Шәкәрім Құдайбердіұлының жан туралы философиясы


Кіріспе
Шәкәрім қазақ поэзиясының философия саласын дамытқан ақын. Оның қайбір поэзиялық шығармаларын алып қарасаңыз терең философиялық сырға толы болып келеді.
Шәкәрім өзінің өлеңдер топтамасының алғашқы басылымына " Қазақ айнасы" деген образдық бейне қолданғаны тегін емес. Бұл сөз өнері - өмір сәулесі, өмір суреттемесі деген ақынның биікте терең философиялық әрі эстетикалық түсінік ұғымының көрінісі еді".
Шәкәрім орыс тілі арқылы сол тілге аударылған Шығыс, Батыс әлеміндегі рухани қазыналар көзін меңгеріп биіктей берді. Ол онымен шектелмей, философия мен дін тарихына қатысты еңбектерді де қадағалап отырған. Жалпы Шөкәрім Абай ағасы секілді Орта Азия мен Қазақстанда алғашқылардың бірі болып, екі ағым, екі бұлақ - Шығыс пен Европа мәдениеттерін біріктіру, төл ему, қатар сусындауға ықылас білдіру ғана емес, батыл қадам жасаған ұрпақтың алғашқы өкілдерінің бірі. Шәкәрім орыс жөне дүниежүзілік классикасымен Абай арқылы танысқаны анық. Ол құрметпен, мақтанышпен көбірек айтатын есімдер ішінде Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Толстой, Некрасов аттарын кездестіреміз.
Шәкәрім осы аталған орыс ақын-жазушыларының шығармаларынан жақсы аудармалар жасайды. Ал меңгеріп алғаннан кейін орыс мөдениетін батыстың асыл қазынасына жетер баспалдақ ретінде жоғары өрлейді. Батыс философтары Шопэнгауер, Канттың философиялық ілімдері жайлы толғаулары соған куә.
Қазақтың бес арысының бірі - Шәкәрім
Қазақ әдебиетінің бес арысы - Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынов, М. Дұлатов, Ж. Аймаутұлы, М. Жұмабаев білім, жалпы ұлттың руханият саласында ерең еңбек еткен.
Олардың қаламынан туған туындыларда әлеуметтік - қоғамдық жағдайлар, қазақ халқының азаттығы мен теңдігі кең орын алған.
Шәкәрім жайында.
Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өмірге келген. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған. Шәкәрім Абайдың немере інісі болғандықтан тәлім, тәрбиені мол алған. Ұлттық дәстүр-өнегесін көріп өскен. Әкесі өмірден өткен соң Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болады. Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген. Ол араб, түрік, парсы, орыс, шағатай тілдерін үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан:
"Жасымнан жетік білдім түрік тілін,
Сол тілге аударылган барлық білім.
Ерінбей еңбек еттім, еңбек жанды,
Жарқырап қараңғыда туып кунім.
Оятқан мені ерте - Шығыс жыры,
Айнадай айқын болды әлем сыры.
Талпынып орыс тілін үйренумен,
Надандықтың тазарып кетті кірі".
Шәкәрім 1905-1906 жылдары хажыға сапар жасап оралады. Бұл сапарды ол көптен ойлап жүрген мақсаттарының бірі - Стамбул кітапханалардағы асыл мұраларды оқуға, тарих тереңіне үңілуге пайдаланған. Шәкәрімнің дүниеге, өмірге, табиғатқа, сан-сала құбылыс-көріністерге, дінге көзқарасында кейбір қайшылықтар, жеке үстірттіктер, түсінбеушіліктер кездескенмен, ол ешқашан дінге берілген фанатик, өмір қуаныш-рахатынан аулақ болуды уағыздаған тақуа, бәрін жоққа шығаратын нигилист, торығатын спектик, көзқараста идеалист, өмір бағытынта реакционер болған емес. Оның көптеген шығармаларының мазмұны айқындағандай, дүниеге көзқарасында Шәкәрім көбіне рационализмге, денизмге бейім. Бұл философиялық бағыт бойынша дүниені жаратушы бір күш бар дегенді мойындаушылық, оның дәлелі - табиғатың, жаратылыстың келісті жарасымдылығы, жүйелі тынысы мен үнемі қозғалысы: өмірде ақиқат, шындық, білім-ғылым, ақыл мен сезім дамуы арқылы іске асады да дүние ісіне құдай араласпайды, адамның болмысты танып білу мен адам өзін-өзі жетілдіру мүмкіншіліктерінде шек жоқ. Қазақтың ағартушы - демократтары да көбіне осы дүниетанымды, көзқарастарды жақтағаны белгілі. Шәкәрім де солардың ізінде болды.
Шәкәрім-пәлсапалық өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өленді өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. «Арман», «Жастарға», «Қазақ айнасы», және т. б өлеңдерінде, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-кебек», «Нартай лақ пен Айсулу» поэмаларында, «Бәйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» сынды прозалық туындыларында адамның өмірімен, еңбегі, тағдыры, талап, тілектері терең танылады.
Шәкәрім көптеген өлеңцерінде Абайды ұстаз тұтады, бірақ бұған қарап оны Абайды жай қайталаушы ғана десек, мүлде қателескен болар едік. Басында еліктегенімен кейін оны қайталамай, өзіндік дербес ой танымын көрсете білді. Өйткені Шәкәрім шығармаларының ерекшелігі оның көзқарасындағы айырмашылықгар ақынның дүние танымының өзін қоршаған өмірді суреттеудің өзгеше екенін, өзіне тән өрнектері мен бояу- ларының бар екенін дәлелдейді.
Шәкәрім Қүдайбердіүлы ұлы Абаңдьщ рухани дәстүрлерін жалғастырып, эпикалық жанрдың дамуына үлкен үлес қосқан ірі ақын және ойшыл болды. Ақын есімі халық арасына кей. і- нең мәлім, оның шығармалары_ауыздан-ауызға ауысып, біреу- ден біреу көшіріп алу арқылы жұрт арасында кеңінен таралып кеткен. Ол өзінің ұстазы Абай секілді ұлы философ ақын. Ол езінің шығармаларында омір шындығын, қоғамның әлеуметтік қарама-қайшылығың, халықгьщ ауыр тірлігін көрсетіп оған жауап беруге тырысты. "Өмір бойы бір ретжалған сөйлей білме- ген ақын "не істеуіміз керек?" -дегенді түсіндіру үшін көбіне- се "не істеуім керек?" - деген сұраққд жауап бередіі
Әкесінен жастай жетім қалған Шәкәрімнің өзінің ағасы ақын Абай Құнанбаевтың от басында тәрбиеленуі, оньщ ұдайы ұстаз- дық есиеттері дүниеге көзқарасының қалыптасуына, поэтика- лық шеберлігі шындалуына үлкен әсер етті, жан-жүрегіне білімге деген құштарлық сезімін құйды. Ол орыс, араб, парсы жоне^түрік тілдерін жетік меңгеріп, тақырыбы мен проблемасы жөнінён өз ұстазының ағартушылық идеясына жалғастырған өлеңдер жазды. Философия, дін және мәдениеттарихы жөнінде өзінің үлкен білімдарлығын көрсетгі.
ХІХғасырдың аяғы, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында Абайдан кейінгі ең ірі ақынымыз - Шәкөрім. Үлы ақынымыз Абай өмірден қайтқан соң, халық Шәкәрімді екінші Абайымыз деп танып, ерекше құрметтеген. и Бір ғасырды Абай- мен бірге аяқтап, екінші ғасырды Совет ақындарымен бірге бас- таған Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі халқымыздың тарихы- мен біте кдйнасып жатыр. Шәкәрім ақын өзінің өмірдегі мүрат-мақсатын айқындап ашып айтып, халқының алдында серт беріп былай дейді:
Адамдық борыш ар үшін,
Барлық адамзат қамы үшін.
Серт қылган еңбек етем деп,
Алдағы атар таң үшін.
Ақын осы айтқан сертінен өле-өлгенше танған емес. Шәкәрімнің Абайға еліктеп жазғандары творчестволық өмірінің ақырына дейін созылады. Сонымен бірге ол өз ұстазымен тұстас та ақын. Абайдан он үш жас қіші болғанымен өлең дүниесіне келуі онымен бір мерзім дерлік. Ол Абайдаун соң ширек ғасырдан аса жасаған ақын. Шәкәрім жастайынан өз шығармашылығының негізгі арнасын анықтайды, ағартушылық адам- гершілік тақырыбын бір өріске әріп, жырлауға ден қояды. Оған дәлел "Жастарға" (1880) атты үндеу-өлеңі. Автор публицистикалық шешендік стилін қолданып, ойын ұғынықгы, қарапайым түрде жеткізем деп кейде жадағайлыққа ұрынса да, шын көңілден үгітшілік сарьінда азаматгық ой оятатын ұран тастай- ды, адамгершілік ақ жолға, онер-білімге шақырады, одан өзінше кодекс тұжырымдайды, ендігі сөзін үстайтын Абайдан үлгі алуға үндейді.
1911 жылы шыққан "Қазақ айнасы" жинағында Шәкөрім адамгершілік хақындағы ойларын тиянақгай түседі. Мұнда да Абай мектебінің бұл салада өрбіткен пікірі айқын бейнеленген. Біріншіден, адам жолы дегеніміз адам баласына пайдасын тигі- зу, жақсылық ету. Екіншіден, тіршілік қамы, өз басына, туысқан аталасына қамқорлық еткенде де адамшылық борышынды ұмытпау. Адам өмірі оны қалай бағалауына байланысты. Көп нөрсе адамның өзіне қатысты. Не көрсең құдайдың жазуынан деу қате. Дүние ойсыздарға, жетесіздерге сыртын береді. Кейде жақсылықты жаманшылық жаншып кетеді. Бірақ одан шындық табиғаты еш өзгермек емес дейді.
Шәкәрім қазақ поэзиясында оның философиялық саласын дамытқан ақын. Оның қайбір поэзиялық шығармаларын алып қарасаңыз терең философиялық сырға толы болып келеді.
Шәкәрім өзінің өлеңцер топтамасының алғашқы басылымына " Қазақ айнасы" деген образдық бейне қолданғаны тегін емес. Бұл сөз өнері - өмір сәулесі, өмір суретгемесі деген ақынның биікте терең философиялық әрі эстетикалық түсінік ұғымының көрінісі еді".
Шәкәрім ‘‘жан” туралы
Шәкәрім қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынды. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты-туған елдің бүкіл тарихи, мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қоддану. Шәкәрімнің рухани ізденісіңде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекще орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат-ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар.
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқаң идея - жанның мәңгілігі. Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Иассауи, Абай мен Мағжан, жалпы Шығыс ғұламалары бойьнша, адамның дүнйедегі тіршілік ету мағынасы жанның мәңгілігімен айқындалады. Әйтпесе, өмір мазмұны жануарлық күн көруден алыс кетпек емес. Әлем мен адамға бағыт беретін жол көрсетуші, мәңгілік пен шексіздіктің қепілі - Нұр. Оған адамның жәй ақылы жетпейді, оны аңғару, түсіну, жан дүниеңмен қабылдау қажет. Өтпелі өмірден мәңгілікке (фәниден бақиға) көшу, басқа сөзбен айтқаңда, бұл дүниеден кету дегеніміз адам жанының Нұрға қосылуы. "Жан, - дейді Шәкәрім, - менің айтқанымдай баста бар болса, тұрған денесі орын болуға жарамаған соң, денеден шыққанда біржола жоғалып кетпейді. Құр ғана өзгеретін болса, бұрыннан бар жанның жоғалуына түк дәлел жоқ. Олай бол- са, бір түрге түсіп барлықтың ішінде бар болып жүреді". Осы негізгі шығармасын Шәкәрім ұзақ дайындықтан соң жазған және ол Жаңа замандағы қазақ кәсіби философиясының алға- шқы туындысы болып табылады. Бұл шығармада айтылған ойлардың сыры мен астарлы қатпарлары мол. Батыстағы материализм жөне идеализм тәрізді екі анықпен Шәкәрім шектелмей, өз жолы - үшінші анықты ұсынады:
"Еңбекпенен, өрнекпенен
Өнер ойға тоқылса,
Жайнар көңіл, қайнар омір
Ар ілімі оқылса".
Яғни, басты мәселе ар ілімі, моральдың төңірегінде. Кәдімгі этиканы Шәкәрімнің "ар ілімі" деп атауында да үлкен мән бар. Себебі оның негізгі категориясы, мәдениеттіліктің тірегі - ождан. Бұл категорияны түсіну үшін Шәкәрімнен үзінді келтірейік: "Әрине, жаның өлген соң тазарып, жоғарылайтынына нанған кісі қуанышта болып, жоғалуына нанған кісі өкініште болып біржола жоғалмады-ау деп өлсе керек. Және ождан, намыс жанның тілегі екеніне нанған кісі қиянат қылғанына қатты кейіп, жақсылық қылғанына жете қуанса керек. Олай болса, нанбай, ождан, намыс құр-ғйна көрініс үшін адамдыққа лайық деген кісіге жақсылық, қиянаттың көп айырмасы жоқ болса керек.
Ізін білдірмеудің айласын тапса болғаны, себебі елген соңғы жан өміріне нана алмай ождан, намыс, жан екі өмірге бірдей керек таяныш екеніне нана алмаған кісінің жүрегін ешбір ғылым, өнер, ешбір жол, заң тазарта алмайды. Егер бір адам жанның өлген соңғы өмірі мен ождан соның азығы екеніне әбден нанса, оның жүрегін еш нөрсе карайта алмайды. Адам атаулыны бір бауырдай қылып, екі өмірді де жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол осы мұсылман жолы сиякты. Кейбір діншілдерді қорлыққа түсіріп жүрген шатақ дін, жалқаулық, әйтпесе, жаратушыда білім бар, өлген соң да бір түрлі жан тіршілігі бар. Жан екі өмірде де азығы-ождан, намыс деумен еш нөрседен кемдік көрмейді. Тіпті, бұл жоғарылаудың ең зор жардамы үш анық дегенім осы".
Абайды көп толғантқан өсіп-өну, ағаріу ісі, болашакқа қарау Шөкөрім поэзиясыңда түгелдей дерлік өріс табады. Адамның жеке басының жетілуі, ақыл мен парасатқа ұмтылу, адал болу, кісі ақысын жемеу, халық қамын ойлау - ақынның жатпай- тұрмай тебірене ойлаған тақырыптары. Көпшілігі насихат, ғиб- раттуріңце болып келсе де, Абай салған шыншылдық, сыншыл- дық сарын анық көрініп, дамып отырады.
"Арыңды сатпа, теріңді сат", адалды ізде егін сал, не сауда қыл, малыңды бақ" деген жолдарды ақын өлендерінен жиі ұшыратамыз. Еңбекке, оқу-білімге, өнерге шақырады, жалқаулықты, бойкүйездікті, надандықты сынайды, талапты бол дейді. Адамның қоғамдағы орнын ақьш жоғары бағалайды, оған көп жүк артады, міңдет қояды. Рас, дидактика, уағыз басым, бірақ адрессіз, атсыз емес, нақты ортаны, нақгы адамдарды мегзеп айтқан. Мұңдай ғибрат, уағыз сөздер Абайда да бар екенін білеміз. Бүл тектес өлендер негізінде, жалаң насихат емес, ақынның қоғам, адам жайындағы жинақгалған ойын біддіретіні ақыл сөздер, философиялық түйін толғаулар.
Адамның адалдығы, әділетгігі, қанағатшылдығы, ары жайында Шәкәрімнің ең мән берген философиялық категориясы ұждан - совесть. Ол өзінің "Үш анық" атты философиялық шығармашылығында "Адам нысап^ әділет, мейірім үшеуін қосып айтқдңда мүсылманша үждан, орысша совесть бар. Бүл не? Істеп түрған кім? Бүған жауап берушілер "адамшылық ары соны ұнайды" дейді Менше бұл жауап сол ұжданның солай Қылғанда үнайды деген болып шығады" - деп Шөкөрім ұждан деген ңе, бұл қайдан шығады десек бұл сұрактарға жауап жоқ сиякгы. Бірақ Шәкәрім дұрыс тұжырым жасайды. "Меніңше совесть - жанның тілегі. Неге десеңіз жан тіпті жоғалмайтын, бұзылмай- тын нөрсё. Сондыктан тезірек жоғарылауға себеп керек қылады" - дейді. Өз ойын Шәкәрім одан өрі жалғастыра тұсіп, "Мәселен, таза дене, таза, толық мінез, ой істер керек кылады. Соның тағы бір керегі совесть - ұждан. Оны осы өмір үшін керек қылмайды, соңғы өмір ұшін де керек қылады" - деп адам ар ұжданның оның кезінің тірісіңде де одан кейін де керек екендігін айтып, егер де тек бұл өмір ұшін керек қылса ол тек мақганыш үшін ғана болған болар еді, "тек атым қалсын, пәлен- ше мені сондай кісі, халық мені жақсы көрсін деген болады. Одан басқа жоруы жоқ - деп өз ойын тұжырымдайды.
Адам жанының өміршеңдігіне сенген адам ғана ұжданға ие бола алады. Адам өлгеннен кейін өмір жоқ дейтін адамдарда ұждан бола алмайды деп, кейінгі өмірде ар-ұжданьшьщ тек адал, өділ адамдарға ғана тән қажет екендігін айтып өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz