Тың және тыңайған жерлерді игеру


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ ТАРИХЫ

1. 1 Тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен алғы шарттары . . . 6

1. 2 Республикадағы астық өндірісінің дамуында тың игерудің алатын орны . . . 12

2 ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ КЕЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ . . . 23

2. 1 Қазақ мамандар . . . 23

2. 2 Қазақстан жеріне келген мамандар . . . 28

2. 3 Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде ауыл шаруашылық

мамандарын даярлау . . . 36

3 ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУДІҢ ЗАРДАПТАРЫ . . . 42

3. 1 Тың және тыңайған жерлерде тұратын халықтың саяси-экономикалық

жағдайы . . . 42

3. 2 Халықтың тұрмысы және экологиялық, әлеуметтік жағдайы . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 71


КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Әр елдің тарихында сол елдің тағдырын шешетін оқиғалардың болары анық. Қазақстанның егемендікке қол жеткізуі де, сөз жоқ, осындай оқиғалардың бірі екені даусыз. Ал кейінге шегініп, артымызға қарасақ, осыдан жарты ғасырдай уақыт бұрын республиканың барлық тағдырын шешкен тың эпопеясы болғанын білеміз.

Бұл жөнінде Президентіміз Н. Ә. Назарбаев: «Әр елдің тарихында дәуірлік сипат алатын оқиғалар болады. Олардың мәнін, көлемі мен елге тигізген әсерін ұзақ жылдар өткеннен кейін ғана жаңа көзқарас тұрғысынан сараптай аламыз. Қазақстан үшін, басқа тәуелсіз мемлекеттердегі сияқты, тыңды көтеру ең басты оқиға болып саналады . . . », - деп көрсетеді [1] .

Қоғам әрбір кезең туралы нағыз шындықты білуі тиіс. Осы орайда, кезінде басыңқы зерттелген тақырыптарға тарихшылар сыни көзбен қарауы керек. Мәселен, тың және тыңайған жерлерді игерудің бұған тікелей қатысы бар. Аталған мәселе өте күрделі. Сондықтан, оны қайта зерттеп, қайта електен өткізген жөн.

Бұдан байқағанымыз: уақыт өтсе де, өткен тарих пен қазіргі заман арасында біршама ара-қашықтық байқалғанымен, тың эпопеясы осы күнге дейін әлі де болса өз бағасын толық алған жоқ. Осы тұрғыдан келгенде, тың және тыңайған жерлерді игеру жайлы еңбектерді саралап-зерттеудің, оған сипаттама беріп, тың көтерудің тарихта алатын орнын айқындаудың маңызы зор.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстанда 1954 жылы басталған тың және тыңайған жерлерді игерудің ел тарихындағы орны мен маңызын анықтап, келтірілген деректемелердің Қазақстанның тарихи әрі саяси-әлеуметтік, экономикалық дамуына тигізер әсерін айқындау, кейінгі ұрпақтың елдің тарихын білуіне жағдай туғызу.

Зерттеу жұмысының міндеттері.

  • тың және тыңайған жерлер жайлы зерттеулерді қарастырып, деректер жинау;
  • тың және тыңайған жерлерді игеруге себеп болған факторларды анықтау;
  • тың және тыңайған жерлерді игеру туралы жинақталған мәліметтердің болашақ үшін маңызын айқындау;
  • тың және тыңайған жерлерді игеруде белсенді әрекет еткен қазақстандық және шетелдік азаматтар туралы мәліметтер жинақтап, олардың еліміздің дамуына тигізген ықпалдарын анықтау.

Зерттеу объектісі. Қазақстан жеріндегі 1954 жылғы тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен салдары, маңызы. 1954 жылдан басталған Қазақстан жеріндегі тың эпопеясы.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру тақырыбы Кеңестік тарихи әдебиетте кең орын алды. Әсіресе, ірі монографиялық зерттеулер, ұжымдық еңбектер, ғылыми-практикалық конференциялар, мерекелік салтанаттар көбейді. Осы мәселе жөнінде көптеген кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғалды, сонымен бірге көркем әдебиет пен кинематография да оған көп көңіл аударды. Тың жерлерді жаппай игеру тарихын зерттеу алғашқы қазықтар қағылған елуінші жылдардың орта кезінен басталады. Содан он жыл өткеннен кейін тың туралы алғашқы тарихи, әдеби шолу пайда болды. Одан соң әрбір бес жылдан кейін осындай еңбектер шығып отырған. Оларға тән бір жағдай бұл еңбектер тарихи-партиялық тұрғыда жазылған. Зерттеушілердің айтуы бойынша 60-жылдардың орта кезіне дейін негізінен брошюралар, мақалалар көп жазылған. Олардың ғылыми дәрежесіне онша көп көңіл бөлінбеген.

60-жылдардың ІІ жартысынан кейін «Тың эпопеясының» жаңа тарихи дәуірі басталды. Бұл кезеңде негізінен жалпылама еңбектер басым болды. В. И. Лениннің аграрлық мәселелер жөніндегі еңбектері кеңінен қолданылды. СОКП-нің, оның төмендегі ұйымдарының, комсомолдың роліне айрықша орын берілді. Тыңдағы партиялық құрылыс, тың шаруашылықтарын қамқорлыққа алу, ұлттық достық қарым-қатынасты дамыту және халықтардың бір-біріне көмегі мәселелері жан-жақты зерттеу объектісіне айналды.

Осындай және басқа да проблемалар «Коммунистік партия Қазақстандағы тың жерді игеру жолындағы күресте» деген коллектвтік монографияда, В. В. Куликовтың «Тың жерді игерудегі тарихи тәжірибе», С. Л. Ковальский мен Х. М. Мадановтың «Қазақстандағы тың жерді игеру» атты кітаптарында, басқа да еңбектерде жан-жақты көрсетілген. Бұл кітаптар авторларының тың игерудегі бірқатар жұмыстардың басын құрағанымен қатар мұндай күрделі істі бір жақты көрсеткенін атап кеткеніміз жөн. Осындай еңбектерде тың эпопеясын мадақтау тұрғысында «бұдан басқа жол жоқ еді», «бірден бір дұрыс шешім», тың жерлерді игеру - өндірісті интенсивтендірудің социалистік әдісі деген сияқты баға берген сөздермен дәріптеледі.

Тың тақырыбына арналған материалдардың саны өте көп болғанымен сапасы ойдағыдай емес. Аталмыш еңбектерді, олардың авторларын саралай отырып, олардың көбі мадақтау негізінде жазылғанын, сын көзбен ғылыми тұрғыдан тың көтеруге баға берілмегенін айтуымыз керек.

Тың көтеру жайлы Калиев Г. А., Абылхожин Ж. Б., Завражнов А. И., Әленова Қ. Т. т. б. ғалымдардың еңбектерінде тың игерудің себептері мен салдары, жалпы сипаттамасы жайлы ой қозғалғанымен, тың игерудің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына әсері, пайдасы жайлы берілген мәліметтер кем де кем.

Бұл зерттеу жұмысында біз тың игерудің себептері мен салдары, экологиялық жағдайы, тың игеру жылдарында қажырлы еңбек еткен мамандар жайлы сөз қозғамақпыз.

Зерттеудің әдістері.

Зерттеу барысында талдау және жинақтау, индукция мен дедукция, тарихи-салыстырмалы, жүйелік-құрылымдық, теориялық таным, модельдеу мен типтендіру сияқты жалпы ғылыми, әлеуметтанушылық, тарихи зерттеу тәсілдері қолданылды. Оның үстіне саяси тарихты зерттеу ғылымнан өткен күннің тарихи-саяси және әлеуметтік-мәдени дәйектерінен ой қорытқанда барынша шынайы болуды, саяси-идеологиялық феномендердің көп түрлі және қарама-қайшылықты жағдайын ескеруді талап ететін болғандықтан тарихи тәсілдерді қолдана отырып, тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесін зерттеуде зерттеу нысанасының көпнұсқалығы, олардың өзара байланысы мен ішкі тәуелділігі сияқты ерекшеліктер ескерілді. «Тарихты қайта жазып шығу» қағидасы емес, дәстүрлі тарихи танымдағы білімдерді толықтыратын, теріске шығаратын немесе қуаттайтын тың деректер мен тұжырымдар ұсыну қағидасы басшылыққа алынды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және практикалық құндылығы. Егер 1954 жылғы Қазақстан жеріндегі тың және тыңайған жерлерді игеруді зерттеп, толық саралай білсек, келешекте еліміздің даму стратегиясы анықтала түсіп, болашағы баянды болмақ, әрі тыңды игеруге белсене ат салысқан тұлғаларды зерттеп, олардың елді дамытуға қосқан үлесін анықтау арқылы сол заманның ерекшелігін, халықтың жағдайын, ел тарихын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Диплом жұмысының практикалық құндылығы ретінде Қазақстан жеріндегі тың игерудің тарихына қатысты мәліметтер мен деректер мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындары студенттері үшін дереккөздер болатынын айтуға болады. Сол сияқты зерттеу жұмысында қалыптасқан әдістемелік тәсілдер ұлы тұлғалардың қоғамдық-саяси қызметін жан-жақты зерттеп, тарихи таным нысанына айналдыруға мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Тақырыптың теориялық-әдістемелік негіздемесі диплом жұмысында арнайы қарастырылды.

Диплом жұмысының практикалық базасы болып қазіргі кездегі өлкенің тарихын зерттеушілердің еңбектері табылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың өзектілігі, зерттелу жайы, зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттеу әдісі, ғылыми болжамы, оның тәжірибеге енгізілуі тұжырымдалды.

Ал негізгі бөлімде тың және тыңайған жерлерді игерудің тарихы мен тағылымына, маңызына, себептері мен салдарына, экологиялық сипатына, тыңды игеруге қатынасқан ұлы тұлғалар жайындағы деректерге тоқталынды.

Қорытынды бөлімде көзделген мақсат-міндеттердің орындалуы жайында сөз қозғалды.

1 ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ ТАРИХЫ

  1. Тың және тыңайған жерлерді игерудің себептері мен алғы шарттары

Қазақстан тарихында әлі де болса толық бағасын алмаған күрделі мәселелердің бірі - тың және тыңайған жерлерді игерудің қорытындылары мен салдары болып табылады. Сол кезеңде тың игеру тарихы сол заманғы идеологияға сай, жоғары бағаланып, тек жағымды жақтарынан ғана жазылғаны мәлім. ХХ ғасырдың 50-жылдарының басында Кеңес өкіметінің аграрлық салада жүзеге асырған реформаларының нәтижесіз аяқталуының салдарынан, жылдан-жылға азық-түлікпен қамтамасыз ету қиындай түсті. 1953 жылғы наурызда Сталин басшы болғаннан кейін, аграрлы саясаттағы түзетулерге сай, қол жеткен алғашқы жетістіктерге қарамастан, Н. С. Хрущев төңірегіндегілер тез арада ауыл шаруашылығының тарихта болмаған өсуінің қамтамасыз ету үмітімен тың және тыңайған жерлерді игеру реформасын шұғыл жүзеге асыруға кірісті. Осы тың игеру кезінде жетістіктермен қатар елеулі қателіктер де жіберілді. Әуелі, оның экономикалық тиімділігіне келер болсақ, тың және тыңайған жерлерді игеру ұзақ жылдар бойы бұрынғы Одақты ауыл халде ұстады. Тың игеруші аудандарға бұрынғы негізгі астықты аудандардың есебінен мол қаржы, техника, құрылыс материалдары, ауыл шаруашылық еңбеккерлері мен құрылысшылар жіберілді. Ол жеткілікті ғылыми негізсіз, шұғыл түрде жүзеге асырылды. Осы себептерге байланысты тың игерудің басты міндеті - астық өндіруді арттыру күткен нәтижені әкелмеді. Экономистердің пікірінше, тыңға кеткен қаржыны бұрынғы астық өндіруші аудандарға жұмсағанда одан әлдеқайда көп табысқа жетуге болатын еді.

Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті төмен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.

Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.

Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.

Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-кешек) . Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.

Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан олар елді қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен батырлығының үлгілері де аз емес еді.

Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың біржақтылығын жоюдың кажеттілігі анық сезілді.

Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың бұрынғы қарыздарын жойып, салық келемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн, картоп, көкөністің сатып алу бағасы кетерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық жүргізу кұрылымының негіздеріне әсер етпеді, өміршіл-әкімшіл жүйе әлі де үстемдік етуін жалғастыра берді.

Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық өнімі ендірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есептеді. Сондықтан да өкімет билігінің жоғарғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін алқаптардың аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды. Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Н. С. Хрущев республикалық басшылықты «нығайту» керек деп шешті 1954 жылы, ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК- нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге белгісіз П. К. Пономаренко сайланды. Ж. Шаяхметовті қызметінен алу мәселесін Кремльде шағын топқана шешті. Шын мәнінде Н. Хрущев бұл кезеңде өзінің кадрларын түрлі орындарға қоя бастаған болатын, ал Ж. Шаяхметов болса тың жерлерді тез арада меңгеру идеясын қолдамады.

Одақ ведомстволары қабылдаған «Елімізде астық өндіруді одан әрі арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы» қаулы бойынша Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды. Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып, 1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды.

КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың басына қарай орындалды: 13, 4 млн гектар жер немесе жоспар бойынша 103, 2%, оның ішінде Қазақстанда 6, 5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда «Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі қарай игеру туралы» жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7, 5 млн гектардың орнына 9, 4 млн гектар жер жыртылды. Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.

Республика еңбекшілерінің алдында 6, 3 млн гектар тың және тыңайған жерді игеру арқылы дәнді дақылдар өнімін арттыру міндеті тұрды.

Партия комитеттерінің қысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған міндеттемелер қабылданды, олар әрдайым орындала бермеді және жүзеге аспады. Нәтижесінде тек 1954 жылдың өзінде қосьмша 636 мың гектар тың және тыңайған жерлер жыртылды. Тек сол жылы ғана колхоздар және МТС-тap 4847 мың, ал совхоздар 3 684 мың гектар жаңа жерлерді игерді. Осылайша, тың және тыңайған жерлерді көтеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар елеулі қарқынмен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды.

Қазақстан аумағына тың игерушілерді қоныстандыру. Тың жерлерді игеру үшін мыңдаған ауыл шаруашылық өндірісінің мамандары, ұйымдастырушылары аттандырылды. Тың игеру кезінде бұрын-сонды болмаған көлемде жаппай коныстандыру ісі жүзеге асырылды. Қоныстандыру ісін ұйымдастыру 1938 жылы құрылған Бас қоныстандыру басқармасына жүктелді. 1954 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Жер халық комиссариатының құрамында миграциялық үрдістерді реттеу енгізілді. 1954 жылдан 1963 жылға дейін Қазакстанға Одақтың әр түрлі республикаларынан - Украина, РКФСР, Белоруссия, Молдавия және Литвадан мыңдаған отбасылар қоныстандырылды. Қазақстандық тың игеруге Болгария азаматтары және Қытай Халық Республикасының қазақ репатрианттары да қатысты. 1954 жылдың бірінші жартысында тек Ақмола облысына ғана 20 мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Бұған қоса, өнеркәсіп орындарының ұжымдары ауыл шаруашылығына, тың және тыңайған жерлерді игеруге 1 386 маман мен механизаторлар жіберді. Осылайша, мысалы, Ақмола облысының ауыл шаруашылық кәсіподағының облыстық комитетінен 300, «Қазсельмаш» зауытынан 121 адам, оның ішінде дипломы бар 5 инженер келді. 1954-1955 жылдары совхоздарға 4, 5 мың маман жіберілсе, 1959 жылы оларда 15 мыңнан астам жоғары және орта білімді мамандар еңбек етті. Тек 1953-1958 жылдары ауыл шаруашылығына 266, 6 мың механизатор мамандар жіберілді. Ең танымал тың игерушілердің бірі Михаил Довжик болды. Ол Қазакстанға 1954 жылы наурызда алғашқы тың игерушілердің қатарында келді. Ынтымақты бригада құрған М. Довжик Ақмола облысындағы ауыл шаруашылық техникасын пайдалануда жаңашыл болды. Ерен еңбегі үшін М. Довжик Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып, жоғарғы заң шығарушы орган - Қазакстанның Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.

Еңбекшілерге, келіп жатқан тың игерушілерге елеулі жеңілдіктер көрсету, сондай-ақ өндірістік жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына және олардың еңбек сіңірген жылдары үшін елеулі сыйақылар беру арқылы тың игеруге қолдау көрсетілді. Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп келді, отағасына бір жолғы берілетін ақшалай жәрдем келемі 500-1000, ал отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем келемі 150-200 сом болды, үй салуға 10 жылға 10 мың сом несие берілді (оның 35%-ын мемлекет ез мойнына алды), мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді, 1, 5 центнер астық немесе үн түріндегі азық-түлік қарызы беріліп, тың игерушілер ауыл шаруашылығы салығынан 2-5 жылға босатылды. 1954-1959 жылдары Қазақстанның тың жерлерін игеруге 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды.

Қазақстан аумағына жұмыс күші, көлік құралдарын, құрал-саймандар жұмылдырылды. Осының бәрін үйлестіру, адамдарды орналастырып, оларды азық-түлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мәдени-көпшілік мекемелерінің жүйесін жолға қою қажет болды.

Тың жерлерді игеруге байланысты кеңес кезіндегі еңбектер мен басылымдарда көптеген қателесушілік, бұрмалаушылық және бұра тартушылық айтылмады. Тың игеру тек мамандар мен шынайы энтузиастарды ғана емес, көп ақша табуды ойлаған кездейсоқ адамдарды да өзіне тартты. Мысалы, зерттеушілердің пікірі бойынша, алғашқы 2 жылда Солтүстік Қазақстанға келген 650 мың адамның тек 130 мыңы ғана тың игеру үшін қажет болды. Тың игерілген облыстардың бірқатарында осының салдарынан құқық тәртібі бұзылып, мемлекет қаржысын талантаражға салу, ұрлау орын алды.

Ең алдымен Қазақстанға келген тың көтерушілер арасында арамтамақтар мен қылмыскерлер де болды. 1954-1955 жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нәтижесінде, көптеген тәртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тың және тыңайған жерлерді игеру (1954–1958 жж.)
Тың игерудің салдары
ТЫҢ ИГЕРУ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЛДАРЫ
Тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны
Тың жерлерді игерудің мақсаттары
Қазақстанның ауыл шаруашылығы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АСТЫҚ АЛҚАБЫ ДАМУЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ
Тың игеру қарсаңында республиканың ауыл шаруашылығы
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы
ТЫҢ ЖӘНЕ ТЫҢАЙҒАН ЖЕРЛЕРДІ ИГЕРУ КЕЗІНДЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz