Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері



МАЗМҰНЫ


Түсінік хат 3.4

I Негізгі бөлім

1.1Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері 5.6
1.2 Әңгіме жанрын оқытудың маңызы мен әдіс.тәсілдері 6.10

II Тәжірибелік бөлім

2.1 Мектепте М.О. Әуезов әңгімелерін оқытудың тиімді жолдар11.14
2.2 М.Әуезовтің «Қараш.Қараш оқиғасы» хикаясын оқыту.14.22

Қорытынды 23.24

Қолданылған әдебиеттер тізімі 25
Түсінік хат

Әдебиет қашаннан «өмір оқулығы» деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады. Әдебиет – жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға басады. Әңгіме жанры – прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс –әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті тыңдаушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Алайда бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен проның бастацуы болатын әңгімені меңгертуге көп көңіл бөлген жөн. Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде түрлі тәсілдер мен жолдар қалыптасқан. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын әңгімені меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың басты мақсаты емес, сондай –ақ әңгімелер балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Әңгіме жанры оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі.
Зерттеу мақсаты: Қазақ әдебиеті прозасындағы әңгімелерді оқыту барысында түрлі әдістерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу пәні:Әңгіме арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.
Болжамы : мектепте әңгімелерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге және дүниетанымдық, өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – Алматы: Рауан, 1994 ж.
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. – Алматы: Рауан, 1994 ж.
3. Бадырақов Қ. Жоғары кластарда қазақ әдебиетінен тапсырмалар жүйесі. Алматы: мектеп, 1977 ж.
4. Дайыр Ә. Айтқашев. Қ., Құрманбаева Г., Беркімбаева Ш. Әдебиет. 5- сынып. – Алматы: Атамұра, 2001 ж.
5. Дайырова Ә., Тілешова С. Әдебиет. Оқулыққа нұсқау. 5- сынып. –Алматы: Рауан, 1996 ж.
6. Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы. 1982 ж.
7. Құрманбаева Г., Жұматаева Е. Әдебиет. Оқыту әдістемесі: 5- сынып. Алмты: Атамұра, 2003ж.
8. Құтқожина Р., Бітібаева Қ. Әдебиет. Оқыту әдістемесі: 7- сынып. – Алматы: Атамұра, 2003 ж.
9. Құтқожина Р. Әдебиет. Оқулыққа нұсқау. 7- сынып. – Алматы: Р9. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. -М,: Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. -М., 1996 г. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса. -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
15. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931
17. Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988
18. Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993
19. Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958
20. Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972
21. Ысмайылов Е., Ақындар, А., 1956
22. Қазақ фольклорының типологиясы, А., 1981
23. Әбдiбекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту. А., 1994.
24. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990.
25 Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003.
26. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.
27. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007.ауан, 1994 ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі

Курстық жұмыс

Пәні : Әдебиетті оқыту әдістемесі
Курс тобы : ОСО-410
Тақырыбы : Әңгіме жанрын оқыту
Оқушысы : күндізгі бөлім
Мамандығы : 0111000 Негізгі орта білім
Т.А.Ә.: Қайкен Эльмира Ғибадатқызы
Оқытушы : Абрарова Т.Б.
Баға ________________________________

2013-2014 оқу жылы

МАЗМҰНЫ


Түсінік хат 3-4

I Негізгі бөлім

1.1Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері 5-6
1.2 Әңгіме жанрын оқытудың маңызы мен әдіс-тәсілдері 6-10

II Тәжірибелік бөлім

2.1 Мектепте М.О. Әуезов әңгімелерін оқытудың тиімді жолдар 11-14
2.2 М.Әуезовтің Қараш-Қараш оқиғасы хикаясын оқыту. 14-22

Қорытынды 23-24

Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Түсінік хат

Әдебиет қашаннан өмір оқулығы деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады. Әдебиет - жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет жанрлары да сол көркем сөз зергерлерінің тынымсыз ізденуімен алға басады. Әңгіме жанры - прозаның шағын түрі. Онда оқиға, кейіпкердің іс - әрекеті қысқа болып, уақыт жағынан да аз мерзімді қамтиды. Әңгіме жанрының осы қасиеті тыңдаушылардың оны тез игеріп, түсінуіне жағдай жасайды. Алайда бұл әңгімені жеңіл деп, үстірт оқыту дегендік емес. Керісінше, оқушылар әңгіме жанрынан бастап, көлемді прозалармен танысады. Ендеше әңгімені мұқият меңгерген оқушы повесть, роман жанрларын талдауды тез игереді. Мұғалім осы үлкен проның бастацуы болатын әңгімені меңгертуге көп көңіл бөлген жөн. Оқушылардың мәтінді түсініп, нақты сюжетті меңгеруінде түрлі тәсілдер мен жолдар қалыптасқан. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын әңгімені меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың басты мақсаты емес, сондай - ақ әңгімелер балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Әңгіме жанры оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі.
Зерттеу мақсаты: Қазақ әдебиеті прозасындағы әңгімелерді оқыту барысында түрлі әдістерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.
Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Әңгіме арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.
Болжамы : мектепте әңгімелерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге және дүниетанымдық, өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға болады.

Міндеттері:

1. Әңміме жанрын оөқытудың ерекшеліктері мен маңызын айқындау;
2. Әңгіме жанрын оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтау;
3. Әңгіме жанрының тәрбиелік мәніне шолу;
4. Оқушылардың тілін дамытуда әңгімелердің рөлін сипаттау;
5. Орта сынып оқушыларының тілін дамытуда әңгімелер мазмұнын меңгертудің әдістемесін ұсыну.
Зерттеу әдістері:
- Талдау;
- Жинақтау;
- Эксперимент;т.б.

Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерімен болашақ әдебиет пәні оқытушылары танысып, қолдана алады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: қазіргі кезде қолданысқа ие жаңа әдіс - тәсілдер мен қалыптасып кеткен әдіс-тәсілдердің нәтижелілігі мен тиімділігі жағынан салыстыру.

Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс түсінік хаттан, негізгі және тәжірибелік бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде түрлі пікірлерге шолу жасалып, қалыптасу тарихы сараланады; әңгіме жанрын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады. Тәжірибелік бөлімде зерттеу жұмысының өңделген талдауы мен нәтижесі көрініс табады. Жұмысты қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.

І Негізгі бөлім
5.1. Шағын проза жанрын оқытудың ерекшеліктері

Әдебиет қашаннан өмiр оқулығы деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмiрдi, қоршаған орта мен адамды танып-бiледi, шығармашылықпен жұмыс iстеуге дағды алады. Әңгiме жанры - прозаның шағын түрi. Онда оқиға, кейiпкердiң iс-әрекетi қысқа болады. Әңгiме жанрының осы қасиетi оқушылардың бұл жанрды тез игеруiне жағдай жасайды. Оқушының түсiнiп, нақты сюжеттi, шығарма композициясын ұғып, меңгеруде жоспар үлкен роль атқарады. Жоспарды оқушыларға дайын күйiнде ұсынуға болады, сол арқылы көркем мәтiннiң сюжетiн, ашуға, рет-ретiмен баяндауға жол салуға болады. Немесе мұғалiм мәтiн мазмұнын аша отырып, оқушылармен бiрлесе жоспар құрады.
Әңгiме сюжетi бiрте-бiрте өрбидi. Мұндағы iс-әрекет аз ғана мерзiм iшiнде өтедi, композициясы жеңiл болады. Әңгiменiң ең маңызды компонентi - оның идеясы. Сюжет те, кейiпкерлер жүйесi де бiр ғана мақсатқа - оның идеялық мазмұнын ашуға жұмсалады. Әңгiме өзегiн құрайтын - кейiпкерлер. Кейiпкерлерге мiнездеме берудiң бiрнеше түрлерi бар. Олар: дара, салыстырмалы, топтау түрiндегi мiнездеме.Кейiпкерге мiнездеме беру тәсiлдерi түрлiше болады. Кейде кейiпкердiң сырт кескiнi, кейде мiнез-құлқы көрiнедi. Портрет тiкелей адамға бағытталып, сөз арқылы оның бейнесiн жасайды, автордың идеясын ашады. Портрет бiржақты тәсiл емес, ол әлеуметтiк-өмiрбаяндық жағынан толығып, портрет-мiнездеме, портрет-өмiрбаянға айналады. Орта жанрды оқыту ерекшелiгi, повесть кейiпкерлерiн жүйелеу, мәтiнге жоспар құру.
Төңкерiстен бұрынғы қазақ әдебиетiнде Ш.Уәлихановтың әдеби очеркi мен публицистикасы, Ыбырайдың новелла-әңгiмелерi, Абайдың қарасөздерiнен басқа, прозалық шығармалар аз едi. Алайда, прозаның жанрлық элементтерi тұрмыс-салт ертегiлерде, тарихи аңыз-әңгiмелерде байқалды (М.Әуезов). "Повесть" орыстың көне дәуiрден келе жатқан сөзi. Бұл өмiрде болған әр алуан оқиғаларды жылнама беттерiне тiзiп жазу, баяндау дегендi бiлдiредi. Повестiң жанрлық ерекшелiгiн әңгiмемен салыстыра отырып беруге болады. Повесте бiрнеше эпизодтық әрекеттер суреттеледi, сюжет желiсi күрделi болады, кейiпкерлер саны едәуiр көп болады. Повесть ерекшелiгiмен таныстырар кезде С.Сейфуллиннiң "Жер қазғандар" повесiн алуға болады. Ондағы кейiпкерлер жүйесi, портрет, "әңгiме iшiндегi әңгiме", пейзаж элементтерiн айқындап, мәтiнге жоспар құрылады. Мәтiн композициясының компоненттерi: суреттеу, баяндау, авторлық мiнездеме, портрет, диалог, табиғат суретi. Мұндағы кейiпкер сөздерi тұтас сюжеттi әңгiмеге құрылады. Мәтiн композициясында көңiл аударатын тағы бiр мәселе-авторлық мiнездеме. Бұл жерде мәтiндегi диалогтың да мәнiн ашу керек. Сатай, Қасен, Қалкен, Бұзаубақ, Әзiмханның бiр-бiрiне әңгiме айтқызу үшiн, автор оған себеп болатын детальды диалог арқылы бередi.

1.2 Әңгіме жанрын оқытудың маңызы мен әдіс-тәсілдері

Әңгіме жанрын оқыту-оқушының сөйлеу дағдысының, мәнері оқуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең. Аталған жанрды оқытуда берілітін теориялық ұғымдар туралы түсінік үшін, ең алдымен, материялды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластырып, жоспарлап алу қажеттілігі туады. Әңгімені оқытуда оқушыға берер тәрбиесі мол. Әңгіменің идеясы, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы оқушыларды ойға жетелейді. Яғни, оқушы әңгіме мазмұнын түсіне отырып, оның кейіперлерінің бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін ажыратып отырады. Сол арқылы өзін- өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Сондай- ақ, әңгіме авторы оқушыларға жеке тұлға ретінде жақсы қасиеттерімен танылады. Кей оқушылар әңгіме авторын үлгі етіп, тіпті кейбір кейіпкерлерге еліктеп, оларды өнеге тұтуға ұмтылады.
Мектепте оқылатын қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында әңгіме жанрының алатын орны мен оны оқытудың мәні зор.
Әңгіме жанрын оқыту- оқушының сөйлеу дағдысының, мәнерлеп оқи алуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы кең. Атап айтқанда, оқушылар мынадай білім алады:
1. Әңгіме жанры туралы түсінік;
2. Әңгіме жанрының өзіндік белгілері мен ерекшеліктерін сезіне отырып оны талдау;
3. Әңгіме жанры аясында берілетін теориялық ұғымдар туралы түсінік.
Ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді күн ілгері ойластыра, жоспарлап алу қажеттілігі туындайды.
Мектептегі оқу мен тәрбие оқушылардың жас ерекшелігіне, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Балаларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығы, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту әдебиет пәнін оқытудың күрделі жұмыстарының бірі болып саналады. Бұл мәселелерде де оқушының психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Осыған орай әңгіме жанры мектептегі қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында әр сыныпқа жіктеліп берілген. Бұл бағытта әңгіменің көлемі, мазмұны, көркемдік ерекшелігі ескерілген. Мысалы: 5- 6 сынып оқушыларын әңгімеде көтерілген мәселелерден бұрын оның сюжеттік оқиғасы қызықтырады. Бұл жастағылар- психологиясы, мінез- құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі қалыптасып, толысып жетпегендер. Сондықтан олардың жасына және қабылдау қабілетіне қарай қызықты, жалықтырмайтын көлемдегі әңгімелер беріледі. Әсіресе, 5 сынып оқушылары өте қиялшыл, сенгіш болып келеді. Олар- қимыл- қозғалысы жағынан шапшаң, өте әсершіл, барлық нәрсені шындық деп қабылдайтын, жақсылыққа да, жамандыққа да құлай берілетіндер. Сондай ерекшеліктеріне қарай, тіпті, олардың оқулықтарында Құран Кәрімдегі түрлі аңызға ұқсас оқиғаларға құрылған Сымайыл, Зәмзам деген әңгімелер де берілген. Әдеби шығармаларды оқу, қабылдау ерекшеліктеріне келсек, бұл оқушылар поэзия, драмалық шығармалардан гөрі, әңгімелерді, қара сөзбен жазылған шығармаларды оқуға ынталы болып келеді. Олардың осы қасиеттерін мұғалім дер кезінде бағалап, одан айрылып қалмаудың жолдарын іздестіруі керек. Ол үшін оларға кітапты қалай оқу керектігін, оқып отырып, неге назар аудару керектігін меңгертіп, оқырмандық мәдениетін дамыту мақсатында үнемі басшылық жасап, ақыл-кеңес беріп отыру керек. Бұл бағытта оқушыға арнайы дәптер бастатып, оқыған әңгімелерін, оның қысқаша мазмұнын, кейіпкерлерін жазғызып отыру тиімді. Бұл жұмысты жасай отырып, оқушы үнемі кітап оқуға оның мазмұнын есте сақтауға дағдыланады.
7-8 сынып оқушылары әңгіменің жалпы табиғатына, тақырып, идеясына, көтерілген мәселелерге терең үңіліп, жүйелі түсінуге ұмтылады. Себебі балалар есейген сайын психологиясы, физиологиялық даму барысында өзіндік ерекшеліктері айқындалады. Олар айналаға, соның ішінде өнер туындыларына өз көзқарасымен қарай бастайды.
Әңгіме эпикалық шығарма. Сондықтан басқа жанрға қарағанда әңгіме жанрын оқытудың өзіндік ерекшеліктері баршылық. Әңгіме жанрын оқытуда алға қояр мақсаттар:
1. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;
2. Оқырмандық тұрақты ынта- ықыласы, биік талғамды қалыптастыру;
3. Оқушыны әңгіме жанрын және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және білікпен қаруландыру;
4. Оқушының логикалық ойына, ауыз екі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.
Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін әңгімені оқытуда белгілі бір міндеттер жүзеге асуы тиіс. Олар:
- Әңгіме мәтінін оқытып, мазмұндап меңгерту;
- Әңгімені табиғатына сай оқуға үйретіп, оның идеялық- эстетикалық мән- мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына әсер ету;
- Әңгімені оқуға деген қызығушылығын, ынтызарлығын оятып, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
- Әңгіме жанрының ерекшеліктерін түсініп тануға, ой көзімен зерделеуге болатын білім, білік, икем- дағдыларды қалыптастыру;
- Әңгіме жанрын оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, оқушылар шығармашылығына жүйелі педагогикалық ықпал жасау;
- Оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу әрекетін, образды ойлау, қайта елестете алу қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
- Ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой- пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге, ұтымды шешен сөйлеуге баулу болып табылады.
Оқушыларды ауызекі сөйлеу, жазу мәдениетін үйрету- оқыту мен тәрбие жұмысының ең маңызды мәселесі. Адамның күнделікті тұрмыста, қоғамдық жұмыс барысында өз ойын ауызша және жазбаша жүйелі, дұрыс сөйлей білуі мен сауатты жазуының маңызы зор. Бұл мектеп қабырғасында қалыптасады. Оқушыларды сөз қадірін біліп, оны орында қолдануға үйретеді, өз пікірін анық, айқын жеткізе білуге баулу мектепте, әсіресе, қазақ әдебиеті, қазақ тілі сабақтарында жүзеге асады. Оқушылар қазақтың әдеби тілін көркем шығармаларды оқу барысында жаттығу жұмыстары арқылы меңгереді. Әңгімені оқытуда тіл дамыту жұмыстарын мәтінді талдаумен, әңгімені мәнерлеп оқумен, ауызша мазмұндаумен, жоспар құрумен, тығыз байланыста жүргізген тиімді. Ауызша, жазбаша тіл дамытуда мынадай жұмыс түрлері орындалуы тиіс:
1. Сөздік жұмысы;
2. Мазмұндау: а) әңгімеге жуық мазмұндау, ә) мәтін мазмұнын қысқартып тезис ретінде мазмұндау, б) мәтінді екінші жақта мазмұндау, в) қажетті үзінділерді мазмұндау, т. б.
3. Мәтінге жоспар құру: а) жай жоспар, ә) күрделі жоспар.
4. Шығарма жаздыру: а) әңгіме тақырыбына сай шығарма; ә)ұнаған эпизод бойынша шығарма; б) әңгіме мазмұнын қабылдауын байқау үшін эссе жаздыру.
Әңгімені оқытуда да, жалпы оқыту процесіндегідей мына екі түрлі қызмет жүзеге асады. Біріншісі- мұғалімнің оқытуы, екіншісі- оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқушының қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі- әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізілетін жұмыс түрлері- кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беру әдісі- оқушының білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі-оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әңгіме мазмұнына сай пікірталас тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін арттыратын тәсілі болып келеді. Әңгімені оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі- иллюстративтік әдіс, эвристикалық әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәнерлеп оқудың орны ерекше.
Академик Ю. Н. Бабанский өзінің Оқу-тәрбие процесін оптималандыру деген еңбегінде әдістерді үш топқа жіктейді:
1. Оқушыларды оқу- таным қызметін ұйымдастыру әдістері;
2. Оқушылардың оқу таным қызметін көтермелеу әдісі.
3. Оқу- таным қызметінің тиімділігін бақылау әдістері.
Оқыту әдісі дегеніміз оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы тәсілі. Әңгімені оқытуда әдістерді оқыту құралдарынан ажырата алуымыз керек. Әдіс тек әрекетпен байланысты, ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы керек. Ал әр түрлі құралдарды қолдану әдістерге бағынышты. Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін амал деп атаймыз. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгертеміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда соңғы нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді таңдап алады.
Әңгімені оқытуда әдістерді қай мәнге пайдалану тиімді екенін төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады:
Сөздік әдісі Көрнекілік әдісі Тәжірибелік әдісі Зерттеу әдісі
Сөздік әдістерінің әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болады. Сөздік әдістеріне әңгіме, лекция, пікірлесу, т. б. жатады. Әңгімені оқытуда жазушы өмірінен мәлімет бергенде, мәтін мазмұнын түсіндіргенде, талдағанда қолданылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, оқушының психологиясына әсер ету мақсатында қолданылады. Бұл топқа иллюстрация, суреттер, мүсіндер, портреттер, т. б. жатады. Оқушыны қызықтыру, ынталандыру мәселелерініңде маңызы зор. Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді. Бұл топқа әңгіме мәтінін меңгеру, көркем мәтінмен жұмыс, т. б. жатады. Әңгімені оқытуда кітаппен жұмыс кезінде жазушы тілі, стилін анықтауға тиімді. Берілген білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту, оқушылардың іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.
Әңгіме жанрын оқыту мұғалімнен көптеген ізденісті, шығармашылықты, дайындықты талап етеді. Мұғалім сабаққа шеберлікпен дайындалып, түрлі әдіс- тәсілдермен оқушылардың қызығушылығын оята білсе, әңгімені оқыту барысында көптеген айтарлықтай нәтижеге қол жетуге болады. Әсіресе, өзіндік белгілері, ерекше белгілері бар әңгіме жанрын баланың жан- жақты қалыптасып дамуының негізі болып табылады. Әңгіме баланың өзін- өзі тәрбиелеуіне, басқаларды танып білуіне ықпал жасайды. Сондықтан мектепте эпикалық жанрды соның ішінде әңгіме жанрын оқытудың маңызы ерекше зор.

ІІ Тәжірибелік бөлім

2.1. Мектепте М.О. Әуезов әңгімелерін оқытудың тиімді жолдары

Мектепте көркем шығарманы оқытуда оның көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты терең талдай білудің маңызы зор. Шығарманың ішкі құрылымы, кейіпкер бейнелері, әдеби танымдық маңызы және көркем айшықтарын таныту әдебиетші мұғалімнен үлкен дайындықты қажет етеді. Осы орайда, белгілі әдіскер-маман Қ. Мырзағалиев еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады [1].
Ғалым-әдіскердің жазған оқулықтарында әдеби шығарманы оқытудың әдістемелік мәселелері ғылыми тұрғыда жүйеленгенін байқауға болады. Сондықтан мектепте көркем шығарманы оқытуда оның көркемдік ерекшеліктерін таныту бағытында әдіскер-маман Қ. Мырзағалиев еңбектерін басшылыққа аламын. Қазақ әдебиеті сабағында жазушы М.Әуезовтің әңгімелерін оқытуда оның көркемдігін танытуға ерекше назар аударамын. Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы - Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізіп, танып-білу - әр ұрпақтың міндеті.
Жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі болып табылады. Оның Абай жолы романы мен асқан шеберлікпен жазған шағын әңгімелері, повестері қазақ әдебиетінің алтын қорына енген. Қазіргі кезде оқыту мен білім беру, тәрбие мәселелерінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған орай, қоғам өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын қазіргі білім беру жүйесі және тәрбие болып табылатындықтан, шығармаларында ұлттық тәрбие мәселелері көп көрінетін М.Әуезов шығармашылығын оқыту маңызды болып келеді. Рас, әңгіме - шеберлік мектебі, ірі жазушылардың бәрі қаламын осы мектептен ұстартып шықты, - деп, З.Қабдолов айтқандай, М.Әуезовтің де суреткерлік шеберлігі әңгіме жанрын игеру үстінде қалыптасты [2, 302-б.].
Жазушы алғашқы әңгімелерінен бастап-ақ халықтың тұрмыс-жағдайын, жастардың, қазақ әйелдерінің тағдырын суреттеді, тіпті сан алуан күнделікті өмірде кездесетін күйкі көріністерді сипаттай отырып, нақтылы өмір құбылыстарын типтік дәрежеге көтере білді. М. Әуезов әңгімелерінің басты ерекшелігі ...алдымен айналадағы өмір құбылыстарын бейнелеудегі шыншылдық, реалистік суреттеу әдісін шебер қолдана білетіндігі дер едік. Әңгімелерде баяндалатын оқиғалардың, бейнеленетін кейіпкерлердің бәрі өмірден алынған, сол ортада болатын оқиғалар, іс-әрекеттер, әр жерде кездесетін адамдарға ұқсас, бейтаныс таныстар, типтік мінез, типтік характерлер. Әрине, кейбір жайлар әсірелеп көрсетілген. Бірақ, тіпті айналадағы табиғат көріністері - даланың қысы, желі, бораны, айлы түні, тау-тасы - бәрі нақтылы, дәл, анық бейнеленген. Және олар құр жай ғана сурет, адамдар өмір сүретін орта ғана емес, әңгімедегі кейіпкердің көңіл күйі, қайсысымен үндес келетін, кейде оның тағдырымен ажырамас бірлікте көрінетін дүние болмыстың нақтылы ақиқат белгілері [3, 138-б.].Жазушы әңгімелерін екі топқа бөліп қарауға болады: 1) 30 жылдарға дейінгі. 2) 30-40 жылдары жазған әңгімелері: Оқыған азамат Сөніп - жану Қорғансыздың күні Қаралы сұлу М.Әуезовтің 30- жылдарға дейінгі жазған әңгімелері Ескілік көлеңкесінде Жетім Кінәшіл бойжеткен Қыр суреттері 30-жылдарға дейін жазған әңгімелерінде төңкеріске дейінгі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, әйелдер тағдыры сөз болса, ал 30-40 жылдарда жазған әңгімелерінің бәрі дерлік төңкерістен кейінгі өмірді, колхоз тұрмысын суреттеуге арналған. М. Әуезов әңгімелерін оқыту барысында сол кезеңдердегі тарихи жағдайларды да, әңгімедегі оқиғалармен де байланыстыра түсіндіріледі.

Негізінен М.Әуезов шығармаларының ішінде мектеп бағдарламасы бойынша Қараш-қараш оқиғасы, Көксерек шығармалары орта буында оқытылып келеді де, 11-класқа келгенде жазушы шығармашылығы толық қарастырылып, Абай жолы романы талданады. М. Әуезов шығармашылығын 11-класта оқыту барысында әңгімелеріне арнайы тоқталып, талдауды қажет етеді. Өйткені, біріншіден, жазушының үлкен эпопея тудыру жолында осы әңгімелерден бастау алды дейтін болсақ, екіншіден, оларды оқытудың өзіндік тәрбиелік, дамытушылық мәні бар. Мысалы, бұл арада Жақып болысқа әйел үстіне баруға көнбегені үшін соққыға жығылып, құсадан өлген Ғазиза тағдыры туралы Кім кінәлі?, өзі сүймеген кісіге тұрмысқа шығуға үлкендердің күштеуімен амалсыз көніп, соның күйігінен көзі жасқа, көкірегі шерге толған Жәмилә туралы Сөніп-жану және Кінәшіл бойжеткен әңгімелерін талдап оқытуға болады.
Көркем шығармаға талдау жасау деген - оның бейнелі ойына бару деген сөз, - деп, Т.Ақшолақов көрсеткендей, әңгімені талдау, ең алдымен, мазмұнын меңгеруден басталады [4, 27-б.]. Әңгімені талдау барысында белгілі педагог Қ. Бітібаева әдістемесіне жүгіне отырып, М. Әуезов әңгімелерін оқыту алдында қызығушылығын, ынтасы, таным белсенділігін арттыру мақсатында, әңгімедегі оқиғалардың өмір шындығынан алынғаны туралы айтып, әңгімелеу керек. Кім кінәлі? әңгімесін класта, Сөніп-жану және Кінәшіл бойжеткен әңгімелерін үйде меңгеруге тапсырылады. Оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыру мақсатында, тарауларға тақырып қойып, ол тараулардағы басты оқиғаларды кестеде көрсетіп қою тиімді.
Бөлімдер
Тақырып
Басты оқиғалар
I
II ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың тілін дамытуда әңгімелердің рөлін сипаттау
Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Әдебиетте әңгіме жанрының оқыту маңызы
Әңгіме жанрының ерекшеліктері
Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
Әңгіме - эпикалық шығарма
Драмалық шығармалар
ӘДЕБИ ЖАНРЛАР АНЫҚТАМАСЫ
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Пәндер