Ертегіні оқытудың тиімді жолдары



МАЗМҰНЫ


Түсінік хат 3.4

I Негізгі бөлім
1.1Ертегі жанрының шығу және зерттелу тарихы5.8
1.2 Ертегілерді оқытудың ерекшеліктері мен тиімді тәсілдері 8.14

II Тәжірибелік бөлім
2.1 Ертегілерді тиімді тәсілдер арқылы оқыту (сабақ жоспары)15.16
2.2 Ертегілерді дәстүрлі емес сабақта меңгерту 16.18

Қорытынды19.20

Қолданылған әдебиеттер тізімі21
Түсінік хат

Курстық жұмыстың көкейкестілігі - ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан курстық жұмыс өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.

Зерттеу мақсаты:Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.

Зерттеу пәні:Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.

Болжамы :мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.


Міндеттері:

1. Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
2. ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2.Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. -А., 1999.
3. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
4. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканық логикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996
5. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. -160 б.
6. Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1987.
7. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2002.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.
9. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. -М,: Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. -М., 1996 г. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса. -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
15. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931
17. Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988
18. Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993
19. Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958
20. Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972
21. Ысмайылов Е., Ақындар, А., 1956
22. Қазақ фольклорының типологиясы, А., 1981
23. Бiтiбаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
24. Әбдiбекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту. А., 1994.
25. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990.
26 Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003.
27. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.
28. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі

Курстық жұмыс

Пәні : Әдебиетті оқыту әдістемесі
Курс тобы : ОСО-410
Тақырыбы : Ертегіні оқытудың тиімді жолдары
Оқушысы : күндізгі бөлім
Мамандығы : 0111000 Негізгі орта білім
Т.А.Ә.: Қайырханова Әсел Алтынбекқызы
Оқытушы : Абрарова Т.Б.
Баға ________________________________

2013-2014 оқу жылы

МАЗМҰНЫ


Түсінік хат 3-4

I Негізгі бөлім
1.1 Ертегі жанрының шығу және зерттелу тарихы 5-8
1.2 Ертегілерді оқытудың ерекшеліктері мен тиімді тәсілдері 8-14

II Тәжірибелік бөлім
2.1 Ертегілерді тиімді тәсілдер арқылы оқыту (сабақ жоспары) 15-16
2.2 Ертегілерді дәстүрлі емес сабақта меңгерту 16-18

Қорытынды 19-20

Қолданылған әдебиеттер тізімі 21

Түсінік хат

Курстық жұмыстың көкейкестілігі - ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан курстық жұмыс өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ.

Зерттеу мақсаты: Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Ертегілер арқылы оқушылардың тілін дамыту процесі.

Болжамы : мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.

Міндеттері:

1. Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша мағлұмат беру;
2. ертегілердің түрлері мен олардың тәрбиелік мәніне шолу;
3. оқушылардың тілін дамытуда ертегілердің рөлін сипаттау;
4. орта сынып оқушыларының тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың әдістемесін ұсыну.
Зерттеу әдістері:
- Талдау;
- Жинақтау;
- Эксперимент;т.б.

Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерімен болашақ әдебиет пәні оқытушылары танысып, қолдана алады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: қазіргі кезде қолданысқа ие жаңа әдіс - тәсілдер мен қалыптасып кеткен әдіс-тәсілдердің нәтижелілігі мен тиімділігі жағынан салыстыру.

Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс түсінік хаттан, негізгі және тәжірибелік бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде түрлі пікірлерге шолу жасалып, қалыптасу тарихы сараланады; әдебиет сабағында қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады. Тәжірибелік бөлімде зерттеу жұмысының өңделген талдауы мен нәтижесі көрініс табады. Жұмысты қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.

І Негізгі бөлім

0.1 Ертегі жанрының шығу және зерттелу тарихы

Ауыз әдебиеті -- халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте "халық шығармашылығы", "халық поэзиясы", "халықтың ауызша сөз өнері" дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады. 1846 жылы ағылшын Вильям Томс ұсынған "фольклор" (ағылшынша lolk -- халық, lore -- білім, даналық) сөзі де ауыз әдебиеті атауы үшін халықаралық ғылым атау ретінде орныққан. Бұлардың қай-қайсысы да бірінің орнына бірі қолданыла береді.[4] Қазақ фольклоры біздің заманымызда өткен қоғамдардағыдай дамудың қайнар көзінде, өсіп-өркендеудің ең биік сатысында тұрмағанымен қазір де ұлан-ғайыр әлеум. жүк арқалауда. Ұлттың рухани болмысын, мінез-сипатын, тұрмыс-тіршілік тынысын әлі сол фольклор арқылы айна қатесіз танимыз. Ертегілер қадым замандарда адамзат баласының жазу өнері болмаған кездеауызша шығарған көркем əңгімесі болып табылады. Ол ауыз əдебиетінің ең көнетүрінің бірі болса да, күні бүгінге дейін өзінің эстетикалық, дидактикалық маңызынжоғалтқан емес.Қазақ ертегілерінің көпшілігі - ерте заманнан келе жатқан шығармалар.
Ертегілерден ертедегі адамдардың дүние жəне жаратылыс туралы, табиғатқұбылыстары жайындағы түсініктерінің қай дəрежеде болғандығын айқын көругеболады. Ертегілердің оқиғасы көбінесе фантазиялық (қиял-ғажайып) түрде айтылады.Ертегі əлем халықтарының барлығында бар. Ол - сол халықтардыңдүниетанымын, өмірлік ұстанымдарын, арман, қиялын т.б. танытатын ерекше біркөрсеткіш іспетті дүние. Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ ауызəдебиеті мен фольклорында ертегілердің сан алуан түрлері бар. Атадан балағамирас болып, сақталып келген ертегілерді жинастырып, жүйелеп зерттеу ісініңбастауында негізінен орыс, Еуропа ориенталистері тұрды. ХІХ ғасырдан бастап,қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов, Г.Потанин, И.Березин,А.Алекторов, П.Мелиоранский сияқты түркітанушы ғалымдармен қоса тегі түркілік Ш.Уəлиханов, Ə.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялайбастады. Бұлардың ішінен бұл салада айрықша еңбек еткен - В.В.Радлов.Образцы народной литературы тюркских племен атты 10 томдық жинағындаВ.В.Радлов қазақ, қырғыз, ұйғыр, өзбек, əзірбайжан сияқты көптеген түркітайпаларының эпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Соныменқатар қазақ эпосы мен ертегілерін жинап, бастыру ісінде башқұрт ғалымы,профессор Əубəкір Диваевтың еңбегі де елеулі.ХХ ғасырдың басы мен кеңес үкіметі тұсында қазақ ертегілерін зерттеугеМ.Əуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаиловтар белсене араласты. Олардың ізін алаертегілерді жан-жақты зерттеп, жүйелеуде М.Ғабдуллин, Б.Кенжебаев,Х.Сүйіншəлиев, С.Садырбаев, С.Қасқабасовтардың қосқан үлесін де айрықша атап өтуге болады. Осыған орай қазақ ертегілерін жете зерттеп, қазақ əдебиетініңтарихына ертегілер туралы арнаулы бөлім жазып енгізген ғалым-жазушы МұхтарƏуезов шағын көлемді эпиканың бұл түрін үш салаға бөліп, əрқайсысына жеке-жеке мінездеме берді.
1. Қиял-ғажайып ертегілер;
2. Хайуанат жайындағы ертегілер;
3. Салт ертегілері [1,298б].
Негізінен Қазақ ертегісін революциядан бұрын жинап, жариялаушыларды екітүрлі топқа бөлуге болады. Бұлардың бір тобы - орыс оқымыстылары (Радлов,Потанин, т.б.) не болмаса, орыс мектептерінен білім, тəрбие алған, өз еңбектерінкөбінесе орыс тілінде жариялаған, Шығыстан шыққан Ш.Уəлиханов, Ə.Диваевсекілді ғалымдар. Екінші тобы - қазақтың өз ішінен шыққан, өз тілінде жиып
бастырған, хат таныған, сауатты ақындар [2,7б].
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасынасіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив образдар да аз емес. Ертегінің тұтынушылары - əлеуметтік қоғамның түрліше тілдік топтары. Сол себепті ертегі жанры шын мағынасындағы халық шығармасы болып табылады. Əрине, ертегілер бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол - талай ғасырдың, талай тарихи дəуірдің жемісі. Солай болғандықтан да, ертегілер əрбір тарихи дəуірдің, қоғамдық құрылыстың, əлеуметтік тілектердің əсерін алып отырған. Соларға сай түр, мазмұн, мағына жағынан түрлі өзгерістерге ұшыраған. Күні бүгінге дейін ертегілерді, халық прозасын (С.Қасқабасов)
зерттеушілердің еңбектерін саралай келгенде, қазақ ертегілері үлкен үш топқа, жікке бөлуге болады. Мұның бірінші жігі - қиял-ғажайып ертегілер, екінші жігі - хайуанат жайындағы ертегілер, үшіншісі - шыншыл ертегілер. Ертегілердің тақырыптары да алуан түрлі: жаратылыстағы жануарлар, өсімдіктер, жын-шайтан, перілер, аруақтар, жалмауыз кемпір, жезтырнақ, жалғыз көзді дəу, бұрынғы замандағы хандар, батырлар, хандардың балалары, байлар,байлардың балалары, малшылар, кедейлер, қой баққан қу тазша балалар, Алдар
Көсе, Жиренше шешен, ханның уəзірлері, ханның жəне жарлының қыздары, мырза адамдар, сараң адамдар, онан соң көктегі жарық сəулелерді де əңгімелейді. Бұл жерде халық арасында кең тараған, ертегілікке кейіпке жақындай түскен кейбір аңыз əңгіме кейіпкерлері де бар. Фетишизм негізгі таным болып тұрған бағзы замандарда білімі жетпей, жаратылыстың кейбір заттары, құбылыстарынан қорқып, тағылық тұрмыс құрған адамдар ондай заттар мен құбылыстардың
кейбірін адамға зиянды, кейбірін адамға дос иелер деп сенетін. Сондықтан, бұрынғылардың ақиқат əңгімелері соңғыларға ертек болып қала берген. Тіпті, ертек əңгімелердің көшпелі ел арасында шығуы біраз жылдарға дейін үзілмей келді. ...Ана жылы, жаз жаңбыр мол болған жылы, пəлен жерде пəленсұмырайды көріпті, сұмырай келсе су құриды деген осы екен деп, шындапсөйлеп жүрді.
Бағзы замандарда, күздің, қыстың ұзақ кештерінде, тыстағы қара түнді
жамылған қоңыр желдің құбылған күйінің əуенімен ұйлыққан от басында əңгімелер, ертектер айтысып, тыңдасып отырысады. Неше түрлі аңдар мекен еткен жаратылыстың кең құшағында мал бағып жүрген малшылар ұзақты күндері естіген, көрген, білгендерін сөз қылып, əңгімелер айтуды ермек қылған. Неше түрлі аң мен құстардың тіршілік-тұрмыстарын, сырларын, күйлерін аңдып, көріп бақылаған аңшылар, кешке ауылға қайтқанда, көрген, білген, естігендерін от басына əкеп отырған. Батыр, мерген, жортуылшылар да түн қатып, түн жамылып, көктегі құлпырған алтын гауһардай жұлдыздардың от шашып ойнаған құбылыстарын, жүрістерін бақылайды. Бұл жортуылшылар да жорықтан қайтқанда байқағандарын əңгімелейді. Сонымен қатар алыс жерге барған жолаушылар қайтқанда да немесе
қонақ келіп қонғанда да, кешке от басында отырып, айнала отырған қатын-қалаш, кемпір-шал, ауыл адамдарына көрген-білген оқиғаларын əңгіме қылып айтады. Айтқанда өзінің түсінуі бойынша, яғни болған оқиғаны екінші түрде əңгімелеуі мүмкін. Немесе əңгімені дəмдендіріп айтамын деп серпіп, мақтанып айтып, өтірікті қосып айтатыны да болған. Ертегінің сюжеті жұмыр, жинақы болады. Оның мəнісі - ертегі əңгімелеп айтуға негізделген эпикалық жанрдың бірі болып саналады. Қазақ фольклорындағы эпизм формаларына ертегі, аңыз, эпос жатады. Ертегі образдары мифтік, аллегориялық жəне реалистік болып келеді. Ертегіде типтендіру жоқ. Образдары өзгермейді, біреу туа батыр, біреу туа жауыз, біреу туа қу. Олардың кəсібі, жас ерекшеліктері де өзгермейді. Мұндай көрініс эпостық
жырлардан да байқалады. Мысалы, Аналық алпыста, Тоқтарбай тоқсанда тұрадыда қояды.Қазақ фольклорындағы сюжеттердің тартыс сипаты жазба əдебиеттен өзгешелеу. Онда байланыс, кульминация сияқты элементтер болады. Бірақ оқиғаның аяғы бас кейіпкерлердің мұрат-мақсатына жетуімен көмкеріледі. Оған Ер Төстік пен Шалқұйрықтың қайта тіріліп, батырдың өзінің сүйген жарымен қайта
қосылуы куə. Мұны ертегідегі оптимизм дейміз. Ертегінің образдарына келер болсақ, онда антонимдік сарын басым. Алдар, Аязби, Жиренше деген есімдерді айтпасақ, ертегі кейіпкерлерінің көбісінде ат жоқ. Оған тазша бала, жігіт, қыз, шал, кемпір, бай, хан, ұры, молда атаулары айғақ. Антонимдік болудың бір сыры -- ондағы геройларда коллективизм сарыны басым. Жеке аты болсын немесе болмасын, фольклор кейіпкерлері көпшілік атынан сөйлейді. Хан, бай, молда деген ұғымдарда жалпылау басым. Қанаушы мен езушілер тұтас алынып, тұтас жіктеледі, реалистік ертегілер тұсында əлеуметтік
мінездерге үңілу байқалады. Мұны типтендіруге (реализмге) жақын келген образдау тəсілі дейміз. Жазба əдебиетте даралау басым болса, ауыз əдебиетінде жалпылау басым. Фольклор стилі даралауды білмейтін жазба əдебиет жанрларында кездесіп қалады. Ондай түрде образдар өкіл, бай, кедей дейтін атаудан арыға бармайды. Мұндай фольклорлық стилизацияның жазба əдебиетке берері жоқ.
Қазақ ертегілерінің тілінде, образдарында түрлі заман, ел, орта əсерінен туған шұбарлықтар жоқ емес. Архаизмдер де жеткілікті (хан, бай, молда, би, шешен, қу). Алайда ондағы негізгі сөздік қор - халықтық. Сол себепті эпостық жырлар тілімен салыстырғанда, ертегіде поэтикалаудан (троп, фигура) гөрі сөйлеу тілінің нышандары басым. Бұл - əбден заңды құбылыс. Сөйлеу тілінен қол үзгендер ертегі тілін менсінбейді, оны арзанқол бұйымдар ретінде санайды.
Дұрысында əдебиеттегі барлық мотив, образ жəне фантазияның басында ертегіден туғандығы, оның алуан тақырыптылығы, жанр байлығы - адам кешіп өте алмайтын телегей теңізіспеттес. Сол үшін де ауыз əдебиетінің атасы - ертегі деп жүргендер бар. Оның тəрбиелік, көркемдік, талғамдық қуаты да өзгеше. Ертегіні көп окып,
содан тəлім-тəрбие, өнеге алмаған бала туған елінің, жерінің тарихын,
келешектен күткен арманын үғып, соған өзі қандай үлес қосуға тиіс екенін түсіне алмайды. Поэзия сиқыры тіл мен фантазияда болса, ертегісіз жас буын өзінің ойы мен тілін оңай дамыта алмайды. Қазақ фольклорында ертегіге тең келер ешқандай жанр жоқ. Өйткені ол - халықтық психологияның, оның таным-түсінігі, болмыс-бітімінің көрсеткіші. Ертегінің кейде арнаулы бастамасы, аяқтамасы да болады. Балаларға арналған кейбір ергегілерде айтушылар қара сөзді өлеңмен аралас қолданады. Оны -- ертегінің бастамасы дейміз. Ал көпшілік ертегілердің соңы: Сөйтіп, пəленше мақсат-мұратына жетіпті деп аяқталады.Бұлай аяқталуы -- оқырманға немесе есті тыңдаушыға берілген сабақ, ғибрат, ақыл. Енді бірде күлдіргі сарынға түсіп: Ертегім ұтылды, ойға қарай құтылды дейді. Расында ешбір ертегініңұтылған жері жок, оның кейіпкерлері əркез ұтыс алады. Ертегі өмір философиясына толы. Сол ертегілерден көп нəрсені үйрену қажет. Себебі өнер алды - қызыл тіл дейтін нақыл сөзді дана халқымыз ең алдымен ертегіге қатысты қолданса керек-мыс.

0.2 Ертегілерді оқытудың ерекшеліктері мен тиімді тәсілдері

Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дәуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты.Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс. Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен отбасы, балабақша және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты оятуға бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатнасты ояту мен тәрбиелеудің бір жолы -өмірді тікелей бақылаудан басқа танымдық әдебиеттерде жатыр.
Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады.
Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.
З.Суретпен жұмыс. Әр түрлі жәндіктер бейнеленген суреттер немесе
бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану әңгімелесу, түсіндіру.
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер - ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Бастауыш мектеп жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тындаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек. Тілі жеңіл, сөзі ойнақы болып келеді.
1) Балалардың психологиясына зерттеу жасағанда,олардың ойлау түсіну қаблеттін суреттеліп,отырған оқиғанның керкем обрыздың нақтылығын дәлдігін өз өмірінің аймаласынан алуды қажет етеді.
2) Әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында мерзімі болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне ой-санасына бірден әсер ететін күшті де мағыналы бейнелер алу керек. Балаларды өмірдің жақсы болашағына қанағатандырып,шарықтатып отыру қажет.
3) Балалар әдебетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу,әдістерінің динамикасы ерекше болады.
4) Балалар жаратылысының көркем көріністерін, пейзажды шебер суреттеуді ұнатады,оған сүйсіне қарайды.соны айналасынан іздейді.
5) Балалар әдебеті шығармаларының мазмұны идеясы оларды еңбекке, ғылымға әр қилы мамандықтарды игеруіне үлес қосады.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухамлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В.Сухамлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз дворчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов және т.б аталуға болады.
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Әуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев және басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.
Белгілі қазақ жазушысы академик М.Әуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: "Ертегі деп бояғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық,мерген,мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға,ата-әжелерге ортақ іс,жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі.Өйткені, оныңжаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы - ертек
Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр"т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ.
Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс - тіршіліктері суреттеледі.
Еңбек мәнін биік бағалайтын "Қотыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ертегілерді оқушылардың ойын дамытуда пайдаланудың әдістемелік негіздері
Оқушылардың ойын дамытуда ертегінің алатын орны
Қазақ халық ертегілері арқылы бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру жолдары
МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Әдебиеттік оқу сабақтарында ертегілерді оқыту жолдары және Әдіс- тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Ағылшын тілі және оны оқытудың әдістері
Ағылшын тілінде ертегіні оқытудың әдістері
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Пәндер