Фискалды және монетарлы саясат түсінігі мен мазмұны


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе

І Фискалды және монетарлы саясат түсінігі мен мазмұны

1. 1 Бюджет -салық саясаты мәні, мақсаты мен механизмі

1. 2 Ақша -несие саясаты мәні, мақсаты мен құралдары .

ІІ Қазақстан Республикасының бюджет -салық және ақша - несие саясаты

2. 1 Қазақсатан Республикасының бюджет - салық саясатын талдау

2. 2 Қазақстан Реапубликасының ақша - несие саясатын талдуау

ІІІ. Бюджет - салық және ақша - несие саясатын үйлестіру механизмі

3. 1. Бюджет - салық және ақша - несие саясатын үйлестіру механизмі

3. 2. Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы бюджет - салық және ақша - несие саясатының үлестіру механизмі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден- бір құрал.

Салық төлемі (Т), мемлекеттік шығындар (G) және жоспарланған инвестиция I-дің белгілі бір деңгейінде тепе-теңдік өнім көлемі Ү қалыптасқанын кейнс кресі көрсетеді.

Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайында да тепе-теңдік жағдай қалыптаса береді. (Мұндай жағдай жиынтық сұраныстың тиімсіз болуының салдарынан қалыптасуы мүмкін. ) Сондықтан да пайда болған үзілісті жою үшін, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетін салық төлемі ( Т ) мен мемлекеттік шығындар көлемінің өзгеруі ( G ) арқылы жүзеге асырылады.

Бюджет - салық саясаты ( қазыналық ( фискальный ) саясат )

-мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе- теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Ынталандырушы бюджет-салық ( қазыналық экспансия ) -бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлеуеттің өсуіне алып келуі мүмкін . Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Тежеуші бюджет- салық саясаты ( қазыналық шектеу ) - экономикадағы циклдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін, мемлекеттік шығындар төмендеп (G ), салық мөлшері ( Т ) жоғарылайды немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл шаралардың нәтижесінде, өндірістің құлдырауы және жұмыссыздық деңгейінің өсуі салдарынан болған сұраныс инфляцияс Ұзақ мерзімдік кезеңде өспелі салық « сынасы » жиынтық ұсыныстың төмендеуіне және құлдыраушылық механизмін ашуға негіз болуы мүмкін . Бұл құбылыс әсіресе төмендегі жағдайларда кездеседі: мемлекеттік шығындардың азаюыбюджеттің барлық баптарында пропорционалды қысқарып, жүзеге асырылып отырса және еңбек нарығының инфрақұрылымына мемлекеттік инвестиция берілуінде басымдылық болмаса. ын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ақша дегеніміз - тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар . Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісінде бақа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар., оның айрықша қызметі - барлық тауарға ортақ балама ( Эквивалент ) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. МАРКС «Жеке адама өзінің қоғамдық билігін де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипаттады. Ол мынадан айқын көрінеді:

Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектің нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалып, сандық есебі жүргізіледі.

Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға бболады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.

Үшіншіден, айырбас үрдісінде ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны түрінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама -қарсы ақша тұрады.

Тауарлар дүниесінің тауар және ақша болып екіге бөлінуі оның тұтыну құны мен құнының, яғни тауардың ішкі қарама-қарсы жақтарының қайшылығын шешуге жол салады. Өйткені, егерде тауар сатылса, оның тұтыну құнының біреудің қажетін өтеуге керек болғандығы. Бұл бір жағынан, ал екінші жағынан оның құнының бар екендігі дәлелденгені. Сатылған құн енді ақша түрінде тауар өндірушінің қолына түседі. Сөйтіп, тауар өндірушіге түскен ақшаның мөлшеріне қарай өз өндірісіне басқа кез келген қажетті тұтыну құнын алуға мүмкіндік туады.

І Фискалды және монетарлы саясат түсінігі мен мазмұны

1. 1 Бюджет -салық саясаты мәні, мақсаты мен механизмі

Мемлекеттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізіледі. Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржымен қамтамасыз ететін бірден- бір құрал.

Салық төлемі ( Т ), мемлекеттік шығындар (G) және жоспарланған инвестиция I-дің белгілі бір деңгейінде тепе-теңдік өнім көлемі Ү қалыптасқанын кейнс кресі көрсетеді.

Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайында да тепе-теңдік жағдай қалыптаса береді. ( Мұндай жағдай жиынтық сұраныстың тиімсіз болуының салдарынан қалыптасуы мүмкін. ) Сондықтан да пайда болған үзілісті жою үшін, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетін салық төлемі ( Т ) мен мемлекеттік шығындар көлемінің өзгеруі ( G ) арқылы жүзеге асырылады.

Бюджет - салық саясаты ( қазыналық ( фискальный ) саясат )

-мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе- теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Ынталандырушы бюджет-салық (қазыналық экспансия) -бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадағы циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлеуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Тежеуші бюджет- салық саясаты (қазыналық шектеу) - экономикадағы циклдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру үшін, мемлекеттік шығындар төмендеп (G ), салық мөлшері ( Т ) жоғарылайды немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл шаралардың нәтижесінде, өндірістің құлдырауы және жұмыссыздық деңгейінің өсуі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік шығындарды тиімсіз басқарумен қатар ұзақ уақытқа созылған құлдыраушылық экономикалық әлеуеттің бұзылуына әсерін тигізеді. Мұндай жағдай экономиканың өтпелі кезеңінде жиі кездеседі.

Қысқа мерзімдік кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттің, салықтың және мемлекеттік шығындардың мультипликаторы әсерімен байланысты болады.

Мемлекеттік шығындардың өзгерісін көру үшін кейнс кресін пайдаланамыз. Мемлекеттік шығындар жиынтық шығындардың құрауышы болып табылады, олардың өсуі жоспарланған шығындарды да өсіреді. Егер мемлекеттік шығындар -ға өссе, онда жоспарланған шығындар қисыы оңға қарай сол мәнге жылжиды. Ал тепе-теңдік өнім көлемі -ден -ге өседі. Демек mg-мемлекеттік шығындардың мультипликаторы. Мемлекеттік шығындар 1 теңгеге көбейгенде пайда мөлшері қаншаға өседі деген сұраққа жауап береді. Мемлекеттік шығындар - ға өскеде мультипликаторлық үрдіс басталады және табысты мол мәнге өсіреді, ол тұтынуды ( b x ) шамасына өсіреді. Тұтыну көлемінің мұндай өсіруі табыс пен шығын көлемін тағы да өсіреді. Ол тұтынуды ( b x ) шамасына өсіреді.

Салық мультипликаторы, баланстық бюджет мультипликаторы .

Жоғарыда қарастылылғандай тепе-теңдік табыс көлеміне мультипликаторлық әсер салық мөлшерінің Т төмендеуіне байланысты болады Егер салық төлеу мөлшері - ға төмендесе, онда қолда бар табыс Yd = Y- T өседі. Тұтыну шығындары сәйкес түрде ( ) көлеміне өседі, бұл жағдай жоспарланған шығындарды оңға қарай жоғары қозғалтады және тепе-теңдік өнім көлемін - ден

Ол көлем = - * тең.

Мұндағы = салық мультипликаторы деп аталады.

Салық мультипликаторының механизмі, мемлекеттік шығындар мультипликаторы сияқты, салық көлемінің бір өзгерісіне тұтынудың көп қатар өзгерісіне көрсетеді.

Салық мөлшері - ға төмендесе

қолда бар табыс - ға өседі

тұтыну ( b x ) шамасына өседі

жиынтық шығындар ( b x ) өседі

жиынтық табыс ( b x ) өседі

тұтыну в ( b x ) өседі

жиынтық шығындар ( x ) өседі

жиынтық табыс ( x ) өседі

тұтыну b ( x ) өседі т. б.

Егерде мемлекеттік бюджетке берілетін салық мөлшері табыс динамикасына тәуелді деп алсақ, онда салық функциясы төмендегідей түрде жазылады. Т = t * y

Мұндағы t- шекті салық мөлшерлемесі

Бұл жағдайда тұтыну функциясы төмендегідей болады :

С= a + b ( Y - t * Y ) = a + b ( 1- t ) * Y

Ал салық мультипликаторының үлгісі төмендегідей:

= Мұндағы - жабық экономикадағы салық мультипликаторы . Жалпы салық функциясы төмендегідей:

T = Ta + t *Y

Мұндағы Та - автономды салық мөлшері, табыс мөлшерінен тәуелсіз

T - шекті салық мөлшерлемесі.

Табыстан ( Y ) тәуелді функционалды салық салымын ескеріп, тұтыну функциячын төмендегідей жазуға болады:

C = a + b

Ашық экономикадағы тепе- теңдік өнім көлемінің үлгісі төмендегідей болады:

Y = ( a + 1 + G + g ) - ,

Мұндағы - ашық экономикадағы салық мультипликаьоры.

Автономды салық мөлшері мен мемлекеттік шығындардың бір мезгілдегі өзгерісінің нәтижесінде табыстың жиынтық өзгерісі мынадай түрде жазылады:

Егер де мемлекеттік шығындар және автономды салық төлемдері бірдей көлемге өзгерсе, онда тепе-теңдік өнім көлемі де өседі. Мұндай жағдайда байланыстық бюджет мультипликаторы орын алады деп айтылады. Байланыстық бюджет мультипликаторы бірге тең немесе бірден кіші.

Байланыстық бюджет мультипликаторы бюджет тапшылығы мен артықшылығын мүлдем жоя алмайды, демек . Мұндағы - бюджетті табыстың өсімшесі, ал - бюджеттегі шығынның өсімшесі .

Мысалы: Егер мемлекеттік шығын -ға өссе, онда тепе-теңдік өнім көлемі төмендегідей мәнге өседі. :

Егер Үкімет бір мезгілде автономды салықты өсірсе, онда тепе- теңдік өнім төмендегідей мәнге азаяды.

Тепе -теңдік өнім көлемінің жиынтық өзгерісі төмендегідей болады:

Мемлекеттік шығындардың өсуімен салыстырғанда, салық мөлшерінің азаюынан мультипликаторлық әсер әлсіздеу . Бұл жағдай алгебралық өрнекте шығын мультипликаторының салық мультипликаторынан жоғары, үлкен екендігі арқылы көрсетілген.

Бұл құбылыс салықтың өзгерісімен салыстырғанда мемлекеттік шығындардың табыстың көлеміне және тұтынуға әсерінің күштілігімен байланысты болады. Бұл айырмашылық қазыналық саясат құралдарын таңдағанда анықтаушы, негізгі болып есептеледі. Егерде қазыналық саясат экономикадағы мемлекеттік секторды кеңейту мақсатын көздесе, онда циклдік құлдырауды тоқтату үшін мемлекеттік шығын өседі, бұл құбылыс кұшті ынталандырушы әсер береді.

Егер де қазыналық саясат мемлекеттік секторды тежеуге бағыттылса, онда циклдік құлдырау кезеңінде салық төмендейді. Бұл жағдай салыстырмалы аз ынталандырушы әсер береді. Ал циклдік көтерілу кезеңінде мемлекеттік шығындар төмендейді, бұл инфляция деңгейін тез төмендетуге мүмкіндік береді.

Дискрециялық қазыналық саясат. - үкіметтің арнайышешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.

Дискрециялық емес қазыналық саясат . - жиынтық табыстың циклдік тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін дискрециялық емес саясат қарастырады.

Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық түсімі - Бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан берілетін трансферттің арасындағы айырма . Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономиканың өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет артықшылығы құралады.

Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және тапшылығы дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.

Кіріктірме тұрақтандырғыш - Үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей- ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік . Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі алынады.

Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы - дискрециялық қазыналық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы түрде қарағанда әлсіретеді, жұмсартады, өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс істейді.

Экономика тұрақтылығының деңгейі тікелей циклдік бюджет тапшылығы мен артықшылығы көлеміне тәуелді, бұл жағдай жиынтық сұраныс тербелісінің дағдылы амортизаторы қызметін атқарады.

Циклдік тапшылық - мемлекеттікбюджеттің тапшылығы, іскерлік белсенділіктің құлдырауы жағдайында мемлекеттік трансферттердің өсуі және салық түсімдерінің азаюының дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.

Циклдік өрлеу кезеңінде үлкен болады, Сондықтан салық салымдары дағдылы өседі, ал трансферттік төлемдер дағдылы төмендейді. Нәтижесінде бюджет артықшылығы өседі және инфляциялық дүрлігіс төмендейді.

Циклдік төмендеу кезеңінде сондықтан салық дағдылы түрде төмендейді, ал трансферттер өседі. Қорыта айтқанда, салыстырмалы түрде өнім көлемі мен жиынтық сұраныс өскенде бюджт тапшылығы құлдырауды шектейді.

Циклдік тапшылықтың және артықшылықтың көлемі салық және бюджет функциялары графиктерінің шұғыл тікшелігіне байланысты болады.

Қазыналық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін таңдау күрделі макроэкономикалық проблема болып есептеледі. Бұл проблеманы шешу өркениетті мемлекетболсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын тиеді. Әлеуетті деңгейде тепе -теңдік ЖҰӨ циклдік тербелісінің себебін кіріктірме тұрақтандырғыш жоққа ш шығара алмайды, тек қана бұл тербелістерді шектейді. Циклдік бюджеттік тапшылық пен артықшылықтың мәндері арқылы қазыналық саясаттың әрекеттерінің тиімділігін бағалауға болмайды . Өйткені циклдік теңгерілмеген бюджеттің болуы экономиканы ресурстардың толық қамтылған жағдайына жақындата алмайды. Мұндай жағдай кез келген өнім көлемінің деңгейінде бола береді. Сондықтанда экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін үкіметтің қазыналық дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі. Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің құрылымдық тапшылығы туындайды. Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы бюджет шығындары және табысы арасындағы айырма.

Ресурстармен толық қамтылу деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі және әлеуетті өнім көлемін анықтаудың қиындығы салдарынан мемлекеттік бюджеттің құрылымдық тапшылығын есептеу қиынға түседі. Бұл қиындық дамыған мемлекеттер мен жаңа дамып келе жатқан мемлекеттер үшін бірдей кездесіп отырады. Сонымен қатар ұзақ мерзімдік қазыналық саясаттың тиімділігін Бағалайтын құрал ретінде макроэкономикалық индекаторлардың динамикасы негіз болады.

Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болатын жағдайлар пайда болады.

Циклдық бюджет артықшылығын өсуі экономиканың өрлеу кзеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күшеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі (облигацияларды өтеу, әу - ауқаты нашар отбасыларға жәрдемақыны өсіру) жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінще бюджет артықшылығын “тыйым салу” артық жиынтық сұранысты шектеиді және экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.

Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгеиіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

1) ақша - несие эмиссиясы ( тиын шығару )

2) займ шығару

3) мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.

Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж − ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.

Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.

Инфляция деңгейінің жоғарылауы жағдайында Оливер - Танзи әсері пайда болады.

Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан экономикалық ынта пайда болады, ол салықты уақтылы төлемеу, өйткені өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық және қаржы жүйесінің тұрақсыздығы өседі.

Мемлекеттік тапшылықты жою үшін тиын шығару қолда бар қаржыны эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмеін, ол басқа түрде жүзеге асырылады. Мысалы, Орталық банктің мемлекеттік кәсіпорындарға жеңілдетілген пайыз мөлшерімен несие беруді көбейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы жүзеге асырылады.

Соңғы жағдайда үкімет тауар мен қызмет көрсету ақысын уақтылы төлемейді. Егерде сатып алу жеке секторлардан жүргізілетін болса, онда олар бағасын алдын ала көрсетеді., мұндай жағдай төлемей кетуден сақтандырады. Бұл орташа баға деңгейін көтереді және инфляция деңгейі көтеріледі.

Егер де мемлекеттік сектордың төленбеген қаржылары жиналып қалса, онда бұларды Орталық бан қаржыландырады немесе мемлекеттік тапшылық мөлшерін өсіреді. Сондықтан тиын шығаруға қарағанда, уақытылы төленбеген төлемдер бюджетт тапшылығының инфляциялық емес қаржыландыруына жатса да, бұл іс жүзінде шартты бөлу екендігі белгілі. Егер де мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттік заим шығарылу арқылы қаржыландырылса, онда орташа нарықтың пайыз мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетін инвестицияны төмендетеді. Бұл таза экспорттың төмендеуіне, тұтыну шығындарының төмендеуіне алып келеді. Осыдан ығыстыру әдісі пайда болады, ол қазыналық саясаттың ынталандырушы әсерін азайтады.

Бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыруды көбіне тиын шығару тапшылығының инфляцияға қарсы баламасы деп қарастырылады. Бірақ қарыз алып қаржыландыру тәсілі инфляцияның өсуін тоқтатпайды, тек қана уақытша тежеуге мүмкіндік береді. , бұл жағдай Қазақстан экономикасына тән. Егерде мемлкеттік займның облигациясын Орталық банкке орналастырмай халыққа берсе және комерциялық банктерге орналастырса, онда инфляция әлсірейді. Бірақ Орталық банк бұл облигацияларды құнды қағаздар нарығынан екінші рет сатып алып жалған қазыналық іс -әрекеттерін кеңейту мүмкін, мұндай құбылыс инфляциялық қысымның өсуіне әсер етеді.

Мемлекеттік облигацияны бюджеттен тыс қорларға төмен пайыз мөлшерімен орналастырса, онда бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыру қосымша салық салу механизміне айналады.

Мемелкет бюджетіне салық түсімін көбейту проблемасы бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын кеңейту мүмкін болады.

Қысқа мерзімді кезеңде салық мөлшерлемесінің төмендеуі нәтижесінде :

1. Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғыш деңгейінің төмендеуі нәтижесінде;

2. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауынан пайда болатын мемлекеттік емес секторлардың ығыстыру әсерінің өсуінен;

3. Бюджет тапшылығын өсіру, бір мезгілде салық салудың мөлшерлемесін және бюджетке салық түсімін төмендету арқылы мүмкін болады. Мұндай жағдай лаффер қисығында көрсетіледі.

1. 2 Ақша -несие саясаты мәні, мақсаты мен құралдары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монетарлық саясат
Макроэкономикаға кіріспе.Макроэкономиканың пәні және әдістемесі
Жергiлiктi экономиканы басқарудың механизмдерi мен мәселелерi
Мемлекеттің қаржы жоспары
Макроэкономикалық модельдердің мәні, түсінігі, түрлері
Муниципалдық білімді басқару механизмі
Ашық экономикадағы ақша-несие саясатын жүзеге асырудың механизмі
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Жергілікті шаруашылықты басқарудың экономикалық негіздері
Макроэкономикалық саясат жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz