Әдебиет сабағындағы көрнекілік
МАЗМҰНЫ
Түсінік хат3.4
I Негізгі бөлім
1.1«Әдіс .тәсілдер» ұғымының қалыптасу тарихы 5.7
1.2 Оқытудың әдістерінің теориялық сипаты және түрлері 7.9
1.3Әдебиет сабағында қолданылатын жаңа әдіс.тәсілдер. 9.19
II Тәжірибелік бөлім
2.1 Әдебиет сабағында жаңа әдістердің қолданылуы 20.22
2.2 Әдебиет сабағындағы бекіту кезеңінде қолданылатын тиімді тәсіл22.24
Қорытынды 25.26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27.28

Түсінік хат
Әдебиет бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарын іске асыруға сәйкес маңызды күшке айналып отырғандықтан, оны нәтижелі оқытудың тиімді жолдары жүзеге асырыла бастады. Әдебиетті оқытудың сапасын арттырудың жаңа әдістемелік жүйесі отандық және шетелдік әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде сараланып, дәйектелген жаңа бағыттармен байытылуда. Демек, оқыту үрдісі жаңа педагогикалық парадигманы басшылыққа ала отырып ұйымдастырылатын әдеби білім беру жүйесін дамытудың нәтижесінде жүзеге асады. Бүгінде көркем туындыны саналы түрде оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі зерттеуші ғалымдар мен әдіскер ұстаздарды, ата-аналарды қатты толғандыруда. Әдебиет мұғалімнің терең білімді болып, педагогикалық және әдістемелік шеберлікті жетік меңгеріп, көркем туындыны шығармашылық шабытпен оқыта білуі –бүгінгі заман талабы. Осыған орай, зерттеу жұмысында әдебиет сабағындағы қолданылатын әдіс -тәсілдердің тиімділігі басты назарға алынып қарастырылады.
«Білім беру әдісі-оқушылардың білімі мен білігі, олардың практикалық дағдысы және оқушылардың мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарының тәсілі»,-деп көрсетеді И.А. Қайыров.
Бүгінде әлемдік деңгейде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары кең көлемде қарастырылуда. Оқыту әдістері-әдістеме құрай отырып, динамикалық қозғалыста болатын өміршең ғылым. Ол үнемі уақыт сұранысына, заман талабына сай дамиды, жаңарады, өзгереді, толығады. Жұмыста әдіс ұғымының шығу тарихы мен ғалымдар тарапынан берілген түрлі пікірлер сараланып, қазіргі таңда қолданысқа ие әдіс-тәсілдер теориялық және тәжірибелік сипатта көрініс табады.
Зерттеу мақсаты: әдебиет сабағында қолданысқа ие тиімді жаңа әдіс-тәсілдерді қарастыру.
Зерттеу нысаны: жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру
Зерттеу пәні: әдебиет сабағында жаңа әдіс –тәсілдердің тиімділігін саралау.
Болжамы : жұмыс барысында қарастырылған әдіс –тәсілдердің теориялық және практикалық сипатын меңгеріп, оның жүзеге асуында кәсіби құзырлық пен әдістемелік шеберлікті қалыптастырса, онда сабақтың нәтижелігі шығармашылық тұлға қалыптастыруда өзінің оң сипатын берер еді.
Міндеттері:

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Айтмамбетова Б. Жаңашылпедагогтаридеялары мен тәжірибелері. -А., 1991.
2.Әбенбаев С. Мектептегітәрбиежұмысыныңәдістемесі. -А., 1999.
3. Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобра-зовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985. - 208 с.
4. Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканықлогикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996
5. М.Жұмабаев. Педагогика. - Алматы: Анатілі, 1992. -160 б.
6. Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1987.
7. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2002.
8. Қазақ әдебиетінің тарихы: Кеңес дәуірі (1941-1956). Алматы, 2004.
9. Ақшолақов Т. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы: Рауан, 1994.
10. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: Рауан, 1997
11. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологий. -М,: Педагогика, 1989 г.
12. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.- М., 1995 г.
13. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. -М., 1996 г. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса. -Усть-Каменагорск, 1992 г.
14. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения.-М.:Педагогика, 1990 г. Юсуорбекова Н.Р. Общие основы педагогической инноватики.- М., 1991 г.
15. Нағымжанова Қ.М «Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психология-педагогикалық негіздері» Өскемен 1999
16. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2005 ж.
17. Выгодский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. М. Просвешение 1987 г.
18. Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақстан мектебі. №4, 2005 ж.
19. Тұрғынбаева Б. Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту. Қазақстан мектебі. №8, 2004 ж
20. Балкенов Ж. Студенттерді шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми-дидактикалық негіздері. Қарағанды, 2005 ж.
21. Тұрғынбаева Б. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алматы , 1998 ж.
22. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2005 ж.
23. Қаламқалиев М. Мектеп оқушыларын еңбекке баулудағы техникалық шығармашылықты дамытудың педагогикалық негіздері. Алматы, 1998 ж.
24. . Давыдов В.В. Проблемы развиваюшего обучения. М. Просвешения,
1984 г.
25. Ильин В.С. Формирование личности школьника. М, Педагогика, 1984 г.
26. Крутецкий В.А. Психология обучения и воспитания школьников. М. Просвешения, 1976 г.
27. Ильин В.С. Формирование личности школьника. М, Педагогика, 1984 г.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз колледжі
Курстық жұмыс
Пәні : Әдебиетті оқыту әдістемесі
Курс тобы : ОСО-410
Тақырыбы : Әдебиет сабағындағы көрнекілік
Оқушысы : күндізгі бөлім
Мамандығы : 0111000 Негізгі орта білім
Т.А.Ә.: Нурбаева Гүлжамал
Оқытушы : Абрарова Т.Б.
Баға ________________________________
2013-2014 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
Түсінік хат3-4
I Негізгі бөлім
1.1Әдіс - тәсілдер ұғымының қалыптасу тарихы 5-7
1.2 Оқытудың әдістерінің теориялық сипаты және түрлері 7-9
1.3Әдебиет сабағында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер. 9-19
II Тәжірибелік бөлім
2.1 Әдебиет сабағында жаңа әдістердің қолданылуы 20-22
2.2 Әдебиет сабағындағы бекіту кезеңінде қолданылатын тиімді тәсіл22-24
Қорытынды 25-26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27-28
Түсінік хат
Әдебиет бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраным талаптарын іске асыруға сәйкес маңызды күшке айналып отырғандықтан, оны нәтижелі оқытудың тиімді жолдары жүзеге асырыла бастады. Әдебиетті оқытудың сапасын арттырудың жаңа әдістемелік жүйесі отандық және шетелдік әдіскер-ғалымдардың еңбектерінде сараланып, дәйектелген жаңа бағыттармен байытылуда. Демек, оқыту үрдісі жаңа педагогикалық парадигманы басшылыққа ала отырып ұйымдастырылатын әдеби білім беру жүйесін дамытудың нәтижесінде жүзеге асады. Бүгінде көркем туындыны саналы түрде оқуға деген қызығушылықтың төмендеуі зерттеуші ғалымдар мен әдіскер ұстаздарды, ата-аналарды қатты толғандыруда. Әдебиет мұғалімнің терең білімді болып, педагогикалық және әдістемелік шеберлікті жетік меңгеріп, көркем туындыны шығармашылық шабытпен оқыта білуі - бүгінгі заман талабы. Осыған орай, зерттеу жұмысында әдебиет сабағындағы қолданылатын әдіс -тәсілдердің тиімділігі басты назарға алынып қарастырылады.
Білім беру әдісі-оқушылардың білімі мен білігі, олардың практикалық дағдысы және оқушылардың мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыстарының тәсілі,-деп көрсетеді И.А. Қайыров.
