Материалды емес активтер есебі



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Теориялық бөлім

1.1. Материалдық емес активтер мағынасы және оларды тану, бағалау...
1.2. Материалдық емес активтер кірісін құжатпен рәсімдеу ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Материалдық емес активтердің тозуын есептеу және есебі ... ... ... ... ... .
1.4. Материалдық емес активтердің сатылуы және басқа да шығысын
есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.5. Материалдық емес активтер есебін дамыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. Тәжірибелік бөлім

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен «жұтылып» кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда. Осы тұрғыдан алып қарағанда диплом жобасының тақырыбы өзекті болып табылады. Материалдық емес активтер-Қазақстандық бухгалтерлік есептеу әдістемесінің ең бір шешілмеген мәселесі болып отыр деп батыл айтуға болады. Берілген дипломдық жобада материалдық емес активтердің нақты классификациясы мен құрылымы, оның бағалануы берілген, материалдық емес активтер объектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері қаралған. Материалды емес активтерді иемдену сұрақтары, тозуы, есептен шығуы ағымдағы заң жобаларымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, материалды емес активтердің бухгалтерлік есебі мен аудитіне де көңіл бөлінген. Жобада шаруашылық жұмыстарының жиынтығы болып көрінетін бухгалтерлік есептер берілген. Қосымша беттерде материалды емес активтердің есебін жүргізуді қажет ететін құжаттар ұсынылғын. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Материалды емес активтер отандық бухгалтерлік тәжірибеде 1988 жылдың мамыр айында пайда болды. Бірақ, тек шетелдік кәсіпорындармен біріккен кәсіпорындар үшін. 1990 жылдың шілде айында материалды емес активтерді бухгалтерлік есепте қолдану акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге де рұқсат етілді. Бұл енгізілген жаңалық СССР-дің жаңа заңында материалды емес меншіктердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу қаралғандықтан ұйымдастырылды. Бұған дейін, тіпті ЭЕМ-ға арналған машиналардың өзі негізгі құралдар- электронды есептеуіш машиналар құрамында болды.
Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2050» атты халыққа жолдауында еліміздің экономикасының өркендеуіне көп көңіл аударып отыр, бұл алдағы отыздан астам жыл ішіндегі алға қойған мақсат. Елімізде жаңа өмір басталып, оңды экономикалық саясат, озық Кәсіпорындық сана деңгейіне көтеріліп, жан – жақты өркендеп, ғылыми – техникалық прогресті барынша дамытып, Кәсіпорынның сапалық жаңа экономикалық типіне көшу кезінде нақты мәліметтер қажет. Нақты мәлімет экономикалық өсу кепілі ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік дамудың, еліміздің халықаралық қауымдастыққа енуіміздің нышаны.
Нарықтық қатынастардың даму салдарынан кәсіпорын мұлкінің есебін жүргізумен қоса материалды емес активтердің есебін жүргізу енгізілді. Материалды емес активтердің есебін жүргізу табиғи және заттай үлгілердің есебінен жүргізілмейді.
1. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы.- Алматы: Қаржы, 2012.- 245б
2. Бетге Й. Балансоведение.- М: 2010.- 240б
3. К.Ә. Китебаева. Қаржылық есеп-1. – Қарағанды: ҚЭУ,2012- 130б
4. Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. Қаржылық есеп – Алматы: Экономика, 2005- 320б
5. Толмаков Ж.Е. «Бухгалтерлік есеп», Қарағанды 2010 ж.
6. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» ҚР Заңы 28.02.2007ж
7. Гетьман В.Г. Қаржылық есеп. - М., 2004.
8. Ержанов М.С. Нурумов А.А. «Қазақстан кәсіпорындарына қаржылық есептілік».
9. Назарова В.Л. Шаруашылық субъектілердің бухгалтерлік есебі. Алматы, "Экономика" 2005г.
10. Султанова Б.Б. Бухгалтерлік есеп негіздері. Оқу құралы. Экономика Алматы: 2009.
11. Кеулімжаев Қ. К. Финансовая отчетность. Учебное пособие.Алматы, 2009.-264с.
12. Ержанов М.С., Нурумов А.А. Финансовая отчетность казахстанских предприятий: Учебное пособие.-Алматы: Экономика, 2007 – 180с.
13. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности. Алматы:Экономика, 2009.
14. Николаева О.Е., Шишкова Т.В. Классический упарвленческий учет. М.:Издательство ЛКИ,2010.-400с.
15. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары, ҚР қаржы министрлігімен бекітілген. 23.05.2007 ж. № 185

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Теориялық бөлім

1.1. Материалдық емес активтер мағынасы және оларды тану, бағалау...
1.2. Материалдық емес активтер кірісін құжатпен рәсімдеу ... ... ... ... ... ... ..
1.3. Материалдық емес активтердің тозуын есептеу және есебі ... ... ... ... ... .
1.4. Материалдық емес активтердің сатылуы және басқа да шығысын
есепке алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.5. Материалдық емес активтер есебін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..

1. Тәжірибелік бөлім

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда кәсіпорындардың меншігіндегі материалды емес активтердің рөлі біртіндеп артылып келеді. Бұл құбылысқа бір кәсіпорынның келесі бір кәсіпорынмен жұтылып кетуі, технологиялық өзгерістердің масштабтары мен жылдамдығымен, ақпараттық технологияның таралуымен Қазақстанның қаржы нарығының интеграциясы мен қиындауы әсер етсе керек. Әдіс сұрақтары мен иеліктердің берілген түрлерінің есебін ұйымдастыру бүкіл әлемде қызу талқылануда. Осы тұрғыдан алып қарағанда диплом жобасының тақырыбы өзекті болып табылады. Материалдық емес активтер-Қазақстандық бухгалтерлік есептеу әдістемесінің ең бір шешілмеген мәселесі болып отыр деп батыл айтуға болады. Берілген дипломдық жобада материалдық емес активтердің нақты классификациясы мен құрылымы, оның бағалануы берілген, материалдық емес активтер объектілерінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастырудың ерекшеліктері қаралған. Материалды емес активтерді иемдену сұрақтары, тозуы, есептен шығуы ағымдағы заң жобаларымен тығыз байланысты. Сонымен қатар, материалды емес активтердің бухгалтерлік есебі мен аудитіне де көңіл бөлінген. Жобада шаруашылық жұмыстарының жиынтығы болып көрінетін бухгалтерлік есептер берілген. Қосымша беттерде материалды емес активтердің есебін жүргізуді қажет ететін құжаттар ұсынылғын. Жұмыс соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген. Материалды емес активтер отандық бухгалтерлік тәжірибеде 1988 жылдың мамыр айында пайда болды. Бірақ, тек шетелдік кәсіпорындармен біріккен кәсіпорындар үшін. 1990 жылдың шілде айында материалды емес активтерді бухгалтерлік есепте қолдану акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге де рұқсат етілді. Бұл енгізілген жаңалық СССР-дің жаңа заңында материалды емес меншіктердің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу қаралғандықтан ұйымдастырылды. Бұған дейін, тіпті ЭЕМ-ға арналған машиналардың өзі негізгі құралдар- электронды есептеуіш машиналар құрамында болды.
Қазақстан Республикасының елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан- 2050 атты халыққа жолдауында еліміздің экономикасының өркендеуіне көп көңіл аударып отыр, бұл алдағы отыздан астам жыл ішіндегі алға қойған мақсат. Елімізде жаңа өмір басталып, оңды экономикалық саясат, озық Кәсіпорындық сана деңгейіне көтеріліп, жан - жақты өркендеп, ғылыми - техникалық прогресті барынша дамытып, Кәсіпорынның сапалық жаңа экономикалық типіне көшу кезінде нақты мәліметтер қажет. Нақты мәлімет экономикалық өсу кепілі ғана емес, сонымен қоса әлеуметтік дамудың, еліміздің халықаралық қауымдастыққа енуіміздің нышаны.
Нарықтық қатынастардың даму салдарынан кәсіпорын мұлкінің есебін жүргізумен қоса материалды емес активтердің есебін жүргізу енгізілді. Материалды емес активтердің есебін жүргізу табиғи және заттай үлгілердің есебінен жүргізілмейді.

Соңғы деректерге сүйенсек, материалды емес активтер кәсіпорын табыстылығын қамтамасыз ететін көрсеткіштерге жатпайды, кейбір көрсеткіштер классикалық белгісі, яғни заттық құрылымы болмаса да табыстылықтың негізі бола алады.
Егер де батыс елдерінің деректеріне сүйенсек, онда көптеген елдерде нарықтық экономикаға жататын материалды емес активтер,яғни ішкі айналым активтері болып саналады деген теңестірулері жақын келгенімен олардың мекеме баланысына келіп түсуі, бағалау, амортизациясы шешілмеген мәселеге жатады.
Материалдық емес активтер бүгінгі күнгі бухгалтерлік есептегі қазақстандық әдістемелер қолданудың өзекті мәселесі. Осы саладағы есепшінің тәжірибелік қызметін төмендегі екі мәселе қиындатады:
- Бухгалтерлік есептің кейбір әдіс тәсілдерінің толық меңгерілмеуі. Бухгалтерлік есеп әдістемесінің заң түрінде немесе экономикалық маңызы бар операциялармен байланысының және қатынас концепциясының негізі қарастырылмағандықтан;
- Қарапайым қарама қайшы келуі, кейбір актілердің заңға сәйкес келмеуі, заңнамаларға қайшы келуі.
Кәсіпорыннның шаруашылық қаржылық қызметтерін дамыту шараларына материалды емес активтер тікелей әсер етеді. Материалдық емес активтер құрылымын, қамтамасыз етілуін және де тиімді қолдану жүйесін енгізуді талап етеді.Нарық жағдайында материалды емес активтер есебінің ролі мен оны дұрыс ұйымдастыру маңызы артады, оның есеп әдісін жетілдіруге көңіл бөлініп, материалды емес активтер қолдану тиімділігін терең экономикалық талдау жүргізу теориясы мен тәжірибеде дамыту алға қойылады. Сонымен қоса, күні бүгінге дейін материалды емес активтер есебін ұйымдастырудың нақты теориялық және практикалық жолдары анықталмаған. Материалды емес активтер тиімді қолдану теориясы мен оларды бағалау әдістері бекітілмеген. Осы уақытқа дейін зерттелген қағидалар бір біріне қайшы, көрсеткіштері талданбаған. Сондықтан да осы саланы терең зерттеуді талап етеді.Бұл тақырыпты зерттеуді материалды емес активтерді қолданудың тиімді жолдарын анықтаудан ғана емес, көрсеткіштік мәліметтерін талдаудан, бір біріне қатынасын анықтаудан бастау керек.
Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және Кәсіпорындық өмірінде өтіп жатқан іргелі өзгерістер кәсіпорындардың шаруашылық іскерліктің жаңа жолдарын қарастырумен қатар, экономикалық тиімділікті қамтамасыз етуде бірқатар маңызды мәселелердің шешімін табуын талап етеді. Бухгалтерлік есепті Ұлттық стандарттар мен бухгалтерлік есептің Бас шоттар жоспарын жасау және ендіру жолымен қайта құруы, алғашқы рет отандық бухгалтерияның тарихында материалды-заттық мазмұны жоқ объектілерді белгілеу үшін, материалды емес активтер түсінігі қалыптасты. Материалды емес активтер есебі 38 стандартына сәйкес материалды емес активтер - бұл физикалық мәні жоқ, өндірісте немесе дайын өнімді сатуда, әкімшілік мақсатта және басқа ұйымға жалға беруге ұзақ уақыт пайдалануына арналған ақшалай емес активтер
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және т.б.
Курстық жұмыстың мақсаты:
oo материалдық емес активтердің мағынасы;
oo материалдық емес активтердің жіктелуі мен бағалануы;
oo материалдық емес активтердің тозуы, бухгалтерлік есеп шотта бейнеленуін толықтай сипаттап көрсету.
oo Оның болашақта дамыту жолдарын қарастыру
Курстық жұмыстың міндеті:
- материалды емес активтердің экономикалық мақмұнын ашу, теориялық қағидаға негіздеу, жан-жақты сипаттау, материалды емес активтерді бағалау әдістеріне талдау жасау, ғылыми негізде жіктеу;
- материалды емес активтердің негізгі белгілері мен тиімді көрсеткіштерін анықтау, материалды емес активтердің құрылымын аналитикалық тестілеу, даму динамикасынын сипаттау;

1. Теориялық бөлім

1.1. Материалдық емес активтер мағынасы және оларды тану, бағалау

Қазіргі таңда қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес (№38 ХҚЕС) материалдық емес активтер -- бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес активтер- нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал-жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін байымдап ақыл-парасатпен анықтау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін -- дискетте, фильм - лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) -- қағазда болады, бірақ дискет те, лента да, қағаз да ез кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Бұған қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердің де есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау сияқты аспектілері өте күрделі болып саналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтің қатарына Гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді.
Материалдық емес активтер- табиғи натуралды нысандар, бірақ материалдық емес құндылықпен үлестірілген және осының күшімен субъектіге, ұзақ мерзім аралығында немесе әрқашан, қосымша кіріс әкелетін активтер. Сонымен қоса, материалдық емес активтер иеліктен айыру мүмкіндіктерін иеленуі қажет. Материалдық емес активтерге тауарлық нышандар, даму тауарларының тіркелген орындары, фирма құны (гудвилл), ноу-хау, өнеркәсіп үлгілері және патенттер, лицензиялар, интелектуалды меншік, ұйымдық шығыстар, табиғи ресурстарды қолдану құқығы, ЭЕМ-ді қамтамасыз ету бағдарламасы және тағы басқа жатады. Мүліктегі субъектінің материалдық емес активтерінің үлесі және мағынасының дамуы, техниканың және технологияның дамуымен, ақпараттардың таратылуымен, экономикалық қатынастардың дамуымен үлкейеді. Қазақстан Республикасының іс- әрекет ететін заңдылығына сәйкес материалдық емес активтер келесі тәртіпте бағаланады:
- дамытылған кәсіпорынның жарғы капиталына құрылтайшылармен олардың салым шотына енгізілген- екі жақтық келісім бойынша. Осыдан салымның бағалануы тәуелсіз аудитормен тұжырымдалуы керек;
- осы объектілердің дайындық жағдайына келтіру және иеленуі бойынша нақты келтірілген шығыстарды ескере- басқа кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың төлемімен иеленген;
- келісім бағасы бойынша немесе эксперттік жолмен- қайтарымсыз алынған.
Материалдық емес активтердің әр түрлі мазмұндарын қарастырайық.
Ноу-хау- өндірістік тәжірибе, дағдылар және тағы басқа құжаттама түрінде тұлғаланған, халықаралық қатынастар арасында техникалық білімді анықтау үшін қолданылатын термин. Ноу-хау сөзін кең мағынада алғанда - өндірістің сол және басқа да түрін ұйымдастыру үшін қажет ететін, бірақ та потенттелген емес түрінде безендірілген, өндірістік тәжірибе мен дағдылар, техникалық құжаттар түрінде рәсімделген, коммерциялық, техникалық және басқа да білімдердің жиынтығы.
Өндірістік ақпараттың қолдану құқығының есебі. Материалдық емес активтердің осы түріне белгілі бір уақыт ішінде табыс әкелу мүмкіндігі бар немесе субъектінің оның құрылымына кеткен шығындары, белгілі бір уақыт аралығында оған табыс әкелуге дайын кіріс жатады. Мысалы, шет елдегі және ел ішіндегі субъект өнімдерін әлеуетті тұтынушылар туралы банк мәліметтері, қызмет және материалдар, шикізатты жеткізушілер туралы, бәсекелестер туралы және т.б.
Ұйымдық шығындар. Акционерлі немесе бірлескен кәсіпорындарды дамыту кезеңінде пайда болатын шығындар ұйымдыққа жатады. Осындай шығындарға банктік шоттарды ашу, құжаттарды дайындау, кәсіпорынды тіркеу шығындары, кеңесшілерге төлеу, жарнама шығындары жатады.
ЭЕМ-ның қамтамасыз ету бағдарламасы. ЭЕМ- ның қамтамасыз ету бағдарламасы деп- белгілі бір уақыт аралығында оған табыс әкелуге дайын кіріс және кәсіпорын мен сатып алынған, осы бағдарламаны пайдалану үшін қажет ететін бағдарлама құжаттарын және мәліметтерді өндіру жүйе- жиынтығын түсінеміз.
Сатып алынған табиғи ресурстарды қолдану құқығы. Шет елдегі және ел ішіндегі кәсіпорындарды дамыту кезінде, табиғи ресурстарды сатып алған, қолдану құқығы қажеттілігі (пайдалы қазбаларды, өндіру құқығы, орманды қолдану құқығы, ішкі сулардағы балықтарды аулау және басқалары).
Қызмет көрсету белгілері және қызмет көрсету және тауар белгілері. Қызмет көрсету белгілері және қызмет көрсету және тауар белгілері басқа заңды немесе жеке тұлғалардың бірегейлі тауарларынан тауар және қызметтерді айыру мүмкіндігін белгілеу деп санайды. Тауар белгісінің құқығы заңмен қолданады, егер кәсіптік іс жүргізетін, ол заңды немесе жеке тұлғаның атында тіркелсе, онда ол тіркелген деп саналады. Қызмет ету көлемі бойынша:
- негізгі- мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен шұғылданатындарға, егер де олардың қызметі бір тұтас технологиялық кешенге кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен шұғылданатындарға да беріледі;
- бір жолғы- белгілі бір шаруашылық операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе салығын алуға беріледі;
-операциондық- валюталық құндылықтарды пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау үшін беріледі.
Патенттер. Патент деп өнертабысты техникалық шешімін ,мемлекеттік растауын және сол адамға бекітілуін куәландыратын құжат, мақтау қағазы куәлік деп түсіндіріледі. Патенттің амалы оның берілген мемлекет территориясын да таратылады. Патент амалының мерзімі ұлттық заңдылық пен орнатылады. Сонымен бірге, патент деп- қандай да бір саудамен тауарды сатып алу ісінің құқығын куәландыратын құжат түсіндіріледі.
Лицензия- сыртқы тауар операцияларын жүргізуге компетентті мемлекеттік органдарымен берілетін шешім және т.б. Лицензиялау көмегімен экспорт пен импортқа және бір кезде валюталық қаражат шығыстарынан мемлекеттік бақылау жүргізіледі.
Гудвилл немесе фирма құны. Осы материалды емес активтердің түрі іс-әрекет жасайтын кәсіпорынды немесе олардың құрылымдық бөлімшелерін сатып алу кезінде дамиды. Осындай кәсіпорындар нарықтық қатынастар кезіндегі олардың баланстық құны бойынша емес, кәсіпорынның табыстық жағдайына, оның нарықта өндіретін өнімін және басқа да факторларын көздей отырып сатылады - сатып алынады. Сатып алу құнының баланс бойынша активтер сомасынан асып түсуі- оның фирма бағасын құрайды.
Интелектуалды меншік. Интелектуалды меншік түсінігі үнтаспа, орындаушы- әртістер, радио және теледидар бағдарламалары, патентті құқық және ойластыру, ғылими ашылу, өндірістік үлгілер құқық, тауар белілер, фирмалық атау және коммерциялық мағына, қажет емес бәсекелестер, сонымен қатар өндіру, ғылым, әдебиеттер, өнерге және басқада құқық ісіне қатысты авторлық құқықтарын, құқықтарын қамтиды.
Қазіргі таңда интелектуалды меншікті таратушы - жеке азаматтардың интелектуалды меншікті кәсіпорын жарғы қорына салымдар жиі жүзеге асуда.
Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады (есепкетіркеледі). Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардың бағасы да халық үшін қолайлы болады.
Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.
Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі бойынша анықтайды.
Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастапқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.
Материалдық емес активтердің бар болу және айналым есебі Материалдық емес активтер 2700 бөлімше шоттарында жүргізіледі:
- 2710 Гудвилл;
- 2720 Гудвиллдің құнсыздануы;
- 2730 Өзге материалдық емес активтер;
- 2740 Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы
oo 2750 Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан залал
Материалдық емес активтер алғашқы құн бойынша осы шоттарда есептеледі.
Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т.б.
Егер де материалдық емес активтер бартерлік (айырбас) негізде алынса, онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезеңдік шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтерінің тап осы түрінің құны бойынша танылады.

1.2. Материалдық емес активтер кірісін құжатпен рәсімдеу

Материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы Материалдық емес активтерді қабылдау- босату актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтері көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП СЧЕТТАРЫН КЛАССИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БҰЛАРДЫҢ ЖОСПАРЫ
«Материалдық емес активтердің есебі мен аудиты»
Бухгалтерлік есеп теориясындағы материалды емес активтердің есебі
Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға
Материалды емес активтерге меншіктік құқық
«Green House» ЖШС-тің өндірістік шаруашылық қызметі
«РПК Бектау» ЖШС-нің шаруашылық - қаржылық қызметі
Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру құрылымы
Кәсіпорындағы материалдық емес активтер есебі, істен шығару себептері және құжаттарын дайындау
Материалдық емес активтердің есебі (ҚЕХС 38)
Пәндер