Бухгалтерлік есеп теориясы



Жоспар


Кіріспе

Бухгалтерлік есеп теориясы жайлы

Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есептегі өзгерістер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды.таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелерімен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін......
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Байболтаева Н.Ә., Бухгалтерлік есеп принциптері, Алматы, 2006.
2. Әпсәләмов Н.Ә., Бухгалтерлік есеп негіздері, Алматы, 2003.
3. Лупикова Е.В., История Бухгалтерского учета, Москва, 2006.
4. Интернет желісі: http://google.kz, http://www.kazaksha-referat.kz/
5. Ерғали Д.Е., Бухгалтерлік есеп ілімі, Өскемен, 2008.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп теориясы жайлы
Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есептегі өзгерістер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды.таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелерімен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

Экономиканың саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Бухгалтерлік есеп теориясы жайлы
Қандай ғылымның болмасын пайда болу тарихы, маңызы мен мақсаты және қоғамда алатын өз орны бар екендігі белгілі. Солардың ішінде басқа салалардан өзінің ерекшелігімен оқшауланатын Бухгалтерлік есеп сапасы бұдан бірнеше жүздеген жылдар бұрын пайда болып, күнделікті өмірде қолданылуы барысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қарай өзгерістерге ұшырап келе жатқан ғылым болып табылады. Бухгалтерлік есеп туралы белгілі ғалым Б.Де Солозано Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін-бірі түсінбес еді -- деген болса, оның әріптесі П. Самуэлъсон Біздің ғасырымыз -- машина ғасыры, сондай-ақ ол Бухгалтерлік есеп ғасыры болып табылады, -- дейді. Ал осы ғылымды зерттей келе Р.А. Фаулки Есеп -- бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы, -- деп айтса, Л. Фон Мизес Есеп -- бұл бизнестің ар-ожданы, ұяты, -- деп жазған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушылардың қолдануына ыңғайлы етіп жеткізіп беріп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында Есептей алмаған, басқара алмайды, -- деген сөздің жайдан-жай айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның кірістерімен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады. Бухгалтерлік есеп қаржылық (сыртқы) және басқарушы (ішкі) есеп болып екіге бөлінеді. Басқарушы есеп кәсіпорынның қаржылық ақпараттарын ішкі пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болса, ал қаржылық есеп жоғарыда айтылған қаржылық ақпараттарды ішкі пайдаланушылармен қатар сыртқы пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе. Яғни, басқарушы есептің мәліметтерін кәсіпорын басшылары қандай да бір шешім қабылдау үшін пайдаланатын болса, қаржылық есептің мәліметін бұлармен қоса жабдықтаушы (мердігер) кәсіпорындар, банк мекемелері, салық органдары және тағы да басқалар пайдаланады. Кез келген ұйым үшін қаржылық есеп міндетті түрде жүргізілетін болса, басқарушы есептің жүргізілуі және оның тәртібі әрбір кәсіпорынның экономикасының саясатына байланысты.

Қазіргі таңдағы бухгалтерлік есептегі өзгерістер
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне, осыларды ескере отырып, бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алдағы уақыттағы экономикалық әл-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді. Осыдан да болар ғалым Дж, Мэйдің Бухгалтерлік есеп эрасы басталды, -- деп айтуы. Жоғарыда аталған бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы және оның жүргізілуі жолдарымен оқырмандарды таныстыру мақсатында жазылған бұл оқулық бухгалтерлік есептің теориясы мен негіздерін толық ашып көрсетеді. Жалпы, осы оқулық экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару және тағы да басқа мамандықтар бойынша білім беретін жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне арналған. Сонымен қатар жоғарыда айтылып өткен әлемге аты белгілі ғалымдар Б. Де Солозано, П.Самуэльсон, Дж. Мэй, мен Р.А. Фиумкидің және Л. Фои Мизестердің сөздерін ескерсек, бұл оқулықтың жоғарыда аталған мамандықтардан басқа да салаларда қызмет атқаратын қызметкерлер үшін қажет екендігі сөзсіз. Өйткені Кез келген саладағы шаруашылықты жүргізуде жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін сенімді кеңес беретін және дұрыс жол сілтейтін жалғыз ғана бухгалтерлік есеп, -- деп данышпан ғалым Циркул бекер айтпаған болар.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік есеп стандарты, кәсіпорын қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есеп Бас шот жоспары мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілген. Бухгалтерлік есеп Типтік шот жоспарында белгіленген жалпы принциптер мен ережелер және Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп жөніндегі Заңына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі өкілетті ұйымдары қабылдаған қаулылар мен ұсыныс, талаптарға сай жүргізіледі.

Меншік иелері мен экономиканың барлық салаларындағы кәсіпорын еңбек коллективтері шикізаттар мен материалдарды тиімді жұмсап, өндіріс қалдықтарын азайтып, өнімнің сапасын жоғарылатып, оның өзіндік құнын кемітуді көздейді. Осыған орай, бухгалтерлік есеп тек шаруашылық қызметті көрсетіп қана қоймай, оған ықпалын да тигізіп отыруына байланысты, оның маңызы мен рөлі артпақ.

Бухгалтерлік есеп басқару процесінің бөлігі ретінде, кәсіпорынның ағымдағы қызметін бақылау, оның стратегиясы мен тактикасын, жоспарлау, ресурстарын тиімді пайдаланып, нәтижесін бағалауға, сонымен қатар дұрыс басқарушы шешім қабылдауға қажетті ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Бухгалтерия қызметкерлері нарық жағдайында тез әрі дұрыс бағыт алу үшін, бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін жақсы меңгеруі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздері мен әдістемелік қағидаларын жас мамандардың жақсы меңгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ.

Оқулық автордың әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Маркетинг және жалпы экономикалық пәндер, Қаржы және аудит кафедраларында қызмет істеп жүрген кездегі жинақтаған бірнеше жылдық дәрістік материалдары негізінде дайындалып, отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған, теориялық және практикалық жағынан өте бай материалдарды пайдаланған.

Бухгалтерлік есеп шаруашылық есеп түрлерінің бірі болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есепті оқуға кіріспес бұрын жалпылама түрде шаруашылық есеп түсінігімен танысып алуымыз қажет. Бұл бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін жақсы білуге, оны толығымен және тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.

Кең мағынасында алғанда шаруашылық есеп, өзінің аты да көрсетіп тұрғанындай, тағамға, киімге, тұрғылықты жерге қажеттіліктерді және т.б. қанағаттандыру үшін аса қажет материалдық игіліктерді өндіру және таратуды түсіндіретін өндіріс орнының есебі, халық шаруашылығының шаруашылық қызметінің есебі.

Шаруашылық есеп әр түрлі елде шаруашылық жүйесіне байланысты сан алуан сипатқа ие.

Есептің сипаты шаруашылықтың жүйесіне байланысты болғандықтан, халық шаруашылығы туралы кейбір жалпы ұғымдармен алдын ала танысып алуымыз керек.

Халық шаруашылығының негізінде шаруашылықтың жүйесі және өндіріс құралдарына деген меншік ұғымы жатыр.

Халық шаруашылығы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік сияқты салалардан тұрады.

Әрбір сала жеке шаруашылық кәсіпорындарынан тұрады. Оларға зауыт, фабрика, кен орындары, шахталар, ауылшаруашылық, көлік, сауда және т.б. кәсіпорындары жатады. Әрбір кәсіпорын халық шаруашылығының бір бөлігі бола отырып, өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес шаруашылық қызметті жүзеге асырады, яғни белгілі бір шаруашылық жұмысты жүзеге асырады. Мысалы, фабрикалар мен зауыттар өнеркәсіп өнімдерін өндіреді, ал сауда ұйымдары өнімдермен жабдықтайды және т.б.

Шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорынның өз қарамағында қажетті шаруашылық құралдары болады. Оларға ғимарат, машиналар, материалдар, тауарлар, ақша қаражаттары және т.б. жатады.

Шаруашылық құралдарымен қоса еңбек шаруашылық қызметтін, негізгі шарты болып табылады. Еңбек шығындары материалдық шығындарымен және өндіріс құралдарымен бірге өндірілетін өнімнің құнына кіреді, олардың заттық негізін құрайды.

Кәсіпорындардың шаруашылық-қызметтері шаруашылық процестерінен тұрады, олар өз кезегінде жеке шаруашылық әрекеттеріне бөлінеді.

Мысалы, өнеркәсіп кәсіпорнына дайындау процесін құрайтын материалдарды сатып алу әрекеттері, өндіріс процесін құрайтын материалдардан өнімдер дайындау әрекеттері, сату процесінің құрамына кіретін өндірілген өнімдерді сату әрекеттері тән болып келеді.

Әрбір кәсіпорын шаруашылық қызметтерін бизнес-жоспарға сәйкес жүргізеді. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің бағыты, мазмұны мен көлемі айқындалады.

Шаруашылық қызметінің нәтижесі - табыс, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша қаражаттарына бақылау
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Бухгалтерлік есептің мақсаттары
Екі жақтылық принципі және баланстық теңдік
Бухгалтерлік есеп шоттары және екі жақты жазу жүйесі.
ЕСЕП САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АШЫЛУЫ
Шаруашылық операциялардың құжатталуы және олардың бағалануы
Бухгалтерлік есеп автоматтандырылған формасы
Бухгалтерлік есептің ақпарттық жүйеде алатын орны
Қоғамдық тамақтану
Пәндер