Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1- БӨЛІМ. ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҚСАТТАРЫ

1. 1. Жаза институтының қалыптасу тарихы. 5

1. 2. Жаза түсінігі мен мақсаттары. . ……18

2- БӨЛІМ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2. 1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері. . 31

2. 2. Жазаны женілдететін және ауырлататын мән жайлардың ерекшеліктері . . . 42

2. 3. Жаза тағайындаудың сипаттамасы . . . 52

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 69

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72


КІРІСПЕ

«Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы» - атты тақырыпты ашудағы мені қызықтырған негізгі мәселе жаза тағайындау қалай пайда болып дамыған, ол қалай жүзеге асырылады оған қандай талаптар қойылған, және сол талаптар іс жүзінде, тәжірибеде жүзеге асырылып жатырма екенін білу мақсатпен мен осы тақырыпты таңдап алдым.

Қазақстан Республикасы соттарының Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша жаза тағайындау кезінде адамгершілік, парасат, ізгілік қағидаттарын ұстануға тиіс. Сонымен қатар міндетті түрде әділеттілікті жүзеге асыру қажет.

Сонымен, қылмыстық құқықтың өзекті тақырыптардың бірі болып жаза тағайындаудың жалпы бастамасы табылады. Диплом жұмысын жазу барысында тақырыптың өзектілігін қарастыра отырып барлық тақырыпқа байланысты мәселелерді шешуге тырыстық.

Жаза тағайындаудың сапасын бағалаудың басты өлшемінің бірі-кәсіби біліктілік, заңды жақсы біліп, менгеру және оны дұрыс қолдана білу.

Жаза тағайындайтын соттарды кәсіби мамандар ретінде даярлау ісі аса маңызды, ірі күрделі мәселе болып табылады. Қай жұмысты болса да, сапалы атқару, қандай мақсаты болса да ойдағыдай жүзеге асыру кадырларға бірден-бір байланысты екені белгілі. Бұл жағдайда әсіресе мемлекеттік қызметтегі судьялардың білімділігі мен біліктілігі айрықша роль атқарады.

Ерекше назар аударатын тағы бір мәселеміз: судьялар жаза тағайындау міндетін атқаратындықтан оларды әлеуметтік, материялдық қамтамассыз ету мен құқықтық қорғау мәселелері болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты ретінде жаза тағайындаудың қалыптасу тарихын, ол қалай жүзеге асырылғандығын, сонымен қатар қазіргі заманда жаза тағайындауға қандай талаптар қойылған, және сол талаптар іс жүзінде жүзеге асырылу денгейін анықтау.

Диплом жұмысының міндеттері келесі:

  1. халқымыздың әдет-ғұрып заңдарында жаза тағайындау мәселелерін шешу қалай болды, қандай денгейде тұрды деген сұрақтарды ашып айту;
  2. демократиялық даму үрдісінде кез келген елде жаза тағайындауды жетілдіруге қатысты мәселелерін шешу;
  3. жаза тағайындауды жүзеге асыру кезінде әділеттілікті жүзеге асыру денгейін анықтау;
  4. жаза тағайындау барысында жіберілетін қателіктерді және жетістіктерді көрсету;
  5. егеменді еліміздің абройын көтеруге нағыз зайырлы, демокраиялық, құқықтық, мемлекет құруға үлес қосу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің, яғни соттардың атқарып жатқан істерінің адал болуы үшін жаза тағайындауға үлкен мән беру.

Диплом жұмысын жазу барысында жаза тағайындау тақырыбын ашатын көптеген нормативтік актілерді қолданып жаздым, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының Қаулылатын, сонымен қатар осы тақырып бойынша жазылған оқу құралдарын қарастырып, диплом жұмысын жазуға қолдандым.

Осы айтылған оқулықтардың ішіне Алауханов Е, С Рахметовтің жазған «Жаза» атты оқу құралы өте тамаша жазылған, онда жазаға байланысты барлығы нақты, ашық қарастырылған және қазақ тілінде ұғынықты жазылған.

Е Кошкиннің «Қазақ әдет-ғұрып қылмыстық құқығындағы қылмыс және жаза түсінігі» атты оқулығы қазақ әдет-ғұрып құқығында жазаның қандай түрлері болғандығы және қалай тағайындалғандығы жақсы зерттеліп қарастырылған.

Егер орыс тілінде жазылып зерттелген оқулықтарды қарастыратын болсақ, С. М Рахметов, Б. А Кулмуханбетованың «Наказание: понятие, цели, виды, порядок и назначение» ол авторлардыңда жазған еңбектері орыс тілінде жазылғанмен жақсы жазылған, ол оқулықта көптеген ғалымдардың жаза тағайындауға байланысты пікірлері жазылып көрсетілген.

1-БӨЛІМ. ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҚСАТТАРЫ

  1. Жаза институтының қалыптасу тарихы

Тәуке хан ережесі мен басқа қазақ әдет-ғұрып құқығынан мынадай жаза түрлері белгілі:

1. өлімге кесу;

2. дүрелеу;

3. әшкерелеу;

4. құн;

5. айып;

6. құлдыққа салу;

7. кінәліні жәбірленушіге қызмет ету үшін беру;

8. кінәліні жөбірленушіге, не оның туыстарына беру;

9. кінәлінің барлық мүлкін тәркілеу;

10. тайпадан қуу.

Өлім жазасы. Тәуке заңы бойынша кісі өлімі, адам ұрлау, әйел зорлау, мал ұрлығы үшін өлім жазасына кесетін болған. Осы заң бойынша өлім жазасы жәбірленушінің немесе оның туыстарының келісімімен, сот үкімі бойынша басқа жаза түрлеріне: құнын өтеу, құлдыққа беру, дүрелеу немесе әшкерелеу жазаларымен ауыстырылуы мүмкін. Біздегі деректерге сүйенсек, Тәуке хан кезінде өлім хазасы салыстырмалы түрде сирек қолданылды. Қазақ қоғамындағы қайшылықтардың өсуі мен таптық дифференциациясының күшеюіне байланысты XVIII ғасырда жекелеген қазақ хандары мен сұлтандары саяси қылмыс жасаған тұлғаларға өлім жазасын қолданды. Хандар мен сұлтандар өздерінің үкімдерін ауызша шығарғандықтан тарих мұрағаттарында тікелей деректер сақталмаған. Бұл туралы тек жанама деректер негізінде ғана айтуға болады. (9, 72)

Әдет-ғұрып түрлерінің бізге келіп жеткен естеліктерінде бірнеше жаза түрлері көрсетілген. Солардың бірі өлім жазасы. Тәуке ханның жарғысында адам өлтіргендігі, әйелді ұрлағандығы немесе зорлағандығы, жеңіл жүрісі үшін әйел адамды, малды бірнеше дүркін ұрлағандығы үшін айыпкерлерге өлім жазасы кесілді (22, 130) .

Бұл келтірілген оқиға ХІХ-ғасырдың ортасында болған дейтін болсақ та, осы өлім жазасы шығарылып отырған феодалдық заң ерте кезден қалыптасқан, қазақ халқының өткен тарихының бір белгісін көрсетеді.

Өлім жазасын ең ауыр жаза түрінде қолдану хандар, сұлтандар үшін өздерінің қолдарындағы билігіне көшпелілер арасындағы беделіне тиісті болды. Әдетте, патриархалдық - рулық қарым-қатынастың сақталуы және орталықтандырылған бір мемлекеттік биліктің болмауы өлім жазасын қолдану басқа да жаңа қылмыстардың, барымтаның, сол сияқты ру аралық дау-жанжалдың туындауына себеп болатын. Соңдықтан хан, сұлтандар көбіне көп жағдайда артында күшті іздеушісі, талапкері жоқтарды ғана өлім жазасына кесті.

ХVIII-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ жұртында феодалдық қарым-қатынастардың үстемдік ете бастауына байланысты хандар мен сұлтандардың өлім жазасын кесу туралы үкім шығарулары жиіледі. Бұл жерде олар кінәлілерді кек алу жолында немесе барымта және басқа да жаман қылықтары үшін жазалауды желеу етіп отырды. (27, 63)

Дүрелеу және әшкерелеу жазалары. Тәуке хан жарғысы мен басқа да әдет-ғұрып құқығында дүрелеу және әшкерелеу жазаларына жол берілді. Әдет-ғұрып құқығының нормалары негізінде жеке тұлғаға қарсы қылмыс түрлеріне дүрелеу және әшкерелеу жазалары қолданылды. Осыған орай әрбір жаза түрлері тек дербес немесе басқа жазамен қосымша қолданылды. Дүрелеу жазаларының жиі қолданылатын түрі - жария түрде дүре соғу. Соққылар әдетте халық көзінше жалаңаш арқаға соғылады. Шариат ережелеріне қарағанда қазақ әдет-ғұрып заңында соққы саны алдын-ала анықталмайды, ол сот билерінің қалауы бойынша жүзеге асырылады. Дүре жазалары қанжығамен ер тоқымның белдігі ұру түрінде де жүзеге асты. Дүрелеу жазалары көбіне кедейлерге қолданылатын, ал байларға басқа жаза түрлері қолданылады.

Тәуке хан жарғысында мүшесіне зақым келтіру жазалары да көрініс табады. Бірақ жарғыда оны сот арқылы жүзеге асыруға жол берілмейді, тек сирек жағдайда, оған жәбірленуші немесе оның туыстары рұқсат берсе ғана жол беріледі. Мүшеге зақым келтіру казақ әдет-ғұрып құқығына тән сипат емес (9, 73) . Тәуке ханның жинағында және одан кейінгі әдет-ғұрып құқығы естеліктерінде тән және масқаралау жазаларын қолдануға рұқсат берілген. Бұл аталған жазалар негізінен жеке адамға қарсы және зат-мүліктей жасалған қылмыстар үшін тағайындалған. Бұлар жеке-жеке өз алдына немесе бірінен-соң бірі қабаттасып келіп, қолданылып отырды.

Тәуке ханның жарғысында былай деп көрсетіліпті: «Егер жасалған қылмыс ауыр болмаса, онда өлім жазасының орнына қылмыскерді жартылай киімдерін шешіндіріп, бетіне күйе жағып, ал мойнына қара құрым киіз байлап, жылқының құйрығына байланған арқанның екінші ұшын тістеуге және жылқының артынан жүгіруге бұйырылады. Сосын екі адам оны шыбықпен артынан ұрып отырады. »

Казақ жұртында көп кездескен тән жазасының бір түрі -қамшымен дүре соғу. Қамшының жуандығы ортан қолдың жуандығындай болды. Қанша дүре соғылатындығын, билер соты шешетін.

Тән және масқаралау жазасының тағы бір түрі мынадай болды. Кінәліні сиырдың немесе есектің үстіне міңгізіп, бетіне күйе жағып, мойнына қара құрым киіз байлап, ауылды үш рет айналдыра жүретін. Кінәлінің екі аяқ қолы байлаулы болды және оны шыбықпен ұрып отырып, не үшін ұрып жатыр, айыбы не, соны айтып отыратын. Бұл аталған жазалар негізінен тек төмен дәрежелі адамдарға ғана қолданылды.

Қылмыскердің бір дене мүшесін зақымдау қазақ әдет-ғұрып заңдарыңда айтылғанмен өте сирек қолданылды. Тек кейбір кездері кек алу жолында, қолдануға рұқсат етілді. Дегенмен бұл жаза түрі казақ әдет-ғұрып қылмыстық құқығына тән болмады (27, 67) .

Құн өтеу. Қазақ әдет-ғұрып құқығында көп таралған жаза түрі болып табылады. Өлім жазасы және дене жарақаты жөбірленушінің немесе оның әулетінің келісімімен, сот үкімі бойынша құн төлеумен, яғни қан үшін төлеммен ауыстырылады. Құн өтеу жүйесі ерте феодализмдегі барлық халықтардың қылмыстық құқығына тән белгілердің бірі. Бірқатар халықтарда бұл жүйе қазан төңкерісіне дейін сақталған. Құн төлеу жүйесінде кінәлі немесе оның туыстары жәбірленуші тарапымен айырбас бірлігі - ақшамен, малмен, мүлікпен, кейде адаммен есептесті. Құн төлеу көлемі таптық сипатқа ие болды. Қазақтарда өлім жазасы мен дүрелеу жазасының орнына кінәлі адамнан малын тартып алатын болды. Тәуке заңы бойынша ер адамның құны - 1000 қойға немесе 100 түйеге, немесе 200 жылқыға бағаланған, ал әйелдердің құны ер адамдардың құнына қарағанда жарты құнына бағаланған. Сұлтан немесе қожа үшін жеті есе көп есептелген.

Тәуке заңының ережелерінде ақсақалдардың, билердің, батырлардың құны көрсетілмеген, бірақ олардың құны қатардағыларға қарағанда жоғары болғанын айту керек. Тәуке заңы бойынша құл үшін құн төлеу аңшылық ит немесе бүркіт құнына теңестірілді (46, 58) . Осылайша, құн мөлшері таптың өкіліне, мүлкіне, құқықтық жағдайына қарай бекітілді. Ауыр дене жарақаты үшін төлем белгілі мал санымен және зақымның сипатына байланысты есептелді. Зақымның нәтижесінде өлімге соқтырса, кісі өлімі үшін құн төлеуге дейін барған.

Құн төлеудің жүйесін жасай отырып, өзінің жарғысындаТәуке жеке кек алуды шектеуге, феодалдардың жеке мүдделерін қорғауға және мемлекеттік шаралардың рөлін арттыруға тырысқан. Осыған орай келесілерді ұсынған:

  1. Қырғыздар қылмыскерге қорған болған жағдайда ұлт алдында кінәлі болып саналады;
  2. Әрбір руды өзінің руласы үшін құн төлеуге міндеттейді.

Қазақ әдет-ғұрпының нормалары бойынша құн кінәлі адамнан, егер онда қажетті мүлік болмаса оның жақын туыстарынан, ал, ол мүлік жетпесе, алыс туыстарынан өтеледі. Шындығында жоғары құн мөлшерін қатардағы адам үшін 1000 қой кедейлер төлей алмас еді. Құн төлеуден бас тарту катаң қылмыстық жазаға тартылды.

Теуке хан жарғысында соттарға және істі шешуші өзгеше тұлғаларға талап-арыздың 10-шы бөлігін беру көзделген. Әдет бойынша тараптарға, соттарға тарту сыйлық, сыбаға беруге тыйым салынбайды. Сондықтан да феодалдар қылмыстық істі қиындатып және әдейі дауды ұйымдастырып ірі сыйақы алады (20, 16) .

Өлім жазасы немесе денеге жарақат салу жағдайлары жәбірленуші жақтың еркімен құн жазасымен ауыстырыла алынатын еді. Құнды төлегеннен кейін кінәлі жақ ары қарай даудан құтылатын еді.

Қазақ әдет-ғұрып қылмыстық құқығында құн институтының алатын орны ерекше, әсіресе ру аралық қарым-қатынастарды реттеп отырды десе болғандай. Адам өлімі екі ру немесе олардың бөлімдері арасында үлкен жанжал туғызатын. Осы құн арқылы бұл дауды шешуге болатын. Адам өлімі үшін талапкер жақ, кінәлі жақтан құн немесе тікелей кінәлі адамды өз қарамақтарына тірідей берулерін сұрайтын.

Бірақ өз қандасының бөтен біреудің есігінде құл болып жүргенін кім жақсы көрсін. Сондықтан кұн төлеу арқылы екі жауласушы жақ бітімге келетін. Енді екі жақ бұрынғы жаулықты ұмытып, бірлікке, достыққа келетін. Құн алғаннан кейін казақ елі бір-бірінен ары қарай ешнәрсе талап етпейтін.

Құнның мөлшері қазақ елінің әр бөлігінде әр кезеңде әртүрлі болды. Әдебиеттерде бұның себебі былай деп түсіндіріледі. Біріншіден, қазақ елінің әр бөлігінің экономикалық және тұрмыстық дамуының біркелкі болмауынан, екіншіден, бүкіл елде бірдей жазбаша кодекстің болмауынан, үшіншіден, құн өлшемі болып саналатын мал қазақ елінің әр бөлігінде әрқилы бағаланды. Бірақ бұл аталған өзгешеліктер құн институтының негізі мәніне әсерін тигізген жоқ. Құн жазасын қолдану сонымен қатар рулар арасындағы бос қантөгіс оқиғаларды болдыртпауға мүмкіндік берді. (27, 69)

Айыппұл. Қазақ қоғамында жазалардың кең таралған түрі айыппұл болды. Айыппұл - қылмыс үшін сотпен бекітілген жаза болып табылады. Айыппұл мүліктік қылмыстар үшін тағайындалады. Ол сондай-ақ тұлғаға қарсы қылмыс үшін кісі өлімі мен ауыр дене жарақатынан басқа басқарудың төртібіне қарсы тағайындалады. Әдет-ғұрып құқығы бойынша айыппұл мөлшері өте жоғары болды. Қарақшылықтың әр түрі бойынша айыппұл мөлшері; ұрланған заттың қалыпты құнынан тоғыз есе жоғары белгіленді. Феодалдардың ар- ожданына қолсұғушылық үшін айыппұл мөлшері қатардағы адамның өлімі үшін төленетін құнмен бара-бар еді.

Сотпен өндірілетін айыппұл бірнеше бөлікке бөлінді. Айыппұл бөлігі жәбірленуші пайдасына еніп ақы түрінде есептелді. Ал қалған бөлігі хан, сұлтанға есептелді. Сондай-ақ соттарға сот істерін қарағаны үшін тиесілі бөлігі бар. Айыппұл құрамына, жасауыл-ақы, жаушыға жіп кестір де кірді. Жасауыл ақы сотқа адамдарды шақыру үшін жіберілген адамға төленеді. Жаушыға жіп кестір жәбірленуші мен айыпкер арасындағы даудың біткені жөнінде жіп кесетін адамға төленеді. (9, 74) Айып, бір жағынан кінәлі адамды жазалау болса, екіншіден жәбірленушіге және оның туған туыстарына төленетін шығын.

Айыптың мөлшері Қазақстан жерінде әр уақыт кезеңінде әрқилы болды. Бұл көптеген себептермен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастың дамып отырумен қатар қорғалатын объектінің маңызы, қылмыстық істің мәні және ауырлығы айып мөлшеріне септігін тигізді. Қазақ әдет-ғұрып қылмыстық құқығында көбінесе айып-тоғыз қолданылды. Тоғыздың үш түрі болды:

а) Бас тоғыз, немесе түйе бастатқан тоғыз: түйе, құлынымен екі бие, екі-үш жастардағы төрт жылқы.

ә) Орта тоғыз, немесе ат бастатқан тоғыз: үш-төрт жастағы ат, екі жастағы екі ат, екі тайынша, төрт қой.

б) Аяқ тоғыз: төрт жастағы өгіз, екі тайынша, үш қой және үш қозы.

Әдетте белгілі бір қылмыс үшін бір ғана тоғыз көлемінде айып төленді, ал кейбір ауыр қылмыстар үшін үш тоғыз немесе одан да көп айыптар қолданылды. (27, 65)

Құлдыққа беру немесе айыпкерді жәбірленушіге қызмет ету үшін беру. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша бұл жаза түрлері құн төлеу мен айыппұл орнына төленеді. Айыпкер сотпен тағайындалған құн немесе айыппұлды өтей алмаған жағдайда бұл жаза түрі жүзеге асырылады. Қалай болған күнде айыпкер құл жағдайына түседі.

1824 жылғы қазақ әдетінің жинағында: Егер кімде-кім кедейшіліктен бір нәрсе ұрласа онда ұрланған затты төлейді, егер төлей алмаса, баласы не өзі құлдыққа барады делінген.

Аякөз округіндегі деректерге сүйенсек, 1834 жылы қазақ сұлтан, билерінің иелігіндегі еріксіз 182 құл XVIII ғасырда құн немесе айыппұл үшін иелікке алынған құлдар көрінеді. Бұл құлдардың кейбіреулері мұра бойынша құл болып қалғандар. (9, 75)

Жазаның бұл түрі негізінен әдет-ғұрып қылмыстық құқығында құн және айыптың орнында жүрді. Соттың шешуімен кінәлі адам құн немесе айып төлеуге мүмкіндігі болмады. Ал оның тумаластары белгілі бір себептермен оған көмек көрсете алмады. Бұл жағдайда кінәлі адамды немесе оның жақын туыстарын жәбірленушінің қарамағына құнды немесе айыпты өтеу үшін белгілі бір уақытқа берілді. Кейде тіптен өмірі құн және айып өтеумен өтетін. Қалай болған күнде де кінәлі адам құлдық өмір сүретін. Ата-анасының өтеуге уақыты жетпей дүниеден өткен кезде олардың балалары да сол құн немесе айыпты өтеу үшін кала беретін. Ал қожалары болса құлдарын басқа біреуге сата алатын еді. (27, 66)

Басымен беру . Мұнда жоғарыда аталған себептер бойынша айыпкердің тағдырын жәбірленушінің қолына береді. Бұл жөніңде Беглов «Өте кедей айыпкер иесінің еркіне беріліп, ол оған қалай қарайды, солай болады, тіпті өлтіруі де мүмкін» деп жазады. Оның қожайыны айыпкер үшін құн немесе айыппұл төлемесе, онда оны жәбірленушіге береді.

Барлық мүлкін тартып алу және тайпадан қуу. Казақ әдет-ғұрып құқығының жекелеген жазбаларында хан басқаруы кезінде басқа дін қабылдағаны үшін тағайындалған. Бірақ шындығында бұл жазаны қолдану қазақ қоғамында сирек кездеседі.

Қазақ әдет-ғұрпында жаза түрі ретінде айыпкерді ауылдан қудалау да орын алды. Ол үйінде қылмыскерді жасырған тұлғаларға қолданылды. Егер қудаланған адамды біреу өлтірсе, онда ол жазаға тартылмады. (9, 75) Туған ауылынан аластаудың бір түрі - ол айыпкердің киімінің етегін кесу арқылы орындалатын. Ауылдастарының көзінше киімінің етегі кесілген адам елге қарауға беті бармай өз жұртынан кетуіне тура келетін. (27, 66)

Қазақ елінің құқык, тарихын зерттеп, оған ғылыми тұрғыда баға берген және сараптама жасаған А. Алекторов, А. Янушкевич, А. Левшин, Л. Баллюзек, Д. Андре, Е. Бекмаханов, И. Козлов, И. Крафт, Т. Күлтөлеев, Ә. Марғұлан, С. Зиманов сияқты ғалымдар бұл салада елеулі еңбек атқарды. Осы тақырыпты одан әрі дамытып, қазақ мемлекетінің құқық тарихын ғылыми тұрғыда зерделі зерттеу нысанасына айналдырып жүрген басқа ғалымдар да бар. Олар: Ғ. Сапарғалиев, С. Сартаев, М. Нәрікбаев, Н. Өсерүлы, 3. Кенжалиев, Ң. Әбішев, С. Өзбекұлы және т. б.

Біз бұл жерде халқымыздың әдет-ғұрып заңдарында жаза тағайындау мәселелерін шешуі қалай болды, қандай деңгейде тұрды деген сұрақтарды ашып айту мақсатын қоймаймыз. Біз төменде жеке даралап жазалау мәселелерінің әдет-ғұрып заңдарымыздағы өзіндік орнына бірнеше мысалдармен эпизодты түрде үңілу мақсатын ұстап отырмыз.

«Ертедегі қазақтардың күнделікті өмірде кездесіп тұратын азаматтық және қыпмыстық істерді шешу міндеті билерге жүктелетін. »

Қазақ даласында би ешқашан сайланбалы қызмет болған емес, ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дәстүр білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, сөзі уелі, шаруасы түзу, ата тегі белгілі және елге беделді, сыйлы адамдар ғана би болған.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген аталы сөзде үлкен мағына бар. Себебі би үнемі халықтың назарында отырған адам.

Қазақ халқының бірлігін, тұтастығын бас саясат етіп ұстаған Тәуке ханның қазаққа жасаған көп игілігінің бірі ескіден келе жатқан әдет-ғұрып нормаларын қайта жүйелеп, өз заман талабына сай «Жеті жарғы» қабылдауы. Бұл заң жобасын қабылдау кезінде халқымыздың үш биінің және басқа билердің кеңес - ақылдары Тәуке ханға толыққанды заңды дүниеге әкелуге көп септігін тигізді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асырудағы қылмыстық жазаның орны
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Қылмыстық құқықтағы жаза жайлы
Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау
Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық жаза тағайындаудың жүйесінің түсінігі мен маңызы
Бас бостандығынан айыру
Әскери қызмет бойынша шектеу
Қылмыстық жаза тағайындау және жазадан босатудың негіздері
Қылмыстардың көптілігі жағдайында жаза тағайындау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz