Қостанай облысындағы ішкі туризм


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ . . . 6
1. 1 Табиғи-рекреациялық ресурстары . . . 13
1. 2 Тарихи-мәдени ресурстары . . . 19
1. 3 Ерекше қорғалатын аумақтары . . . 21
2. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІШКІ ТУРИЗМНІҢ ЭКСКУРСИЯ ДАМЫҒАН ОРТАЛЫҚТАРЫ . . . 25
2. 1 Курорттары . . . 25
2. 2 Санаторийлері . . . 31
3. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЭКСКУРСИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАСЫ . . . 42
3. 1 Облыс туризмінің қазіргі жағдайы . . . 48
3. 2 Облыстағы туризмді дамыту проблемалары . . . 52
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 63
КІРІСПЕ
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Демалыс пен туризм қоғамдық қызметтің негізгі саласына айналып отыр. Олар көптеген рекреациялық ресурстар түрлерінің географиялық ортаға танымалдылығымен, рекреациялық территорияларды рационалды үйымдастырумен, әртүрлі демалыс түрінде қажеттіліктерді болжаумен, рекреациялық ресурстардың аймақтық бағалау ерекшеліктерімен байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды. Соңғысы ерекше өзекті мәселені құрайды және ол туризм мен демалыс мақсаттары үшін территорияның жарамдылығын зерттеу мәселесінің маңызды бөлігін құрайды.
Қоғамның өндірістік интенсификациясы ең алдымен адамның психофизикалық жүктемесінің күшейуіменен анықталады. Адамның жұмыс қабілеттілігін жақсарту үшін арнайы жағдай жасау керек. «Рекреация» сөзінің мағынасы - «дем алу, адамның күшін қалпына келтіру» дегенді білдіреді.
Тақырыптың өзектілігі. Туристік мақсаттағы экскурсияның туристік классификация ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан да туризм классификациясын талдай отырып диплом жұмысының мазмұнын құрау, соған орай Қостанай обылысында туристік экскурсияның дамуын зерттеу, талдау мәселелері қолға алынуда. Адамдардың рекреациялық қызметі бірнеше аспектілерден тұрады: медико-биологиялық, әлеуметтік-мәдени, экономикалық болып. Рекреациялық қызметінің ең негізгі аспектісі медико-биологиялық болып табылады. Оның құрамында - денсаулықты жақсарту, курорттық емдеуді қажет ететін адамдарға көмек көрсету және аурудың алдын алу;
Әлеуметтік-мәдени қызметке - әлемді, табиғатты, тарихты, мәдениетті тану, яғни танымдылық мақсаты;
Экономикалық аспектіге - адамның еңбекке деген қабілеттілігін жақсартуды жатқызуға болады.
Туризм ғылым саласы ретінде саяхаттанудың ең қарапайым ежелгі кезеңінен қазіргі заманға дейінгі даму элементтерін зерттейді. Туризм тарихы ғылым саласы ретінде саяхаттанудың ең қарапайым ежелгі кезеңінен қазіргі заманға дейінгі даму элементтерін зерттейді. Туризм тарихын зерттеудің негізгі пәні - туристік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретінде шығу тегі заңдылықтарды және дамуы мен қалыптасуы болып табылады.
Туризм пәні зерттеулердің қосымша түрде археология, нумизматика, палеография, этнография сияқты тарихи пәндерге сүйенеді. «Туризм» термині әртүрлі халықтардың тілінде тек 19 ғасырдың басында ғана қалыптаса бастады. Ежелгі заманда және орта ғасырларда адамдар «саяхаттанушы» терминін кеңінен қолданды. Саяхаттану деп жаңа заманғы туризмтануда адамдардың белгілі бір кеңістіктен оның мақсаттарына қарамастан орын ауыстыруын айтады.
В. Б. Сапрунованың зерттеу жұмыстары туризм саласының дамуының 4 сатысын анықтап береді.
Бірінші сатысы В Сапрунова туризмнің бастапқы тарихының кезеңі деп атайды (ежелгі кезеңнен 19 ғасырдың басына дейінгі уақыт) .
Екінші сатысы (19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың басы аралығы) - элитарлы туризм кезеңі, туристік қызмет түрлерін өндіретін арнайы мамандандырылған мекемелердің пайда болуы.
Үшінші сатысы (20 ғасырдың басы мен екінші дүние жүзілік соғыс басталғанға дейін уақыт ) - бұл әлеуметтік туризмнің алғаш қалыптасу кезеңі.
Төртінші сатысы (1945 бастап бүгінгі күнге дейінгі уақыт ) - бұл көпшілік туризмнің саяхаттану үшін тараулар мен қызмет түрлерінің өндіретін салааралық жиынтық ретінде туризм индустриясының қалыптасуы және дамуының қазіргі заманғы сатысы.
Туризм, басқа да халық шаруашылығы сияқты бірнеше шағын салалардан тұрады: емдеу, сауықтыру-спорт, танымдық; сондай-ақ ішкі және халықаралық туризмге бөлінеді. Бірнеше басқару органдарының болуы да осыған байланысты; бұрыңғы КСРО-да бұлар орталық курорттарды басқару кеңесі, орталық туризм және экскурсия кеңесі, халықаралық жастар туризмінің бюросы - «спутник», бүкілодақтық акционерлік қоғам - «Интурист» және басқалары. Осындай конструктивті ғылым, кешенді зерттеулерге сүйенентін жаратылыс, техникалық, экономикалық және әлеуметтік, табиғи мәселелерді қамтуға туризм географиясының ғана шамасы келеді. Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Қостанай қаласы аумағында экскурсиялардың ұйымдастырылуына негізінен санаторийлер мен курорттар себеп болып отыр. Қостанай облысының туристерге арналған санаториялық курорттық потенциалы Қостанай облысының туристік ресурстар жиынтығынан құралған. Сонымен қатар жалпы емдік туризмнің қалыптасу және даму тарихына тоқталмай объективті тұрғыда бағалау мүмкін емес. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне орай емдік туризмді классификациялай отырып, олардың орналасу принциптерін ашу, көрсету қажеттілігі туып отыр.
Курорттық-рекреациялық шаруашылыққа шипажайлар, санаториялар, демалыс үйлері, туризм және қызмет көрсету бөлімдері жатады. Олардың басты мақсаты халықтың рекреациялық қажеттіліктерін, рекреациялық (емдік сауықтыру, табиғи, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық) ресурстар арқылы қанағаттандыру. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе емдік сауықтыру туризмі проблемасы көкейтестілігі анықталды.
Зерттеу (нысаны) объектісі . Қазақстан Республикасы мен Қостанай облысының туризм саласы.
Зерттеу пәні. Туризм саласындағы экскурсиялар дамуының негіздері, теориялық және әлеуметтік-экономикалық механизмі.
Жұмыстың мақсаты: Қостанай облысы аумағындағы туристік экскурсиялардың алатын орны және дамыту жолдары.
Жұмыстың міндеттері:
- Облыс аймағының туристік рекреациялық ресурстарын одан ары дамытып, оның шешу проблемаларын жеке-жеке талдап, анықтау.
- Қостанай облысының туристік рекреациялық мүмкіндіктерін анықтау.
- Қостанай облысы туризмінің даму тарихын анықтай отырып, экскурсиялық туризмді дамыту жолдары мен болашағын айқындау.
Зерттеу әдістері: әдебиеттерге шолу, картографиялық, статистикалық, ақпарат құралдары материалдарын өндеу.
1. ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Туризм дамуының негізгі алғышарттары болып: табиғи, әлеуметтік-экономикалық ресурстар және туристік инфрақұрылым болып табылады. Олар туризмнің дамуына, туристік обьектілер мен туристік аудандардың құрылуына әсерін тигізеді. Біз осы тарауда туризм дамуының маңызды алғышарттарына, табиғи жағдайына көңіл бөлеміз. Табиғи жағдай туралы айтудың алдында, туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз не? Деген сұрағына жауап берейік.
Туристік-рекреациялық ресурстар дегеніміз - туристік экскурсиялық қызметке және емдеу, спорттық-сауықтыру, танымдық туризмге жарайтын, табиғаттың және адамдардың күшімен салынған обьектілер мен қоршаған орта құбылыстарының жиынтығы. Барлық туристік-рекреациялық ресурстардың жиынтығын үлкен екі топқа бөлуге болады: табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстар (мәдени, тарихи) . Ал енді тікелей осы тараудың мазмұнына, табиғи-рекреациялық ресурстарға көшуге болады [1] .
Туризм қазіргі таңда дамыған және дамып келе жатқан көптеген мемлекеттердің экономикасының басты негізі болып, әлемдік экономиканың ең басты және тез дамитын саласы болып табылады. Туризм жылдам өсу қарқынмен жүзжылдықтың экономикалық феномені ретінде танылды. Туризм әлемдік экономикада басты позициялардың бірі болғандықтан, Бүкіләлемдік туристік ұйым (БТҰ) мәліметтері бойынша ол әлемдік жалпы ұлттық өнімінің оныншы бөлігін, халықаралық инвестицияның 11% астамын, әлемдік өндірісте әрбір тоғызыншы жұмыс орны қамтамасыз етеді.
Туризм түсінігі айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген жөн:
- Орын өзгерту. Бұл жағдайда іс−әрекет күнделікті ортадана тыс жерге орын ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз үйі мен жұмыс орнына немесе оқу орнына бару арқылы орнын өзгерткен тұлғаны турист ретінде қарастытыру мүлдем теріс түсінік.
- Өзге жерге келу. Бұл жағдайдың басты мақсаты: өзге келген жер тұлғаның үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру ортасына айналмауы тиіс. Сонымен қатар бұл еңбек қызметімен де байланысты (жолаушының еңбекақысы мен іс−сапар ақысын төлеу) болмауы керек. Тағы да бір ерекшелігі саяхаттанушылар жаңадан келген ортасында 12 ай бойы немесе одан да ұзақ мерзімде тұрақтамауы тиісті. Нақты бір өзге ортада бір немесе одан да ұзақ мерзімде болған немесе болуды жоспарлаған адам туризмнің критерийлері бойынша саяхаттанушы (турис) болып саналмайды.
- Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің негізгі ортасы. Бұл жағдайда саяхаттың немесе жолсапардың негізгі мақсаты жаңадан келген ортада арнайы бір қызмет етіп, пайда табуды көздеу болмауы тиіс. Қызметтік іссапар, сондай−ақ бос уақытын өткізу мақсатындағы саяхат - бұл күнделікті өмір сүру және қызмет ету ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер қала тұрғыны сол қаладан сауда - саттық қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол саяхаттанушы болып есептелмейді. Өйткені ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді.
Туризм түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен қатар емделу немесе әл−ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді табиғи құбылыстар пайдалантын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрлі өзге елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық туризм тарихы, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық білдіреді. Табынушылық мақсатқа туризм ерекше діни мәңі бар жерлерді көру арқылы орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен түсіндіріледі. (халықаралық терминологияда visiting friends and relatives− деген атпен таныс) . Сондай - ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады. Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен ғана демалуда мақсат етеді.
4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жолсапар болып табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат шаңғыдан халықаралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып, қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.
5. Экономикалық туризм - бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа, көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.
6. Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және саяси іс−шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар саяси−қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру мақсатында жүзеге асырылады.
Кесте 1. Туризмнің түрлерін жіктеу
Қысқа мерзімді(3-6күн),
Орта мерзімді(7-14күн),
Ұзақ мерзімді(15 және одан жоғары)
Туризмді әртүрлі белілеріне қарай классификациялауға болады (кесте 1)
Туристтік ағымымен оның бағыттарына қарай және құқықтық статусына байланысты туризм 2 түрге бөлінеді:
1. Ішкі (ұлттық) ;
2. Халықаралық (шетелдік) .
Ішкі туризм - азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.
Халықаралық туризм - өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар.
Қазақстан республикасында туристік қызмет көрсетуді мемлекеттік реттеу мәселелері. Туризмнің дамуының сандық параметрлері келешекте туризмді дамытудың негізгі бағыттарында қарастырылған тиісті факторлар мен тенденциялармен анықталады. дүниежүзіндегі туризмді дамытудың болжаудың сандық параметрлерінің негізгі нақты көзі болып, дүниежүзілік туристік ұйым(ДТҰ) табылады.
Жарияланған 2012 жылға дейінгі туризмді дамыту ДТҰ болжамында дүниежүзілік туризмнің көлемінің жыл сайынғы өсімі 4, 3-4, 4%, ал азия тынықмұхит аймағында туризмнің болжамды өсімі 6, 7%.
Егер 1995 жылы туризмнен түсетін әлемдік табыс 399 долл. Құраған, 2020 жылы олар 2 трлн. долл. дейін өседі(5есе), яғни әлемдік туризмнен табыстардың көлемінің болжамды өсімі әлемдік экономиканың басқа негізгі салаларына қарағанда көп.
Туризмнің дамуын болжау дүниежүзі аумақтары бойынша біркелкі емес (кесте 2) .
Кесте 2. Дүниежүзілік туризмнің дамуын болжау
Еуропа
Оңтүстік-шығыс
Азия және Тынық мұхит аймағы
Америка
Африка
Орта Шығыс
Оңт. Азия
Барлығы
335
80
111
20
14
4
564
390
116
134
27
19
6
692
527
231
195
46
37
11
1047
717
438
285
75
69
19
1602
214, 0
547, 5
256, 8
375, 0
492, 9
475, 0
284, 0
Млн. адам
жылдар
Ескерту [36 ] -әдебиет негізігде автордың құрастыруы
Сурет 1. 2020ж. Туристердің дүниежүзі бойынша келуін болжау
Туризм дамуының негізгі индикаторларына тоқталып өтсек, 2008 жылмен салыстырғанда өткен жылы туристік қызмет саласындағы жалпы түсім 2, 6 есеге өскен. Туристік қызмет саласындағы жалпы қосылған құн 2, 7 есеге көбейген. ЖІӨ дегі туристік қызмет саласының үлесі 2008 жылы 1, 4%-дан 2010 жылы 1, 9%-ға өсіп, 2011 жылы 1, 7%-ға төмендеді. Туризм саласында жұмыспен қамтылған қызметкерлердің орташа айлық атаулы есептелген жалақысы( теңге) 2008 жылы 17 533, 2008 жылы 22 418, 2009 жылы 27 649-дан 2010 жылы 42 766 ға өскен. (кесте 3)
Кесте 3. Туризм дамуының индикаторлары
Туристік қызмет саласындағы жалпы
қосылған құн, млрд. теңге
ЖІӨ-дегі туристік қызмет
саласының үлесі, пайызбен
Туризм саласы қызметкерлерінің тізімдік саны (есепті кезеңге орта
есеппен), мың адам
туристік фирмалар қызметі
санаторий-курорттық
мекемелерінің қызметі
демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру
жөніндегі қызмет
Шетелге шығып кеткен Қазақстан Республикасы резиденттерінің саны
(тұрақты тұруға кеткен азаматтар санын есепке алмағанда), адам 4)
келген резидент емес келушілердің саны
(тұрақты тұруға келген азаматтар санын есепке алмағанда), адам 4
(Кесте -3) Соңғы жылдары тұтастай алғанда республиканың туризм саласы дамуының оң серпіні байқалады: 2011 жылдың қорытындылары бойынша 2010 жылмен салыстырғанда келушілердің саны 3, 1 % өсті, ішкі туризмнің көлемі 8, 2 % өсті, сыртқа шығушылар туризмі 15, 3 % өсті.
Жұмыс істеп тұрған туристік фирмалардың ең көбі Алматы қаласында, Қарағанды облысында, Астана қаласында және Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Бұл облыстардың кәсіпорындары барлық туристер мен экскурсанттардың 86%-на қызмет көрсетті.
Келген туристердің республикада саяхатта болуының орташа ұзақтығы 16 күнді құрады (ТМД-дан келгендер үшін 3-4күн, ал ТМД-дан тыс елдерден келгендер үшін 17 күнге дейін) . Бұл негізінен резиденттерден іскерлік мақсатпен 58, 3%, жұмыстан бос демалу үшін 2, 9, %, таныстары мен туыстарын көру үшін 35, 5%, өзгеде мақсаттармен 3, 2, % келген адамдар. Резиденттер еместер арасынан іскерлік мақсатпен 93, 5%, жұмыстан бос демалу үшін 1, 4 %, таныстары мен туыстарын көру үшін 4, 1%, өзгеде мақсаттармен 1 % келген адамдар.
Табиғи жағдайлар мен ресурстар алдыңғы орынды алып, рекреацияның негiзгi алғышарттарының бiрi болып саналады. Рекреацияның табиғи алғышарттары ретiнде әртүрлi рангтағы табиғи-территориялық кешендер, олардың компоненттерi мен жеке касиеттерi көрсетiледi: аттрактивтiлiк, ландшафттың контрасттылығы мен ритмi, бөгеттердi өту мүмкшiншiлiгi, географиялык ерекшелiк, экзотикалығы, таңғаларлық немесе керiсiнше карапайымдылығы, табиғи объектiлердiң формалары мен көлемi.
Табиғи географиялық жүйелердi рекреация мақсатында зерттей отырып, баска сөзбен айтқанда, демалыс пен туризмнiң түрлерiн өткiзудiң ыңғайлылығы, колайлығының деңгейiн бағалау кезiнде, бiз тек рекреация үшiн қолайлы жағдайлары бар географиялық жүйелердi ерекше етiп көрсетемiз. Олар табиғи рекреациялық ресурстарды кұрайды [3] .
Табиғи-рекреациялық ресурстар бұл - рекреациялық іс-әрекеттер үшін комфорттық қасиеттерге толы, белгілі-бір уақыттарда демалыс және сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға болатын табиғи және табиғи-техникалық географиялық жүйелер, денелер мен табиғаттың құбылыстары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz