Радиоочерк



ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2.3 бет
I.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... 3.6 бет
II. Бейнелеу және айқындаушы құралдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.11 бет
III. Көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесі ... ... ... ... ... ... ... .11.14 бет
VI. Көркемдік шығарма . радиоочерк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14.17 бет
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18.22 бет
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23 бет
Кіріспе
Радионың ерекше қасиеті — тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестетіні белгілі. Оның үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық гендік қорымызда сақталып, ұрпақ арқылы атадан балаға беріліп келеді. Дала абыздары том-том кітапқа пара-пар дастандарды жатқа оқып, ауызша ұрпағына жеткізген, жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол заматта қағып алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан. Күйшіден домбырашының абыройы биік болған деседі. Яғни, күйді шығарған адамнан, оны бұлжытпай орындап, ары қарай насихаттап, таратқан адамның жауапкершілігі жоғары дегенді аңғартса керек.
Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын, жұмыс орнында болсын күрделі мәселелермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі қайшылықтарды тез шешуіне тура келеді, соның қатарында стрестік жағдайларды бастан өткізеді. Яғни, әр адамның эмоционалды көңіл күйі мен күш-қайраты да өзгеріп отырады. Мысалы, жұмыстан шаршаған адам үйіне жеткенше, көлік тауқіметін, жол нашарлығын, қала жағдайындағы кептелмелерді, қызмет көрсету мәдениетінің төмендігін көрді дейік. Үйде де бәрі қолайлы болмауы мүмкін. Бір сәт көңілін аулау үшін, теледидар қараса, онда да тосын оқиғалар, бітпейтін тауқіметтер, бет жыртысқан адамдар, көлгірсіген саясаткер мен жүйкеге тиер жарнамалар, қантөгіс фильмдер мен бітпес көбікті сериалдар. Мұндай жағдайда адамның жүйкесіне үлкен салмақ түседі, сезімі тежеледі, көңіл хошы төмендейді, өмірге құштарлығы бәсеңсиді. Міне, осы көңіл ахуалын өзгерте алатын, эмоциялық тепе-теңдікке жеткізетін күштің бірі — радио. Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы. Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалыптастырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен салыстырғанда радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан естілген жаманат хабар психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мұның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.1
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Н.Омашев Радиожурналистиканын жанырлары мен формалары. Алматы1999ж.
2. Н. Омашев Радиожурналистика. Алматы-1995г.
3.Н. Омашев . Казах радиосының тарихы. Алматы-1992г.
4. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарларының технологиясы. А.,1999.
5.М.Барманкулов Особенность и специфика документальных жанров печати, телевидения и радио. Алматы- 1990г.
6. М.Барманкулов Телевидения: деньги или власть. Алматы-1999г.
7. М.Барманкулов Журналистика для всех.
8. М.Барманкулов. Искусство современной информации, Алматы- 1997г.
9.М.Барманкулов Жанры печати, радиовещания и телевидения, Алматы-1974г.
10. С.Г. Корконосенко Основы теории журналистки. СПб-1995г.
11. В.В. Ворошилов Журналистика и рынок. Проблемы маркетинга и менеджмента СМИ.
12. В. Дубровкин К истории советского радиовещания. Л-1972г.
13. Барноу Б. Как писать для радио. М., 1990.
14. Беркли-Ален Мадэлин. Забытое искусство слушать/ пер. с англ. СПб., 1997.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 2-3 бет
I.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..3-6
бет
II. Бейнелеу және айқындаушы құралдар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-11 бет
III. Көркем хабарлардың жанрлық тіл
кестесі ... ... ... ... ... ... ... .11-14 бет
VI. Көркемдік шығарма –
радиоочерк ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...14-17 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...18-22 бет
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..23 бет

Кіріспе
Радионың ерекше қасиеті — тыңдарманына психологиялық әсері, немесе
эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы
мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам
табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестетіні белгілі. Оның
үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ үшін оның өзіндік
тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық гендік қорымызда
сақталып, ұрпақ арқылы атадан балаға беріліп келеді. Дала абыздары том-том
кітапқа пара-пар дастандарды жатқа оқып, ауызша ұрпағына жеткізген, жаңа
ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол заматта қағып
алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан. Күйшіден домбырашының абыройы
биік болған деседі. Яғни, күйді шығарған адамнан, оны бұлжытпай орындап,
ары қарай насихаттап, таратқан адамның жауапкершілігі жоғары дегенді
аңғартса керек.
Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын, жұмыс орнында
болсын күрделі мәселелермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі қайшылықтарды тез
шешуіне тура келеді, соның қатарында стрестік жағдайларды бастан өткізеді.
Яғни, әр адамның эмоционалды көңіл күйі мен күш-қайраты да өзгеріп отырады.
Мысалы, жұмыстан шаршаған адам үйіне жеткенше, көлік тауқіметін, жол
нашарлығын, қала жағдайындағы кептелмелерді, қызмет көрсету мәдениетінің
төмендігін көрді дейік. Үйде де бәрі қолайлы болмауы мүмкін. Бір сәт
көңілін аулау үшін, теледидар қараса, онда да тосын оқиғалар, бітпейтін
тауқіметтер, бет жыртысқан адамдар, көлгірсіген саясаткер мен жүйкеге тиер
жарнамалар, қантөгіс фильмдер мен бітпес көбікті сериалдар. Мұндай жағдайда
адамның жүйкесіне үлкен салмақ түседі, сезімі тежеледі, көңіл хошы
төмендейді, өмірге құштарлығы бәсеңсиді. Міне, осы көңіл ахуалын өзгерте
алатын, эмоциялық тепе-теңдікке жеткізетін күштің бірі — радио. Радио
табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы. Радиоақпарат
көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалыптастырады.
Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен салыстырғанда
радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар аударған. Өйткені,
телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан естілген жаманат хабар
психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мұның өзі радионың
өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар
өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.[1]

I. Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері

Радиожурналист ең алдымен өзі хабарлап отырған ақпараттың оқиғаның
маңыздылығын, шынайылығын сезініп, түсінуі қажет, сонда ғана оның айтқаны
сенімді шығады.Тыңдаушыларды хабарға тартудың бір жолы – студия қонағымен
еркін сұхбаттасып, шынайы әңгіме айтуға жетелеу.
Ауыз екі сөйлесудің негізгі пішіні – диалог, яғни нақты бір проблеманы
шешудің жолдарын бірлесе іздестіріп жүрген немесе бұл бағытта білетін
ақпараттарымен ой бөлісуді көздеген екі немесе бірнеше адамның әңгімесі.
Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктері бар, яғни сөйлеуші адам
мен тыңдаушы арасын кеңістік бөліп тұрады, тікелей байланыс жоқ. Бірақ
журналист тыңдаушылардың назарын өзіне аударып, белсенді тыңдаушыларды ойша
елестетіп, алдын-ала оның реакциясын бақылап, ойын түсініп, әңгіме
барысында туындайтын сұрақтарды біліп, екеуара әңгімелесіп, бетпе-бет
отырғандай әсерде ақпараттардың берілу ретін, логикалық шешімдердің жүйесін
құрып алады. Радиоәңгімені диалогтың, яғни ауыз екі сөйлеу стилінің
элементтерін қолдану арқылы шынайы, әрі тартымды етіп құруға болады, ауыз
екі сөйлесудің мақамын пайдалану, сөздердің құрылу тәртібін бұзу, адам
сөйлеп отырып қажетті сөзді таппаған жағдайда немесе ойланған кезде
қолданатын сөз арасындағы кідірістерді табиғи қалыпта қолдану.
Диалогта ой дамып, қозғалыста болғаны жөн, әр түрлі көзқарастар мен
дәйектемелердің жан-жақтылығынан ойлар туындап, әңгіменің бар мазмұны өз
мәнінде ашылғаны дұрыс.
Радиожурналист ең бастысы сөз құдіретін бағалайтын, сөздің адам ойының
негізгі көрсеткіші екенін түсінетін маман болуы, әрі ол “Сөздің асыл болуы
ұнауымен. Сөз көңілге сипат жағының келістілігімен, мағына жағының
күштілігімен жағатынын, сөз көркемдігі әуезділігінің әдемілігі мен
кестесінің келісті болуынан екенін” әрқашанда көңіліне түйіп жүруі керек.
Радиода журналистің бар ойын, пікірін, сезімін жеткізу құралы тек қана сөз
десек, онда ауыздан шыққан әрбір сөзге жете мән беріп, тілдің құдіретін жан-
тәніңмен сезе білуің қажет. Ал ол үшін Ахмет Байтұрсынұлынша айтсақ:
“Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше,
көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы
табылса, тіл шама-қадырынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам
табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің
түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп
шеберлік керек”. Радиожурналистің өнімі – радиоға жазылған хабарлары,яғни
радиоға дайындалған материал.Радиохабарлардың басты компаненттері – жанды
дауыс,оқиғаның суреті, және музыка болып табылады.Демек жанды дауы,
радиоматериалдардың жаны,өзегі іспетті.Ол қандай хабарларды болмасын
деректі,танымды етеді.Радиожурнаистің мәндеті дыбысты жазып алу ғана
емес,соны тыңдаушысының көз алдына елестету эффектісі өте қажет.
Сөйлеушінің сөзін магнитті пленкаға жазып алу процесінде журналистке үлкен
творчествалық шеберлік қажет,адамдармен тіл табысып,оларды сөйлете білу
үлкен өнер.Кейіпкердің ой өрісін,тындырған ісін,тұрмыс – тіршілігін,әзіл –
қалжыңын, оның өзіндік сөйлеу стилін, қысқасы сол адамның табиғи болмысын
өмірдегі өз қалпында тыңдаушы қауымға әңгімелей отырып жеткізе білу –
радиожурналист үшін басты міндет.Танысатұрып қалтаңа салынған портативті
магнитафонды қосып,түймеңді ұстаған болып минимикрафонды қосып қойып
әңгімеге тарту мен әжептеуір көлемді келген репортерді алдына
қойып,сорайған микрафонды аузына қойып әңгімеге тарту дегеннің айырмасы
жермен көктей.Бұл жерде жақсы,ыңғайлы техниканың маңызы зор.Творчествалық
сапар барысында тілші сан алуан адамдармен кездеседі.Олардың мамандығы,ой -
өрісі, жеке басының қасиеттері әртүрлі.Мақсат – сол адамдармен тіл
табысып,түрлі тәсілдер арқылы қайткенде микрафон алдында сөйлесу.Ауызбен –
ауыз еркін сөйлетіп алған адамның даусын тыңдау дегеннің өзі бір ғанибет.Ол
неғұрлым табиғи жақын,таныс болып шығады.
Дайын,жазылып берілген текспен сөйлеткен деген радиожурналистке жат
нәрсе.Дауыс текссіз табиғи болған сайын хабардың тыңдаушы жүрегіне жол
табары сөзсіз.Объктіні зерттеу,ол туралы білу талап етілетін
журналистен.Тапқырлыққа қоса тіл байлығы,шешендік өнер өте қажет
элементтердің бірі.Орыстың ұлы ғалымы, химик, географ, физик, математик,
философ,ақын, әдебиет зерттеушісі Ломоносов шешендік сөзді ғылым ретінде
зерттегн екен. Өзінің тілдік байлығын,сөздік қорын қалай жақсарту керек
дегендер осы тәсілдердің бірін пайдаланса,сөйлей білу,сөз мәдениеті деген
қамамалды еркін ала отырып деректі-көркем тілдегі әдиби туынды шығарады.
Кәсіби шеберлік дегніміздің өзі не.Оған кәсіп иесіне тән қанадй
крийтерилерді жатқызуға болады.[2]
Кәсіп-еңбек қызметінің негізгі бір саласы.Ал шеберлік-белгілі бір кәсіп
бойынша өз сін жетік меңгеу,сол салада терең ізденіп,өзін жан жақты дамыту
арқылы кәсіп иесінің жоғары сатыға көтерілу,биік белестен көріну.
Әлбетте,қазақ радоижуранлистикасыныың алтын діңгегі қасиетті қара
шаңырақ-Қазақ радиосында өз ісінің үздігі атанған әйгілі директор
Ә.Байжанбаев сынды майталман маандардың болғаны белгілі.Ал қазіргі
радиожуранлистикада эфирдегідикторлық оқуды журанлисттік жүргізу
алмастырды.
Мемлекет саясатымен ұлттық идеология екеуі-егіз ұғым.Жүргізуші өз
мемлеетінің азаматы,өз ұлтының өкілі,оның журанлистік көз қарасынан
отаншылдық рух,ұлттық намысы айқын аңғарылып тұруы-шарт.Мұның өзі тікелей
эфирдегі кәсіби шеберліктің бір тетігін тілден көрініс табады. “Мемелкеттік
тілді блу,оның дамуына үлес қосу-сол мемекеттің тұратын кез келегн
азаматтың қасиетті парызы”.Ал эфирдегі шығып сөз бостандығын иеленіп,қалың
бұқараға үн қататын төртінші билік иелерінің тікелей міндеті-мемлекеттік
мүдде мен ұлттқ идеологияның ұштастыра отрып,тіл сясатын жүргізу.
“Идеология-күшті қару.Ол біраз уақыттан кейін қараның өзін ақ қылып
жібереді.Тәуелсіз Қазақстанның журанлистикасы мемлектке,ұлттық зияны тиетін
әңгімелерді кейде білместікпен,кейде біле тұра қиямпұрыстықпен айтады.
Микрафон алдында отырып,қиынан қыстырып әңгімені сабақтап әкететін
радиожуранлисттің ұшқыр ой,ұтқыр сөзі-оның кәсіби шеберлігінің биік өлшемі
ғана емес,тәжірибенің айнасы. “Кәсіби шеберлік дегеніміз-тынымсыз ізденіс”

II. Бейнелеу және айқындаушы құралдар

Радиохабардың бейнелеу құралдары аз зерттеліп жатқанымен, талас пікірлер аз
емес. Мысалға алғашқы кезде оның дыбыстық эффектілерін тым асық бағаласа,
келесі зерттеушілер бейнелеуші құралдардың барлығы бірдей деп дәлелдеуге
тырысты. А.А.Музыря. Ал, Ю.Д.Баранеевич сөз бен музыка-негізгі, шулар-
қосалқы құралдар деп қарастырады.
Біздіңше, радионың бейнелеу құралдарын шатастырмау үшін екі топқа бөліп
қараған жөн. Бірінші топқа - құбылыстың акустикалық көшірмесі сөз бен шу
және музыка кіреді. Бұлар - табиғи бейнелеу құралдары. Екінші топқа -
техникалық бейнелеу құралдары: түрлі монтаж, жаңғырық, сөзді жылдамдату,
баяулату т.б. жатады. Радиожанрларын зерттеуші В.Н. Ярошенко да осы бағытты
ұстайды.
Мәселен, сөз бен монтажды қатар қоюға болмайтындығын дәлелдеудің қажеті
шамалы. Өйткені, олардың табиғаты да, радиохабарындағы орны мен ролі де екі
бөлек, ерекше. Сол сияқты бейнелеу құралдарының да қызметі бірдей емес.
Мысалы, радиоочерктің идеясын тек музыка мен шу арқылы толық жеткізу мүмкін
емес. Олар сөзбен байланыста ғана міндетін атқара алады. Яғни өзінің түрлі
дыбыстық эффектілерімен негізгі идеяны толықтырып, дамытып отырады.
Сонымен, бұл бейнелеу құралдары музыка мен шу сөзге бағыныңқылы.[3]
Дәлелдеу үшін екі команданың арқан тартысы жарысынан жүргізілген репортажда
бейнелеу құралдары қалай қызмет бөліскендігіне тоқталайық. Хабардың басында
репортер немесе диктор түсініксіз шуларды ұғындыратын қажетті сөздерді
айтады. Әрі қарай оның фонында естіліп тұрған шулар сюжет желісін
жалғастырып кетеді. Ондай кезде комментарий беру де міндет емес. Қайта
тартыс кезіндегі табиғи шу арқылы “көріп”, тамашалап отырған тыңдаушының
елестету творчествосы іске қосылады. Егер осы жарысты телевизиядан берсе,
көрініс нақты болғандықтан көрерменнің қиялы, фантазиясы өз-өзінен сейіліп,
жұмыс істеуді қояды, ой еріншектігі басады. М.Баринов. Жарыстың
аяқталғанын оркестр орындауында туш жеткізеді.
Бірақ қай команданың жеңгенін, қандай жүлде алғанын репортердің сөзінсіз
анық білу мүмкін емес. Ендеше, радиохабарындағы музыка мен шу автор идеясын
өз бетінше толық жеткізе алмайды. Тіпті олардың түсініксіз дыбыстар
жиынтығы ғана болып қалуы әбден мүмкін. Олай болса, радиода да негізгі
рольді адамдардың қатынас құралы - сөз орындайды. Ал, музыка мен шу тек
сөзбен байланысты ғана өз міндетін атқара алады екен.
Радиохабарды есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, мәтіннің немесе
сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор
мән беріледі. Яғни “радиохабарының бастан-аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек
мазмұнды болуы жеткіліксіз. Себебі, маңызды деген материалдың өзін
бірқалыпты дауыспен (монотонды) оқу адамның логикалық ойлау жүйесін іске
қосқанымен, сезіміне әсер етпейді, әрі адамның логикалық пайымына, сезіміне
жазбадан гөрі сөз күшімен, үн тілімен әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те
мол”. Ал “адам дауысының ырғақтарын, үн реңдерін мәтінге толық түсіру
мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші
құралы – үннен айырылады, сол арқылы мазмұны да кемиді”(З. Паперный).
Сондықтан мәтінді ауыз екі тіл стиліне бейімдей отырып жазып, баяндап
отырған жайттың мазмұнын ашатын, айтылатын ойды нақты айшықтап суреттейтін
негізгі деген сөз тіркестерін іріктеп қағаз бетіне түсіріп, әрі айтылатын
әр сөздің ауызша айтқандағы әсер ету деңгейі бірінші кезекте ескерілуі
қажет.
Бейнелеу және айқындаушы құралдар әдебиетте танымдық мақсатта қолданылса,
радионың табиғатынан келіп туындайтын тілдің немесе сөздің әсер ету, әрі
сендіру, дәлелдеу құралы екенін зерттеуші дәл көрсеткен. Радиодағы баяндау
тәсілі жанды, көркем болуы керек, тыңдаушыға бейнелі сөзбен әсер ету қажет
деген пікірлер де айтылды. Бейнелі сөздің адам ойын өткір, әрі мәнді етіп
жеткізудегі және ой нанымдылығын күшейтудегі ролі айқындала бастады.
Бейнелеу құралдарының тиімділігі оның бір ойды, бір пікірді дәлелдеу
бағытында жүйеленіп берілуінде. Ал бұл талаптар жазушы қауымнан
қырағылықты, тәжірибені, ең бастысы жазу шеберлігін қажет етті.
Радиожурналистиканың өзгешелігін айта келіп М.Зарва эфирден берілетін сөзге
талапты басқа қырынан қояды: “ауызекі сөйлеуге негізделген
радиожурналистика оқырмандар мен тыңдаушылардың ой-өрісін жетілдіріп қана
қоймай, оның жан дүниесін қозғап, біліктілік пен сезімталдыққа тәрбиелеуі
керек” дейді. [4]
Бұдан шығатын қорытынды, радиожурналист бейнелеу құралдарының қыр-сырын
жетік меңгеріп қана қоймай, радионың өзгеше акустикалық ерекшеліктерін
жақсы білуі тиіс.
Радиохабарлар тыңдаушылардың есту қабілетіне негізделіп жасалатындықтан
дыбыстың өзіндік сипатын зерттеу хабар берудің озық, әрі жетілген түрін
қалыптастыруға, дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Бейнелі сөздің адам ойын өткір, әрі мәнді етіп жеткізудегі және ой
нанымдылығын күшейтудегі ролі айқындала бастады. Журналистиканы қайта
бағдарлау тұрғысынан келгенеде журналист батыл да бейім,табан астыанн
әлдені ойлап тауып,қиынан қиыстырып,қисынын тауып алатын сегіз қырлы бір
сырлы әмбебап әрекет иесі болуы тиіс.Ендігі жерде,журанлист эканомикалық
теорианы игеру құқығына икемделуде, себебі,ол өз материалынынң тұтынушылыға
жетуіне мейлінше мүдделі.Демек, журналистің жетекші ролі бірінші кезекке
шығады.Бірақ,солай бола тұрса да тікелец эфрдегі шығармашылық тұтастықты
журанлисттің жалғыз өзі жүзеге асыра алмайтынаы белгілі.Ал ұжымдық үйлесім
мәнісі түсіндіру үшін тікелей эфирде кімдер қызмет ететініне тоқталып өткен
жөн.
Тікелей эфир қызметкерлерін басқа барлық редакция ұжымдарындағы
сияқты міндетті жауапкершілік тұрғысынан басқарушы топ,атқарушы топ ретінде
екігі бөлуге болады.
Әдетті, қалыптасқан тәртіп бойынша бас редактор,директор,үйлестіруші
редактор нұсқаушылық, ұйымдастырукшылық қызметтерді ретке келтірсе,
жүргізуші журанлисттер, тілшілер, аудармашылар, узыкалық жүргізушілер,
дыбыс инженерлері өз тарптарынан орындаушылық қызмет атқарады.
Жалпы радиожурналистикадағы жұмыс процесін эфирге дейінгі,эфир кезіндегі
деп екіеге бөліп қарастыратын болсақ,эфирге дейінгі жұмыс процесі ұжымдық
үйлесім үлесіне тимек.
Шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесімді жүзеге асырудың ең басты
критерийі кадр мәселесіне келіп тіреледі.Бұқаралық ақпарат құралдарына
қызмет ететін басқарушы топ, атқарушы топ өкілдері үшін де ең алдымен
журанлисттік қабылет,кәсіби білім деңгейі қажет.Ал қазіргі заман талабы
тұрғысынан журанлмтика мамандығы бойынша жоғары блім міндетті түрде талап
етілетіндігі өте құптарлық мәселе.
“Біз өмір сүріп отырған кезең-ақпарат ғасырында,сол ақпаратты өңдеу мен
оны елге жеткізудің бар салмағы мамандарға түсетіні белгілі”.
Жалпы радиожуранлст өз ойын стилистикалық тұрғыда дұрыс жеткізе білу
үшін эфирлік материалдарды әзірлегенде,өңдегенде эфирді жүргізгенде тілдің
барлық мүмкіндіктерін белсенді түнрде пайдалануы қажет.Сонымен
қатар,радиодағы журналисттік шығармашылықтың өзіне тән ерекшеліктерін
меңгеру тиіс.Және де ол қоғамдағы радиожуралистиканың қоғамға ролі мен орны
журналистиканың құқықтық негізгілері,радиохабар техникасын туралы
мәселелерінен хабардар болуы тиіс.Тікеей эфирге шығудың өзіне тән
ерекшеліктері мен әдіс-тәсілдерін принципті негізде үйреніп,біліп алу үшін
сол жылдары Қазақ радиосының Ақпарат Бас Редакциясын басқарған А.Солдатенко
мен осы Редакция журанлисті б.Табылдиев Мәскеуге барып тжірибе алмаып
қайтты.1987 –1988 жылдары қазақрадиосында “кері байланыс”деген термин пайда
болды.Өйткені тыңдаушылардың тікелей қарым-қатынас жақсарды.Телефон арқылы
реадкцияға келіп түскен ақпараттың бәрі дерлік яғни,студияның телефоны
берілмейтін ,негізінен,редакция телефон ұсынылып,таңертеңгі 10,00-ден кешкі
сағат 18.00-оператор арнйы кезекші болатын.
Дәл осындай тікелей эфирге қызу дайындықты Қазақ радиосының Ақпарат Бас
редакциясы 1988 жылдың қараша айынан бастады.Күн сайын таңертеңгі сағат
6.00 де бір кешкі 21.00+де бір 10 минуттан небәрі екі мәрте эфирге
жаңлықтар деген ұсынатын бұл ұжфмға тікелей эфир орасан зоршығармашылқ
мүмкіндіктер тудырды.Бұрын сол теңіз теңеіз тамшысындай 10 минттық
ақпаратты директорлар ғана оқитын.Оның ішінде небәрі 1-2 минуттық дыбыстық
жазбалар,яғни журанлстер даярлаған сұхбат,репартаж жанырындағы кадырлар
берілетін.Сондықтан да редакция ұжымы таспаға түсірілетін ондай айтулы
оқиғаға бірінің алдын бірі кесіп өтпей,өз ретімен кезекпен баратын.Өйткені
жаңалықтар легніде өзі жасаған материалды ұсыну-қа йжуранлист үшін де үлкен
мәртебе.Эфирден үні естіледі.аты аталады.Ал қаншама журанлст сол кездеде
эфирдің сыртында жасырын жұмыс атқарып жүретін.Ал тікелей эфирге даярлық ең
алғаш Мәскеуге барып тәжірибе алмаып келегн журналисттер қазақ тілінде
Қайрат Мұсақұлов,орыс тілінде Болат Жұмағалиевтің кешкі сағат 21.00-дегі
микрафон алдында оқулармен басталды.Ол кезде тек жалаң жаңалықтарды
оқылады да арасында дыбыстық жазба беріледі.Алғашқы кездері
басында,аяғында және ауа райын оқыған кезде музыка берілетін болды.Соның
бәрі алдын ала әзірленіп сценарилік мәтінге “Музыка,жүргізуші,музыка,ауа
райы”деп арнайы белгі соғылатын.Сол кездегі “Соңғы хабарлар”деп аталатын
ақпарат бас реадкциясының жаңалықтар желісін эфирге алып шығатын режисер
Б.Түлкібаевжұмыс процесіндегі ыждахаттылық пен жауапкерілікке бірінші күнне
мән берді. Қазақстан радиожурналистикасындағы ресми сипаттағы әуе
толқуынатұрақты түрде берілген тікелей эфирді.Қазақ радиосыныңАқпарат бас
редакциясы тұңғыш рет өмірге әелді.Екі сағаттық эфирдің арнайы
“сеткаы”,кестесі әзірленді.Деректі құжат ретінде эфрлік сетканың Қазақ
радиосының мұрағатында ақталған нұсқасы пайдаланды:

III. Деректі -көркем хабарлардың жанрлық тіл кестесі

Радиохабарлардың түрлері бар,радиожанрлар бар және радио пішіндер бар екені
белгілі. Мұның бәрін хабар дайындау барысында журналистердің өздері жіктеп
отырады.Сонымен бірге хабарлардың сипатына қарай тіл қолданыстары да
түрліше болыпкеледі.Мәселен радиохабарлар түрлері: қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Радиожурналистиканың жанрлары мен пішіндері
“радиохабардың тілі мен стилін оқыту әдістемесі”
Қазақ жеріндегі радионың пайда болуы мен даму кезеңдері
Ұялы телефон тарихы
Радио, хабар, радиохабар туралы
Ана тілің - анаң
Радиожурналистика
Қазақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы
Жанрлар
Радио және интернет арқылы хабар тарату
Пәндер