінің, ғылыми зерттеу жұмыстарының, шаруашылықтағы оңды өзгерістердің орын алғандығын жоққа шығаруға болмайды. Орыс ұлттық интеллигенциясымен қоян-қолтық араласа жүріп, қазақтың ұлттық саяси элитасы тәуелсіздік идеясын алға тартып, қазіргі егеменді Қазақстанның болашағын жасаған еді. Отарлық мүддеден туындаған ғылыми әскери экспидициялар да өз мақсаттарынан асып түсіп, қазақ халқының тарихына, этногенезіне, экономикасына баса көңіл аударып, аса құнды мәліметтер жинағаны да ақиқат. Сондықтан, осындай аумалы-төкпелі заманда азаматтық ар-ожданын сақтап, нағыз интеллигент екендігін көрсете білген, өзіндік ұстанымы бар қазақ зиялыларының ғылыми мұрасының Қазақстан тарихында өзіндік орны бар десек жаңылыспаймыз.
1905 жылы жазда революциялық өрлеу барысында патша өкіметі еңбекші халықтың наразылығынан, шет аймақтардағы халық қозғалысынан қорықты. Егер бұл қозғалыс орталықтағы революциялық ағынмен қосылып кетсе, үлкен қауіп төндіретіні даусыз еді. Сондықтан 1905 жылы 6-шы тамызда Мемлекеттік Дума жөніндегі патша манифесі басқа “бұратаналармен” бірге қазақ еліне де депутат сайлау құқын берді. Қазақ зиялылары осы істің бас-қасында жүріп ірі мәселелерді көтеріп, саяси сауатын аша бастады. Бұл кездегі қазақ қоғамында белгілі бір қоғамдық ұстанымда үгіт-насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда думаға даярлық мерзімінің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алды.
Қазақ қоғамындағы саяси-идеялық күрестің шиеленісуіне түрткі болған және ұлт зиялыларының көзқарас эволюциясында маңызды белес болған тарихи оқиға - 1917 жылғы Қазан төңкерісі: Ақпан революциясынан кейін ұйымдық жағынан Алаш партиясының төңірегінен біріккен ұлт зиялыларының арасынан Қазан төңкерісінен кейін қазақ халқы үшін социализм идеяларын құп көріп, бүлікшіл-большевиктік жолға ауыса бастаған зиялылар тарапынан (С. Сейфуллин, К. Төгісов, М. Әйтпенов, Ш. Әлжанов т. б. ) саяси күш қалыптаса бастады. Алаш партиясы мен оны қолдаған ұйымдарға “Бірлік”, “Жанар”, “Талап”, “Жас азамат”, “Үш жүз” партиясы, Ақмоладағы С. Сейфуллин басқарған “Жас қазақ” ұйымы, Омбыдағы Демократияшыл Жастар Одағы алаштық идеологияға қарсы күресе отырып, қазақ халқын бостандыққа жеткізудің большевиктік жолын таңдаған болатын. Төңкерісшіл ұйымдардың қазақ халқына саяси ықпалы күшті болмаса да, оларға дем беруші орыс большевиктерінің көмегі арқасында елеулі саяси күшке айналды. Ақпан революциясынан кейін ұлт зиялылары арасында неге жік туды? Қазақ зиялыларының бір тобы неге большевиктік жолға ауысты? Оның басты себебі Уақытша үкімет Қазақстан үшін де, Ресей үшін де маңызды мәселені (жер мәселесі, автономия т. б. ) бірден шеше алмады, оны Құрылтай жиналысының құзырына ысыра берді. Уақытша үкіметтің осындай шарасыздығы халықтың көңілін қайтарды. Сонымен қым-қиғаш оқиғалар арнасында қазақ зиялыларының қалыптасуы мен шыңдалуы жүріп жатты
Қазақ зиялы қауымы өзі теңдес халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларымен араласып, шығармашылық байланыста, қоғамдық-саяси істе бірегей-бірлікте болған. Әсіресе орыстың алдыңғы қатарлы зиялыларымен қоян-қолтық араласқан.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі бойынша саяси және рухани көзқарастарын зерттеу барысында табылған тың деректік материалдар негізінде жаңа көзқарастар тұрғысынан талдай отырып, олардың құндылықтарын айқындап көрсету - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылып отыр:
- ХІХ ғ. екінші жартысы-ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәнедиетінің қазақ зиялыларының қалыптасуына ықпалдастығы мен әсерін сипаттау;
- ХХ ғ. қазақ зиялыларының қоғамдық-тарихи көзқарасын айқындау;
- ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының дүниетанымын, тұжырымдамаларын көрсету.
Зерттеу нысаны: Қазақ халқын мәдени-ағартушылық дамытуға үлес қосқан қазақ зиялылары, оқымысты ғалым-ағартушылары.
Зерттеу пәні: Қазақ зиялыларының саяси және рухани көзқарастарына тарихи талдау жасау.
Зерттеудің методологиялық негіздері мен әдістері. Зерттеу жұмысын талдау барысында мен соңғы жылдары Отандық тарих ғылымындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістерді негізге алдым. Міне, сондықтан да мен өз зерттеуімде жаңа бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдарды, сыннан өткен, жаңа көзқарастар тұрғысынан жазылған отандық және шет елдік зерттеулерді басшылыққа алдым.
Дипломдық зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізіне диалектикалық тарихи даму заңдылықтарын және өркениеттілік, салыстырмалық, талдау, жинақтау мен қорыту, сонымен қатар жүйелілік әдістер арқылы бердім.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы алға қойылған міндеттердің өзектілігінен, тарихнамасын зерттеуден, қазақ зиялыларының саяси-шығармашылық және ғылыми еңбектерінің тарихы осы уақытқа дейін толық және шынайы тұрғыдан зерттелмеуінен туындайды. Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - мәселенің кешенді түрде зерттелуінде.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Интеллигенция тарихы: түсінігі, пайда болу кезеңдері және дамуы
1. 1 Интеллигенция концепциясына қысқаша талдау
Ешқандай қоғам интеллигенциясыз болмайды. Әсіресе соңғы екі жүз жылда интеллигенция қарқынды дамыды және ірі қоғамдық және өндірістік күшке айналды. Ақыл мен ой еңбегінің кеңеюі, рухани өндіріс көлемінің артуы, интеллигенцияның сандық және кәсіптік өсуіне жағдай жасады.
Интеллигенция феномені өте күрделі, тарих, философия және социология еңбектерінде «Интеллигенция» ұғымына нақты анықтама жоқ. Тарих ғылымында интеллигенция туралы көп айтылады. Бұл тақырыпта мен интеллигенция ұғымының пайда болуы тарихын ашуға тырыстым. Аталған ғылыми мәселенің әдіснамалық негізі ретінде кешенді әдісті пайдаландым.
Бір жағынан алғанда интеллигенцияның әр тобын осы үлкен әлеуметтік топтың бөлшегі ретінде зерттеу де маңызды. Мұндай әдіс интеллигенцияда болатын үздіксіз байланыстарды ашуға мүмкіндік береді.
Ұзақ жылдар бойы интеллигенцияны сипаттау кезінде оны белгілі бір әлеуметтік құрылымға жатқызатын таптық әдіс пайдаланылып келді. Сондықтан бұл әдіс әдебиеттерде ұзақ тұрақтай алмады. Мұндай әдіс интеллигенцияны ерекше әлеуметтік топ ретінде бөлуге ғана емес, оның мәнін ашуға да мүмкіндік беретін сапалық сипаттамаларды анықтауды мақсат етіп қоя алмады.
Л. Гуревич айтқандай «Бүгін біреулер интеллигенцияның экономикалық жағдайының нашарлауы мен әлеуметтік статусының төмендеуі туралы дабыл қағып жатса, екіншілері билікті интеллигенция басып алды деп сыңға алады». Бұл екі жағдай да интеллигенция түсінігіне әр түрлі мазмұн береді.
Интеллигенция термині Ресейде пайда болды және оның авторы П. Д. Боборыкин деген түсінік кең тараған. Соған қарамастан Гизо, Гегель, Маркс, Энгельс. Сонымен қатар басқа да елдердің әр түрлі ойшылдарының интеллигенция түсінігін қолдану және зерттеу нысаны көптеп кездеседі.
Отандық тарихтың мазмұнын байытып, осы кезге дейін қалыптасқан тарихи таным жүйесін қайта қарауда дәстүрлі тоталитарлық жүйенің әдістемелік негіздерінен бас тарта отырып, оны алмастыратын тың негіздер батыл тұрғыда іздестіріліп, зерттеу барысында қолданысқа енгізіліп келеді. Қоғам дамуының заңдылықтарын айқындап, тарихи үдерістерге баға беруде интеллигенция теориясы ұтымды тәсіл ретінде шетелдік қоғамдық ғылымдарда сәтті қолданыс табуда. Таптық қағидаларға балама позиция ұстанатын бұл концепция әзірге отандық тарих ғылымында іргелі зерттеу жұмыстарына негіз бола қойған жоқ.
Отан тарихының ең күрделі де түйінді нысаны болған Түркістан тарихы, әсіресе оның ұлттық-мемлекеттік мәжелеуге дейінгі кезеңі белгілі деңгейде зерттелгенімен бұл тақырып концептуалды тұрғыда терең қарастыруды қажет етеді. Өйткені ғылыми зерттеу бағыттары алдыңғы қатарға шығарып отырған күрделі тарихи үдерістердің себеп, салдарлы байланыстарын, ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін айқындау ғылыми зерттеу жұмыстарында тың әдістемелік тәсілдерді қолданып, жаңа бағыттарды игеруді қажет етеді. Ресейдің Қазақстанның оңтүстігі мен Орта Азияны отарлауы нәтижесінде құрылған әкімшілік-мемлекеттік бірлік ретінде Түркістан генерал-губернаторлығы мен кеңестік негіздегі Түркістан автономиялы республикасының тарихы отандық тарихтың ажырамас құрамды бөлігі ретінде үнемі назар аударуды қажет етеді. Тарихи жағдайлармен Түркістанға қосылған қазақ елі мен жерінің ұлттық мемлекеттілігімізді қалыптастырудағы маңызы өте зор. Жарты ғасыр әкімшілік-территориялық оқшаулық жағдайында бұл өлкеде патшалық, кеңестік биліктер отарлық тәртіпке тән озбырлықпен еркін ой-сананы бұғаулап, ұлттық рухани болмысты деформациялау саясатын жүргізді. Бұл саясат, әсіресе, өлкеде мемлекеттік билік құрылымдарының қалыптасуы мен ұлттық интеллигенция жүйесінің орнығуындағы кереғарлықтардан айқын байқалды.
Осыған байланысты өлкеде ұлыдержавалық шовинизмге қарсы кең өріс алған түркілік бірлік идеясы мен кеңестік тәртіптің ұлттық-территориялық межелеу арқылы ұлт республикаларын құру саясаты да тәуелсіздік идеологиясы талаптарына сай дәстүрлі тұжырымдардың ықпалынан арылып қазіргі заманғы әдістемелік тұрғыда қайта бағалауды қажет етеді.
Қазақстан мен Орта Азия республикалары тәуелсіздігінің бастауында тұрған бұл қозғалыстарды бірін-бірі толықтыратын біртұтас ортақ құндылықтарымен және бірін-бірі қайталамайтын ерекшеліктерімен дара құбылыстар ретінде қарастыру қажеттілігі айқын сезіліп отыр. Бұл мәселеге интеллигенция теориясы тұрғысынан назар аударылар болса онда тарихи танымның игілігіне айналатын соны нәтижелерге қол жеткен болар еді. Өйткені, бұл қозғалыстардың идеялық сабақтастығы мен бағдарламалық мақсаттарының сәйкестігі үйлестіруші факторларының ортақтығымен бірге олардың басқарушы интеллигенция өкілдерінің де саяси көзқарасы мен рухани-мәдени ұстанымдарының ортақтығынан туындап жатты. Бұндай саяси, мәдени-рухани ортақ ұстанымдардың негізділігі қазіргі бауырлас мемлекеттер арасындағы интеграциялық ықпалдастықты одан әрі өрбітуге жаңа тыныс береді. - тақырып өзектілігінің үшінші қыры - қазіргі заманғы тарихи таным тәсілдерінің бірі ретінде интеллигенция теориясы концепциясын қолдану мүмкіндігінен туындайды. Еліміздің тарихи Ресей мен Кеңес Одағы құрамындағы даму факторларының жүйесінде саяси басқару факторы маңызды орын алып келді. Бұл жағдай мемлекеттік басқарудың субъектісі болған интеллигенцияның рөлін арттыра түседі. Түркістан өлкесінде іске асырылған кез-келген модернизация осындай себептермен “жоғарыдан төменге“ қарай бағытталғаны белгілі. Тоталитарлық билік қоғамдық дамудың эволюциялық ырғағына қарсы жүргізген саясаты терең әлеуметтік, саяси күйзелістерге ұрындырғандықтан да осының бәріне тікелей жауапты билік басындағы басқарушы интеллигенцияның қоғамдық құбылысқа айналған болмысын тану қажет-ақ. Осы міндетті шешуде жаңа әдістемелік тәсілдің маңызы арта түседі деп есептейміз.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар мен бұрынғы кезеңдегі интеллигенцияайналымы үлгісінің түбірінен өзгергеніне қарамастан интеллигенция бұрынғысынша еліміздегі саяси үдерістің маңызды факторы болып отыр. Соңғы кездегі саяси, әлеуметтік талдаулар көрсетіп отырғандай елімізде қалыптасқан мемлекеттік билік құрылымдарында интеллигенция өзінің ролін нығайтып келеді. Бұл үдерістің алдағы уақытта да жалғаса түсетін тенденциясы байқалуда. Дәстүрлі қоғамдағы әлеуметтік институттардың билік құрылымдарын қалыптастыруда ұстанған құндылық бағдарлары қазіргі кезде де маңызын жойған жоқ [2] . Демек қоғамдық өмірде интеллигенция ықпалының артуы Қазақстанда үдерістердің генезисін тарихи деректік материалдар негізінде концептуалдық тұрғыда зерттеудің маңыздылығы тақырыптың барынша өзекті екендігі танытады.
“Интеллигенция концепциясының қалыптасуы, тарихнамасы және теориялық әдістемелік негіздері” деп аталған бірінші тарауда отандық және шетелдік зерттеулерде негізделген интеллигенция теориясының ғылыми мектептері, бағыттары талданып, тақырып бойынша жүйелі тарихнамалық шолу жасалды және мәселенің теориялық-әдістемелік негіздері қарастырылды.
Қоғам мен мемлекеттік билік құрылымының арақатынасы ежелгі дәуірден ойшылдар мен саясаткерлерді қызықтырған мәселеге айналды. Кунфуцзы, Платон Афинский, Аристотель еңбектерінде әділеттілік қағидасымен құрылған жетілген қоғамның үлгісі жасалды.
Интеллигенция мәселесінде Н. Макиавелли (1469-1527 жж. ) тұтастай ғылыми көзқарастар жүйесін негіздеп, арыстанның табандылығы мен түлкінің айлакерлігін үйлестіре алатын билеушінің бейнесін жасап, билік шыңына өз қажыр-қайратының арқасында, тағдырдың сәттілігімен, отандастарының қолдауымен немесе қылмыс жасау сияқты үш тәсілмен жетуге болады деп есептеді. Интеллигенция мен қоғамның ара-қатынасы туралы идеялар Томмас Гоббстың, Ж. Боденнің, Вольтердің көзқарастарында одан әрі дамытылды.
Г. В. Ф. Гегель әлемдік тарихты әлемдік рухтың қызметімен, оның парасатты және қоғам үшін аса қажетті еркімен байланыстырып, тарихтағы ұлы адамның рөлін бағалауға қатысты интеллигенция теориясын жаңа деңгейге көтерді.
Мемлекетті күштеу құралын заңды негізде қолданып, адамдардың адамдарға билік жасауының қатынасы ретінде қарастырған М. Вебердің билікті заңды деп танудың негізділігін айқындаған көзқарастары билік құрылымдарына талдау жасауда әдістемелік тәсіл ретінде тиімді қолданыла бастады.
К. Маркс пен Ф. Энгельс саяси билік бір таптың екінші тапты басып-жаншуда қолданатын күштеу құралы деп бағалап, революция барысында пролетариат билеуші тапқа айналып, таптық қарама-қарсылықтың шарттарын, тіпті тап ретіндегі өзінің де билігін жояды деген тұжырым жасады.
Орыс қоғамында интеллигенцияға қатысты ойлар Феофан Прокопович, А. М. Курбский, Симеон Полоцкий, В. Н. Татищевтің еңбектерінде одан әрі дамытылды. Халық пен интеллигенцияның өзара қарым-қатынасы туралы П. И. Пестель, М. А. Бакунин, П. А. Кропоткин және В. О. Ключевскийдің ойларында құнды идеялар көрініс тапты.
Интеллигенциялық теориядағы социал-демократиялық идеялар Ресейде Г. В. Плеханов пен В. И. Лениннің еңбектерінен орын алды. Плеханов «ұлы адам» өндіргіш күштердің дамуына ықпал ете алмағанымен қоғамдық қатынастардың, қоғамдық сананың өзгерісін аңғара алса, соған сәйкес тарихи оқиғаларға да ықпал жасай алған болар еді деген қорытындыға келеді.
Социализм таптар жойылған қоғамда орнайды деп сенген В. И. Ленин буржуазияны жеңген пролетариат саяси билікті қолға алып, қаналушыдан қанаушы тапқа айналады деп есептеді. Социалистік басқару жүйесі нақты мәселелермен бетпе-бет келгенде жалпыадамзаттық құндылықтармен сыйыспайтын қателіктерге ұрындырды. Пролетариат қолына билік тиген соң таптық идеяларға елігіп, кез-келген күшті таптап тастайтын көзсіз тобырға айналды. Ленин өмірінің соңында интеллигенция қалыптастыру жүйесін жетілдірудің шараларын ұсынғанымен кеңестік билік құрылымы біртіндеп партиялық номенклатураға ұласты.
Интеллигенция мәселесі орыс ойшылдарының шетелдік өкілдері-философтар Н. А. Бердяев, И. А. Ильин, С. Л. Франк, әлеуметтанушы П. А. Сорокин сияқты ғалымдарды да қатты қызықтырды. Дегенмен мәселені әр қырынан қарастырған ғылыми бағыттар мен мектептер интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметінің заңдылықтарын анықтай алмады. Интеллигенция мәселесін жүйелі зерттеу ХХ ғ. соңы - ХХІ ғ. басында ғана барынша қарқынды қолға алынды.
Отандық тарихта әдістемелік тәсіл ретінде интеллигенция теориясы үлгісінің бұрын қолданылмауынан азаматтық, интеллектуалдық тарих міндеттеріне сай тақырып тарихнамасын жүйелі түрде үш топқа бөлеміз. Бірінші, Түркістан және Алаш ұлт-азаттық қозғалысы; екінші, ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметі; үшінші, тұлғатану бағытында жүргізілген зерттеулер.
Алғашқы бағыттағы зерттеу жұмыстары тақырыптық, желілік тұрғыда барынша кең ауқымда жүргізілді және ол зерттеулердің теориялық-әдістемелік тәсілдері де алуан түрлі болып келеді. Осы тұрғыда Х. Әбжановтың “Ұлт-азаттық қозғалыстың үш мәнді белгісі бар: біріншісі - қозғалысқа жалпыұлттық идеяның тән болуы; екіншісі - қозғалыс алға қойған негізгі мақсаттың анық та ашық түрде мемлекеттік билік мәселесіне келіп тірелуі; үшіншісі - қозғалыс басында ұлт зиялыларының саяси көрегендік, қолбасшылық, кемелдік, дипломатиялық әбжілдік, харизмасы өткір қасиеттері бойында бар көрнекті өкілдердің тұруы” [3] деген тұжырымы отандық интеллигенция тарихнамасын талдауға жаңа тыныс береді.
Х. Әбжанов ұлттық интеллигенцияға қоғамдық саяси құбылыс ретінде баға беріп, Шәкәрім қажының “Ең жақсы адам не қылған кісі?” деген сауалына “ел тағдырын шешер биліктің екі тізгін, бір шылбыры кемелдің, үздіктің үздігінің қолында болуы қажет. Топты жарып шыққан осындай кемелдерді, осындай үздіктерді ғана ұлттық интеллигенция деген айдармен айшықтауға негіз бар” [24] деген ғалымның жауабы тарихи танымдағы интеллигенция ұғымының ұлттық мазмұнын айқындайды.
Интеллигенция теориясының қағидалары қазақ қоғамы үшін біршама бейтаныс көрінуі мүмкін. Әйтсе де басты қағидалары мен ұстанымдары дәстүрлі қоғамдағы әлеуметтік институттардың мемлекеттік билік құрылымдарын қалыптастыратын қоғамдық қатынастар жүйесіне ортақ екендігі белгілі болып отыр. Тарихнамалық талдау көз жеткізіп отырған бұл ғылыми ақиқат элитологиялық концепция мүмкіндіктерін отан тарихын зерделеуде батыл қолдануға болады деп тұжырым жасауға итермелейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz