Ұлт-азаттық жылдарындағы батырлар туралы жырлар



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының жанрлық ерекшеліктеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.1 Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырлары ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Ұлт.азаттық жылдарындағы батырлар туралы жырлардың зерттелуі...14
1.3 Тарихи жырлардың ауыз әдебиетінің жанры ретіндегі ерекшеліктері..19

2. Ұлт.азаттық жылдарындағы батырлар туралы жырлар ... ... ... ... ... ... ... 25
2.1 «Кенесары.Наурызбай» жырындағы таптық шиеленістің
көрініс табуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2 Кенесары Қасымұлының тарихи жырлардағы бейнесі ... ... ... ... ... ... ...31
2.3 «Исатай.Махамбет» дастанының көркемдік ерекшеліктері ... ... ... ... ...38
2.4 «Бекболат» және «Есет» батыр жырларының халық өміріндегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50

3. Қытай қазақтарының ұлт.азаттық көтерілісі барысында
туған батырлар жырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .74
Қазақ деген ұлт біреу-ақ, демек, оның тілі мен діні, тарихы мен этнографиясы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті де біреу-ақ. Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы - жалпы қазақ мәдениетінің ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі.
Тақырыптың өзектілігі. Бұл күндері тәуелсіз ел болып шаңырақ көтердік. Қоғамдық өмірде түбегейлі өзгеріс болды. Атажұртты аңсаған ағайындарды бауырға тарта бастадық. Олардың тағдыр-тарихын, рухани дүниесін зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл жөнінде елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттың рухани өмірі, оның мәдениетіне байланысты әлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи, әдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мән бермей келген халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою, ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу – бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді» 1, Б.14-15 - деген болатын. Бүгінгі күннің кезек күттірмес міндетіне айналған бұл іс оқымысты қауымға да үлкен міндет жүктегені белгілі. Осы ретте академик С.Қирабаев: “Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі” 2, 17-б. - деп орынды пікір айтады.
Ресей бодандығы кезінде орыс отаршылдары қазақтарды уысынан шығармау үшін сан түрлі амал-айла қолданып келді. Сондықтан қазақтар озбырлықтың небір қорлық-зорлықтарын бастарынан өткерді. “Орыс билеушілері қазаққа ауыр алман салық салу арқылы күшпен ұстаймыз деп сенді. Бірақ қазақ халқы олардың мұндай қанау, дінсіздендіріп ассимиляцияға ұшырату, қолындағы құрал-сайманын тартып алып, ел бастайтын ерлер мен халықтың ар-ожданын қорғайтын көсемдерін, рухани дем беруші ақын–жазушыларын абақтыға жабу, олардың көзін біржолата жою, құнарлы жерлерге ішкі ресейден «тың игерушілерді» қоныстандыру, ...” 4, 81-б. сияқты жан түршігерлік қорлық-зорлығына қарсы күресті.
1 Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. – Алматы:Білім, 1995. – 288 б.
2 Қазақ совет энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 19 . – 12т. –
3 Әуезов М. Уақыт және әдебиет.- Алматы: Қазкөркемәдеббас, 1962. – 427б
4 Садырбаев С. Фольклор және эстетика.- Алматы: Жазушы, - 1976. - 152б
5 Уахатов Б. Арқалық батыр.// Қазақ тарихи жырларының мәселелері.- Алматы: Ғылым, 1979. – 312б
6 Ғұмарова М. Бұрын зерттелмеген жырлар // Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Қазақ ССР Ғылым академиясының баспасы, 1960. 1-т. – 1-кіт. – 740б
7 Сыдықов Т.Қазақтың тарихи жырлары және бүгінгі ғылым // Қазақ фольклорының тарихилығы. – Алматы: Ғылым, 1993. - 328б
8 Сейтжанов З. Тарихи эпос. - Алматы: Ғылым, 1994. - 112б
9 Абылқасымов Б. Қаракерей Қабанбай батыр.// Қазақ тарихи жырларының мәселелері. - Алматы: Ғылым, 1979. – 312б
10 Ғабдуллина А. Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар мен аңыздар.канд.дисс.
11 Мыңжани Н. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Үрімжі. 1980.6-7б
12 Мыңжани Н. Қазақ фольклоры және оның қисса-дастан жанры жайында. 158б
13 Татанайұлы А. Тарихи дерек-келелі кеңес.Үрімжі:Халық баспасы. 1987. – 204б
14 Егеубаев О. Қазақ халқы және оның салт-санасы. Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы.1994ж
15 Кірішбаев А. Қазақ әдебиеті тарихынан таңдамалы үлгілер. Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы. 1986.46
16 Қалиұлы Ә. Қазақ ауыз әдебиеті.монография. Үрімжі:Шыңжаң халық баспасы.1985ж
17 Сәнік З. Бас сардар. Жәнібек батыр туралы аңыздар.// Абылай хан. кіт. Алматы: Жазушы. 1993.- 412б
18 Мырзақан Ж. Қабанбай туралы. // Шалғын, 1981. - №2. – 128б
19 Ахметжанұлы Т. Ұлттық әдебиет-көркемөнер мұраларын жинау, зерттеу және кәдеге жарату жайлы.// Шалғын. 1980. №2. 99б
20 Асылұлы О. Бақтиярдың қырық бұтағын бұтарлағанда.// Мұра.1993. №1.160б
21 Сәнік З. Тұғырыл хан. А., Қазақпарат – 2005ж
22 Бердібаев Р. Байқалдан Балқанға дейін. Алматы: Қазақстан, 1996. - 256б
23 Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырланың типологиясы. - Алматы. Ғылым,1983.- 160б
24 Жирмунский В. Народный героический эпос. М. – Л., 1962. ст.37-43
25 Қасқабасов С. Тұтастану – фольклор поэтикасының заңдылығы.// Қазақ фольклорының поэтикасы. Алматы: Ғылым. 2001, 8-63б
26 Сейтжанов З. Қаһарманды суреттеу прициптері.// Қазақ фольклорының поэтикасы. Алматы. Ғылым. 2001ж, 125-165б
27 Уәлиханов Ш. Шығармалар жинағы. - Алматы, 1961, 1 том. – 201 б.
28 Репина Л.П. и др. История исторического знания.- М.:Дрофа, 2004.- 288 б.
29 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.- Алматы: Атамұра, 2003.- 288 б.
30 Қазақ қолжазбаларының ғылыми сипаттамасы. Тарихи жырлар.-Алматы.- 1981.- 361 б.
31 Жүгенбаева Г. Дәстүрлі ауызша тарих.- Алматы, 2005. – 496 б.
32 Жақыпбеков С., Қойгелдиев М. Жырмен өрілген шежіре // Қазақ тарихы.-1994.-№3.- 34-39 бб.
33 Атабаев Қ. Тарих пен дереккөзі – фольклор // Қазақ әдебиеті, 2002,-№31,-2 тамыз.; Атабаев Қ. Тарихқа бойлау деректанудан басталады // Қазақ әдебиеті.- 2003.-№ 13.-18 сәуір.
34 Артықбаев Ж.О. ХVІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының этно-әлеуметтік құрылымы.- т.ғ.д.дисс...- Алматы, 1997.- 300 б.
35 Марғұлан Ә. Ежелгі жыр аңыздар.- Алматы: Жазушы, 1985
36 Әуезов М.О. Әдебиет тарихы.- Алматы, Ана тілі, 1991.- 141б.
37 Досқожа ақын. «Кенесары қонысынан ауғанда» жыры. М.Әуезов атындағы ӘӨИ ҚҚ., п. 1326, 3 дәптер.- 1-11 б.
38 «Саржан батыр» жыры. ҚР ОК ҚҚ., п. 1337, іс 5.- 1-8 бб.
39 Ысқақ А. «Бүлінген қазақ» жыры, ҚР ОК ҚҚ., п. 1331, іс 10, 1911.- 1- 4бб.
40 «Кенесары, Наурызбайдың Адырлы-Байтақ қаласын алғаны» жыры, Айтушы: Омар Шипин.- ҚР ОК ҚҚ., п. 1339, іс 9. - 1-9 бб.
41 «Кенесары-Наурызбай батырдың жан жолдасы Бұқарбай». Жазып алушы: Мұсылманқұл Жиреншин. ҚР ОК ҚҚ., п. 1333, іс 5. - 70-71 бб.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының жанрлық ерекшеліктеріне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі батырлар
жырлары ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Ұлт-азаттық жылдарындағы батырлар туралы жырлардың зерттелуі...14
1.3 Тарихи жырлардың ауыз әдебиетінің жанры ретіндегі ерекшеліктері..19

2. Ұлт-азаттық жылдарындағы батырлар туралы
жырлар ... ... ... ... ... ... ... 2 5
2.1 Кенесары-Наурызбай жырындағы таптық шиеленістің
көрініс
табуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...25
2.2 Кенесары Қасымұлының тарихи жырлардағы
бейнесі ... ... ... ... ... ... ...3 1
2.3 Исатай-Махамбет дастанының көркемдік
ерекшеліктері ... ... ... ... ...38
2.4 Бекболат және Есет батыр жырларының халық өміріндегі
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50

3. Қытай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісі барысында
туған батырлар
жырлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 74

КІРІСПЕ

Қазақ деген ұлт біреу-ақ, демек, оның тілі мен діні, тарихы мен
этнографиясы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті де біреу-ақ.
Олай болса, шет елдегі қазақтардың әдеби мұрасы - жалпы қазақ мәдениетінің
ажырамас бір бұтағы, сырттан құяр қайнар бұлақтың бірі.
Тақырыптың өзектілігі. Бұл күндері тәуелсіз ел болып шаңырақ көтердік.
Қоғамдық өмірде түбегейлі өзгеріс болды. Атажұртты аңсаған ағайындарды
бауырға тарта бастадық. Олардың тағдыр-тарихын, рухани дүниесін зерттеуге
мүмкіндік туды. Бұл жөнінде елбасы Н.Назарбаев: Ұлттың рухани өмірі, оның
мәдениетіне байланысты әлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи,
әдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мән бермей келген
халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою,
ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу
– бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді [1, Б.14-15]  - деген
болатын. Бүгінгі күннің кезек күттірмес міндетіне айналған бұл іс оқымысты
қауымға да үлкен міндет жүктегені белгілі. Осы ретте академик С.Қирабаев:
“Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері
еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы
КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен
мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі” [2, 17-б.] - деп
орынды пікір айтады.
Ресей бодандығы кезінде орыс отаршылдары қазақтарды уысынан шығармау
үшін сан түрлі амал-айла қолданып келді. Сондықтан қазақтар озбырлықтың
небір қорлық-зорлықтарын бастарынан өткерді. “Орыс билеушілері қазаққа ауыр
алман салық салу арқылы күшпен ұстаймыз деп сенді. Бірақ қазақ халқы
олардың мұндай қанау, дінсіздендіріп ассимиляцияға ұшырату, қолындағы құрал-
сайманын тартып алып, ел бастайтын ерлер мен халықтың ар-ожданын қорғайтын
көсемдерін, рухани дем беруші ақын–жазушыларын абақтыға жабу, олардың көзін
біржолата жою, құнарлы жерлерге ішкі ресейден тың игерушілерді
қоныстандыру, ...” [4, 81-б.] сияқты жан түршігерлік қорлық-зорлығына қарсы
күресті.
Отаршылдардың түрлі жолдармен жүргізген қысым-қиянаттарына шыдамаған
халық әркез азаттық, еркіндік үшін арпалысқа түсіп, атқа қонып отырды.
Олардың ішінен ел бостандығы, жер тұтастығы жолында күрескен ерлер шыға
бастады. Жүздеген, мыңдаған батырлар тұлпар жаратып, ту көтерді. Елді
бастап, озбырлықтан құтылуға ұмтылды. Бірақ басқаның басымдығына шыдамай
елінің ертеңін ойлаған батырлар мақсат-мұраттарына жете алмады. Ұлт-
азаттығы жолында мерт болды.
Халқының қамын ойлаған батырлардың ерлік әрекеттері көп көңілінде
қалды, ұрпаққа өнеге болды. Сондықтан халық ішінен шыққан ақын-жыршылар
батырлардың ерліктері жайында көптеген өлең-жырлар тудырды. Ұлтының
азаттығы үшін күрескен ерлерді дәріптейтін мұндай тарихи жырлар ауызша
тарап, халықтың рухани қажетін өтеп келеді.
Қазақ халқының ұлт азаттығы үшін күрескен ерлердің көтерілісіне
байланысты туған “Кенесары-Наурызбай”, “Исатай-Махамбет”, “Арқалық батыр”,
“Есет батыр” қатарлы тарихи жырлар алғаш рет зерттеу нысанына айналды.
Бұрын терең зерттелмеген бұл жырлардың ерекшеліктерін ашып, жан-жақты
зерттеу - фольклортану ғылымының басты проблемаларының бірі. Жұмыстың
өзектілігі де осы қажеттіліктен байқалады. Сондай-ақ, бұл жұмыс мемлекеттік
“Мәдени мұра” бағдарламасына да сәйкес келеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақтың халық әдебиеті, соның ішінде
тарихи жырлардың туып, даму жолдары соңғы жылдары ғана зерттеу нысанына
айнала бастады. Әйтсе де, ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи
жырлар қазірге дейін терең зерттелген емес. Бұл жанрдың мән-маңызы туралы
мақалалар жазған әдебиетші-зерттеушілер саусақпен санарлық. Олардың
қатарында А.Татанайұлы,  Б.Кәсей, А.Кірішбаев, О.Қызырқанұлы, Ж.Маман,
З.Сәнік, І.Сүлейменұлы, Т.Қабаев, т.б. болды. Бұл әдебиетшілердің
мақалаларында таптық принцип пен коммунистік идеологияның әсер-ықпалы зор
болды. Сондықтан олардың зерттеулерінде ұлт-азаттық көтерілісінің шығу
себептері мен олардың мақсаттарын ашып айта алмады, тек мазмұндық таныстыру
деңгейінде ғана жазылған еңбектер болды. 
Қазақстанда және қытайда тұратын қазақтардың фольклоры соның ішінде
тарихи жырларын зерттеу нысанасы етіп алған ғалым З.Сейітжанов болды. Ол
1988 жылы “Қазақтың реалды-тарихи эпосы” деген тақырыпта кандидаттық
диссертация қорғады. Автор өз жұмысында Қазақстандағы ғана емес, Шыңжаңдағы
қазақтардың да бірнеше тарихи жырларының ерекшеліктерін ашып, оларға алғаш
рет түркі тілдес халықтардың жырларымен тарихи-типологиялық салыстыру
жасады. Ортақ сипаттары мен өзгешеліктерін айқындады. Осы арқылы эпикалық
дәстүрдің жаңа бір белесін – реалды-тарихи эпостың қалыптасуын тұжырымдады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті. Дипломдық жұмыста ұзақ уақыт ақтаңдақ
қатарында қалып, зерттелмей келген ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты
туған тарихи жырлардың пайда болып, қалыптасу жолдарын белгілі кезең
шындығымен байланыстыра қарап, сипаттама беру мақсат етілді. Осындай өзекті
мәселені шешуде төмендегідей міндеттер белгіленді:
• Ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған тарихи жырлардың жиналу,
жариялану, зерттелу деңгейін пайымдау;
• Тарихи жырлардың жанрлық табиғаты мен жырлану ерекшеліктерін
саралау;
• Ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған жырлардың тақырыптық-
идеялық сипатын зерделеу;
• Тарихи жыр мен тарихи шындықтың арақатынасын анықтау;
• Жырлардағы образдар жүйесінің бейнеленуіне мән беру;
• Тарихи жырлардың поэтикасы – бейнелеу құралдарының эстетикалық
табиғатын ашу. 
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Қазақ халқының азаттық жолындағы
көтерілісіне байланысты туған тарихи жырларды жүйелеп, алғаш рет ғылыми
айналымға қосу және оларды жан-жақты бүгінгі күн талабы тұрғысынан зерттеу
жұмыстың ғылыми жаңалығын көрсетеді. Дипломдық жұмыста ХІХ ғасырдың басы
және ХХ ғасырдың бірінші жартысында туған тарихи жырлар халықтың азаттық,
бостандық жолындағы күрестерінің фольклордағы көріністері екендігі дәлелді
түрде тұжырымдалады. Халық үшін қан майданға шығып, қаһармандық-ерлік
көрсеткен батырлар жайында туған тарихи жырлардағы ұлт-азаттық идеясы сол
тұстағы саяси-әлеуметтік жағдайлармен, тарихи факті-деректермен
салыстырыла, сабақтастырыла қарастырылуы – ғылыми еңбекте көтерілген
мәселенің сонылығын, маңыздылығын, ауқымдылығын байқатады. Есімдері ел
тарихында мәңгілік жатталатын батырларымыз хақындағы тарихи жырлардың
тарихқа қарым-қатынасы мен поэтикалық ерекшеліктерінің фольклорлық тұрғыдан
талдануы ғылым үшін мәні бар жаңалық екендігін дәйектейді.
Зерттеудің нысаны. ХІХ ғасырдың басы мен ХХ ғасырдың бірінші
жартысындағы қазақ халқының саяси-әлеуметтік жағдайы мен елім деп еңіреген
ерлердің ерліктері негіз болған тарихи жырлардың жарық көрген жыр
нұсқаларының мәтіндері алынды. 
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу барысында
қазақ әдебиеттану ғылымының көрнекті өкілдері М.Әуезов, А.Байтұрсынов,
Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Сейфуллин, Е.Ысмайылов, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев,
Н.С.Смирнова, З.Ахметов, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, С.Қасқабасов,
М.Жармұхамедұлы, Т.Қоңыратбай, Ш.Керім, Б.Әзібаева, т.б. ғалымдар еңбектері
теориялық-методологиялық негіз ретінде пайдаланылды. Сонымен бірге орыс
ғалымдары В.Я.Пропп, Б.Н.Путилов, В.М.Жирмунский, В.М.Гацак еңбектері
назарда болды.
Зерттеу жұмысының әдісі. Жырларға талдау жасау барысында жүйелі-
кешенді, тарихи-салыстырмалы зерттеу әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен  және
қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі
берілген.

   
1. Халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырының жанрлық ерекшеліктеріне
сипаттама

1.1 Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жырлары

Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.
Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір
дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы
жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар мен
тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде
болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас
кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін
жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып,
соның бейнесін ашуға қызмет етеді. Эпос желісі белгілі бір тарихи дәуірге
табан тіреп, соны көрсетіп отырғанымен, оған көбіне түрлі заманның
оқиғаларын бір қаһарманға теліп жырлап беру тән. Батырлық жырлардың осы
өзгешелігіне байланысты ғылыми ортада көптен бері түрлі тұжырымдар орын
алып келеді. Ресейлік зерттеушілер (Б.А. Рыбаков, Р.С. Липец, т.б.) және
кейбір қазақ ғалымдары (Әлкей Марғұлан, Әуелбек Қоңыратбаев, т.б.) эпостық
жырлардағы тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға сүйене отырып, жыр мен
тарихтың жақындығын тілге тиек етсе, енді бір топ ғалымдар (В.Я. Пропп,
Б.Н. Путилов, т.б.) эпостың нақты тарихи оқиғаларға қатысы жанама түрде
ғана көрінеді деген пікірді алға тартады.
Соңғы кездері, эпостық жырларда тарихтың да, көркемдік шарттылықтың да
белгілі бір дәрежеде орын алатынын, бұл екеуінің үнемі бірге әдіптеліп
отыратынын негіздеген зерттеулер жарыққа шықты (В.П. Аникин, В.М. Гацак, Р.
Бердібаев, Ш. Ыбраев, т.б.). Қалай болғанда да, Батырлық жырлар — ең
алдымен көркем шығарма. Ол өзінің жанрлық нысанасына қарай шындықты өзінше
қорытып, оны өзінің көркемдік өзгешелігіне қарай өріп отыратыны даусыз.
Эпостық жырлар адамзат қоғамының тарихи даму үрдістерімен бірге жасап
келеді. Осыдан болса керек, эпостық жырларды кейде тарихи кезеңдерге қарай
топтастыру орын алып келе жатыр. Эпостық жырларды іштей саралап, жанрлық
белгісіне, шығу дәуіріне қарай топтастырып отыру ғылымның жеткен деңгейін
танытады және мұндай жинақтаушылық сипаты бар ой-пікірлер бұрын-соңды
жүргізілген ізденістердің нәтижесіне сүйенеді. Қазақ эпосын пайда болған
дәуіріне қарай топтастыру үлгісін Шоқан Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В. Радлов,
Ә. Диваев, Ахмет Байтұрсынов зерттеулерінің тәжірибесіне сүйеніп Марғұлан
ұсынған болатын. Ол эпосты бес салаға бөлсе, кейіннен Қоңыратбаев эпосты он
салаға бөледі. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақ эпосының шығу дәуірін,
жанрлық түрлерін ішкі көптеген ерекшеліктеріне қарай топтастыру оңай іс
емес.
Батырлық жырларын пайда болу кезеңдеріне қарай ірі үш топқа жинақтауға
болады:
1) “Ең көне заманғы эпос”, “ертегілік эпос”, “архаикалық эпос”, “көне
эпос”, “мемлекетке дейінгі эпос” дейтін атаулар ғылымда алғашқы кезеңдегі
эпостық жырларды атау үшін қолданылып жүр. Бұлардың қатарына “Ергенеқон”,
Аттилла, Ер Төстік, мергендер туралы эпостық жырлар жатқызылады.
2) Тарихи кезеңдердің эпосы: Түрік қағанаты, Оғыз хандығы, ноғайлы
дәуірі, Қазақ хандығы кезеңіндегі эпостар (“Қорқыт Ата кітабы”, “Алпамыс”,
“Қамбар”, “Қобыланды”, “Ер Тарғын”, т.б.).
3) Жаңа дәуір эпосы (тарихи жырлар, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске
байланысты жырлар, “Еспенбет”, “Өтеген”, “Нарқыз”, т.б.).
Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып,
қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы
жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына
сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы
сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-
перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі,
мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды. Мифтік дәуірден бері қалыптасып
келе жатқан батырға қаһармандық дәуірде жеке отбасы, үй-іші, қалыңдық үшін
күреске шығу секілді әрекеттер жеткіліксіз еді. Енді оның ерлігі біртіндеп
халықтың бостандығы, елдің бірлігі, көптің тілегі мен мүддесі үшін қызмет
етуі керек болды. Мұның бәрі байырғы миф пен көне эпостың жанрлық
белгілерін өзгертіп, мүлдем жаңа жанрдың — Батырлық жырлардың қалыптасуына
жағдай жасады. Дегенмен, байырғы көне эпостың дәстүрі негізінде пайда
болған Батырлар жыры бірқатар архаикалық белгілерін сақтап та қалды.
Солардың бірі — батырдың болашақ жарын іздеп шығуы және осы сапарда кейбір
қиыншылықтарды жеңуі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларындағы батырдың
алғашқы жорықтары осымен байланысты. Алайда, бұл жорықтың мәні біршама
бәсеңдеп, жырдың түпқазығы батырдың елі-жұртын азат етуге аттанған
сапарларына ауысқан. Мысалы, “Қобыланды” жырындағы Құртқа — батырға ат
таңдап, болашақта қандай қиындық боларын алдын ала болжап отыратын көреген
адам. Қарлыға Қобыландымен бірдей дәрежеде ерлік көрсетіп, батырлардан асып
түспесе, кем түспейді. Әйтсе де, әйел еркі (матриархат) дәуірімен
байланысты орын алған белсенді әйел қаһармандардың қызметі кейінгі батырлық
жырларда біршама шектелген. Әйелдер отбасы, үй-ішінің ғана көркі болып
қалған. Қолына қару алып, ерлермен бірге жүретін, болмаса аға-інілерін
үйлендіріп, олардың орнына өзі кек алатын әйел қаһармандар мұнда жоққа тән.
Батырлардың іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, тұлғасын әсірелеп, ұлғайтып көрсету
батырлық жырларда маңызды орын алады. Аттың сөйлеуі, биік таулар мен қамал-
қорғандардан ұшып өтуі, қысылғанда батырға ақыл-кеңес беріп, қиындықтан
құтқаруы сияқты байырғы түсініктерге тән белгілер батырлық жырларда үлкен
орын алады. Алайда бұл да біртіндеп шындыққа, реалды өмірге жақындай
бастаған.
Батырдың жеңілмейтіндігі және оған зақым келмейтіндігі де — эпикалық
дәстүр. Қаһарманның өліп-тірілуі, “атса мылтық өтпейді, шапса қылыш
кеспейді” сияқты ажалсыздық, батырға деген шексіз идеалдық түсінік, әрине,
жалпы мифтерден бастау алатын “мәдени ілкі қаһарман” (Е.М. Мелетинский
термині) ұғымымен төркіндес. Фольклордың өзге жанрларына қарағанда,
Батырлық жырлардың көтерер жүгі анағұрлым үлкен. Халық тарихында орын
алған, не орын алуға тиіс оқиғалар мейлінше жинақталып, әрі іріленіп
суреттелумен бірге, олардың ел-жұрт, мемлекет тағдырындағы шешуші мәніне де
көңіл бөлінеді. Елді біріктірген, немесе ынтымағын ыдыратқан оқиғалар саяси-
әлеум. түп-тамырымен бірге ашылып көрсетіледі. Осының бәрінің бел ортасында
халықтың аңсары ауған, әсіре мадақталған, мұраттас қаһарманы жүреді. Оның
іс-әрекетінде қара басының қамынан мейлінше жоғары елдік, халықтық мүдде
қашан да бірінші кезекте тұрады. Сондықтан болар, жырлардағы үлкенді-кішілі
оқиғалардың бәрі де сол қаһарманның іс-әрекеті мен түсінігі арқылы
тізбектеліп өтіп жатады. Сол арқылы халық іс жүзінде тарихи оқиғалар мен
қоғамдық-әлеум. жағдайларға өз көзқарасын білдіреді. Сөйтіп, қаһармандық
эпос тарихтағы оқиғалардың халықтық тұрғыдан бейнеленген, оның халық
санасындағы көркем тілмен баяндалған шежіресі қызметін атқарады. Батырлық
жырлардың ғасырлар бойы қалыптасқан көркемдік дәстүрі бар. Оны жыр
құрылымынан да, оқиғалардың орналасу ретінен де, кейіпкердің бастан-аяқ
атқарған ісіндегі бірыңғай тектестіктен де көреміз.
Қазақ қаһармандық эпосының әрқайсысын жалпылама белгілеріне қарай
жинақтар болсақ, ең алдымен, олардың сюжеттік құрылымындағы ұқсастықтарды
инвариант (қайталанатын мотивтің жалпы тобы мен рет тәртібі) түрінде
төмендегіше жіктеуге болады.
Батырға тән балалық шақ және кейіпкердің үйленуі (батырларға лайық
құдалық):
1) суреттеу, орта (тайпа, ата-ана, ел-жұрт) туралы сөз;
2) кейіпкердің ғажайып жаратылысы;
3) батырға тән балалық шақ;
4) алғашқы ерлік;
5) қалыңдық туралы хабар (қалыңдығын іздеу);
6) қалыңдықпен сынға түсу, белдесу (немесе күйеу жігіттер арасындағы
бәсеке);
7) жеңіс және кейіпкердің қалыңдығымен оралуы.
Батырларға тән ерліктер:
1) жаудың шабуылы туралы хабар;
2) жорыққа аттану;
3) батырлардың белдесуі (кейде жорық сәтсіз болып, батыр тұтқынға
түседі);
4) жекпе-жек және кейіпкердің жеңісі;
5) жеңіспен елге оралу.
Жаудан (құлдан, бақталастан) елін (тайпаны, қалыңдықты, туған-туысты,
елін) азат ету:
1) қалыңдық туралы немесе туған-туыстың тұтқынға түскені (қорлық
көргені) жөнінде хабар (түс көру, белгі берілуі);
2) дұшпанның, бәсекелестің немесе құлдың кейіпкердің қалыңдығына
үйленуді ниет етуі;
3) қалыңдықпен жасырын кездесу немесе қалыңдығының тойына бөтен
адамның кейпінде келу;
4) кейіпкердің күрес (жарыс) үстінде танылуы;
5) туған жерге оралу, бәсекелестерді, құлдарды жазалау;
6) той.
Бұл жіктелуден байқалатын жағдай — бірқатар батырлық жырларда осы үш
сюжеттің бәрі де бір-бірімен осы қиюласқан рет тәртібімен толық
көрінетіндігі. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс”, “Қарабек” жырларында осы үш
сюжет тұтас қамтылады. Ал атақты Мұрын жырау жырлаған “Қырымның қырық
батыры” сияқты жыр тізбегі негізінен І және ІІ сюжеттерден тұрады. “Дотан”,
“Құбығұл”, “Құламерген”, “Жоямерген”, т.б. көне эпостар, жоғарыда
айтқанымыздай, үйлену, үй-ішін қорғау оқиғаларына құрылатындықтан, олар І
сюжеттің төңірегіне топталады. Екі не одан да көп сюжеттердің кіруі
(контаминация) Батырлық жырлардың қалыптасуы үшін айрықша қызмет атқарған.
Көптеген эпостарда әрбір жеке сюжет өз алдына дербес жырланатындығын да,
бір жырда бір-бірімен жалғасып, тұтас баяндалатынын да байқаймыз. Оның
үстіне, жеке сюжеттің кеңістік (мекендік) бойынша құрылымы бірдей болып
шығады: батырдың мекені — жау елі — батырдың мекені. Жау елінде қаза
таппаған батыр өзге елде дүниеге, малға, патшалыққа қызықпай қайтып келеді.
Батырлық жырлардың оқиғасына жыршы мен жырау да, тыңдаушы көпшілік те
болған шындық деп қарайды. Эпостың оқиғасы “Баяғы заманда”, “Бұрынғы өткен
заманда”, “Ноғайлы заманында” деп көрсетіледі. Бұл батырлар өмір сүрген
айрықша бір дәуір, тыңдаушылар мерзіміне ұқсамайтын, елдің бірлігі мен
берекесі мол кезең деп түсіндіріледі. Міне, осындай дәуірде өмір сүріп,
“ішкенге мас, жегенге тоқ” жүріп жатқан елдің тыныштығын бұзатын жаулар
қалмақ, ындыс немесе қызылбас болады. Жыр оқиғасына қозғау салатын да,
батырдың үйден шығып, жорыққа аттануына себепші болатын да — осы қалыпты
өмірдің бұзылуы. Батыр — бұзылған жағдайды қалпына келтіруші тұлға. Ол
жауды жеңіп, әділеттілікті асқақтатып, алғашқы мамыражай дәуірді қайта
орнатады. Оқиға өзінің басталған жерінде аяқталады. Жай ғана емес, тоймен
аяқталады. Себебі, халық ұғымында жамандықты жақсылық, жауыздықты
қайырымдылық, зорлықты әділдік жеңу—батырдың ерлігімен болатын іс. Ол кезең
— айрықша қаһармандық дәуір, батырлар заманы. Той — сол жақсылық атаулының
жеңіс мейрамы.
Қазақтың Батырлық жырларына негіз болған екі түрлі эпикалық
(қаһармандық) дәуір бар:
1) жеке рулар (тайпалар) дәуірі. Мәселен, “Алпамыс” жырында — қоңырат,
“Қобыланды” эпосында — қыпшақ заманы;
2) ноғайлы дәуірі.
Жеке рулар дәуірі жыр тізбегіне (циклына) енбейтін дара тұрған эпостық
жырға тән әрі ондай жыр көбіне жоғарыда көрсетілген инварианттың үш сюжетін
де қамтиды. Батырлардың жорығын бірнеше рет қайталау, оқиғасын өмірбаяндық
жолмен құру арқылы мұндай эпос өзі суреттеп отырған дәуірді мейлінше мол
бейнелейді. Мәселен, “Қобыланды”, “Алпамыс” жырларында сюжеттердің
толықтығын былай қойғанда әлеум. орта, жағдай, ел тіршілігі, біршама
нақтылы баяндалады. Ал ноғайлы дәуірі қазақ эпосының тізбекті топтама жыр
үлгілерінде көрініс береді. Бұларға қаһарманның дүниеге келуін, балалық
шағын, үйлену тарихын толық баяндау тән емес. Бір жырдан кейін бір жыр
тізбектеліп, қайта-қайта бір ізбен, бірыңғай өмірбаяндық жолмен баяндалып
отырса іш пыстыратын қайталаушылыққа әкеліп соқтырған болар еді. “Қырымның
қырық батыры” сияқты орасан зор тізбекті жырды жырлаған атақты Мұрын жырау
бұл өзгешелікті өте терең түсінген. Сондықтан да, ол әр батырға тән жеке
сюжеттерді (көбіне ІІ және ІІІ сюжеттер) іштей барынша ширықтыра отырып,
бірер оқиға болса да, оларға бірегейлік қасиет дарытып жырлаған. Батырлық
жырлардың құрылымына қатысты осындай ерекшеліктер олардың мезгіл мен
мекендік және тізбектік сипатымен тығыз байланысты. Батырлық жырлардың өлең
құрылысы, негізінен, табан астында өлең жолдарын суырып салып айтуда,
әсіресе, қимыл-қозғалысты, түрлі динамикалық оқиғаларды баяндауда ойнақы,
оңтайлы, еркін көсілуге мүмкіндік беретін жеті-сегіз буынды жыр өлшемі.
Қазақ халқының батырлық жырлары туралы алғаш зерттеулер жазып, жарыққа
шығарған ғалымдар Уәлиханов, Радлов, Потанин, И.Н.Березин, Диваев, Т.,
Беляев, И. Мелиоранский, Г. Саблуков, Н.Н. Ильминский, Ж. Шайхисламов, т.б.
болды.
Олар жалпы эпостық жырлардың ерекшеліктері, оның ішінде “Едіге”,
“Тоқтамыс”, т.б. эпостар туралы алғашқы ғылыми пікірлер айтты. “Алпамыс”,
“Қобыланды”, “Ер Тарғын”, “Қозы Көрпеш—Баян сұлу” эпостарын Қазан, Уфа
қалаларынан жарыққа шығарды. Бұлардың ізденістерін Әлихан Бөкейханов,
Байтұрсынов, Халил Досмұхамедов жалғастырды. “Ер Тарғын”, “Қобыланды”,
“Едіге”, “Батыр Бекет”, “Ер Сайын” жырлары алғаш рет осы ғалымдардың
еңбектерінде талданды. XX ғасырда Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит
Мұқанов, Марғұлан, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайлов, Б. Кенжебаев, Мәлік Ғабдуллин,
Н.С. Смирнова, т.б. ғалымдар қазақ эпосының халықтық сипаты, идеясы,
көркемдігі туралы зерттеулер жазып, қазір көпшілікке таралып кеткен
батырлық жырларды жариялады. 1950—1960 жылдары тұңғыш рет эпостың ғыл.
мәтінін жариялау жұмысы жүзеге асты, сөйтіп “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”
(1959), “Қамбар батыр” (1959), “Алпамыс батыр” (1961), “Қыз Жібек” (1963)
жырларының академиялық басылымдары жарық көрді. Осы кезеңдерде батырлық
жырлардың төңірегінде идеологиялық айтыстар да өрбіді.
XVIII ғасырдағы тарихи жырларға Абылайға арналған жырлар, "Қабанбай
батыр", "Бөгенбай", "Шақшақұлы ер Жәнібек", "Олжабай батыр", "Сырым батыр",
"Арқалық батыр", т.б. жатады. Бұл жырларда, негізінен алғанда, қазақ
батырларының жоңғарларға қарсы күресіндегі ерлік жолы баяндалады. Бұл
жырларда жыр арналған батырлардан басқа батырлар туралы да деректер
кездеседі.
XIX ғасырдың тарихи оқиғаларын суреттейтін жырлар да мол. Оның ішінде
Кенесары—Наурызбай бастаған халықтық қозғалысқа арналғандары — "Қиса
Наурызбай төре", "Кенесары — Наурызбай дастаны", "Кенесары поэмасы", "Қиса
Наурызбай төрені" Жүсіпбек Шайхисламұлы, "Кенесары—Наурызбай" дастанын Хан
Кененің жорықтарына қатысқан, барлық оқиғалардың куәсі болған Нысанбай
жырау шығарған. Кенесарыға арналған, оның ерлік жолын дәріптеген, көбіне
авторлары белгісіз жоқтау, мақтау өлеңдері де аз емес.
Батырлық жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел
қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың
шапқыншылық шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел-жұртын қорғап қалған
батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырына
қосқан. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін
жасаған істерін де жырлаған, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының
ерлік ісін ел қорғаған батырлардың ісінен кем санамаған. Сондықтан да бұл
екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне
айналған.
Әрине, батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың
ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып,
солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып даму
процесінде талай қоғамдық және таптық тілектерге сәйкес көптеген
өзгерістерге ұшыраған, әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық және таптық ой-
сананың, көзқарастардың алуандаған әсерін бойына жинай берген. Әрбір
қоғамдық құрылыс, әрбір тап батырлар жырын өз тілегіне, өз мүддесіне сай
етіп өзгертіп те отырған, олар батырлар жыры арқылы өздерінің қоғамдық және
таптық идеясын таратуға тырысқан.
Қазақтың батырлар жыры ертеден келе жатқан мәдени мұраның ең мол түрі
дедік. Бірақ Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін оларды ел арасынан
жинап алушылар болса да, оны шын мәнінде ғылыми жолмен зерттеушілер болған
жоқ. Рас, қазақтың батырлар жыры туралы Шоқанның, Радловтың, Потаниннің
бірен-сарандап айтқан пікірлері болды. Дегенмен олар қазақтың батырлар жыры
өте көп, әрі көркем, оны жинау керек деген пікірден онша асып кете алмады.
Олар қазақтың батырлар жыры жайында арнап зерттеу еңбектер жазбаған.
Сондықтан да олар батырлар жырының тууына әсер еткен қоғамдық, тарихи
жайларды, батырлар жырындағы халықтық, қоғамдық мәселелерді ашып көрсете
алмады. Мұнымен қатар, олардың батырлар жыры жайында айтқан кейбір
пікірлері қате, теріс те еді. Шоқанның Едіге мен Абылай жайындағы жырларды
асыра мақтауы, Потаниннің батырлар жырын зерттегенде әрбір халықтың
творчестволық қабілетін кемітуі, жырдың мазмұнын бір халық екіншісінен алып
отырады деуі, Радловтың қазақта батырлар жыры жоқ деуі т. б. ағат айтылған
қате пікірлері, теріс көзқарастары болатын.
Батырлар жырын зерттеу ісі советтік дәуірде қолға алынды. Батырлар
жыры жайында газет, журналдық мақалалардан бастап, кандидаттық, докторлық
диссертацияларға дейін еңбектер жазылды, орта мектепке арналған оқу
құралдары көлемінде зерттелді. Советтік дәуірде қазақтың батырлар жырын
зерттеуде М Әуезов, С.Мұқанов, X. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, Б.Кенжебаев, А. С.
Орлов секілді әдебиетші-ғалымдар бірсыпыра жұмыстар жүргізді. Бұлардың
еңбектері ірілі-ұсақты кемшіліктері бола тұрса да, батырлар жырын ғылыми
тұрғыдан зерттеудің алғашқы бастамасы еді.
Батырлар жырын зерттеуде қате-кемшіліктер де болмай қойған жоқ.
Кейбір еңбектерде батырлар жыры сын көзімен қаралмай, барлығын бірдей
халықтық деп бағалау, асыра мақтау басым болды. Бертін келе батырлар
жырының барлығын бірдей халыққа жат деп көрсету кейбір әдебиетшілер мен
тарихшылардың еңбектерінен орын алды.
Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына
байланысты туды десек, мұны батырлар жыры жайында да айтуға болады.
Батырлар жырының алғашқы ұсақ үлгілері сонау ерте заманда, патриархтық-
рулық құрылыс кезінің өзінде-ақ туа бастаған. Сол кездің тарихта аттары
мәлім рулары: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ т. б. өздерінің ру
тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. Мұндай күрестер кезінде әр рудың
батырлары өз руларын қарсы жақтың шабуылдарынан қорғап қалу жолында ерлік
жасаған. Олардың бұл жолдағы ерлік істері ру арасында өлең-жырға, аңыз-
әңгімеге айналған.
Дегенмен, патриархтық-рулық құрылыс кезінде туған батырлар жырының
үлгілері толығынан сақталмаған. Оның кейбіреулері, кейіннен, ауыз
әдебиетінің басқа түрлерімен қосылып, араласып кеткен. Сондықтан батырлар
жырының алғашқы үлгілерінің жалпы жайын, сипатын дәлелдеп айту өте қиын.
Батырлар жырын тудырушы халық десек, енді сол жырлардың халықтық
сипаттары қандай болмақ? Бұл сұраудың да жауабын марксизм-ленинизм
классиктерінің, орыс халқының революцияшыл ұлы демократтарының және А.М.
Горькийдің еңбектерінен табамыз. Олардың айтуынша, қоғам өмірінен, халық
бұқарасының тұрмыс-тіршілігінен оқшау тұратын батырлар жыры болмайды.
Батырлар жыры қай кезде болса да белгілі бір таптың идеясын, арман
мүддесін, қоғамдық көзқарасын білдіріп отырады. Батырлар жыры халықтың
тұрмысында, тарихында болған елеулі оқиғаларды көркем образ арқылы жинақтап
бейнелейді және ол оқиғаларды халық өзінше бағалайды, өзінің көзқарасын
білдіреді. Қоғам өмірінде материалдық игіліктерді, рухани мәдениетті,
тарихты жасаушы, оларды алға бастырушы негізгі күш — халық деп үйретеді.
Бұл айтылғандар батырлар жырының халықтық сипатын ұғынуымызға толық
мүмкіндік береді. Оны мынадан байқауға болады. Біз жоғарыда қазақтың
батырлар жыры өткендегі тарихи оқиғаларды жырлау негізінде туды дедік. Ол
оқиғаларды халық жырының бағалауы бір басқа да, феодалдық жырдың топшылауы,
бағалауы екінші түрде. Аталған оқиғаларды феодалдық жырлар үстем таптың,
халықты езушілердің тұрғысынан бағалайды. Феодалдар мен хандар өздерінің
халықты езуін, шапқыншылық, ел талағыштық, қанқұмарлық іс-әрекеттерін
ерлік деп жырлайды. Сондай-ақ, феодалдық жырлар көбінесе жеке адамдардың
істерін суреттеуге, даралықты, жеке меншіктілікті дәріптеуге көңіл бөледі.
Жеке адамдарды дәріптегенде, олардың көпшілік үшін атқарған қызметін айтып
ардақтамайды, асса ат төбеліндей қанаушылардың, қалса олардың қара басының
даңқын көтеру үшін дәріптейді. Осы жолда олардың ел талағыштық, қан-
құмарлық, шапқыншылық жорықтарын ерлік деп жырлайды, сөйтіп, тарихи
шындықты бұрмалайды. Бұған Ер Сайын жыры мысал болады.
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал
қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында
шығарылған жырлардың халық әдебиеті тарихынан алатын орны үлкен. Мұны көп
ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап сүйсіне
тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Халық өткен кезде батырлар жырын жастарды ел-отанды сүюге, халыққа
адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Жырдағы
батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл
ретте де батырлар жырының тәрбиелік мәні болған.
Ертеден келе жатқан батырлар жыры біздің советтік заманымызда да
халықтық мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін совет халқы
бұл жырлардың ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік сапасы жоғарыларын
пайдалануда. Бұған батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерінің жинақ болып
бірнеше рет басылуы, ғылыми еңбектер жазылуы, оқу орындарында оқытылуы,
театр сахналарында және киноларда көрсетілуі дәлел. Сондай-ақ, патриоттық
ерлік істерді, Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын совет халқы аса
жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның ең жақсы үлгілері деп
таниды.
XIX ғасырдың тарихи өлеңдеріне "Исатай-Махамбет", "Бекет батыр",
"Жанқожа", "Досан батыр", "Еңлік—Кебек", "Қалқаман— Мамыр", "Өтеген батыр",
"Сұраншы батыр" жырларын жатқызуға болады.
Ығылман Шөрековтің "Исатай—Махамбет" атты шығармасында Жәңгір хан мен
Исатай, Махамбеттің арасындағы күрес, 1836—1838 жылдардағы Кіші жүздегі
халық қозғалысының тарихы баяндалса, "Жанқожа батыр" жырында қазақтардың
Хиуа хандығы мен Ресей отаршылдарына қарсы күресі, "Бекет батыр", "Досан
батыр" жырларында Маңғыстау өңіріндегі осы аттас батырлардың тарихи
ерліктері жырланған. Бұл жырларда тарихи шындық эпостық өсірелеумен
астасып, араласып отырады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей империясының отарлық езгісіне
қарсы Есет Көтібаровтың, Жанқожа Нұрмағанбетовтің, Досан Тәжиевтің
көтерілістері жаншылып, отарлық саясат әбден күшейген кезде Шортанбай
Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Нарманбет, Әбубәкір Кердері, т.б. өлеңдері тым
мұңды, тым күйрек сарындағы шығармалар еді. Шортанбай бастаған бұл
ақындарды кезінде "Зар заман ақындары" деп кінәладық та, шындығында, бұлар
заманға қатты наразы, қазақтың, елдің, жердің, діннің болашағын ойлап
күйзелген ақындар еді. Мысалы, Мұрат ақын:
Еділді тартып алғаны —
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны —
Жағаға қолды салғаны, —
десе, Шортанбай:
Елді алды, елді алды,
Есілді алды, жерді алды,
Енді алмаған не қалды? —
дейді.
Кезінде Сүйінбай Аронұлы, одан соң Жамбыл Жабаев жырлаған "Өтеген
батыр", "Сұраншы батыр" жырлары Жетісу жерінен шыққан XVIII ғасырда Жоңғар
шапқыншылығына, XIX ғасырдың ортасында Қоқан басқыншыларына қарсы күрескен
батырлар жөніндегі эпостық өлең шежіре.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі жөнінде сол көтерілістерді көзбен
көрген Омар Шипиннің, Кенен Әзірбаевтың, Есдәулет Кәндековтің, Сәт
Есенбаевтың, Жамбыл Жабаевтың өлең-жырлары тарихи деректердің бір бөлігін
құрайды.
20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап қазақ батырлық жырларын жаңа қырынан
зерттеуге Қоңыратбаев, Бердібаев, Т. Сыдықов, С. Садырбаев, Қ. Сыдиықов, С.
Қасқабасов, О. Нұрмағамбетов, Ш. Ыбыраев, т.б. ғалымдар үлкен үлес қосты.
Олардың еңбектерінде Батырлық жырлардың жанрлық ерекшеліктері, варианттары,
құрылымы, поэтикасы, тұтастануы, типологиясы, генезисі жан-жақты
қарастырылды. Батырлық жырлардың әдебиетке, ұлттық кәсіби өнер жанрларының
қалыптасуына әсері ерекше болды. Мәселен, батырлық эпостар сюжетінің
негізінде Ж. Жабаев “Сұраншы”, “Өтеген” жырларын шығарған. Драматургия
саласында “Қарақыпшақ Қобыланды” (Әуезов), “Арқалық батыр” (Ж. Шанин), т.б.
пьесалар жазылып, “Ер Тарғын” (Е. Брусиловский), “Алпамыс батыр” (Е.
Рахмадиев) опералары қосылды, “Батыр Баян” кинофильмі түсірілді.

1.2 Ұлт-азаттық жылдарындағы батырлар туралы жырлардың зерттелуі

Тарихи жырлардың туып, қалыптасуы турасында академик М.О.Әуезовтың:
“Бұл жырлардың бәрі де, ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да –
анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер – тарихта
болған адамдар. Жырлардың авторлары – көбінесе сол оқиғаларды көзімен
көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген
оқиғаларды уақытына қарай сап-сабымен баяндайды” [6, 75-б.] - деген
тұжырымы батырлар туралы жырларда анық байқалады. Өйткені, ол жырларда жер-
су, кісі, мәнсап, ру атаулары анық сақталған. 
Ұлт-азаттық көтеріліс жылдарында қалыптасқан тарихи жырларды екі
кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең – Қазақ хандығы кезінде
жоңғарларға қарсы күресте туған “Қабанбай батыр”, “Арқалық батыр” жырлары
туған дәуір, яғни сыртқы жауға қарсы күрес негізінде туған жырлар. Ал,
екінші кезең – Қазақстанның Ресейге бодан болып, елдегі қазақтардың саяси-
әлеуметтік жағдайларына байланысты туған жырлар, яғни ішкі жауға қарсы
күрес негізінде туған жырлар.
Алғаш рет Жоңғария мен Қытайға жақын тұратын Жетісу қазақтарының
фольклорлық мұраларын жинап, жариялау ХІХ ғасырдың екінші жартысынан
басталды. Ғалым Шоқан Уәлихановтың “Қашқарияға саяхат”, “Жоңғария
очерктері” атты еңбектері  алғашқы зерттеу еңбектері болып табылады.
Ш.Уәлихановтан кейін Алтай аймағында тұратын қазақтардың фольклорлық
мұраларын зерттеуші Г.Н.Потанин жинап, жариялады.
Қазақстанда сыртқы жауға қарсы күрес негізінде туған жырлар араға біраз
уақыт салып, Қазан төңкерісінен кейін қайта қолға алынды.
 Бұл тұста айта кететін бір жайт, біздің ғылыми зерттеу жұмысымызда екі
елдің арасына көп тараған “Қабанбай батыр” жыры мен “Арқалық батыр”
жырларының жиналу, жариялану, зерттелуі сөз етілді.
“Арқалық батыр” жыры жөнінде Қ.Қалиасқарұлы, С.Садырбаев, Б.Уахатов,
М.Ғұмарова, Т.Сыдықов, З.Сейітжанов сияқты  ғалымдар болды. Әйтсе де әр
ғалымның өзіндік тұжырымдары бар. Мәселен, Қ.Қалиасқарұлы “Арқалық батыр”
жырын батырлар жырының құрамында қараған [7, 89-б]. Ал, ғалым С.Садырбаев
“Фольклор және эстетика” атты еңбегінде “Арқалық батыр” жырын батырлық,
ғашықтық, ерлік, таптық тартыс, отбасылық қарым-қатынастар қатар
суреттелетін тарихи жырлардың қатарында қараған.[8, Б.68-73]
Ғалым Б.Уахатов бұл жырды тарихи шындықпен салыстыра қарап, “ХҮІІІ
ХІХғасырларды ала туған “Арқалық батыр” жырында сол дәуірдегі тарихи-
әлеуметтік өзгерістердің шынайы суреттері бар” деген қорытынды жасаған [9,
180-б]. Тарихи шындыққа жақын келетін Ержан Ахметов нұсқасын көбірек
назарда ұстаған. 
Зерттеуші М.Ғұмарова бұл жырдың жиналуы мен жариялануы, идеялық
мазмұны, образдар жүйесі турасында зерттеу мақалаларын жазды. “Арқалық
сыртқы жау – қалмақтарға, ішкі жау - Әжіге қарсы күрескен батыр” дейді [10,
476-б].
Ал, зерттеуші Т.Сыдықов ғалымдар С.Садырбаев пен Б.Уахатовтың 
зерттеулерін негіз еткен [11, Б.160-162.].
З.Сейітжанов “Арқалық батыр” жырымен қоса, “Тарихи эпос” атты
монографиясында Қытайдағы қазақтардың арасында айтылатын  кейіннен туған
тарихи жырларды алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Бұл жырлардың қатарында
“Арқалық батыр”, “Мырзаш батыр”, “Түкібай-Шолпан”, “Шайқан – Күләш”, “Ахмет-
Кәшім”,  “Хасен-Жәмилә” , т.б. жырларды қарастырып, түркі-монғол
халықтарының эпикалық мұраларымен типологиялық салыстырулар жасаған.
Салыстырулардың нәтижесінде “... бұл жырлардағы тарихи оқиғаның негізі айқын,
яғни жыр нақты өмірде болған тарихи кейіпкерлердің іс-әрекетін баяндайды,
демек, бұл жырлар нақты тарихи-реалды эпос” деген тұжырым жасаған [12, 28-
б].
Ал, “Қабанбай батыр” жырының жиналуы мен зерттелуіне келгенде ғалым
С.Қасқабасов: “... Қабанбай туралы шығармалар батырлық эпосқа толық айналып
үлгермеген, бірақ оның поэтикасын бойына сіңірген тарихи жырлар” деп
қарайды. Сондай-ақ, Қабанбай дәуірінде шағын өлең, аңыз-әңгіме түрінде
айтылып, жырдың кейін пайда болғанын да дәлелді түрде көрсете білген.
“Қабанбай батыр” жыры туралы зерттеу жазған ғалымның бірі Болатжан
Абылқасымов болды [13, Б.91-115].  Зерттеуші “Қабанбай батыр” жырының  ХХ
ғасырдың бас кездерінен бастап С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов,
С.Аманжолов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, Н.Смирнова сияқты
ғалымдардың еңбектерінде сөз болғандығынан хабардар ете отырып, Қабанбай
батыр жайында айтылатын жыр нұсқаларының жиналуы мен зерттелуі туралы
мәліметтер берген. Жырдың қолжазба күйінде сақталған он үш нұсқасының
жырлаушылары мен жазып алушылары туралы айта келіп, сол он үш нұсқаны қатар
алып салыстырады. Тіпті, сюжеттік желідегі ірірек және мәндірек деген
эпизодтарды тарихи фактымен қатар алып қарастыра келіп, “Қабанбай батыр”
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихының бір сәтін бейнелейді. Әскери қақтығыс пен
кейіпкерлердің өмірден алынғандығы дау туғызбайды деген  қорытынды жасаған.
Қабанбай батыр жырын арнайы зерттеу нысаны еткен ғалым А.Ғабдуллина
“Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар мен аңыздар” деген ғылыми зерттеу
еңбегінде Қабанбай батыр жайындағы барлық аңыздар мен жырларды қатар алып
қарап, олардың тарихи шындыққа жанасатын тұстарын салыстырады. Мәселен
жырдың тарихилығын біріншіден, ХҮІІІ ғасырда өткен қазақ-қалмақ соғысы;
екіншіден, батыр жанындағы Абылай, Бөгенбай, Жәнібек, Дәулетбай,
Ақтамберді, Қазыбек би, Бұқар жырау – бәрі де тарихи өмір кешкен
Қабанбайдың тұстастары; үшіншіден, шайқастар өткен жер-су мен кісі, ру,
ұлт, елді мекеннің аттары дәл өз күйінде сақталғанын жырдың тарихилығы деп
таниды.[14]
Н.Мыңжани ХҮІІІ-ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі дәуір турасында
Бұл дәуірді халық дастандары ең мол жырланған және сақталған дәуір деуге
болады. Алдымен байырғы жырлау дәстүр-дағдысы жалғастырылды және дами
түсті. Ежелден жырланып келе жатқан ескі ерлік эпостары, ғашықтық  жырлары
мен қиссалар жаңғырта жырланды, онан ары вариантталды деген тұжырым
жасайды [16, Б.6-7].
Ғалым “Қазақ фольклоры және оның қисса-дастан жанры жайында” деп
аталатын зерттеуінде қазақ фольклоры жөнінде сөз қозғай отырып, қисса-
дастандарды халық әдебиетіндегі жетекші жанрлардың бірі деп қарайды. “Бұлар
мазмұнына қарай батырлар жыры, ғашықтық дастаны және қиссалар болып үш
салаға жіктеледі” [17, 54-б] дейді. Бұл ретте Н.Мыңжани тарихи жырларды
жеке жанр ретінде қарастырмаған.
Қазақ халық әдебиеті мұраларын жинау, реттеу, бастыру, зерттеу ісін
ұдайы жүргізген әдебиетшінің бірі – Асқар Татанайұлы болды. Ол 1938-жылдан
бастап Алтайда тұңғыш шыққан “Жаңа Алтай” журналына өзінің жиған халық
әдебиеті туындыларымен қатар өз шығармаларын да жариялайды. Автор қазақ
фольклоры саласында ғылыми еңбектер жазбаса да, қазақтың тарихи жырларын,
қиссаларын көптеп жинап, олардың шығу төркіні туралы мақалалар жазған. Сол
тұста “Арқалық батыр” жыры, 1947 жылы жазып алған “Дәмежан жыры” секілді 
үлкен эпикалық дастан жырларды қайта реттестіреді [3, 277-б.]. Сондай-ақ,
оның заман көріністерінен бей-жай болмағанын, көңілге түйген, естіген
деректері “Тарихи дерек – келелі кеңес”[18] атты зерттеу еңбегінде көрініс
тапқан. 
Осы тұста фольклор мұраларын жинап, зерттеуге үлес қосқан әдебиетші
Оразанбай Егеубаев “Қазақ халық дастандары” атты мақаласында эпикалық
жырларды мазмұнына қарай үш топқа бөліп қарастырады. Олар: батырлық
дастандары, ғашықтық дастандары, қиссалар. Бұл арада автор тарихи жырларды
жеке жанр ретінде қарамаған. Оларды батырлық эпостардың құрамына
қосқан.[19]
Әдебиетші Ахметбек Кірішбаев та қазақ халық әдебиетін соның ішінде
тарихи жырлар жайында еңбек жазғандардың бірі. Бірақ, А.Кірішбаев та тарихи
жырдың жанрлық сипатын ашпаған, тарихи жырлардың ХҮІІІ ғасырда туғандарын
батырлар жырының қатарында, ХІХ-ХХ ғасырларда туған тарихи жырларды
қиссалар құрамында қарастырған.[20]
Халық фольклорын зерттеу ісіне араласып келе жатқан зерттеушілердің
бірі - Әуелқан Қалиұлы. Ғалымның халық әдебиеті жайында жазған “Қазақ ауыз
әдебиеті” [21] атты монографиясы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі болды.
Әйтсе де ғалым эпикалық жырларды дастандар деп алып, батырлық жырлар,
ғашықтық жырлар, қиссалар деп үшке бөледі. Көріп отырғанымыздай Әуелқан
Қалиұлы да дастандарды тек үшке бөліп, ғалымдар Н.Мыңжани, А.Кірішбаев,
О.Егеубаевтар сияқты  тарихи жырлардың ХҮІІІ ғасырда туғандарын батырлар
жырының қатарында, ХІХ-ХХ ғасырларда туған тарихи жырларды қиссалар
құрамында қарастырған.
Халықтың фольклорлық мұраларын жинау, реттеу, бастыру, ғылыми мақалалар
жазу жұмысында Зейнолла Сәніктің де елеулі еңбегі болды. Бірақ, З.Сәнік те
“Қабанбай батыр” жырын батырлар жырының құрамында қараған. Көріп
отырғанымыздай, зерттеушілер тарихи жырлардың жанрлық сипатын анықтамаған.
[22]  
Зерттеуші Жақып Мырзақанұлы[23] да, Тоқтархан Ахметжанұлы[24], Омарқан
Асылұлы[25], Ж.Маман[26] болсын бәрі де тарихи жырлардың жанрлық сипатын
анықтамаған. Кейіннен туған Есет батыр, Ер Бекет секілді тарихи
жырлардың жиналып, жарияланғаны болмаса, бұл жырлар турасында
З.Сейтжановтың ғылыми зерттеуінен басқа бірде-бір арнайы ғылыми зерттеу
еңбегі жазылмады.[12]
Поэтиканың сан түрлі қыры болатынын айта келіп, “Поэтика - әдебиет пен
фольклортану ғылымының аса бір қиын да күрделі саласы. Өйткені кез-келген
шығарманың көркемдігі мен оның тіл кестесін, яғни поэтикасын зерттеу сөз
өнерінің ішкі қыр-сырына тереңдеп барып тексеруді қажет етеді. Поэтика –
гректің “poietine” – поэтикалық өнер деген сөзінен шыққан” – деген ғалым
Б.Уахатов тұжырымын негізге алдық [33, 113-б.]. Бұдан шығатын қорытынды
фольклор поэтикасы дегеніміз сөз өнерінің көркем формаларының: сюжет,
композиция, образ, бейнелеу құралдары, тіл кестесі, әуен, ырғақ, өлшем
сияқты компоненттерін қамтумен қатар, ауыз әдебиеті шығармаларының жанры
мен шындықты бейнелеу принциптері мен методтары да осы ұғымға кіретінін
көрдік.
 Фольклор шығармаларының әрбір жанрының жанрлық ерекшелігін айтып,
пікір білдірген ғалымдар аз емес.Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин,
С.Мұқанов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, С.Қасқабасов, Р.Бердібаев,
Е.Тұрсынов, Б.Уахатов, З.Сейтжанов, Т.Сыдықов, Ш.Керім, Б.Рахымов т.б.
Аталған ғалымдар поэтиканы тұтастай алып қарастырмаса да, өз зерттеулерінде
фольклор поэтикасының әр қырын қарастырған.
Мен сол себепті тарихи  жырлардың поэтикасын зерттеуде мынадай үш түрлі
шартпен қарастырдым 1) тұтастану, (сюжет пен мотив) және композиция; 2)
көркем образ; 3) бейнелеу құралдары.
Фольклорлық шығарма оқиғаларының тұтастануын білу шарт. Бұл дегеніңіз
- бүкіл шығармадағы оқиғалардың орындалуы мен орындау барысы. Шығармадағы
тұтастану мәселесі С.Қасқабасов, В.Жирмунский, С.Садырбаев қатарлы
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылды. Академик В.Жирмунский
тұтастану орыс былиналарында кездеседі десе [34, ст.37-43], профессорлар
С.Қасқабасов [35, Б.8-63] пен С.Садырбаев[24,105 б.] мұндай тұтастану
заңдылығы қазақ фольклорында да кездесетінін дәлелдеген.
Академик С.Қасқабасов тұтастану - фольклор поэтикасының заңдылығы деп
қарап, фольклорлық шығармалардың өзіндік әдіс-тәсілдері, көркемдеу
құралдары мен олардың атқаратын қызметі болатынын атап көрсетеді. Өз
қаһарманын ерен ерлік иесі етіп көрсету үшін романтикалық дәріптеу мен
жинақтауды қолданатынын баса айтады. Ғалым: “Көркем жинақтау - өмірді,
қаһарманды фольклорлық түсінікпен дәріптеуге қызмет етеді және тұтастану
құбылысын күшейтеді. Өйткені тұтастанудың өзі, түптеп келгенде жинақтаудың
бір түрі десе де болады, себебі мұнда да тарихи оқиғалар кейіпкердің өмір
жолы мен іс-әрекеттері, оның ұрпағының ғұмыры мен қимыл-ерліктері түгел
жинақталып, топталып, біртұтас дүние құрайды”- дейді [34, 9-б.]. 
Тарихи жырлардың композициясы, сюжеттік желісі классикалық жырларға
ұқсамайды. Басқаша айтқанда, мұнда негізгі оқиғаға мән беріледі. Батырлық
жырлар сюжетінің бөлшектері ұлт-азаттық қозғалысына байланысты туған тарихи
жырларда өзгеріске ұшырайды. Басқаша айтқанда батырлық жырларда кездесетін
(перзентсіз ата-ана, олардың хал жағдайы, кейіпкердің керемет болып туылуы,
баланың өте күшті батыр болып ерекше өсуі, батырдың әйел іздеп шығуы,
ғашығын (қалыңдығын) іздеп табуы) ғұмырнамалық  эпизодтар тарихи жырда
айтылмайды, батырлардың жас кезі, мекен жайынан қысқаша мәлімет беретін
шағын кіріспе болады. Негізінен ел азаттығы жолындағы іс-әрекеттері
айтылады. Ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған жырларда ұлан-асыр той
да жоқ. Керісінше, басты кейіпкерлер мерт болады. Оқиға қайғылы аяқталады.
Батырлар образын ашуда көркемдік бейнелеу құралдарының қызметі зор.
Өйткені, “батыр образы – халықтың ең асыл арман-мұратының көркем
жинақталуы” [35, 54-б.]. Ал, тарихи жырларда батырын асыра мақтау жоқ.
Оқиға қалай болса, сюжеттік желі де солай болады. Қалыптасып тұрақтанған
сюжет жоқ. Оқиға өмірдің өзінен туындайды.
Соңғы жылдары елімізде халық әдебиетінің жанрлық түрлерін тереңдеп
зерттеу жұмыстары, соның ішінде тарихи жырлар туралы да арнайы ғылыми
зерттеулер жазылмады. Халық  фольклорын зерттеп, пікір айтқан әдебиетші,
ғалымдар тарихи жырларды бірде батырлық жырлардың құрамында қарастырса,
бірде қисса-дастандардың (қисса-зарлар) тобына қосып отырды. Тек
тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тарихи жырлар жеке жанр ретінде қарастырыла
бастады.

1.3 Тарихи жырлардың ауыз әдебиетінің жанры ретіндегі ерекшеліктері

Тарихи жырлар - белгілі тарихи окиғаға байланысты туған эпиалық
шығармалар. Тарихи жырларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар
Тарихи жырлардың субъективтілігі
Тарихи аңыздар, тарихи жырлар және олардың рухани жағынан маңызы
Тәуелсіздік жылдарындағы поэзияның егемендік келбеті
М.Әуезовтің «Хан кене» трагедиясындағы алашшыл идея
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Кеңестік дәуірдегі ауыз әдебиетіндегі қазақ тарихының зерттелу мәселелері
Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
Ұлт-азаттық көтерілістері туралы Қытай қазақтарының тарихи жырлар
Пәндер