Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы.



Кіріспе

1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері
1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні
1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы

2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау

3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары
3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін, сондай-ақ, олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің курстық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы, ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдеріднің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Бағалы қағаздар нарығы» туралы ҚР заңнамасы , 5- наурыз 1997ж
2. У.М. Искаков, Д.Т. Бохаев, Г.А. Рузиева «Финансовые рынки»
3. Ғ.С. Сейітқасымов «Ақша, несие, банктер» Алматы, 1998ж
4. И.С. Мұханалиева «Бағалы қағаздар нарығы және оларды реттеу»,
5. Алматы, Экономика, 2006ж.
6. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика. 2002.
7. «Рынок ценных бумаг Казахстана» ақпараттық-аналитикалық
8. журналы, №18 (146) қыркүйек 2010ж.
9. ҚР-ның Президентінің 2007 жылғы халқына жолдауы, Егемен
10. Қазақстан, 2-басылымдық , 2007ж.
11. «Ақшаны қайда салу қажет немесе бәрі де инвестиция жайлы», RFCA
12. ақпараттық-аналитикалық журналы, Алматы, 2009ж.
13. «Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау», RFCA
14. ақпараттық-аналитикалық журналы, Алматы, 2009ж.
15. ҚР БҚН реттеу департаментінің сайты www.nse.kz
16. ҚР KASE қор биржасының сайты www.kase.kz
17. ҚР Қаржы Министрлігінің сайты www.minfin.kz
18. ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
19. агенттігінің сайты www.rfca.kz

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ технология және бизнес университеті

Қазақстандық құнды қағаздар нарығының қалыптасуы.

Орындаған: РДиГБ мамандығы
бойынша І курс студенті
Омарова Гульжан
Тексерген: Кальжанова Сайрангуль

Астана - 2011
Мазмұны

Кіріспе

1 Бағалы қағаздар нарығының дамуының теориялық негіздері
1.1 Нарықтық экономикадағы бағалы қағаздардың мәні
1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы

2 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының дамуын талдау
2.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы және дамуы
2.2 Бағалы қағаздар нарығының қазіргі кездегі жағдайын талдау

3 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары
3.1 Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының реттеу мәселелері
3.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму перспективалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар - меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін, сондай-ақ, олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10 - 13 жылда болған өзгерістер - еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің курстық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы, ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдеріднің бірі - акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.
Жетекші қор нарықтарының мысалдары, олардың ҚР-дағы қор нарықтарымен салыстырмалы сараптамасы және біздің еліміздегі бағалы қағаздар нарығын одан әрі жетілдіру ұсыныстары келтіріледі. Бүгінгі күнде бұл актуальды проблемалардың бірі, себебі дамыған нарықтық экономикада бағалы қағаздар және оның нарығы еркін мобилизацияланған ақша айналымында жеке меншікке және мемлекетке үлкен роль атқарады. Өтпелі экономикада және ТМД мемлекеттерінде мұндай функция бағалы қағаздар тез арада қалыптасқан. Өтпелі экономикада бағалы қағаздар табысы - жоғарғы инфляция шығынын жаба алмады. Инвесторлардың қаржысы бағалы қағазға емес, шетел валютасына салынды. Валюта коридорлары болғанымен инфляцияның түсуі 1996 жылы ТМД мемлекеттерінде шетел валютасына сұраныс ұсыныстан артық болды. Бұндай бағытта нарық қорында үлкен ақша шығысы болуы қаупі болды. Бағалы қағаздар нарығы Қазақстанда 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Қазақстан Ресей империясының құрамында болған кезде бағалы қағаздар тек акционерлік қоғамдар құрамында, облигациялар түрінде болды.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі мәнін ашып, оның құрамдас бөліктерін және Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын зерттеу болып табылады.
Бағалы қағаздар -- ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз беретінге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі.
Бағалы қағаздар - бұл капитализмнің бас кезінде қалыптасып және мемлекеттік монополиялық капитализмнің кезінде дами бастады. Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығында түбегейлі өзгерістер енгізіле бастады. Оның нарық құрылымында, функционалдық механизмінде және бағалы қағаздар сату нарығында өзгеріске ұшырады.
Бағалы қағаз ─ бұл өзінің тауарлық, өндірістік және ақшалық формасынан ерекшеленетін капиталдың бар болуының ерекше түрі, ол нарықта тауар сияқты айналады және табыс әкеле алады.
Бағалы қағаз ─ бұл, заңмен анықталатын және сол тәртіпте орнатылатын, мүліктік құқық түрлерін куәландыратын құжат.
Нарықтық экономикада қаржы нарығы аса маңызды мәнге ие болады. Оның механизмін қолдану, ағымдағы қажеттіліктерінен асатын, кәсіпорындардың, мемлекеттің, жеке тұлғалардың ақша құралдарын тартуға және несие беруші ретінде өндірістің дамуы мен экономиканың басқа сфераларына бағыттауға мүмкіндік береді.
Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының бір бөлігі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы дамуының негізгі мақсаты ─ инвестицияларды тартудың эффективті механизмін және Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субъектілер мен экономика салалары арасындағы капиталды тиімді қайта үйлестіру аккумуляциясын құру. Отандық бағалы қағаздар нарығын жаңа, әлемдік стандартқа сәйкес, деңгейге шығарудың негізі бағалы қағаздар сату көлемінің ұлғаюы, олардың потенциалды инвесторлар үшін өтімділігі мен тартымдылығын жоғарылату болып табылады. Бүгінгі күнде маңызды мәселе, инвестициялық тартымдылығы жоқ, "екінші эшелондық" кәсіпорындардың акцияларын биржалық нарыққа шығару болып қала береді.
Бірақ осының бәріне әлемдік қаржы нарығындағы, соның ішінде ҚР-дағы, қор сегментінің маңызды элементі ─ бағалы қағаздар табиғатының мәні мен ұғымын толық және мүлтіксіз түсіну негізінде жетуге болады.
Нарықтық экономика көптеген нарықтардың жиынтығы болып келеді.Соның бір құраушысы қаржы нарығы. Қаржы нарығы - экономикалық қатысушы субъектілер арасында ақшалай құралдардың бөлінуін қарастырады. Оны экономиканың "жүрегі" деп айтуға болады, өйткені ол бос қаржылай ресурстарды анықтап, анағұрлым тиімді қолданатын тұлғаларға бағыттайды.
Қаржы нарығының бір бөлігі болып, бағалы қағаздар нарығы немесе қор нарығы табылады. Бағалы қағаздар нарығы (БҚН) - несиелік қатынастарды және бағалы қағаздармен жүзеге асырылатын қатынастарды зерттейді. Бұл нарыққа тән ерекшелік бағалы қағаздардың еркін айналыста болуы. Сондықтан, қандай да бір өндіріске бағалы қағаздарды сатып алу арқылы араласқан тұлға, оны сату арқылы қайтарып ала алады.
Бағалы қағаздар нарығы экономикада келесі функцияларға ие:
o Бағаны қалыптастырушы - бұл нарықта сату объектілеріне (бұл жағдайда, бағалы қағаздарға) нарықтық баға белгілейді;
o Реттеуші - қаржы нарығында сұраныс және ұсыныс тепе - теңдігін қалыптастырады, нарықтық экономикада өзін - өзі реттеу процесіне болысады;
o Ынталандырушы - экономикада субъектілердің бағалы қағаздар нарығының қатысушысы болуына итермелейді, экономикалық өсуге болысады.
o Ақпараттық - нарықтық конъюктура жайында ақпарат береді, бағалы қағаздарға сұраныс және ұсыныс арақатынасын анықтайды; экономиканың жалпы жағдайын бейнелейтін барометр қызметін атқарады;
o Коммерциялық-бағалы қағаздар нарығында жүргізетін операциялардан пайда табуға мүмкіндік береді.
Кез келген басқа нарық түріндей, бағалы қағаздар нарығында сұраныс, ұсыныс және баға тепе-теңдігі қалыптасады. Сұраныс, негізінен, инвестициялауға өзінің қаражаты жетпейтін компаниялар және мемлекет тарапынан болады. Олар қарыз алушылар болып саналады. Ұсынысты қалыптастыратын көбінесе халық, яғни табысы тұтыну шығынынан артық болатын кредитор саналады.
Бағалы қағаздар нарығы келесі деңгейлерге бөлінеді:
1. Бірінші ретті нарықта жаңа бағалы қағаздардың эмиссиясы жүреді және эмитент бағалы қағаздарды номиналды құны бойынша орналастырады;
2. Екінші ретті нарықта бұрын шығарылған бағалы қағаздардың қайта сатылымы жүреді. Бұл жерде олардың курстық бағасы анықталады.Курстық бағасы анықталуы барысында девидент мөлшері, банктік пайыз норасы, төлемнің периодтылығы, айналым ұзақтығы, өтеу бағасы.
Бағалы қағаздардың нарықтық курсы сұраныс және ұсыныс арасындағы
қатынасқа тәуелді ауытқып отырады. Оған әсер ететін негізгі экономикалық факторлар: қарыз пайызының мөлшері, табыс деңгейі, жинақтау мөлшері, инфляция темпі және т.б. Мысалы, қарыз пайызының төмендеуі бағалы қағаздарды сатып алуға, ал, жоғары пайызы, керісінше банкте салымдардың көбеюіне алып келеді. Инфляция жағдайында акцияға сұраныс көбейеді, ал облигацияға азаяды. Дағдарыс жағдайында кері процесс көрініс табады.
Кейбір жағдайларда бағалы қағаздарға деген сұраныс психологиялық факторларға да тәуелді болады. Яғни, акциялардың нарықтық курсының төмендеуі сол бағалы қағаздардың иесінің оны сатып жіберуі, ал егер курстық бағасы жоғарылайтын болса, бағалы қағаздарға сұраныс арта түсуі көрініс тауып отыр.
БҚН-ң негізгі объектісі болып бағалы қағаздар табылады. Бағалы қағаздар - бұл иелік ету немесе қарыздық қатынасты білдіретін, ақшалай құжаттар. Бағалы қағаздарды көрсету ол алдын-ала анықталған табысты алу үшін, басқадай ақша сомаларын немесе мүліктік құқықтарды иемденуге мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар жекелей тәртіпте мысалы, вексель және сериялық түрде, мысалы, акциялар шығарылуы мүмкін.
Барлық бағалы қағаздар айналу бейімділігіне байланысты:
:: Атаулы (белгілі бір тұлғаға);
:: Көрсетуші немесе нұcқаушы( нақты тұлғаны көрсетпей);
:: Ордерлік(белгілі бір тұлғаға, сонымен қатар басқа кез-келген тұлғаға да болуы мүмкін )
Бағалы қағаздарды 3 топқа жіктеуге болады:
1. Акциялар;
2. Облигациялар;
3. Арнайы бағалы қағаздар.
Акция - белгілі бір соманы акционерлік қоғамның жарғылық қорына, банктің, басқа ұғымның жарғылық қорына, дивиденд түріндегі пайда алу, оны басқаруда үлес қосу және ол ыдырағанда мүліктің бір бөлігін иемденуге мүмкіндік беретін эмиссиялық бағалы қағаз. Акцияның белгілі бір қызмет ету (айналу) мерзімі бекітілмейді. Яғни, ол оны шығарған акционерлік қоғам жойылғанша қолданыста болады.
Акцияда көрсетілген ақшалай сома оның номиналды құны, ал оның нарықта сатылу бағасы - акция курсы деп аталады. Номиналдық құндардың жиынтығы жарғылық капиталды (АҚ-ң) құрайды.
Акцияның келесідей түрлері бар:
1) Қарапайым (жай) - оны иеленушілерге қарастырылған акционерлік құқық негізінде акционерлік қоғамның табысына сәйкес дивиденд алуға құқық береді.
2) Артықшылығы бар - тұрақты пайыз негізінде корпорацияның таза пайдасынан біріншілік табыс алуға құқық береді.
3) Құрылтайшылар акциялары - тек АҚ-ды құрушылар арасында таралып, оларға басымдық береді. Олардың үлесіне әдетте пайданың басым бөлігі тиеді.
4) Еңбек ұжымының акциялары- меншіктің әртүрлі формалары түрінде шығарылады және тек еңбек ұжымы мүшелеріне тиесілі;
5) Кәсіпорын акциялары- тек еңбек ұжымы ғана емес, басқа да кәсіпорындар арасында таралады;
6) Акционерлік қоғам акциялары- ашық жазылу арқылы және қоғам құрылтайшылары арасында бөлінеді.
Акцияның барлық номиналды сомалары жарғылық қорды құрайды. Жарғылық қордан "капиталдану" деген түсінікті бөліп қарастырамыз. Капиталдану - бұл компанияның акция түріндегі капитал мөлшерін көрсетеді. Акцияның келесі сипаттамасы одан алынатын - табыс. Ол екі түрде болады: біріншісі, курстық құнының өсімі бойынша, екіншісі, акциядан периодты алынатын төлемдер. Соңғысынан алынған табыс дивиденд деп аталады. Акцияның көп бөлігіне ие адам оның басты бақылау пакетін иемденуші. Оның пайыздық үлесі 51 % -дан асуы шарт емес. Тәжірбие көрсеткендей 5%-бен де ұстаған адамдар болған. Бұл акционерлердің өте көп болуымен және олардың басым бөлігінің ұсақ болуымен түсіндіріледі. "Акция рейтингі" деген ұғым бар. Ол бағалы қағаздардың төзімділік деңгейін көрсетеді.
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивиденд алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айырмашылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капиталына қатынасады, ал өнеркәсіптік акцияны сатып алушы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім шарт жасайтын кредитор болады. Акционер АҚ-ң несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына дивиденд төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының шамасы баланста көрсетілген пайдаға тәуелді. Акционерлердің жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай- ақ дивиденд нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі. Егер АҚ тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылған акцияларды сатып алу құқықтары бар. Кез-келген акционер өзінде бар "ескі" акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады.
Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс істеуі барысында акция иелері акцияларына тисті дивидендтерді алады. Ол келесідей табыстың нақты деңгейі ( рендит ) бойынша есептеледі:
Рендит= Дивиденд x100Сатып алу бағасы
Бұл шамалар мәнінде акция бағамы сұраныс пен ұсыныс арасындағы
шекті қатынасты өзгерістерге байланысты бірқалыпты ауытқып отырады.
Облигация- бұл оның иесінің ақшалай құралдарды салғанын білдіретін және бағалы қағаздардың номиналды құнын белгіленген уақытта тұрақты пайыз есебімен алуға рұқсат беретін, оның иесі мен эмитент арасындағы қарыздық қатынастарды көрсететін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигацияны мемлекет, жеке кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар шығара алады. Акция мен облигацияның айырмашылығы, ол облигация эмитенттің қарыздық міндеткерлігін білдіреді, яғни бағалы қағаз түріндегі берілген кредит. Эмитент барлық төлемдерді акциямен салыстырып төлеуі тиіс. Облигация белгілі бір мерзімге шығарылады, осы мерзім ішінде ол сатып алынуы керек. Әдетте, эмитент оны номиналды құны бойынша сатады.
1. Облигация - шаруашылық қызметті несиелеу үшін пайдаланылатын капиталды шоғырландыру құралы;
2. Облигация - онша қымбат емес және оңай қол жеткізуге болатын борыштық құрал;
3. Облигация - ұзақ мерзімдік борыштық міндеттеме.
Облигация өзінің заңды және қаржылық сипаты жағынан алғанда ұзақ мерзімді несие құралы ретінде қызмет етеді. Облигацияны сатып алу барысында ақша жұмсайтын инвесторға сақтанудың керегі де шамалы, себебі оған қаражат керек болған жағдайда ол облигацияны пайдаланады. Мұндай жағдайда, оның облигацияны сау немесе кепілге беру мүмкіндігі бар.
Облигация мынадай 9 элементтен тұрады:
1. "Облигация" деген жазу;
2. Облигацияны шығарушы мекеменің (фирманың) аты және орналасқан жері;
3. Фирманың немесе сатып алушының аты немесе мәлімдеушілігі туралы жазу;
4. Номиналдық құны;
5. % мөлшері, егер ол қарастырылса;
6. Қайтару және % төлеу уақыты;
7. Шығарылған жері және күні;
8. Облигацияның сериясы және күні;
9. Эмитенттің, өкілетті тұлғалардың қол қою үлгісі мен құқықтары.
Мақсатты облигациялардың міндетті түрдегі реквизиті - бұл олардың шығарылуын қамтамасыз ететін тауарлардың көрсетілуі. Негізгі бөлігінен басқа облигацияға пайыз төлеуде қолданатын купон жатады.
Облигацияларды қамтамасыз ету әдістеріне немесе эмитенттері мен ұстаушыларына байланысты жіктеуге болады. Қамтамасыз ету әдістеріне қарай облигацияларды қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп 2 - ге бөледі.
Қамтамасыз етілген облигациялар заңды құжаттармен қамтамасыз етіледі. Ол құжаттар есеп айырысқанға дейін несие берушінің қолында болады. Қамтамасыз етілген акцияларды шығаруды және оны ұстаушылардың мүдделерін қорғаушы делдалдарға үлкен мән беріледі. Қамтамасыз етілмеген облигациялар қоғам мүлкімен қамтамасыз етілмеген жай ғана қайтару туралы уәдені ғана білдіреді.
Облигацияны эмитенттері мен ұстаушыларына берілген құқықтарына байланысты облигацияны көптеген категорияларға бөледі:
1) Қайтарып алынатын облигациялар - эмитенттеріне номиналдық құнынан алатын бағада ертерек төлеуге мүмкіндік береді. Арнайы өтелу мерзіміне дейін аз уақыт қалса, соғұрлым "қайтару бағасы" төмен болып келеді. Соған сәйкес, мұндай облигациялар бойынша төленетін % мөлшері тұрақты болмайды;
2) Жинақталған қор облигациялары - бұл пайдадан алынатын қаражаттарға сәйкес шығарылатын облигацияларды білдіреді. Жинақталған қор бойынша жылдық төлемдерді аннуитет деп атайды. Аннуитет құрамына номиналдық құнның бір бөлігі және жылдық пайыз кіреді;
3) Ұлғаймалы акциялар - оны ұстаушыларына жоғары пайызбен өтелу мерзімін созуға құқық береді;
4) Қысыңқы облигациялар - ұстаушыларына белгіленген шығару шартына байланысты облигацияны тапсыруға құқық береді;
5) Сериялды облигациялар - негізгі қарызды жыл сайын төлеумен қатар, төленетін пайызды жылдан-жылға жоғарлатуды қамтамасыз tntl$
6) Айырбасталатын облигациялар - инвесторларды акционерлік қоғамға бекіту мақсатында шығарылатын жай немесе артықшылығы бар акцияларға айналдыруға құқық беретін облигацияны шығаруды білдіреді;
7) Ордерлік облигациялар (жыртылатын талонмен) - жаңа облигацияларды немесе акцияларды тұрақты бағада сатып алуға құқық береді. Сондай-ақ облигациялар акциямен байланысты сатылуы мүмкін, мұнда сауданың танымал қағидасы "жүктеме" қолданылады.
Облигация - қарыздық, акция - үлестік бағалы қағаз.Оларда ортақ белгілер де болады: бұл бағалы қағаздар, олардың екеуі де эмиссиялық, екеуі де мемлекеттік тіркелуге жатады, екеуі де құжаттық және құжаттық емес түрде шығарыла алады, екеуі де инвестициялау құралы ретінде пайдаланыла алады, егер бұлар жария түрде орналастырылған акциялар мен облигациялар болған жағдайда, екеуін де сатуға және сатып алуға (бұл арада аз ғана өзгешелік бар) болады, олар қор биржасында айналысқа түсе алады және акциялар да, облигациялар да кепіл мәні ретінде әрекет ете алады.
Акциялар тек қана акционерлік қоғамдармен (АҚ), облигациялар кез келген заңды тұлғалармен, мемлекетпен, муниципалдық органдармен шығарыла алады.
Әлдебір кәсіпорынның акциясын сатып алу мысалы. Күллі әлемде адамдар пайданы мол табатын, жоғары технологиялық немесе қуат көзін өндіруші компаниялардың акцияларын сатып алуға тырысады.
Мұндай қаражат салымының артықшылығы, сіздің ақшаларыңыздың жұмыс істеуі, табыс әкеліп тұруы болып табылады. Кемшілігі - сол немесе
басқа кәсіпорын акциялары бағасының құлдырауы болады. Соған сәйкес, пайда да азаяды.
Қазақстанда барынша өтімді акцияларға: Қазақтелеком, Қазақмыс,
Казкоммерцбанк, ЦентрКредит Банкі, ҚазМұнайГаз, Қазақстан Халықтық жинақ банкі және ENRS сияқты кәсіпорындардың бағалы қағаздары жатады. Дәл осы компаниялар KASE индексінің өкілдік тізімін құрайды, ал олардың акцияларын көгілдір фишкалар деп атайды.
KASE индексінің аталмыш тізімі, Қазақтелеком АҚ-ын қоспағанда, банктік сектордағы компаниялар мен тау - кен өндіруші өнеркәсібінің акцияларынан тұратынын атап өту қажет.
ENRC, Қазақмыс және ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ сияқты Қазақстанның ірі өндіруші компаниялары, Қазақстанның пайдалы қазбаларын шет елдерге негізгі экспорттаушылар болып табылады. ENRC негізгі қызмет түрі ферроқорытпалар, темір кені, глинозем мен алюминий өндіру мен өңдеу, электроэнергиясын өндіру, сондай - ақ логистика бойынша қызмет көрсету болып табылады. KAZAKHMYS өзінің қызметін мыс пен мыс өнімдерін өндірумен, өңдеумен және сатумен айналысатын Қазақмыс Корпорациясы ЖШС (Жезқазған) еншілес ұйымы арқылы жүзеге асырады. ENRC мен KAZAKHMYS - тан айырмашылығы, ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ әрекет ету саласы , мұнай мен газды геологиялық барлау, өндіру мен тасымалдаумен байланысты. Қазақтелеком - ға келетін болсақ, бұл Қазақстанда телекоммуникациялық қызметтер көрсететін бәріне әйгілі компания болып саналады. Акциялардың бағасы әрдайым өзгеріп отырады. Мысалға, KAZAKHMYS - тың акциясы 2009 жылдың жеті айы барысында 38,4% - ға ұлғайды. \№8, 10б.\
Төменде 2009 жылдың қаңтар айынан тамыз айы бойынша бағалардың өзгеруін көрсететін кесте келтірілген. Келтірілген мәліметтерді негізгі ала отырып, мысалы, көрсетілген кезеңдегі өзіңіздің табысыңыз немесе залалыңызды есептеп шығаруға болады:
Эмитент, бағалы қағаздың коды
01.01.2009 жыл бойынша
01.09.2009 жыл бойынша
Тренд, жылдың басынан бастап
ЦентрКредит Банкі
CCBN қарапайым акциялары
402,00
360,00
-10,4%
Казкоммерцбанк АҚ, KKGB қарапайым акциялары
405,00
315,00
-22%
Қазақстан Халықтық жинақ банкі АҚ, HSBK қарапайым акциялары
94,50
172,00
+82%
Қазақтелеком АҚ, KZTK қарапайым акциялары
13 700
1 3205
-3.6%
KAZAKHMYS, GB KZMS қарапайым акциялары
440
2 130
+38.4%
Акциялардың бағасының өзгеру шамасы
Кесте 1
Ескерту: мәліметтер RFCA сайтынан алынған

Жылдың басында сіздің назарыңызды KAZAKHMYS компаниясының акциялары өзіне аударды делік, олардың қол жетімді бағасы 440 теңге болды және сіз осы компанияның 50 акциясын 22 000 теңгеге сатып алдыңыз. KAZAKHMYS - тың акциялары осы уақытта бағасы бойынша 38,4 % өскендіктен және оның бағасы 2130 теңгені құрағандықтан, сатып алынған акцияларынан 1 тамыздағы сіздің табысыңыз 84 500 теңгені құрады, яғни 4 есе өсті. Сондай - ақ, акциялардың бағасының өспей қалу тәуекелі де бар.
Соңғы 3 айдағы өтімді акциялар
Кесте 2
Акция коды
Келісім
саны
Көлем,
мың. USD
Көлем,
млн KZT
Кағаздар,
көлемі
Соңғы сауда бойынша
Нарықтың
үлесі, %

құны,теңге
тренд, %

RDGZp
1148
32 742,2
4 828,5
314 432
16 227,76
+6,95
2,2
GB_KZMS
261
1 346 074,3
198 599,5
59 054 226
3 400,50
+22,70
92,3

BTAS
1093
1 988,9
293,5
31 926 562
7,18
-98,20
0,1
KZTK
359
6 744,4
995,1
65 129
17 032,46
+18,35
0,5
CCBN
266
7 334,3
1 081,6
1 917 231
573,83
+7,86
0,5
HSBK
172
4 736,4
698,5
2 048 321
355,00
+9,23
0,3
KKGB
150
797,3
117,6
283 628
441,49
+10,28
0,1
GB_ENRC
145
650,4
95,9
45 158
2 170,00
+0,43
0,1
RDGZ
170
2 562,9
377,9
23 488
16 700,00
-4,02
0,2
SATC
70
641,7
94,6
1 331 260
71,08
0
0,1
Ескерту: мәліметтер www.kase.kz сайтынан алынған

1.2 Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Бағалы қағаздар нарығының тек өзіне тән ерекшеліктері мол, нарықта тәуелділік пен табыс деңгейі тікелей инвестордың шешімдері мен стратегиясына тәуелді болады. Инвестициялық қызметпен айналысатын адамдар өз инвестициялық шешімдері үшін өздері жауап береді. Бағалы қағаздар нарығының тәуекелдері мол, оны болжау қиын, бірақ оның ерекшеліктері мен тенденцияларын білсе, нарықта орын алып жатқан жағдайларға жедел жауап қайтарып, соған байланысты мәмілелер жасайтын болса, ол өте табысты. Дегенмен, мұнда да мемлекет қор нарығын реттеуді қамтамасыз етеді.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі қатысушылары - инвесторлар, бағалы қағаздар эмитенттері, брокерлер мен өзге делдалдар.
Инвесторлар инвестициялық табыс алу мақсатында өз ақшаларын орналастырады. Басқа сөзбен айтқанда, олар акциялар, облигациялар және жарналар түріндегі бағалы қағаздарды сатып алады, сөйтіп біршама уақыт өтіп, олардың құны өскен кезде сатып жібереді. Кез - келген қазақстандық - та, бүтіндей компаниялар да, мысалы, зейнетақы қорлары, инвестициялық компаниялар немесе институтционалды инвесторлар инвестор бола алады. Қор нарығының басқа қатысушылары, бұл - бағалы қағаздар эмитенттері. Эмитенттер дегеніміз - өз бизнесін дамытуға қажетті қаражатты бағалы қағаздар шығару есебінен тартқысы келетін компаниялар.
Қор нарығының үшінші қатысушысы - брокерлер. Олар инвесторлар мен эмитенттер арасындағы делдалдар. Брокерлер - эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге құралдарымен клиенттің тапсырысы, есебі мен мүддесінде мәмілелер жасайтын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары. Сонымен қатар, бағалы қағаздар нарығында қор биржасы қызмет етеді - бұл бағалы қағаздар немесе валюта сауда - саттығы ұйымдастырылатын жер. Қор биржасы - акционерлік қоғам ұйымдастыру - құқықтық үлгісінде құрылған, сауда ұйымдастырушысының сауда жүйелерін пайдалана отырып, тікелей сауда жүргізу арқылы оларды ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді іске асыратын заңды тұлға.
Бағалы қағаздар нарығының өзге делдалдарына жататындар: тіркеуші, трансфер - агент, орталық депозитарий, кастодиан және инвестициялық портфельді басқарушылар.
Тіркеуші - бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдер жүйесін қалыптастыру, сақтау және іске асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы.
Трансфер - агент - өз клиенттері арасында құжаттарды қабылдау және беру бойынша қызметтерді көрсететін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы. Біздің мемлекетімізде өз бөлімшелерінің кең таралуына байланысты Қазпошта АҚ трансфер - агент болып табылады.
Орталық депозитарий - бұл негізгі функциясы қаржы құралдарын сақтау мен есепке алу болып табылатын, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды атқаратын, мамандандырылған коммерциялық есеп ұйым.
Бағалы қағаздар нарығындағы кастодиалды қызметті кастодиалдық қызмет пен сейфтік операциялар жасауға рұқсаты бар банктер атқарады. Кастодиан - банктер клиенттердің қаржы құралдары мен ақшаларын есепке алады, олардың қаржы құралдарына қатысты құқықтарын растайды, сонымен қатар өздеріне оларды сақтау бойынша міндеттемелер ала отырып, клиенттердің құжат түріндегі қаржы құралдарын сақтайды.
Осы ұйымдардың барлығы бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құрайды және қор нарығының лайықты түрде қызмет етуін қамтамасыз етеді. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының әрекеттері әрбір кезең барысында бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамамен регламенттеледі, сонымен қатар, ҚҚА - мен реттеледі және бағаланады.
Осылайша, қор нарығында инфрақұрылым мен оның объектілерінің жағдайына қатысты қадағалау қамтамасыз етілетін болғанымен, инвестициялардың сақталуы мен табысқа кепілдік берілмейді. Себебі, бағалы қағаздар нарығы экономика серпелістерінен, сұраныс пен ұсыныстың өзгеруінен, макроэкономикалық көрсеткіштер мен өзге де факторлардан тәуелді болғандықтан қор нарығы қатысушыларының ешқайсысы мемлекеттік облигациялардан басқа бағалы қағаздар бойынша 100% - дық табысқа кепілдік бере алмайды. Осыған байланысты қор нарығының құралдары тәуекелді болып есептеледі, табыстылық өте жоғары болуы мүмкін, бірақ тәуекелдіктерінің деңгейінің жоғары болуына байланысты теріс немесе шығынды болуы мүмкін.
Бірақ бұл ақшаларды жоғалтады деген сөз емес. Мұнда инвесторлардың қаржылық сауаттылығы ерекше маңызға ие болады. Нақты жағдайларда, мысалы, баға белгіленімдері төмендегенде, егер инвесторлар өз бағалы қағаздарын сатып алған бағадан төмен сатып жібермесе, кейінгі кезеңдерде олар табыс әкелуі әбден мүмкін.\№9, 14б.\
Бағалы қағаздар нарығы кез-келген елдің нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының негізі тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы аталған нарықтың жалғасы, олардың туындысы.
Бағалы қағаздар нарығының түрлері бағалы қағаздардың түрлерінің жіктемесімен көп ұқсастықтары бар. Оларды келесідей көрсетуге болады:
:: Халықаралық және ұлттық бағалы қағаздар нарығы;
:: Ұлттық және аймақтық нарықтар;
:: Нақты бағалы қағаздар түрлерінің нарығы (акциялар, облигациялар т.с.с.)
:: Мемлекеттік және корпоративтік (мемлекеттік емес) бағалы қағаздар нарығы;
:: Біріншілік және туынды бағалы қағаздар нарығы;
Тауарлық экономиканың басты мақсаттарының бірі пайда табу болғандықтан, кез-келген қызмет капиталды ұлғайту сферасы болуы қажет, осы тұрғыдан кез-келген нарық капиталды салу нарығы болады.
Ақшалай құралдар өндіріс және сауда қызметіне, жылжымайтын мүлікке, антиквариатқа, бағалы металдарға және т.с.с . салынуы мүмкін. Осы барлық жағдайдағы салынған ақша құралдары уақыт өтуімен дұрыс бағыттар таңдалынып, жағдайлар жасалса, капитал ретінде салынған ақшалар айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін. Алайда аталған жағдайларда капиталға салынатын ақша сомасы қайдан жиналатыны қарастырылмаған. Капиталды салу үшін оны жинау немесе бір жерден алу керек.
Капиталды жинау және оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар нарығының қызметтері
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және құрылымы
Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығын талдау
Қазақстан Республикасындағы қор нарығының қызметінталдау
Құнды қағаздардың мәні
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
Пәндер