Бүгінде әлемдік деңгейде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары кең көлемде қарастырылуда. Оқыту әдістері-әдістеме құрай отырып, динамикалық қозғалыста болатын өміршең ғылым. Ол үнемі уақыт сұранысына, заман талабына сай дамиды, жаңарады, өзгереді, толығады. Жұмыста әдіс ұғымының шығу тарихы мен ғалымдар тарапынан берілген түрлі пікірлер сараланып, қазіргі таңда қолданысқа ие әдіс-тәсілдер теориялық және тәжірибелік сипатта көрініс табады.
Зерттеу мақсаты: әдебиет сабағында қолданысқа ие тиімді жаңа әдіс-тәсілдерді қарастыру.
Зерттеу нысаны: жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеру
Зерттеу пәні: әдебиет сабағында жаңа әдіс - тәсілдердің тиімділігін саралау.
Болжамы : жұмыс барысында қарастырылған әдіс - тәсілдердің теориялық және практикалық сипатын меңгеріп, оның жүзеге асуында кәсіби құзырлық пен әдістемелік шеберлікті қалыптастырса, онда сабақтың нәтижелігі шығармашылық тұлға қалыптастыруда өзінің оң сипатын берер еді.
Міндеттері:
1) Отандық және шетелдік әдістемелік еңбектердегі пікірлерге теориялық талдау жасау
2) Оқытудың әдіс-тәсілдерінің қалыптасу тарихына шолу жасау
3) Әдебиет сабағында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдерді теориялық және практикалық тұрғыда қарастыру
4) Тиімді әдістердің нәтижелілігін зерттеу
Зерттеу әдістері:
oo Талдау;
oo Жинақтау;
oo Эксперимент;т.б.
Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу жұмысында қарастырылған әдіс-тәсілдерімен болашақ әдебиет пәні оқытушылары танысып, қолдана алады.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы: қазіргі кезде қолданысқа ие жаңа әдіс - тәсілдер мен қалыптасып кеткен әдіс-тәсілдердің нәтижелілігі мен тиімділігі жағынан салыстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жұмыс түсінік хаттан, негізгі және тәжірибелік бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімде оқытудың әдіс - тәсілдері туралы түрлі пікірлерге шолу жасалып, қалыптасу тарихы сараланады; әдебиет сабағында қолданысқа ие жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады. Тәжірибелік бөлімде зерттеу жұмысының өңделген талдауы мен нәтижесі көрініс табады. Жұмысты қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі аяқтайды.
І Негізгі бөлім
0.1 Әдіс - тәсілдер ұғымының қалыптасу тарихы
Метод-әдіс грек тілінде зерттеу, таным тәсілі деген мағынаны білдіреді. Ал әдіс дегеніміз- белгілі белгілі бір мақсатқа жетудің, нақты міндетті шешудің жолы, тәсілі, 1920-1930 жылдардың өзінде пәнді оқытудың әдіс-тәсілдеріне мән беріліп, әдістеме ғылымның маңызы арта түсті.
Қазақ газеті бетінде ұлттың болашағы үшін әдебиеттің қызметі, оны оқып білудің жолдарына ерекше мән берген А. Байтұрсынов : Мынаны естен ешқашан шығаруға болмас, тәуелсіз дербес өмірге өзінің ана тілінде сөйлейтін және төл әдебиеті бар, оны терең танып меңгеруге, білуге талпынатын халық қана таласа алады.-деген көрегендікпен айтқан пікірінің мәні бүгінде құнды. 1930 жылы Ш. Әлжанұлы Кеңес мектептеріндегі оқыту методикасының негізі атты еңбегінде мұғалім бар білімін оңай түрде оқушыларға түсіндіре алмаса, ол білімнен пайда аз. Олай болса тетіктің көбі методта, метод-мұғалімнің қолындағы негізгі қаруының бірі... Сондықтан осы қарумен мектеп құралдануы керек, -деп жазған.
Шын білім тәжірибеде ғана туады. Білім жолының негізі- тәжірибеде болады, жаттап алып білген білім кісіден сұрап киген тон сияқты. Тойда тонымды бер деп шешіп алғандай, жаттап алып білген білім мектептің табалдырығын аттай бере естен шығады да ұмтылады дей келе, зерттеу, тәжірибе, жаңа материалды баяндау білім алудағы ең пәрменді әдістер деп санайды. Әлихан Бөкейханұлы кітаптың білім алудағы маңызын бірінші орынға қояды. Ақыл зерек тексеріп, тергеп, қолмен ұстағаннан қорытынды шығарады. Бұл неше сыннан өтіп, таспадай сыдырылып, таяқтай жанылып білім негізі шығады,- дейді ғалым.
Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді.
XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді.
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар.
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетед
Көрнекті әдіскер-ғалым Әдебиетті оқыту әдістемесі еңбегінде В.Голубков әдебиет сабағындағы негізгі үш түрлі әдісті көрсетеді: 1. Лекциялық әдіс. 2. Баяндау әдісі. 3. Өздік жұмыстарының әдісі. Осы негізгі әдістерді көрсете отырып, автор әрқайсысын жіктеп береді. М.Н. Скаткин : Әдіс дегеніміз- мұғалімнің оқушыны білуге жетелейтін жолы, оның ақыл-ой күшін дамыту жолы,-деп орынды пікір білдіреді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетіне қарай И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин әдістің 5 түріне тоқталып, топтап, жүйелеп ұсынады. [1;36]
1. Түсіндірмелі - иллюстративті әдіс.
2. Репродуктивті әдіс.
3. Проблемалы- түсіндіру, өзекті мәселені мазмұндау.
4. Эвристикалық, ізденушілік әдіс.
5. Зерттеу әдісі.
Ю.К. Бабанский әдістерді топтап беруді ұсынады:
1) Оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру; 2) Осы әрекетке ынталандыру, қызықтыру; 3) Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін тексеру, бақылау.
Әдіскер ғалымдар М.Г. Качурин, В.Ц. Маранцман, Г.Н. Ионин тағы басқалар әдіс-тәсілдерді дамыта отырып, әдебиетті оқытуда өздерінің тиімді әдіс-тәсілдерін жүйелеп көрсетеді: 1) көркемдік интерпретация әдісі; 2) шығармашылық әдіс, бұрынғы білімдерін жаңғырту; 3) ізденім әдісі, жаңа ақпарат алуға қызығушылығын туғызу т.б.
Қазақ әдебиетін оқыту методикасы еңбегіңде әдіскер-зерттеуші А.Көшімбаев әдебиетті оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді осы негізге сүйене отырып талдап көрсетеді. Сабақты оқытудың әдіс-амалдарын түрлендіре отырып өткізу мұғалімнің іс-шеберлігіне байланысты екені айтылады. Әдістердің құрамды бөлігінің бірі- оқушылар мен мұғалім әрекетінің тәсілдері. Зерттеуші ғалым Т.С. Сабыров: Тәсіл амалдардың жиынтығы, оқушылардың таным-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері, білім берудегі мұғалім мен оқушылардың өзара әрекет моделі-деп анықтама береді. Демек, тәсілдер мұғалімнің басшылығымен нақты міндетті шешуге бағытталған әрекет екенін көреміз.
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, әдіскер ұстаз Қ.Бітібаева академик академик Ю.Н. Бабанскийдің Оқу-тәрбие процесін оптималдандыру еңбегіндегі әдістер 3 топқа жинақтап көрсетілгендігін, әр топтың бірнеше оқыту әдістерінен тиімділігін ашып, басшылыққа алады. Әдебиетті оны сабақта пайдаланудың жолдарын нақты мысалдарымен дәлелді көрсетеді. А. Байтұрсынұлы: Әдіс-қажеттіліктен, керекшіліктен шығатын нәрсе. Әдістің жақсы-жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай,-деп текке айтпаса керек. Жалпы білім беру саласында қолданылып келе жатқан педагогикалық оқыту әдістері баршылық. Талдау- баяндау, әңгімелеу, салыстыру, т.б. Эвристикалық оқыту - проблемалық, зерттеу, іздестіру, жоспарлау, дәлелдеу, мәселе қою, шешу, т.б.
0.2 Оқытудың әдістерінің теориялық сипаты және түрлері
Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Әдебиет сабағында қолданылатын әдістер:
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу,кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация.
Оқыту үрдісінде ең көп тараған дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде басқа әдістерге қарағанда жетекші роль атқарады.
Көрнекілік әдістер оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіңдік береді.
Бұған демонстрация, иллюстрация тәсілдері жатады.
Тәжірибелік әдістердің ішінде ең көп қолданылатыны -- жаттығу әдісі.Оқу барысында теориялық ережелер мен қағидаларды қайта пысықтап, тиянақты меңгеру жаттығу арқылы орындалады.
Ауызша жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді.
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес,тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.
Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.[3; 134]
Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін, оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау әдісі кез келген стратегияларға құнды, әрі бағалы. Бұл стратегиялар оқушылардың қызғушылығын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа тірелетін сәттерінен арылтады. Сұрақ қою, ой шақыру, білім көпірі, бес жолды өлең, еркін жазу, білемін, үйренгім келеді, білгім келеді, Венн диаграммасы, пікірталас , болжау, Автор орындығы , топтастыру, т.б, стратегияларын қолдану оқушылардың мотивациясын оятып, ынталандыра түсері сөзсіз. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, түсінігін дамыта түседі, жалықтырмайды.
Қорыта келе осы әдіс-тәсілдерді қолдану нәтижесі:
:: Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
:: Оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
:: Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін ұстартуға;
:: Тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны білу, қарым - қатынас, ойын, танымдық, өзін- өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді.
Ойын - оқыту әдісі
Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды.
Симулятивтік ойындар кезінде оқушылар өз бетімен күрделі мәселелерді шешеді. Бұл ойындар алғаш рет әскери училищелерде кескілескен шайқастарды бейнелеу үшін қолданылған. XX ғасырдың 60 жылдарының басында көптеген елдердің білім беру ұйымдарында іскерлік ойындар қолданыла бастады.
Іскерлік ойындар арқылы бала түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге әзірленеді. Енді отбасындағы өмірді түсінуге көмектесетін іскерлік ойыннан үзінділер келтірейік.
Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың оқушылардың оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыны ңысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады.
Алайда, оқыту әдісін таңдау - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда біржақты асыра сілтеушілікке жол бермеу керек. Әр тақырып оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Соңдықтан, оқытуда әр түрлі әдістерді қолдану қажет.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатына, оқу материалының мазмұны мен көлеміне, оқушылардың дайындық дәрежесіне сәйкес, сабақтың құрылысы мен оқу әдісін ұдайы толықтырып отыруды мұғалім өзі белгілеп, өзі таңдап алады.
Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.
Диалогтік оқыту.Талқылау мен диалог өзінің танымдық әлеуметімен ерекшеленеді . Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастыру ұсынылады. Бұл- мұғалімдердің көпшілігінің түсінігі бойынша , диалог пен ауызекі немесе интерактивті оқытудың арасындағы айырмашылықты логикалық және ұтымды дәлел ретінде қолданылатын диалектика элементі[12; 57б]
0.3 Әдебиет сабағында қолданылатын жаңа әдіс-тәсілдер.
Әдіс - оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе - оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
Тәсіл - оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.
Оқыту тәсілдерінің түрлері:
:: ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;
:: мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;
:: оқушылардың сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;
:: жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару
тәсілдері.
Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің
жүзеге асуына көмектеседі.
Оқыту әдістерінің басты қызметі - оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен болады.
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін болабермейді.
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. Оқыту әдістері: а) ақпарат беру әдісі, ә) түсіндіру әдісі, б) ынталандыру әдісі, в) тәжірибелік әдіс.
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, мұғалімнің тапсырма беруі, оқушылардың тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, мұғалім оқушыларға фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін түсіндірмелі деп атауға болады. Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, (мысалы: мұғалім оқушыларға ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі ақпараттық- хабарлау, немесе оны жай ғана хабарлама әдісі деп атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда оқушылар заттарды бақылап, фактілерді есінде сақтайды, мұғалімнің түсіндіргенін тындайды және ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу әдісі репродуктивтік, дәлірек айтсақ жаңа ережені оқушылар дайын күйінде меңгереді (оқушылар фактілерді талдап, ережелер шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу әдісін шартты түрде орындаушылық деп атаймыз.[17;48 б]
Сондықтан оқушының кітаппен жұмысы оқу әрекетінің тәсілі болып табылады. Егерде оқушы мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен айтса, онда кітаппен жұмыс оқу әдісі болып табылады. Егер монологтық баяндау әдісі қолданылса, онда мұғалім әңгімелейді, ғылымның дайын қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және оқушыларға тапсырмалар береді. Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (оқушылардың белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды.
Әңгіме - оқу материалын ауызша баяндау. А. Байтұрсынов "Сөзден әдемілеп әңгіме шығару өнері үй салу өнеріне ұқсас" дейді. Сөз өнерінің айшықты болуы сөздің дұрыстығына, тілдің анықтығына, дәлдігіне, көркемділігіне, тіл тазалығына байланысты екенін дәлелдеп, алмастыру, кейіптеу, бейнелеу (ұқсату), әсірелеу тәсілдерінің мәнін ашады. Міржақып Дулатов Оқытудың баяндау, әңгіме, түсіндіру әдістеріне ерекше мән беріп, тұрмыс-салтқа, әдет-ғұрыпқа байланысты тақырыптарды әсерлі баяндаудың тәсілдерін көрсетіп берді. Ол "баланы толық жауап беруге әдеттендіру керек", - дейді. Сөйтіп, оқытушы көркемдеп оқытудың жаңаша жолдарын ұсынып, мұғалімдерден соны іс-әрекеттерді талап етеді. "Балалар дұрыс оқи алмай, қиналған жерде мұғалім өзі оқып, көрсету лайық", - дейді.
Сөздік әдісі мектептің барлық сатыларында қолданылып, әңгіменің сипаты, көлемі, ұзақтығы өзгереді. Әңгіме арқылы жаңа білімді хабарлау үшін оған кейбір талаптар қойылады. Олар:
:: әңгіменің оқушылардың адамгершілігіне әсер етуі;
:: әңгімеде дәлелді және ғылыми фактілердің болуы;
:: ой пікірдің дұрыстығын дәлелдейтін жарқын және нанымды мысалдардың, фактілердің жеткіліктілігі;
:: әңгіменің жүйелілігі болуы керек;
:: әңгіменің әсерлілігі;
:: тілінің қарапайымдылығы және түсініктілігі;
:: мұғалімнің фактілер, оқиғаларға берген бағасының болуы.
Түсіндіру - жеке ұғым, құбылыстарды, құралдар, көрнекі құралдардың жұмыс істеу әдіс-тәсілдерін ауызша баяндау. Мысалы, шет тілі сабағында жаңа мәтінді өтер алдында оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы түсіндіріледі. Мұғалім оқушыларға таныс емес құралдарды немесе басқа көрнекі құралдарды сабаққа алып келіп, жаңа материалды түсіндірмес бұрын оларды оқушыларға түсіндіреді.
Түсіндіру әдісі жаңа тақырыпты түсіндіргенде жиі қолданылады, бірақ бекіту кезінде оқушылар білімді дұрыс меңгермегенде де қолданылады.
Түсіндіру әдісіне қойылатын талаптар:
:: сұрақтарды дәл және аңық тұжырымдау;
:: себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру;
:: салыстыру, қатар қою, ұқсату, жарқын мысалдар қолдану;
:: жүйелілік.
Түсіндіру - оқыту әдісі ретінде әр жастағы балалар тобымен жұмыста кең қолданылады. Бірақ орта және жоғары сатыларда оқу материалының күрделеніп, оқушылардың ақыл-ой жұмысының мүмкіндіктері өскенде бұл әдіс кіші жастағы оқушылармен жұмысқа қарағанда көбірек қолданылады.
Әңгімелесу - оқытудың диалогтық әдісі, мұғалім оқушыларға мұқият ойластырылған сұрақтарды жүйелі қою арқылы олардың жаңа оқу материалын меңгеруіне жағдай жасап, бұрын оқылған материалдарды қалай меңгергенін тексереді. Әңгімелесу - дидактикалық әдістің ескі түрі, оны Сократ шебер түрде қолданған, сондықтан әңгімелесу әдісін Сократ әдісі деп атайды.
Оқу материалының мазмұны, оқушылардың шығармашылық танымдық қызметіне қарай дидактикалық процестегі әңгімелесу әдісінің көптеген түрлері бар. Олар: кіріспе, немесе сабақты ұйымдастыратын әңгіме, жаңа білімді қалыптастыру (сократ, эвристикалық), жинақтаушы, жүйелеуші және бекітуші әңгімелер арқылы оқушылардың іс-әрекеттің жаңа түріне, жаңа білімді тануға дайындық деңгейі анықталады.
Әңгімелесу әдісі. Оқушыны жаңа білімді алуға белсене қатыстырып, оны білім алу әдістеріне, мұғалім қойған сұрақтарға өз бетімен жауап беруге үйретеді. Эвристикалық әңгімелесу барысында мұғалім оқушылардың білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, олардың жаңа білімді түсінуін, қорытынды жасауын жеңілдетеді. Бірлескен іс-әрекет арқылы оқушылар өздері еңбектеніп, ойланып жаңа білім алады.
Білімді жинақтайтын, бекітетін әңгіме оқушылардан теориялық білімдерін, оны қолдану тәсілдерін жүйелеуге бағытталған. Оқушы өз білімін жаңа оқу және ғылыми мәселелерді шешуге қолданады.
Әңгімелесу барысында мұғалім сұрақты бір оқушыға (жеке әңгімелесу) немесе барлық сынып оқушыларына (жаппай) қояды. Әңгімелесудің бір түрі - оқушымен әңгімелесу. Оны сыныппен, оқушылардың жеке топтарымен өткізуге болады, әсіресе жоғары сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, сұрақтар қойып, мұғалім ұсынған тақырыпты талқылайды. Әңгімелесудің нәтижесі көп жағдайда сұрақтардың дұрыс қойылуына байланысты.
Әңгімелесу әдісінің артықшылықтары:
:: ес пен тілді дамытуы;
:: оқушылардың оқу-танымдық қызметін белсенді етуі;
:: оқушылардың білімінің белгілі болуы;
:: жақсы диагностикалық құрап;
:: үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің кемшілігі:
:: уақыттың көп кетуі;
:: қауіп элементі бар (оқушы дұрыс жауап бермеуі мүмкін, оны басқа оқушылар естіп, есінде сақтап қалады.
Оқу пікірталастары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет.
Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.
Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.
Кітаппен және оқулықтармен жұмыс - оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
:: конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
:: мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
:: тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
:: цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
:: аннотация -- мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
:: рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
:: справка жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
:: формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
:: тақырыптық тезаурус - бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.[16,20]
Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде бастауыш мектепте қолданылатын, көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, оқушыларға мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау.
Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz