Экономикалық қылмыстарды зерттеу


Мазмұны

Кіріспе . . .

І. Экономика саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

1. 1. Экономикалық қылмыстың ұғымы, түсінігі.

1. 2. Экономикалық қылмыстардың түрлері.

ІІ. Экономикалық қылмыстарды зерттеудің криминалистикалық негіздері . . .

2. 1. Экономика саласында жасалатын қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы.

2. 2. Экономикалық қылмыстарды тергеудің криминалистикалық тәсілдері

ІІІ. Қортынды . . .

Пайдаланған әдебиеттер . . .

Кіріспе.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материалдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше. Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату валюта операцияларының ережелерін бұзу, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т. б. жатады.

Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын, сауда ережесін бұзу, сапасыз өнімдерді сату, жалған кәсіпкерлік, монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.

Экономика аясындағы қылмыстардың объектісіне нарықтық экономика жағдайларында, Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.

Экономика аясындағы қылмыстардың объективтік жағы қасақана, заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .

Экономика аясында қылмыстардың субъектісі мемлекеттік кәсіп орындарда, мекемелерде және ұйымдарда экономикалық, шаруашылық міндеттерді атқаратын сондай-ақ жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып табылады. Экономикалық қылмыстардың субъективтік жағы қасақана сипатта жасалады. Олардың қылмыстарының себебі материалдық мүделік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зиян келтіру есебіне не пайда тауып жасайды.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қазіргі кезеңде көп орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды десек қателеспейміз, себебі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда, яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейін келтірер зардабы жоғары және түрлері де көп, бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.

Диплом жұмысының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он cегіз жылдан асты. Еліміздің мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы тәуелсіздік қарсаңына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде «біз осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік, біз Конституция қабылдадық, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты жетістіктеріміз - 1995 жылы. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның жемісі», - деді .

Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.

Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2009 арналған түбегейлі бағдарламасында әлеуметтік-экономикалық реформаларды және қоғамдық демократияландыруды одан әрі тереңдете түсу, құқықтық салалы реформаларды, қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжірибесінің өзгеруіне, жаңа құқықтық институттардың құрылуына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастардың заңнамалық реттелуін қалайды.

Диплом жұмысының мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының алға қойған мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, экономикалық қылмыстардың көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономикалық қылмыстарға байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілеу. Сонымен қатар демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағыттау.

Диплом жұмысының міндеті. Берілген зерттеу жұмысының алға қойған міндеттері - елімізде жиі кездесіп отыратын экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды болдырмау, оның болуына жол бермеу болып табылады.

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл зерртеу барысында экономикалық қылмыстармен біршама жою, тіпті экономикалық қылмыстармен аз болса да күрес проблемасына қандай да бір септігі тиер деген ұстаныммен осы зерттеуімді бастаймын. Бұл зерттеу жұмысымда экономикалық қылмыстары зерттеуші бірнеше ғалымдардың пікірін саралап өз ой-тұжырымымды ортаға салдым.

І. Экономика саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.

1. 1. Экономикалық қылмыстың ұғымы, түсінігі

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және тұтынуға ба йланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттік органдардың, жоғары лауазымды адамдардың қызметін ресми түрде заңсыз деп тану конституциялық жауапкершіліктің нысандары (санкциялары) болып табылады[1] .

Экономиакалық қылмыстар соның ішінде, яғни сыбайлас жемқорлық латынша «corruptio»-пара, сатылу деген мағынаны білдіреді. Экономикалық қылмысқа қарсы ғылыми зерттеулер ХХ ғасырдың 80 жылдары терең етек ала бастады. 1995 жылы Каир қаласында өткен БҰҰ-ның 9-шы конгресінде жемқорлыққа қарсы келесідей анықтама береді: «Өзіңнің жеке мақсаттарын жүзеге асыруда мемлекет құзырын пайдалану» - деп айтқан болатын[2] .

Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.

Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚҚ-тің 199-бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап), бағалы қағаздар (202, 205-баптар), жалған ақша (206-бап), төлем карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік алым маркалары (208-бап) .

Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады. Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚҚ-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар) .

Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны, ол - заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда материалдық құрам болады. Мысалы, ҚҚ-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222 - баптарында көзделген қылмыстар.

ҚҚ-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚҚ-тің 197, 205, 218-баптары[3] .

Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерді пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заң тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу экономикалық қылмыс деп ұғынылады.

Осы заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын экономикалық қылмыспен жымдасқан немесе экономикалық қылмыстылық үшін жағдай туғызатын әрекеттер экономикалық қылмысқа байланысты құқық бұзушылықтар болып табылады[4] .

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік жағынан, өздерінің әдейі қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың кейбіреулерінің субъективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп пен мақсаттың болуы (ҚҚ-тің 192, 193, 198, 204-баптары) .

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісі қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың кейбіреулерінің субъектісі тек лауазымды адамдар (ҚҚ-тің 189, 225-баптары), банк қызметкерлері ғана (189, 225-баптар) болады[5] .

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар деп материалдық және басқа да игіліктер мен қызметтерді өндіру, үлестіру, айырбастау және тұтыну бойынша қалыптасатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда қарастырылған қоғамға қауіпті кінәлі іс-әрекеттерді айтады. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілік көздейтін нормалар еліміздің экономикасының еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастарды қорғауға бағытталған. Осы арқылы ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің 7-тарауының маңыздылығын көруге болады.

Бұл қылмыстардың тектік объектісі болып экономикалық қызмет барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар табылады.

Осы тарауға жататын кейбір қылмыстардың міндетті белгісі оның заты болуы да мүмкін (мысалы, товар белгісі - ҚК-тің 198-бабында, бағалы қағаздар - ҚК-тің 202, 205, 206-баптарында) .

Экономикалық қылмыстардың басым көпшілігінің объективтік жағы әрекеттер арқылы сипатталады, алайда олардың бірсыпырасы сылбыр әрекеттермен де жасалуы мүмкін (ҚК-тің 195, 213, 214-баптары) .

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың басым көпшілігінің құрамдарының міндетті белгісі ретінде оның қоғамға қауіпті зардаптарының болуы аталған (ҚК-тің 192-194, 196-198-баптарында) .

Субъективтік жағынан алғанда экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түгел дерлік қасақаналықпен жасалатындығы байқалады. Олардың кейбіреулерінде ниет пен мақсаттың болуы талап етіледі (ҚК-тің 192-193-баптары) .

Экономикалық қылмыстардың субъектісі - жалпы. Кейбір қылмыстарда ғана субъект арнайы болады (мысалы, ҚК-тің 189, 225-баптарында лауазымды адамдар, 219, 220-баптарында - банк қызметкерлері) .

Экономикалық қызмет саласында лауазымды адамдар тараптарынан екі қылмыс жасалуы мүмкін: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы) және табиғатты пайдалану бойынша заңсыз мәмілелерді тіркеу (ҚК-тің 225-бабы) .

ҚК-тің 189-бабы бойынша жәбірленуші ретінде жеке кәсіпкерлер де, коммерциялық ұйымдар да болуы мүмкін. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау деп жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуді; жеке кәсіпкерлердің немесе коммерциялық ұйымдардың дербестілігін шектеуді; жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың қызметіне өзге де жолдармен араласуды айтады. Бұл әрекеттер заңды күшіне енген сот шешімін бұза отырып не болмаса ірі мөлшерде зиян келтіре отырып жасалғанда ғана қылмыс деп танылады. Ірі мөлшердегі зиян түсінігі осы бапқа берілген ескертуге аталған және ол ҚК-тің Ерекше бөлімінің 7-тарауының бүкіл баптары үшін ортақ.

Лауазымды адамдардың екінші бір қылмысы пайдакүнемдік немесе басқа да жеке-басының мүдделілігі салдарынан жасалады және табиғатты пайдалану бойынша заңсыз мәмілелерді тіркеуден тұрады (ҚК-тің 225-бабы) . Адам әрекеттерінде қылмыс құрамының бар екендігі анықталуы үшін келесі әрекеттердің бірінің жасалғандығын анықтаған жеткілікті: 1) табиғатты пайдалану бойынша көрінеу заңсыз мәмілелерді тіркеу; 2) табиғи ресурстардың мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрлерінің мәліметтерін әдейі бұрмалау; 3) табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны ластау, табиғи ресурстарды қайта қалпына келтіру ережелерін бұзу үшін төлемақыны азайту[6] .

Экономикалық қылмысқа байланысты құқық бұзушылық субъектілері .

1 . Сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтар үшін осы заңның негізінде мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген адамдар жауапты болады.

2 . Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдарға:

  1. барлық лауазымды адамдар, Парламенттің және маслихаттардың

депутаттары, судьялар;

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы

заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.

3. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдарға:

1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;

2) заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының

Президенттігіне, Қазақастан Республикасының Парламенті мен маслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелері;

3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша

жұмыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақастан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражатынан төленетін қызметшілер;

4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің

үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.

4 . Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне лауазымды

және мемлекеттік міндет атқаруға уәкілетті өзге де адамдарды немесе оларға теңестірілген адамдарды сатып алуды жүзеге асырушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке және заңды тұлғалар да жатады.

Тікелей субъектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:

1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚҚ-тің 189 бабы), заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап), жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық белгіні заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт жарыстарының және ойын сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу (225-бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету (ҚК-тің 226 бабы) ;

2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану (ҚК-тің 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап), бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207 бабы) ;

3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алғы маркаларын қолдан жасау және пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда (209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап), ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222 бабы) ;

4) сауда және халыққа кызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшілік сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу (ҚК-тің 197 бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тін 224 бабы) ;

5) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік ақпаратқа заңсыз кіру. ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату (ҚК-тің 227 бабы) [7] .

Экономикалық қылмыстарға қарсы күрестің негізгі принциптері

Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес:

  • барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;
  • мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді,

мұндай қызметтің заңдылығымен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

  • мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және

заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру;

  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін,

сондай-ақ мемлекттің әлеуметік-эконмикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерін қорғаудың басымдығы;

  • Қазақстан Республкасының Конституциясының 39-бабының 1-тарма-
  • ғына сәйкес лауазымды адамдармен мемлеттік міндеттерді атқаруға

уәкілдік берілген басқа адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтардың бостандықтарын шетеуге жол берілуін тану;

  • Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарымен заңды

мүдделерін қалпына келтіру, экономикалық қылмыспен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;

  • Экономикалық қылмыспен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем

жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;

  • Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік беруден адамдар мен

соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;

  • Осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға

кәсіпкерлік қызметті мемлекттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау;

  • Экономикалық қылмысқа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу,

жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел іздестіру қызметі мен өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражатымен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шаралары қолданылады;

  • Кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік

міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2 және 3 тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тиым салуды белгілеу;

  • Қоғамдық бақылауында қамтамасыз және қоғамда экономикалық

қылмыс көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыпртастыру негізінде жүзеге асырылады.

Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, елімізге шетел инвестицияларының жалпы нарықта бәсекелестіктің дамуына, жалпы ішкі өнімнің өсуіне, халқымыздың әл-ауқатының жоғарылауына, мемлекет экономикасының бірқалыпты дамуына кедергі келтіретін бірден-бір фактор бұл экономикалық қылмыстар. Яғни, осы фактормен күресу арқылы, жоғарыда аталған жетістіктерге жетуге болады.

ҚР “Экономиакалық қылмыстармен күресу туралы” Заңы эономиакалық қылмысқа келесідей анықтама береді. Ол: “Мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзіреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзіреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.

Нормативтік құқықтық актілерді экономикалық қылмыстарға қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуына қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.

Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысты бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.

Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.

Заңға сәйкес аталған қағидалар:

  • мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;
  • лауазымды және соларға теңестірілген басқа адамдардың құықтарын

және еркіндігін ҚР конституциясының 39-бабы 1-тармағына сәйкес шектеу;

  • жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды

мүдделерін қалпына келтіру, экономикалық қылмыстар құқық бұзушылықтың зиянды салдарын жою және алдын алу;

  • экономикалық қылмыс құқық бұзушылықпен күреске ықпал

жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;

  • кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды

тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау. [8]

1. 2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату қылмысының криминалисттік сипаттамасы
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері
Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Компьютерлік ақпараттарға заңсыз ену субъектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz