Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту



МАЗМҰНЫ


Түсінік хат 3.4

I Негізгі бөлім

1.1. Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры5.8
1.2 Мысал жанрын оқыту ерекшеліктері мен әдістері 8.12

II Тәжірибелік бөлім

2.1 Ахмет Байтұрсынов мысалдарын оқыту әдістері 13.15
2.2 А. Байтұрсынұлы «Өгіз бен бақа», «Егіннің бастары» мысалдарын меңгерту 16.18

Қорытынды 19.20

Қолданылған әдебиеттер тізімі21
Түсінік хат

Мысал –тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанрын сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын-жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен, Абай, Ыбырай, Дулат, А. Байтұрсынұлы, С.Дөнентаев, С.Көбеев, секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зертеуші М. Әуезов: «Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. »-деген екен. Мысалдың басты мақсаты-адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Курстық жұмыстың зерттеу мәселесіне айналған өзекті сұрақтардың бірі осы мысал жанрын таныту, соның ішінде қазақ мысалышыларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрындағы шығармаларын меңгертудің тиімді жолдарын саралау болып табылады. Курстық жұмыстың көкейкестілігі - мысал жанырн танытудағы тиімді және нәтижелі тәсілдерді ұсыну болып табылады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде мысал тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, мысалдың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Мысалдар бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеу мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанырн оқыту барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Байтұрсынов А. Ақ жол. А., 1991. 36-б.
2. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 2002. 312-б.
3. РадцигКөне грек әдебиетініңтарихы. М. 1963. С.340
4. Иманғазинов М.М. Антика әдебиеті. Т., 2006. 253-б.
5. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. А., 1993. 422-б.
6. Қасқабасов С. Қазақ халықпрозасы. А., 1972. 107-б.
7. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2002.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.
9. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. -М,: Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. -М., 1996 г. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса. -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. Қазақ ұлттық энциклопедиясы
15. Әуезов М., Әдебиет тарихы, Қызылорда, 1927
16. Сейфоллаұлы С., Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары, Қызылорда, 1931
17. Қазақ фольклористикасының тарихы, А., 1988
18. Қазақ фольклорының тарихилығы, А., 1993
19. Жұмалиев Қ., Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері, А., 1958
20. Ғабдуллин М., Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1972
21. Ысмайылов Е., Ақындар, А., 1956
22. Қазақ фольклорының типологиясы, А., 1981
23. Бiтiбаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А., 1997.
24. Әбдiбекқызы К. Оқушылардың көркем шығармашылық қабiлетiн дамыту. А., 1994.
25. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990.
26 Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003.
27. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985.
28. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі

Курстық жұмыс

Пәні : Әдебиетті оқыту әдістемесі
Курс тобы : ОСО-410
Тақырыбы : Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
Оқушысы : күндізгі бөлім
Мамандығы : 0111000 Негізгі орта білім
Т.А.Ә.: Мукашева Айгерім Абайқызы
Оқытушы : Абрарова Т.Б.
Баға ________________________________

2013-2014 оқу жылы

МАЗМҰНЫ


Түсінік хат 3-4

I Негізгі бөлім

0.1. Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры 5-8
1.2 Мысал жанрын оқыту ерекшеліктері мен әдістері 8-12

II Тәжірибелік бөлім

2.1 Ахмет Байтұрсынов мысалдарын оқыту әдістері 13-15
2.2 А. Байтұрсынұлы Өгіз бен бақа, Егіннің бастары мысалдарын меңгерту 16-18

Қорытынды 19-20

Қолданылған әдебиеттер тізімі 21

Түсінік хат

Мысал - тұспалмен, ишарамен айтылатын жанр. Мұндағы ой астармен, жұмбақпен беріледі. Мысалдың басқа жанрдан ерекшелігі оған адам қатыспайды. Мысал жанрына аң, құс, өсімдік бейнесі алынады. Әдебиетті оқу бағдарламасында мысал жанрын оқыту көбіне бастауыш буындарында беріледі. Мысал жанрын сонау Эзоп заманынан бастау ала отырып, қазақ топырағында да дамыған. Жазба әдебиетінен бұрын қазақ ауыз әдебиетінде де осы жанрдың элементтері кездесіп отырған. Ақын-жыршылардан бастап, мысал жанрына ықылас білдірген әдебиет өкілдері мол болған. Мәселен, Абай, Ыбырай, Дулат, А. Байтұрсынұлы, С.Дөнентаев, С.Көбеев, секілді қаламгерлер өздерінің төл шығармалары мен аударма мұраларында мысал жанрына ерекше көңіл бөлген. Зертеуші М. Әуезов: Тегінде, қазақ әдебиеті тарихына Крылов мысалдары жалғыз Абайдың аудармасынан емес, одан бұрын да кіре бастаған. Бұл және де бір Крылов емес, орыс көркем әдебиетінің өлең сөз, қара сөздегі әр алуан үлгісін өзі жазған оқу кітабына кіргізіп, алғаш аударған Ыбырай Алтынсарин болатын. -деген екен. Мысалдың басты мақсаты-адам баласының бойына жақсы, ізгілікті қасиеттерді сіңіру, терең ғибрат пен тәлім өнеге беру. Курстық жұмыстың зерттеу мәселесіне айналған өзекті сұрақтардың бірі осы мысал жанрын таныту, соның ішінде қазақ мысалышыларының бірі Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрындағы шығармаларын меңгертудің тиімді жолдарын саралау болып табылады. Курстық жұмыстың көкейкестілігі - мысал жанырн танытудағы тиімді және нәтижелі тәсілдерді ұсыну болып табылады. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде мысал тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, мысалдың балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Мысалдар бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі.

Зерттеу мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанырн оқыту барысында тиімді тәсілдерді пайдаланып, балалардың тілін дамыту жолдарын көрсету.

Зерттеу нысаны: мектептегі оқу - тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: мысалдар арқылы оқушылардың дүниетынымын қалыптастыру және тілін дамыту процесі.

Болжамы : мектепте мысалдарды оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға қол жеткізуге болады.

Міндеттері:

1. Түрлі әдебиеттерді пайдалана отырып қазақтың мысал жанрының қалыптасуы мен даму тарихы туралы қысқаша мағлұмат беру;
2. мысалдардың тәрбиелік мәніне шолу;
3. оқушылардың тілін дамытуда мысалдардың рөлін сипаттау;
4. оқушылардың тілін дамытуда мысалдарды пайдаланудың әдістемесін ұсыну;
5. Ахмет Байтұрсынов мысалдарын оқытудың тиімді тәсілдерін ұсыну.

Зерттеу әдістері:
- Талдау;
- Жинақтау;
- салыстыру;
- зерттеу;
- Эксперимент;т.б.

Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерімен болашақ әдебиет пәні оқытушылары танысып, қолдана алады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: қазіргі кезде қолданысқа ие жаңа әдіс - тәсілдер мен қалыптасып кеткен әдіс-тәсілдердің нәтижелілігі мен тиімділігі жағынан салыстыру.

Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс түсінік хаттан, негізгі және тәжірибелік бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде түрлі пікірлерге шолу жасалып, қалыптасу тарихы сараланады; әдебиет сабағында қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады. Тәжірибелік бөлімде зерттеу жұмысының өңделген талдауы мен нәтижесі көрініс табады. Жұмысты қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.

І Негізгі бөлім

0.1. Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры

XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді. Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі А.Байтұрсынов пен Х.Досмұхамедовтан бастау алары сөзсіз. Аталмыш ғалымдардың ауыз әдебиеті жайлы алғашқы пікір-пайымдаулары кейінгі фольклорист-зерттеушілерге сара жол салды. Осы орайда аталған ғалымдардың назарынан тыс қалмаған мысал жанры да ауыз әдебиетінен бастау алғандығына көз жеткізуге болады.Әрине, фольклорды зерттеп, жанрлық жағы сараланған еңбектерде көбінесе мысал жанры қалыс қалып жатады, дегенмен мысал жеке түр ретінде қарастырылмаса да, ол жайында азды-көпті пікірлер бар. Мысал - айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма [1, 36] деген анықтамаға ие мысалдың түп төркіні хайуанаттар туралы тұспалды мағынасы бар ертегі, қысқа әңгімелер нұсқаларымен жалғасып жатыр. Бұның қаншалықты дәлелді екенін қазақ ғалымдарының осы жанрға байланысты ой-пікірлерімен нақтылай түсейік.
Қазақ әдебиетінің көшбасшысы, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынов қазақ фольклорын сұрыптап, саралауда мысал жанрын назардан тыс қалдырмай, біраз ой толғап, анықтама береді.Ғалым жалпы ауыз әдебиетін жұмсалуына қарай екіге бөледі:сауықтама;сарындама. Сарындаманы үшке бөледі:салт сөзі;ғұрып сөзі;қалып сөзі:Мысалдарды ғалым салт жолымен айтылатын сөздер тобына жатқыза отырып,мынадай анықтама келтіреді: Адамның ғамалын, мінезін, құлқын жанды, жансыз нәрселер арқылы салт-санасына сәйкес көрсетіп өнегелеу мысалдау болады [1, 37]. Сонымен қатар ғалымның біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар көбінесе хайуандар шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуандарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық сипаттанған. Одан әрі ғалым пікірі келесідей: Мысалда аңдар, құстар, хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді, кемшілікті тұспалдап, әжуә күлкі етеді... Осындай шағын көлемді, оқиғалы, адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді [1, 37], - деп түйіндей түседі.Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский бұл жанрды: Сатираға суғарылған поэзияның нағыз ерекше жанры десе [2, 300], академик З.Қабдолов Мысал адамгершілік мұқтаждығын өтеу мақсатында жанр ретінде әдебиет арнасына тоғысты,- дейді [3, 300].С.И. Радцигтың Көне грек әдебиетінің тарихы атты оқулығында мысалға мынадай түсініктеме берілген: Мысал − көне халық ауыз әдебиетінің жанры болып есептеледі. Себебі, мысалдардың мазмұнында хайуанаттар эпосының сарқыны сақталып қалған. Дегенмен тарихи тұрғыдан алғанда мысал жанры күнделікті өмірдегі келеңсіз жағдайлар мен адамгершілік, ізгілік мәселесін насихаттауға арналған [4, 300].
Ал, академик Зейнолла Қабдолов мысал жанры турасында мынандай пікір ұстанған: Мысал- эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатты, көбіне аң, хайуанат, кейде зат түрлері жазылады да сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік, күлкіге, келекейге, мазаққа айналдырып, сықақпен саналады. Мазмұны бүкпелі болғанымен, идеясыз, астарсыз, ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді. Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоп (б.э.б. VІғ.) шығармаларын өз алдына қойғанда, мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов, қазақта Абай - бәрі солай жазған. Біздің тұсымыздағы мысалшылардан Сергей Михалков пен Асқар Тоқмағамбетовты бөліп айтуға болады,-дейді [3, 312].
Кейіннен жарық көрген доцент М.М. Иманғазиновтың Антика әдебиеті атты еңбегінде автор: Мысал - әріден келе жатқан, эпостың шағын да өткір жанры. Мысал жанры көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі әлемнің іргелі ақын жазушыларының назарында болған, қызықты форма, ұғымды идея, халық тұрмысына ет жақын суреттеулерге толы әдеби жанр [5, 251] деген тұжырымдама ұсынады.Десек те, ауыз әдебиетін оқытуда мысал жанры қарастырылмай келеді. Бұл жөнінде Ш.Ыбыраев былайша жазады: Шынын айту керек, қазақ ауыз әдебиетіне арналған зерттеулер мен оқулықтарда айтыс пен шешендік сөздерден басқа аты аталып, ел танығаны жеті сегіз жанрлар болса, ол Еуропа халықтарының фольклорында кездесетіндері. Ал мұның сыртында аты аталмай, аталса да қатарға кірмей, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып келген ондаған жанрлар мен жанрлық түрлердің не зерттеушілер, не жинаушылар тарапынан ілтипат көрмей келгенін немен түсіндіруге болады? [5, 424].
Фольклортанушы осылай дей келе, ауыз әдебиетіндегі зерттелмей келе жатқан жанрдың бірі мысал екендігін атап көрсетеді де, қазақ ауыз әдебиетін жіктеудің жаңа түрлерін ұсынады:салтқа қатысты фольклор;салтқа қатыссыз фольклор.Салтқа қатыссыз фольклорды әрі қарай рим цифрларымен атап көрсетеді.ІІ. Эпикалық прозалық жанрлар;ІІІ. Эпикалық жанрлар;ІҮ. Кіші жанрлар;Ү. Шешендік сөздер;ҮІ Мысал.
Ғалым Ш.Ыбыраев осылайша мысал жанрын ауыз әдебиетінің өзге де түрлерімен қатар қойып, бөлек топтайды. Сонымен қатар ол мысалды бұрын соңды кездеспеген жаңаша түрде жіктеуді ұсынады:А. Мысал (мысал өлеңдер, мысал сөз, мысал айтыс)Ә. АпалогБ. Тәмсіл [5, 424].
Ғалымның бұл дәлелді тұжырымдары мысал жайындағы ұғымымызды кеңейте түседі. Міне, осы бағытта мысалдың түрлерін анықтап, оларды жинастырып, топтастыру, жанрлық ерекшеліктерін айқындау шын мәнінде зерделі зерттеуді күтетіні анық.Жоғарыдағы қос ғалымның ауыз әдебиетін жіктеуі бір-бірімен бағыттас, үндес келеді. Тек басты айырмашылық жанрлық атауларда сияқты. Ахмет Байтұрсынұлының сауықтама (барша сауық үшін айтылатын сөздер) деп отырғаны Ш.Ыбыраев еңбегінде салтқа қатысты фольклор деп аталса, сарындама салтқа қатыссыз фольклор, яғни жұртта келе жатқан салт сарынмен айтылатын сөздер. Екі ғалым да мысал жанрын соңғы топқа жатқызады.Мысал жайында сөз қозғау барысында жанрдың шығу тегі қандай?, қалай қалыптасқан?, қайдан бастау алады? деген сұрақтар туады.Ахмет Байтұрсыновтың бұл орайда: Арнайы әдебиеттегі мысалдар былай шыққан: ...алғашқы адамдар басқа мақұлықтардан ұзап жарымаған. Олар түрлі табиғат, түрлі тәсілмен тіршілік ететіндерін көріп, олар да адамша ойлайды, сөйлеседі, кеңеседі, бірін бірі аңдиды, арбайды деп білген... Сондықтан адамның ісін әңгіме қылған сияқты, олардың да істерін әңгіме қылған. Одан хайуандар турасындағы ертегілер шыққан. Онан бері келе, хайуандар тіршілік еткенмен нақ адамша ойласып, сөйлесіп, кеңес етпейтіндігіне көз жеткендігінен кейін мақұлықтар турасындағы ертегілер өтірікке саналып, бірте бірте жоғалып, тек мысалдар қалған [1, 40], - деген тұжырымын негізге аламыз.Мәселен, Сырттандар ертегісінде адамға жерік болған жалмауыз қасқыр біреудің жалғыз баласын аңдиды. Баланың әке шешесі, ауыл аймағы қатты сасады. Сол кезде бала өзімен бір күнде туған тұлпарына мініп, қасқырдан қаша жөнеледі. Құтқарам деп тұлпар тартады: Қайтсе де жеймін, деп жалмауыз қасқыр қуады. Осы тұста адамның досы тұлпар мен қасқырдың сырттаны жарысқа түседі. Сол жерде иттің сырттандары қасқырға қарсы ұмтылады, қасқырды өлтіреді [6, 26].. Мұнда жалмауыз қасқыр адам баласына қастық ойлаушы мол жауыздықтың бейнесінде алынса, ит пен жылқы жақсы жақтарынан дәріптеледі.Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде алынбай, жаңа кейіпте, реалистік болмысқа байланысты алынады. Осы ретте хайуанаттар жайы екі түрде алынып, қазақ ертегілеріне қосылады. Онда хайуанаттардың бір тобы (төрт түлік мал, үй хайуанаттары) шаруашылыққа келтіретін пайдасы, атқаратын қызметімен суреттеледі. Хайуанаттардың екінші тобы (жыртқыш аңдар) адам баласына жасаған жауыздығы, қаскүнемдігімен бейнеленеді. Бұл соңғысы уақыт өте келе халықтық сатираға айналып, сол арқылы қоғамдық жайлар, үстемдік еткен қауымның жағымсыз қылықтары әңгімеленеді; бұлар халықтың ащы мысқылы, келеке-күлкісі түрінде келеді; таптық тартыс, күрес жайы сөз болады. Мұны біз Алтын сақа, Тепең көк, Бозінген, Жақсылық пен жамандық т.б. ертегілерден көре аламыз. Сонымен қатар, Қотыр торғай ертегісінде кекшілдікті, бірбеткейлікті, араға іріткі салуды меңзесе, Мақта қыз бен мысық ертегісінің жасөспірімдерге беретін тағылымы мол.Халық ертегісінде жыртқыш аңдардың әрқайсысына лайықты мінездеме береді. Арыстан - асқан күштің, зорлықтың, қасқыр - қомағайлық пен қорқаулықтың иесі болып кейіптеледі. Ал түлкі - айла мен аярлықтың, бірді бірге соғып, пайдасын тауып жүрген қу, өзінен басқаға дұшпандық жасаушы, сырттай дос, іштей қас болып келеді. Айналасындағы аң атаулыны алдаушы да, өсек таратып күндеуші де, жоқ жерде пәле бастаушы да - түлкі. Бұлармен қатар, қазақ ертегілерінде ожарлық, аңқаулық кескінімен аю жүреді. Жұрттың бәріне мазақ, күлкі ретінде маймыл қатысады. Мәселен, Маймыл мен түлкі, Түлкі мен бөдене, Түлкі, тасбақа, кене, Түлкі, аю, қойшы т.б. ертегілер.Өзімізге таныс қазақ мысалдарында да түлкі - қулық, айлакерліктің, қасқыр - қатыгез, қарақшылықтың, мысық - жалқаулықтың, есек - ақымақтықтың т.б. қызметін атқарады.Шынында да, мысал жанры қазақ халқының ойлау өрісінің дамуымен, сана эволюциясымен тығыз байланысты, айналадағы тіршілік иелерін танып білумен қатар, олардың айрықша қасиеттерін айқындап, адамды бейнелеудегі олардың түрлі мінезін әрқилы іс-қылықтарын тұспалдап көрсетуде шебер пайдалана білген. Әрқашан сөзге ұста қазақ халқы осы мәндегі астарлы әңгіме туғызып оған мысал деп айдар таққан.Осындай арғы тегі хайуанаттар жайлы ертегіден өрбіп, өріс алған мысал жанры көбінесе, нақтылай айтсақ, оның бір тармағы мысал ертегілер апалог деп зерттеушілер тарапынан анықтамаға ие болып жүр. ХІХ ғасырға дейін апалог және мысал бір-біріне синоним ретінде қолданылған. Апалог көбінесе қара сөзбен жазылады. Ішінара өлең сөздері кездескенімен, өлең түріндегі апалогтар біздің әдебиетімізде тек жазбаша түрде кең дамыған. Ал өлең үріндегі апалогтың жеке жанр ретінде толық қалыптасуын ғалым С.Қасқабасов ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетінің жедел дамуы мысал жанрын әдеби арнаға бағыттады деп түсіндіреді.

0.2. Мысал жанрын оқыту ерекшеліктері мен әдістері
Мысал - аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, тағы басқа мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын да, ащы сатира да, байсалды юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында, әдебиеттегі оқу бағдарламасында мысалдар көбінесе оқытудың бастауыш буынында беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Яғни мысалда ойдың ашықайқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу астарлы түрде берілетіні, кекесін, мысқыл, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға әңгімелеу, баяндау әдісімен жеткізген дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушыларды өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби-теориялық ұғым беру, оқушыларды оқығалы отырған көркем шығарма ерекшелігін аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған мысалды алдын ала үйде оқып келу тапсырылса, оның тиімділігі тіпті зор болмақ (мұғалім мысал жанры туралы кіріспе түсінікті сол тапсырманы беру алдында айтуы керек). Мұғалім ол үшін оқушыларға мынадай үлестірме-көмек нұсқау таратып, өз беттерімен оқу, түсіну, талдау жасауға жетелейді. Мысалы, 5-сыныптағы И.Крыловтың Есек пен бүлбүл мысалын алайық (Абай аудармасы).
- Есек пен бұлбұл туралы не білесіңдер? Есек қандай
хайуан, бұлбұл қандай құс?
(Өздеріңе арнап көгілдір экраннан беріліп жүрген әр түрлі хабарларды, өздерің оқыған ертегілерді еске түсіріңдер).
- Есектің өтініші, яғни бұлбұлға ән салып бер деуіне көңіл
қой.
Бұлбұл әнінің мың түрлі күйге салған құдіреті
сипатталатын шумақтарды тап. Адам, жан-жануар, табиғаттың сол кездегі қалпын көңіліңе тоқы.
Есектің бұлбұл еніне берген бағасы, сыны айтылатын
шумақты тауып, назар аудар.
Өтештен үйрену керек деген ақылға қосыласың ба?
Қосылмасаң, себебін дәлелдеуге тырыс.
Ең соңғы шумактың мазмұнына ой жүгірт:
а) Қалай ойлайсың, неге ақын Мұндай сыншыдан құдайым бізді сақтасын деп, қорытындылайды.
ә) Өзің осы қорытындыға келісесің бе? б) Қорытындыға автордың көңіл күйі туралы не айтар едің?
Осы мысалда есек, бұлбұл, әтештер арқылы ақын не
айтпақшы болған деп ойлайсың?
Өзің сабақта осылардың қайсысының сөзін мәнерлеп
оқып едің?
Мысалдарды талдаудың ең тиімді әдісі - рөлге бөліп оқу, инсценировка-көрініс жасау. Көрнекіліктің де маңызы зор. Сурет бойынша немесе басқалай ойластырып, қарапайым ғана қатты қағаздан макеттер жасап (оған бұлбұл, есек, әтеш мүсіні), мысал оқу барысында оқиға көз алдында етіп жатқандай көрініс берілсе, оқушылардың ынтасы, қызығушылығы артар еді.
Сабақтың кіріспе бөлімінде мұғалім мысал жанры туралы тағы да қайталап, өздері үйден танысып келген Есек пен бұлбұлды жазған орыс жазушысы И.Крылов, оны аударған Абай аталары туралы шағын әңгіме, дерек береді. Мысал алдын ала оқуға тапсырылғаны себепті, мынадай сұрақтармен оқушыларды шкірлесу, әңгімелесуге шақыруға болады.
Балалар, мысал деген не, кім айтып береді?
Өздерің оқыған мысалдың мазмұнын, болған оқиғасын
қайсың әңгімелер едің?
Бұл мысалдағы кейіпкерлер кімдер? Олар арқылы ақын
нені, кімдерді сөз етпек болған. Мысал жанрына тән Есек
пен бұлбұлда қандай астарлы ой бар деп ойлайсың?
- Өзің кімді құптайсың, ақын кімді құптайды деп
ойлайсың? Ойымды мысалдан үзінді ала отырып, дәлелдеуге
тырыс.
Осы мазмұнда әңгімелесу оқушылардың мысалды қай дәрежеде оқып, меңгергенін білдіреді, әрі өз пікірлерін айта білу, өз беттерімен көркем мәтінді талдау, сөйлей білу, тілін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Мысал жанрының ерекшелігі
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы
Ахмет Байтұрсыновтың поэзиясы
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ – ТІЛШІ
Қазақ газетінің редакторы
Мысал жанрының қалыптасуы
Пәндер