Ақша қаражаттарының қолдану тәсілдері



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ...5
1.1Есеп айырысу нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2Кассадағы қолма.қол ақшаныц есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма.кол ақшаның есебі ... ... ... ...16


II. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... 18
2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма.қол ақшаның есебі ... ... ... .18
2.2Валюта шотындагы қолма.қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25


III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫЛЫСУ ШОТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3.1Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу ... ... ... ... ... ... 33
3.2Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу ... ... ..39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбын тандаған себебім, үйткені Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизімінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы- нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшелікткрін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудын әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер жүйесінде басты орындардың бірін алатын “Қаржы” курсында қоғамның өндірістік қатынастарының еркшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдар құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы болып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.
Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
“Қаржы”- арнаулы пән және қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін бұл курстың мақсаты- қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы мен орнын біліп алудағы студенттердің теориялық және практикалық жағынан әзірлігін қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастырудың нысандарының өзара іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық
1. Сейітқасымов Ғ. «Ақша, несие, банктер» Алматы 2001жыл.
2. Көшенова Б. «Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» Алматы 2000 жыл.
3. Қазақстан Республикасының банктер және банк мекемелері.
Негізгі заң актілері. Алматы 2003 жыл.
4. Жүнісов Б. «Нарықтық экономика негіздері» Алматы 1994 жыл.
5. Назарбаев Н. «Қазақстан-2030» Алматы 1997жыл.
6. Кушербаев Б. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу» Қарағанды 2002жыл.
7. Мақышев С. «Қазіргі несиелік механизм және оны жетілдіру жолдары» Алматы 1999 жыл.
8. Мамыров Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар» Алматы 1998 жыл.
9. Бас редакторы: Қабдиев Д. «Экономикалық саясат» Алматы 2002 жыл.
10. Финансовое право – Найманбаева С.С. Астана 2005.
11. ҚР салық кодексі.
12. ҚР «жол қоры» туралы зањы.
13. Положение о государственном фонде занятости населения РК.
14. Положение о страховых медицинских организациях.
15. Положение о порядке уплаты страховых взносов в Государстенные и территориальный фонды обязательного медицинского страхования.
16. Закон РК «О кредитных бюро и формировании кредитных историй в РК» Алматы 2004.
17. Закон РК «Об инвестиционном фонде Казахстана» Алматы 2004.
18. Нормативные акты по финансам, налогам, страхованию.
19. Указ Президента РК "О неотложных мерах по сохранению научно-технического потенциала РК" .
20. Указ Президента РК "О разработке и внедрении внебюджетных форм инвестирования жилищного строительства" .
21. Государственный закон РК «О тарифах страховых взносов в Пенсионный Фонд РК, Фонд социального страхования РК, Государственный фонд занятости населения РК и в фонды обязательного медицинского страхования на 2004 год».
22. Финансы / под ред. А.М. Ковалевой - М.: Финансы и статистика - 1998 г.
23. Финансы / под ред. В.М. Родионовой - М.: Финансы и статистика - 1993 г.
24. Выбор невелик, да медлить не велит // Экономика и жизнь.- 1998.-№46.-С3.
25. О размере пени за несвоевременную уплату налогов, поступающих в дорожные фонды, физическими и юридическими лицами. //Экономика и жизнь.-1999.-№7.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ----------------------------------- ---------------------------------
------------------3

I. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ -----------5
1.1Есеп айырысу нысандары ----------------------------------- ---------------
----------------5
1.2Кассадағы қолма-қол ақшаныц есебі ----------------------------------- ----
-----------11
1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма-кол ақшаның есебі -------------
--16

II. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ ----------------18
2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі ------------
-18
2.2Валюта шотындагы қолма-қол ақшаның есебі --------------------------------
------25

III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАМЫЗДЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫЛЫСУ ШОТТАРЫ ---------------------
----------------------------------- --------------------33
3.1Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу --------------------
----33
3.2Ақша қаржысы, құнды қағаздар, есеп берудің бланкілерін түгелдеу ---------
-39

ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- -------------------------------
--------------41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ----------------------------------- ---------------
-42

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбын тандаған себебім, үйткені Нарықтық
қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизімінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы- нарықтық қатынастардың
құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтік- экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет
етуінің ерекшелікткрін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды
пайдаланудын әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Негізінен теориялық курс болып табылатын және экономикалық пәндер
жүйесінде басты орындардың бірін алатын “Қаржы” курсында қоғамның
өндірістік қатынастарының еркшеліктері, шаруашылық және әлеуметтік ғылымдар
құрамдастарының аса маңыздыларының бірі қаржы туралы ғылым зерделенеді.
Қаржы туралы ғылым оқу курсы ретіндегі “Қаржының” теориялық базасы
болып табылатын экономикалық теорияның негіздеріне сүйенеді. Ол тауар-ақша
қатынастары, қаржы ресурстарының басты көзі болып табылатын ұлттық табыс
туралы және мемлекеттің табиғаты мен функциялары туралы ілімге негізделеді.

Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің
негізгі әдісі- материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол
нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын
олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.
“Қаржы”- арнаулы пән және қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін
бұл курстың мақсаты- қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып
алудағы, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы
мен орнын біліп алудағы студенттердің теориялық және практикалық жағынан
әзірлігін қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастырудың нысандарының
өзара іс-әрекетін және оны қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының
нақтылы жағдайларында қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу пәннің
міндеті болып табылады.

I. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Есеп айырысу нысандары.

Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі
мекемелерінін, тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша
Төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда
Казақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен
белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды
түлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК)
асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл
келтірілген мәлімет занды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,
келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы
көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы
керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-
тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу
үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк
шоттары — бұл банк мен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ
олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ, заңды тұлғаның оқшаланған
бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін
субъектіге арнап ағымдағы (есеп айьрысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы
экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект
үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және
басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті
операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен
шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға
соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген
заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе,
субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге
асыруда келесі әдістерді: қолма-кол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы
ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері
арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі
шоттарын аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын
ұсынуды республиканың заң актілермен белгіленген басқа да әдістерін
пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель
тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде
анықтайды, сондай-ақылардың арасында болатын талаптары мен міндетгемелерді
эачетқа да жатқыза алады.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда
көрсетілген сомманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет
көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп
айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған
кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем
гапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі
бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары жөне төлемдердің мақсатын
бастайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып
берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке
алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында каражат болғанда
ғана орындауға қабьлданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз
түрінде де ұсынуы мүмкін. Бұл кұжаттардың данасын әр бір банк өздері дербес
анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте
толтырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал
екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге кол қойылып, штамп басылып
айтарылады. Төлем тапсырманың нысаны 201 бетте келтірілген.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері)
көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
- жеке теңестірілген немесе тендестірілген (вденгафикацияланған) коды (ЖТК
немесе ИИК)
- жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердіц коды (ЖК немесе
КОд) — бұл кодтар екі символдан (белгілерен) тұрады: біріншісі —
резидентгік үлгісін, ал екіншісі — экономиканың секторына көрсетеді;
- бенефициар — аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы — банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі — бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша
кұажатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
- жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентифшацияланган)
банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) - филиаларалық айналымдарының коды (ФАК
немесе МФО);
- төлем арналымының коды — ҚР ҮБ нормативтік-құкықтық актісімен
белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық
белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
- бюджеттік классификацшсының (жіктемесініц) коды — салықтарды кері
қайтаруда қойылатын код;
- валюттелген күні — ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік
шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.
Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұксат етілмейді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша
төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге
қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.
Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстык
төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар
үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара
төлемдері.
Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық
қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп
жасалуы керек.
Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы,
іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы
төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін,
сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан
банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаған қаражат алушылардың тізбесі
қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны керсетіледі.
Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша
барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем
құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.
Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі
болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру
жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай
міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін
жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны
алатын кезде ғана болады. Чектер жабылатын және жабылмайтын болып
бөлінеді. Біріншісі - депозитгермен қамтылған, ал екіншісі - қамтылмаған
болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің
кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті
колданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті
қолдану туралы жасалған келісім-шарттын негізінен шығады, яғни бұл келісім-
шартта, банк өз клиентгеріне чек берушіге (заңды және жеке түлға) чегін
төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз
кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін
сактауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған
кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем
құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қодтарында
кітапша иесінің мөрінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып
қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті
толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде
киғашынан "бүлінген" деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша
иесінің қолы қойылады.

Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге
қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке
ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі,
жазылған күнін есептемегенде, әдетге, 10 күннен аспайды.
Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына
болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:
- егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
- чектің мерзімі өтіп кетсе;
- төлем кұжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе
түзетулер бар болса);
- чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
- чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен
кем болмауы керек);
- чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
- чектегі қойылған қолда үлгі ретінде кабылданған құжаттардағы қолымен
сәйкес келмесе;
- чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
- чектің басқа да дефектілері бар болса.
Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің
дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға
хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай
дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:
біріншісі — банкте қалса;
екіншісі — көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;
үшіншісі — Клирингтік палатаға беріледі;
төртіншісі— чекті беруші банкке беріледі.
Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті
беруші банкке қайтарылады.

1.2 Кассадағы қолма-қол ақшаныц есебі.
Ақша каражатгарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші
субъектінің кассасы болады.
Кассир - материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу
тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық болып жеке
дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа
да төлемдерді беру үшін субъекті басшысынын жазбаша бұйрығы бойынша басқа
адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара
жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 45- "Кассадағы қолма-қол ақша" бөлімшесінің
активті жинақтаушы шоттарында:
451- "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша және 452
"Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоттарында
жүргізіледі.
"Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның" есебі Қазақстан
Республикасының Ұлтгық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу
тәртібіне сәйкес жүргізіледі (24 БЕС).
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады,
оған бас бухгалтер мен кассир кол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе
занды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны кабылдағаны
туралы түбіртек (квитанция) (ордердің қиынды бөлігі) беріледі. Төлемдерге
ақшаны қабылдаған кезде кассир "Төлем таңбаларын аныктау тәртібін"
басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге сомасы жазумен
жазылып, тиын сандармен (цифрмен) жазылады. Толтырылған кассалық кіріс
ордері төменде келтіріліп отыр.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас
бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша
беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттармен рәсімделеді.
Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының
рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол коюы міндетті емес. Жекелеген
адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының
төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы
мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетеді. Алушы касса
ордеріне кол қояды және алған сомасын: теңгені - жазумен, тиынды -
сандармен көрсетеді. Толтырылған кассалық шығыс орден жоғарыда келтірілді.
Сенімхат бойынша берілген акша жағдайында касса шығыс ордерінде ақшаны
алуға сенім білдірілген адамның тегі, аты мен әкесінің аты көрсетіледі.
Егер ақша төлем тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге:
"Сенімхат бойынша" деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне
немесе ведомостқа (төлем тізімдемесіне) қоса тіркейді.
Кіріс және шығыс касса ордерлері мен оның орнына жүретін кұжаттарды
бухгалтерия дәл әрі айқын етіп сиямен немесе түтікше қаламмен жазып береді.
Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар
төлем тізімдемесі (ведомосы) бойынша таратылады, оның қас бетінде (титул)
ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы керсетіледі және оған басшы мен
бас бухгалтер қол қояды.
Банктен ақша алғаннан кейін үш күн өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне
еңбек ақысы бойынша тиесілі сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің тұсына
мөртабан соғады немесе "Депозитке салынды" деп қолымен жазып белгі соғады,
берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты
төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер
төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын болса, төлем
тізімдемесінде: "Тізімдеме бойынша ақша таратқан (қолы)" деген жазу
жазылады. Толтырылған төлем тізімдемесі 222 б. келтіріліп отыр. Касса
ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жазылған касса ордерлері немесе олардың орнына жүретін құжаттар кіріс және
шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі, ол кіріс және шығыс
касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және
шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен және жұмсалған
ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іс сапарға төленген және басқа
да шығыстар) нысаналы максаты көрсетіледі. Егер ақша қаражатгарының
нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс
және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырылған
күні, нөмірі мен сомасы керсетіледі.
Касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен беру тек олардың рәсімдеген
күнінде ғана жүргізіледі. Ордерді алған кассир басшы мен бас бухгалтердің
қолдарын; олардың дұрыс рәсімделуін; ордерлерде көрсетілген қосымшалардың
болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерге
кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады
немесе жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып " Алынды" немесе
"Төлеңді" деп белгі соғады. Касса операцияларының есебін кассир Касса
кітабында (ү. №КО-4) жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі
салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып
куәландырады.
Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардын бірін (көлбеу
сызықпен) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта калады;
екіншісі (келбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін
толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып
табылады. Касса операцияларының жазбалары парактың жыртпалы емес бөлігінің
бет жағанан ("Басталған күніне дейінгі қалдығы" деген жолдан кейін)
басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай
келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін
жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып,
парақтың жыртылмайтын бөігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды
одан әрі жалғастырады.
Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды.
"Соның ішінде жалақыға" деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен
шығарьылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да
керсетіледі.
Касса операциялары шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы
мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені
жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы (кіріс,
шығыс) көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген
ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен
ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир
мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.
Кассирдің есебіңце корреспонденцияланатын шоттарға белгі жасалады, содан
соң оның деректері 451 — "Кассадағы ұлтгық валюта түріндегі қолма-қол ақша"
шотының дебеті мен кредиті бойьшша машинаграммаға немесе есеп регистрлеріне
көшіріледі.
Касса бойынша операциялардың, яғни 451 шоттың кредиті мен дебеті есебін
кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебішң түсуше
қарай жүргізіледі. Бірынғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары
біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жүлдызына
регистрлердегі калдық шығарылады, ол кассирдің, есебше және Бас кітаптағы
451 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.
Кассаға ақша кірістелген кезде 451 - "Кассадағы ұлттық валюта түріндегі
қолма-қол ақша" шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
441- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты— кассаға есеп айырысу
шотынан алынған сомаға;
333- "Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары" қызметкерлердің
есебіндегі сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар, талан-таражға түскен
сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;
701- "Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс", 702
- "Сатып алынған тауарларды сатудан түскен табыс", 709 - "Басқа табыстар"
шоттары материалдар, жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшамен есеп
айырысқан кезінде.
Кассадан ақша берілген кезде 451-шоты кредиттеледі және мына төмендегі
шоттары дебеттеледі:
681- "Персоналдармен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу" шоты — кәсіпорын
қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына;
333- "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары" шоты — кәсіпорын
қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;
441- "Есеп айырысу шотындағы нақты ақша" шоты — көсіпорынның есеп
айырысу шотына өткізілген, депозитке салынған жалақы жөне басқа да
түсімнің

1.3Кассадағы шетелдік валюта туріндегі қолма-кол ақшаның есебі.
Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 452-
"Кассадағы шетедік валюта түріңдеп қолма-қол ақша" шотын ашады. Валюта
касасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұксас жүргізіледі, тек
оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлеріне, касса
кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге
айналдырылған түрінде көрсетіледі.
Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен
көлемде жүргізілген кезде жеке машинаграммалардың және басқа да есеп
регистрлерінің жүргізшуі мүмкін.
Валюта түскен кезде 452-шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар
кредиттеледі:
431-"Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-кол акша" шоты — валюта шотынан
валюта түскен кезде;
301- "Алынуға тиісті қарыздар" шоты — кассаға алынған валюта түсімінің
сомасына;
725- "Бағам айырмашылығынан түскен табыс" шоты — тиісті шетел валюталарына
қатысты теңге бағамының кұлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының
сомасына;
333-"Қызметкерлер мен баска да адамдардың қарыздары" шоты — есеп беретін
адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.
Валюта кассасынан валюта берген кезде — 452-шот кредиттеледі және мына
төмендегі шоттардебеттеледі:
333- "Қызметкерлер мен басқа да адамдардың карыздары" шоты — есебіне
берілген шетел валютасының сомасына;
431- "Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол акша" шоты - валюта шотына
өткізілген валюта сомасына;
844 - "Бағам айырмашылығы бойынша шығыстар" шоты — тиісті валюталарға
қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары
сомасына.

II. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ
2.1Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.
Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда көсіпорындарының ерекшелігіне
байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша
каражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін
жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады.
№1034 6 тамызда шыкқан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына
сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші
субъектілердің (әсіресе, сауда және қызмет көрсететін кәсіпорындар) Ережесі
бекітілген. Аталған ережеде тыншылык, жадысы бар бақылаушы кассалық
машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.
ТЖБКМ көмегімен есептеуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші
субъектілер тауарын сатып алушыларға бақылаушы-кассалық машинаның чегін
беруге міндетті, өйткені ол сатушы мен сатып алушының арасындағы алып-сату
келісім-шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуын куаттайды.

Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді.
Оны тірекуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды
тұлғаның мемлекеттік тіркеуден еткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ
(бақылаушы-кассалық машина) паспорты; қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы
т.б. Арыздың нысаны төменде келтірілген. Салық органдары арыз бланкісінің
дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін
тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану
мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салык.
органының екілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға
пароль енізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен
салық органдарында сакталады.
Акша операциялык, кассаға түскен кезде 451 "Операциялық кассадағы қолма-қол
ақша" аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредитгеледі:
701- "Дайын өнімдер (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен кіріс", 704-
"Көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі Қызметтерінен
түскен табыс" шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің
сомасына;
301- "Алынуға тиісті қарыздар" шоты - сатып алушылар Мен тапсырыс
берушілердің кассаға алынған сомаға.
Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде - 451 шоты дебеттеледі де, ал
451 шотының "Операциялық кассадағы қолма-қол ақша" субшоты кредиттеледі.
§ 5. Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк
келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот
иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші
тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі
ұйғарымын орындауды және баска да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне
алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден
тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың
жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің
тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу
тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар
қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті - заңды түлға мен оның
жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен екендігі) арасында келісім жасау
үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттиасісі) бар кұжатты (мұның
үлгісі төменде келтіріліп отыр); клиенттің салық есебіне қойылғанын
растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты
(жеке тұлғаның үлгісі де төменде келтірілген); аудандық еңбек жөне халықты
әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан
Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі
жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік
тіркеуден (кайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген
белгіленген үлгідегі кұжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың
көшірмесі; Қазакстан Республикасы заң тәртібнен бекітіліп, куәландырылған
құрылтайшылық құжатының (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырынады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан
қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге
және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған
тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетше алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша
каражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне
хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта
қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер
арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының
көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл
келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы.
Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа)
Қазақстан Республикасының заңына сөйкес, шот иесінің ақша каражаттарының
жұмсалынбауына (тоскдуыл қою) немесе алуға тыйым салу кұқығы бар өкілетті
органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкітегі
есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді (қаулыларды)
қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе кдулыларының
негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес
жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін
банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал
мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар
пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына
қосып есептеу үшін түскен қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын
басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір
дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол
кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі (хабарлама төменде келтіріліп отыр).
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардын. есебі 441 "Есеп айырысу шотындағы
қолма-кол ақша" шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі
дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып
табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге
беріледі, екіншісі — бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің "көшірме үшін" мөрінің
таңбасымен (оттискісімен) расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның
орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен
бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол
қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы
құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні ( датасы )
көрсетілген календарлық штампелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе
екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша
бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы
жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған
абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.
Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада
қойған қолы болуы керек. Банк көшірмесі төменде келітіріліп отыр.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате
аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 441- "Есеп айырысу
шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредитінен 334 -"Басқа да дебиторлық
қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар
441-шоттың дебеті және 687- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті
бойынша көрініс табады.
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға — шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе
заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жыддан
астам кезенде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал
басқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік баланс және оны талдау тәсілдері
Бухгалтерлік баланс аудиті
МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ - АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ақша қаражаттарының шығуы
Кәсіпорын(бизнес) құнын бағалаудағы әдістемелік тәсілдер
Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілік: құру тәсілдері және мазмұны
Бухгалтерлік баланс және оны талдау амалдары
«БИАР» ЖШС-нің АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ МЕН ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БӨЛУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ
Мақта өңдеу өндірістерінде ақша капиталының пайдалану механизмдерінің тиімділігін және оны жоспарлаудың негізгі мәселелерді талдау
ХҚЕС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІМЕН ТАДАУЫН ұЙЫМДАСТЫРУ
Пәндер